Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауындағы тірек сөздердің функционалдық қолданысы

Жыраулар поэзиясы – халқымыздың неше ғасырлық өмір тарихын өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген лингвопоэтикалық асыл мұрамыз.

Жыраулар поэзиясы XV ғасырдағы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап қалыптасып дами бастады. Жыраулар шығармаларының асыл өзегі ақыл-өсиет пен ел мұраты. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары – туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиеттерді насихаттау. Жыраулар поэзиясы – халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтары мен елдің сол дәуірдегі саяси-әлеуметтік тұрмыс тіршілігін, ой-санасы мен ақыл ойын, дүниетанымдық болмысын көркем де бай құнарлы да бейнелі тілмен айшықтайды.

Жыраулар поэзиясының тілдік ерекшелігі философиялық терең ой мен дидактикалық мазмұнға, сан алуан экспрессия мен эмоцияға, өсиет-нақыл сөздер мен афоризмдерге, соны тіркестер мен синтаксистік параллелизмдерге, дыбыс үндесулері мен ішкі ұйқастарға, ырғақтық топ пен лингвопоэтикалық интонацияға толы.

Жыраулар мектебінің осындай көрнекті өкілдерінің бірі –

Қазтуған Сүйінішұлы.

Қазтуған Сүйінішұлы (шамамен 15 ғасырда өмір сүрген) – жырау, жорық жыршысы, қазақ эпосын жасаушылардың бірі. Қазтуған жыраудың артынан өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалған. Бірақ жыр толғауларының көпшілігі сақталмай тек бізге жеткен шығармаларынан қазір гі кезде «Бұдырайған екі шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт»,

«Белгілі биік көк сеңгір» деп аталатын үш толғауы ғана бар. Алайда аталған үш шығарманың өзінен-ақ Қазтуған жыраудың қазақ әдебиет тарихынан берік орын алғанына көз жетіземіз. Жыраудың қиялының ұшқырлығы мен кеңдігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен әсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа толы болғанын айғақтайды.

Алаң да алаң, алаң жұрт, Ақала ордам қонған жұрт, Атамыз біздің бұ Сүйініш Күйеу болып барған жұрт, Анамыз біздің Бозтуған Келіншек болып түскен жұрт,

Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт, Кіндігімді кескен жұрт,

Кір-қоңымды жуған жұрт, Қарағайдан садақ будырып,

Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, Жанға сақтау болған жұрт.

Салп-салпыншақ анау үш өзен, Салуалы менім ордам қонған жер, Жабағалы жас тайлақ

Жардай атан болған жер, Жатып қалып бір тоқты Жайылып мың қой болған жер, Жарлысы мен байы тең, Жабысы мен тайы тең,

Жары менен сайы тең, Ботташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай, Балығы тайдай тулаған, Бақасы қойдай шулаған,

Шырмауығы шөккен түйе таптырмас, Балығы көлге жылқы жаптырмас, Бақасы мен шаяны

Кежідегі адамға

Түн ұйқысын таптырмас, Қайран менің Еділім,

Мен салмадым, сен салдың, Қайырлы болсын сіздерге

Менен қалған мынау Еділ жұрт!..

Толғау мәтініне лингвистикалық талдау тұрғысынан келсек, Қазтуған жыраудың бұл толғауындағы көпвекторлы қолданысқа ие сөздер мен тіркесімдер қатарына жұрт, алаң жұрт тілдік бірліктерін жатқызуға болады. Поэтикалық мәтінінде жұрт, жер тірек сөздерінің семантикалық болмысы автор идеясының тұжырымы мен қорытындысын айқындап тұр.

Сөз мағынасының тіркесімділігі тұрғысынан алғанда алаң жұрт тіркесінде алаң сөзі өзінің тура етістік мағынасындағы «беймазалану, әбігерлену, алаңдау» мәніндегі функциональдық қолданыста емес, керісінше ұжымның сол дәуірдегі тілдік санасындағы контекстік тіркесімділікке сәйкес «қолайлы, жайлы, берекелі» мағынасында жұмсалып тұр.

Яғни Қазтуған жырау қолданған алаң жұрт тіркесінің функциональдық қолданысы мен контекстік мағынасы бұл өлең мәтінінде Еділ мен Жайықтың арғы түпқазығы түркі жұрты үшін, ал бүгіндегі мұрагері қазақ халқы үшін құтты қоныс, қимас Атамекен екенін философиялық терең ой мен поэтикалық сөз образы арқылы шебер қиюластырып атамекен, туған жер, қоныс-

қа жайлы, көгорай, шалғынды жер мағынасында қолданған.

Жұрт сөзінің толғау мәтініндгі тармақ соңындағы қайталануы сөз образға ой екпінін түсіріп, ұйқас құрауға ұйтқы болып, антитезалық параллель мағынасында білдіріп тұр.

