Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Прецедентті термин және прецедентті есім

ХХ ғасырдың соңғы жылдары прецеденттік есім (прецеденттік феномен, прецеденттік мәтін) ұғымы тіл біліміне енгізіле бастады. Дегенмен әр ғалым бұл ұғымдарды өзінше қабылдады, өз түсінігін берді. Олардың бірі жалқы есімнің жалпы есімге ауысуы деп түсінсе, енді біреуі оны кеңірек мәнде деп ұғынды. Сонымен бірге оны қарастырған ғалымдар әртүрлі атау берді.

Бұл құбылысты тіл білімінде атау үшін ғалымдар әртүрлі терминдер ұсынған. Мұны кесте түрінде төмендегідей көрсетуге болады:

Кесте 1 – Құбылысты атаудың терминдік көрінісі

МЕТАФОРА

БЕЙОНИМДЕНУ

ПРЕЦЕ- ДЕНТТІ

КЕНИНГ

ЛОГОЭПИС- ТЕМА

ТƏМСІЛ

КОННОТ ОНИМДЕР

АНТОНО- МАСИЯ

МЕТАФОРА

БЕЙОНИМДЕНУ

ЛОГОЭПИС- ТЕМА

ПРЕЦЕ- ДЕНТТІ

ТƏМСІЛ

КОННОТ ОНИМДЕР

АНТОНО- МАСИЯ

КЕНИНГ

ПРЕЦЕДЕНТТІ ФЕНОМЕН

ПРЕЦЕДЕНТТІ ОҚИҒА

ПРЕЦЕДЕНТТІ МƏТІН

ПРЕЦЕДЕНТТІ ЕСІМ

Мұндағы метафора терминін С.В. Перкас ұсынған болатын. Ол жалқы есімдерді жалқы есімдерге жақындататын метафоралық қолданыс туралы айта келе, «метафоралану аталатын нысандарды ерекшелігінен айырады», – дейді [1].

ПРЕЦЕДЕНТТІ ФЕНОМЕН

ПРЕЦЕДЕНТТІ ОҚИҒА

ПРЕЦЕДЕНТТІ МƏТІН

ПРЕЦЕДЕНТТІ ЕСІМ

Ал антономасия терминін Л.Н. Андреева, Э.Б. Магазаник, В.М. Калинкин қолданған [2; 3; 4]. Л.Н. Андреева үшін антономасия – лексикалық мағынаның екі түрінің – негізгі және мәтін ішіндегі, нысанды-логикалық және аталымдық мағынаның бір уақытта іске асуына негізделген жеке стильдік тәсіл. Осы тектес қолданысты Э.Б. Магазаник поэтикалық ономастикаға ғана тән деп есептесе, В.М. Калинкин онимнің поэтикасы туралы сөз етеді.

Бейонимдену терминін Ресей ғалымдарынан А.В. Суперанская, П. Кристоферсон, В.И. Болотов, И.Н. Юшманов ұстанған [5; 6; 7; 8]. Н.В. Подольскаяның сөздігінде «бейонимдену – онимнің апеллятивке өту үдерісі» деген анықтама берілген [9]. Н.В. Васильеваның пікірінше, бейонимдену термині «орыс ономастарының қолданысына кеңінен енген жоқ», дегенмен шетел ономастикасында, соның ішінде неміс ономастикасында кеңінен қолданылады [10]. Бұл мәселе бойынша профессор Т. Жанұзақовтың шәкірті Б.Ә. Көшімова «Қазақ лексикасындағы бейонимдену үрдісі» атты кандидаттық диссертация қорғаған болатын [11]. Сонымен қатар А.Е. Бижкенова неміс тіліндегі бейонимдену үдерісін зерттеп, кандидаттық диссертациясын 1997 ж. қорғап шыққан [12].

