Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Аударма мәтіндеріндегі лингвистикалық қатысымдықпрагматикалық әсер ету әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктері

Тіл білімінің зерттеу ауқымы ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап кеңейіп, негізгі назар тілдің сөйлеу қатысымы құралы ретінде қолданылуы мәселесіне бөлінді. Осыған байланысты тіл білімі нағыз макролингвистикаға, яғни тілдің қоғамда тіршілік етуінің алуан түрлі нысандары мен әдіс-тәсілдерін зерттейтін лингистикалық пәндер жиынтығына айналып, когнитивті лингвистика, социолингвистика, психолингвистика, мәтін лингвистикасы, сөйлеу актісінің теориясы және т.б. пәндер мен білім салалары пайда болды.

Аударматану ғылымының нысаны – аударма, бір тілдегі мәтін мазмұнын өзге тіл құралдары арқылы жеткізу әрекеті. Қолданбалы лингвистиканың бөлімі ретінде, аударма әдебиеттану ғылымымен де тығыз байланысты. Бүгінгі аударматану когнитивті, эксперименттік психология, нейрофизиология, этнография және тағы басқа көптеген ғылымдардың пәнаралық зерттеулер нәтижесі ретінде сипатталады, әсіресе лингвистикалық зерттеулердің аударма ғылымының дамуына үлкен үлес қосқаны белгілі.

Аударманың ғылыми теорияларының негіздері тіл мамандарының аударманы сөйлеу әрекетінің ерекше түрі ретінде, яғни аудармада қолданылған тіл бірліктері түпнұсқада қолданылған тіл бірліктеріне тәуелді пайдаланылатындығын қарастыра бастағанда жетіле бастады.

Ғалымдар аудармаға алуан түрлі анықтамалар береді. Дж. Кэтфордтың пайымдауынша, аударма дегеніміз «бір тілдегі мәтін мәліметін өзге тілдегі баламасымен өзгерту» [1]. Ю. Найд аудармаға «түпнұсқаны аударма тіліндегі орынды баласымен алмастыру актісі» деген анықтама береді [2, 12]. Белгілі ғалым А.Д. Швейцер аударманы, алдымен, тіл жә не мәдениетаралық қатысымның бірбағытты әрі қос фазалы үдерісі, яғни бастапқы мәтінге толық талдау жасау барысында өзге тілдік әрі мәдени ортада бастапқы мәтінді алмасты ра алатын екінші мәтіннің пайда болуы, екіншіден, екі тілдегі мәдени және қатысымдық айырмашылықтарды ескере отырып бастапқы мәтіндегі қатысымдық мәліметті өзге тілде беру үдерісі деп анықтайды [3, 75]. Тұжырымдама аударма үдерісінің көпөлшемділігі мен көпықпалдылығын айқындайды, тіларалық қатысымның өзге түрлеріне қарағанда аударманың

Аударма мәтіндеріндегі лингвистикалық қатысымдықпрагматикалық әсер ету әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктері күрделілігі, түпнұсқамен сәйкестігіне тәуелділік сияқты айырмашылықтары бар.

Заманауи аударманың қатысымдық теориясының негізіне аударма тіл секілді қарым-қатынас құралы ретінде қолданылады деген тұжырым кіреді. Е.В. Бреустың пайымдауынша «аударма – негізделген талдау негізінде бастапқы мәтінді өзге тілдік және мәдени ортада алмастыратын аударма мәтінін құрастыратын тіларалық және мәдениетаралық қатысым үдерісі» [4, 19]. Демек, аударма – екі тілдік қатысым моделі.

Берілген жұмыста М.О. Әуезовтың «Абай жолы» романындағы және оның ағылшын тіліндегі Л. Наврузов жасаған аудармасындағы қазақ және ағылшын тілдеріндегі сұраулы сөйлемдеріне талдау жасалған. Дж. Лайонз: «қазіргі лингвистикалық теорияда сұраулы сөйлемдер деп аталатын грамматикалық бірлік барлық тілдерде қолданылатындықтан әмбебап болып табылады» [5, 147]. Аталған мәселе қазақ тілінде көптеген лингвист-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің теориялық әрі практикалық жақта ры көптеген жетекші лингвистикалық ағымдар өкілдерімен іргелі зерттелген. Солардың ішінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі сұраулы сөйлемдердің семантико-прагматикалық ерекшеліктерін салыстырмалы түрде қарастырған зерттеу бар.

