Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Иероним Мегизер және түркі тілі

2012 жылы Ресей Федерациясының Татарстан Республикасында ортағасырлық түркі грамматикасы жарық көрді. 400 жыл бұрын Лейпцигте жарық көрген түркі бұл грамматикасының түркітану ғылымында маңызы зор. Бұл еңбектің авторы -Иероним Мегизер, ол Кіші Азияны мекендеген түркілердің ауыз екі тілінің грамматикасын зерттеп, төрт кітаптан тұратын зерттеу жұмысын жазған. Түркі тілдерінің негіздері деп аталған бұл ғылыми шығарма -латын тілінде жазылған алғашқы түркітанушылық еңбек. Онда түркі тілінің фонетикадан бастап, барлық салалары қамтылған. Еңбектің төртінші тарауында сөздік берілген. Мақала осы еңбекті қазақ оқырмандарына таныстыруды мақсат етеді.

Иероним Мегизер түркі тілінің грамматикасын басылым түрінде шығарған еуропалық бірінші ғалым. Төрт кітаптан тұратын бұл еңбек («Institutionum linguae Turcicae libri quatoun») Лейпцигте 1612 жылы латын тілінде жарық көрген жəне қазір Лейпциг университетінің кітапханасында сақтаулы.

Иероним Мегизер 1554 жылы Штутгард қаласында дүниеге келген, 1571-1577 жылдары Тюбингенде оқып, ұстаздық еткен. 1582 жылы Падуя қаласында құқық саласынан білім алған. Оның өміржолын зерттеген Т. Эльце бұл ғалымның тарихта аса білгір жəне тəжірибесі мол саяхатшы ретінде танылғанын, Итальяға, Мальтаға, Англияға, Голландияға сапар шеккенін айтады [1, 183-185]. Ол өз заманының қаламы қарымды тарихшысы, аудармашысы жəне компиляторы болған, ол тарихи, философиялық, географиялық жəне поэзиялық шығармаларды жарыққа шығарушы баспагер ретінде де танылған. Марко Поло саяхатнамасын неміс тілінде бірінші жариялаған, Сібір туралы əңгімелер мен компиляциялар, алғашқы анықтамалық қалта кітапшаларын шығарған адам. Сонымен қатар астрономия, картографиямен де айналысқан. 1590 жылы Грацта эрцгерцог Карлдың тарихнамашысы, 1593-1601 жылдары Клагенфуртте протестант мектебінің директоры болған. Франкфуртқа қайта оралғаннан кейін Лейпциг университетінде профессор, 1612 жылы Линц қаласының қалалық кітапханасының директоры болған. 1619 жылы Австрияның Линц қаласында қайтыс болған.

Иероним Мегизер көп тіл білген, солардың ішінде түркі тілі де бар. «Institutionum linguae Turcicae libri quatoun» атты еңбегі – осы білімнің жемісі. Ғалымның бұл еңбегі түркі əлеміндегі ғалымдардың назарынан тыс қалған жоқ. Оны алғаш түрік ғалымы А.Дилячар зерттеген [2, 197-210]. ТМД елдерінде бірінші рет татар ғалымдары А.Каримуллин мен Х.Махмудов зерттеген. 2012 жылы татар ғалымдары бұл еңбекті татар жəне орыс тілдеріне аударып, кітап қылып шығарды [3].

Бұл басылымға Татарстанның халық ақыны, Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің мəдениет, ғылым мен білім жəне ұлттық мəселелер комитетінің төрағасы Разил Вəлиев алғы сөз жазған.

Кітап Татарстан Республикасы мен Еркін Саксония мемлекеті арасындағы Коммюнике аясында татар халқының тұңғыш Президенті Мыңтемір Шаймиевтің тікелей қолдауымен жарық көрген. Репринтті түрде дайындалған бұл кітапта

«Institutionum linguae Turcicae libri quatoun» түпнұсқасы (факсимиле) мен татар, орыс тіліндегі аудармалары қатар берілген.