Тәмсіл (араб тілінен аударғанда «ұқсату» дегенді білдіреді) терминін С. Мұстафаұлы ұсынған [13], ол фразеологизмдерден нақты мысалдар келтіре отырып, тәмсіл болу үшін келесі белгілерді атап көрсеткен: «Біріншіден, тәмсілдер сөз соңындағы дыбыстары болмаса, негізінен сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жұмсалады...; екіншіден, мағына тұтастығына ие. Тәмсілдердің белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тәмсілді құрастырушы, жеке сөздердің мағынасының жай жиынтығы емес. Қайта тәмсілдерде мағынаға байланысты белгілі бір аңыз-ертегі, тарихи оқиға, яки әңгіме бар, енді бір сөзбен айтқанда астарлы мағынасы бар сөздер. Үшіншіден, тіркес тиянақтылық ерекшеліктеріне ие.... Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан.

В.Г. Костомаров, Н.Д. Бурвикова «логоэпистема» терминін қолдануды ұсынып отыр (грек тілінен «логос» – «сөз», «эпистема» – «білу, тану») [14], яғни сөздің түп төркінін тану. В.Г. Костомаров, Н.Д. Бурвикова логоэпистемаларға әр деңгейдегі лингвоелтанымдық құнды бірліктерді (қанатты сөздер, фразеологизмдер, прецедентті мәтін т.б.) жатқызады. Олардың әр деңгейде болуы логоэпистемаларды қолдануға байланысты, ал ондағы мағына сөздің мағынасын мәдени факт ретінде қолдана білуінде деп түсіндіреді [14].

Кенинг терминін Ю. Лотман, Б. Успенский ұсынған. Кенинг – метафораның бір түрі, мысалы, «қарға тұмсығын бояушы» және «қылыш бояушы» – жауынгер Ю. Лотман, Б. Успенский Иван геркулес және Иван Геркулес есім ұғымдарын талдай отырып, «бірінші жағдайда жалпы есім, ал екінші жағдайда нақты кейіпкерге қатысы бар, қандай да бір жеке белгісі арқылы анықтау емес, тұтас жалқы есім арқылы анықтау», – деп санайды [15].

Е.С. Отин нақты қолданыста мағыналық үстемдігі денотатпен байланысты емес, кейіннен дамыған ұғыммен байланысты жалқы есімдерді бөле отырып, коннотонимдер терминін ұсынған. Оларға мысал ретінде Ходынка, Камчатка, Соловки, Вавилон, Мекка, Клондайк, Бродвей сияқты жалқы есімдерді келтірген [16].

Жоғарыда аталған терминдердің кейбірі бұл құбылысты толығымен қамти алмаса, екіншілерінің мағыналары кеңірек. «Метафора», «антономасия», «бейонимдену» терминдерінен жалқы есімдердің мүлде жалпы есімге ауысу үдері сін байқасақ, «тәмсіл», «кенинг» терминдерінің беретін ұғымдары тар, «прецеденттік есім», «прецеденттік оқиға», «прецеденттік айтылым» терминдерінің ұғымдарын бере алмайды, ал «логоэпистема» терминінің ұғымы кеңірек, ал «коннотонимдер» термині бұл құбылысты нақты ашып бере алмайды. Біздің ойымызша, «прецедентті» термині жалқы есімнің жалпы есімге ауысуы емес, «полярлық», яғни ортадағы ұғым, қажет уақытында жалқы есім бола алады.

Шет тілдер сөзігінде прецедент терминінің келесі анықтамасы берілген «прецедент [< лат. рraccedent (praecendentis)] – 1) бұрын-соңды орын алған және осы сияқты кейін болатын жағдайларға (оқиғаларға) үлгі болатын немесе оларды растайтын жағдай» [17].

