Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Жүректе қайрат болмаса» өлеңіндегі Абай даналығы және дала шындығы

Тіл – адам баласының жалпы болмысын, ішкі табиғатын танытушы. Адам сөйлейді, сөзбен өз ойын айтады, ішкі ойын танытады. Сөз арқылы таңбаланатын лебіз шындық болмысты бейнелейді, сөзбен адам өз ойын жүйелейді, негіздейді, уәжін түсіндіреді. Кей кезде өзімен-өзі сөйлесу, өзінен-өзі күбірлеу т.б. жағдайлардың болуы – ойды жүйелеу, негіздеу қажеттілігінен туындайтын түпсаналық деңгейдегі әрекеттердің көрінісі.

Тілді адам баласының қызметінің нәтижесі ретінде тану, тілдің пайда болуы туралы діни ұстанымдармен сәйкес келмейді. Тіл қалай пайда болды, алғашқы Сөз қандай еді, тілдің дамуы қандай деген сауалдар қазірде өзекті деп айта алмаймыз. Қазіргі прагматикасы бірінші орынға шыққан, «бүгін және қазір» деген ұстаныммен өмір сүріп жатқан ХХІ ғасыр ғылымы үшін, классикалық ілімнен гөрі, тіл экологиясы туралы мәселе кеңірек қозғалуы да ықтимал. Әрине, қазіргі тіл білімі теориясы кеңінен дамыды, әралуан аспектіден жан-жақты зерттеу үрдісі пайда болды. Қазақ тілінің құрылымы мен құрылысы жан-жақты айқындалды. Қалыптасқан дәстүрлі тіл білімімен қатар жаңа когнитивтік, лингвомәдени, коммуникативтік-функционалдық бағыт дамытылуда. Ендігі ғылыми ізденістер атаудың болмысындағы таным мен атаудың мәтіндегі әр алуан қызметін саралаумен, зерделеумен байланысты.

Лебіздің мүмкіндігі мол, мағыналық-қызметтік ерекшелігі әлдеқайда бай болғанымен, ондағы сөздің мағыналық құрылымы мен қызметтік (функционалдық) ерекшелігі туралы ғылыми әңгіме аздау. Тіл тек лебізде ғана өзінің барлық көркімен әрлене көрінеді, сөздің парқы ақ парақта немесе ауызекі сөйлеуде нақтыланып, лебіз құрамында ажарланып, негізгі мағыналық сипатына сай ерекше контекстік мән иеленіп, ажарлана, ашыла түседі. Тек лебізде тіл өзінің басты қасиетін танытып, күшіне енеді, өз болмысын білдіріп, қоғамдық мәнге ие болады. Тіл лебізде ашылады, нұрланады, киесі кіреді, сезімнің жаршысына, жақсылықтың хабаршысына айналады. Лебізде қолданыста жүрген тіл нұрлана түседі, жасымайды – жасарады; солмайды – толады, қамалмайды – бояуы қанығады, дамиды, жанға жылу дарытады. Лебізде қолданысқа түсіп Сөз мағыналық жағынан дамиды, мәні тереңдейді, бұрын таңбаланбаған жаңа ұғымдарға атау береді, сөйтіп тіл де дамиды, байи түседі.

Лебіз бен тілді қарама-қарсы қоюға болмайды, олар: бірі – құралы, бірі – қызметі болып, Патша СӨЗДІҢ мағыналық құрылымын жаңартуға, жасартуға, байытуға, дамытуға, сақтауға қызмет етеді.

Қазақ сөзінің патшасы – Өлең! Қызыл сөзге дес бермеген қазақ баласының басты қаруы да осы – Өлең!

Өлең – сөздің Патшасы, сөз сарасы. Қиыннан қиыстырар ер данасы, –

деген ұлы Абай данышпанның сөзіне мән беру парыз. Кез келген адам сөзді қиыстырып айта алмайды, ердің данасы ғана сөзді саралайды, қиыннан қиыстырады, «аталы сөз» айтады. Бұны әрбір тілші ғалым ережедей ұстанса болады. Қазақ поэзиясында сөз өзінің нәрлі өңінде, сөлінде, шырайында, нақышында, мәнерінде, иірімінде ақтарыла ағылады. Біз мұнда Абай айтқан Өлеңді, сол Өлеңді өміріне балағандарды меңзейміз. Тілдің байыған, дамыған, жетілген, нұрланған тұсын көреміз.

Жүректе қайрат болмаса Ұйықтаған ойды кім түртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелтпек. Аспаса ақыл қайраттан, Тереңге бармас, үстірттер.

Қартыңның ойы шар тартқан, Әдеті жеңіп күңгірттер.

Тән сүйгенін бермесе, Жан шыдамас жаны ашып, Бере берсең бер десе,

Үміт етер таласып.

