Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көптілділік және қазіргі тілдік ахуал жағдайындағы мемлекеттік тілді меңгерту әдістемесінің кейбір мәселелері

Қоғам дамуының әрбір кезеңі жаңа әлеуметтік мәселелер тудырып отырады. Олардың оң шешім тауып отыруы – ұлтаралық қатынастардың үйлесімді дамуын қажет етеді. Ал еліміздегі тілдік ахуалдың жақсаруы, дұрыс бағыт алуы – ұлттық-тілдік, саяси-экономикалық, әлеуметтік және мәдени талаптар мен қажеттіліктерге тікелей байланысты.

Көптілділік (полилингвизм) – заман талабы. Көптілділік адамдардың өзара түсінісуіне, рухани ой-өрісінің дамуына, айналасындағы шындықты тануына жол ашады. Әсіресе қазіргі полилингвалды қоғамда түрлі ұлттар мен халықтар өкілдерімен тілдік еркін қарым-қатынас жасау аса маңызды. Қарым-қатынас құралы болып табылатын көптілділік (полилингвизм) және қос тілділік (билингвизм) жайында алыс-жақын шетел ғалымдары болсын, отандық ғалымдарымыз болсын өзекті мәселе ретінде қарастырып, әрқилы пікірлер айтуда. Зерттеуші ғалымдардың бір тобы қостілділік және көптілділіктің ұлттық тілді дамуына кедергі келтіретінін, мемлекеттік тілде сөйлеушінің әлеуметтік белсенділігінің әлсірейтінін, дәлірек айтқанда қазақ тілінің ғылым мен экономиканың тіліне айнала алмай, қазақ тілді орта аясының тарылуына әкелетіндігін айтып дабыл қақса, ғалымдарымыздың енді бірі қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамып жатқан кезеңінде бірнеше тілдерді білудің аса қажет екендігін алға тартады. Көптілділіктің әлемдегі өркениет пен білім жүйесіне сәйкес тыңдаушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын, әлемнің сансыз құпияларын тануға, өз ой-пікірін дұрыс, сауатты жеткізуге ықпал ететіндігі жасырын емес. Жоғарыда атап өткеніміздей, бірнеше тілді меңгеру нақты бір жағдайларға байланысты орын алады. Л.В. Щерба қостілділікті табиғи және жасанды, таза және аралас қостілділік деп бөліп қарастырады. Таза қостілділік бір-біріне бағынышты емес, яки бұл топтағылар екі тілде де таза, біріне-бірін араластырмай тең дәрежеде сөйлейді. Олар екі тілде де кез келген жағдаятта таза, еркін сөйлейді. Екі тілге тән барлық тілдік ерекшеліктер мен заңдылықтарды, сөйлеу әдебі мен мәнерін, интонациясын қатаң сақтай отырып тілдік қарым-қатынасқа түседі. Екі тілде немесе бірнеше тілде өте жоғары, таза, интерферентсіз дәрежеде сөйлейтіндер қатарына оқытушыларды, ғылыми қызметкерлерді, қостілді жазушылар және т.б. жатқызуға болады. Екі тілде интерференттік дәрежеде сөйлетіндер, жазатындар, яғни екі тілде, тілдің бөлшектерін араластырып сөйлейтіндерді аралас қостілділер тобына жатқызуға болады. Ал өз тілінде сөйлегенде, өзге тілдің сөздерін араластырып сөйлеп немесе өз тіліндегі сөздердің баламасын біле тұра екінші тілдің бөлшектерін қолдана сөйлеу, немесе өз тілінде сөйлеп тұрып, оны бірден өзге тілге аударып сөйлеу-жасанды қостілділіктің көрінісі. Осы арада интерферент және интеркаляция ұғымдарына анықтама бере кетсек: интерференция – қостілді адамның екінші тілде сөйлеу кезінде бірінші тілдің әсерінен тілдік нормадан ауытқуы, ал оның бірінші тілде сөйлеу кезінде тілдің әсерінен қате жіберуін интеркаляция дейміз.