Прецедентті деген ұғым тіл білімінде ХХ ғасырдың соңына қарай Ресей ғалымдарының (Ю.Н. Караулов, Ю.А. Сорокин т.б.) еңбектерінде қарастырылған, ал прецедентті есім Д.Б. Гудков, В.В. Красных, Е.Л. Березович, О.А. Ворожцова, А.Б. Зайцева, О.С. Боярских, Г.Г. Сергеева т.б. ғалымдардың еңбектерінде сөз етіледі. Мәселен, О.А. Ворожцова, А.Б. Зайцева Ресей және Америка мерзімді басылымдардағы прецеденттік есімдерді қарастыра келе, прецеденттік феномен терминіне анықтама беріп, олардың төрт түрін көрсеткен: прецеденттік оқиғалар, мәтіндер, айтылымдар және есімдер. Соның ішінде прецеденттік есім терминінің анықтамасын келтіріп, денотативті немесе экстенсионалды қолданылатын прецеденттік есімдерге толығырақ тоқталған. Мысалы, Джон Адамс және Джон Кеннеди денотативті қолданылған, яғни кеңінен танымал президент-демократтарға сілтейді. Ал Джон Кэрри есімінің олармен қатар тұруы оны «өзіміз», яғни халық қолдауына ие саясаткерлер дегенді білдіргені. Сонымен бірге коннотативті немесе интенсионалды қолданыстағы прецедентті есімдерді қарастыра отырып, Рогозин бейнесі Терминаторға теңелгенін айтады, яғни нақты бір іске бел шеше кірісетін адам ретінде суреттелген [18].

О.С. Боярских «Прецедентное высказывание в газетном тексте: особенности читательского восприятия» атты мақаласында көркем әдеби прецеденттік айтылымдардан құралған қазіргі газет және жорнал басылымдарының материалдары негізінде сауалнама жасап, реципиенттер арасында олардың қабылдауы бойынша тәжірибе өткізген. Ол реципиенттер ретінде химия және биология, математика және информатика, тарих, жарнама мамандықтары бойынша оқитын 1-4 курс студенттерін алған, яғни олардың арнайы филологиялық дайындықтары жоқ. Бұл тәжірибе мәдени стереотиптерді студенттердің қалай қабылдайтынын, олардың аялық білімін анықтау үшін жүргізілген. Автор тәжірибе нәтижесін екі фактор тобына түйіндейді. Бірінші топ қабылдаушы субъект санасымен байланысты: белгілі бір прецеденттік айтылыммен таныс болу дәрежесі, әдеби аялық білімінің болуы / болмауы. Екінші топ – прецеденттік белгінің ерекшелігімен байланысты, яғни оның қолдану ерекшелігі (афористік / фразеологиялық), түпнұсқа-мәтінмен байланысы (немесе байланыстың болмауы), трансформация жасау ерекшелігі, лексикалық құрамы [19].

Г.Г. Сергеева «Национально-прецедентные имена в восприятиии подростков» атты мақаласында мектеп оқушылары арасында ұлттық мәдениеттің тірек концептілерін игеруін анықтау үшін сауалнама жүргізген. Орыс әдебиеті кейіпкерлерінің әр қырын анықтау бойынша жүргізілген тәжірибеден бір тұлғаның бірнеше белгілерін айқындаған. Мысалы, Печорин прецеденттік есімін оқушылар келесі белгілері бойынша қабылдаған: 1) өзімшіл (эгоист) (14%); 2) рақымсыз (13%); 3) өзін-өзі іздеген, жақсылыққа

талпынған (12%); 4) фаталист (11%); 5) өзіне-өзі қайшы (10%); 6) артық, өз орнын өмірден таппаған (10%); 7) ақылды (10%); 8) жұмбақ, түсініксіз (7%); 9) өмірден түңілген (7%); 10) өзін-өзі сынайтын, сезімін бақылайтын (6%); 11) әйелқұмар (5%); 12) суыққанды (4%); 13) өмірде мақсаты жоқ (3%); 14) еркінсүйгіш (2%) [20].