Малда да бар жан мен тән, Ақыл, сезім болмаса.

Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса? Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын? Халқым надан болған соң, Қайда барып оңайын?! [1]

Қазақ өлеңінің өлшемі мен ырғағы. Өлең мәні – тереңде. Бірден түсіне алмауың мүмкін! Уақыт тауып бірнеше рет қайталап оқу керек. Өлеңнің жалпы мазмұны көзі ашық, көкірегі ояу қазақ баласына түсінікті. Сөздерді жеке алып қарағанда түсініксіз болып тұрғаны немесе таныс емесі жоқ, өз ана тілін білетін, ел дәстүрінен хабардар кісіге анық. Ал сөздердің бір-бірімен байланысып, лебіздегі берген мағынасы мен оның ішкі мәнін түсіну үшін ақыл-парасат айдынына шомылған жөн болады. Терең ойға құрылған өлең жолдарының әрбірінде сом ой, шоң ақыл, мол пайым-парасат жатыр.

Жүректе қайрат болмаса Ұйықтаған ойды кім түртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелтпек.

«Ұйықтаған ой». Ой ұйықтаса адамның өзге жаратылыстан айырмасы бар ма? Демек, ой ұйықтамау үшін жүректе қайрат болуы қажет екен де, қайратты басқаратын ақылға сәуле қонуы шарт екен! Ол қандай сәуле?

Данышпан Абай жүрек пен қайрат сөзін байланыстырып, жүректе қайрат болуын қажеттілікке балайды. Қайрат – күш, жігер. Қазақта «ержүрек» деген сөз бар. Ерлік, батырлық жүректе деп тұр ғой. «Ерлік –білекте емес, жүректе» деп тағы да әпсаналайды дана халық. Жүрек пен қайрат қосылып біріксе, ұлы күшке айналады, жігері шыңдалады. Жүрек – сезім. Кейде бұларды синоним деп қабылдаса да болмаққа керек. Өзін « ...адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» – деп бағалайтын (Абай бағалататын) жүректе «дүниеде ешнәрсе онсыз кәмелетке жетпейтін», білімді ерінбей-жалықпай үйрену үшін керек, «Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табу ға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын» (Абай) қайрат болғанда ғана ой-сана ұйықтамайды. Бұл мінезді жасайды. «Ермінез» сөзінің уәжі осы ұғыммен сабақтас. Жүрек-сезім қайратты болып ойды қозғайды, кісі ойланады. Ойланбаған жанның несі кісі?!

«Ақылға сәуле қонбаса» дегенді талдап көрелік. «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен» дейтін ақылға сәуле қону керек деп ойды толықтыра түседі данышпан Абай.

Сәуле – жарық, сәуле – нұр.

Мағынасы – кең, семантикасы – терең. Жарық – тәрбие, көргендік, оқу, білім, тағылым, күн, дін – бәрі осы бір семантикалық өрісте жатады да, бірін-бірі толықтырады, бүтіндейді, әдіптейді, сөйтіп ортақ салтанатты Сәулеге қызмет етеді.

Ия, адамды Алла тағала бірдей етіп жаратты, бірдей етіп сана берді. Ал Санаға саңлау түсіретін сәуле! Ол сәулені қондыратын адамның өзі. Тәрбиені алу-беру, көру, көргенді түю, оқу, білім алу, оқып білгеннен, көрген-естігеннен тағылым алу, дінді тану, табу, Алланы сүю – адам баласының өзінің істейтін қызметі, таным жолы. Ал Сәуле – нұрдың жолы өзгешелеу! Нұр (араб.: ءوض‎ – жарық сәуле) – 1) күн сәулесі; 2) Құдай ақиқаты мен ілімінің, шапағаты мен сипатының көрінісі деген мағыналарда жұмсалады. Құран Кәрімнің «Нұр» сүресіндегі «Алла көктер мен жердің нұры…» – деген аятта Нұр Алланың шексіз мейір-шапағаты ретінде жұмсалады. Адамның жан дүниесінің, өмір сүру кеңістігінің, мекені мен мезгілінің нұрлануының басты шарты осы Нұрдың бастау көзі Алланы барынша дәріптеп, көркем есімдерін еске алу делінген. Нұр-сәуле ұғымы Шаһкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерінде кеңінен қолданылған. «Жазған хаттың сырымен, Жарқыраған нұрымен, Тазарып жүрек кірінен, Қайғыдан басым болды азат»,

«Нұрға байсың нұрыңнан зекет парыз, Мен кедеймін нұр сұрап қылдым арыз», «Мен жомартпын жар нұрына», «Нұрыңнан жарық жүрегім, Ғайыптан хабар білемін», т.б. көптеген өлең жолдарында жүректі тазартып, нұрландыратын Алла тағаланың мейірім шапағаты ретінде қабылданады, қолданылады.

