Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Етіс категориясының өрістері

Қазіргі функционалды грамматиканың негізгі жаңа бағыттары сөз сөйлеу қызметі арқылы тілді функционалды семантикалық тұрғыдан зерттеуге бағытталып отыр. Дәстүрлі грамматикада етіс, етістік категориясы туралы А. Байтұрсынов, А.Қ. Жұбанов, С. Аманжоловтан бастап басқа қазақ тілші ғалымдардың еңбегінде кеңінен қарастырылған болатын. [1, 2, 3]

Қазіргі лингвистикада функционалды грамматиканың негізгі категориялары мен ұғымдары жалпы орыс тіл ғылымында сондай – ақ қазақ тілші ғалымдарының еңбектерінде жан-жақты қарастырылуда. [4, 5, 6]

Жалпы етіс ұғымы – семантикалық қызметтерінің негізінде біріккен қимылдың уақытқа қатысты өту сипатын білдіретін (морфологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік, лексикалық, лексика-грамматикалық т.б.) тілдік құралдардың жиынтығынан тұратын функционалды-семантикалық категория ретінде жалпы тіл ғылымында қарастырылып жүр. Жалпы тіл білімінде етіс жеке сала ретінде қалыптасқанымен түркітануда оның функционалды-семантикалық категория ретінде танылуына қатысты шешілмеген бірқатар мәселелер болды. Осы уақытқа дейін етісті мағына беретін тілдік бірліктердің жете зерттелмеуі, функционалды-семантикалық категория ретіндегі компоненттері мен құрылымының, семантикалық категория білдіретін тілдік құралдардың толық анықталмауы. Етіс категориясы функционалды – семантикалық өрістің ( бұдан ары – ФСӨ деп қысқартылып алынады) теориялық концептілерін толық анықтауға мүмкіндік туады. Функционалды грамматиканың негізігі ұғымдарын анықтауда ФСӨтерді құрылымына қарай бірнегізді және көпнегізді деп бөлінеді. Көпнегізді ФСӨ-лер өз ішінде құрылым жағынан екі топқа жіктеледі. Бірінші топқа өрістің орталық өзегі (ядро, негіз) жатқызылса, екінші топқа шеткері (перифериялық) аймақтары алынады. ФСӨтегі екі топта бір мағыналық, ұғымдық мәнді білдіретін тілдік бірліктер жинақталып алынады. Сонымен өріс құрамында ортақ және ортақ мағынаға жақын, алыс мағыналы әр алуан тілдік құралдар болады. Жалпы функционалды грамматиканың ғылыми – теориялық негіздері болып саналатын ФСӨте немесе оның жалғасы болып саналатын категориялық жағдаяттың айқындалуы жалпы ситуация мәселесі етістік және етіс категориясымен тығыз байланысты. Бұл мәселе ғылыми тұрғыдан дәлелденген болатын. Етістік немесе етіс категориялары категориялық ситуацияға қатысты оқиғаларды мазмұн мен мәнін ашуда әр түрлі қызмет атқарып жатады. Етіс категриясының функционалды –семантикалық өрістегі қызметін ашу үшін оның дәстүрлі грамматикадағы қызметі негізге алынады. Құрылымдық лингвистикада етіс категориясы туралы аз жазылған жоқ. Олардың бастыларына тоқтала кету керек, себебі функционалды грармматика да жалпы грамматикалық заңдылықтың негізгі іргетасынан өрбиді. Етістің сөз қызметіндегі функциясын анықтау үшін құрылымдық тұрғыдан қарастырылған категориялық заңдылықтарына назар аударуға тура келеді. Етіс категориясы негізгі етістен өрби отырып, жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  1. ортақ етіс -с (-ыс, -іс),
  2. өзгелік етіс -т; -тыр (-тір, -дыр, -дір), -ғыз/ гіз, қыз/кіз
  3. ырықсыз етіс -ыл (-іл, л),
  4. өздік етіс -ын (-ін, -н)

