Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлттық библиографияның қалыптасу жолдары

Қазақ зиялылары ХХ ғасырдың 1920 жылдарының бас кезінен-ақ төңкеріске дейінгі әдеби мұраны жинау, жариялау, ғылыми тексеру, сол арқылы ұлт әдебиетінің тарихын жазу жолындағы жұмыстарды қызу қолға алды. Бұл бастама өзінің туу дәуірін бастаған ұлттық әдебиеттану ғылымында библиография саласында соны қадамдар жасауға да мұрындық болды. Себебі, әдеби мұраны игеру мәселесі ХҮІІІ-ХІХ және ХХ ғасыр басында жарық көрген қазақ кітаптарына, қолжазбаларға, жылнамалар және шежірелерге деген ғылыми мақсаттағы ғылыми танымдық сұраныстар мен ізденістерді туғызды.

Ол заңды құбылыс еді. Академик Ә. Марғұланның «кей ғалымдар библиографияның қадірін түсіне бермейді, ғылым дегенің библиографиядан басталады» деген пікірінде үлкен шындық жатыр.Ағарту халық комиссариатының қолдауымен қазақ тілінде басылған кітаптардың тізімін алу, анықтау, көрсеткіш ретінде шығару жолындағы жұмыстар жүргізіле бастады. Бұл бір жағынан кеңес өкіметінің өткендегі әдеби мұра туралы саясатына да байланысты еді. 1920 жылы 30 маусымда «РСФСР-дағы библиография ісін Ағарту халық комиссарлары Советіне беру» туралы Халық Комиссарлары Советінің В.И. Ленин қол қойған декреті шыққан болатын. Библиография жұмыстарына мемлекеттік дәрежеде мән берген бұл құжаттың маңызы зор еді.

Біріншіден, өткендегі әдеби-мәдени мұра атаулының барлығы «үстем тап идеологиясы ықпалында жасалған, сондықтан оларды тарихтың күл-қоқысына лақтырып тастап, бұрын болмаған жаңа пролетариат әдебиетін жасаймыз» деп даурыққан пролеткульшыл көзқарастағыларға аз да болса тоқтау салды. Кітапханалардағы әлемдік әдебиеттің үлгілерінен көшеде от жағып жылынған жұмысшы-шаруа солдаттарын көрген М. Горький В.И. Ленинге жыларман болып барып «Тоқтат, ана варварларыңды» деп жалынғаны тарихтан мәлім. Қазақстанда тура осындай дәрежеде бола қоймағанымен, араб алфавитінде жазылған рухани көне жазба жәдігерлік мұра иелеріне «ескішіл, хандық дәуірді аңсайтын керітартпа, тап жауы» деген айыптар тағылып, ел арасындағы біршама қолжазбалар мен кітаптардың көзі құртылды. Біразын «тап жауы» аталудан қорыққан ел жерге көмді, өртеді, жойды.

Екіншіден, оған кеңес дәуірінде де жалғасын тауып келе жатқан отаршылдық саясат та өз әсерін тигізбей қалмады. Арап әрпінен латыншаға көшу науқаны басталғанда қазақ оқығандары екіге жарылды. Алаш арыстары «араб әрпінен жасап алған әліп-биімізге жер жүзінде әліп-би баласы жетпейді» деген қағиданы ұстанды. Латыншаға көшу ғасырлар бойы халқымыздың рухани азығына айналған жазба мұраларымыз көзін құрту арқылы орыстандыру саясатының құйтұрқы әрекеті еді. Онсыз да «пролеткульшылдық» және «тұрпайы социологизм» теориялары көзқарасында таптық тұрғыдан теріске шығарылып жатқан жазба жәдігерлік мұрадан түгелдей айырылу қаупі төнді. Бұған орыс большевиктерінің пантюркизм, панисламизмге қарсы күре сі белгілі бір дәрежеде әсер етпей де қалмады. Түркі тілдес халықтар мен ұлттардың басын құрайтын Түркістан Федерациясын құру идеясының көтерілуі оларды қатты қауіптендіргені де рас. Латыншаға көшуге қарсы жазған А.Байтұрсынұлының: «Түрік жұртының 90%-ы баяғыдан бері араб әріпін пайдаланып келеді. Әрқайсысының араб әрпімен жасалған хат мәдениеті бар. Хат мәдениеті деп әріпке қатысы бар нәрсенің бәрі айтылады, мәселен, сауаттылық, оның жүзіндегі дағдылы өнер-білім, ілім, емле үйрету әдісі, баспа істері, баспа мамандары жазба мамандары, жазылған басылған барша сөздер, тағысын тағы сондайлар» [1], – деген пікіріндегі асты сызылған сөздердің мағынасы бұрынғы әдеби мұраны игеру, оның ғылыми библиографиясын жасау мәселесіне қатысты екені анық.

