Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ және қырғыз тілдеріндегі ғұрыптық лексика

Мақалада қырғыз және қазақ тілдеріндегі отбасылық ғұрыптарға қатысты қалыптасқан мәдени тілдік бірліктердің табиғаты сөз болады. Сонымен байланысты туыстас екі тілдегі лексиканың ауқымды қабатын құрайтын отбасылық ғұрыптық лексика жан-жақты талдау негізіне алынады. Әсіресе, қырғыз және қазақ тілдеріндегі нәрестенің дүниеге келуіне байланысты, қызға құда түсуге, үйленуге, келін түсіруге қатысты салт-дәстүрлердің атаулары мәдени тілдік бірліктер ретінде бағамдалып, әр халықтың ұлттық танымымен сабақтастықта қарастырылады. Және де туыстас халықтардың ырым-жоралғыларына қатысты қалыптасқан мұндай тілдік бірліктердің көнетүркілік, көне алтайлық тамырластығы да тілдің тарихы тұрғысынан зерделенеді. Сонымен қатар, мақалада екі халықтың танымында қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерінің де бірқатар мәселелері арнайы сөз етіледі.

Кіріспе

Тiл халықтың қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiмен, саяси-экономикалық жағдайымен тығыз байланыста дамиды, кемелденедi. Қазір гі қазақ тіл білімінде ұлт, тіл, мәдениет қатынастарын, олардың өзара байланысын және өзіндік ерекшелігін антропоценристік бағытта қарастыру кең орын алып отыр. Сол секілді туыстас халықтардың ұлттық ерекшеліктерін танытатын әдет-ғұрып лексикасы да бүгінгі таңда ауқымды да маңызды мәселелер тізіміне еніп отыр. Жалпы, ғұрыптық лексика халықтың рухани дүниесін түгел қамтиды. Өйткені, бұл – әр халықты мәдениет, салт-дәстүрі тұрғысынан салыстыра зерттеудің таптырмас құралы. Салт-дәстүр, ұлттық болмыстың тікелей көрінісі. Жалпы, әдет-ғұрыптар өмірдің қай саласында орындалуына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олардың ішіндегі ең ірілері ретінде шаруашылыққа байланысты ғұрыптар, үйтұрмысына байланысты ғұрыптар, қоғамдықәлеуметтік ғұрыптарды айтамыз. Шаруашылық әдет-ғұрыптары өз кезегінде – егіншілікке, малшылыққа, т.б әртүрлі кәсіптерге байланысты болып бөлініп кете береді. Үй тұрмысына байланысты ғұрыптар ретінде отбасылық ғұрыптар, үй шаруашылығына байланысты ғұрыптар секілді түрлерін айтуымызға болады. Ал, бүгінгі мақаламызда біз әдет-ғұрыптардың ішінде «отбасылық ғұрыптар» деп аталатын бөлігіне арнайы тоқталамыз. Әдетте, «Отбасын құруға байланысты ғұрыптар», «бала туып, оны өсіруге байланысты ғұрып-ырымдар», «Өлген адамды жерлеуге байланысты ғұрыптар» деп бірнеше топқа бөлінеді.

Жалпы, отбасы ғұрыптары – әдет-ғұрыптардың ішіндегі ең толымдысы, құрамы жағынан ең күрделісі. Саяси идеологиялық өзгерістер бұл саладағы ғұрыптарға көп жағдайда тікелей әсер ете алмайды, жанама әсері болады. Сондықтан, бұл саладағы ғұрыптар өзгеріске аз ұшырайды, тұрақты келеді. Отбасылық әдет-ғұрыптардың тағы бір ерекшелігі – той жасау, өлікті жерлеу сияқты қалың көпшілік қатысатын ғұрыптық шаралардан басқалары, көбінесе, шектеулі адамдар ортасында іске асады. Бұл ғұрыптық шаралардың көпшілігі отбасылық ауқымда іске асқанымен, түптеп келгенде олар – қоғамдықәлеуметтік мәні бар шаралар. Бұл ғұрыптар адамдардың рухани кеңістігін толтырады, өздеріне түсініксіз құбылыстарға осы ырымжоралғылар арқылы олар жауап береді, алдынала «шара» қолданады.

