Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дiн аясындағы шешендік сөздер

Қазақтың шешендік өнерінің бір арнасы діни шешендіктен желі тартады. Ал діни шешендіктің түп бастауы сонау Араб құрлығына барып тіреледі. Өйткені ежелгі Араб елі шешендігінің негізгі арқауын діни шешендік құрайды. Халықтың əл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігінің біте қайнасқан айнасы іспетті, наным-сенім негізінде пайда болған арабтың діни шешендігінің өзегінде ақ жүрек адалдық пен бəрін де қанағат тұтар қарапайымдылық сияқты халықтық абзал қасиеттерге толы келетін ықпалы күшті, əсері мол көркем тілмен əспеттелетін діни уағыздамалар жатыр. Діни шешендікті риторика ғылымында діни шіркеулік шешендік тұрғысынан «гомилетика» деп атайды.

Гомилетика — діни шіркеулік шешендіктің туып, қалыптасып, даму тарихын, жүйелік құрылысы мен мазмұндық сипатын, көркемдік əдіс-тəсілдерін зерттейтін шешендік өнердің өрнекті тармағы.

Ислам дінін дүниеге əкелген арабтар көшпелі қазақтар сияқты əуел баста-ақ шешендік өнерді өте қастерлеген. Өйткені исламға дейінгі көшпелі өмір салтын ұстанған араб-«бəдəуилердің бірнеше тайпалары жанжалдасып соғысып қалғанда немесе жер дауы, жесір дауы мəселесін шешкенде, бітімге келіп, берешек, алашақтарын бөліскенде екі жақ та өз шешендеріне жүгінген. Бұл жағынан бəдəуилер қазақ табиғатына тым жақын» [1].

Зерттеуші-арабтанушы, қазіргі бас мүфтиіміз Ə. Дербісəлі ежелгі араб əдебиетінің тарихын жазған атақты əдебиетші-ғалым Ханна əл-Фахуриден мынадай дерек келтіреді: «Шешендер өз шеберлігін жəрмеңке, той, ас кездерінде көрсеткен. Шешендер сөздерін баптап, белгілі бір сазбен айтады. Жұрт жиналған соң биіктеу жерге шыққан шешен найзасын немесе асатаяғын қолына алып, сөйлеуге кіріседі. Сөзін түрлі қимылмен сүйемелдеп отырады. Шешеннің даусы қомақты, қимылдары мығым, дəлелді болуы тиіс. Даусы дірілдеп, қобалжып сөйлейтін шешендерді бəдəуилер бағаламаған. Шешендер өз сөздерінде халық арасына кең тараған мақал-мəтелдерді, қанатты сөздерді, ақ өлеңдерді жиі қолданған. Өйткені оның сөзі тыңдаушыны ұйытып, терең сезімге, үлкен əсерге бөленуі тиіс» [2].

Əзірет Əлі — Əли ибн Əбу Талиб жас кезінен-ақ сөзшеңдігімен ғана емес, көзсіз ерлігімен де аты шыққан. Жастық шағын Мұхаммедтің қасында өткізген ол пайғамбармен бірге талай жорықтарға қатысқан. Майдан даласындағы жаужүректігі үшін «Сайфу-л-Ислам» («Исламның қылышы») деген атақ та алған.

Ə. Дербісəлі мынадай мағлұмат береді: «Əлидің нақыл сөздері əдетте қысқа, мағынасы терең болып келеді. Ол жинақталған өмір тəжірибесі мен ұзақ ой жемісі секілді. Түрі жағынан əсем, нақышты, образды болғандықтан да, Əли шығармалары оп-оңай есте қалады. Мысалы, «Шегінген кезіңде ажал артыңда тұрады, онымен кездеспей қоймайсың», «Байлыққа жақындаған сайын мақсаттан алыстай түсесің», «Шыдамның екі түрі болады, жек көргендіктен ғана шыдау жəне сүйгендіктен шыдау», «Үлкен байлық — ақыл, ең үлкен кедейлік — надандық, ең үлкен ақылшы — дер кезінде берілген кеңес, ең үлкен мирас — əдептілік»[1].