Е.А. Нахимова «Прецедентные имена в президентском дискурсе» атты мақаласында прецедентті феномендерді саяси коммуникацияда тиімді қолданылуын бағалауда келесі критерийлерді ескеруді ұсынады:

  1. прецеденттік феноменнің саяси үйлесімділігі. Автор қолданысындағы прецеденттік есімдер мәтіннің дискурстық ерекшелігіне және әсіресе, адресаттың ұғымына толық сай болу керек;
  2. прецеденттік есімнің нақты бір белгілеріне сәйкестігі бойынша әлеуметтік түйсінулігі;
  3. басылым бағытталған қолданыстағы прецеденттік феноменнің оқырмандар қабылдауына қолайлығы, оқырмандардың кейіпкер мәнін тану қабілетінің ескерілуі;
  4. прецеденттік феноменді қолданудың мүмкіндігінше корректілігі және екі мазмұнды болмауы, сөйленімді екіұшты ұғыну мүмкіндігінің дер кезінде саясаткерлердің байқамауы автор ойынан алыстатады [21].

М.И. Косарев «Прецедентные феномены с субсферой – источником «Кинокшэн» в политической коммуникации Германии» атты мақаласында БАҚ мәтініндегі фильмдерге зерттеу жасап, көрермендердің негізінен фильм атауы мен сюжет есте сақталмайды, ең басты мәнге әртүрлі фильмдердегі әртүрлі оқиғаларда мінез-құлқын көрсететін кинокейіпкердің мифтік бейнесі ие болады деген пікірге келеді. Сондықтан автор Г.Г. Слышкин ұсынған прецеденттік феномен типологиясында прецеденттік концепттік аядағы (концептосфера) прецеденттік жеке тұлғалар концептін және прецеденттік әлем концептісіне ұқсас талдау жасаған [22].

Л. Маршева «Афон и Афоны. Из заметок лингвиста» атты мақаласында мәдени стеротип тұрғысынан Афон және Афондар онимдерін талдау барысында деревня тұрғындарының прагматикалық және коммуникативтік тұрғысынан анықтаған [23].

И.В. Родионова өзінің мақаласында діни есімдердің прецеденттік мәтіндегі алатын орны жөнінде сөз қозғаған. Сонымен қатар ол фразеологизм, тілдік клише, прецеденттік образ, сюжет, прецеденттік тақырып негізінде жасалатынын анықтап, талдаған. Мәселен, «соломонова печать» – бұл фитоним, яғни өсімдік атауы фразеологизм ретінде қолданылады. Бұл атауда

«қол жетпейтін, құпия, түсініксіз» деген мағына жатыр; «адамова голова» – иконада берілетін сурет, символдық мағынасы бар және адамзаттың күнәсі мен мәңгі еместігін еске түсіріп тұратын тілдік клише, сол сияқты «егорьево копье, петров (петровский) крест» те тілдік клише ретінде қолданылатын фитонимдер; «моисеев посох» – астронимі нақты образ немесе сюжетпен байланысты дейді мақала авторы, қазақ тілінде Мұсаның асатаяғы. Бұл Мұса пайғамбар туралы сюжетке сүйенген прецедент тік мәтін; тақырып – мифологиялық әмбебаптық – Христос өліміне қатысты туындаған фитонимдер: христов покрой, христов прикрыт. Аңыз бойынша, Христосты іздегенде ол сол өсімдіктің астында жасырынып отырған, ғылыми атауы аконий [24].

Ю.А. Гурская Ч. Мористің классикалық семиотикалық үшбұрышына салып, Степан Разин образын талдайды, сонымен бірге ерекше мәні бар символдық орыс есімдерін оппозицияда қарастырған. Дегенмен ол бұл есімдерді прецеденттік деп атамайды, оларды мәтін ішіндегі тірек есімдер деп талдаған. Ю.А. Гурская өзінің кешенді зерттеу еңбегінде орыс және белорус тілдеріндегі символдық мәнге ие онимдерді, атап айтқанда, антропонимдерді салыстыра зерттеп, олардың қолданыс жиілігін пайызға шаққандағы көрсеткішпен берген [25].

