Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шет тілін үйрету үдерісіндегі Case study әдісін қолданудың артықшылығы

Қазіргі қоғамның қарқынды екпінмен дамуы адамды ауыспалы жағдайларға жедел жауап беру немесе қиын мәселелердің алдында дәрменсіз болу сияқты талғамның алдына қояды. Қазіргі қоғамда білім табыстың және адам өмірінің биік сапасының басты көрсеткішіне айналды. Біздің жаңа білім мектебіміздің қалыптасуы әлемдік жаңа білім кеңістігіне кіруге бейімделеді. Аталмыш үдеріс оқу-тәрбие ісіндегі теориялық және практикалық өзгерістермен қатар жүреді. Бүгінгі таңда білім беру үдерісі мен тіл білімінің алдына қойған мақсаттары оқу ісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолануды талап етеді.

ХХІ ғасырдың ақпараттық қоғамы кәсіби мамандар даярлау сапасына жаңа талаптар қояды. Таңдаған мамандықтар бойынша шығармашылық жұмыс үшін жеткілікті теориялық білім мен практикалық дағдылары жоғарғы деңгейлі қызметкерлер қажеттілігі туады. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі жеке тұлғаның танымдық әлеуетін арттыруға, оқуға деген қабілетін өсіруге, білімнің жаңа жүйелерін білу мен жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін және оның мүмкіндіктерін кеңейте әрі дамыта отырып, шығармашылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, осы арада үлкен жауапкершіліктің мұғалімнің иығына жүктелеті нін ескерген жөн. Аталмыш әдіс оқу бағдарламасын жетілдіріп, тиімді жолдарын табуға бағытталған [1, 62].

Шетел тілдерін оқытуда заманауи әдістерін қолданузаман талабы және жаңа білім беру моділін құру болып табылады. Солардың бірі – CaseStudy әдісі.

Бұл әдістің Отаны – Америка Құрама Штаттары, дәлірек айтқанда, инновациялық конструкцияларымен жақсы белгі лі Гарвард Бизнес Жоғарғы мектебі. Аталмыш әдіс алғаш рет 1924 жылы Басқару пәндерін жергілікті жерлерде жеткілікті беру барысында қолданылды. Қазіргі уақытта екі бірдей классикалық үлгідегі колледждер – Гарвард және Манчестерде іске асырып отыр. Бірінші тәсілді қолданып отырған мектептегі бағдарлау әдісі – жалғыз әрі шынайы шешім болса, екінші мектептегі білім іздеудің, ізденімпаздықтың мақсаты болып табылады [2, 110]. Теориялық әдістердің және олардың тәжрибелік дамуы, авторлық құқықтары америкалық ұстаздарға (Dr. Copeland , JA Erskine , MR Leenders , LA Mauffette – Leenders, Р. Merry) тиесілі.

Кейс әдісі үшін қолайлы жағдайлар жа сау біздің елге ХХ ғасырдың 90-жылдарда тек жалпы пәндер мазмұнының жылдам жаңаруы барысында оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану кезінде ғана жетті. Аталмыш әдістің таралуы жолындағы Отандық (Ресейлік) Кейсолог мамандардың – теоретиктер мен практиктердің арасынан Багиев Г. Конишенко Г., Наумов В., Сидоренко А., Сурмин Ю., Шеремет П. атап өтуге болады. Олардың «кейсология» үшін сіңірген еңбектері тым орасаң болатын.

Case study – бұл білім беру проблемала рын шешу үшін пайдаланылатын нақты оқыту әдістемесі болып табылады. Жоғарыда аталған Harvard Business School–дың кейстік әдісі студенттер мен оқытушылардың белсенді іскерлік жағдайларда немесе түрлі мәселелерді тікелей талқылауға қатысатын оқыту әдістемесі ретінде анықталды. Бұл әдістің мәнін түсінуде сыни талдау жасап, нақты жағдаяттардың шешімін іздеу ғажап емес. Case study – бұл жағдайлар сипаттамасы немесе тәжірибені қажет ететін, белгілі бір мәселені қамтитын әдіс түрі. Ол нақты өмірдің аудиториялық бөлігінде енгізіп, әрі оқыту құралы болып табылады [2, 85].