Үшіншіден, осы декрет кеңес өкіметінің ғылым мен мәдениетті, әдебиет пен өнерді дамыту саясатына байланысты, библиография және баспа ісін жан-жақты өрістетуге арналған мемлекеттік мәндегі үлкен жоспардың жасалуына негіз болды.

Қазақстанда алғашқы қадам деп 1920 жылы Бүкілресейлік мемлекеттік баспаның қазақ бөлімшесінің Орынбор қаласында ашылуына айтар едік. Егер библиография баспасөз бен кітаптану ғылымына тікелей байланысты болатын болса, кейінірікте «Қазақстан» атанған бұл баспаның сол жылдарда атқарған қызметі орасан зор. Осы жоспарға сай библиографиялық іс-шараларды жүзеге асыру мәселесін қазақ оқығандары 1924 жылы 12 шілдеде Орынборда өткізілген «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде» талқылады. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жарыққа шығару мәселесі сөз болғанда, жазба жәдігерлер мен бұрынғы шыққан кітаптардың библиографиясын жасап, қажетті деп табылатын таңдаулыларын қайта бастырып шығару керектігіне айрықша көңіл аударылды [2]. Соның негізінде библиографиялық көрсеткіш жасау ісі ғылыми мақсатта қолға алынды. Оған алғаш үн қосқан А. Затаевич болды. 1925 жылы «Қазақ халқының 1000 әні» кітабын жариялағанда осы еңбегін жазуға пайдаланған материалдар негізінде «Қазақтың халық музыкасы туралы әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіш» деген тарауды қосты. Орыс тілінде басылғанымен, онда халқымыздың ұлттық музыкасы мен ән-өмірі туралы осыған дейін жазылған барша материалды қамтуға деген оң бастама болды. Ғылыми сипаты жағынан алғанда тақырыптың библиография жасау жолындағы алғашқы барлау ретіндегі маңызын атап өткен орынды болмақ.

Біздің ойымызша, білімпаздар съезінде қазақ кітаптарын жинап-жариялау және зерттеуді ұйымдастыру жұмыстары М. Дулатовқа сеніп тапсырылған. Нақты алғанда ұлттық библиографияның негізін қалаушы деп М. Дулатовты атаған дұрыс болар еді. Ол осы сала бойынша төңкеріске дейін-ақ азды-көпті тәжірибе жинақтап үлгерген-ді. Бұл турасында, яғни төңкеріске дейінгі қазақ библиографиясының ізашары болған бастамаларға монографиялық еңбегімізде біршама тоқталған болатынбыз [3]. Сондықтан тек М. Дулатовқа байланысты ғана қысқаша айтып өтелік.

