Филология

Мақалада қазақ халқының VII ғасырлардан бергі фольклорындағы ислам дінінің негіздері баяндалады. Араб түбегі, Орта Азия, Қазақстан және түркі елдерінің ортақ ауыз және жазба әдебиетіндегі ортақ Құран қиссалары мен пайғамбар хадистерінен туындаған аңыз, әфсаналық тәрбиелік дастандар талданады. Ислам негіздерінің қазақ даласында халық әдебиетінде жеке тарау ретінде таралуы мен қиын кезеңдерде сақталуы, бүгінге күнге мұра боп жетуі айтылады. Ислам елдеріне ортақ әдебиеттің жергілікті ақын­жазушы, жыраулардың қайта жырлауымен өзгеріске түскен тұстары көрсетілген.
2015

Бұл мақалада туыстығы жоқ, типологиялық тобы жағынан бір­бі­ рінен алшақ болып келетін қазақ және корей тілдерінің этномәдени ерекшеліктері қарастырылады. Осыған дейінгі ғылыми зерттеу нәти­ желеріне сүйене отырып, ғылыми қорытындылар жасалады. Онтоло­ гиялық бағыт негізінде тілдің «мәдениет бірлігі» ретіндегі қызметін, табиғатын толық тануға бағдарланған мәселелер қозғалады. Әсіресе қазақ және корей тілдеріндегі мақал­мәтелдер, тұрақты сөз тіркес­ тері «концепт» деңгейінде зерттелінеді. Олар мәдени концептілер деп аталады. Сонымен қатар, екі халыққа тән наным­сенім үлгілері­ нен мысалдар келтіріледі. Бұл – қай халықта да энтомәдени бірлік­ тердің тарихы тереңнен басталатынын аңғартады.
2015

Мақалада антонимияның когитивтік бағытта зерттелуі қарасты­ рылған. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі антонимдік жұптарды концепт тұрғысынан зерттелген еңбектер талданған. Өмірдің өзі қарама­қай­ шылықтан тұратынын ескерсек, зерттеушілердің оппозицияларға та­ нымдық тұрғыдан қарауы заңды. Адамзат дүниені қарама­қайшылық тұрғысынан танып­біледі. Адам баласы өзін қоршаған материалдық және әлеуметтік ортадағы құбылыстардан қайшылық көреді, өйткені әр нәрсенің екі жағы болады. Өмірдегі жалпы қарама­қайшылықтар барлық ұлттар түсінігінде бірдей болып келеді. Өзге ұлттардың таны­ мында қарсы мәнге ие емес ұғымдар, белгілі бір ұлтта қарама­қар­ сы қойылуы мүмкін. Өйткені, әр ұлттың өзіндік танымдық ерекше­ лігі бар. Бұл ерекшелік ұлттың тұрмыстық жағдай мен шаруашылық бағытына қатысты сөздерден, ұлттың қалыптасуы мен дамуындағы тарихи, мәдени, аймақтық факторларына негізделген түсініктерден көрінеді. Қарама­қарсы мағынада берілген сөздерде халықтың дү­ ниетанымдық ой­сүрлеуі жатыр. Мақалада адамзатқа ортақ ғалам­ дық түсініктермен қатар, әр халықтың санасында өз мәдениеті мен танымына сәйкес қарама­қайшылықтар болатыны талданады. Қара­ ма­қарсы тілдік бірліктер ұлттық танымды бейнелеу құралы екені қа­ зақ тілі материалдары негізінде дәлелденеді.
2015

Мақала қарым-қатынас ұғымын анықтаумен, коммуникативті құзыреттілік ұғымын анықтаумен, оны құрастырушыларды анықтаумен, коммуникативті дағдылардың кешенін анықтаумен
2018