Ақыл біліммен толығып, танымы кеңімесе, хайуанша жүріп те күнделікті күйбең тіршілікті пенденің текке өткізіп алуы бек мүмкін. Ақыл қайраттан асып, озық тұруы жөн, болмаса терең танымға бойлау мүмкін емес екен. Абай биігі осылай дейді:

Аспаса ақыл қайраттан, Тереңге бармас, үстірттер.

Қартыңның ойы шар тартқан, Әдеті жеңіп күңгірттер.

Бойдағы күш, жігер, қайрат ақылға бой ұрса мақұл. Қазақ дүниетанымындағы «60-қа келгеннен ақыл сұрама» деген әфсанаға Абай да қосылады, «ой шар тартқанда», бұрынғы әдет, өткен салттан ары аса алмайтыны, жаңа ойға, жаңа жолға, жаңа идеяға жол беруі қажеттілік болар деп пайымдадық. «Елу жылда ел жаңа» болса, елу жылдан соң жаңа пайым, жаңа түсінік, жаңа дерекке, ерекше ерен көзқарас та қалыптасуы қажеттілік болар.

Малда да бар жан мен тән, Ақыл, сезім болмаса.

Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса?

Адамның ішкі сезімі мен ақылы оны өзге болмыстағы жаратылыстан ерекшелейді, демек, Алла берген сезім мен ақылды сәуле-жарық-біліммен толықтырып, тереңдемесең, адамдықтың несі сән? Кісілік қайда?

Абай данышпан ақылға сәуле қондырып, білім мен ғылымға бет бұруды үндейді, соған шақырады:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек. Жеке-жеке біреуі жарытпайды,

Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек... Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек», – деген өлең жолдары жоғарыда келтірілген Қара сөздегі оймен үндес, қарайлас шығып жатады.

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын? Халқым надан болған соң, Қайда барып оңайын?!

«Адам» мен «надан» ұғымын оппозиция қалпында танытып, білімнің маңызын тағы да асқақтата түседі. «Надан» сөзінің мағынасын «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» былай деп ажыратқан: 1. «Топас, пайымсыз». Ол (халық) қараңғы; надан – оны билеген күш қуат, қара албасты, қара түнек күштері. Бұны ойласа Абай бір сәт шұғыл қатал бір ойға ауысады (М. Әуезов, таңд. шығ.). Жоқ, бұл сөз жалғыз ишанның ғана сөзі емес, осы отырғандардың бәрінің сөзі. Тоғышар, надан, топтың сөзі (І. Есенберлин. Қатерлі.). 2.

«Топас». Хат танымайтын қараңғы, білімсіз. Нұрымның залымдығы мен атағы болмаса, әліпті таяқ деп білмейтін, надан, пішіні де жаман, толған боқауыз бен былш-былш насыбай (С. Торайғыров, таң. шығ.). Қас надан. Нағыз топас. Ғылымды білме, өтірікке сене бер... Көрсоқыр, қас надан болып қала бер, деп тұрған жоқ па? (М. Дүйсенов, Мейман.) [2].

Араб тілінен енген «надан» сөзінде біздіңше, екі тілдік тұлға бар: «на» – «жоқ» мағынасындағы префикс (нәмәрт, нақұрыс т.б. сияқты); қызметі – «а», «бей» префикстерімен бірдей; «дан», «дана» – әдепкіде «дана» мағынасын таңбалаған. Яғни, әуелгі мағынасы «даналық жоқ, даналықтан ада» болуы мүмкін. Сөз соңындағы «а» дыбысы екпін түспегендіктен, элизияға ұшырап, кейін мүлде түсіп қалған. Демек, Абай қолданысындағы «надан» – ақылына сәуле түсірмеген, оқымаған, хайуанша жүріп күнелтетіндер. Оқыған адам мен оқымаған наданның арасы тым бөлек, ерекше алыс. «Адам» – ақылына сәуле түсірген, көргенді, оқыған, білім қуған, ғылым алған, Алланы сүюге ұмтылғандар болса, надан

– осыған қарама-қарсы ақылына сәуле түсірмеген, ештеңе көрмеген, көрсе де көкірегіне түйе алмаған, оқымаған, білім алмаған, ғылым қумаған, Алланы сүюге ұмтылмағандар.

Қазақ дүниетанымында «көрмеген», «ештеңе көрмеген», «көргенсіз» дейтін атаулар «көру» ұғымымен байланысты. Дала дүниетанымы «Көре-көре көсем боласың. Сөйлей-сөйлей шешен боласың» деп тәмсілдейді. Өзіне дейінгіні танып, көріп, сол көргенін істеген, жақсылықты таныған да кісіліктің келбетін танытады. Оқу мен білімге ерекше ден қойып, мән беріп, терең бағалаған Абай надандықтан бойын аулақ салғанымен, ен халықтың надандығын көріп, үлкен қиналысқа, толғанысқа түседі:

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын? Халқым надан болған соң, Қайда барып оңайын?!

