Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Паремиялық бірліктер — жұмбақтардың əлемнің тілдік бейнесін образдау үдерісінде орындайтын қызметтері

Қазіргі таңда жұмбақтың табиғаты фольклордың жанры ретінде толық зерттелінсе де, оның паремиялық бірліктер — мақал-мəтелдермен жақындастыратын белгілері, қасиеттері əлі де айқындалмаған. Күні бүгінге дейін жұмбақ тек сөз өнері тұрғысынан ғана зерттеу өзегі болып, оның қазақтың ескі наным-сенімімен, тұрмыс-салтымен, мақал-мəтелдермен тығыз ұштасқан қырлары толық ашылмаған.

М.Əуезов 40-жылдардың өзінде-ақ жалпы, жұмбақты сөз бейнесінің кілті есебінде тануға болады деген. Жұмбақ ақындықтың ұрығы — дəні тəрізді. Бұл жақтарын тексеріп, тану да ғылыми міндет [1].

Соңғы кезде жұмбақ тек фольклордың жанры ретінде ғана зерттелінбей, тілдік бірлік ретінде қарастырылады, себебі ол дүниенің тілдік бейнесінің фрагменті ретінде əр түрлі құбылыстарды астарлап беріп, бейнелейді. Сондықтан жұмбақты жеке зерттеу нысанына айналдырып, оның өзіндік ерекшеліктерін көрсетуге болады. Сол өзгешеліктерін атаудан бұрын жұмбақтың анықтамаларын келтірейік. Кейбір ерекшеліктерін көрсетуге болады. М.Ғабдуллин жұмбақтың ерекшелігіне жұмбақтың затты нақты атамай, астыртын түрде атап, нəрсенің сырт көріністерін сипаттап, белгілерін көрсететінін жатқызады: «Жұмбақ заттың өзін айтпай, оның түр-түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ол заттың өз атын жасырып ұстайды. Сондықтан да ойға алған нəрсенің өзін айтпай, оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды жұмбақ дейміз» [2].

Жұмбақтың негізгі қызметі — дидактикалық функция. Жұмбақтарды шешу үдерісінде жастар тек қана күнделікті тұрмыста қажетті заттардың аттарымен танысуымен қоса, тəлім-тəрбие алады, мінез-құлықтық үлгілерді, дағдыларды да бойына сіңіреді. Жұмбақтарды тіл дамыту шəкірттер шаршаған кезде миын тынықтыру, сабақтардың тартымдылығын арттыру мақсатында қолданылады.

Сонымен қоса жұмбақтардың когнитивтік қызметін де көрсетуге болады, себебі жұмбақтардың тілдік құрылымы (ішкі-жəне сыртқы) алуан түрлі болып келеді. Жұмбақтар тікелей сұрақ ретінде, мақұлдайтын немесе болымсыз сөйлем түрінде, каламбур түрінде кездеседі. Жұмбақтардың көбі бірыңғай синтаксистік формаларды жүзеге асырды. Жұмбақты шешу үдерісінде адамдар сиснтаксистік формаларды да жаттап алады, олармен көрнекті түрде танысады.

Жұмбақтардың құрамында əр түрлі реалиялар кездеседі, сондықтан да жұмбақтардың тілді үйрену үдерісіндегі қызметі зор. Басқа этностардың өкілдерін реалияларымен таныстыру үдерісінде жұмбақтар когнитивтік-мəдениетті функцияны атқарады, өйткені реалиялар арқылы басқа елдің мəдениеті, тұрмыстарының өзгешелігі, халықтың өмір тəсілі, көзқарасы, табиғи-географиялық орта туралы түсініктер береді. Жұмбақтар құрамында кездесетін келесі реалияларды атауға болады.

  1. Халықтың мифтік түсініктеріндегі бейнелер:

Көк өгізім жүреген,

Мүйізін көкке тіреген.

