Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

М. Райымбекұлы поэзиясының тақырыптық – көркемдік ерекшелігі

Тәуелсіз Қазақстан поэзиясының керегесін тұрғызысқан, шаңырағын шаңқайта көтеріскендердің бірі – Маралтай ақын. Аға буынды ақындардан үйреніп, соларды аға, аруақ тұтып жүріп, өзінше жазған, өзінше сөйлеген, өзінше танылған ақындардың бірі.

Ақын деген атақтың асқақ абыройы мен ауыр салмағын бірдей сезінген Маралтай жұршылықты поэзия дариясынан, әсемдіктің мөлдір бұлағынан жомарт сусындатып келе жатыр. Маралтай қаламынан шыққан дүниелер әр қилы. Маралтай өлеңдерінің қасиеттерін құлаққа алғашқы естілуімен бағалай алмайсың, оның әлеміне тереңірек сүңгіп байыптырақ ой жіберу керек. «Жүрегімнің түбіне терең бойла» деген Абай атамыздың сөзі әркімге қатысы бар десек, Маралтай поэзиясы сөз болғанда да осыны есте ұстаған жөн. Маралтай шығармалары түбіне терең бойлап, сүңгіп оқығанда өз құпиясын аша түседі, өз әлеміне тарта түседі. Маралтай ақын тәуелсіз қазақ әдебиетінен өз орнын тапқандардың бірі.

Тәуелсіз қазақ өміріндегі ұлылы-кішілі оқиғалардың ақын назарынан сырт қалғандары кемде-кем. Ол тәуелсіз Қазақстанды, жаңа Астананы, тәжінен айырылған бұрынғы Астананың қайғысы мен қуанышын, Елорданы, Елбасын жырлады.

Маралтай ақынның шығармаларындағы басты тақырыптардың бірі – Отан, туған жер, тарих, оларға деген перзенттік сезім, дін, діл, ар, табиғат құбылыстары.Маралтай ақынның философиялық түйіндерге құрылған өлең шумақтары да бар. Бұл мол өмір тәжірибесін басынан кешірген ойшыл адамның тіршілік пен тұрмыс, жақсылық пен жамандық, ерлік пен ездік, дін мен діл, о дүние мен бұл дүние сияқты тақырыптар төңірегіндегі толғаныстары.Қазақ сөз өнерінде бағзы заманнан қолданылып келе жатқан әдістердің бірі – адам жан дүниесінің арпалысын түс көру арқылы көрсету. Әдеби шығармалардағы түс көру ді талдау мәселесі жөнінде, ғалым Г. Пірәлиева былай дейді:

«Мифоэпиканың эстетикалық деңгейінің биіктігін байқататын әдеби түс көруді талдау көркем мәтінде символдың, мифологиялық, информациялық, сәуегейлік, психоаналитикалық, т.б. қызметтер атқарады. Әсіресе, кейіпкердің жан диалектикасын, әр түрлі жағдайдағы көңіл-күйін, эмоциялық сезімдік құбылыстарын қадағалай зерттейтін психологиялық арнайы бейнелеу құралдарының бірі болып саналатын әдеби түс көруді талдау көркем туындылардағы сюжетке арқау болуымен қатар суреткердің ойлай сапасының даралық сипатын да танытады» [1, 53]. Психологиялық бейнелеу құралдарының бірі – поэзиядағы түс көруді өз туындысына арқау ету Маралтай ақынның шеберлігін танытады. Түстің мақсатқа қарай қалай қолданыс табуымен қалай ойнатып, құлпыртса да икемге көнетін көркемдік мүмкіншілігі шексіз. Тек ол әр ақынның шеберлігіне, ішкі еркіндігіне, шабыттанған сәттегі арынына байланысты. Маралтай «Ақырзаман. Алматы» атты өлеңінде осы психологиялық бейнелеу құралын пайдаланып былай дейді:

Жатыр еді кенеттен (дала тымық!) Алатаудың басынан қан атылып. Түйдек-түйдек шудадай бұйраланып, Нөпір тасқын ұмтылды қалаға тік.

Құз құлатып, тау бұзып – жағалай кеп, Селге жем боп қойтастар, қарағай көп, Жан-жағыма алақтап қарай берем,

Ес алдырған есалаң баладай боп. [2, 36].

Бұл ақынның ішкі жандүниесінде болып жатқан төңкеріс. Жүрек түкпіріндегі сыры.