Құрылымдық грамматика тұрғысынан алғанда етіс барлық етістік түрлеріне жалғанбайды, талғап жалғанады, нақты тұрақты заңдылығы жоқ деп айтуға болады. Барлық етістіктер өздік етісті, ортақ етісті қабылдамайды. Өзгелік етістің де өзіне тән ерешелігі бар, етістіктердің бәріне дерлік сөз талғамай жалғана бермейді. Кейбір етістіктерге тек дыр/дір, тыр/тір өзгелік етісі ғана жалғанатын болса, (айттыр, жіберттір)ғыз/гіз, қыз/кіз етістері барлық етістікке жалғана бермейді. Өзгелік етістің –т қосымшасы да арнайы тіл заңдылықтарынан тыс қарастыратын жағдаяттары ұшырасып отырады. Етістікке жалғыз өзі жалғанып қолданылса (жинат, шаштырт), кейде қалған екі өзгелік етіс жұрнақтарын дауысты дыбысқа аяқталатын етістікке жалғау үшін дәнекер ретінде қолданылады (оқыттыр, үйреттір). Етістіктердің негізгі категорияларының бірі болып саналатын бұл категория тұлғаларының молдығымен және күрделілігімен ерекшеленеді. Қазақ тілінде етістіктің құрамында грамматикалық формалары арқылы сан алуан ұғымды айқындап әрі маңызды рөл атқаратын етіс категориясы туралы тіл ғылымында қайшылықты көзқарастар да кездеседі.

Орыс тілінде етіс категориясы туралы ғылыми пікірлерді былайша топтастыруға болады.

Етіс категориясы грамматиканың, лексикафразеологияның шеткері аймақтарында орналасқандықтан грамматиканың ішінде синтаксиспен жиі байланыстырылады.

Қазақ тілінде оның ішінде түркі тілінде етіс категориясы етіс деген ғылыми атаудан алшақтатылып, көбінесе сөзжасам арқылы құрастыру жиі ұшырасады.

Егер ғылымда етіс категориясын етістіктің сөзжасамы қорындағы қызметі және қимыл иесі мен қимылдың арасында пайда болған қарымқатынасты анықтайтын болғандықтан, оны сөз түрлендіруші және сөз тудырушы деп бөліп те қарастырады. Сонымен етістің 1-ден сөз тудырушы, 2-ден сөз түрлендіруші қызмет атқаратындығы толық анықталмаған. Мысалы: матаны жаз немесе мата жазылдыматаны жазғызды деген тіркестерде ғалымдардың әр түрлі пікірі грамматикалық заңдылықтар арқылы қарастыруға негізделген. Алайда матаның жазылуы мен матаны жазғыздырдың арасында 1-ші жазылуы етіс ұғымымен келген тұлғада субъект белгісіз болса, 2-ші сөйлемді матаны жазғыздыр деген сөйлемде субъект басқа субъектіге 3 субъектінің іс – әрекет атқартуын талап етіп тұр. Тіл білімінде етіс құрылымына сипаттама жасау нәтижесінде негізгі етіс құрылымының тура толықтауышы ырықсыз етістің бастауышы, ал негізгі етістің бастауышы ырықсыз етіс құрылымында агенттік толықтауыш болатындай қабілетін көрсететін, пассив құрылымы өзгерілген, мағынасы керісінше болатын, негізгі етістің қарама-қарсы құрылымы ретінде қабылданады.

Етістің (ортақ, өздік, өзгелік) түрлері субъектінің тікелей қатысуымен сөйлеу актісінде жиі қолданылады. Субъект қимылға әртүрлі аспектіде көрінеді. Өздік етісті субъектінің өзінің қатысуымен жасалса, ортақ етісте – іс-әрекет екі субъект орындайды, өзгелікте қимыл біреу арқылы (ол да субъект рөлін атқарады) өтеді. Осылардың бәрінен шығатын нәтиже етісті функционалды-семантикалық тұрғыдан қарастырғанда, субъектінің бары мен жоғы маңызды роль атқарады. Субъекті нақты қатысқанда, іс-әрекет нақты айқындалады. Негізгі, өздік, өзгелік, ортақ, ырықсыз етісті категориялары функционалды грамматиканың кез келген ұғымдары мен категорияларын анықтауда белсенді қызмет атқарады. Етіс категориясы кешенді функционалды грамматиканың ұғымдары мен категорияларының қызметін атқаратындықтан өзіндік ерекшеліктерге ие болады.