Көк өгіз — ескі мифтік түсініктің, халықтың байырғы діни нанымының негізінде пайда болған бейне. Бұрын хақ тəңірінің əмірімен ең əуелі жер жаралды, одан соң көк жаратылды, жер мен көкті мүйізімен көтеріп тұрған бір алып көк өгіз бар, ол өзіндей бір үлкен балықтың үстінде тұрады деген сенім болған. Көк өгіз шаршаған кезде жерді бір мүйізіне ауыстырғанда жер сілкіну болады, екі мүйізі сынса, ақыр заман болады деп айтылған [3].

  1. Құдық — қазақтың көшпелі тұрмысының реалиясы, себебі қазақтың тұрмыс-тіршілігі бұрынғы заманда құдықпен байланысты болған. Құдық дегенде ең алдымен су көз алдымызға тура қалады, су — тіршілік негізі, қараңыз:

Жапанда бір құдық бар суы тəтті,

Ішінде бір бəйтерек тек айбатты,

Жаралған десек болар қандай шебер,

Адамзат не бол десе сол болыпты.

  1. Дария — қазақ нанымдарында ағып жатқан үлкен ағынды су. Сондықтан қазан ішіндегі сорпаны — дарияға, пісіп жатқан етті дарияда жүзген жайынға теңеуі нанымды. Ауыстырулар, кішірейту, сұйық түрінде кейіптеу тəсілдері арқылы сол себепті жұмбақта диірменге салынып, содан тоқтаусыз ақ ұн болып шығып жатқан бидайды дарияға теңеуіне қисын бар [4].

«Дария» сөзі жұмбақ мəтіндерінде өзінің нақты мағынасына қосымша ұғым-түсініктер жамап алады, қараңыз:

Дүниеде бір дария беті қатқан,

Бетінде бетегесі шығып жатқан.

Қараса сол құдыққа көз жетпейді,

Құр қалмас сол құдықтың суын татқан.

Бұл жерде «дария» — шетсіздіктің өлшемі. Жұмбақ оқу, білім алуды жасырып отыр.

Сонымен қоса жұмбақтар экспрессивтік функцияны да атқарады. Олардың құрамында бейнелі тəсілдер метафора, теңеулер қолданылады, мысалы, қазақ жұмбақтарында тұрақты образ ретінде кемпір, қыз, жезде образдары жүзеге асырылады, мысалы: ұдайы қолданылатын ауыстыру — кемпір арқылы, мысалы, керегенің майысқан тұрқын белі майысқан, бүкшеңдеген кəрінің суреті арқылы бейнелеуге болады:

 Жетпіс кемпір жер тістелеп жатыр,

Он кемпір мұз арқалап тұр.

Кемпірдің еңбекқор, шаруа мен қолөнерге мығым бейнесі еңбек құралы — ұршық туралы жұмбақта бейнеленген:

Жапанда бір кемпір бар ағаш таяқ,

Аузында тістегені жалғыз таяқ,

Табаны жылтыр мұздан бір таймайды,

Зырлайды күні-түні аямай-ақ.

«Қыз» сөзі ауыстыруларда түпкі мағынасынан алшақтап, сан қилы қосымша бұрма мағыналар үстемелеп алады, мысалы:

Бір қыз бар дүниеде шынарланған

Сол қызға елдің бəрі құмарланған.

Бір адам, бір хайуан, бір жануар

Ақыры сол қызды үшеуі алған.

Үнемі қайталанатын тағы бір атау — жезде, қараңыз:

Жездем жезді қамшысымен

Жер шұқылайды. Тамшы.

Жер астында жездем аты кісінейді. (Суыр)

Жез отаудан жездем аты кісінейді. (Қоңырау)

«Жорға» ұғымы — жүйріктіктің, алғырлықтың бейнесі. Жорға образы жұмбақтарда келесі теңеулерде кездеседі: боз жорға, ақ боз жорға, құла жорға, көк жорға. Мысалы, қаламның қағаз үстіне жазуды көрсету үшін жорғаның жүрісіне теңейді:

Тайпаңдап бүгіліп құла жорға,

Маңызданып аяғын басар зорға,

Неше күн дамыл алмай жүрсе де

Иіліп жерден шөпті жемес сонда.