«Түйдек-түйдек шудадай бұйраланып» дегені аумалы-төкпелі заман. Шешімі жоқ, не болары белгісіз жағдай. «Ес алдырған есалаң баладай боп» дегені бір ұрпақ ары тартып, бір ұрпақ бері тартып жатқан, аумалы-төкпелі замандағы әлеуметтік жағдай, психологиялық дағдарыс.Содан кейін ақын біздің адасуымыздың негізі, түбірі қара басты ойлауда екенін,сол себепті осындай тасқын болғанын, жұмыр жердің ашуына тиген өзіміз дей келіп, «Бас түгіл балағына барғызбайтын» халық екенімізді баса айтады. Орысты, қытайды Алматыға ағылдырмай, қазақтарға Алматыны сағындырмай есімізді жинайық дейді:

Құдайым, қуат бар ма күшіңе тең?! Пенденің ойы азды, ісі – бөтен.

Ақсарбас айтпаймысың ақыныңа, Алматы, аман-сау тұр,

Түсім екен! [2, 36].

Ақын өз философиясын, пенденің ойын түзеп, ісін оңалдыруға бағыттайды. Шындығында өз басын ойлаған, бір күндік өмірге риза болған пенденің ертеңі бұлыңғыр болатынын ескертеді. Ақын өлеңінде поэтикалық жолдар көп кездеседі. Мысалы: «Аласұрған аждаһақара тасқын» әдемі метафора, «Қара жер – қолдан түскен қарбыздай» метафораға құрылған теңеу, «Ашыған қамырдай лава» тауып айтылған, тамаша теңеу,

«Шаһары шаһит болды»қазіргі заманда қолданыстан шығып кеткен сөзді шебер қолданып образ жасаған, «Зевстің от шашқандай уысынан» тартымды образ, теңеу де орынды жасалған. Салыстырмалы суреттер арқылы берілетін Алматыдағы тасқынмен сол апаттың жаңа көрінісі – ақынның суреткерлік жолындағы ірі табысына қосылады. Қаусаған қаңқадай дала, жайраған бау-бақтар, шашылған алмалар, үзілген арқандай арықтар, түйілген талқандай кірпіштер дүлей табиғаттың адам мекенін қанша ойрандап кеткендігін елестетеді. Ақын оның қаһарлы бейнесін елестету үшін айдаһардың аузынан шыққан оттай бұралаңдап, шұбалаңдап, ирелеңдеп, сүйрелеңдеп, күркіреп, дүркіреп жоғарыдан құлап келе жатқан суретін береді. Осындай ғажап дүлей күшке қарсы аттанған адам күші өлеңнің өзекті тақырыбы.

Ақын замандасының жан түкпіріндегі, жүрек тереңіндегі сыры мен шынын ашу үшін өзінің де жүрегін соған сәйкес ашу керек. Мысалы:

Менің жаным жалғыз жұтым заһарда, Қолыңда тұр қосу-қоспау қатарға.

Кім біледі, бәлкім, дос боп кетерміз,

Бәлкім, мәңгі бір шығармыз сапарға, [2, 17] –

дейді ақын бар болмысын жасырмай «Барда» деген өлеңінде. Бұл Кеңес Одағының кезінде бойындағы талантын жарыққа шығарғанымен таныта алмай сандалған шығармашылық иелерінің басында бар жағдай. Заһардың уы мен таланттың буын ажырата алмай, шығармашылықтың шырқы кеткен заманның болғанын мойындауымыз керек. Келесі өлеңінде жан сырын ақтарады:

Сен мені ойлайсың ба? Мен қазір алыста жүрмін – Ғұмырын кешіп құлдың.

Сағыныш-шаһтың сарайын соғып, Батпағын илеп мұңның. [2, 12].

Ақын сағынышы өзінше бөлек. Образы да ерекше. Әдетте ақындар сағынышты сары түспен суреттеп жатады. Сағыныштың тамаша образын жасаған Мұқағали ақын «Сағыныштың сал шекпені» деген еді. Ал Маралтай ақын

«Сағыныш-шаһтың сарайын соғып», «Батпағын илеп» мұңға батады. Бұрын жасалмаған тың суреттеу. Ақынды тану, ол – өнер тану. Өнер тану, ол – ішінде өлімі бар – өмір тану.Маралтай әлемі, ол өмір кешкен уақыт кезеңді, заманды, сол заманның бел-белестерін арна-шатқалдарымен ақпан-қаңтарларын ақынның шығармалары арқылы танып сезінудің өзі қатты бұққанның еңсесін көтерер, қатты адасқанға бағдар сілтер жол секілді болады. Ақынның мақсаты да осы шығар, яғни көкірек көзі бітеудің жан жарасындағы шөлді сусындату, рухани құныстың жауырын, арқасын жазу, Қасқыр аларға жарала тұрып қарсақ қызықтағанын ірілікке санарды дүлей боран боп беттен ұрып оңға, өмір құбыла өнер құбылаға ығыстыру, қақсауық емес шешен боп, балгер емес көреген ойшыл боп жалғанның өзімен жекпе-жек майданда жалғаса жүріп баптау, бағын ашу бәйгеден келтіру.