«Қазақ» газеті өзі жарияланып тұрған бес жылдың ғұмырында «Жаңа кітаптар», «Қазақ басқармасында сатылатын кітаптар» және оқуағарту, әдебиет тақырыптарында жариялаған хабарлар мен мақалаларда жарық көріп жатқан хрестоматия, оқулықтар, фольклорлық шығармалар, жекелеген көркем шығармалар және әдеби жинақтар туралы үзбей мәлімет беріп отырды. Оны жолға қойған – М. Дулатов, әрине А. Байтұрсыновпен бірге. Мысалы газеттегі «Кітап сұраушылар ескерсін» (1915, № 105) аталатын мақалада Ғ. Қарашев кітаптары туралы библиография тұрғысынан алғанда аннотациялық және анықтамалық сипаттама берілген. «Қазақтың» библиографиялық ізденістерінде «Қазақ басқармасында сатылатын кітаптар» айдарымен редакция тарапынан жазылған мақалалардың мәні де назар аударарлық. Мысалы, 1915 жылғы осы атаумен шыққан хабарда қазақ тілінде басылған 10 кітаптың тізімі берілген. Олар: А. Байтұрсыновтың «Әліппе», «Маса», «Тіл құрал» (1-жыл үшін), «Тіл құрал» (2-жыл үшін), М. Дулатовтың «Қазақша қираәт кітабы», «Бақытсыз Жамал», «Есеп құралы» (1-жыл үшін), «Есеп құралы» (2-жыл үшін), Ғ. Қарашевтің «Аға тұлпар», Б. Өтетілеуовтің «Жиған-терген» кітаптары. Міне, осындай дәрежедегі хабарлар газеттің он тоғыз санында жарияланғанына қарасақ, газет өзі шығып тұрған жылдарда қазақ кітаптарының библиографиялық сипаттағы тізімін толық көрсетуге бар мүмкіндігін жұмсады деуге толық негіз бар. Бұл жеке кітаптар туралы анықтамалар мен дәйектемелерді есептемегенде. Сол сияқты М. Шоқаевтың 1915 жылғы № 156 санында жарияланған мақаласына орай, ғалым бастырған этнографиялық материалдар мен фольклорлық үлгілерді «Ертегі-хикаялар», «Мысалдар», «Тарихи қағаздар» деген үш топқа бөліп, олардың толық тізімін берген. Бұл – төңкеріске дейінгі тақырыптық библиография жасау жолындағы тың ізденістің болып жатқанының да айғағы.

«Қазақтағы» библиографиялық сипаттағы ізденістер басқарма тарапынан жарияланып жатқанымен негізгі салмағы М. Дулатовқа түскенге ұқсайды. Оны жазушының өз атынан жариялаған мақалалары да дәлелдейді. Мысалы, 1914 жылы жарық көрген «Ш.Ш. Уәлихан» мақаласында ғалымның «Записи императорского Географического обществоның» ХХІХ томында (1904) Н.Н. Веселовский бастырған еңбектерінің тізімін келтірсе, 1923 жылы «Еңбекші қазақтағы» «Баспасөз үлесі» мақаласында осы кезге дейінгі 42 газет-журналдардың тізімін келтіреді. Олардың 32-сінің жабылып қалу себептеріне анықтамалық деректер беруімен қатар, баспасөзді шығару мен тарату мақсатында атқарылатын негізгі деген он бір іс-шараны атап-атап көрсетеді [4].