Етіс категориясы актив және пассив конструкциялардың негізінде субъект және объектінің қимыл іс-әрекетінің семантикасының өрісін нақтылап тұрады. Мысалы: Асан хабар бергізді, хабар бергізілді. Етіс категориясы етістікпен қатарласа, тіркесе қолдана отырып функционалды грамматиканың көптеген ұғымдарын жасауға белсенді қызмет етеді.

Жалпы тіл ғылымында арнайы етістік оның ішінде етістің лекискалық-грамматикалық, грамматикалық-контекстуалдылық құрылымдық құрамдастарының «тұлғадан мазмұнға қарай» бағытта қарастыру туралы аз жазылған жоқ. Етістіктің негізгі тірегінің салмақты бөлігін етіс құрайды. Бүгінгі күнге дейін етістің етістіктің қалыптасуы туралы берілген білім саласының дамығанын және өскенін көрсетеді. Етіс туралы айтқанда болмысты тану қажеттіліктерді ұлғайта отырып, субъект пен объект арасындағы қимыл мен өзара байланыстың семантикалық сипаттамасын анықтау мен олардың мағыналық қызметін саралау функционалды – семантикалық өріс арқылы жаңаша талдауларға әкеледі. Етіс қызметінің салыстырмалы талдамасы (құрылымдық тұрғыдан функционалдыққа қарай ойысу бағытында) осы қызмет барысында туындаған мәселелер, ұлттық тілдер жүйесіндегі етістердің ерекше межесін бағдарлауға мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар, етісті «мазмұннан тұлғаға қарай» талдау нәтижелері сөз сөйлеу қызметінде оның қызметінің кеңеюін және болмыстың нақты ситуациядағы объектілік және субъектілік қызметін кеңінен тануға зор мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Функционалды семантикалық өрісте анықталатын бір ұғымның мәнін, мағына-мазмұнын ашатын қызмет түрінде етіс аса маңызды семантикалық өріс құрайды. Осы ғылыми тұжырымды мына мысалдардан көруге болады. Мысалы, Дүниежүзілік есімдерді иемдену науқаны барлық үлкен жаңалықтар секілді әр жерде әр түрлі жүрді де, кейбір алыс түпкірлерге тым кеш жетіп, кеш аяқталды( Д. Исабеков). Көне түркі жазуларын зерттеген ғалымдар ондағы мәтіндерден ешқандай орфографиялық қате таппағандарын айтып, таң-тамаша қалысады (Газеттен). Меңзең болып, азғана отырған меңіреу тыныштықтан соң тырбанып орнымнан көтерілдім. Қолымды созып едім, тас қабырғаға тиді. Сипалай бере қалт бөгелдім. Күнкөріс жайына алаңдамайсың, кітап шығару мәселесі өзінен өзі шешіледі. Бірақ құрғақ қиял – асса парықсыз түске ғана айналады. Сөз білмеген сөзді өзіне тигізеді (З. Шашкин). Жалғыз әріптен жаңылысса да, ол уақыттағы қатал тәртіптің талабы сол – тікелей жауапты қызметкерлер (мәселен, кезекші, корректор, т.б.) сөгіс алып, кейбірі тіптен жұмыстан шығарылған жағдайлар да болған (Газеттен).