Эксперимент

Қырғыз тілінің түркі тілдеріне жататындығы 19-ғасырда белгілі болғанына қарамастан, түркі тлдерінің қай тобына жататындығына келгенде ғалымдар әлі күнге бір пікірде емес. И.Н. Березин қырғыз тілін түркі тілдерінің оңтүстік тобына жатады десе, В. В. Радлов – батыс, Ф.Е. Корш солтүстік, А.А. Самойловичтың пікір бойынша қыпшақ түркілерінің солтүстік –батыс тобына жатады. Ал, Н.А. Баскаков қырғыз тілін көне түркі тілдерінің бірі деп қарап, оны шығыс ғұн тобындағы қырғыз-қыпшақ тілдерінң қатарында қарайды. (Musaev, 2016: 57). Шындығында бұл тілдің фонетикалық және грамматикалық құрылымы түркі тілдерінің басқа түрлеріне қарағанда алтай тобындағы тілдерге генетикалық жақындығы зор екендігін В.В. Радловтың еңбегінен де білеміз. (Radloff, 1982: 9-13). Қалай дегенмен де қырғыз және қазақ тілдерінің тілі мен мәдениетіндегі ортақтықтар басқа түркі тілдеріне қарағанда, басымдық танытаты нын ғалымдарымыз айтып жүр. (Somfai Kara, 2003:60).

Көпшілік зерттеушілердің пікіріне сүйенер болсақ, қазақтарға қарағанда, қырғыздың некелік ғұрыптары оның әр тараптарында түрліше. Оңтүстікқырғыздарменсолтүстікқырғыздардың арасында бұл жағынан айырмашылық өте күшті. С.М. Абрамзонның пікірінше, оңтүстік қырғыздардың ғұрыптарында көрші өзбектер мен тәжіктерден жұғысты болған ғұрыптар көп және шығыс қырғыздардың салт-жораларында архаикалық элементтер көбірек сақталған. Сонымен қатар, қырғыздардың некелік ырым-салттарында алтайлықтар, хақастар, аздап буряттардың салттарымен жақындасып келетін тұстары біршама (Abramzom, 1989: 15).

Нәрестенің дүниеге келуі қырғыздарда жанұялық өмірдің ең басты әрі қуанышты мерекесі болып есептеледі. Оған ауыл арасында даналығымен көзге түсіп, сый құрметке бөленген ақсақалдармен қарт әйеледер ұзақ және бақытты өмір сүр деп тілек тілеген. Жанұядағы бала – ол ататекпен оның дәстүрінің жалғасы, ол халықтың өмір шендігінің символы сондықтан бала дүниеге келгеннен кейін аяғы ауыр әйелді үйдің барлық ауыр жұмыстарынан босатқан, ауылдан жалғыз өзіне шығуға тыйым салған, түрлі магиялық әрекеттер арқылы зиянды күштерден аластаған. Зиянды күштерден қорғану үшін аяғы ауыр әйел әртүрлі бойтұмарларға сиынған. Ол міндетті түрде өзінің киміне Құранннан алынған сөздерді, сондай-ақ аюдың тырнағын, үкінің аяғын сақтаушы ретінде тұмар етіп таққан. Бойтұмарды кеуденің сол жақ тұсына йықтың жанына таққан, босанғалы жатқан әйелді зиянды күштерден қорғау үшін босану үстінде киіз уйде күні-түні от жанып тұратын болған. Алаудың жанында ұшы есікке қарап пышақ жататын болған. Киіз үйдің торланған бөлігі керегеде әйелдің бас жағына оқтаулы қару ілінген. Сенім бойынша, бұл затта зиянды күштерді қорқытып кері қайтарған. Дәстүр бойынша жаңа туған нәрестенің тамағы сиырдың күйдірілген майы

«сары майы» болған. Бұны балаға сорғызған, бұдан кейін алғашқы кимі «койнок»ит көйлек кигізілген. Оны үлкен кісіден немесе көпбалалы сыйлы қарт әйелден алынған ақ матадан тіккен. Бұл киімді кей жағдайларда алдымен итке, содан кейін балаға кигізген. Ит көйлек аталуы осыдан шыққан, бұл әрекеттер ұзақ және бақытты өмір сүру, денісау және шымыр болу деген сенімнен тұратын «ырыммен» байланысты. Нәрестенің дүниеге келуіне байланысты қайталанбас құаныштарға толы әрекеттердің барлығы орындалған. Бұл «суиунчу» – құанышты хабарды жеткізген үшін сый алу мақсатындағы тарту,

«корундук» – нәрестені бірінші рет көру үшін берілетін сый, «жентек» немесе «бешик той» – нәрестенің құрметіне орай ұйымдастырылатын мереке. «Ат койуу» есімдердің мағынасына ерекше мән берілген. Дәстүр бойынша әйел адам нәрестеге ат қоймаған. Бұл шараны орындауға ауылдың сыйлы адамы немесе «азанчы», яғни сол сәтке шақырылған адамға болмаса нәрестені алғаш көрген адамға тапсырылған. Нәрестеге ат қою барысында оның мінезіндегі ерекшеліктерге мән берген. Содан кейін барып оған лайықты есімді қоятын болған.