Иероним Мегизер өз кітабының алғысөзін арнаумен бастаған. Онда былай деген: «Венгрия, Богемия, Далматия, Сербия, Словения королі, Бургундия, Штирия, Каринтия, Карниола, Вюртемберг, Силезия билеушісі, Моравия мен Лужицы маркизі, Гарбсбург пен Тирольск графы, қасиетті император Рудольф Екіншінің туғаны (ағасы я інісі), император Максимилиан Екіншінің ұлы, Карл Бесінші мен Фердинанд Екіншінің немересі, Максимилиан Біріншінің шөбересі, Фридрих Үшіншінің шөпшегі, өзімнің аса мейірімді, Жоғары мəртебелі əрі құдіретті патшам əрі билеушім Матвей Екінші тақсырға түркі тілдерінің бастапқы негіздері туралы осы кітабымды арнаймын». Патшаға жазған бұл арнауында автор өзінің əлемде бірінші болып түркі тілін зерттеуге кіріскенін жəне шетел тілін кез келген жағдайда, бейбітшілік заманда болсын, соғыс кезінде болсын, білудің маңызын жазып, əсіресе түркі тілін білудің маңызы зор екенін атап көрсеткен. Түркі тілін варварлар тілі деп атай отырып, Матвей Екіншінің түркілермен көп жыл бойы соғысып, жеңгенін мадақтаумен қатар, жаумен күрескенде тіл білгеннің көп пайдасы барын Рим императоры Германия королі Оттон Екіншінің грек тілін білгендігінің арқасында тұтқыннан босап

былдаймыз, фонетикаға арналған бұл тарау алты бөлімнен тұрады.Бірінші бөлімде автор «Түркі тілі негізінен, парсы жəне татар тіліне ұқсас ал араб тілінен айырмашылығы бар» деп бастаған. Құдайға құлшылық еткенде түркілер араб тілін пайдаланады, себебі Құран арабша жазылған дейді. Арабтар қандай əріптерді қолданса, түркілер де соларды, мысалы сол нүктелер мен вокализация белгілерін қолданады деп жазған. Түркі араб əріптерінің саны 31 деген. Араб əліпбиінің түркі тілінің фонетикасын белгілеуде икемделіп, араб əріптеріне қосымша белгілер қосу арқылы, түркі тілінің өзіне тəн дыбыстарын, мысалы п, ч, ң дыбыстарын қалай белгілегенін көрсеткен: پ , چ , ݣ . Түркі əліпбиін таблица түрінде берген: бірінші бағанда əріптің атауы, екінші бағанда латынша дыбысталуы, үшінші бағанда арабша кескіні. Арабша түрін бергенде араб жазуының тəртібімен əріптің барлық кескінін берген, мысалы: ـب بـ ـبـ ب ـا، ا . Латын тілінде жоқ ызың дыбыстарды білдіретін ж, ч, ш əріптерін траскрипциямен береді: dsch –ج, tsch -چ, schش

Екінші бөлім «Əріптерге кейбір шолулар деп аталады», онда түркі əліпбиіндегі əріптерге қатысты 9 түрлі түсіндірме бар. Иероним Мегизер түркі дыбыстарының фонетикалық ерекшеліктері мен қатар жазылу тəртібін дəл түсіндіре алған. Үшінші бөлім «Нүктелер мен дауыстылар туралы» (de Punctis, Feu Vocalibus) деп аталады. Онда автор қазіргі араб грамматикасында харакаттар деп аталып жүрген белгілерді түсіндіреді. Төртінші бөлім «Түркі тіліндегі силлабарий» деп аталады. Мұнда түркі тілінің буын жүйесін

көрсететін мысалдар тобы берілген, мысалы: ب

шыққанын, осман түркілерінің қолына түскен

ب ،ب، be,bi,bu; ب

ب ،ب

، – ben, bin, bun; ، ب

بَب ،

Паннонии Яуриннің түрікше аздап білгендігінің арқасында аман оралғанын мысал ретінде келтірген [3, 11-20].

Бұл кітап ХҮІІ ғасырда Кіші Азияны мекендеген түркілердің ауызекі тілінің грамматикасының сипаттамасы. Бұл грамматиканы татар ғалы-

بُب– beb, bib,bub ….

Бесінші бөлімде түркі тілінде дұрыс оқу мен дұрыс сөйлеудің үлгілері араб тілі мен графикасының мысалымен берілген. Бірақ мысалды мұсылмандық тұрғыда емес, христиан дінінің мінажатымен берген:

мы Д.М. Насилов сол замандағы Кіші Азиядағы

واالبن والروح القدس اله واحد * امين*

بسم األب

түркі мемлекетінде қалыптаса бастаған койненің бізге жеткен нұсқасы деп пайымдайды [4, 7].

Түркі тілінің Иероним жазған грамматикасы латын тілінің грамматикасының үлгісімен құрылған. Еңбек төрт кітаптан (тараудан) тұрады. Бірінші кітабы «Түркі тілдерінің негізгі ережелері немесе түркі грамматикасының негіздері» деп аталады. Бұл кітап латынша «De Orthographia Turc-Arabica» деп аталады, ол заманда кітап деп аталғанымен, біз тарау деп қа-

Аудармасы: Əке мен ұлының жəне қасиетті рухтың, Бір құдайдың атымен. Аминь.