Функционалды грамматиканың басты ерекшелігі – сөз сөйлеу қызметінде тілдік құралдар функционалды-семантикалық өріс пен категориялық жағдаятта болмысты тану мен ақпарат берудің нақты мағынасы мен мәнін берудегі ортақ заңдылықтарын айқындауға негізделеді. Жоғарыда берілген сөйлемдерден етіс категориялары сөйлемнің кез келген позициясында тұрып, ФСӨ-те функционалды грамматиканың әр түрлі ұғымдарының мәнін жан-жақты аша отырып, хабарламалық оқиғаның шынайы болмысын ашуда үлкен роль атқарады. Функционалды-семантикалық өріс дегеніміз – белгілі бір семантикалық категорияға негізделіп, семантикалық қызметінің ортақтығына орай өзара әрекеттес келетін грамматикалық және лексика-грамматикалық, сондай-ақ әр түрлі аралас (лексика-синтаксистік т.б) тілдік құралдар тобы.

Етістің функционалды грамматика тұрғысынан алып қарастырғанда, осындай өзіне тән ерекшелігімен осы саланың ұғымдарының анықтауда белсенді қызмет атқарады. Етіс мәселесі сөйлем ішіндегі баяндауыштың бастауышқа тікелей қатынасы бар етіп қарастырылатындықтан, синтаксистікке де тән сипаттамасын көрсетеді. Сонымен қатар етіс арқылы берілетін қимыл-әрекетті субъектіге қатыстырып қарастырсақ, онда етістің семантикалық категория екендігі тағы да дәлелденеді.

Етіс категориясы семантикалық тұрғыдан субъект пен объектіге қатынастығы бар қимылды көрсететін етістікке тән категория болып саналады. Екі сақал қол алысып амандасып болған соң Жанайдаровтың өздеріне сенімсіздікпен тыжырына қарап отырғанын көріп, олар документтерін көрсетті (Д. Исабеков).

Функционалды грамматика тұрғысынан алып қарастырғанда етіс мағынасының сипаттамасы субъект пен объектінің арасындағы қарым-қатынас арқылы анықталады: субъект – іс-әрекет иесі, объект іс-әрекет, қимылдың әр түрлі жағдаяттарын анықтауға қызмет етеді. Етістің функционалдылығы синтаксистік тұрғыдан актив және пассив констуркциялар арқылы жасалады. Бұл жерде басты ескеретін нәрсе субъект мен объектінің синтаксистік позициясы мен грамматикалық формалар маңызды роль атқарады.

Етіс ФСӨ-те орталық және шеткері аймақтарға бөлінеді. Етістің ФСӨ-те орталық өрістері актив және пассив констуркцияларға бөлінеді.

  1. Активті және пассивті конструкциялардың орналасуын былай қарастыруға болады.
    1. С1 – активті синтаксистік және семантикалық субъект = іс-әрекетті жүргізуші;
    2. О1 – объектінің өзі ықпал етуші объект;
    3. С2 – пассивті семантикалық субъект ісәрекетті табыс септігінің (жасырын, ашық формалары арқылы) орындаушы. С2-нің қатысуын былай көрсетуге болады. Кітап рахаттанып оқылды. Сабақтан кейін концерт өткізіледі. Оқытудың жаңа моделі қарастырылады.
  1. Пассивті конструкциялардың құрылысы былайша жіктеледі.
    1. Олар толық немесе үш мүшелі; баяндауда 3 синтаксистік позицияда айтылады. Бұнда да субъект, іс-әрекет, объект қатысып отырады.
    2. Ал екі мүшелі екі компаненттен тұратын іс-әрекет, предикативті + субъект, бір мүшелі де тек предикат ғана айтылады. Мысалы: Газет күнде шығарылады. Кітап үйде ұмытылып қалды. Бұл кітап достарына арналады.
  2. Пассивтік конструкциялардың семантикасы процестік және нәтижелі мәнге ие болады. Процестікке іс-әрекеттің дамуының уақытпен өтіп жатқаны айтылады. Ал нәтижелі пассивтік конструкциялар: картина өткен ғасырда салынған, құлып бұзылған т.б. 4. Активті және пассивті конструкциялар туралы баяндағанда мынаны басты нысанаға алу көзделінуі тиіс. Айтушының баяндап отырған оқиғаға көзқарасына тікелей байланысты болып келеді.

