Филология

Бұл мақалада жаңа технология арқылы қазақ тілін оқыту мәсе­ лелері қарастырылады. Әлемдік бәсекелестік заманында білім және қабілеттілік деңгейіне, іскерлікке ерекше көңіл бөлінуде. Қазақ тілін оқыту барысында білім алушылардың ойлауы мен сөйлеуін дамыту жаңа технологияны пайдалану қажеттілігі туындауда. Мақалада қа­ зақ тілін оқытуды жаңа заман талап ететін сапа тұрғысынан меңгер­ тетін дидактикалық үдерістің мақсаты қарастырылады. Білім алушы­ лардың ойлауы мен шебер сөйлеу тілін дамытудың дидактикалық негіздері ішінде «дидактикалық ұстанымдар» жөнінде ой қозғалады. Инновация ұғымының анықтамасына тоқталады. Оқыту техноло­ гиясының құрылымына, жаңа оқыту технологиясын кіргізуге қатысты шаралар қолдану қажеттілігі бүгінгі заманның басты талабы. Мақа­ лада адам бойындағы қажеттілікті қанағаттандыруға кепілдік бере­ тін, әрі жаңа қажеттілікті анықтайтын, икемді білім беретін модулдік оқыту мәселелері қарастырылған. Модулдік оқытудың дидактикалық ұстанымдары мен негіздері білімді сапалық жағынан өзгертеді. Ма­ қалада автор интерактивті оқытудың тиімді болуы үшін қарым­қаты­ настың үш жағы қатысуы қажеттілігі туралы айтады.
2015

Бұл мақалада Кембридж тіл біліктілігін бағалау орталығы (CELA) тест форматтарының даму тарихы қарастырылады, олардың ішінде тест форматтырының мазмұнына ерекше ықпал жасаған қолданыс­ тағы ағылшын тілінің маңыздылығы аталып көрсетіледі. Автор ма­ қалада тест форматтарының дамуына әсерін тигізген қоғамда орын алған оқиғаларға тоқталып өтеді. CELA орталығы пайдалы тест жасау ұстанымына ден қоя отырып, сол талаптарға сай келетін тест құры­ лымы мен мазмұндарын жасап шықты. Валидтілік, сенімділік, ықпал­ дылық және тиімділік ұстанымдары CELA орталығының тест жасау ісінде орталықтың одан әрі дамуына, тестерді жетілдіруде және тестердің Ұлыбритания мен басқа елдерде де сұранысын арттыруға мүмкіндік берді. Тест тапсырмалары коммуникативтік мазмұн негі­ зінде жасалған. Ал бұл факторлар өз кезегінде CELA орталығының академиялық және академиялық емес тіл деңгейін анықтайтын мақ­ сатты тест түрлерін дамытуына алып келді.
2015

Бұл мақалада шетел тілін қашықтықтан оқыту технологиясы тура­ лы мәселелер қаралады. Шетел тілін қашықтықтан оқыту оқытушы­ мен оқушының белсенді әрекетімен тығыз байланыса отырып, тұлға­ ның белсенділігі ізденушілік әрекетінде көрініс табады. Қашықтықтан оқыту жүйесінде оқушының белсенділігі оқушылар тобына қажетті білімді, іскерлік, дағдыны жедел жеткізуге және шығармашыл, өзін­ өзі басқара алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Осы­ ған сәйкес, студент пен оқу тобы белсенділігі шетел тілді компьютер арқылы тез меңгеруге, өзіне керекті қатысымдық іскерлік пен дағды­ ны қалыптастыруға, жеке тұлғаға қажет қасиеттерді қабылдауға, бел­ сенді саналы жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқыту жүйесінде оқу әрекетінің белсенділігі түрлі жолдармен, көбінесе оқу материалдарын арнайы ұйымдастыру, оның бір жерге ұтымды шоғыр­ лануы мен бөлінуі, оқытудың ерекше ұтымды формалар және әдіс­тә­ сілдері, сондай­ақ оқытушы мен студенттің әлеуеті мүмкіншіліктерін өнімді пайдалану және оны тәжірибеде ұтымды қолдану арқылы іс­ ке асады. Осыған сәйкес, студент пен оқу тобы белсенділікпен шетел тілді компьютер арқылы тез меңгеруге, өзіне керекті қатысымдық іс­ керлік пен дағдыны қалыптастыруға, жеке тұлғаға қажет қасиеттерді қабылдауға, белсенді саналы жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
2015