Қазіргі кезде мемлекетіміз үштұғырлы (қазақ, орыс, ағылшын) тіл идеологиясын ұстанып отыр. Бұл заман талабы. Әрі кімге болса да, оңай түспейтіні сөзсіз. Еліміздің тарихи және геосаяси орналасу ерекшелігіне байланысты орыс тілінің де ресми тіл қатарында саналуы түсінікті. Ал қазіргі жаһандану заманында ғаламдық деңгейдегі мәдениетаралық қарым-қатынастарға ағылшын тілі арқылы қол жеткізуге болатындығы айқын болып отыр. Бірнеше тілдерді меңгеру

– өркениеттіліктің, әлемдік деңгейдегі дамудың көрінісі ғана емес, саяси, экономикалық, мәдени т.б. байланыстардың кеңеюіне апаратын маңызды жолдардың бірі. Үштұғырлы тіл идеологиясын ұстанып, оны жүзеге асыру арқылы:

Тілдік жағынан ешқандай туыстығы жоқ, өзге ұлт өкілімен аудармашысыз тілдік қатынасқа түсуге мүмкіндік аламыз.

Ғылыми зерттеу салаларындағы дерек көздеріне еркін қол жеткізе аламыз.

Тілдерді еркін меңгерген жағдайда шетелдерге әртүрлі мақсатта (іскери, тәжірибе алмасу, саяхат жасау т.б.) шығуға болады.

Орыс тілінде қолданылып келген терминдердің, кейбір сөздердің қазақ тіліндегі баламасында қолданылуы көбейе түсті.

Мәжілістер, жиындардың қазақ тілінде жүргізілуіне баса мән беріле бастады. (синхронды аударма, ілеспе аударманың маңыздылығы арта бастады)

Ресми іс-қағаздары үш тілде толтырылатын болды.

Қазақ мектептерінің саны артып, ағылшын тілін оқытуды төменгі сыныптардан бастау қолға алына бастады.

Үштұғырлы тіл саясатының жоғарыда аталған позитивті тұстарынан басқа мемлекеттік тіл-қазақ тілінің өркен жаюына кедергі келтіре-

тін жақтары да аз емес.Орыс, ағылшын тілдерін қатар меңгеру кей тұста ана тіліміздің әдеби нормасының бұзылуына әкеліп соқтыруда.Өкінішке орай тілдің дамуы мен қолданыс аясының кеңеюіне әсіресе ықпалы зор бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде қазақ тілді телеарналарда әдеби нормадан ауытқушылықты жиі ұшырастыруға болады.Үш тілді қатар меңгеру – адамның алтын уақытын, күш-қуатының еселеніп жұмсалуына алып келеді. Бұған қоса бір мезетте үш тілде сөйлеуге даяр болу – психологиялық тұрғыдан кәдімгідей дайындықты қажет етеді. Әр тілдің генеологиялық, грамматикалық, фонетикалық, тіпті қабылдау, ойлау тұрғысынан өзгешеліктері бар ғой. Әлеуметтік желілерде (ватсап, фейзбук, вконтактіде, инстаграм) бірбірімен хабарласқанда, электронды почта арқылы хат жазып хабарласқанда, қажетті тілдегі әріптерді таңдап теру уақыт алатын болғандықтан, қазақ тіліне ауыстырмай жаза салу немесе сөздерді орынсыз қысқартып жаза салу әдетке айналып бара жатыр. Бұл өз кезегінде грамматикалық, стильдік қателердің қатарын көбейтеді. Сонымен қатар бұл біртіндеп үстем тілдердің аясында қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық, грамматикалық жағынан ығысуына жол ашатыны сөзсіз. Ал енді ағылшын, орыс тілдерінде сөйлесу басым болған жағдайда, адам тек өз ана тілінде сөйлемей қалуы былай тұрсын, өз мәдениеті мен салтдәстүрлерінен біртіндеп қол үзе бастайтын қаупін жоққа шығаруға болмайды.