Бірінші, екінші жолдағы ойға екінші және үшінші жолдағы ой қарама-қарсы тұр. Сол арқылы Абай биігі мен дала шындығы көз алдыңызға қайта оралады. Абай даналығы мен сол замандағы қазақы орта, білім мен ғылымнан қалыңқы кешегі қазақы қалып. «Ауруын жасырған өледі», ал Абай данышпан елді, халықты өлтірмейтін, ауруын айтып, дертін танып, оның жазылар жолы мен амалын нақ басып, дәл тауып, халықтың, ұлттың нағыз дәруішіне, дәрігеріне айналады. Абай айтқан емді халық болып, ел болып қабылдады, айыға алды, айығып жатыр. Замана желі айықтырды, қалай қиналса да, сол жолда жан беріп, жан алып, қан төгіп, аштан өліп, соғыста атылып, асылса да, әйтеуір түбі қайырлы болды, білім мен ғылымға жетті, ақылға сәуле құйылды. Өлеңнің мазмұнына талдау жасай отырып, сөздің мәнін ашуға ұмтыламыз, тұлғалық сипатын анықтап, кейбірінің шығу тарихына да үңілуге мүмкіндік болады. Түркі тілдерінің табиғаты ерекше ғой! Кез келген сөздің мағынасы анық та, этимологиясы мен мұндалап ар жағынан қол бұлғағандай болады. Жалғамалылық табиғатына сай, түбірі өзгеріске аз ұшырағандықтан, түркі түбірлері өзінің қалпы мен мағыналық құрылымын өзге тілдермен салыстырғанда анағұрлым жақсы және анық сақтаған. Сондықтан да болар, мұра тілде сақталған мұрағат бар. Тек ашудың тәсілі мен амалын таба білуге білім мен білік қажет. Сөз тарихы Сізді мыңдаған жылдар тарихына үнсіз жетелейді, сөз болмысын тану ұлт болмысын танудың тылсымына әкеледі. Тек жетекке еруге білім мен төзім болса жеткілікті. Тілде адамның ішкі сезім дүниесі, іңкәрлігі, жалпы болмысы жатыр. Ал оның ар жағында халықтық дүниетаным жатады. Сонда бір өлең арқылы алдымен сөзбен, сөз тіркестерімен берілетін ой желісімен танысамыз, Сөз мағынасы арқылы оның тарихын барлаймыз, Сөз арқылы ақынның немесе жеке адамның тұлғасын, ішкі жан дүниесі мен болмысын, жүрек сезімінің куәсі боламыз да, осының негізінде ақынның артында тұрған ұлттың, елдің, халықтың бейнесін көріп, дүниетанымымен табысамыз. Сөз құдіретіне бас иген, бір ауыз сөзбен ердің құнын шешкен бабалар неткен көреген еді, десеңші!

Тіл тек дыбыстардың жиынтығы немесе адам қызметінің көрінісі ғана емес. Тіл сөйлейді, сөзбен сыр айтады, тарихты шежірелейді, сезімді паш етеді, ел мен ел, ер мен ер арасындағы жанған дұшпандық отты сөндіреді, жаныңа шуақ төгеді, көзіңнен жас мөлдіретеді, жүрегіңді «жуады» (Шаһкәрім), нұрландырады.

Ал данышпандардың жүрегін жарып шыққан поэзиядағы сөздің құдіреті тіпті ерен. Жаңағы Абай өлеңі «Жүректе қайрат болмаса» деп аталады. Жүрек пен қайрат ұғымдарын қатар қою арқылы олардың бағасын таразылап, бағалап, танытып, пәлсапалық ой түйіп қана қоймайды ақын. Қазақи шындықтың қатып қалған қабаттарын ашып үңілтеді, жүрегіндегі шерін ақтарады. Шындықтың бетіне тура қарайды. Қорықпайды. Өйткені ол шындықтың артында елдің болашағы, келешектің үміті мен үлесі жатыр. Өлең астарында ұйықтаған ойды түрту бар. Ойы ұйықтап жатқан кім еді? Неліктен ұйықтап жатыр ол ой? деген сұрақтар қаумалай алға шығады. Ұйқының басуы білімнің жоқтығынан, сол – надандыққа итеретін. Ұйқыдағы ойды түртетін қайрат пен ақыл, ал ақылға сәуле түсуі қажет.

 

Әдебиеттер

  1. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы: Өлеңдер мен аудармалар. – Т. 1. – Алматы: Жазушы, 1995. – 335 б.
  2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Т. 7. – Алматы: Ғылым, 1983. – 306 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.