Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы масс-медиа тілі: статистикалық мәліметтерге шолу

Қазіргі кезде масс-медиа термині бұқаралық коммуникация құралдары мағынасын білдіруде: баспа басылымдары, теледидар, радио хабарламалар, интернет беттеріндегі ақпарат қайнарлары, сонымен қатар кино, видео, ұялы телефондық байланыс және т.б. Бүгінгі күнде олардың маңыздылығы соншалықты, әрбір адам өз өмірін оларсыз есестету мүмкін емес. Қоршаған ортамыздың барлығы ақпараттандырылған, сондықтан біз ақпараттандырылған, медиаландырылған қоғамда өмір сүрудеміз. Бұл мақаланың мақсаты – масс-медиадағы тілдік жіктелістің үлес салмағына қатысты статистикалық мәліметтерді саралау.

Медиа термині (латын тілінде «media», «medium» – құрал, тасымалдаушы) XX ғасырда «бұқаралық мәдениет» құбылысын анықтап көрсету үшін енгiзiлген [1, 64]. Масс-медиа ұғымы БАҚ ұғымымен пара-пар мәнде қолданылып жүр. БАҚ-тың рөлі қоғамда орасан зор.

Белгілі саясаттанушы әрі публицист Э. Берк 1776 жылы баспасөзді төртінші билік ретінде танытып, айрықша пікір қалдырып кеткен.

Қоғам өмірінің айнасы болып табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы барлық қордаланған мәселелерді жұртшылық назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебап құрал.

Жалпы, масс-медианың қоғамдағы тілдік жағдайды аңғару, тілдік таңдауды байқау, тілді дамытудағы рөлі өте жоғары. Ол тек біздің елімізде ғана емес, барлық елдерде тілдері дамыту барысында бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны ерекше. БАҚ-тың қоғамда атқаратын қызметін шартты түрде: ақпараттық, әлеуметтік, бақылауыштық, реттеуіштік, ағартушылық, саяси, делдалдық, бейтараптылық, орталықтандырғыштық т.б. қасиетін айтуға болады.

Қ. Есенова «Жалпы БАҚ-тың ақпаратты жеткізу формасына қарай үш түрге бөлінетіні белгілі: телевизия, радио және мерзімді баспасөз» [2, 15]. Қазіргі уақытта өте қарқынды дамып кең қолданысқа ие болып отырған ғаламтордағы электронды бұқаралық ақпарат құралдарын осы топтастыруға қосуымыз өте орынды. Ғаламтордағы ақпарат қазіргі кезде өте тез, жылдам, ірі тиімді болып отыр.

Т. Добросклонская медиалингвистиканы ғылымның жаңа бағыты ретінде қарастырып, оған мынадай анықтама берген: «Медиалингвистика – баспа, аудиовизуалды және желілік медиамен байланысты қазіргі бұқаралық байланыс құралдарын немесе медиа саласын зерттейтін лингвистиканың бағыты» – деп көрсетеді [3, 74].

Қазақстанда БАҚ тілін зерттеген Ш. Құрманбайұлының еңбектерін айтуға болады. Д.

Бисмильдина ресми телехабарлар тіліне байланысты еңбегінде «Қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары қазақ тілін дамытуда, оның қолданылу аясын кеңейтуде, сондай-ақ халықтың сауаттылығын арттыруда басты рөл атқарады» – делінген [4, 11].

Телехабарлар тілі прагмалингвистикалық тұрғыдан қарастырылған кезде, оның мәтіні субъектілердің білім қоры және таным деңгейімен бірлікте қаралатындығы туралы Г. Машинбаева өзінің «Теледидар тілінің лингвопрагматикалық аспектілері» атты зерттеуінде айтқан [5, 11].

Баспасөз ақпарат құралдары

 

Сурет – БАҚ-тың негізгі түрлері

Ғалым М. Гречихин қазіргі орыс медиадискурсына байланысты зерттеу жүргізіп, «БАҚ мәтіндерінде автор мен адресаттың екеуінің де үлесі бар. Себебі, медиамәтінді жасаған автор мен оны түсініп қабылдаған адресаттың ойы бір жерден шығуы керек. Яғни, ол мәтінді адресат жақсы түсініп, қабылдауы керек. Себебі, медиадискурс сол қоғамның мәдениетін білдіреді» – деген ой айтқан [6, 45].