Қостілділік мәселесі жөнінде Б. Хасанұлы:

«Ана тілінің дамуы жанұядан бастау алады. Алайда кейбір қазақ жанұясында ана тілінің қолданылуы көңіл көншітпейді. Мемлекеттік қамқорлыққа алынған орыс тілінің арқасында көптеген өз тілін білмейтін қала қазағы бақуатты, ана тілін білмегендіктен, ұлттық мәдениеттен махрұм, сондықтан ондайлар ұлттық патриотизмнен ада болады. Оның жанұясында басы біріккенде ана тілінде сөйлесе алмаса, оларда отансүйгіштік те болмауы, керек десеңіз, көзқамандық орын алуы мүмкін. Сондықтан да Қазақстанның облыстары мен қала, аудандарында

«Мемлекеттік тілдің тұрмыста, үй жағдайында қолданылуы» айрықша зерттеу жобасы нысанына айналуы керек. Нәтижесінде бесік жыры, ауыз әдебиеті, қазақ халқының бай мәдениетінен, тарихы мен салт-дәстүрінен мағлұмат беретін эпикалық туындылар жалғасын тауып, қазақ төрінен орын алары хақ». [1] Белгілі тіл зерттеушісі осылайша қостілділіктің пайдасы мен зияны жөнінде айта келіп, қазақ тілінің мемлекеттік деңгейде мәртебесін арттырудың маңыздылығын атап көрсетеді.

Қоғамдағы көптілділіктің қалыптасуына бірнеше факторлардың ықпалы бар.Кейбір ғалымдар көптілділік ауызекі сөйлеу тілінің даму кезеңінде қалыптасады дейді. Өз отбасында ана тілінде сөйлейтін бала балабақша, аула, мектепте жүріп басқа тілдерді үйреніп алады. Көптілділіктің қалыптасуына интернационалдық некенің де әсері болады. Сонымен бірге қазіргі жаппай жаһандану кезеңінде ақпарат құралдары, ғаламтор желілері, компьютерлік бағдарламалар, ойындар т.б көптілділіктің белең алуына ықпал етіп отыр. Қалай десек те көптілділік, қостілділіктің позитивті және негативті тұстарын ескере отыра, біз мемлекеттік тілдің мәртебесін сақтаудың ғана емес, ары қарай дамытудың барлық мүмкіндіктерін қарастыруымыз қажет. Қазақ тілінің тиісті деңгейде дамып отыруы үшін, ағылшын, орыс тілі секілді халықаралық деңгейдегі тілдер қатарында болмаса да, қазақ тілінде сөйлейтін ортаның кеңеюіне барынша күш салуымыз қажет. Қазақ тілінің көптілділік пен қостілділік жағдайында тасада қалып қалмау үшін, ең алдымен отансүйгіштік сезімнің биік болуы абзал.

Тілді меңгертуде тіл үйренушінің ой-санасына, оның дамуы мен жетілуіне әсер ететін факторлар жеткілікті. Оған бір мысал ретінде тіл меңгертуде көркем әдебиеттің маңыздылығын айтуға болады. Көркем әдебиет арқылы ұлттық дүниетаным мен ұлттық болмыста қалыптасқан концептілерді жетілдіруге болады. Тілдік сөз қолданыстарындағы ұлттық дәстүр мен ұлттық сананы, рухты айшықтайтын мағыналарды түсіндіріп, көрсетіп қана қоймай, тіл үйренуші терең ойларды, даналық сөздерді бағамдай алу дәрежесіне жеткізу ләзім.

Өзге тілділерге қазақ тілін меңгертуде оның айтарлықтай ерекшеліктерін танытып қоймай, тіл үйренушіге тіл жүйесіндегі (фонетикалық, лексикалық) түрлі элементтерді қабылдау, дыбыстау, жеткізу секілді арнайы өзгешеліктеріне баса мән бере отырып үйреткен жөн. Қазақ тіліне тән «ә», «і», «ү», «ұ», «ө», «ң», «қ», «ғ» т.б дыбыстарымен жасалған сөздер, сөйлемдермен түрлі жаттығулар, үйренушінің белсенділігін арттыратын ойын элементтерінің түрлерін қолдану, қысқасы, тілді меңгертудің ең озық, тиімді технологияларын пайдалануымыз керек. Бұған қоса айтарымыз, қазақ тілін меңгертуге арналған жаттығулар, тапсырмалар, ойын түрлерінің мазмұнында ұлттық сипат, ұлттық нақыш басым болғаны жөн. Тарихи сөздер, архаизмдер, кәсіби сөздер, ауыпалы мағынадағы сөздер, тұрақты тіркестер, идиомалар, шешендік сөздер, мақалмәтелдерді тіл үйрету барысында жиі қолданып отырудың маңызы зор.