Қазақ тіл білімінде прецеденттік есім терминін қолданбағанымен, осы мәселенің бір қырын зерттеген ғалымдардан Т. Жанұзақов, Т. Қоңыров, Е. Керімбаевты атауға болады. Профессор Т. Жанұзақов жалқы есімдердің жалпы есімге ауысу мәселесін қарастыра отырып, көркем шығарма жалқы есімдері белгілі бір топтастырылған образды белгілеу мәнін ашқан. Қазақ көркем шығармасында көптеген есімдер антономасия негізінде жағымды және жағымсыз бейнелерді атау үшін қолданылады. Осыларды зерттей келе, Т. Жанұзақов адам әрекеті мен психикасын ашатын бірнеше кейіпкерлерді көрсеткен: Қарабай (Қарынбай), Шығайбай – өте сараң адам, Асанқайғы – қайғы-мұңға берілген адам, Итбай

  • өте қатал, залым адам, Мырқымбай – кез келген адам, Қожанасыр – қарапайым, Қодар – өте мейірімсіз, «қара күш» иесі, Көсе (Алдаркөсе)
  • өте қу, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген – мөлдір, таза махаббат символдары. Ғалымның пайымдауынша, бұл есімдерді жағымды / жағымсыз шкаласына бөліп қарастыруға болады, мәселен, Қарабай (Қарынбай), Шығайбай, Қодар, Итбай – жағымсыз тұлғалар болса, Қожанасыр, Алдар көсе, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген – жағымды орынды коммуникативтік жағдайға қарай алады. Профессор Т. Жанұзақовтың пікірінше, бұл есімдер символдық мәнде жалқы есімдерден жалпы есімге ауысады. Бұл үдеріс ономастика саласында бейонимдену деп аталады, яғни мағыналық және қолданыс аясына қарай олар жалқы есімдермен байланысын жоғалтады, мәселен, вольт – тоқ қуатының өлшем бірлігі; бәтіс
  • жұқа мата, француз фабрикасының иесі Батист есімінен жасалған [26].

І. Кеңесбаев жалқы есімдердің мағынасын зерттеп, ол әр кісі есімдерінің сыртында сараңдық, жомарттық, шынайы махаббат құрбаны т.б. сияқты белгілердің болатынын айтып, Қарабай, Шығайбай, Ләйлі-Мәжнүн, Атымтай жомарт, Қожанасыр, Қодар, Қыз Жібек пен Төлеген есімдерін талдайды. Ғалым бұл жалқы есімдерді прецеденттік деп аталмағанымен, олардың басқа онимдерден айырмашылық белгілерін атап көрсеткен:

    • ғасырлар бойы халық санасында, салт-дәстүрде сақталған кейбір кісі аттары жалпы есім мағынасында қолданылады. Мұндай қолданыстың негізгі шарты онимнің бір анық көзге түсер мінезіне байланысты болуы;
    • жалқы есімнің жалпы есімге ауысудың басты көзі – ауыз әдебиеті және көне жазба ескерткіштері, сонымен қатар халықта сақталған діни және мифологиялық көзқарастар мен наным-сенімі;
    • жалпы есім ретінде қолданысқа түскен жалқы есімнің жекелеуші ерекшелігі біртіндеп өшеді және мүлдем жоғалуы мүмкін. Контекске байланысты жалқы есімнің жалпы есімге стилистикалық трансформациялануы мүмкін;
    • жалқы есімнің жалпы есімге ауысуында халық тарихы мен этнографиялық ерекшеліктері көрініс табады;
    • кейбір кісі есімдері мен географиялық атаулардың жалпы есімге ауысуында лексикалық мағынасы ықпал етеді, дегенмен ол құбылыс өзара сәйкес емес [27].