Республикадағы БАҚ-тың тілдік көрінісін, тілдік ландшафтысына мән беретін болсақ, қазақстандық БАҚ негізгі екі тілдің қолданысына құрылғанын білеміз: қазақ және орыс тілдері, ағылшын тілінің ақпаратты тарату жағынан алғанда, мемлекеттегі кейбір ұлттық тілдерде ақпарат тарататын құралдардан да аз екенін көреміз.

2006 жылы Қазақстан халықтар Ассамблеясында Елбасы алдағы үштілді мемлекеттік саясат хақында сөз қозғады, кейін 2007 жылы Елбасының Жолдауында үштілді тіл саясатын кезең бойынша жүзеге асыру мәдени жобасын ұсынды. Тілдерді дамыту мен қолдануға арналған мемлекеттік бағдарламасының әр кезеңдік, онжылдық жоспарлау мен жүзеге асыру стратегиясының құрылуы дәл осы үштілді саясаттың негізінде қалыптасқан.

Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына байланысты заңының 3-бабында, бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік тілде және өзге тілдерде таратылады, мемлекет ҚР тілдік заңнамасына сәйкес кез келген тұлғаның өз ана тілінде бұқаралық ақпарат құралдарынан ақпарат алуын қамтамасыз етеді делінген.

«Тілдерді дамыту мен қолданудың 20112020 жж. бағдарламасы» бойынша мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекет тік тілдегі контентті 2014 ж. – 53%, 2015 – 60 %, 2020 ж. – 70 %-ға көтеру міндеттелген. Бұдан біз мемлекеттік бағдарламаның мемлекеттік тілді тұрақтандыру мен бірқалыпты өсу үдерісін қамтамасыз етуін қолдап отырғанын аңғарамыз. Бұл бағдарламада бұқаралық ақпарат құралдары контент жүйесінде мемлекеттік тілдің коммуникативті функциясын жұмыс істету – басты мақсатқа ие. Мемлекеттік тілдің электронды БАҚ кеңістігіндегі ауқымын жоғарылату, ал ағымдағы жағдаятқа жүгінсек, баспа БАҚ-та мемлекеттік тілдің үлес салмағы – 50%-ды құрап отыр. Ал телевизияда әр жыл сайын мемлекеттік тілдегі жоба-бағдарламаларды – 10%-ға көтеру жоспарланған. Осы көрсеткіштерге жеке талдау жасап көрейік.

Телевизия: жалпыұлттық телеарналардың барлығы қазақша контенті болып келеді. Кең аудиторияны жаулау үшін телеарналар екі тілде ақпарат тарататыны белгілі. Қазақстанда 2012 жылдан бастап «Қазақстан ұлттық телеарнасы» тек қазақ тілінде ғана ақпарат таратады. Қазақстандағы жалпыұлттық телеарналар мыналар: Қазақстан, Балапан, Хабар, Kazakh TV, Білім және Мәдениет, 24 kz, A��ana TV, КТК, НТК, 7 канал, 31 канал, СТВ.

Қазақстан БАҚ кеңістігінде мемлекеттік және коммерциялық бөліністі анық байқауға болады. Ол БАҚ тіліне тікелей әсер етеді. Мемлекеттік емес, БАҚ өкілдері пайда табу мақсатында тапсырысқа жұмыс істеп, тілдік мәселеге аса назар аудара бермейді. Мемлекеттік телеарналарда мемлекеттік тіл мәселесіне жете назар аударылады: Қазақстан, Мәдениет, Балапан арналарында мемлекеттік тіл үлесі – 100%, Хабар – 77%. Ал, коммерциялық арналарда көбінесе мемлекеттік тіл мәселесі жете қаралмайды: Алматы – 48%, КТК – 31%, 31 арна – 20%, Таң – 11%, НТК – 3,5% мемлекеттік тілде хабар таратады.

«Телерадио туралы» жаңа заң жобасын талқылау барысында мынадай дерек жарияланған еді: еліміздегі телеарналар қазақ тілінде – 10%, өзге тілдерде – 8%, орыс тілінде – 82% пайыз хабар таратады. Оған кабельдік желі және спутниктік табақша арқылы таралатын ақпараттық орыс арналары қосылады. Типографиялық басылымдарды – 100% бағдарламасын алдымен орыс тілінде дайындап, сосын қазақшаға аударып беретін арналар да бар. «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заң қабылданды. Заң бойынша, еліміздегі кез келген телеарна мемлекеттік тілде елу пайыздан төмен хабар таратпауы тиіс. Артық таратуға тыйым салынбаған. Тіпті хабар тарату кезінде мемлекеттік тілдегі ақпараттар уақыт жағынан таршылық көрмеуі шарт. Яғни прайм-тайм уақыты артық болмаса, кем бөлінбеуі тиіс. Одан соң, «Телеарналарды тарату кезінде субтитр түріндегі телебағдарламалар мен фильмдердің аудармасы қазақ тіліндегі телебағдарламалардың жалпы көлеміне есептелмейді»

  • деп көрсетілді.

