Филология

2012 жылы Ресей Федерациясының Татарстан Республикасында ортағасырлық түркі грамматикасы жарық көрді. 400 жыл бұрын Лейпцигте жарық көрген түркі бұл грамматикасының түркітану ғылымында маңызы зор.
2015

Мақалада қазіргі заман талабына сай қостілділік (қазақ және орыс тілдері) және көптілділік (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) мәсе­ лесінің маңызы, билингвизм және полингвизмнің мемлекеттік тілдің дамуына әрқандай ықпалы зерделенеді. Әлемдік жаһандану үдері­ сіндегі қазақ тілінің даму ахуалы көрсетіледі. Сонымен қатар мақала­ да қазақ тілінде сөйлеу аясының кеңеюі және қазақ тілінің мемлекет­ тік мәртебесінің тиісті деңгейде дамуы үшін оқытудың, тіл үйретудің дәстүрлі және инновациялық ғылыми­әдістемелік жүйесін игерудің маңыздылығы сөз етіледі. Қостілділік және көптілділік жағдайында, мәдениетаралық қатынастардың күннен­күнге ұлғайған кезеңінде қа­ зақ тілінің даму күйі­бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бастысы болуы тиіс. Әрбір адам өзін тіл жанашыры ретінде ұлттың ең басты белгісі болып табылатын тілдің тазалығына, табиғи болмысына, әде­ би нормадан ауытқып кетпеуіне баса назар аударып отырғаны ләзім. Тілімізді сақтап қалуда ең алдымен патриоттық сезімді күшейтудің әрқандай жолдарын қолға алудың маңызы зор.
2015

Мақала етіс категориясы өрістерінің зерттелуінің алғышартта­ рын анықтауға арналған. Етіс – семантикалық қызметтерінің негі­ зінде біріккен қимылдың уақытқа қатысты өту сипатын білдіретін (морфологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік, лексикалық, лекси­ ка­грамматикалық т.б.) тілдік құралдардың жиынтығынан тұратын функционалды­семантикалық категория. Жалпы тіл білімінде етіс жеке сала ретінде қалыптасқанымен отандық лингвистикада оның функционалды­семантикалық категория ретінде танылуына қатысты шешілмеген бірқатар мәселелер болды. Оның негізгісі – бүгінгі күн­ ге дейін етістің мағына беретін тілдік бірліктердің жете зерттелмеуі, етістің функционалды­семантикалық категория ретіндегі компоне­ нттері мен құрылымының, тілдік құралдардың мағынасының толық анықталмауы, сондай­ақ лингвистер бұл категорияға әр түрлі тұрғы­ дан интерпретация жасауы. Қазақ тілінің функционалды грамматика­ сы туралы зерттеулерге терең ден қою бастағаны белгілі. Бұл сала­ да талай жұмыстар атқарылуда. Алайда қазақ тіл ғылымында етістің функциональды – семантикалық категориясы туралы толық сипатта­ ма берілген жоқ. Автор мақалада етістің орталық және шеткері ай­ мақтарындағы өріс етіс категориясына талдау жасайды.
2015

Мақалада Әбіш Кекілбаевтың «Абылай хан» драмасындағы дра­ матизм табиғаты Абылай образының драматизмі арқылы қарастырылады. Талдау драмадағы тартыс табиғатын синергетика заңды­ лықтары негізінде саралауға негізделген. Ол сезім мен сана, ерік пен елігу, құштарлық пен парыз, тақ пен ар арасында өрбіген Абылайдың ішкі драмалық тартысынан көрінген. Тарихи тұлғаның ішікі драмасы осылайша табиғи көрініс тапқан. Драматизм болмысы әдебиеттану­ шылық тұрғыдан «тұрақтылық пен тұрақсыздық принципі» негізінде айқындалған. Ал қоғамда болып жатқан аумалы­төкпелі құбылыстар­ дың күрт өзгеруінен, тұрақты және тұрақсыз жағдаяттардың алма­ кезек ауысуынан Абылай мен Шарыш арасындағы сайыстан, Абылай және Ботахан мен Жақай арасындағы даудан, Абылай мен Топыш, Абылай мен Әмір Сана арасындағы қатынастардан сыртқы тартыс үдей түскен. Тұрақтылық пен өзгермелік арасындағы сапалық өзге­ рістердің драма табиғатына әсері қадағаланған. Осылайша, тәртіп параметрлері арқылы драматизмнің туындау табиғаты түсіндірілген. Хандық, елдік принциптерін бірінші орынға қойған хан образының жасалу ерекшелігіне көңіл аударылған.
2015

