Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қолданыстағы ағылшын тілінің (English-in-Use) Кембридж тест форматтарына енгізілуі

Кембридж тест форматтарының ең алғашқы емтиханы – Кембридж тіл біліктілігі емтиханы (CPE).Бұл емтихан грамматикалық білімді анықтауға бағытталған еді. C. Уэйр CPE тестерінің архивтік көшірмесіне сүйене отырып, CPE емтиханын төмендегіше сипаттайды: «Емтиханның бағыты академиялық ағылшын тілі. Оның алғашқы кездегі моделі дәстүрлі болды, яғни эссе жазу, ағылшын тілі ана тілді болып табылатындарға арналған тілдік оқу бағдарламасы негізіндегі ағылшын әдебиеті, эссе және міндетті фонетика мен грамматика, ағылшын немесе неміс тілдерінен ағылшын тіліне және керісінше аудару. Сонымен қатар, емтиханның ауызша бөлімінде диктант жазу, дауыстап оқу және әңгімелесу енгізілді. Тест ұзақтығы 12 сағатқа созылатын» [ 1, 56].

Бұл тестер колониадағы елдерден Британияға арнайы білім алу үшін оқуға түсуге келетіндерге арналған еді [2, 10]. Демек, алғашқы емтихан екі аспектілі: жазбаша және ауызша қабылданған (қазіргі кездегі тапсырылатын халықаралық емтихандардың өзгертілген нұсқасында сақталып отыр). CPE емтиханы өзінің қалыптасу тарихында құрылымы жағынан және тапсырмалардың берілуі жөнінен өзгеріп отырды.Төменде CPE емтиханының бес форматы берілген.Ескертетін жайт, қазіргі тапсырып жүрген емтихандар осы форматтардың негізінде құрылған. Беріліп отырған форматтар С.Уэйрдің [1, 56] «Жиырмасыншы ғасырдағы CPE емтиханының форматына шолу» мақаласынан алынды.

1-кесте – 1-тест форматы

Жазбаша

  1. Ағылшын тілінен француз немесе неміс тілдеріне аудару
  2. Француз немесе неміс тілдерінен ағылшын тіліне аудару, және ағылшын грамматикасы бойынша сұрақтар.
  3. Ағылшын тілінде эссе жазу
  4. Ағылшын әдебиеті
  5. Ағылшын фонетикасы

2 сағат

2,5 сағат

  1. сағат
  2. сағат

1,5 сағат

0.5 сағат 0,5 сағат

Ауызша

Диктант

Дауыстап оқу және әңгімелесу

«Жиырмасыншы ғасырдағы CPE емтиханының форматына шолу» [1, 19 ].

2-кесте – 2-тест форматы. Шілде, 1938 жылғы емтихан

Жазбаша

Ағылшын әдебиеті

Жалпы экономика және коммерция

Ағылшын тілінен аудару (3 параграфтын екеуін) Ағылшын тіліне аудару (екі параграф) Ағылшын тілінде шығарма жазу

3 сағат

3 сағат

2 сағат

2 сағат

2,5 сағат

Ауызша

Диктант, дауыстап оқу және әңгімелесу

 

«Жиырмасыншы ғасырдағы CPE емтиханының форматына шолу» [1, 23].

3-кесте – 3-тест форматы. 1953 тест формасы

Жазбаша

a) Ағылшын әдебиеті

(альтернатив ретінде басқа елдегі азаматтар үшін әдебиет тесінің орнына) ағылшын елінің өмірі мен ондағы институттар жөнінде немесе өнеркәсіп пен коммерция жөнінде ғылыми мазмұндағы мәтіндер

  1. Ағылшын тілінің қолданысы, ағылшын тілінен немесе ағылшын тіліне аударма
  2. Ағылшын тілі (шығарма және бір абзацтық ағылшын тілінде мәтін және оған берілген сұрақтар)

3 сағат

3 сағат

3 сағат

Ауызша

Диктант, дауыстап оқу және әңгімелесу

 

«Жиырмасыншы ғасырдағы CPE емтиханыныңформатына шолу» [1, 25].

4-кесте – 4-тест форматы . 1975 CPE мазмұны

1-тест . Шығарма 2-тест . Оқылым

3-тест. Ағылшын тілінің қолданысы 4-тест. Тыңдалым

5-тест. Айтылым

3 сағат

1,15 сағат

3 сағат

30 минут

шамамен 12 минут

«Жиырмасыншы ғасырдағы CPE емтиханының форматына шолу» [1, 28].

5-кесте – 5-тест форматы . 1984 жылға шолу

1-тест. Оқылым 2-тест. Шығарма

3-тест. Ағылшын тілінің қолданысы 4-тест. Тыңдалым

5-тест. Айтылым

  1. сағат
  2. сағат

2 сағат

Шамамен 30 минут

Шамамен 20 минут

«Жиырмасыншы ғасырдағы CPE емтиханының форматына шолу» [1, 35].