«Қазақ» газетін шығаруда библиографиялық сипаты айқын танылатын еңбектер жариялауда азды-көпті тәжірибе жинақтаған М. Дулатовтың 1920 жылдардағы ұлттық библиография жасау жұмысына тайсалмай араласуы сондықтан деп ойлаймыз. 1926, 1927 жылдары шыққан «Қазақ тілінде басылған кітаптардың көрсеткіші» және «1929 жылдың 1 тамызына дейін шыққан кітаптардың тізімі» (1929) деген атпен жарық көрген библиографиялық көрсеткіштер дәрежесінде көрініс тапты. Оларды баспаға дайындаған М. Дулатов еді. Бұлар тек төңкерістен бері қарай жарық көрген қазақ тіліндегі кітаптарға арналған библиографиялық көрсеткіштер болатын. Толық әрі жан-жақты жасалмағанымен, бұлар қазақ библиографиясының бір қадам алға басқанын танытатыны анық еді. Бұдан басқа мерзімді баспасөз бетінде «Советская степь» газетінде «Алексей П-ко» дегеннің «Библиография о книге Г. Тверина «Песень о Козы Корпеш и Баян сулу» (1927, №44), Ага деген автордың «Библиография» /О книге «Молодой Казахстан»/ (1928, № 260) аталатын мақалалары жарияланғанмен, мардымды ештеңе жасалған жоқ. Алаш арыстарының қудалануына байланысты осы игі бастама еріксіз үзіліп қалды. «Ұлтшыл-алашордашыларды» әшкерелеу науқанының әсерінен олар жазған оқулықтар мен ғылыми еңбектер зиянды саналып, қолданыстан алынып тасталып жатқан 30-жылдардың басында библиография саласындағы ізденістердің жалғасын таппауы заңды да еді. Бар-жоғы «Еңбекші қазақта» Қ. Әбішұлының «Библиография жұмысын жандандыру туралы» (1931, № 24) мақаласы ғана жарық көрді. Басқасын айтпағанда Ұлы Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл толуын республикалық дәрежеде атап өтіп жатқанда да ақын шығармаларының толық жинағы жарияланды. Бірақ ол туралы танымдық-тағылымдық, ғылыми-зерттеу мақалалар мен еңбектердің библиографиялық көрсеткіші жарық көрмеді. Бұл бағыттағы жұмыстар тек қырқыншы жылдары ғана жалғасын тапты. Оның өзінде маркстік-лениндік әдіснаманың әдебиеттің таптығы, партиялығы қағидаларының негізінде жазылуы талап етілді. Қазақ библиографиясының білгір маманы Ә. Нарымбетовтің пікірімен айтсақ: «Орыстың әйгілі библиографы Н.А. Рубакиннің «Кітаптар арасында» атты библиографиясының ІІ томына жазған рецензиясында В.И. Ленин кемшіліктерін де қатал сынаған болатын. Осы рецензияда В.И. Ленин библиография жасау ісінің ғылыми принциптерін талдап көрсетті. Библиографияның да үнемі партиялық болуын талап етуімен бірге, оның халықты саяси тәрбиелеуде маңызды орын алатынын айтып берді. Сондықтан библиография жасаушы әр уақытта да озат көзқарасты жолбасшылыққа алғанда ғана, қалың бұқараға пайда келтіретінін, ал библиографиядағы «бипартиялық» буржуазиялық идеяның батпағына батырып, еңбекші халықтың санасын улайтыны нақты да ашық түрде дәлелдеп беруі» қажет екендігін кеңестік идеология қырағылықпен қадағалап отырды [5]. 1920-30 жылдардағы азды-көпті ізденістер алашшылдарды қудалауға байланысты, бұл іс еріксіз үзіліп қалды да, тек қырқыншы жылы қайта жалғасты.

Негізінен библиография уақыт тұрғысынан алғанда ағымдық және ретроспективті деп екіге, мазмұны жағынан жалпы, персональды, тақырыптық библиография деп үшке, ал мақсаты жағынан көпшілікке арналған және ғылымизерттеу жұмыстар үшін ғылыми библиография болып екіге бөлінеді екен [5, 23]. 1940-55 жылдар аралығындағы сөз еткелі отырған библиографиялық көрсеткіштер негізінен ретроспективті (белгілі тарихи кезең материалдарынан құрастырылған, персональды және ғылымизерттеу жұмысына арналғанын байқаймыз. Бұл бағыттағы жаңа қадам 1940 жылы Абайдың екі томдық жинағын бастырып шығаруға байланысты жұмыстарға орай көрінді. Ұлы ақынның туғанына 95 жыл толуына арналған «Абай» атты библиографиялық көрсеткішті Ы. Дүйсенбаев, Е. Ысмайылов, Қ. Бекхожиндер 1940 жылы бастырып шығарды. Осыдан бастап жеке ақын-жазушы шығармашылығына арналған (персональды) библиографиялар жасау ісі қолға алынды. Осы кездегі қазақ библиографиясының дамуына ерекше еңбек еткен Н.Сәбитов болды. Абайға арналған алғашқы көрсеткіште сыни библиографиялық материалдар, өлеңдер ғана қамтылған болса, Н.Сәбитов оны толықтыра дамыта отырып, 1946 жылы «Абай» атты (қазақша-орысша) өз еңбегін шығарды. Онда ақынның 1889-1945 жылдар аралығында басылған шығармалары мен ол туралы жазылған танымдық, зерттеушілік еңбектердің барлығы библиографиялық тұрғыда жүйеленді.