Мақалада Махамбет Өтемісұлы поэзиясының поэтикасы қарас­ тырылады. Махамбет поэзиясындағы ақынның ерлік бейнесі айқын­ далады. Мақалада Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі талданады. Махамбеттің Исатайға арналған «Тарланым», «Мінкен ер», «Тайман­ ның ұлы Исатай», «Исатайдың сөзі», «Қызғыш құс», «Исатай деген ағам бар» т.б. сияқты өлеңдеріне талдау жасалынады. Мақалада М.Өтемісұлының суреткерлік шеберлігі, ақынның поэтикалық тілі, өлең өрнектері сараланады. М.Өтемісұлы поэзия­ сындағы лирикалық кейіпкер, тақырыптық­идеялық мәселелер, ав­ торлық ұстанымдар қарастырылады.
2015

Мақалада көркем мәтінді талдаудың түрі болып табылатын интер­ текстуалдық мәселесі қарастырылады. Қазақ прозасы мен поэзиясын­ дағы, авторлық ауыз әдебиетіндегі интертекстуалдық байланыстардың фольклорлық негізі танылады және соған сәйкес интертекст поэти­ касының құрылымдық ерекшеліктері айқындалады. Мақалада интер­ текстуальдық теориясының бастаулары саналатын М.Б. Ямпольский, И.В. Арнольд, М.М. Бахтин, У. Эко, Ж. Женнет, Ю. Кристева, Ю.Н. Ты­ нянов, Ф. де Соссюр, Г.В. Денисова, Ю.М. Лотман, М.Л. Гаспаров сияқты шетел ғалымдарының еңбектеріне шолу жасалады. Интертекст проблемасына қатысты ой сілемдері қазақ әдебиеттануының бастапқы кезеңдеріндегі еңбектерде кездескенмен, кейінгі уақытта қарастырыла бастады. Ұлттық әдебиет туындыларындағы интертекстуальдық байла­ ныстар көбінесе дәстүр жалғастығы принципі тұрғысынан немесе нә­ зирагөйлік үлгісінде зерделенді. Сондықтан біздің мақаламызда осы олқылықтардың орнын толтыру мақсаты көзделеді. Осы тұрғыда біз ұлттық әдебиетіміздің әралуан үлгілеріндегі интертекстуальдық бай­ ланыстардың көркемдік функциясын ашуда, олардың өзіне тән ұлттық ерекшеліктерін танытуда шығарма мәтінінің құрылымына терең талдау жүргізіп, нақты дәйектер арқылы байыптадық. Интертекстуальдық құ­ рылымдардың фольклорлық негізін айқындайтын еңбектерді қарас­ тырдық. Батыс, орыс әдебиеттануындағы интертекст теориясына, қа­ зақ әдебиеттануындағы азды­көпті еңбектерге сүйене отырып, авторлы ауыз әдебиетіндегі – жыраулар поэзиясы мен шешендік сөздердегі, жазба көркем әдебиеттегі интермәтін қызметі талдауға алынады.
2015

Мақалада ел тәуелсіздігі жарияланғаннан бергі уақытта жазыл­ ған романдар тақырыптық жағынан топтастырылып, жаңа дәуірдегі жаңа романдардың идеялық, мазмұндық ізденістері негізгі зерттеу нысанында қарастырылады. Сондай­ақ, романның кең тараған та­ қырыптары мен сабақтас тақырыптар өзара салыстырыла отырып, нақтылы романдар төңірегінде талданады. Тарихи тақырыптағы ро­ мандарға кеңінен тоқталып өтеді. Қазақ романдары ішінен тари­ хи романдардың І. Есенберлин бастаған көшінен бергі кезеңдерде сан жағынан да, сапа жағынан да озық тұруы ХХ ғасырдың соңғы ширегі десек, бұл тәуелсіздік алған алғашқы он жылдыққа да тән. Сондықтан да, мақалада тарихи романдар өрісі, ұлттық, тәуелсіздік идеясын жалаулатуға үлесі, өзге де тарихи тақырыпқа жақын роман түрлерімен қатар аталады. Тарихилық ұғымының аясында романдар­ дың сипатын тануға жол ашылады. Жазушы шеберлігі мен шығарма шырайын танытуға аса мән берілген. Романдардағы тұлғалар өмірі, төңкеріс, аштық, соғыс, 86­дағы Желтоқсан тақырыптарының идея­ лық­мазмұндық ізденістері, көркемдік шешімдері талданады.
2015

Ғылыми сипаты айқын бұл мақала қазіргі қазақ әдебиеттану ғы­ лымында назардан тыс қалып жүрген көкейкесті мәселеге арналған. Мақалада ұлттық әдебиеттану ғылымындағы қазақ библиографиясы­ ның жеке сала болып қалыптасу тарихы ғылыми тұрғыда сараланған. Автор ұлттық ғылыми­зерттеушілік ой­пікірде библиография сала­ сындағы алғашқы ізденістердің ХХ ғасыр басындағы баспасөзден бастау алатынын тілге тірек ете отырып, «Қазақ» газетіндегі жарық көрген кітаптар туралы алғашқы хабарламалардан басталған осы сала бойынша барлық қадамдарды нақты сөз етеді. Егер библиография баспасөз бен кітаптану ғылымына тікелей байланысты болатын болса, онда кез келген ғылыми ізденістердің нә­ тижесі осы библиографияға барып тірелетіні анық. Сондықтан автор 1920 жылдардан осы сала бойынша жасалған ғылыми ізденістердің мән­маңызына бүгінгі күн тұрғысынан баға береді. Кеңес дәуіріндегі ұлттық библиографияның ізденістері мен іркілістеріне, жетістіктері мен кемшіліктеріне ғылыми тұрғыда талдау жасалған. Ә.Тоқмағамбе­ тов, Н.Сәбитов, В.М.Сидельников, Ғ.Әбетов және тағы басқалардың жарық көрген библиографиялық көрсеткіштерінің ұлттық библогра­ фияның тууы мен қалыптасуы жолындағы өзіндік ерекшеліктері жан – жақты талданған.
2015