Алайда аталған ғалымдар қарастырған онимдер бұл үдеріске енеді дегенге келіспейміз. Себебі Қыз Жібек, Төлеген, Балуан Шолақ, Шығайбай, Алатау, Түркістан т.б. онимдерінің жалқы есім мен апеллятивке де қатысы бар. Бұл есімдер жалқы есімдердің барлық белгілерін сақтаған, өйткені нақты тұлғаны, орынды, олардың мінезін, сипатын білдіріп, нақты бір этникалық топтың танымдық санасында адамның сипаты т.б. бойынша жиынтық жасауға мүмкіндік береді. Олар мәдени стереотип болып саналады. Мәселен, Қыз Жібекті қарастырсақ, келесі белгілер коммуникативтік жағдайға қарай шығады: а) мөлдір махаббатқа бөленген; ә) таза махаббат құрбаны; б) ұзын шаш иесі т.б. Мәдени стереотиптер – тумасынан біткен және әлеуметтік топқа енуде қалыптасқан, бірнеше танымдық қызмет атқаратын адамның әрекет, мінез-құлқының реттегіші. Олар жаңаланып, өзгеріп, толығып отырады.

Қазақ тіл білімінде прецеденттік тілдік бірліктер арнайы кешенді зерттеу нысаны ретінде Н. Таированың «Функционирование прецедентных текстов в русскоязычных и казахоязычных газетах» атты еңбегінде қарастырылған [28].

Мақала немесе кешенді жұмыс ішінде прецеденттік мәтін және прецеденттік есім мәселесі келесі еңбектерде қарастырылған. Мысалы, көркем мәтінде линговмәдени талдау жасағанда Г.А. Қажығалиева сөз еткен [29], Г.Қ. Ихсангалиева газет және телебағдарлама материалдарына байланысты талдаған [30], Т.Е. Пшенина Катуллдың тілдік тұлғасын зерттеуге байланысты қозғаған [31], С.Қ. Иманбердиева менсонимдерді зерттеу барысында қарастырған [32]. Қазақ тіл білімінде теориялық және практикалық жағынан прецеденттік есім мәселесін кеңірек қарастырған Г.Б. Мәдиева [33]. Қазақстанның орыс тілді мерзімді басылымында сатира мен юморды қалыптастырудағы тілдік бірліктерді зерттеуде В.И. Жумагулова мифтік және шығарма кейіпкерлерінің, атақты ғалымдардың есімдерін күлкі, ирония жасауда салыстыру ретінде қолданғанын көрсеткен [34].

Сонымен, прецеденттік есім – бұл белгілі бір ассоциация тудыратын жекелеуші белгілері бар және салыстыру үшін қолданылатын нақты оқиғаға, кеңінен танымал мәтінге, жеке тарихи немесе белгілі тұлғамен байланысты кез келген жалқы есім. Мысалы:

Сал Сегіз Мәжнүндей бопты ғашық Бір қызды Ләйлі көріп Мақпал деген

(Базар жырау).

Осы мысалдан біз «Ләйлі-Мәжнүн» жырымен, яғни түпнұсқа-мәтінмен байланысын көріп отырмыз, сонымен бірге Мәжнүн символдық образына еніп тұрған кейіпкер Сал Сегіз, ал Мақпал есімді қыз оқырманға аялық біліміне байланысты белгілі символдық тұлға – Ләйліге теңеліп тұр. Бұл өлең жолдарынан Мәжнүн символдық есімнің халық арасына (аялық біліміне қарай) таралған белгісі – ессіз ғашық болу бүкіл мәтінге тірек болып тұр. Осы прецеденттік есім негізінде Ләйлі символдық бейненің басты белгісі – сұлулық Мақпал есімді қызға теңеліп тұр. Дегенмен мәдени стереотиптердің өзгеріп, толығып отыруына қарай қазіргі кезде бұл прецеденттік есімдермен қоса мөлдір махаббат символына Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш Баян сұлу да ие, яғни қазіргі кезде қазақ тілінде соңғы аталған прецедентті есімдер аталған символдық мағынада жиі қолданылады.

