Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әбіш Кекілбаевтың «Абылай хан» шығармасындағы драматизм табиғаты

Кеңестік кезеңнің өзінде шығармаларының астарын ұлттық идеямен, тарихи жадымен әдіптеп, бүгінгі тәуелсіздіктің тұғырын дайындаған жазушылардың бірі – Ә. Кекілбаев.

Ә. Кекілбаевтың 1997 жылы жарық көрген «Абылай хан» драмасы енді тәуелсіз мемлекеттегі қоғамның рухани-эстетикалық сұранысынан туындаған.

Суреткер өз шығармасы үшін драма жанрын таңдаған. Кезінде классицистер ел бастаған ерлердің саясатын тек драма ғана шынайы көрсете алады, драма адамзат баласының шығармашылықта ойлап тапқан ең кемел формасы деп есептеп, оны «жоғарғы жанр» деп атаған. Классицистердің шығармашылық ұстанымында шындық бар. Рас, өршіл идеяны патриоттық пафоспен жырлау үшін прозалық жанр тарлық ететіндей.

Тарихты құрғақ сипаттау, көз тоқтатып, көңіл тояттар жарқын адами мінез-құлықсыз көрсету, оны дерексіздендіретіні белгілі. Қазақтың төл тарихы Абылай хан тұлғасымен жарқын. Ә.Кекілбаев «Үркер», «Елең-алаң» романдарын да Абылай бейнесімен әрлеген. Алайда роман мен драмада тақырыптық қайталау кездескенімен, мазмұндық қайталау жоқ. Ең бастысы драмадағы тартыс табиғаты, драматизм болмысы өзгеше. Драма қазақтың көкке өрлеген жыраулық поэзиясының өктем үнімен ғана емес, зәулім сезімдерді аспандата жырлауымен құнды. Суреткер шығармаға Абылайдың жоңғар батыры Шарышпен соғысып, басын алуы, 1742 жылы Абылайдың жоңғарлардың қолына тұтқынға түсіп қалуы, үш жүзге ортақ хан сайла-

нуы секілді тарихи деректерді негізге алған.

«Сайыс» аталатын бірінші бөлімінен-ақ Абылай образы оқырманды (көрерменді) өзіне ынтықтыра түседі. Алаңға шыққан Шарыш көкірегін ұрып:

Мен кәдімгі Шарышпын, Азуы алты қарыспын.

Қарсы келген дұшпанды,

Табанға таптап жаныштым [1, 3] –

деп бастап, арғы ата-бабаларының ерліктерін қоса айтып аруақтанады. Жас батыр болса, сөздің емес, істің адамы екендігін дәлелдеп, Шарышты жеңіп, «Абылай» деп ұрандап, қол бастап кетеді.

Арбасу деп аталатын бөлімінде жазушы Әбілмансұрдың тұтқында отырған кезін суреттейді. Тіпті зынданда отырса да, батыр образы асқақ. Абылай жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің ұйымдастырған барлық сынынан мүдірмей өтіп, тектілігін, ақылын танытады.

Қалдан:

«Тау сыртында тау тұрса – қайтеміз, Жау сыртында жау тұрса – қайтеміз? 

деп сұрайды. Сонда Абылай:

Жақын тауға шықпай болмайды, Жақын жауды ұқпай болмайды [1, 3] –

деп жауап қатады. Осы бір диалог астарында үлкен саяси, философиялық мән жатыр. Қалдан да тек қырқысуды, оңай олжаны көздемейтін, елінің ертеңін ойлайтын жан ретінде суреттелген. Ол бауырын өлтірген Абылайдан кек алудың орнына басына азаттық беріп, онымен келісімге келуге тырысады.

Абылай ханның ерік-жігері мықты, өз сезімін шідерлеп ұстай алатын, намысын таптатпайтын нағыз батырлық образы драманың «Нар тәуекел» атты үшінші бөлімінен айқын көрінеді. Абылай басындағы драманы үдету үшін жазушы Әмір Сана образын пайдаланады. Әмір Сана – тарихи тұлға. Тарихи деректер бойынша:

«Әмір Сана – жоңғар нояны. Ойрат ақсүйегінің тұқымы. Еділ қалмақтарының ханы Аюкенің қызы ұзатылып келе жатып, қазақ жерінде қыстап қалғанда қазақ батырымен көңіл қосып, ішінде кеткен деген әңгіме бар». Суреткер осы аңыз желісін өрбітіп, Әмір Сананы Абылайдың баласы етіп көрсетеді. Абылай басындағы драматизм осы тұста арта түседі. Әуел баста көңілі Күлпашқа ауып тұрса да, Абылай Қалданның жалғыз қызы Топышты таңдайды. Топыш – ойрат пен қазақ арасын жалғасытартын, бейбітшілік кілті. Сондықтан Абылай сезімін мен сана арасындағы тартыста, сезімін санасына бағындырады. Санасында «қайткенде ұйытқылы жұрт қылам бұл елді» деген маңызды ойлары бар. Мемлекет мүддесін жеке басының қалауынан жоғары қояды.