Мақалада қазақ тілін меңгертудегі сөйлеу жағдаяттарының түр­ лері туралы сөз болады. Қазақ тілін оқитын шетелдік студенттердің сөйлеуін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Сөйлеуге үйре­ тудің психологиялық мәселелері сөз болады. Сөйлеу үшін қажетті жайттардың арасындағы жағдаят мәселесіне және оның компонент­ теріне назар аударылады. Оқу үдерісі барлық шынайы жағдаяттар­ ды көрсете алмайды, сондықтан да шынайы тілдік қатынасқа жақын коммуникативтік оқу жағдаяттарының үлгілері ұсынылады. Мақалада оқудың түрлі кезеңдеріне тиесілі түрлі әдістемелік ұсыныстар берілген. Айтылымның тілдік қана емес, сондай­ақ маз­ мұнды жағына да назар аударылады. Сөйлеуге үйрету үшін көрнекі нысандар, диалогтар мен полилогтарды қолдану ұсынылады. Мақалада ұсынылған жаттығулардың жүйесі ауызша сөйлеуді да­ мытуға көмектеседі. Мұнда ең алдымен айтылымның туындауы, оның коммуникативтік мәні мен тілдің нормасына сай келуі дамытылады. Диалогқа үйретуде бір жағынан репликалардың кезектесе алмасуына үйрету көзделсе, екінші жағынан жағдаяттың өзгеруі көрінетін қа­ рым­қатынасқа түсуге, диалогтық сөйлеуге үйрету көзделеді.
2015

Мақалада тіл біліміндегі номинация теориясы қарастырылады. Екіншілік номинация «атау – шындық – болмыс» қатынасында тілді қолданушы ұжымның қоршаған орта туралы аялық білімі мен мағынаның ішкі формасының
2018

Мақала шет тілін оқыту үрдісіндегі ең тиімді әдістемелердің бі­ рі­Case study әдісіне арналады. Шет тілін оқытудағы Case study әдісі практикалық және теориялық біліктілікті пайдаланып, шығармашы­лық қабілетті қолданып, жасанды жолмен ұсынылған жағдаяттардың білімгерлерге өз бетінше шешімін табуды үйрететін әдіс болып табы­ лады. Case study әдісі білімгерлер дайындығын мен өз бетінше жұмы­ сын талап етеді. Аталмыш әдіс білімгерлерге шет тілі сабағынан алған білімді шынайы өмірге икемдеп,шығармашылық жолмен қолдануға мүмкіндік береді. Case study интерактивті әдістер қатарына кіре оты­ рып, білімгерлер жағынан жағымды көзқарасқа ие болып үлгерді. Case study әдісі арқылы білімгерлер шет тілінде пікірталас, диспут, дау, салыстыру, өз ойын айту сияқты қабілеттерді дамытады. Мақа­ лада аталмыш әдістің жағымды жақтарымен қоса, кемшіліктері мен оларды жеңуге бағытталған шаралар да айқындалады.
2015

Cтуденттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруда оқу­әдістемелік, инновациялық жаңа ізденістер қанат жайып келеді. Әсіресе, электикалық курстарды немесе міндетті пәндерден жалпы курстарды оқытуда оларды бірнеше модульге топтастырып беру үрдіске айналып келеді. Бір дәуірге жататын әдеби туындылар­ ды осылай бөлшектеудің барлығын ғылыми жаңалық ретінде қабыл­ дауға болар ма еді? Ойлануға тура келеді. Өйткені бізге жеткен әде­ би­тарихи деректер арасында ғылыми мәні жоғары ескерткіштер мен шығармалар соншама көп деп айта алмаймыз... Сондықтанда қолда­ ғының бәрін біржақты қабылдау қаншалықты қиын болса, көбіне осы бағытта жүріп келе жатқанымыз жасырын емес. Ғылым мен техника дамуының жаңа қарқын алған күрделі кезе­ ңінде мән­ мағынасы шарттылау, күмәнділау ізденіс атаулының бәрін жаңалық ретінде желпілдетіп қоғамдық санаға ұсына беру дегенің, біздің ойымызша, дұрыс жол емес. Әсіресе, дәл осындай әлі мұқият тексерілмеген жұмыстарды студенттерге өздік жұмыс тақырыптары ретінде ұсынудың қажеті шамалы. Өйткені, біріншіден, олардың уа­ қыттарын аламыз. Өйткені ондай жұмыстар туралы арнайы зерттеу­ лер мүлде аз. Оларды табудың өзі оңай емес. Екіншіден, жәй хабар­ лау, таныстыру мақсатында жазылған материалдарда сол объектіге қатысты ғылыми мәнді ойлар көп болмасы да анық.
2015