Біздің зерттеу нысаны ретінде қарастырып тұрған Х-ХІV ғғ. тарихи ескерткіштерде мүлде бөлек мағынада ғашықтық пен сұлулық симво-

лына айналған. Мәселен, Аллаға, Жаратушыға деген ғашықтық:

Шын ғашығың көрсет маған риза болай, Өліп-өшіп Закариядай зікірші болай.

немесе:

Ғашықтарға берді ғашық отын күйдіргелі Зылихадай өн бойын сүйдіргелі.

Менің хикметтерімді ғашыққа айтсаң,

Ділі Әминадай адалдарға айтыңыз

(«Диуани хикмет»).

Бұл мысалдардан біз сол кезде прецедентті есімге айналған Закария, Зылиха, Әмина есімдерін көреміз. Олардың әрқайсысының сыртында символдық белгілі бір образдар тұр, яғни зікір салудан сол кездері есімі елге жайылған – Закария дінді уағыздаушы бейне болып табылса, «Жүсіп пен Зылиха» дастанының кейіпкері, ғашықтық символы – Зылиха, ал Мұхаммед пайғамбарымыздың анасы Әмина – адалдық символы. Осы үш образ арқылы Аллаға деген сүйіспеншілікті, мойынсұнушылықты аңғаруымызға болады.

Сонымен бірге бұл ескерткіштер арнау-шығармалар болғандықтан, сол шығарма арналған тұлғаларды дәріптеуде прецеденттік есімдер қолданылған, мысалы:

Сүлеймендей салтанатты падишасың, Жүсіптің жүзі мен Мәсихтің демі тиген. Сүйкімді, нәзіксің, Жүсіптей жүзің бар, Сен сұлулық әлемінің туысың («Мұхаббат-наме»).

Хорезми «Мұхаббат-намесінде» Мұхаммед Хожа бекті мақтап, оны салтанатты патша, тіршілік иесінің тілін білген Сүлеймен пайғамбарға теңейді, ал оның сұлулығын әлемде сұлулығы жөнінен теңдесі жоқ Жүсіп пайғамбарға теңейді. Ойымызды қорыта келе, айтайын дегеніміз: прецеденттік есім – көпшілікке кеңінен танымал, қолданылу ерекшелігі бар, түпнұсқа-мәтінмен байланысы (немесе байланыстың болмауы), трансформация жасалу ерекшелігі бар оним.

 