Нәрестені бесікке – «бешик» бөлеу дәстүрі ерекше әркеттермен орындалған. Баланы бесіке бөлеуші қарт әйел: «менин колуым емес, Умайэне, Батма, Зууранын колуу» – «менін қолым емес, Умай, Фатима, Зухра аналардың қолы;

«Умай-эне уйку бер, бешик ээси бек сакта» – «Умай-ана, тыныш ұйқы бер, бесіктің иесін қарашығындай сақта», – деп айтқан. Бесікке бөлердің алдында нәрестенің дүниеге келгеніне

40 күн толғанда, оны 40 қасық жылы суға жуындырған – «кырык кашык сууга киренту», алғашқы шашын алған – «карын чач», «ит койнектин» орнына басқа киім – «кырык кейнок» кигізілген. Оны нәрестенің анасы немесе әжесі көршілерінен, үлкен кісілерден сұрап әкелген әр түрлі маталардың қырық киындысынан тіккен. Бұл күні майға дәстүрлі қырық тоқаш – «май токоч» немесе шағын құймақтар – «кырык челпек» пісіріп оларды қырық балаға таратқан. Жаңа туылған баланы 3-4 күннен кейін немесе 40 күннен кейін бесікке салады. Бесікті баланың нағашы апасы алып келеді. Баланы бесікке бөлеу құрметіне жасы үлкен, көп балалы ана ие болады. Баланы бесікке салмас бұрын бесікке балта, шот, асық салып тербетеді. «Оң ба? Оң ба?» – деп сұрайды. Төңірегінде отырған әйелдер «Оң! Оң!» – деп айғайлайды. Бесіктегі балта, шот, асықты алып, бесікті аршамен аластайды. Содан кейін баланы бөлейді. Бөлеген ана: «Жасың ұзақ болсын!» деген тілек айтады. Баланы бөлеп біткен соң, қамшымен бесікті үш рет ұрады. Бұл пәле – жаланы куу деген мағынаны білдіреді. Бесікке балта, шот салу себебі – темірдей мықты болсын! деген тілекті білдіреді. Асық – Умай ананың символы Умай ана баланы қорғайды деп түсінеді. Бала өз бетімен алғашқы қадамдарын жасаған кезде оның құрметіне «тучоо кесуу» дәстүрі орындалған. Бұл үшін баланы аяқтарын екі жіңішке жібек жіптен тоқылған жіптермен байлап, киіз үйдің алдына шығарған. Жіптер міндетті түрде ақ және қара түсті – «ала жип» болулары керек. Олар жарық пен түнектің, жақсылып пен жамандықтың күресін білдірген. Қырғыздардың көз қарасы бойынша адамның өмірінде қуанышпен қайғы бірге орын алады бала кезден өмірдің барлық жағдайаттарына дайын болу керек. Тұсау кесу рәсімі әдетте таңғы уақытта басталған. Киіз үйге қарамақарсы бетте аяғы байлаулы баланы қарсы алуға 8-12 жастардағы балалар жарыс «жарыш» ұйымдастырған бірінші болып жеткені қолына пышақты алып, баланың аяғындағы шырмауды кескен. Бұл пышақты ол өзімен бірге алып кететін болған. Сонымен бірге оған шағын сый берілген. Бұл дәстүр қазіргі уақыттада орындалады. 1 жастан 2-ші жасқа көшу әр түрлі әдет-ғұрыптар арқылы орындалған, үлкейген сайын бұл ғұрыптар азайа бастаған. Ұл балаларды 3, 5 немесе 7 жасында (тақ сан) ислам дінінің шарттарына сәйкес сүндетке «сундент» отырғызған, қыздарды 9-10 жасында шаштарын өріп, шаш өру дәстүрі орындалған. Баланы бірінші атқа отырғызу – «атка мингизуу», мұрттарын алғашқы рет қырыу – «муруг серпуу» дәстүрі орындалған.