Мақалада сөйлем құрылымын сипаттаудың негізгі бірлігі ретін­ де сөйлем моделі ұғымы қарастырылады. Сөйлемнің синтаксистік қызметіне оның синтаксистік формасы сәйкес келе бермейтіні, ол үшін сөйлеу кезінде синтаксемалардың категориалдық­семантика­ лық мағыналарын бейнелейтін сөйлемнің құрылымдық­ мағыналық компоненттерін негізге алу қажеттігі сөз болады.Басқаша айтқанда, сөйлем моделін анықтауда оның компоненттерінің мағыналық­грам­ матикалық сипаттамасы басшылыққа алынатыны мысалдар арқылы дәйектеледі. Мақалада осы сала мамандарының пікірлерін басшы­ лыққа ала отырып, сөйлем моделі ұғымының анықтамасы беріледі және оның негізгі ерекшеліктері ашылады. Сөйлем моделі тілдегі барлық сөйлем түрлерін топтастырудың тұлға­бірлігі ретінде алынады. Модель құрамында оның ішкі құрылы­ мында барлық модельдерді біріктіретін жалпыграмматикалық пре­ дикативтік мағынасы емес, ал басты компоненттерінің формасы мен мағынасындағы айырмашылықтар мәнді. Осы негізде қазақ тіліндегі сөйлем моделдерінің негізгі типтері ұсынылады.
2015

Мақалада лебіздің мағыналық­қызметтік ерекшелігі әлдеқайда бай болғанымен, мағыналық құрылымы мен функционалдық ерек­ шелігі туралы ғылыми зерттеудің аздығы айтылады. Лебізде қолда­ нысқа түсіп сөз мағыналық жағынан дамиды, мәні тереңдейді, бұрын таңбаланбаған жаңа ұғымдарға атау береді, сөйтіп тіл де дамиды, байи түседі. Мақалада Абайдың «Жүректе қайрат болмаса» атты өле­ ңі фукционалдық­семантикалық аспектіден талданады. Жүрек пен қайрат ұғымдарын қатар қою арқылы олардың бағасын таразылап, бағалап, танытып, пәлсапалық ой түйіп қана қоймайды, қазақи шын­ дықтың қатып қалған қабаттарын ашып үңілтеді, жүрегіндегі шерін ақтарады. Шындықтың бетіне тура қарайды, өйткені шындықтың ар­ тында елдің болашағы, келешектің үміті мен үлесі жатыр. Данышпан Абай жүрек пен қайрат сөзін байланыстырып, жүректе қайрат болу­ ын қажеттілікке балайды. Өлеңнің мазмұнына талдау жасай отырып, сөздің мәні ашылады, тұлғалық сипаты анықталып, кейбірінің шығу тарихы ғылыми­семантикалық тұрғыдан талданады. Түркі тілдерін­ дегі сөздердің жалғамалылық табиғатына сай, түбірі өзгеріске аз ұшырағандықтан, түркі түбірлері өзінің қалпы мен мағыналық құры­ лымын өзге тілдермен салыстырғанда анағұрлым жақсы және анық сақтаған деген ғылыми тұжырым жасалады. Мақалада Абай өле­ ңіндегі негізгі концептер Шаһкәрім Құдайбердіұлы поэзиясындағы ұғымдармен салыстырылады.
2015