Мерзімді басылым: мемлекеттік БАҚ контентінде қазақ тіліндегі хабарлардың көлемі 70%-дан астам. Жалпы, Қазақстанда 8248 тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары (соның ішінде белсенділері 2513) жұмыс істеуде, олардың 212-сі электронды БАҚ болып табылады.

Мерзімдік басылымдардың 453-і қазақ тілінде, 2303-і орыс тілінде шығады. Бұған Ресейден келетін 5248 газет-журналдар қосылады. Сонда ел аумағына таралатын баспасөз құралдарының 7551-і орыс тілінде де, тек 453-і ғана қазақ тілінде. Қазақстандағы жалпы ақпарат құралдарының ішіндегі қазақ газет-журналдарының үлесі 6%-ға да жетпейді екен [7].

Электронды БАҚ: медиа-кеңістік немесе интернет кеңістікте үштілді саясат қаншалықты орын алған? Интернет кеңістіктегі электронды БАҚ өзінің тілдік шеңберін өз қалпында ұстаған: не қазақ тілі, не орыс тілі және аралас. Қазақстанда ресми тіркелген 60 мың сайт бар. Сайттардың – 9%-ы қазақ тілінде ақпарат таратады. Ағылшын тіліндегі тіркелген сайттар – 11% құрайды. Қалған – 80% пайыздың үлесі орыс тіліне тиіп отыр.

Сонымен қатар медиа кеңістікте ақпараттық порталдардың функционалдылығы ерекше болып келеді. Аудиторияны кеңейту мақсатында бұл сайттардың көбі бірнеше тілді болып келеді. Алайда ең үздік ақпараттық порталдардағы ақпараттардың тілдік көрінісін былайша көре аламыз. Ақпараттық порталдар ішінде рейтінгісі жоғары – N�r.kz: бұл қазақ және орыс тілдерінде ақпарат таратады, келесі – Zakon.kz: тек орыс тілінде ғана ақпарат береді, соңғы орында – Tengr�new�.kz: үш тілде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат таратады. Электронды БАҚ-та тек осы Tengr�new�.kz порталы ғана үш тілде ақпарат тарататын кеңістік болып отыр.

Осы жағынан алғанда Tengr�new�.kz Қазақстандағы ең үздік интернет БАҚ болып отыр. INew�.kz орысша-қазақша ақпарат береді, Nomad.

�� – орыс тілінде, a�a�.kz – қазақ тілінде, ��ll�oner.kz – орыс тілінде, For�e�.kz – орыс тілінде, Today.kz – орыс және қазақ тілдерінде, Thenew�. kz – орысша-қазақша, T����.kz – орыс тілінде, Headl�ne.kz – орыс тілінде ақпарат береді. Ортақ қазақша-орысша ақпарат порталдарының құрылуының өзі орыс тілді медиа мен қазақ тілді медианы өзара біріктірудің амалы, себебі Қазақстандағы бұл екі тілдегі медианың арасы өте алшақ екенін білеміз және екеуін жақындастыру қызметін дәл осы екі тілді ақпарат порталдары атқарып отыр.

Бұқаралық ақпарат құралдары ұзақ жылдық реформалаудан өткендіктен үлкен медиа-холдингтердің құрылуына және олардың құрамына бірнеше БАҚ-тың бірге енуіне әсер етті. Бүгінде Қазақстанда 20 мемлекеттен жиналған 150 аса БАҚ өкілдіктері бар. Орта Азияда ең үлкен медиа-ресурс құра білген қазақстандық ақпарат кеңістігі тікелей нарықтық механизмге жұмыс жасайды. Еліміздегі басылымдардың негізгі бөлігі, яғни – 85% мемлекеттік емес болып табылады.