Нәтижелер мен талдаулар

Талдау барысында қазақ және қырғыз халқында үйлену салтына байланысты да негізінен түркілік ортақ діңгек сақталып отырғанымен, тарихи тарамдалу жолында бірқатар ерекшеліктер де орын алғанын байқаймыз. Мысалы, қырғыздар ертеректе, 7 атаға дейін қыз алыспауды сақтаған болса, бүгінде негізінен 4 атаға дейін қыз алыспайды. Ал, бұл қазақтарда әлі күнге 7 атаға дейін созылады, қазақ халқының

7 атадан кейін ғана қан араласпайды деген болжамы медициналық тұрғыдан да дәлелденіп, нақтыланған. (Islam A, 2004: 55). Сонымен қатар, үйлену дәстүрлерінің бірінші кезеңі болып саналатын құда түсу, қалыңмал төлеу, үйлену тойы, ұрын бару, некелесу сияқты әдет-ғұрыптар қырғыздар мен қазақтарда бірдей сақталған. Осы жағынан алып қарағанда қырғыздар мен қазақтарда қолданылатын отбасылық, некелік қарым-қатынас атаулары да ұқсастығымен ерекшеленеді. Қазақтар мен қырғыздардың үйлену тойы салт-дәстүрлерінде кездесетін тартыс, қалыңдық пен жігітті байлау, арқан тарту, жар-жар, беташар, неке қию, той ойындары дәстүрлерінің орындалуында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Халқымызда тұрмыссалт жырларының ең көп тарағандарының бірі сыңсу. Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанар алдында ағайын туғандарын аралайды,былайша айтқанда қоштасады (бірақ бұл дәстүрлі қоштасу емес). Жеңгесін ертіп ағайындарын аралап жүрген қыз жәй жүрмейді. Ол өзінің балалық дәуренінің, оң жақта бұлғақтап өскен бақытты күндерінің өткендігін, аяулы ата-анасының, туысқандарының өзін мәпелеп өсірудегі еңбегін өлеңмен айта жүріп өксиді. Қырғыз халқында бұл қыз ұзату салты «қыз қыңшылатуу» деп аталады. (Unusaliev, 1965: 5-22). Бұл ел де қазақ

халқы сияқты құдалықты құйрық-бауыр жеумен бекітеді. Ал, памир қырғыздарында бұндай келісімнің ишараты болып құдалардың өзара бір-біріне белін бүгіп, сәлем салуы есептелген, немесе құдалық мәселесі шешілгенде қыз жағы құдалардың алып келген ет, тәтті тағамдардан тұратын сәлем –сауқатын қабылдаған. Қыз айттырып бару, яғни жаушы жіберу ұғымын қырғыз тілінде «жуучу жиберүү» тіркесі білдіреді. (Karataev, Eraliev, 2005: 228). Қырғыздардың күйеулеу салты ішкі рәсімдері жағынан қазақтардікіне көп ұқсас келеді. Бұл жерде бір айта кететіні, аталмыш салт, негізінен, солтүстік қырғыздарда орындалады да, ал оңтүстік қырғыздарда оның орындалуы міндетті емес, ал орындалатын болса, қалыңмалды толық төлегеннен кейін ғана іске асады.

Қырғыздардың келінге саукеле кигізу, беташар айту, отқа май құйғызу, теріге отырғызу, жаңа отаудың шаңырағынан сүйек лақтыру, екі жасты алғаш кездестіргендегі бақан тастар, ит ырылдар сияқты көптеген ырым-жоралары қазақтікіне көп жағынан ұқсас. (Islam A, 2004: 69). Дегенмен, қазақта да, қырғызда да кездеспейтін ырым-салттар да аз емес. Мысалы, ұрпақты болсын, пәле -жаладан аман болсын деп екі жасты арнайы сойылған лақтың өкпесімен қағу, жастарға өкіл ата, өкіл ене тағайындау т.б. салттар – қазақ халықтарында кездесе бермейтін ерекшеліктер. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, түркмен және жартылай көшпелі өзбектерде жас келіннің басына киетін арнайы киімі сәукеле бар. Ол қырғыздарда шокуло, сонымен қатар, халықтардың көбіне ортақ тұрмысқа шыққан әйел бас киімі – кимешек деп аталған. (TToollee -baev, 2010: 28).