Кейс – күрделі құбылыс, әрі бұл – шынайы бейне мен нақты фактілері бар сипаттамалардың тұрақты жиынтығы. Әр кейстің келесі белгілері болуы тиіс: мәселелік, жанжалдық, рөлдік, жағдаяттық, қызметтік, уақыттық, кеңістіктік. Студенттің міндеті – ұсынылған өмірлік жайттарды түсіну. Ол бұл арқылы тек қана тәжірибелік жұмысты ғана атқарып қоймайды, сонымен қатар өзекті мәселелерді тұжырымдау және белгілі талаптарға сай қандай да бір алғышартты қалыптастыру арқылы мәселе шешімін таба отырып, бұған дейінгі өткен тақырыптарды бір пысықтауға мүмкіндік алады [3, 25].

Кейстік әдістің үлкен мүмкіндіктері мен білім беру мақсаттары бар. Олар төмендегідей жіктеледі:

  1. Жаңа білімді сіңіру;
  2. Білім алушының өзіндік сыни және стратегиялық ойлауын қалыптастыру, тыңдауға машықтану, жанжақты көзқарастармен қатар өз ойын дәлел арқылы жеткізу;
  3. Қиын және құрылымсыз мәселелерді талдауға машықтану;
  4. Сананы дамыта отырып, қабылданған шешімге жауапкершілікпен қарау, сөйлеусуді үйрену;
  5. Іс-әрекет дағдыларын дамыту және оны іске асыру;
  6. Топта жұмыс істеу;
  7. Мәселеден мейлінше ұтымды шешім қабулдау. Болашақта бітірушілердің өмірлік жағдайларда өздерін сенімді сезінулері үшін сабақ барысында шет тілінің көмегі арқылы ғана шеше алатындай жағдайлар ұсынылуға тиісті.

Кейс әдісін іскерлік ортадағы (іскерлік ағылшын тілі, менеджерлерге арналған ағылшын тілі, экономистерге арналған ағылшын тілі, жарнама саласының қызметкерлеріне арналған ағылшын тілі, қоғаммен жиі байланысқа ұшырасатын мамандықтарға арналған ағылшын тілі) сабақтарда қолдану үшін бірін-бірі толықтыратын мақсаттарды білу керек. Атап айтар болсақ, біріншісі коммуникативті құзіреттілікті (лингвистикалық және мәдени-әлеуметтік) одан әрі дамыту болса, екіншісі білім алушылардың кәсіби қасиеттерін қалыптастыру болар еді. Кейспен танысу, сауалдарға өз бетінше жауап іздеу, сабақ барысында жағдайларды талдау (ағылшын тіліндегі монологтік және диалогтік тіл) – мұның барлығы да каммуникативті міндеттердің мысалдары болып табылады.

Сөйлесу аудиториясында кейс әдісі арқылы оқушы немесе оқытушы ағылшын тіліндегі дискуссия, диспут, дау, салыстыру, басқа сөйлеушіні иландыру стратегиялық тіл мәнерінде ережелер мен нормаларды сақтауы шарт. Студенттің Кейс мазмұны жайында берген жауаптары мұғалім тарапынан төмендегідей бағаланады: талдамалық, басқарушылық, шешім қабылдау шеберлігі, шығармашылығы, ағылшын тілінде ауызша және жазбаша сөйлесу шеберлігі (лексикалық және грамматикалық аспекті). Сол себепті де Кейс әдісі бір мезетте жақсы оқу материалы және оның ағылшын тіліндегі қолдану тәсілдерінен тұрады.

Шет тілдегі сөйлеу қызметі төмендегі ретпен іске асырылады: кейсте кездесетін негізгі ақпаратты талқылау; пікіралмасу және түйінді мәселе бойынша жұмыс жоспарын құру; түйінді мәселемен жұмыс жасау (дискуссия); мәселенің шешемін табу; түбегейлі шешешім қабылдау үшін дискуссия; баяндама дайындау; дәлелді қорытынды баяндама.