Əлидің арнаулары мен шешендік сөздері де өзінің қысқалығымен, жүйелілігімен, автордың жан- жақты ой иесі екендігімен, білім беретіндігімен ерекшеленеді.

Əзірет Əлінің ілімнің қақпасы атанып кеткенін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болған, олардың бəрі Əзірет Əліге бір сұрақ: «Білім артық па, байлық артық па?» — деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана, халифаны мойындамақ болыпты. Сонда Əзірет Əлі сұрақтарға былай деген екен:

  1. Білім артық, өйткені ол пайғамбарлардан қалған мирас, байлық бақылдардан қалған мұра.
  2. Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан да білім артық.
  3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды көбейтеді.
  4. Білім іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанмен азаймайды, байлық жұмсасаң азаяды, білім артық болатыны осыдан.
  5. Білім артық, оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұрылардан күнде қорғау керек.
  6. Білімің көп болса сені құрметтейді, байлығың көп болса қызғанады, білімнің артық болатыны сол.
  1. Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек.
  1. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп бүлінбейді, дүние-мал бүлінеді, сондықтан да білім артық.
  2. Білім артық, ол жаныңды байытады, байлық жан-дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдыруы мүмкін.
  3. Білімді адам орнымен сөйлейді, мəдениеті артады, байлығы мол адам оған мақтанып малданады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық [3].

Білімнің артықшылығын бұдан артық дəлелдеуге болмас. Діни хадисте: білім өмірде — таяныш, жолда — дос, жалғыздықта — жолдас, қуанышта — бастаушы, қайғыда — медет, күресте — құрал, зұлымдыққа қарсы — айла деп бекерге айтылмаған.

ХІ ғасырдың басында араб əдебиетшісі Аш-Шариф ар-Радж дейтін кісі Əли айтып еді делінген үндеулер мен бұйрықтар, хаттар мен арнаулар, шешендік сөздерді жинап «Наһджу-л-балага» («Шешендік өнер жолы») деген атпен жариялаған.

Қазақ ғалымы Ə. Дербісəлі өзінің зерттеу еңбегінде төртінші халифа саналатын Əли ибн Əбу Талибтің асқан шешендік өнердің иесі болғандығын ерекше атап өтеді.

Шешен жұрт алдына шықпас бұрын сөйлеуге күн ілгері əзірлік жасап, қарсы жақ қояр сауалдарға да іштей дайындалып алатын. Шешендердің сөздері əдетте қысқа, түрлі теңеу мен Құраннан дейектемелерге, нақылдар мен мақал-мəтелдерге, жұрт жақсы көретін ақын өлеңдерінен үзінділерге толы болып келеді.

Енді көнеден жеткен аңыз былай дейді: «Адамның ақыл-парасат, шариғат, хадистерден мың сұрақ қойып, кім шешсе соған тұрмысқа шықпақ болған патша қыз Мəлике барлық сұрақтарға жауап берген Əбділдаға басын иген» [3]. Соның бірі: «Өзінде бар, оны беруге асықпайды, өзінде жоқты алуға өзгеге жұмсайды, ол қандай адам?» — деген сұрақ еді. Оған Əбділда: «Бұл ақырзаманның дүмше молдалары, олар халыққа насихат айтады, бірақ сол насихатқа лайық қасиеттерді өзінің бойына сақтамайды», — деп жауап берген екен.