Алғашқы екі формат тапсырмаларының ұқсастығымен ерекшеленеді.Екінші форматқа енгізілген аздаған өзгеріс тестерді шет елдерге тарату мақсатында,тест тапсырушыларға тест форматын ыңғайлы ету үшін жазылған деп түсіндіріледі және сонымен қатар оған бұл кезеңнің еуропадағы соғыспен тұстас келуі де өз ықпалын тигізді.«1939 жылдың өзінде CPE тесі 30 мемлекетке ұсынылды» [1, 45]. С.Уэйр Тэйлордың жазбасына сүйене отырып төмендегі мәселені атап өтеді: «Екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты тест тапсырушылар саны 1943 жылға дейін күрт төмендеп кетті. Тек 1943 жылы ғана тест тапсырушылардың саны 861 болып, ресми түрде тіркелген.Аталмыш жылы Британияда тест тапсырушылардың басым бөлігі одақтас әскер мүшелері болды. Соғыс жылдарынан бастап осы күнге дейінгі тест тапсырушылар санының азаюы мен көбеюті туралы Фолвей төмендегідей ақпарат береді: 1923 жылы 13 тест тапсырушы болса, 15 жылдан кейін оның саны 675-ке жетті. Оның ішінде 212-сі шет елде тапсырушылар. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңына қарай тест тапсырушылардың саны 1928 жылғыдан аз болды, бірақ шет елде олардың саны 972-ге жетті.1960 жылға дейін тест тапсырушылар саны 8000-ға жетті. 1980 жылға дейін олардың қатары қалыпты түрде көбейіп отырып, 20 000-ға дейін жетті. Ал 2001 жылға дейін бұл көрсеткіш екі есе артты, яғни 48 514-ке жетті [3, 157].

Екінші форматтағы ағылшын әдебиетін басқа пәнге ауыстыру жөнінде «Әдебиеттің жалпы экономика және коммерция білімі пәніне ауыстырылуы студенттердің және түпкілікті тұтынушылардың тест таңдауының куәсі екендігін көреміз» [1, 47].Тест құрылымынан фонетиканың тест тапсырмасының алынуы тіл сертификатын қажет ететін ұйымдардың сұранысы болмағандығынан болды [4, 19]. Дегенмен, тест форматынан көріп отырғанымыздай, тест орындауға бөлінетін уақыт көлемі өзгеріссіз қалып отыр.

Үшінші тест форматы алғашқы екі форматтан Қолданыстағы ағылшын тілі бөлімінің енгізілуімен ерекшеленеді. Бұл форматта уақыт көлемі 9 сағатқа дейін қысқартылған. Қолданыстағы ағылшын тілі аударма тапсырмасына альтернатив ретінде енгізілді, яғни тест тапсырушылардың екі тапсырманың бірін таңдап алуға мүмкіндіктері болды.С.Уэйер бұл жөнінде былай дейді: «Бұл тест тапсырмасы оқылыммен басталады да, сұрақтарға жауап беру тапсырмасымен жалғасады; сөйлем құрастыру тапсырмасы; сөйлемдерді қайта байланыстыра отырып, параграф жасау; тыныс белгілерінің сөйлем мағынасын қалай өзгертетіндігін анықтайтын тапсырмалар; редакциялау; сипаттап жазу тапсырмасы және аффикстерді тексеретін тест тапсырмалары кіреді [5, 51].

Егер Савиллдің «Тест жасаудың процесі және UCLES EFL тестеріне шолу жасау» еңбегіне сүйенсек [6, 87], ол CELA-ның тест жұмысын талдау барысында «емтиханның төрт шартқа жауап беру керектігін міндеттейді: валидтілік, сенімділік, ықпалдылық және тиімділік. Ықпалдылық пен тиімділік жөнінде Фолвей [3, 140] ағылшын тілінде тестерді дамытуда оларды маңызды концепт деп атай келе, бұл концептілер емтиханның қаншалықты тиімді, пайдалы және «этикалық» екендігін үнемі назарда ұстауға көмегін тигізеді дейді.CELA орталығы пайдалы тестер жасауды көздей отырып, тест нәтижелерін және емтихан алушылардың ұсыныстарын ескере келе, өз тестерін жасаудың мазмұнын анықтап алды.Тестерге үздіксіз шолу және талдау жасап отырудың басты себебі – оның пайдалылығын анықтау.Қазіргі кезде CELA тестерін жасау жұмысын CELA орталығының Зерттеу және валидтілік тобы атқарады.

CELA – тіл емтихандарын жүргізу мен сертификат беру жұмыстарымен айналысатын бірден– бір негізгі орталық. Өз қызметін 100 жыл бұрын бастаған CELA орталығы пайдалы тест жасау ұстанымына ден қоя отырып, сол талаптарға сай келетін тест құрылымы мен мазмұндарын жасап шықты. Валидтілік, сенімділік, ықпалдылық және тиімділік ұстанымдары CELA орталығының тест жасау ісінде орталықтың одан әрі дамуына, тестерді жетілдіруде және тестердің Ұлыбритания мен басқа елдерде де сұранысын арттыруға мүмкіндік берді.Тест тапсырмалары коммуникативтік мазмұн негізінде жасалған.Ал бұл факторлар өз кезегінде CELA орталығының академиялық және академиялық емес тіл деңгейін анықтайтын мақсатты тест түрлерін дамытуына алып келді.

 

Әдебиеттер

  1. Weir C. A survey of the History of the Certificate of Proficiency in English (CPE) in the twentieth century in Studies in Language Testing. – Cambridge, UK: Cambridge University Press, 2003. – P. 1-56.
  2. O’Sullivan B. A Brief History of Language testing in Cambridge: Guide to Second Language Assessment. – New York, USA: Cambridge University Press, First edition, 2012. – P. 9-19.
  3. Falvey P. English language examinations in examining the world: A history of the University of Cambridge Local Examinations Syndicate. – Cambridge, UK: Cambridge University Press, 2008. – P. 131-157.
  4. Roach J. The Certificate of Proficiency in English. Personal papers of J.O.Roach. – Cambridge, UK: Cambridge University Press, 1931. – 19 p.
  5. Weir C. Measured constructs: A history of Cambridge English language examinations 1913-2012. – Cambridge, UK: Research Notes, 2013. – Book 9. – 51 p.
  6. Saville N. The process of the test development and revision within UCLES EFL (C. Weir & M. Milanovic, Eds.). – Cambridge, UK: Cambridge University Press, 2003. – 87 p.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.