Ағылшын тіліндегі Case study – ды жоғарғы курс білімгерлері үшін қолданған жөн. Бұған негізгі себеп: білімгерлердің мамандықтары бойынша білім қорын білу керек, әрі ағылшын тілін жоғарғы деңгейде меңгере отырып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Кейс әдісінің кәсіпқойларының тұжырымдамасы бойынша әр кейс кейс ақпараттың жеке өзіне тән құрылымы болуы тиіс. Сауатты құрастырылған кейсте дәл құрастырылған уақыттық және желілік құрылым болуы керек.

М. Линдерс пен Дж. Эрскин кейс әдісін қолдануда бес түрлі кезеңді көрсетеді [4, 59]:

  1. кезең. Бірінші кезеңнің мақсаты – кейстің негізгі идеясын анықтау және шешім қабылдауға керек ұйымның орналасуы мен байланыс мәліметтерді іздеу болып табылады.
  2. кезең. Байланыс орнату болып табылады. 3 кезең. Ақпаратты жинау.
  3. кезең. Құрастыру үрдісі.
  4. кезең. Басылымға рұхсат алу.

«Кейстерді», пайдаланатын көптеген оқулықтар әр-түрлі мәселелерді, адамдарды, әлеуметтік топтарды, әлеуметтік институттарды, ұлттардың, санқилы жағдаяттарды сипаттайды.

Case study әдісі студенттерге оқу, түсіну және талқылау мүмкіндігін береді. Студенттер әрбәр мәселенің логикалық шешімін табуы керек. Әрбір кейс студенттерді әр түрлі жағдаятқа енгізіп, белгілі бір шешім қабылдап, болашақ іс-әрекеттерді болжауға үйретеді. Көріністі толықтыруға сан қилы кестелер, диаграммалар, суреттер мен түрлі мағлұматтар көмектеседі. Шынайы жағдаятты жасауға түрлі фильмдер,бейне ақпараттар, аудио таспалар мен слайдтар кеңінен қолданылады.

«Кейс» әдісін қолдануға бел буған шет ті лі оқытушылары төмендегідей қиындықтармен кездеседі:

  1. Уақыттың шектеулігі. Оқулықтардағы

«кейстердің» көпшілігінің көлемі үлкен, сондықтан оқытушыларға мәселені ұсынып, студенттердің зейінін лексикалық-грамматикалық жаттығуларға бұруға уақыт жетпейді.

  1. Кейске арналған ақпарат деңгейінің жоғары болуында, яғни, кейс ақпаратын қолдану үшін студенттердің шет тілі деңгейі кем дегенде

«Intermediate» болу керек.

  1. Мәдени орта. Оқулықтардың авторлары ағылшындар мен американдықтар болғандықтан, ұсынылып отырған кейс жағдаяттарында біздің студенттерге беймәлім ақпараттар суреттеледі.
  2. Орындау мүмкіндігі. Көптеген «кейстерде» өте көп математикалық санаулар мен кестелербар, олар студенттің ынтасын алаңдатып. ынталандыруын төмендетеді.
  3. Тақырыптық шектеулер. «Кейс» тақырыбы техникалық немес күрделі болуы мүмкін. Студенттерге тақырыптың таныс болуы өте маңызды.

«Кейстегі»жаңа сөздер мен ұғымдар алдын ала студенттерге таныстырылу керек [5, 104].

Жоғарыда айтылған қиындықтарды болдырмау үшін оқытушы студенттердің деңгейін есепке ала отырып, «кейс» ақпаратын толықтырып,

өзгертіп, айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл үрдісте келесі сұрақтар қаралады:

«Кейс» ақпараты шынайылыққы жанасады ма?

  1. Студенттер аталмыш жағдаятты қабылдай ала ма?
  2. Қойылған тапсырмалар студенттер деңгейіне сәйкес келе ме?
  3. «Кейсте» берілген мағлұматтар толық па?
  4. «Кейстегі» мағлұматтар студенттерді толғандыра ма?