Екіншісі:

  • Шыққан тесігіне қайтып сыймайтын не?
  • Бұл жаман сөз, ауыздан шықты, қайтып кіргізе алмайсың.
  • Екінші əфсанада:
  • Тақсыр, мен өмірімде көп күнə жасадым. Күнəларымнан арылтып, Алланың кешірімін əперші, — депті бір кісі имамға.
  • Сенің жаның бес арықтан лай су ағып құйылып жатқан тоғанға ұқсайды екен. Біріншісі — сенің көздерің, мұсылман əйелдерге көзіңді сүзбе. Екіншісі — сенің аузың, ораза ұстап, дұға оқып жүр, жақсы сөз айт. Шариат қаламағанды ішіп-жеме. Үшіншісі — сенің миің, əділетсіздік пен зұлымдықтан, менмендік пен өркөкіректіктен арыл. Төртіншісі — сенің аяқтарың. Көргенсіз жолға баспа. Бесіншісі — сенің құлағың. Өсек пен кеселді сөзді терме, естімеген бол. Тек сонда ғана сенің арықтарыңның суы тұнықталады, сенің жаның мен жүрегің тазарады, сені күнəларыңнан мен арылта алмаймын, өзің арылтасың, — депті. Міне, осындай, діни аңыз арқау етіліп, адамды рухани тазару жолына мегзейтін иландыру шеберлігі қарапайым мысалдар келтіру арқылы баянын табады.

Iрiлi-уақты қылмыс жасаған адам мұсылмандардың қасиеттi кiтабы — Құраннан бастау алатын шариат заңы бойынша жауапқа тартылды. Ел iшiндегi қылмысты iстердi шариат, дiн мəселелерi тұрғысынан шешiм шығару құқығын қазылар атқарған. Соңғылары өз шешiмiнiң негiзiне қасиеттi«Құран» кiтабын жəне Мұхаммед  пайғамбардың хадистерiн басшылыққа алған. Мəселен, «Құран Кəрiмнiң» «Ниса» сүресiнде мұрагерлiк, қылмыс туралы, «Маьида» сүресiнде ұрлық, өтiрiк, «Талақ» сүресiнде ерлi-зайыптылық, неке ережелерi (заңдары) туралы анық айтылған. Мұндай құқықтық, шариғат заңдары басқа сүрелерде де кең орын алған [4].

«Шариат заңы бойынша («шариат» араб сөзi, мағынасы — заң, кодекс, мұсылмандардың «Құранға» негiзделген заңы) құқық бұзушылық 3 топқа бөлiнедi. Бiрiншi топ — Алла құқығына қол сұғушылық, ол нақты хадд (шек) түрiмен жазаланады. Екiншi топ — жеке адамдардың құқығына қол сұғушылар — қысастық жасаушылар. Олар қауад, не дийа, түрiмен жазаланады. Үшiншi топқа жататындар — қалған қатаң жаза қолданылмайтын iс-əрекеттер, ол тəзiрмен жазаланады», — дейдi өзiнiң зерттеу еңбегiнде белгiлi арабтанушы-ғалым Нұралы Өсеров. Ғалым хадд тобына 7 түрлi аса қауiптi (қоғамды ыдырататын) қылмыстарды жатқызады. Олар: жезөкшелiк, арақ-шарап iшушiлiк, ұрлық, тонаушылық, дəлелденбеген (жалған) өтiрiк, жалақорлық, дiннен безу жəне өкiметке қарсы көтерiлiс жасау. Екiншi топқа қысастық қылмыстар жатады. Жəбiрленушi жағы iстелiнген қылмысқа (жанға-жан, қанға-қан, көзге-көз секiлдi) орай жаза қолдана алған. Өлiм жазасы көбiне таспен ұрып өлтiру, дарға асу, басын шабу, тағы басқа жолдармен орындалған. Ал үшiншi топта отбасыға қатысты iстер қаралған [4].

Өткен дəуірлердегі қазақ даласындағы қазылық институттың өмір сүріп, қалыптасуына осы ортағасырлық араб елінің діни шешендігінің айтарлықтай ықпалы болды.

Діни шешендік жайында тиіп-қашты пікірлер айтылғанмен, қазақ ғалымдары оны күні бүгінге дейін арнайы қолға алып, тиянақты зерттеген емес. Бұлай назардан тыс қалып зерттеу нысанына айналмау себебінің бір ұшы кешегі кеңестік қоғамда белең алған атеистік түсінікте, саптыаяққа ас құйып, сабынан қарауыл қараған сезіктенгіш те сескенгіш, дінді сөз етуге қорыққан, одан тек ислам идеологиясының кері əсерін ғана көрмек болған ерсі мінезінде жатыр; екіншіден, қазіргі таңда осы саладағы мамандардың бір қолдың саусағымен санарлық аздығынан болып отыр.