Қазақ әдебиетінің тарихында шығармашылық ғұмырбаяны кейін­ гі кезеңде ғана толық зерттеуге тартылып отырған қаламгердің бі­ рі – Көдек Байшығанұлы. Ақын шығармашылығының негізгі арқауы – ел басынан өткен ХХ ғасыр басындағы аумалы­төкпелі ауыр кезең. Қазақ әдебиетінде 1916 жылдың елді дүбілтіп, ен жайлап отырған жерінен ауа көшірген ақ патшаның зілді бұйрығынан кейінгі оқиға­ лардың тарихи шындығы кең ауқымда көркемдік өріске тартылған. Прозада да, поэзияда да сол бір күндердің ақиқаты баяндалды. Бұл тақырып – қазақ әдебиетінің дамуындағы көкейкесті тақырыптар­ дың бірі болып қалыптасты. Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Асқар Сүлейменов, т.б. сөз зергерлері дүрбелең уақыт аясындағы адам тағдырлары тұр­ ғысында шынайы шеберлік тұнған прозалық шығармаларын жазды. Мақала авторы Көдек Байшығанұлының ақындық шеберлік тәсілдері, оның поэзиясындағы дәстүрлі үлгілер мен дара ақындық машық, тіл шеберлігі, замана ақиқатын саралау, тану өресі тұрғысында пайым­ даулар жасайды.
2015

Мақалаға арқау болған қазақ хандығы және жыраулар поэзия­ сындағы ел бірлігі мәселесі. Жыраулар поэзиясы – ауызша және жаз­ баша сөз өнері поэзияның көшпелі тұрмыс мәдениеті жағдайындағы өзгеше құбылысы. Қазақ мәдениетінің көшпелі тұрмыс аясындағы сипатында адамгершілік тәрбиесі маңызды орын алады. Қазақ әде­ биеті ұлттық болмысымыздың қалыптасуында аса қуатты ықпалды­ лығымен ерекшеленеді. Мемлекетті басқарған хандардан бастап, есі енді кіре бастаған балаларға дейін сөз өнерінің тәлім­тәрбиелік, эстетикалық ықпалын қабылдайды. Халық «Өнер алды – қызыл тіл» десе, сол тіл өнерін жете меңгерген, аузын ашса болды көмейінен күмбірлеп жыр құйыла жөнелетін адамның жұрт алдында зор бедел­ ге ие болуы заңды құбылыс. Олай болса қазақ хандығы дәуіріндегі ақын­жыраулар поэзиясының басты көтерген тақырыптары, негізінен ата­қоныстары, отаншылдық, елтанушылық, адамгершілік, тәлім­тәр­ бие, ұлттық дүниетаным, әсіресе қазақ халқының қасиетті ата­қоныс мекендері үнемі сөз арқауына алынады.
2015

Бұл мақалада қазақ поэзиясында, әсіресе қазақ балалар әде­ биетінде өзіндік орны бар ақын Қайрат Жұмағалиевтің рухани мұра­ сы талданған. Балалар ақыны болу, баланың жан дүниесін тану тал­ май ізденуден тұратындығы ғылыми мақалада нақты мысалдармен ашып көрсетілген. Баланың қоршаған ортаны білуге ұмтылуы сұрақ қою арқылы көрінетіндігін ақын қысқа шумақтар арқылы нанымды әрі шебер жеткізе білгендігін мақала авторлары жан­жақты ашып бе­ ре алған. Қайрат Жұмағалиевтің бесік жырларының ауыз әдебиетімен бірлігі, сабақтастығы және өзіндік ерекшелігі бұл өлеңдердің ұрпақ тәрбиесіндегі қызметі зерттеуде сөз болады. Қазақ отбасындағы ба­ ла, ата­ана, ата­әже яғни буын сабақтастығындағы өзара сыйластық пен түсінік, олардың тұрмыстағы өзіндік орындары, сөз саптаула­ ры ұлттық ментальдіктегі ерекшеліктер екендігі дәлелденген. Бала­ лар жырына қойылатын талаптар тіл ұстарту, жаттауға жеңіл сөздер ақын тарапынан аса тапқырлықпен таңдалып алынғандығы деректі мысалдармен көрсетіледі.
2015


Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.