Қазіргі зерттеулердің прагмалингвистикалық бағыты субъектаралық қатысымның жетілдірілуіне бағытталған түрлі деңгейдегі адамзат қарым-қатынастармен тікелей байланысты. Прагмалингвистика ғылымының нысаны болып қатысымдық әрекет, адамдардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас барысында диалогтың мәні зор. Диалогтың негізгі компоненті сұраулы сөйлемдер арқылы сұхбаттастар қатысымдық-прагматикалық мақсаттарына жетеді. Сұраулы сөйлемдер – сұрақтар арқылы сөйлеу бірліктерінде қолданылатын тіл бірліктері. Осы элементтерді жан-жақты зерттеу «тіл – адам» атты заманауи лингвистикалық ағым үшін ерекше маңызды.

Прагматикалық анализ үшін қазақ тіліндегі сұраулы есімдік кім және оның ағылшын тіліндегі баламасы who алынған.

-Бұрынғыда кiм өткен? [6, 41]. – And who, my dear, shall tell their mysteries? [7, 80].

– Кiм айтады? [6, 59]. – Who says so? [7, 111].

– Бұлар кiм? [6, 144]. – Who are they? [7, 237]. Екінші және үшінші сөйлем жұптарындағы прагматикалық бағыт сұраулы сөйлемдер арқылы берілген.

Бірінші жұпты алып қарасақ, сөйлемдер де әдеби қазақ тіліне тән поэтика, көркемдік, фольклорлық сипат бар. Дәл осындай үзінділер көркем әдебиеттің эстетикалық мәні мен сәнін келтіреді: «сөз шеберлерімен өрнектелген, әсемдік пен эстетикалық ләззатқа толы» [8, 608-609]. Қазақ тіліндегі сөйлемде идеоматикалықтан басқа, бірегей сематикалық сын есім – бұрынғы, метафора – кім өткен, тавтология – бұрынғы – өткен кездеседі.

Ағылшын тіліндегі нұсқада сөйлем басында күшейткіш шылау – and, бірегей семантикалы қаратпа сөз – my dear; күшейтпелі етістік формасы – shall tell және зат есім-интенсификатор – mystery қолданылған.

Қазақ тіліндегі сұраулы есімдік кім жекеше, көпше түрде, септік арқылы түрленсе, ағылшын тіліндегі who есімдігінің whose, whom түрлері with, for, from, to шылауларымен түрленеді. Мысалы:

-Кiм берiледi?.. [6, 96]. – Whom shall we

have to part with? [7, 167].

-Кiмнен алынған? [6, 101]. – From whom? [7, 174].

-Тек, бiрақ кiмге барасың? [6, 244]. – … to

whom shall we turn for knowledge? [7, 384].

Түпнұсқадағы келесі үзіндіні қарастырсақ:

-[Осы менің ұдайы күткен бір адамым бар секілді…] Сол кім? Кімді күтем мен? [Ондай жан жалғыз Әйгерім болса керек еді. Әй, ол мен көксеген бұл күйді іздеместей боп барады ғой!..] Енді кім? Кімім келмей жүр менің? [6, 435-436].

– [I always feel that someone will dispel this gloom,] but for whom am I waiting? [Perhaps Aigerim has come to life again. No. That is unlikely.] Who am I waiting for then? [7, 228].

Экспрессивті-эмоционалды элементтер қазақ тілінде келесі тәсілдер арқылы берілген: сұрақ маркерінің лексика-синтаксистік қайталануы (төрт рет қайталану) – кім есімдігінің; бірінші және үшінші сөйлемдердің құрылымдық толымсыздығы арқылы; есімдіктердің инверсиясы арқылы – мен, менің; екінші, төртінші сөйлемдердегі сұрау есімдігінің емфазасы – кімді, кімім және бірінші сөйлемдегі есімдік-интенсификатор – сол.