Ғ. Əбсаттаровтың «Қазақстандағы мұсылмандық-құқық мəдениетің атты ғылыми еңбегінде:

«Ислам біздің республика үшін жат емес, керісінше, миллиондаған Қазақстан мұсылмандарының өмір салтының негізгі бастауы, оның тарихы мен мəдениетінің ажырамас бөлігі ретінде анықталады»[5], — деуі бекерден бекер емес.

Ендеше, қазақтың діни шешендігінің де пайда болып, дамуын ортағасырлардағы ислам дінінің таралуымен етене байланыста алуымыздың астарында заңды құбылыс жатыр.

Өркениетті елдерде мемлекетті діннен ада қылмайды. Қандай жүйемен өмір сүрсе де, онда бəрінің шығар қайнар көзі дінге тіреледі. Дін қасиетті құндылық ретінде ұғынылады. Ұлы Абай:

«Ынталы жүрек, шын көңіл, Өңгесі хаһқа қол емес», — дейді. Жан баласының көкірегіне құнарлы, ажарлы нəрін құятын діни шешендіктің бастау бұлағы — дін. Дін адам бойындағы жағымсыз дерттерден тазартуға мүмкіндік береді. Өтірік айтпауға, кісіні сыртынан жамандамауға, нақақ ғайбаттамауға, ұрлық-қарлық істемеуге үндеп, кісінің көкірегіне жарық сəуле түсіріп, жанның таза болуына шақырады. Адамгершіліктің қадау қазығы. Ой құсасы жүрегін тескен адамдардың көңіліне демеу болады. Осының бəрі көкірегіңе ұялар əдемі, негізді сөзбен жүзеге асырылады. Жасыратыны жоқ, діни шешендіктің кей түрі көбіне-көп халық мол жиналған мешітте өтер жұманамаздарында, отырыс-мəжілістерде, қазадан аза тұтып жатқан үйдегі адамдар жиналған жерде айтылып жүр. Мəселен, мұсылмандық бір афсанада былай делінеді: Ата-ана үшін қадір-құрметтің қай-қайсысы да жеткіліксіз. Ата-анасы өсіріп-жеткізгеннің қарызынан перзент ешқашан құтыла алмақ емес. Дүниеден өткен ата-анаға жақсылық істеу туралы Сахих хадистерінің бірінде: «Біз Нəбидің (с.ғ.с.) жанында тұрғанымызда бір кісі: «Я, Рассуллаһ (с.ғ.с.), ата-анам қайтыс болғаннан кейін оларға жақсылық істеудің жолы бар ма?» — деп сұрапты. Ол (с.ғ.с.): «Иə, бар. Қайтыс болған ата-анаңа төрт жолмен жақсылық істесең болады: олар үшін дұға етіп күнəлары үшін жарылқау тілеу, орындай алмай кеткен уəделерін орындау, достарын құрметтеу, ата-анаңды себепші етіп, олардың туыстарымен қатынасты үзбеу», — деді». Осы ой ендігі бір хадисте былайша жалғасын табады: «Жан тапсырысымен пенденің барлық амалы тоқтап, тек үш амал өз жалғасын табады. Ол — жария садақа, үйреткен пайдалы білім, артта қалған ізгі ұрпақтың дұғасы». Шұрайлы тілмен айтылған ой жүрекке ендеп енетіні кəміл.

Жалпы қазақтың діни шешендік өнерінің əуелгі сілемдері ортағасырлардың орта тұсында араб- парсы жазба мəдениетінің шарықтап дамыған тұсында көрінетінін айтқан абзал. Ислам діні кеңінен тарап, шариат заңының етек алған кезінде жазылған, шешендіктің небір озық үлгілерін бойына мықтап сақтап жатқан тағылымы мол еңбек — «Қабуснама» [6]. Төл рухани тарихымызға, қазіргі шешендік өнеріне де тікелей қатысы бар бұл жазба ескерткішке арнайы тоқталсақ дейміз.