عوننا بسم الرب الذي صنع السما و األرض

Аудармасы: Бізге көмек үшін Көк пен жерді жаратқан иеміздің атымен.

Мінажат бірнеше сөйлемнен тұрады.

Алтыншы бөлімде түркі тілін төл мысалдар арқылы оқып, сөйлеуге арналған 45 жаттығу берілген, солардың кейбіріне назар аударайық:

م ْف ِلس ْم أُول حق قَ ِت ْنده أكسوكم ْق ُدر بَنَ ْم

Латынша транслитерациясы: muflisem ol hak katinde exigum gokdur benum. Аудармасы: Хақ қолында мен бейшарамын (шарасызбын), менің кемшілігім өте көп.

Бұл мысалдардың арасында бүгінгі күнде тілімізде мақал түрінде кездесетіндері де бар. мысалы: Алма ағачдан ирақ душмаз-алма ағаштан жырақ түспес [3, 77]. Бұл мақалды əдетте біз орыс мақалы («Яблоко не падает от яблони») мақал деп ойлайтынбыз, Иеронимнің еңбегінде бұл түркі тілінде беріліпті: Қуру йанында йаш та йанар құрғақтың жанында сулы да жанар [3, 75]. Бұл мақал ХІХ ғасырда Л.З. Будагов құрған

«Түркі татар тілдерінің салыстырмалы сөздігінде» де бар, екі жерде екі түрлі жазылған, бірақ мағыналары ұқсас: Қуруның одинда йашлар да йанажақ/ В огне сухих дров и сырые сгорят (между виновными пострадают и невинные) [5,78-79], Қуру йанжа йаш дхы йанар/ С сухими (дровами) и сырые горят (с виновными и невиновный наказывается) [5, 331]. Бұл екі мақалдың негізі Иеорим Мегизер кітабындағы мақалдан басталатынына еш күмəн болмаса керек, яғни өте көне мақал деген сөз.

Еңбектің екінші кітабы «Түркі тілінің құрылысы немесе түркі грамматикасының негізгі ережелері, этимология туралы» деп аталады. Он төрт бөлімнен тұратын бұл кітапта түркі тілінің сөз таптары мен грамматикалық категорияларына сипаттама берілген. Бұл тараудың атауында

«этимология» терминінің қоса берілуін былай түсінуіміз керек. Орта ғасырларда «этимология» термині грамматика мағынасында қолданылған тіл білімінің синтаксистен басқа салалары (фонетика, лексика, морфология) осылай аталған [6, 596]. Бұл термин грамматика мағынасында ХІХ ғасырға дейін қолданылып келген [7]. Бірінші бөлімі септік категориясына арналған, Автор түркілердің сөз табында тек категориясының жоқ екендігін атап көрсеткен: əйел туралы болса да, теңіз туралы болса да бəрі бірдей түрде айтылады: бұл еркек, бұл əйел, бұл жануар [3, 78].

Септік категориясына берілген сипаттамада бек (Beg), ер (Er), адам (Adame), сұлтан (Sultan), киабур (Kiabur), оғул (Ogul), отын (Odun), тұман (Duman), ат (Ad), бегур (Begur), жел (Iell), суық (Souk) сөздері мысал ретінде берілген [3, 81-85]. Бұл сөздердің ішінде қазіргі қазақ тілінде сақталғандары көп, тек киабур мен бегүр сөзі ғана тілімізде жоқ. Татар ғалымдары киабур сөзін бай (богач) деп, бегур сөзін айғыр (жеребец) деп аударыпты [3, 82-84]. Сөздердің септелу түрле-

рін жекеше жəне көпше түрде беріп отырған, латынша ол мынадай сипатта:

Singulariter(жекеше түр) Singulariter (жекеше түр)

N.Beg, Dominus Er.Vir.

G.Begung.Domini Erung.Viri.

D.Bege.Domino Ere. Viro.

A. Begi.Dominum Eri.Yirum.

V.ja Beg.ф Domine Ia Er, ф Vir

A.begden, аDomino Erden, а Vire

Pturaliter (көпше түр) Pturaliter (көпше түр)

N.Begler, Domini Erler.Viri. G.Beglerung.Dominorum Erlerung.Virorum. D.Beglere.Dominis Erlere. Viris.

A. Begleri.Dominos Erleri.Yiros.

V.ja Begler.ф Dхini ja Erler, ф Viri.