Ең бастысы тіл үйренушіге жалаң сөз жаттатып, оның сөздік қорын молайтып, коммуникативтік біліктілігін ғана арттыру емес, халқымыздың рухани және материалдық мәдениетімен таныстырып, яғни тарихи-мәдени таным біліктілігін арттыру негізгі мақсаттарымыздың бірі болуы тиіс.

Жалпы өзге ұлт өкілдеріне ғана емес, барлық тіл үйренушілерге қазақ тілін меңгерту де шет тілдерін меңгертудің түрлі әдістеріне сүйенудің артықшылығы жоқ. Сол әдістердің ішінде коммуникативтік әдістің маңыздылығы жөнінде айтпай кетуге болмайды. Бұл әдіс негізгі тілдік машықтарды (ауызша және жазбаша тілдің, грамматика, оқылым, тыңдалым, түсініп қабылдау) бір мезгілде дамытуға бағытталған. Тіл үйренушіні өзге тілде еркін сөйлеуге үйрету – оқытушының негізгі мақсаты осы. Өзге тілдің лексикасы, грамматикалық құрылымдары, эмоциональдық бояуға толы күйі, сол тілдің жылдам, әрі есте ұзақ сақталуына жәрдемдеседі. Бұл әдіс сонымен бірге үйренуші мен оқытушының арасындағы психологиялық кедергілерді бұзып, тіл үйренуші мен оқытушының арасында екі жаққа да тиімді қарым-қатынас орнауына септігін тигізеді. Бір-бірімен пікірлесу қызықты болған жағдайда басқа тілде сөйлей бастау жеңілірек болады.

Сабаққа көптеген ойын элементтерін енгізу де дәрісті жандандырып, тіл үйренушінің дұрыс көңіл-күйін қалыптастырып, қызығушылығын арттыра түседі. Жұптасып жұмыс істеу, қызықты тақырыптар бойынша дискуссияға түсу, мұның барлығы олардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп отыруға, дәрісті шығармашылыққа ұластырып, оның тартымды өтуіне ықпал етеді.

Шетел тілдерін меңгеруде, әсіресе қостілділік жағдайында тұлғаның тілдік қарым-қатынас жасауда, тілдік ғана емес, ұлттық менталитетіне негативті әсер ететін тұстарын ескермеске болмайды.

Қазіргі кезде қазақ тілін үйренушілерге арналған оқулықтар, оқу құралдары, аудио және бейнетаспалар саны көбейіп келеді. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Алайда бұл арада мәселенің екінші жағын да естен шығаруға болмайды. Яки сол күн санап, кітап дүкендерінде, қара базарларда сатылып жатқан кітаптардың сапасы қандай?,-деген заңды сауал туындайды. Шығарылған кітаптардың авторы кім, мемлекеттік тиісті орындардың сүзгісінен өткен бе?!

Көлемі мен таралу тиражы недәуір кейбір кітаптардың авторларын көргенде өзге біреуге қазақ тілін үйретпек түгілі, олардың өздері ана тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын жасыра алмаймыз. Кітаптардың ішіндегі мысалдар, жаттығулар қазақ тілінде жазылғанымен, орысша ойлайтындардың түсінігімен жазылуы ұшырасады.

Қазақ тілінің және оны оқытудың маңыздылығы бүгінгі ел тәуелсіздігімен, ұлттық рух пен сананың биіктігімен тікелей байланысты екендігін әрқашан естен шығармауымыз керек.

 

Әдебиеттер

  1. Хасанұлы Б. Үштілділік-біртарапты тілдік үдеріс. – Алматы, 2013.
  2. ҚР-нің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы \\ 2012 ж.
  3. Рсалиева Н. Қазақ үштұғырлы тіл идеологиясының позитивті және негативті тұстары // Жұлдыз журналы. – 2014. –№ 8. – Б. 191-203.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.