Әдебиеттер

  1. Перкас С.В. Имена собственные и нарицательные в словаре и в художественном тексте // Материалы к серии «Народы и культуры». Вып. ХХV. Ономастика. – Кн. 1, ч. 1. Имя и культура. – М., 1983. – С. 141-151.
  2. Андреева Л.Н. Лингвистическая природа и стилистические функции «значащих» имен (антономасии): автореф. ... канд. филол. наук. – М., 1965. – 24 с.
  3. Магазаник Э.Б. Поэтика имен собственных в русской классической литературе: Имя и подтекст. автореф. ... канд. филол. наук. – Самарканд, 1967. – 23 с.
  4. Калинкин В.М. Поэтика онима. – Донецк, 1999. – С. 47.
  5. Суперанская А.В. Общая теория имени собственного. – М.: Наука‚ 1973. – С. 276-284.
  6. Christophersen P. The articles: A study of their theory and use in English. Copenhagen – London, 1939. – P. 35-39.
  7. Болотов В.И. Теория имен собственных: К проблеме определенности / неопределенности именования денотатов речи. – Ташкент, 2003. – 238 с.
  8. Юшманов Н.В. Грамматика иностранных слов // Словарь иностранных слов. – М., 1942. – С. 56.
  9. Подольская Н.В. Словарь русской ономастической терминологии. – М.: Наука, 1988. – С. 7.
  10. Васильева Н.В. Онимический мир жаргона. – М.: Институт языкознания РАН, 2000. – С. 20.
  11. Көшімова Б.Ә. Қазақ лексикасындағы бейонимдену үрдісі: филол. ғылым. канд. ... автореф. – Алматы: ҚР ҒА ТБ, 2001. – 28 б.
  12. Бижкенова А.Е. Содержательный и словообразовательный потенциал деонимов (слов, восходящих к именам собственным). – Алматы: Ғылым, 2003. – 308 с.
  13. Мұстафаұлы С. Тіліміздегі тәмсілдердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері // Материалы конференции, посвященной памяти профессора М.М. Копыленко, «Мир языка». – Алматы: КазГУМОиМЯ, 1996. – 632 c.
  14. Костомаров В.Г. Бурвикова Н.Д. Старые мехи и молодое вино. Из наблюдений над русским словоупотреблением конца ХХ века. – СПб. – М., 2001. – 256 с.
  15. Лотман Ю.Успенский Б. О семиотическом механизме культуры // Труды по знаковым системам. – Тарту, 1971. – Т.5. – С. 152.
  16. Отин Е.С. Словарь коннотативных собственных имен. – Донецк: Юго-Восток. 2004. – С. 79.
  17. Словарь иностранных слов. – М., 1942. – С. 241.
  18. Ворожцова О.А., Зайцева А.Б. Прецедентные имена в российской и американской печати // Проблемы образования, науки и культуры. – Вып. 20. – 2006. – № 45. – С. 19.
  19. Боярских О.С. Прецедентное высказывание в газетном тексте: особенности читательского восприятия // Политическая лингвистика. – Вып. 21. – Екатеринбург, 2007. – С. 65-69.
  20. Сергеева Г.Г. Национально-прецедентные имена в восприятиии подростков // Вестник ВГУ, Серия лингвистика и межкультурная коммуникация. – 2003. – № 2. – С. 12.
  21. Нахимова Е.А. Прецедентные имена в президентском дискурсе // Политическая лингвистика. – Екатеринбург, 2007. – Вып. 22. – С. 44-48.
  22. Косарев М.И. Прецедентные феномены с субсферой – источником «Кинокшэн» в политической коммуникации Германии // Политическая лингвистика. – Екатеринбург, 2007. – С. 25-32.
  23. Маршева Л. Афон и Афоны. Из заметок лингвиста // Сретенская духовная семинария. – Л., 1997. – С. 1-8.
  24. Родионова И.В. К вопросу о специфике отражения прецедентного текста на уровне языковых ономастических номинации // Гуманитарные науки. Ономастика: общие вопросы. – Вып. 4. – 2001. – № 20. – С. 52.
  25. Гурская Ю.А. Культурные возможности лингвистического знака: ключевые имена в русском и беларусском языках. автореф. ... канд. филол. наук. – М., 1999. – С. 17.
  26. Жанузаков Т. Очерк казахской ономастики. – Алматы, 1982. – С. 7.
  27. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1987. – 352 б.
  28. Таирова Н. Функционирование прецедентных текстов в русскоязычных и казахоязычных газетах: автореф. ... канд. филол. наук. – Алматы: КазГУМОиМЯ, 2002. – 28 с.
  29. Кажигалиева Г.А. Лингвокультурологический анализ художественного текста. – Алматы: Айкос, 1999. – 104 с.
  30. Ихсангалиева Г.К. Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет и телепрограмм): автореф. ... канд. филол. наук. – Алматы: КазНУ, 2000. – 28 с.
  31. Пшенина Т.Е. Дискурсное описание языковой личности Катулла: автореф. ... канд. филол. наук. – Алматы: КазНУ, 2000. – 24 с.
  32. Иманбердиева С.Қ. Қаладағы тағамхана атаулары: филол. ғылым. канд. ... автореф. –Алматы: ҚазҰУ, 2001. – 23 б.
  33. Мадиева Г.Б. Имя собственное в контексте познания. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 190 с.
  34. Жумагулова В.И. Сатира и юмор в прессе Казахстана. – Алматы: Ғылым, 1999. – 206 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.