Қазіргі таңда «әдемнің ұлттық бейнесі», «әлемнің көрінісі», «әлем образы» сынды сөз тіркестері әр түрлі ғылым салаларында кеңінен қолданыс табуда. Әсіресе, бұл мәдениеттану мен филология сала­ сындағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ұсынылып отырған ғылыми мақалада әлемнің ұлттық бейнесінің О. Бөкей шығармаларында көрініс табуы жөнінде сөз етіледі. Соны­ мен қатар, мақалада «әлем бейнесі» терминінің туындау тарихы мен қолдану аясы жөнінде мәлімет беріледі. Жазушы шығармасындағы әлемнің ұлттық бейнесінің көрініс табуын айқындау мақсатында О. Бөкейдің «Мұзтау», «Бура», «Жетім бота» сынды шағын туындылары мысал ретінде алынып отыр. Жазушы өз шығармаларында образ­си­ волдарды пайдалана отырып, қазақ халқына тән ұлттық менталитетті шебер бейнелей білген. Автор шығармаларындағы осы бейнелер ар­ қылы ұлттық дүниетаным ерекшелігі көрініс табады.
2015

Мақалада «миф» және «мифология» терминдеріне анықтама бе­ ріліп, ұлттық және әлемдік мифология мәселелері қарастырылады. Мифтің архаикалық сана үстемдік еткен дәуірде пайда болып, кейін­ гі мәдениеттерде де сақталып қалғандығы туралы айтылады. Мифтік дүниетанымды дін мен философия ауыстырғандығы жөнінде зерт­ теуші­ғалымдар пікірлері айтылады. Сонымен қатар мақалада ұлттық және әлемдік мифті салыстыру тәсілі негізінде мысалдар келтіріліп, дәлелденіп сипатталды. Түрлі халықтар мифтері мен олардың әлемдік көрінісін салысты­ ра отырып, әлемді қабылдаудың арнайы ұлттық ерекшеліктерін ашу­ ға болатындығы анықталды.
2015

Мақалада Қазақстандағы масс­медиа тіліне қатысты мәселелер қарастырылады. Масс­медиа ұғымына анықтама келтіріледі және оның қолданылу аясы көрсетіледі. Мақаланың басты мақсаты масс­ медиа ресурстары мен БАҚ­ғы тілдер үлесінің статистикалық мәлі­ меттеріне шолу жасау болып табылады. Қоғамдағы тілдік жағдайды аңғару, тілдік таңдауды байқау, тілді дамытудағы масс­медиа рөлі­ нің жоғарылығы айтылып, масс­медианың қоғамдағы функционал­ ды қызметтері көрсетіледі. Мақалада ақпаратты жеткізу формасына байланысты Қ. Есенова ұсынған БАҚ классификациясы және Т. Доб­ росклонская ұсынған медиалингвистика анықтамасы келтіріледі. Со­ нымен қатар, М. Гречихиннің қазіргі медиадискурсқа байланысты зерттеу деректерінен үзінді келтіріледі. Телевизия, радио және мер­ зімді баспасөз тіліне жүргізілген статистикалық талдау нәтижелері көрсетіледі. Мақалада «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011­2020 жж. бағдарламасының» негізгі міндеттері мен олардың жүзеге асуы туралы қысқаша мәлімет келтіріледі.
2015

Мақалада қазақ тіл біліміндегі дәстүрлі грамматика мен функционалды грамматиканың арақатынасы, айырмашылығы беріледі. Нақты келітірлген мысалдар арқылы функцияның мәні айқындалып, төмендегі көрсетілген ғалымдардың еңбектері негізінде дәйектеледі. Функционалды грамматика сөйленімде қалыптасып, онда тіл бірлік­ терінің семантикасына назар аударылады. Функционалдылықтың ма­ ғынасын ашу барысында ең негізгі ұғымдар келтіріп, олардың аражігі ашыла түседі. Қазіргі қазақ тіл білмінінде функционалдылық жайында бірша­ ма еңбектер жазылып жатыр және бар. Алайда өзге дамыған тілдер деңгейіне жете қойған жоқ, алда да болса көптеген осы аталмыш тақырып аясында ізденістерді қажет етеді. Сол себепті тіл меңге­ рушілерге қазақ тілін функционалды бағытта оқытып үйрету үлкен маңызға ие.
2015