Бұл библиографиялық көрсеткіштердің ғылыми танымдық мәні зор еді. Себебі, Абай шығармашылығын зерттеуге негіз боларлық еңбектерді бір жүйеге келтіріп қана қоймай, ақынның академиялық толық жинағын шығаруға, текстология мәселелерінің нақты сөз бола бастауына өз әсерін тигізгені анық. Мысалы, текстология, яғни ақын шығармаларының түп нұсқасын анықтау, нақтылау мәселесі осы академиялық жинақтағы түсініктерде біршама көтерілсе, Б.Жақыпбаевтың «Абай шығармаларының текстісі» (Майдан, 1945, №2) мақаласында да біршама сөз болады. Абай өлеңдеріндегі шумақтар мен кейбір жолдардың өзгеріске ұшырауын салыстыра қарап, түпнұсқасын табу жолында кейбір жаңсақтықтар жібермеу жағы қатты ескертіледі. Абайдың 1933 жылғы толық жинағы текстологиялық жағынан сапа сы төмен болғандығын М. Әуезов өзі ескерткен болатын. Енді М. Әуезов айтқандай, «текстологиялық талдаулар үшін Абайдың творчестволық методы мен индивидуалдық ақындық ерекшелігі негіз болатыны» басшылыққа алына бастады. Ол Т. Әбдірахмановтың «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» атты мақаласында біршама тарамдатыла баяндалды да, ақын өлеңдерінің бастапқы түпнұсқасын қалпына келтіру ғылыми тұрғыда қарастырыла басталды.

Абайға арналған осы екі көрсеткіш қазақ библиографиясының алғашқы іс-тәжірбиесі болғандықтан және абайтанудың барлық мәселелерін «ұлтшылдар» мен «халық жауларына» байланысты көзқарастың кесірінен қамти алмағандықтан, толық мәнді еңбек бола алмағаны айтпаса да түсінікті. Алайда, олар жеке ақын-жазушы шығармашылығын библиографиялық тұрғыда жүйелеуге бастама салды. Н. Сәбитов бұл саладағы ізденістерін жалғастыра отырып, Ғылыми академиясының «Хабаршысында» (1950,

№ 2, 5) Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин туралы жарияланған материялдардың библиографиялық көрсеткішін орыс тілінде жариялады. Бұл секілді сәтті қадамдар қазақ библиографиясының өзге түрлерінің де туа бастауына әсерін тигізбей қалмады. Енді ретраспективті сипаты анық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған жалпы библиографиялық көрсеткіштер жазыла бастады. Ол алғашқыда «Әдебиет және искусство» журналындағы Ә. Тоқмағамбетовтің