  1. beglerden, аDominis Erlerden, а Viris

Екінші кітаптың қалған он үш бөлімінде де түркі тілінің грамматикалық категорияларына сипаттама берілген, олар мынадай: есімдердің салыстырмалы шырайлары (De Comporatione Nominum), есімдердің түрлері жəне зат есімдердің туынды түрлері (De Speciebus Nominum, seu Nominibus Derivativis), сан есімдер туралы (De Nominibus Numeralibus), есімдіктер туралы (De Pronominibus), етістіктер туралы (De Verbo), етістіктердің жіктелу үлгілері (Conjugationu verborumex-empla) т.б. Иероним Мегизер түркі тіліндегі етістікке ерекше мəн бергенін осы кітаптағы 6,7,8,9 бөлімдерден аңғаруға болады. Автор етістіктің негізін зерттеуге тырысқан. Ғалым түркі тілінің грамматикасын сипаттағанда латын тілінің грамматикасының ізімен түсіндіруге тырысқан. Сондықтан ғалымның кейбір ғылыми пайымдаулары бүгінгі түркітанушылардың көзқарасына қайшы келеді [3, 284].

Иероним Мегизер еңбегінің екінші кітабында есімше, үстеу, септеуліктер, жалғаулықтар, одағайларға жеке бөлімдер арналған. Бұл бөлімдерде қарастырылған мəселелер жеке зерттеуді қажет ететін тақырыптар. Автор түркі тілінің грамматикасын түсіндіргенде латын грамматикасының категорияларына сүйенген, себебі ол заманда түркі тілдері əлі зерттеу нысанына айнала қоймаған еді.

Үшінші кітабында түркі тілінің əртүрлі жаттығулары, христиан дінінің негізгі ережелері (Құдайға құлшылық сөзі, декалог, 51-ші псалом) жəне 220 мақал берілген, олардың арасында түркі тілінен басқа араб парыс, италья, неміс жəне латын мақалдары да қамтылған [8, 282]. Кейбір мақалдар орыс мақалдарды тіпті орыс мақалдары да деуге болады. Бұл мақалдарды татар ғалымдары татар жəне орыс тілдеріне аударыпты.

ХҮІІ ғасырда еуропа ғалымы қағазға түсірген бұл мақалдардың арасында қазіргі қазақ тіліне жақындары да бар:

  • Балук башдан кокар

татарша: балық баштан черер

қазақша: балық басынан шіриді

  • Эуфмек шейтандендур. татарша: Ашығу шайтаннадыр. қазақша: асыққан шайтанның ісі.
  • Йоргануңе гиоре киосун.

татарша: юрганыңа қарап аяқ сузарсың

қазақша: көрпеңе қарай көсіл.

  • Бир окиле ики куш олмас.

татарша: Бер ук белəн ике кош тотылмас

қазақша: Бір оқпен екі қоянды алмассың.

  • Йарар ат махмусе ихтияжи йоқтур

татарша: Яхшы атның камчыга ихтыяжы юқтыр.

қазақша: Жақсы ат қамшы салдырмас.

Төртінші кітабында сөздік берілген. Сөздік латынша-түркіше жəне түркіше-латынша, бірінші сөздікте 2460, ал екіншісінде 2440 сөз бар. Сөздіктегі материалдар өмірдің барлық саласын қамтитын лексикадан құралған.

Иероним Мегизердің бұл еңбегі түркі тілін зерттеудің алғашқы қадамдарын жəне ХҮІІ ғасырдағы лингвистикалық зерттеудің стилін, сонымен қатар, түркі тілінің сол кезеңдегі қалпын көрсететін, қазіргі ғылым үшін маңызы зор еңбек.

 

Əдебиеттер

  1. Th. Elze, H. Megiser. Allg. Deutsche Biograpfi. – Bd. XXI. – S. 183-185.
  2. Dilicar A. 1612 de Auropada yayimlanan ilk turkce grammerinin ozellikleri. –IDAYB, 1970. – S. 197–210 .
  3. Иероним Мегизер. Төрки тел нигезлəре / Основы тюркского языка. – Казань: Магариф-Вакыт, 2012.
  4. Насилов Д.М. К публикации грамматики Иеронима Мегизера / Иероним Мегизер. Төрки тел нигезлəре / Основы тюркского языка. – Казань: Магариф-Вакы, 2012.
  5. Будагов Л.З. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. – ІІ том. – СПб, 1871.
  6. Виноградов В.А. Ганиева Т.А. Лингвистический энциклопедический словарь / Виноградов В.А. Ганиева Т.А. – М: Советская энциклопедия, 1990.
  7. Варбот Ж.Ж. Лингвистический энциклопедический словарь. – М: Советская энциклопедия, 1990.
  8. Нуриева Ф.Ш., Петрова М.М., Сунгатуллина М.М. Примечания к тюркско-латинской грамматике Иеронима Мегизера (1612 г.) / В кн: Иероним Мегизер. Төрки тел нигезлəре / Основы тюркского языка. – Казань: Магариф-Вакыт, 2012.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.