«Қабуснама» — ХІ ғасырдың 1021–1098 жылдары өмір сүрген Унсур əл-Маали Əмір Қайқабустың (кейде Қайқауыс деп те аталады) 1082–1083 жылдары өзінің ұлы Гилан шахқа арнап жазған өсиет сөздері, дидактикалық рисалла трактаты. Сөз басында үгіт сөзінің жазылу мақсатын ол былайша түсіндіреді: «Ей, перзентім, сен осы үгітімді ұғып іске асырсаң, мен аталық парызымды өтегенім. Білгенің жөн, ертеден келе жатқан дəстүр бойынша, тірлікте адамзат елден ел, жерден жер кезіп жүріп, азды-көпті, жиған-терген асыл заттарын артына қалдырады да, оны өзі жақсы көрген адамына тапсырып кетеді. Менің дүниедегі жиған асыл заттарым — осы сөздерім. Сондықтан бар асылымды өзіңе тапсырдым, сен оны дұрыс пайдаланып, қисық жолға қадам баспағайсың». Автор үгіт-насихат сөздерінің баянын қырық төрт тарауға топтастыра бөліп қарастырған.

«Қабуснама» 1430 жылы — түрік тіліне, 1786-1787 жылдары — ұйғыр тіліне, 1881 жылы — неміс жəне татар, 1886 жылы француз, орыс тілдеріне тəржімеленеді. Қазақ тіліне аударған Тұрсынəлі Айнабеков.

Əсілі, қадым замандардан бері Шығыста өз дəуірінің зиялы азаматы өмірден көрген-білгенін, ұққан-түйгенін, ақыл-кеңесін, ғибратты ойларын, өмір сүрудің моральдық-этикалық жолдарын қарасөз түрінде «нама», немесе «наме» (қазақша: «кітап, өсиет, хат» деген ұғымды білдіреді), жанрында жазып, келешек ұрпаққа мирас еткен. Мұндай жанрдың ұрпақтар үшін атқарган қызметі, қоғамдық мəні аса зор болды. «Панднаме», «Сиясетнаме», «Шайбанинама», «Бабырнама» сынды тарихи-көркем шығармалардың дүниеге келу себебін еске түсірсек те жеткілікті. Біздіңше, ұлы Абайдың «Қара сөздерінің» жазылу сырын осы тұрғыда түсінген дұрыс сияқты. Ол шығыстық «нама» жанрының қазақ топырағындағы қайта жаңғырған бір көрінісі. Оны «Абайнама» десе де боларлық. Өкінішке орай, «Ғақлиялар» əлі күнге жазылу жанры жағынан анықталып, бір ізге түсе қойған жоқ. Оның бірде дидактикалық, философиялық трактат, кейде «Қара сөз», «Ғақлия» аталып жүргені соны аңғартса керек. Қайқабустың өмірден түйген ащы шындықтарды ақыл таразысына салып тебірене толғаған ой түйіндері ұлы классигіміз Абайдың бүкіл шығармашылығымен рухани үндес жатыр. Олардың ойларының өзектестігі бұл жазба жəдігерліктің Абай назарынан тыс қалмағандығынан белгі береді. Абай «Қара сөздерінің» «Бірінші сөзінде»: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нəрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ» [7], — дейді. Екі ғұламаның алдымен азаматтық позицияларын айқындап алуы, бір пікірлерге келуі, бүкіл шығармалары фонының ұқсастығы бізді қызықты батыл байлам жасауға жетелейді. «Қабуснама» мен «Қара сөздердің» көптеген өзара үндес сарындары Абайды рухани дамытқан арна көздердің бірі — ортағасырлық ортаазиялық жазба əдебиеті болғанын растай түседі. Абайдың «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» дейтін еңбегінде «Бабырнамаға» сілтеме жасауы жəне М.Əуезовтің «Абай жолы» эпопеясында «Абай… кейде Бабыр, Науаи, Аллаяр сияқтыларды оқып-оқып кеп, өзі де соларша бірдеңе жазып кетеді» [8] деген бір сөйлемі жоғарыдағы айтылған пікірімізге негіз береді. Ендеше «Қабуснама» қазақтың əдебиет-мəдениетіне тікелей қатысы бар туынды. Бұл өз алдына бөлек əңгімені керек етер ауаны басқа мəселе.