Мақалада қазақ поэзиясына тоқсаныншы жылдардың басында келген қосылған талантты ақын Маралтай Райымбекұлы шығармашы­ лығының тақырыптық­ көркемдік ерекшеліктері, өзіндік шеберлігі, тың ізденістері мүмкіндігінше жан­жақты ғылыми тұрғыда таразыла­ нады. Поэзия – сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Оның үстіне айналадағы әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды бейнелеп көрсетіп, өмірді танытатын, қоғамдық ой­санамызға көр­ кемдік­эстетикалық ой салуда сүбелі үлеске ие. Соны ескере отырып, мақаламыздың мазмұнында қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік даму ерекшеліктерімен, тақырыптық арналарымен және ақындық ізденіс­ термен дараланған аға буын ақындардың қатарынан орын алған Ма­ ралтай Райымбекұлы өлеңдерінің поэтикасын талдадық. Оның ішін­ де ақын өлеңдерінің тақырыптық ауқымының кеңдігіне назар аудара отырып, суреткердің шығармашылығындағы сан қырлы сыр­сипатын айқын танытатын бірнеше тақырыптар бөліп алынып қарастырылды. Олардың көркемдік­ идеялық ерекшеліктері мен ондағы ақын тұлға­ сын жан­жақты ашу тұрғысында талдау жасалды.
2015

Бұл мақалада Африкадан басталған адамзаттың алғашқы көші­ қон легі таулы Алтай өңіріне жетіп, қоныстанып, сол өңірде алтай тілді қауымдар мәдениеті қалыптасқаны баяндалады. Бұл толқынды лектің көші­қоны онан әрі жалғасып, алға жылжу арқылы Алтайдан Колыма, Чукотка арқылы Аляскаға жетіп, одан әрі жалғасқаны мә­ лімделген. Көне түркілер Алтай аймағын бағзы заманнан ата қонысқа айналдырған, олардың мәдениеті, жазуы ерте заманда қалыптасып, жан­жаққа таралғандығы ғылыми негізде дәлелденген.
2015

Тіл білімінің зерттеу ауқымы жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап кеңейіп, негізгі назар тілдің сөйлеу қатысымы құ­ралы ретінде қолданылу мәселесіне бөлінді. Осыған байланысты тіл білімі нағыз макролингвистикаға, яғни тілдің қоғамда тіршілік етуінің алуан түрлі нысандары мен әдіс­тәсілдерін зерттейтін лингистика­ лық пәндер жиынтығына айналып, пәндер мен білім салалары пайда болды. Аударматану ғылымының нысаны – аударма, бір тілдегі мәтін мазмұнын өзге тіл құралдары арқылы жеткізу әрекеті. Қолданбалы лингвистиканың бөлімі ретінде, аударма әдебиеттану ғылымымен де тығыз байланысты. Аударма – екі тілдік қатысым моделі. Аударма үдерісі кезінде адресаттың өзге мәдениет ортасына жататындығы, оның байсалдылығы мен салмақтылығы ескерілсе керек деп пайым­ дауға болады. Аударманы тіларалық қатысымның екі тілдегі тіл және сөйлеу бірліктерін салыстыру үдерісінің ауқымды әрі шынайы тәжі­ рибелік актісі ретінде қарастыруға болады, сондықтан аударманы зерттеу барысында біртілдік зерттеулерде анықталмаған маңызды фактілер айқындалуы ықтимал.
2015

Мақалада оқу үрдісінде инновациялық технологияны пайдалану арқылы сабақ өтудің түрлері қарастырылады. Инновациялық оқыту негізінде білім алушыларға сапалы білім берумен қатар тәрбиелеудегі оқытушының шеберлігі сөз етіледі. Оқыту барысында жүзеге асатын шығармашылық ойлау, инновациялық әдістер, тапқырлық, шеберлік туралы тиянақты ойлар жүйелі берілген. Ақпараттық құрылғылардың көмегімен орындалатын жұмыс түрлері нақты көрсетілген. Оқытуда компьютерлік технологияны қолданудағы білімді жетілдірудің әдіс­ тері кеңінен талқыланған. Білім алушының интеллектуалдық және та­ нымдық мүмкіндіктерін дамытуға арналған міндеттер түсіндірілген. Электронды оқу құралдарының көмегімен білім меңгеру сапасын жақсарту жолдары қарастырылған. Ақпараттық технологияны білім беру саласында қолданудың түрлі бағыттары атап көрсетіледі. Со­ ның ішінде негізгі бағыттар арнайы келтірілген. Электрондық құрыл­ ғылардың қазіргі таңда білім беру үрдісінде негізгі құрылғылардың бірі екендігі нақты айтылған.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.