Жазылмаған жырымды оқып тұрамын – Қазылмаған қабірімнің қасында, [2, 41] – дейді ақын «қызыл өлеңінде». Жесірмен жесір, батырмен батыр, қармен қар, аптаппен аптап, оқпен оқша тілдескен ақынның шыны ғой, басқадай мүмкіндігі де шамалы болу керек.

Ақынға Алладан керемет сый берілген, ол – тіл. Тіл болғанда қандай! Орақ ауыз, отты тіл, шұрайлы, бейнелі тіл. Бұл тілдің және бір ерекшелігі: тәтті айтсын, қатты айтсын, жүрекке, сүйекке батыра айтады, күмілжімей айтады. Ондайға ұйқасқа да, ырғаққа да қарап жатпайды. Бұл жағынан Маралтай ақын аға буын ақындар Мұқағали Мақатаев пен Серік Томановтың поэзиясының қағидаларын басты мақсат ретінде құптайтын сияқты. Жалпы поэзияда тәлімді үрдіс бар. Ол – дәстүр жалғастығы. Алдыңғы буыннан үйрену дәстүр заңдылығы, дәстүр тағлымы. Осы тұрғыдан келгенде ақынның аға буыннан, халық дәстүрінен тәрбиеленіп білімін, біліктілігін арттыратыны орынды. Бұл Маралтайдың ақындық тіршілігінің ауасы, көкірек шырағы сияқты. Өзіміздің көзіміз көргендей Серік ақын Маралтай ақынды осы өнерге баулыды. Үнсіз жатқан құмнан әдемі әуен іздетті. Табиғаттың тылсым сырын танытты:

Келмейді ешкім енді, Барамыз біз!

Салыңқы тартты неге қабағыңыз?!

...кешқұрым көбелектер отқа үйір, Шам жағыңыз! [2, 8].

Серік Томановтың «Пәруанасымен» үндес. Дегенмен, уақыттың өз заңдылығы бар. Серік ақын мәңгілік өмірге аттанғанымен, сол жүріп үйреткен жолдармен Маралтай ақын өз жолын жалғастырып келеді. Қазір Маралтайдың өз жолы, өз соқпағы, өз мақсаты бар. Ақын өз заманының мінез-құлқын терең түсініп, бейнелеген талант деуге тұрарлық. Қазір ақынның өз таңдаған жолы, өз шығармашылық әлемі бар:

Бір ібіліс, бір періште, бір Құдай

Бір жүрекке қалай сыйған, құрғыр-ай. Көнбес болсам көксеуіне Алланың Жазылмауы керек еді жыр бұлай [2, 5] –

дейді, ақын бірде Құдайыма күні-түні құлдық ұрып, «періштемнің үмітін» жағамын деп метафорамен бейнелесе, тауқыметті тағдырды «Қарабет боп көп алдында тұрғандай», «Иманыңа өрмекші тор құрғандай» деп теңеумен суреттейді.

Пиғылыма сайтан ісін қолдатып, Сан адастым, көкке көшер жолда тік. Ібілісті періштеме жеңдіріп,

Қайта алсам ғой, Сол – бақыт! [2, 5] – деп аяқтайды.

«Адасқанның айыбы жоқ, қайта өрісін тапқан соң» деген қазақ мақалын басшылыққа алған ақын, адастық жетер енді жолымызды табайық деген ниетпен «Бақыт» жолына бағыт көрсетеді. Табиғатынан кішіпейіл, үлкенге, кішіге де ілтипатпен зер салатын Маралтай ақын әдебиет өлкесіндегі кез-келген жақсылықты, жамандықты да көріп, өз шығармашылығына арқау етіп

отырады. Мысалы:

Баса алмай жүрек солқылын, Аңсайды, құрғыр, беу, нені? Еркіндік шығар ол мүмкін Жаңғыртқан қайта зердені?..

...Асырап ардың ақ сүті, Киесі биік сөзден де...

...Азаттық, қайран, ырқын ап, Бауырын жазып, сөгіліп.