Бір оқиға кейде активті және пассивті конструкциялармен айтушының баяндауына байланысты екі түрлі семантикалық мән алып отыруы мүмкін. Айтушы іс-әрекеттің белсенді қызметіне, белсене субъектінің тарапынан объектілік ықпалын көрсетуге тікелей қатысты болып келеді. Мысалы, жел аққайыңмен тербетіледі, аққайың желмен тербетіледі, аққайың желден тербетіледі, жаңа теория ғалымдармен жасалынды т.б.

Ортақ етіс өрістері.

Ортақ етістің кіші өрістерінде екі немесе бірнеше субъектінің іс-әрекеттерінің сипаты бірнеше субъектінің іс-әрекеттерінің сипаты айтылады. Ортақ етісте бірнеше субъектінің ортақтас әрекеті сипатталады. Олардың екеуі де бір әрекетке ортақтасып әрекет етеді: Достар біресе құшақтасады, біресе сүйіседі, олар бірде жыласып, бірде қуанысты.

Ортақ етістің семантикасының құрылысы мынандай тілдік тәсілдер арқылы ұшырасады.

  1. Лексика-грамматикалық тәсілдер арқылы (ортақ етістің -ыс,-іс,-с жұрнақтары) жасалынады: жазысты, көрісті, ақылдасты.

-сөз тіркестері арқылы: бірінен-бірі, бірі басқасын.

-зат есімдердің қосымшалары арқылы: достықта, егесте, нарық заманында.

  1. Лексикалық тәсілдер арқылы:

-сын есімдерден: өзара, бірлесіп, ортақтасып;

-етістіктерден: достасу, саудаласу, сізбен әңгімелесу;

-фразеологиялық тіркестерден: бірге -бір, көзбе-көз, ауызба-ауыз.

-лексика-грамматикалық тәсілдер -өздік, ортақ етіс жұрнақтары

Алайда етістің өзіндік ерекшелігіндегі мәнмәтінде айқын көрінеді. Мысалы, біреумен достасу, көршімен достасу т.б.

Ортақ етістің өзіне тән мағынасы өздік етістермен қатар айтылатын түрлері бар. Бұл оның семантикалық ерекшелігіне байланысты оны басқа микроөрістерге бөліп қарастырылады. Мысалы, біз осы кітап туралы пікір алыстық. Достар бүгін ренжісіп қалды, ертеңінде татуласты. Бұл сөйлемдерде ортақ етіс анық көрініп тұр. Мысалы, Біздің мемлекетімізбен достық қарым-қатынас ұзақ уақыттан бері сақталып келеді.

Осыған орай қазақ тіліндегі етіс категориясының түрлерін актив және пассив констуркциялары деп 2-ге бөлінеді. Актив және пассив констуркциялар көбінесе өзгелік етіс -т; -тыр (-тір, -дыр, -дір) және -ғыз/гіз, қыз/кіз, ырықсыз етіс -ыл (-іл, л) тұлғалары арқылы жасалынады.

Активтілік( ақиқаттылық) – ісәрекеттің субъект арқылы жасалынғаны, іс –әрекетті орындаушы синтаксистік тұрғыдан алғанды баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, ол жуынды, таранды, олар бір – бірімен ұзақ көрісті, кеш бойы сырласты т.б.

Пассивтілік ( ырықсыз етіс) – сөз сөйлеу қызметінде субъект басты қызметінінен ығыстырылып, объект оның орынына қойылып айтылады. Мысалы, ақша келесі жылдың есебінен аударылады, компьютерлік бағдарламалар тапсырыс берушінің тапсырмасымен қойылады, метрода есіктер автоматты түрде ашылады, баяндама оқылды, хабар таратылды, сөгіс жарияланды т. б.