Дәстүр бойынша құдалаудың ескі түрлері, яғни әлі туылмаған балаларды атастыру –«бел куда», кішкене сәбилерді атастыру«бешик куда» деп аталатын түрлері бар. Біріншісі бойынша әлі туылмаған балалардың болашақ үйлену тойы туралы бір-біріне шексіз берілген достар немесе ең қиын сәтте көмек қолын созуда мүлде бейтаныс адамдар уәделескен. Бұл үшін олар бір-біріне өмір бойы туысқан болуға ант берген, мұны «соектешуу» – «сүйектесу» деп атаған. Уәделерін «ок тиштее» – садақтың оғын тіспен алу, «чыпалактын канын соруу» – бір-бірінің саусағындағы қанын сору, «чырпык кырку» – шыбық қырқу, «шилекей алышуу» – сілекей алысу, т.б. әдет-ғұрыптар арқылы орындаған. Егер отбасылық жағдаяттарға байланысты бала болмаған жағдайда олар өмірлік дос болып қалған. Ол қырғыздарда «антуу дос», «акыреттик дос» деп аталған. Салтқа сәйкес, болашақ күйеу баланың ата-анасы кішкентай қыздың құлағына күміс сырға салған, бұл «сейке салуу» деп аталады. Күйеу жігіт пен қалыңдықтың некеге дейінгі кездесуі «куйелеу» немесе «уйдун жанына баруу» – күйеулеу немесе күйеу баламен танысу салты арқылы жүзеге асқан. Бұл дәстүр әдеттегі құқықтық ережелерге сай деп есептелген және үйлену тойына дайындық барысында ерекше маңызға ие. Үйлену тойына аз қалғанда күйеу жігіт өзінің жақын достарымен қалыңдықтың ауылына жақын жерге тоқтаған. Болашақ жас жұбайларға арнап барлық жасау-жабдығымен киіз үй тіккен. Кездесу кезінде әр түрлі жастардың ойын-сауықтары ұйымдастырылған, ол «кыз ойнотоор» – «қыз ойнатар» деп аталады. Күйеу жігіт өзін барлық құрбыларымен бірге киіз үйдің ішінде күтіп отырған қалыңдығына кірмес бұрын киіз үйдің сыртынан қалыңдықтың бас киімін ұрлауы керек, бұл салт «такыя сайуу» деп аталған. Егер ол қалыңдықтың бас киімін ала алмаса, бұл әрекет бірнеше рет қайталанған. Бұлардың барлығы дерлік қалжың-күлкімен жүзеге асқан. Одан кейін күйеу жігіт пен қалыңдықтың кездесуі –

«жар корушуу» ұйымдастырылған. Ақырында, үйлену тойына дейін, яғни қалыңдықты ауылынан ұзатып алып кетуге 15 күн қалғанда салт бойынша күйеу жігіт қалыңдықтың ауылына

«жыгач тушуруу» деп аталатын сый берген. Той және оған қатысты барлық салт-дәстүрлер басқа дәстүрлерге қарағанда ең жарқын, ең қызық, ең маңызды болды. Жігіттің ата-анасы, туыстары келгенде қалыңдық ауылында үлкен «кыз узатуу» тойы болды. Жігіт келер алдында қыз дәстүр бойынша, барлық туыстарын аралап шығып, қоштасты, өзінің құрбыларына қыздар отырысын жасады. Той салтанаты ән мен музыканы, түрлі ойын жарыстарын қамтитын көз тоярлық, көңіл көтерерлік шаралармен жалғасты. Қызды шығарып салу және оның жігіт ауылына көшуі кезінде «кемпир олду», «чал жыгар», «кыз кыншытуу», «жыюу-жаюу», «жүк керуу», «укурук байтал», «орок кой», «ергее жабар», «тундук которуу», «уй которуу», «толгоо табак», «той таратуу», «токмок салуу», «тешок талашуу» және басқа да дәстүрлі ойын шаралары және ат жарысы өткізілді. Жігіт туыстары келгенде олардың алдынан – «аркан тартуу» жуан арқан тартылды, жігіттің ата-анасы одан жеңіл-желпі сыйлықтар беріп өтетін болды. Қалыңдық әкесінің үйінде ең басты дәтүрлі шаралар өтті: арнайы дайындалған әйел күйеу туыстары әкелген қоржынды ашты «куржун соегу», біршама уақыттан соң жігіт туыстары әкелген бағалы, қымбат киімдерді –«кийит» таратылады. Осы уақытта қалыңдықты сатып алу – «калын» рәсімі берілді. «Қалын» қалыңмал, негізінен, малдан тұрды, малдың әр түрінен тоғыз мал беру керек болды. Бұл сан киелі,қасиетті болып саналды. Тоғыз ағаш табақта дәстүрлі тамақты,киімдерді және ұсақтүйек заттарды салып әкелді – «тогуз табак» тартты.