Жұмбақтардың келесі функциясы — репрезентативтік қызмет. Жұмбақтар арқылы əлемнің фрагменттері бейнелі түрде көрсетіледі. Əлемнің құбылыстарын, заттарын бейнелеу үшін жұмбақтардың құрамында əлемнің көптеген модельдері жүзеге асырылады. «Əлемнің моделі» терминнің біз əлем туралы дүниетанымды жүйелі түрде көрсететін когнитивтік модельдердің жиынтығы деп сипаттаймыз. Бұл модельдердің жиынтығының архетиптік негізі бар, себебі олар ұжымдық санасыз елес, үлгі ретінде ежелгі заманнан бері қалыптасқан. Архетиптер үлгі ретінде ұрпақтан ұрпаққа мақал-мəтел арқылы да жеткізіліп отырады. Сол жеткізілетін құндылықтардың ішінде əлемнің моделі туралы ақпарат та бар. Бұл архетиптік ақпарат — универсалия, себебі əлемді бейнелейтін модельдер барлық халықтың мақал-мəтелдерінде кездеседі. Мақал-мəтелдерде, бір жағынан, «халықтың жаны», «халықтың менталитеті» туралы мағлұматтар бейнеленсе, екінші жағынан, универсалиялар да көрініс береді, өйткені əр түрлі халықтардың мақал-мəтелдерінің мағыналары бірдей болуы мүмкін, бірақ олардың денотатты-бейнелі реңкі өзгешеленеді. Халықтардың мақал-мəтелдерінің жалпы, ортақ белгілеріне əлемнің модельдерін сипаттау қызметін жатқызуға болады. Əлемнің модельдері халықтардың паремиялық бірліктерінде келесі түрде бейнеленеді:

  • кеңістіктің құрылымын суреттейтін модель: жоғары /төмен; аспан /жер; жер /жер асты; оң /сол; шығыс / батыс т.б.;
  • уақыт туралы ақпарат білдіретін модельдер: күн/түн; қараңғы/жарық; қыс/жаз; көктем/күз;
  • түр-түсті білдіретін модельдер: ақ/қара; көк/қызыл/қара; табиғат/мəдениет;
  • оппозицияны бейнелетін модельдер т.б.

Əлемнің модельдері əр түрлі кодтық жүйелерде көрініс бере алады. Əр түрлі кодтардың негізін əлемнің заттары, құбылыстары қалайды. Олар астралдік, вегетативтік, зооморфтық, антропоморфтық, түр-түстік, гастрономиялық, сандық кодтарды қалыптастыруға себін тигізеді. Бұл кодтар семантикалық деңгейі бойынша біркелкі болады, өйткені барлық кодтардың нысаны–қоршаған əлемді адамның дүниетанымына сай бейнелеу [5].

Əлемнің модельдерін лингвистикалық код арқылы бейнеленгенін қарастыру үшін, осы модельдердің жұмбақтардағы көрінісін сипаттайық. Ол үшін біз Аспан/Жер моделінің жұмбақтардағы бейнелену тəсілдерін қарастырайық. Аспан — Жер моделі көбінесе антонимиялық қарама-қарсылықта суреттелінеді, қараңыз:

Бір түкті кілем,

Бір түксіз кілем. (Аспан — жер)

Аспан/Жер əлемнің моделі жұмбақтарда қазақтардың мифологиялық көзқарастарындағы мифологиялық модельдеріне сəйкес келіп, «аспан» үнемі жоғарғы орында тұрады, жұмбақтарда оның биіктегі орнын, жер мен жер астына қарама-қарсы орналасқаны көрсетіледі. Мифологиялық модель қазақ дүниетанымында үш деңгейлі. Осы модельдік деңгейлері туралы С.Е.Керімбаева келесі пікірді білдірген: «Қазақ мифологиялық жүйесіне көптеген əлем халықтарының деңгейлі моделі тəн. Мұнда жоғары — аспан, орта — жер, төмен — жер асты, əлем деңгейлері мүшеленеді, əрі сəйкестендіріледі» [6].