Төменде шет тілін оқитын екінші курс студенттеріне арналған «Кейс» әдісін пайдалануға арналған мысалды көреміз. Мәселе: сіз футбол ойынына билет сататын менеджерсіз, футбол ойыны – сенбіде, бірақ бүгін -жұма, көп шығынға ұшырамау үшін қандай шешім қабылдайсыз? Тапсырма:

  1. Мүмкін болатын шешімдерді табу;
  2. Футбол ойынын болдырмау;
  3. Билет құнын төмендету;
  4. Көрермендер арасында лотерея ұйымдастыру;
  5. Футбол алаңына жұлдызды шақыру;
  6. Ойынды кішірек алаңға ауыстыру;
  7. Басқа шешім табу. Оқытушы аталмыш

«кейсте» белгіленген лексикалық, морфологиялық, грамматикалық мәселелерді анықтауы керек. Футболмен байланысты лексиканы қайталау (footballer, football fans etc), қаржы және заңға қатысты жаңа сөздермен танысу (budget, expenses, profit, to incur costs, to suffer losses, price list, to commit a breach, to o cancel agreement, to impose penalty etc) сияқты мақсаттар көзделеді. Аталмыш мәселеде студенттер өз ойларынша нақты да дұрыс шешім қабылдауы керек. Әр қабылданған шешім сан қилы болуы мүмкін, дұрыс қабылданбаған шешім сынға тартылмайды, дұрыс емес деп табылмайды. Студенттердің шығармашылығы мен тапқырлығы ғана есептеледі, берілген «кейс» арқылы студенттер бір-бірімен пікір алмасып, ұжымда бірге жұмыс жасауға үйренеді. Студенттерге таратылатын мәліметтерде төмендегідей міндеттер берілуі мүмкін:

1-міндет: шешімдер ұсынып, оны анықтаңыз. 2-міндет: баламалық жолдар туралы ойлап көріңіз.

3-міндет: мәселені шешімін айту үшін топ мүшелерінің бірін таңдаңыз [6, 145]. Мұндай тапсырмалар студенттер мен оқытушылар арасындағы оқу үрдісін қызықты етеді. Дұрыс ұйымдастырылған кейс мәселесі кейде театрланған көріністі еске түсіреді. Оқытушы студенттерге ойлауға, пікір алмасуға көмектеседі, оларға өз ойын ұсынбайды. Сабақ басталарда студенттерге өздері шешім қабылдайтыны ескертіледі.

Тәжірибе көрсеткендей, Case Study әдісі студенттерге жағымды әсер етеді. Аталмыш әдісті қолданатын оқытушылар түрлі жетістіктерге жеткенін ескертеді. Студенттердің ауызша және жазбаша қабілетерін тексергенде олардың сөздік қорының және шет тілін оқуға деген қабілеттерінің артқанын көреміз. Кейс әдісі коммуникативтік әдіспен ұштасады. Аталмыш әдісте аутенттік ақпарлар, фразеологизмдер мен идиомалар, шет тілі фонетикасының ерекшеліктері қолданылады. Қорытындылай келе, шет тілі сабақтарында Cаsе-студий әдісі арқылы студенттердің шет тілінде шығармашылық шешім қабылдау, талқылау, оқу, ақпараттарды өңдеу, аналитикалық ойлау, ұжымда бірігіп жұмыс істеу қабілеттерінің өсуін байқай аламыз.

 

Әдебиеттер

  1. Ефимова Н.И. Особенности использования инновационных педагогических технологий при обучении иностранному языку в неязыковом вузе . – СпС.: Социосфера, 2010. – 62 c.
  2. Красикова Е.Н. Кейс-метод в структуре и содержании методической компетенции лингвиста-преподавателя: дисс. канд. пед. наук. – Ставрополь, 2009. – C. 85, 110.
  3. Sinclair J. Collins. Сobuild English language dictionary Harper. – L.: Collins Publishers, 1990. – 25 p.
  4. Easton G. Learning from case studies. – L.: Englewood Cliffs, 1982. – 59 p.
  5. Lane H. and Distefano J. International management behavior: Introduction to the cases and case method. – Kent: PWS , 1992. – 104 p.
  6. Meral Guceri, Ann Riddell Akin. Case Studies in Education. – M: Englewood Cliffs, 1998. – 59 p.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.