Тек мемлекеттік БАҚ-ты манипуляцияға құру, әзірше, тілдік саясаттың бір қыры ғана болып отыр. Жалпы, Қазақстанда 11 тілде бұқаралық ақпарат құралдары тарайды: негізгі – қазақ және орыс тілдерінде, украин, түрік, ұйғыр, поляк, неміс, корей, дүнген және тағы басқа тілдер. Байқағанымыздай, үштілді контенке толықтай қол жеткізу қазақстандық масс-медиада біраз уақытты қажет етеді.

Дегенмен, масс-медиа Қазақстанда өте қарқынды дамып келе жатыр, ол көп жағдайда мемлекет тарапынан реттеліп отырғанымен басым бөлігі жеке меншік болғандықтан көп жағдайда өзіндік ерекшеліктері болады, масс-медиа тілінде мемлекет ұстанған ешқандай да үштілді мемлекеттік саясаттың стратегиялы түрде жүргізіліп жатпағандығын көреміз, мемлекеттік тілдің ақпарат тарату кеңістігін кеңейткенімізбен орыс тілді аудиторияның саны ауқымды. Басқа көрсеткіштердің барлығы тек сұраныс пен ұсыныстың шеңберінде ғана автоматты түрде жүзеге асып жатқан үдеріс ретінде көрінеді.

Үш тілдің айналасында жинақталған мемлекеттік тілдік саясат мемлекет құрылымдарының барлық қабаттары мен деңгейлерінде, әлеумет-

тік салалардың барлық бөліктерінде жүзеге асырылуы тиіс.

Масс-медиада, яғни, баспасөз беттері мен телеарналарда да мемлекеттік тіл мәселелері көтеріліп жүр. Баспасөз беттерінде ондай мақалалар көбінесе мемлекеттік газеттерде, соның ішінде «Егемен Қазақстанда», «Ана тілі», «Алматы ақшамы», «Жас қазақ», «Дала мен қала», т.б. көптеп айтылып жүр, телеарналарда да, мысалы, «Қазақстан», «Балапан», «Мәдениет», «Еларна», т.б. арналарда арнайы бағдарлама жасап, тақырып етіп айтылып жүр (мысалы, «Сөзмерген», «Тіл», т.б. бағдарламалар).

Негізінде, БАҚ-тың қоғамға қажетті көпжақты идеологиялық міндетін атқарудағы және рухы жоғары идеяны уағыздаудағы рөлі көптеп жетілуде. Шынайылығында оның халықтың санасын толық билеп алу мүмкіндігі күшті.

Әлеуметтік-психологиялық сипаты күнненкүнге еселеніп барады. Оның қоғамдық қарымқатынаста атқаратын саяси-әлеуметтік рөлі де алуан түрлі. Бүгінде БАҚ ағартушылық, насихаттық, ұйымдастырушылық, топтастыру жұмыстарын атқарып келеді.

Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасындаға масс медиа тілі – негізінен қазақ және орыс тілдерінде деп айтуға негіз бар. Негізінен ақпараттың басым бөлігі орыс тілінде таратылып отыр. Мемлекет ұстанып отырған үштілділік жобасы әзірге БАҚ-та толық орындалып отыр деп айта алмаймыз, оның бір себебі мемлекеттегі масс-медианың – 80%-дан астамы жекеменшік иелеріне тиісті болуында. Сол себепті мемлекет соңғы жылдары мемлекеттік қазақ тілді контент санын көбейтіп, қазақ тілінің мәртебесі мен қазақ тіліндегі сөйлеушілер санын БАҚ арқылы да реттеуді қолға алып отыр.

 

Әдебиеттер

  1. Федоров А.В. Словарь терминов по медиаобразованию, медиапедагогике, медиаграмотности, медиакомпетентности. – Таганрог, 2010. – 64 c.
  2. Есенова Қ. Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы (қазақ баспасөз материалдары негізінде): филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2007. – 157 б.
  3. Добросклонская Т.Г. Медиалингвистика: системный подход к изучению языка СМИ. – М.: Наука, Флинта, 2008. – 264 с.
  4. Машинбаева Г.А. Теледидар тілінің лингвопрагматикалық аспектілері: филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация авторефераты. – Алматы, 2007. – 25 б.
  5. Гречихин М.В. Современный русский медиадискурс: язык интолерантности: на материале языка российских СМИ: дисс. на соискание степени канд. филол. наук. – Белгород. 2008. – 159 с.
  6. «Қазақстан» ұлттық телеарнасының мәліметтері // www.kaztrk.kz.
  7. Шаймағанбетов C. БАҚ-тағы тіл тазалығы // Егемен Қазақстан. – 2011. – 31 тамыз.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.