Айтушының көзқарасына байланысты етіс категорияларының әр түрлі констуркциялары бір-бірінен өзгешелігі бар; активті констуркциялар айтушының шындыққа нақты қатынасы бар екенімен, сондай-ақ болып жатқан оқиға мен ісәрекеттің динамикасы арқылы талдауларға қатысты болады.

Актив констуркцияларға қарағанда, пас сив констуркциялардың өзіне тән ерекшелігі бар, пассивті констуркциялар айтушының интерпретациясымен оқиғаға қатысты статикалық қал-жағдайын баяндау тұрғысынан айтылады. Мысалы, Осы жылы ғалым Тим Динсдэйл ВВС тобымен бірге көл астында алты айлық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бірақ ол өкінішке қарай, қолға ілігерлік ештеңе таппады. Тек су астында алып құбыжықтың өмір сүргенін дәлелдеп берді. Мұның өзі үлкен оқиға еді. Осы туындылары үшін әлемнің әртүрлі ұйымдарынан үлкен марапат алды.

Өздік етіс өрістері. Бұл өрістерге іс-әрекеттердің семантикасының түрлілігінен көрінеді. Субъектінің іс-әрекеттері субъектінің өзінің орындағаны баяндалады. Субъекті қандай жағдайда болмасын іс-әрекеттерін орындауға қатысып отырады. Бала жуынып отыр, бала жуынуда. Өздік етістің өрістерінің өзіне тән семантикасы бар. Субъект обьектімен жақындасып тұрады. Олардың бастыларын атап кетейік. Өздік етіс өрістерде жеке мағыналардың қатарынан айқындалады. Олардың негізгілеріне мыналар жатқызылады.

  1. Жеке өздік етістер – іс-әрекеттің субъектісі өзінің қайтып оралып отырады. Субъект объекті ретінде алынады. Бала киініп жатыр, киініп жатыр
  2. Объектісі белгісіз мағыналары бар етістер іс-әрекет тек субъектінің жеке жалпы хал-жағдайына, жай-күйіне ғана тән болып келеді. Барлығы көктем шыққанына қуанып жүр. Ол үйге асығуда.
  3. Іс-әрекет пен қалыпты жағдай субъектіге тән болып келеді. Субъектінің өзіне тән қасиеті аталынып отырылады. Мысалы, ит тістейді, бал жабысады, ит үреді, бала жылайды, қой маңырайды.
  4. Жалпы ортақ іс-әрекеттердің жасалынуы. Бұл жерде іс-әрекет бірнеше субъект арқылы жасалынады. Олар кездесті, құшақтасты, бірлесті.
  5. Жанама – өздік мағынасы бар шыдамдылыққа үйрен, үйді жина,
  6. Ортақ – өздік мағыналары бар іс-әрекет екі субъектіге ортақ болып келеді және бір – біріне бағытталған мысалы, олар ақылдасуда, олар достасты.

Қорыта келгенде, етіс категориясы функционалды тұрғыдан әлі толық зерттелінген жоқ. Демек, етісті функционалды-семантикалық тұрғыдан қарастырғанда, субъектінің бары мен жоғы маңызды роль атқарады. Субъектіден іс -рекет нақты айқындалса, объектінің қатысуы арқы лы оның басқа да семнтикалық өрістері жасалынады. Етістің барлық категориялары функционалды грамматиканың кез келген ұғымдары мен категорияларын анықтауда функционалды-семантикалық өрісте белсенді қызмет атқарады. Етіс категориясы кешенді функционалды грамматиканың ұғымдары мен категорияларының қызметін атқаратындықтан өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Алайда етіс категориясын функционалды-семантикалық тұрғыдан зерттеу әлі де жан-жақты қарастыруды талап етеді.

Әдебиеттер

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. – 448 б.
  2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2010. – 608 б.
  3. Аманжолов.С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат, 1994. – 320 б.
  4. Бондарко А.В. Проблемы функциональной грамматики. Полевые структуры. – СПб., Наука, 2005.
  5. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. – Алматы, ЖШС «Ануар-KZ», 2010. – 720 б.
  6. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 178 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.