Екіншіден, «Қабуснама» шешендік өнердің небiр озық үлгiлерiн бойына мықтап сақтап жатқан тағылымы мол еңбек. Онда «Шешендiк өнерiн үйренiп, жоғары мəртебелi болу туралы», «Кəсіптік білім үйрену, ұстаздық жəне қазы болу туралы» деп аталатын арнайы тараулардың бары осының дəлелі. Бүгінгі азаматтарға берері мол дүние. «Ей, перзентім, есіңде болсын, — деп бастайды бір сөзінде Қайқабус, — өнерсіз жан — өнегесіз, оның ешкімге де пайдасы тимейді. Ондайлар бұтасы бар да, көлеңкесі жоқ тікенді шоңайнаға ұқсайды. Өзіне де, өзгеге де пайдасыз болады» [6]. «Өнер алды — қызыл тіл» деп білетін қазақтарша «барлық өнерден сөз өнері жақсы екенін білгенің жөн» деп ақыл айтады ол. Жалпы шешендік шеберлікке баулитын тұстар шығармада аз емес. Сол тұстарынан үзінді келтіре кетейік: «Сөзді орнымен сөйле. Орынсыз айтылған сөз жақсы болса да, жаман көрінеді. Орынсыз айтылған сөз опық жегізеді. Егер сөйлеген сөзіңнен бір нəрсенің пайдалы иісі сезіліп тұрмаса, ондай сөздің айтылмағаны жақсы.

Үгіт-насихатыңды тыңдайтын қарыздар болған жағдайда ғана сөйле. Ықылассыз тыңдаушыға сөз айтқаннан, тыныш отырған мақұл. Жиылған топ ішінде үгіт-насихатыңды тек бір кісіге қарап айтпаған. Өйткені топ ішінде бір кісіге қарап айтылған насихат насихат емес, керісінше, айыптау болып шығады» дейтін сөздері шешендік шеберлікті жолдарына жол сілтегендей болады. «Шешендiк өнерiн үйренiп, жоғары мəртебелi болу туралы» арнайы тарауы түгел осы шеберлікті меңгеру амал- тəсілдеріне арналған: «Кiсi сөз өнерiн бiлетiн, шешен болуға тиiс. Ей, перзентiм, сен де шешен бол, сөйлей бiлгiн, бiрақ жалған сөйлеме, сөйлесең, шындықты сөйлеп туралықты айтумен атағың шықсын. Кейбiр өте қажеттi жағдайда айтқан жалған сөзiңе жұрттың сенуi мүмкiн, бiрақ сен оны əдетке айналдырмай, əрдайым айтқан сөзiң шындық болу керек. Жұрттың сенуi қиын жалғанға ұқсаған шындықты айтпағаның жөн. Жалғанға ұқсаған шындықтан, шындыққа ұқсаған жалған жақсы. Өйткенi ондай жалған сөзге жұрт сенедi, ал жалған сияқты шындыққа ешкiм де сенбейдi. Демек, жұрт сенбейтiн шындықты айтудан сақ бол.