Осы мәтіндегі тірек сөз ретінде жұмсалған жұрт сөзінің тілдік табиғатын академик Р.Сыздық былайша топшалайды: «Жұрт. Аса Жұрт. Астана жұрт. Ауыр жұрт. Байтақ жұрт. Ескі өлең-жырларда жұрт сөзінің осындай қолданыстары жиі кездеседі. Бұларда жұрт – терминдік қызметте, яғни «ел, белгілі бір этникалық құрам және оның көшіп қонып жүретін мекені, белгілі атымен аталатын халық». Демек, жұрт осы күнгі халық сөзінің синонимі [1, 48].

Сонымен қатар жұрт атауы сөздік қорымызда мағынасын айқындай түсуде ел сөзімен қосарланып келіп ел-жұрт түрінде де кездеседі.

Қазтуған жыраумен қатар жалпы жыраулар поэзиясында алаң жұрт тіркесімен қатар аса жұрт көнерген тіркесі де жиі ұшырасады. Сол заманда аса жұрт тіркесінің семантикасы «туысқан адамдар қауымы», «өз жұрты» мағынасын білдірсе керек. Өйткені көне және орта түркі жазба жәдігерліктерінде аша (қазақша аса) сөзі «туысқан» деген мағынаны білдірген. Оның айқын дәлелі ретінде аша атауын түркітанушы ғалым К.К.Юдахин қырғыз тілінің солтүстік диалектісінде «туысқан адам, отбасы мүшесі» дегенді білдіретін араб тілінен келген сөз деп көрсетеді [2, 74].

Аса жұрт тіркесін қазақтың жауынгер ақыны Махамбетте те осы семантикалық қолданыста жұмсаса керек. Мәселен,

Аламанға жол бердік,

Аса жұртты меңгердік.

поэзиясында жұрт сөзінің алаң жұрт, аса жұрт қолданысымен қатар астана жұрт көнерген тіркесі аз да болса ұшырасады.

Бұл көнерген сөздің этимологиясын академик Р.Сыздық Л.Будаговтың, В.Радловтың пікірлеріне сүйене отырып, астана жұрт дегеннің мағынасы парсы тіліндегі астан /астана сөзінің

«табалдырық,есік» деген мағынасынан «әміршінің сарайы» деп ауысқан алғашқы семантикасы деривацияланып, «сарайға (хан ордасына) қараған жұрт», яғни белгілі бір әміршінің (ханның, сұлтанның, патшаның, бектің) қол астындағы («табалдырығындағы» ) ел, жұрт дегенді білдірсе керек. ХІХ ғасырдағы кейбір екі тілдік сөздіктерде қазақ тіліндегі астана жұрт деген тіркесті «көп, сансыз көп халық» деп түсіндіруі жаңсақтық деген тұжырым жасайды [1, 48].

Қалай дегенмен де бүгінгі тілдік қолданыстан пассив қабатқа өткен астана жұрт тіркесіндегі астана атауы жеке тұрып оңтүстік және батыс аймақтарындағы жергілікті тіл ерекшеліктерінде түрлі семантикалық мәнге ие екен белгілі. Мыс

  1. Астана (Жамб; Жам.Св) есік табалдырығы.
  2. Астана (Гур.Маңғ., Түркім.: Ашх) халық, ел, жиын [3, 74].

Сонымен қатар астана атауының бүгінгі тілдік қолданысы жұрт сөзімен тіркеске түспей жеке тұрып Қазақстан Республикасының «бас қаласы, мемлекет орталығы, елорда» мағынасында белсенді қолдансқа ие екені белгілі.

Атақты Қазтуған жыраудың бұл жыр жолдарында өлең мәтінінің негізгі ұйтқысы болып қолданылған жұрт, жер сөздері есімше тұлғалы туған, қонған, кескен, жуған сияқты етістік сөздерімен тіркеске түсіп суретті баяндау, ұйқас құрауға бейімділік, терең психологиялық күй, динамикалық екпін сияқты семантикалық қолданыстарды жан-жақты ашып тұр.

Яғни, есімдер сияқты етістіктер де көркем сөз тілінде, әсіресе өлең мәтінінде поэтикалықстильдік қызметке ие. Жалпы «Етістік тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория. Етістіктің күрделігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика-семантикалық сипатымен, бай лексикаграмматикалық формаларымен, көсіліңкі синтаксистік қызметімен тығыз байланысты», – [4, 122] деп тұжырымдалуы шынында да Қазтуған жыраудың бұл поэтикалық мәтінде тірек сөзбен тіркесімділік қабілетінің кең ауқымдығы, іс-қимыл мағынасының әр тараптылығы, қуатты эмоционалдық фон тудыруы, ырғақ пен ұйқас құрау ерекшеліктерінің өзіндік көріністерін айқындап тұрған іспетті.