Қымыздай ашып, бұрқырап, Бозадай боздап, төгіліп. [2, 40]

Қазақи табиғат, қазақи өмірден алынған теңеулер «Қымыздай ашып, бұрқырап» қатыгез ғаламға деген ашуын қымыздың бұрқырап ашуымен сутеттейді, мұның астары өте қалың, қанша ашуың келсе де, абыройсыздыққа ұрынбай, ашуға берілмей, қымыздай ашып еліктіріп, буынына түсіп бұрқырап балқыту керектігін мегзейді. Ашуды басудың тағы бір жолын «Бозадай боздап» деген теңеумен суреттейді. Мұнда да әдемі астар бар айтып-айтып төгілген бозадай ішіңнен шығарып таста, «Асырап ардың ақ сүті» деген жолдардан да осы ойдың жалғасын көреміз, яғни, ашуға жеңдірмей, ақылға жеңдірер оймен көмкерілген.

Ақын өз шығармашылығында болмыс құбылысын терең түсінуге, таза шындықты көрсетуге тырысады. Шындық дегеніміз – даму, шындық

  • қақтығыс, шындық – күрес, шындық дегеніміз
  • ертеңгі күн, яғни өмір. Міне даму бесігі болған шындық поэзияда да өз көрінісін бермей қоймайды. Ақын өз шығармашылығында болмыс шындығынан алысқа кете алмаған. «Маңырақ» деген өлеңінде:

Ажалдың Айы туғанда Солынан емес, оңынан, өлмейді Қазақ,

Өледі –

Өлсе егер, мұңның жоғынан. [2, 51]

Инверцияға құрылған өлең жолдарынан ақынның жан дүніиесінде шырылдап жатқан шындықтың ұшқыны байқалады. «Ажалдың Айы» деп көнерген метафорамен көмкерілген өлең жолдарын «Кек болып келіп көмейге, маңырап шыққан мұңлық үн» деген метафора лық образ жалғастырып алып кетеді. Ақынның шындық айтып шырқыраған үні маңырап шығады. Яғни, тыңдаушысы жоқ. Маңырайды, маңындағылар үннің мұңын манамайды. Сонда да ақын «Көмген соң көмбе көмейге» деген образды метафораларымен оқырманын тағы өзіне қарай елең еткізеді. Содан соң «Асқардан ұшқан арқардай» деген теңеуімен ой тастайды. Арқарда қанат жоқ, ол қалай ұшсын, биікті бағындырған арқардың да айтары бар, ол соған асығады. Ақын өлеңін былай деп аяқтайды:

Дариға, аһ... Жоққа зар жандай,

Түбінде мұңның шындық тұр. Шешімі ұлы Жұмбақтың...

Сыр сауып Сырдан, Сұмдық сыр. [2, 51]

Ақынның шығармашылығымен дидарласқан кісі бастан кешпей қоймайтын осы бір сиқырлы халді мынау жұмыр жердің үстіндегі тіршілік орнында тұрса, әлі де талай-талай жандар өз бастарынан өткеретіні рас. Ақын өзі өмір сүрген заманының биік мұратты, ұнамды қаһарманның образын жасау арқылы заманауи шындықты бар дауысымен жырлауға дәуір жаңалықтарынан адам психологиясын тануға төселген. Ол уақыт талабына айрықша сергек қарайтын ақын болып қалыптасты. Маралтай лирикасы тақырыбының алуан түрлігіне қарамастан әрқашан өзінің азаматтық биік үлгісімен танылатыны да осыдан. Ақын адам мен қоғам проблемасын, олардың әр кездегі ара қатынасын дұрыс түсінеді. Тарихқа тереңнен үңіліп, тарихи дамудың заңды жүйесін тауып, бүгінгі қоғам мен адамның әр алуан психологиясын жырлайды. Осының бәрін жеткізетін құнарлы көркем сөз, шешен тіл десек, ақын поэзиясында осының бәрі бар. Маралтай ақын өзіне дейінгі ақын ағаларының шығармашылық тағдырын басынан түгел өткерген. Аспан-көктің үш төлі – жаңбыр, бұршақ, қар төлді арқа-кеуде, табан төбесімен қатар көріп, қатар өткерген. Мұның да бөлек бастауы әлгі – Маралтайдың ақындығындағы қалыптасқан жағдайды жұқартпай, сұйылтпай жер бауырлатпай ұстаным тұтқаны. Міне Маралтай осындай ақын. Алдында өткен арынды тұлпарлардың тұяғы іспеттес. Айдар-кекілін тәуелсіз заманның желі тарап, айдын қасқасын тәуелсіз заман ашқан ақын.

 

Әдебиеттер

  1. Пірәлиева Г. Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі психологизм мәселелері: филол.ғыл.канд. ... ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. – Алматы, 2004. – 46 б.
  2. Райымбекұлы М. Кентавр. – Алматы: Жалын, 2008. – 130 б.
  3. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы, 1996. – 298 б.
  4. Қирабаев С. Поэзиядағы азаматтық әуен // Кітапта: Шындық және шығарма. – Алматы: Жазушы, 1981. – 20 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.