Той қарсаңында қыз туыстары «шаш өру» салтын жасады – қыз шашын тара тып, әйелдердің шашындай қылып өрді. Бұл дәстүр үлкен өмірге қадам басудың алғашқы сатысы болды. Қалыңдыққа жылы сөздер, сенімді,адал жар болуға, жақсы, ұқыпты әйел болуға түрлі ақыл-кеңестер айтылды. Барлық той киімдері, түрлі салтанатты бұйымдарымен қалыңдықты жеңгелері ең алғаш күйеудің атаанасына көрсетті – «жүз корушуу», ол үшін олар сыйлықтар алды. Қалыңдықты жігіт ауылына шығарып салу кезінде «кыз ұзатуу» дәстүрі болды, ол кезде әйелдер қызбен жылап қоштасты, ол «кошок айтуу» деп аталды. Дәстүр бойынша, егер қыз тұрмысқа шықса, ол әкесінің еліне, қандай жағдай болмасын, ешқашан қайтып келуге болмайтын – «чыккан кыз чийден тышкары» деген,тұрмысқа шыққан қыз бөтен болып саналған – «кыз башка элдин кишиси» деген, қандай жағдай болмасын, ол қайтып келмеуі тиіс болған,сондықтан оны мәңгілік сапарға шығарып салғандай қылып шығарып салған.

«Отко киргизу» рәсімі де ерекше маңызды болды. Күйеудің туыстарының бәрі жас жұбайларды кезек-кезек қонаққа шақырды, олардың құрметіне қой сойды, қалыңдықты өздерімен таныстырды, оның басына ақ жаулық тартты – «ак жоолук». Қырғыздрда ақ түс тазалықтың, бақыттың, ақ көңілділіктің белгісі болды.

Қорытынды

Сонымен, қорыта айтатын болсақ қазақ және қырғыз халықтары тіліндегі ғұрыптық лексикадағы ортақтықтар екі халықтың жақын туыстығының айқын дәлелі бола алады. Соған қарамастан, салыстыра зерттелуі қажет екі халық тіліндегі салт-дәстүрлерімізге қатысты ғұрыптық лексикада азды-көпті айырмашылықтар да орын алғандығы байқалады. Әрине, мұндай айырмашылықтардың түп тамыры тереңде жатыр. Мұныңөзіқырғызжәнеқазақхалықтарының бастан кешкен түрлі тарихи оқиғаларымен, күн көріс тәсілімен, тіпті қоныстанған географиялық жер жағдайымен де байланысты болуы мүмкін. Өкінішке орай түркітануда туыстас халықтардың лексикасын осылай салыстыра зерттеу әлі де кенже қалып келе жатқаны жасырын емес. Сондықтан да, тамыры бір туыстас екі түркі халқының ғұрыптық лексикасына қатысты айтар сөзіміз бұнымен бітпейді. Алдағы уақытта бұл өз алдына арнайы зерттелуі керек деп ойлаймыз. Себебі, екі халықтың ғұрыптық лексикасындағы ортақтықтар мен айырмашылықтар түркі тілдері лексикасының даму жолы жайлы мол мәлімет болып табылары анық.

 

Әдебиеттер

  1. Musaev S. J. The kyrgyz language. // Проблемы современной науки и образованя. – № 20 (62) / Под ред. С. В. Вальцева. – Иваново, 2016. – С. 56-57.
  2. Radloff W. Honeti der n rdli hen ür spra hen. – Leipzig, 1882. – P. 9-13. Somfai Kara D. Kyrgyz – Lincom Europa, 2003. – 60 р.
  3. Абрамзон С.М. Кыргыздар. – Бишкек, 1989. – 232 б.
  4. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (салыстырмалы-салғастырмалы лигвомәдени сараптама): Фил. ғыл. док. дис... – Алматы, 2004. – 340 б.
  5. Юнусалиев Б.М. Заметки по истории киргизского языка. – Фрунзе, 1965. – С. 5-22.
  6. Каратаев О.Эралиев С. Кыргыз этнографиясы боюнча сөздүк. – Бишкек: Бийиктик, 2005. – 600 б.
  7. Төлеубаева К.М. Қазақтар және Орталық Азия халықтарының отбасы, отбасылық әдет-ғұрып, салт-саналары (салыстырмалы-этнографиялық зерттеу): Тарих ғыл. канд. автореф. – Алматы, 2010.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.