Ағылшын тіліндегі сөйлемдерде адресатқа әсер ету үшін келесі элеметтер қолданылған: сұраулы құрылымның лексика-синтактистік қайталануы арқылы – for whom am I waiting және who am I waiting for; екінші сөйлемнің экспрессивтілігі for шылауының инверсиясы және then үстеу-интенсификаторынының қолданылуы арқылы күшейтілген. Мәнмәтіннің берілген үзіндісі аудармадағы қатысымдық-прагматикалық құралдардың сандық қысқаруының көрсеткіші, дегенмен оқырманға ықпал ету әсері бойынша түпнұсқадан кем түспейді. Ауызша сөйлеу тіліне жақындатылғандықтан, сұраулы сөйлемдер хабарлас сөйлемдермен қатар келіп, оқырманға ерекше әсерін тигізеді.

Қазақ және ағылшын тілдерінде прагматикалық талдау кезінде көркем мәтінде қолданылатын арнайы эмоционалды-экспрессивті, көркемсуреттеу құралдары айқындалды.

Зерттеліп отырған қазақ мәтінінде, яғни түпнұсқада сұраулы сөйлемдердің қайталануы сияқты грамматикалық тәсіл қолданылған. Оған қоса, жеке бірліктермен лексикалық қайталау, одағайлар, кідіріс, инверсия және т.б. қолданылған. Эллипсис – адресатқа әсер ету үшін неғұрлым көп қолданылатын синтаксистік тәсіл, ол құрылымның толымсыздығы, атап айтқанда бастауыштың болмауы арқылы жасалынады. Сонымен қоса, риторикалық сұрақтарды қолдану, стилистикалық көркем құралдардың метафора, эмфаза, антитеза және т.б. түрлері кездеседі. Мәтінде стилистикалық бірліктердің қолданылуы прагматика мен стилистиканың қатар жүретіндігін көрсетеді.

Ағылшын тілідегі аударма мәтінінде сандық қысқарту қолданылғаны айқын, сұраулы сөйлемдердің, әрі лексикалық, синтаксистік эмоционалды-экспрессивті элементтердің қысқартылуы мәтін сапасына, және адресатқа бағытталған прагматикалық әсердің төмендеуіне алып келеді. Зерттеу барысында ағылшын сөйлемдеріне тән интенсификаторлар анықталды: модаль етістіктер мен етістіктердің болымсыз формасы, антизаны қайталау, эмоционалды және экспрессивті лексика, инверттік үндеу, басқа тілден кірген сөздер және эллипсис.

Талданып отырған үзінділерде қазақ тіліндегі түпнұсқадағы сұраулы сөйлемдердің қатысуымен құрастырылған грамматикалық және лексикалық әдістер әрі адресатқа эмоционалды-экспрессивті әсер ететін құралдар өте жоғары прагматикалық әсерге ие, ал сұраулы сөйлемдердің ағылшын тіліндегі аудармасын салыстыратын болсақ оған қысқартушылық, көркемдік әсерінің төмендеуі, бейтараптылық, ұстамдылық, экспрессивтілік және эмоционалдықтың төмендеуі тән, дегенмен аударманы толығымен көркемсіз әрі мәнерсіз деп айта алмаймыз. Аударма үдерісі кезінде адресаттың өзге мәдениет ортасына жататындығы, оның байсалдылығы мен салмақтылығы ескерілсе керек деп пайымдауға болады, алайда экспрессивті әсер беретін көркем құралдарының аудармада біршама азаюын аударма мәтінінің кемшілігіне жатқызылады.

Қорытындылай келе, аударманы тіларалық қатысымның екі тілдегі тіл және сөйлеу бірліктерін салыстыру үдерісінің ауқымды әрі шынайы тәжірибелік актісі ретінде қарастыруға болады, сондықтан аударманы зерттеу барысында біртілдік зерттеулерде анықталмаған маңызды фактілер айқындалуы ықтимал.

 

Әдебиеттер

  1. Catford J.C. A Linguistic Theory of Translation. – Oxford: University Press, 1965.
  2. Nida E. Toward a Science of Translating. – Leiden, 1964. – 331 p.
  3. Швейцер А.Д. Теория перевода. Статус. Проблемы. Аспекты. – М.: Наука, 1988. – 216 c.
  4. Бреус Е.В. Основы теории и практики перевода с английского языка на русский. – М., 2001 – 208 c.
  5. Лайонз Дж. Введение в теоретическую лингвистику. – М., 1978. – 544 с.
  6. Әуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. Бірінші кітап. Абай. – Алматы, 1989. – 608 б.
  7. Auezov Mukhtar. Abai. A Novel, Book Two. – Moscow: Foreign Languages Publishing House, 1966. – 432 p.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.