Қайқабус нақты əңгiмелер арқылы шешендік қырларын баяндайды: «Харун Рашид бiр күнi түс көрiп, түсiнде аузындағы тiстерi түгелдей түсiп қалады. Ерте тұрып, түс жорушыны шақырып, түсiнiң мазмұнын айтады. Түс жорушы: «Ей, əмiршiм, сенiң жақын ағайын-туысқандарыңның бəрi өлiп, сенен басқа ешкiм де қалмайды екен», — дептi. Харун Рашид «Менiң бетiме баттитып қайғы толы қаралы сөз айтуыңа жол болсын. Егер менiң барлық ағайын-туғаным қырылып қалса, мен қайтiп күнiмдi өткiзбекпiн», — деп түс жорушының жонына жүз дүре соғуға бұйырады. Түс жорушының басқа бiреуiн шақыртып алып, көрген түсiнiң мазмұнын айтып, түсiмдi жорып бер дейдi. Түс жорушы: «Ей, əмiршiм, барлық ағайын-туысқандарыңнан сенiң өмiр жасың ұзақ болады екен», — дейдi. Харун Рашид: «Жалпы ақылдың жолы бiреу-ақ, екеуiнiң де жоруы бiр жерден шықты. Бiрақ алғашқы жорумен соңғы жорудың парқы аспан мен жердей», — Халифа кейiнгi түс жорушыға жүз тiлла берудi бұйырады. Ей, перзентiм, сөздiң оңы мен терiсiне, өңi мен астарына айрықша мəн берiп, мағыналы етiп сөйлеу үшiн əрекет iсте. Сөз сөйлеудiң кереметтей қасиетiне, мiне, осылар жатады.

Бертінге келсек, ғұмыр талайын талас-тартыстарда өткізген сол тілмар Абайдың өзі дүмше молда, схолас фанатиктермен сөйлескенде өзінше тіл өрнектерін, діни шешендіктің тəсілін іздеген. Осы жайында М. Əуезов: «Олармен Абай өте көп дауласады. Кейде дін өсиетшілеріне олардың түңлігін ұшыра, дауылдай соқтығады. Сонда ол сан жерде мұсылманшылық кітаптары мен ұстаздары қолданған сөзді де, сөйлемдерді де мейлінше молынан қолданады. Кейде оларды өз тілімен мұқатпақшы болып, солардың өзі жазып жүрген тіл сөйлем, нақыс-машықтарын қолданады»[8] — деп, Абайдың дүмше, схоластарша сөз саптап, əрі олардың сөздігімен сөйлегенін айтып, соның дəлелі ретінде əйгілі жазушы ұлы ақынның «Қара сөздерінен» мынадай үзінділер келтіреді: «Моллалар тұра тұрсын, хусусəн бұл заманның ишандарынан бек сақ болыңдар, олар фитнəи ғалам.

Өздері хұкім шариғатты таза білмейді, көбі надан болады. Онан асып өзін-өзі əһлитариқат біліп жəне біреуді жеткізбек дағуасын қылады. Бұл іс олардың сыбағасы емес, бұлардың жеткізбегі мұхал. Бұлар адам жазғырушылар, хатта дінге де залалды. Бұлардың сүйенгені — надандар, сөйлегені — жалған, дəлелдері — тасбығы мен сəлделері. Онан басқа ешнəрсе жоқ» [8]. Бұл үзіндіден тілдің хас майталманы Абайдың шешендік шеберлігінің бір қыры айқын қылаң беріп қалады. Қарсы даушарлардың тілімен сөйлеп, шешендік шеберлік танытып, солардың сөз шоқпарларымен өздерін соғады. Бұл сияқты мысалдар Абайда көптеп табылады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Дербісəлиев Ə. Араб əдебиеті. — Алматы: Мектеп,
  2. Хана аль-Фахури. История арабской литературы: В 3 т. — Т.1. — М.: Наука, 1959. — 15 с.
  3. Мың сұрақ. — Алматы, 2002.
  4. Шариат / Құрастырушы Н. Өсеров. — Алматы: Қайнар, 1996. — 52 б.
  5. Əбсаттаров Ғ. Қазақстандағы мұсылмандық–құқық мəдениеті // Заң. — 2001. — № 3. — 51 б.
  6. Қабуснама. — Астана: Аударма, 2002. — 179 б.
  7. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. — 2-т. Аудармалар мен қара сөздер. — Алматы: Жазушы, 1986. — 158 б.
  8. Əуезов М. Шығармалар. — 1988. — 4-т. — 298 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.