«Революцияға дейінгі басылған қазақ көркем әдебиетінің библиографиясы» (1940, №7-8) атты еңбегінде біршама қарастырса, Н. Сәбитов «Қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» атты кітабында 1862-1917 жылдар аралығындағы әдеби, ғылыми материалдарды бір жүйеге келтірді. «Бұл библиографиялардың олқы жері: оларға әр түрлі себептермен байланысты көптеген маңызды материалдардың енбей қалуында. Толық болмаса да, тұңғыш тәжірибелер ретінде қазақ әдебиет библиографиясының тарихында Н. Сәбитов құрастырған библиографиялық көрсеткіштерінің өзіндік орны бары даусыз» [6]. Бұлардың қатарына 1948 жылғы «Қазақ әдебиеті тарихының» 1 томындағы көрсеткіш пен Ғылым академиясы басылымдарының библиографиясын (1952) қоссақ, ағымдағы және бұрынғы баспасөз бен басылымдардағы әдебиетке қатысты материалдарды бір жүйеге келтіру, пайдалану жұмыстары үздіксіз жүріп отырғанын көрер едік. Бұны айтқан уақытта 1940-55 жылдар аралығындағы қазақ библиографиясында орны елеулі екі еңбекті ерекше атаған орынды. Олар қазақ библиографиясында ретроспективті тақырыптық, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға көмегі тиетін көрсеткіштерге тән негізгі сипаттарды толық көрсетуімен құнды еді. Алғашқысы ─ В.М. Сидельниковтің 1951 жылғы халық ауыз әдебиетіне арналған орыс тіліндегі еңбегі. Онда қазақ фольклорына байланысты 1771-1916 жылдар аралығындағы барлық материал қамтылған. Жарияланған және жарық көрген фольклорлық үлгілер мен зерттеу еңбектер енгізіліп, бұрынғы көрсеткіштерде қамтыла қоймаған тың деректермен толықтырылып шықты. Негізінен орыс тілінде жарияланған басылымдар бойынша жұмыс жасау басты назарда болып, қазақ тілінде жарияланған бірталай материалдар енгізілмей қалғанымен, бұл еңбек фольклортану саласындағы да ғылыми ой-пікірлерді бір арнаға жүйелеп, библиографиялық тұрғыда нақтылып берді. Ал келесісі ─ Ғ. Әбетовтің «Қазақ совет әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» аталатын қазақша-орысша шыққан еңбегі (1956). Бұл кеңес дәуіріндегі әдебиет туралы қырқыншы жылдарда әр түрлі сипатта және мазмұнда шыққан көрсеткіштердің барлығын ғылыми тұрғыда саралай отырып, толықтырған көрсеткіш болды. Онда ақын-жазушылардың 1917-1946 жылдар аралығындағы басылған идеологиялық саясатқа қарсы келмейтін көркем шығармалары және олар туралы сын мақалалар, ғылыми еңбектер енгізілген. Көрсеткіштің таза әдебиет мәселесіне арналмай марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектері, партиялық құжаттар мен қаулы-қарарлардың орын алуын сол кездегі заман талабы деп ұғар болсақ, бұл көрсеткіш те қазақ библиографиясының алға басқан сәтті табысы дер. Қазақ библографиясы мен текстологиясы жайында бұл айтылғандардан шығар қорытынды: ұлттық әдебиеттану ғылымы өзінің даму жолын бастаған кезеңінде бұл салаларында да көңіл аударарлықтай ізденістер жасап, келешекте туатын сүбелі еңбектердің іргетасын қалап жатқанын көреміз.

 

Әдебиттер

  1. Байтұрсынов А. Араб әліппесін жақтаған баяндамасы //Ақжол. ─ Алматы, 1991. ─ 326 б.
  2. Ауыз әдебиетін жинау, кітаптарды жазу, шығару мәселесі // Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі. ─ Орынбор, 1925. ─ Б. 105-110.
  3. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. ─ Алматы, 1999. ─ Б. 151-157.
  4. Дулатов М. Шығармалары. ─ Алматы, 1991. ─ Б. 251; 304.
  5. Нарымбетов Ә. Қазақ совет әдебиеті / Әдебиеттану мен сынының библиографиялық көрсеткіші. ─ 1917-40 ж. ─ І том. ─ Алматы, 1970. ─ Б. 6.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.