Жазушы шығарма драматизмін синергетика заңдылықтарына сай өрбіткен. Аталмыш құбылысты әдебиеттанушылық тұрғыдан «тұрақтылық пен тұрақсыздық принципі» негізінде бағалауға болады. «Адамдар ұзақ уақыт бойы тек тұрақты жағдайларды ғана бақылай алады. Себебі тұрақсыздық тез-ақ өзге күйге өтіп кетеді. Ал егер табиғатынан тұрақсыз жайлар ұзақ тұр-

са, онда ол ғажайыпқа немесе парадоксқа айналады. Мұнда тұрақсыздықты тұрақтандырып тұрған күш әдейі жасырынып яки айқындалмай, бүркеліп қалуы мүмкін» [2, 47] – дейді бұл принциптің мәні турасында әдебиеттанушы, ғалым Т.О. Есембеков. Яғни тұрақсыздық пен тұрақтылық арасындағы ауытқулар белгілі бір драмалық қатынастарды тудырады.

Абылайды жұрт хан сайлады, қолына билік берді. Алайда, өзі берген билігін жұрт өзі «хан талапайлап» тартып ала салуы ғажап емес. Абылай өз халқының психологиясын жақсы біледі. Ол:

«Несіне хан болдың, қаңғыбас төре, Қалқима қалпақ киюге ме? [1, 7] –

деп жұрт шүйлігетінін де біледі. Яғни билік мұнда тұрақсыз. Суреткер осы құбылысты тұрақтандыру үшін келесі қақтығысты өрбітеді. Абылайдан пана тапқан Әмір Сананы Ресей, Жоңғар, Қытай елшілері іздеп, әрқайсысы өз мүдделері үшін сұратып жатыр. Ал Ботахан мен Жақай бастаған қазақтар болса, оны

«Өз қолымызға берсін,

Ойраттың қаһарын өзіміз қайтарамыз» [1, 7] –

дейді. Мұнымен қоймай Абылайды «Үргенішке сыймай қашып келген жалаңбұт сарт» деп келекелейді.

Бұл сөзді естіген Абылай сәл кідіріп ойланады. Енді не істеуі керек? Таразы басында билік пен ар тұр. Егер билікті көксесе, онда арды аяққа таптап Ботахан мен Жақайға жалпақтап, жағымпазданып, сөз тауып шығарып салу керек. Егер арды таңдап, намыстанса, онда Ботахан мен Жақайды жазаға тарту керек. Егер жазаласа, Ботаханның айтқаны болады, оның да артында ел бар, дау-дамай басталады, биліктен де айырылу қаупі бар.

Мейлі: айыпты десе, тағын алар, Жазықты десе, жанын алар! 

деп, тақты арға айырбастамайды. Бүкіл бір елдің «мен мынау» деген батырының басын алған Абылай тек ұрыста ғана батыр емес, өмірдегі де батыл әрекеттерге барады. Ботақанды кісендеп, зынданға тастайды, Жақайды атқа өңгеріп, еліне қайтарады.

Бұл жайт қазақтай асау елде дау туғызбай қоймайды. Жақсы мен жайсаң сөз алған жиынның түйінін 93 жастағы Бұқар жырау шешеді. Абыз алдымен Абылайдың өзін сөгіп алып, содан кейін елге ақыл айтады.

Хан ұстасаң билік бер. Киліге берме аузына, Шүйліге берме алдында, Томағасын сыпырмай, Сұңқарыңды қинама.

Тұсаулы шауып бәйге ал деп, Тұлпарыңды қинама,

Аяқ-қолына ерік бер. Кеудесіне желік бер, Сынамақ болсаң, еріңді

Қиын жерде сеніп көр [1, 7], –дейді. Бұқар шешімі хан билігін тұрақтандырып береді.

Енді ел сенімін арқалаған хан Әмір Сананы қанша жақсы көріп, ұнатса да, оған пана бола алмағанын, сая бола алмағанын ойлап қынжылады. Дегенмен елдік парызды бірінші орынға қойып, Әмір Сананы орыс елшілеріне береді. Тағы да хан өз қалауынан ел алдындағы парызды жоғары қояды.

Сезім мен сана, ерік пен елігу, құштарлық пен парыз, тақ пен ар арасында өрбіген Абылайдың ішкі драмалық тартысында жеңіс әрқашан парыз, жігер, сана, ар жағында болады. Мұндай ізгі қасиеттерді өз бойына жинақтаған, хандық, елдік принциптерін бірінші орынға қойған хан образы осымен асқақ.

 

Әдебиеттер

  1. Кекілбаев Ә. Абылай хан // Егемен Қазақстан. – 1997. – №102. – Б. 3-7.
  2. Есембеков Т.У. Функции драматизма в художественном тексте. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 304 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.