Бұл мақалада қазіргі қазақ тілінде сөйлем талдауды бірізділікке түсіру жолдары қарастырылады. Сөйлем мүшелерін тануда мектеп оқулықтары мен ғылыми еңбектер арасында алшақтықтар болғаны көрсетіледі. Мектеп оқулықтарында тұрлаусыз мүшені тануда сөздің мағынасына көңіл аударылып, сын есім – анықтауыш, зат есім – бас­ тауыш не толықтауыш, үстеу – пысықтауыш қызметінде жұмсалады деген пікір басым болды. Ал ғылыми еңбектерде сөйлемнің тұрлау­ сыз мүшелерін сөз тіркесі ілімімен байланыста: қабыса байланысқан сөз тіркесі анықтауыштық қатынасты, меңгеріле байланысқан сөз тіркесі толықтауыштық қатынасты, жанаса байланысқан сөз тіркесі пысықтауыштық қатынасты құрайды деп қарастырады. Синтаксистік теорияның дамуы сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін тануда жан­жақты ұстанымды қажет ететіндігін ескере келе, қазіргі қазақ тілінде қолданыстағы әр түрлі сөйлемдер талданады. Сөйтіп, сөйлемді дұрыс талдау үшін сөйлем құрылымын, семантикасын, ком­ муникативтік мақсатын негізге алу керек деген тұжырым жасалады.
2015

Бұл мақалада XV – ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясына шо­ лу жасала отырып, атақты Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауындағы сөздердің функциональдық жұмсалымы тал­ қыланады. Мақалада жыраулар поэзиясының тілдік ерекшелігі фи­ лософиялық терең ой мен дидактикалық мазмұнға, сан алуан эксп­ рессия мен эмоцияға, өсиет­нақыл сөздер мен афоризмдерге, соны тіркестер мен синтаксистік параллелизмдерге, дыбыс үндесулері мен ішкі ұйқастарға, ырғақтық топ пен лингвопоэтикалық интонацияға толы екендігі көрсетіледі. Қазтуған жырау толғауындағы алаң жұрт тіркесінің функциональдық қолданысы мен контекстік мағынасы­ ның тұжырымы сло жайлы, көгорай, шалғынды жер мәнінде екені семантикалық тұрғыдан дәйктеледі. Толғау мәтініндегі жұрт тірек сөзінің семантикасы, этимологиясы мен тіркесімділік табиғаты ке­ шенді лингвистикалық ғылыми талдауға түседі. Толғау мәтініндегі жуған жұрт, туған жұрт, кескен жұрт, қонған жұрт, түскен жұрт сөз тіркестеріндегі етістіктің есімше – ған тұлғасы затқа құбылысқа тән сапалық белгіні қимыл, процесс мағынасын білдірумен қатар анық­ тауыштық қатынастағы іс­әрекеттің өткен шақ мағынасын да білдіріп тұрғаны да нақты мысалдар негізінде талдауға түседі.
2015

Ғылыми мақалада жалпы тіл біліміндегі прецедентті мәтін, пре­ цедентті феномен, прецедентті есім мәселелеріне қатысты ұғымдар қарастырылып, ғылыми еңбектерде қарастырылуы сараланады. Бұл ұғымның ғылыми қолданысқа енгізілу уәжі мен ғалымдардың анықта­ малары зерделеніп, өз тарапымыздан осы ұғымды қамтитын термин­ нің анықтамасы мен айналымға енгізілу негіздемесі беріледі. Ресей тіл білімінде прецеденттік ұғымын кешенді әрі жан­жақты зерттеліп, коннотативті немесе интенсионалды қолданыстағы прецедентті есім­ дерді зерделеген. Қазақ тіл білімінде прецеденттік тілдік бірліктер арнайы кешенді зерттеу нысаны ретінде бірнеше ғана еңбектерде қа­ растырылған. Әр кезеңнің өзіндік мәдени коды әрі символдық мәнге ие бірліктері болады, осыған байланысты құндылық өзгеруіне қарай символдық мәнге ие прецедент те өзгеріп отырады. Оларды тарих қойнауынан шығарып, зерделеп, әр кезеңнің мәдени символын анық­ тау барысында прецеденттік ұғымын да ашуға болады. Мәселен, мә­ дени стереотиптердің өзгеріп, толығып отыруына қарай қазіргі кезде мөлдір махаббат символына Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш Баян сұлу ие, яғни қазіргі кезде қазақ тілінде аталған прецедентті есімдер аталған символдық мағынада жиі қолданылады.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.