Мәселен, өлең мәтініндегі жуған жұрт, туған жұрт, кескен жұрт, қонған жұрт, түскен жұрт сөз тіркестеріндегі етістіктің есімше – ған тұлғасы затқа құбылысқа тән сапалық белгіні қимыл, процесс мағынасында дәйектеп, анықтауыштық қатынаста іс-әрекеттің өткен шақ мағынасын да болғанын меңзеп тұр. Сонымен қатар, өлең мәтініндегі – ған тұлғасының лексика-грамматикалық мағынасы автор тарапынан өткен жақсы, берекелі, жайлы күндердің сағынышы мағынасында қолданысқа ие болған.

Ал толғау мәтініндегі Балығы тайдай тулаған, Бақасы қойдай шулаған деген өлең жолдарында етістіктің есімше тұлғалы – ған формасы

балық пен тайдың тулауын, бақа мен қойдың шулауын салыстыра сипаттаған теңеу жасаудың өнімді тәсілі -тай -тей, -дай –дей форманттарымен мәтін ішілік функциональдық қызметке түсіп толғау мәтінінің философиялық терең тұжырымы мен көркемдік табиғатын аша түскен.

Тұжырымдай айтқанда көркем мәтіндегі – ған, – ген есімше тұлғасы жұрт, жер тірек сөздерімен семантикалық тіркесімділікке түскенде сапалық қимылдық мәні затқа құбылысқа тән сапаны қимыл, процесс ретінде береді. Есімше тұлғалы етістік сөз табы ретінде қимыл, процесстік мағынасын да айқындап, өткен шақтық мағынасын да сақтап, анықтауыштық процесс мағынасын да көрсетеді.

Қазтуған жыраудың бұл толғауында бүгінгі тілдік қолданысымызда пассив лексемалар қатарына енген мал шаруашылығы, қару-жарақ, әкімшілік атаулар мен түрлі сапалық қасиеттерді таңбалайтын жабағы, жабы, атан, тайлақ, ақала орда, ботташық, қылшан, кежі, салуалы, кір-қоң, сияқты көнерген сөздер кездеседі.

Көнерген сөздердің қолданысы туралы Ғ.Мұсабаев: «Сөз историзмге айналу үшін өткен тарихи кезеңдерде қолданылғаны шарт емес, соңғы кезде тілдегі қолданылудан шығуы шарт. Мұндай жағдайда бұл заттардың атаулары қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамынан шығып қалады да, көне заманда жазылған әдебиеттерде ғана сақталуы мүмкін», – дейді [5, 318].

Осыған орай Қазтуған жырау толғауындағы қылшан сөзі бүгінгі тілдік қолданыстан мүлдем шығып қалған осындай көнерген сөздердің бірі. Бұл сөзді 1910 жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Шайыр» кітабында «оқ сауыт» мағынасында түсіндіреді. Логикалық тұрғыдан толғау мәтініндегі қылшан сөзінің тіркесім құрамындағы (контекстік) мағынасын да осы тұрғыдан алуымызға болады. Тіл тарихы тұрғысынан алғанда қылшан лексемасы жыраулар поэзиясында жиі кездесетін осы мағынадағы қорамсақ атауынан да бұрынғы орта түркілік кезеңде ұшырасатын түркілік ортақ атау болуы әбден мүмкін.

Қазтуған жырау толғауында кездесетін кейбір көнерген сөздердің семантикалық түсініктемесі ҚТС-нде төмендегіше берілген.

Жабағы

Қой мен түйенің көктемде қырқып алған ұйысқан қысқы жүні.

Тайдан кіші, бес-алты айлық ересек құлын. Қой жүнінің астына шүберек мата салып, сырып тіккен жабдық.

Тоқымның іштігі. [6, 187] Жабы

Қазақ жылқысының нашар, қарабайыр тұқымы. Өмірі мінілмей жүрген, қашаған асау түйе Жабыраңқы, уайымды, мұңды [6, 187].

Ботташық

Шатырша гүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік [6, 106].

Тұжырымдай айтқанда, ұлттық бояуы қою, өршіл романтикаға сусындаған, афористік толғаныс пен көркемдік тіркестерге аса бай Қазтуған жырау шығармашылығы әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болғаны ақиқат.

 

Әдебиеттер

  1. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. – Алматы: Арыс, 2004. – 148 б.
  2. Юдахин К.К. Киргизско-русский словарь. – М.: Наука, 1965. – С. 74.
  3. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. – Алматы: Арыс, 2005. – 74 б.
  4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1964. – 122 б.
  5. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Абзал-ай, 2014. – 318 б.
  6. Қазақ тілінің сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 1999. – 187 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.