Аспан денелері де жұмбақтарда көрсетілген. Олар нанға теңеледі, мысалы, айды күлше, қалаш, нанға балауын жұмбақтарда жиі кездестіреміз, қараңыз:

Жабықта жарты нан;

Жабық артында жарты күлше.

Жұлдызды халық жұмбақтарында дөңгелек нəрсеге: ұсақ тас, сөк, бауырсақ, моншаққа, тарыға ұқсатқан, қараңыз:

Тақиям толған сөк,

Ерте тұрсам дым да жоқ. (Жұлдыз)

 Бірталай тары шаштым там басына,

Тамнан биік жоғары қамбасына,

Қиыстырып өлеңмен жұмбақ қылдым,

Ойлағандар мəнісін аңдасын да. (Жұлдыз)

 Аспан денелері — жұмбақта көшпелілер үшін уақытты болжаудың айғағы. Қыс түскеннің белгісі — бұрынғы жердегі Үркер (Алып өгіз) аспанға көтеріледі. Оны алып қара құс алып кетті. Ол барып тау басындағы көк серкенің мүйізіне барып қонады. Бұл мезгіл — Үркердің түн ортасында тас төбеде болатын кезі, қараңыз:

Жоғалып жазды күні бір қысырақ

Келемін бірталайдан елден сұрап,

Тұр екен дарияның ортасында

Жете алмай үйге қайттым босқа бірақ (Үркер).

Өгіздің жауырын сүйегі төмен түскені — Үркердің төмендей бергені, яғни күнге жақындай бергені. Жауырын сүйек — қозғалыс сүйегі. Жауырынның төмендеп көрінуі — Үркердің көрінуі. Бұл кез — наурыз айы. Жауырынның төмен түскені — жазғы қырық күн шілде басталғаны. Бұл кезде Үркер күннің маңында болады, көрінбейді. Жұмбақтарда шілденің қырық күні (Үркер түскендегі кез) Үркердің жоғалуы бейнеленген:

Біз, біз, біз едік,

Біз алты қыз едік,

Бір тақтайға жиналдық,

Таң алдында жоқ болдық.

(Алты қыз — Үркер, Үркердің батуы)

Қазақ дүниетанымындағы жердің төменгі орны мифтерде бейнеленген. Жұмбақтарда да үш деңгейлік модельдегі жердің төменгі орны суреттелген, қараңыз:

Зер-зер кілем, зер кілем,

Көтерейін десем зор кілем. (Жер)

 Жапанда бір алыпты көруім күшті,

Барлық салмақ дүниеде соған түсті.

Қандайын дүниеде барлық жеміс,

Солардың атырапында құрап пісті.

Қашыпты айналдыра зығыр қылып,

Бар мақұлық қыбырлаған соған түсті. (Жер)

 Қорыта айтқанда, жұмбақтар паремиялық жүйеде маңызды орын алады. Олар арқылы əлемнің бейнесі мифологиялық жəне дүниенің модельдері негізінде суреттелінеді. Əр халықтың əлемдік тілдік бейнесінде жұмбақтар өзгешеленіп, универсалдық түсініктерді, ортақ моделдерді ерекшелейді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Əуезов М. Кіріспе// Қазақ жұмбақтары. — Алматы: Ана тілі, 2007. — 3-б.
  2. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. — Алматы, 1974. — 320-б.
  3. Бегимов М. Почему сложилось мнение у киргизов, что земля держится на рогах быка // Средняя Азия. — 1911. — №— С. 107, 108.
  4. Керім Ш. Қазақ жұмбағы. — Алматы: Арыс, 2007. — 137-б.
  5. Цивьян Т.В. Модель мира и ее лингвистические основы. — М.: Комкнига, 2006. — С.Керимбаева С.Е. Ономастическая экспликация мифологической модели мира в казахском языке: Автореф. дис. ... канд. филол. наук. — Алмат

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.