Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тілді оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолдану

Қазіргі заман талабына сай болашақ жас мамандарды оқыту мен тәрбиелеуде еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуде педагог мамандарымыздың білімі, біліктіліктері жоғары деңгейде болуына бар жағдай жасалған. Ол үшін әрбір педагогтың компьютерлік сауаты, инновациялық оқыту негізінде білім беруді ақпараттандыруда ақпараттық технологияларды өздігінен меңгере қолдану, берген білім нәтижесі жоғары деңгейден көріне білу жағдайында болуы тиіс. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді. Осының барлығын жүзеге асыруда педагог ұстаздардың өзіндік ізденісі, шеберлігі, өз ісіне, аса берілген маман ретінде қалыптасуының маңызы аса зор. Әрине, мұндай мақсатқа қол жеткізу ісінде көп еңбектенуге тура келеді.

Бүгінгі таңда білім беру ісінде адамның сапалық қасиеттерін жетілдіру жаңаша ойлауды, ерекше шығармашылық ісәрекетті қажет ететіндігі даусыз. Себебі, қазіргі инновациялық технологиялар арқылы оқыту тек қана ізденіске толы ғана емес, оны тәжірибе жүзінде қолданудан да тұратыны белгілі.

Бәсекеге қабілеттіктің ең басты қағидасы – адамның қабілеттілігіне байланысты ақиқат алдындағы теңдік, өзіне-өзі сын көзбен қарау, шығармашылық ойлау, инновациялық әрекет, тапқырлық, шеберлік т.б.

Қазіргі жоғары оқу орындарында білім беру мен тәрбиелеу жүйесіне жаңаша қарап білім алушылардың саясиәлеуметтік, шығармашылық мүмкіндіктерін өрістетіп және әр тұлғаның өздігінен дамуына әсер етудегі шығармашылық белсенділігін қалыптастыру мәселелерін педагогикалық тұрғыдан қарастыру өзекті мәселе болып отыр. Бұл орайда жазу дағдыларын дамыту мен оқу үрдісінің сабақтастығын қамтамасыз ету адамды қандай да бір жаңа нәрсені білуге құштар етеді. Сонымен бірге тыңдаушының өзінің кәсіби икемділіктерін жақсарту мақсатында оқытудың жаңаша түрі қазіргі кезде қолданысқа еніп келеді [1, 18].

Жаңа ақпараттық технологияларға қазіргі кезде таратылып жүрген электрондық оқулықтар, электрондық кітаптар, DVD технологиясы, интерактивті тақта мен проекторлар негізінде бейнеоқыту жүйелерін атауға болады. Сондайақ ақпараттық технология негіздерін ұтымды қолдана білу, интернет, электронды пошта арқылы ақпараттармен қамтамасыз ету ақпараттандыру жағдайындағы инновациялық оқытудың негіздерін де айта аламыз. Аталған ақпараттық құрылғылардың мүмкіншіліктері өте мол, қазіргі заман талабына сай инновациялық білім беруге пайдасы зор. Себебі, қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі оқыту үрдісінде бұл мүмкіндіктер кеңінен қолданылып жүр.

Педагогикалық және әдістемелік әдебиетте ақпараттық технологияны білім беру саласында қолданудың бірнеше бағыттары көрсетілген. Олардың ішінде көп қолданылатыны – 4 бағыт:

  • компьютер – білім тексеру құралы;
  • компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум;
  • мультимедиа-технологиялар, жаңа сабақ түсіретін иллюстративтік құрал;
  • дербес компьютер – өзіндік білім алу құралы. Оқытушы білім беру үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуде ақпараттық технологияларды қолдануда өз алдына мынадай мақсаттарды қояды:
  • білім алу, біліктер мен дағдыларды бекіту және дамыту кезіндегі адамның танымдық әрекеттерінің барлық түрлерін қолдану;
  • оқу үрдісінің бүтіндігін сақтай отырып, дараландыру принципін жүзеге асыру [2, 46].

Оқытуда жаңа және үнемі даму, жетілдіру үстіндегі компьютерлік технологияларды қолдану оқыту әдістемесінің түрлері мен әдістерін түбірімен өзгертеді. Ол үшін алдыңғы кезекте, маманның ақпаратпен жұмыс істеуі үшін компьютерлік сауаттылығы болуы керек. Бағдарламалау біліктілігінің жүйелі қалыптасуы соңғы уақытта пайда бола бастаған электрондық кітаптар мен оқулықтар, интерактивті тақталар және т.б. тиімді пайдалануда игі әсерін тигізеді. Электрондық құрылғылар – білім беру процесін ақпараттандыру құралының бірі. Электрондық құралдардың көмегімен пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп, түсіндіріледі. Әсіресе, практикалық сабақтарды оқытуда электрондық құрылғыларды пайдаланудың басым тұстары көп. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба-тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады. Сондықтан көзбен көру арқылы есте сақтау қабілеті арта түседі. Нәтижесінде өтілген материалды меңгеру әдісі оң әсерін беріп қана қоймай, түрлі ақпаратты игеру білімді толықтырады. Сонымен қатар білім алушылардың да сабаққа деген қызығушылығы арта түседі. Электронды оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық-ақпараттық өнім, оны дайындаудың педагогикалық принциптер жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, электрондық оқулықтар оқыту процесінің автоматтандырылған формасы секілді. Оны төмендегідей бірнеше бағытта қарастыру мүмкіндігі пайда болады.

  1. Білім үрдісінің бағытталуы тек білімді игеруге ғана емес, сондай-ақ ойлау қабілеті, тәжірибелік дағдыларды өңдеуді дамытуға бағытталады.
  2. Бір тілді жұмсалымдық сауаттылық деңгейіндегі білуі мен өзге бір тілді меңгеру ниетін қамтамасыз ету.
  3. Жұмыстың интерактивті және коммуникативті формаларын қолдануды кеңейту; оқытылатын материалды күнделікті өмір мәселелерімен байланыстыру.
  4. Білім алушылардың өзіндік жұмысы дағдыларын дамыту.
  5. Оқыту үрдісінің дифференциялануы мен жекешелігін күшейту.
  6. Дарынды балалармен жұмысты жалғастыру.
  7. Тыңдаушыларда білімді қабылдау дағдысын дамыту [3, 65].

Білім алушының міндетіне өз бетінше білім алу, өзін-өзі тану мен жеке тұлғаның өзіндік өзектілігі тетігін қосуды қамтамасыз ететін; сондайақ жетістіктер уәжділігін қалыптастыруға итермелейтіндей жағдай жасау болып табылады. Ол міндеттерді төмендегідей топтастыруға болады:

1.Тілдік ортаны құру және соның негізінде мәдениетаралық өзара әрекеттестік үрдісінде шынайы қатысым құралы ретінде қазақ тілін пайдаланудағы мұқтаждық құру.

2.Тіл үйренушілердің тілдік, интеллектуалдық және танымдық белсенділіктерін арттыру.

  1. Тіл үйренушілердің жазу дағдыларын дамыту.
  2. Тіл үйренушілердің эрудициясын кеңейту және олардың лингвистикалық және жалпы дүниетанымын кеңейту.
  3. Халықаралық телеқатысымдық жобаны ұйымдастыру үшін жағдай жасау.
  4. Арнайы шеберліктер мен дағдыларды жетілдіру мақсатымен білім алушылардың тілдік деңгейін өзін-өзі бағалау әдістерін дамыту.

Білім алушылардың айрықша белсенділігін қамтамасыз ету мақсатында сабақтың негізгі бөлігін біз оқытудың белсенді әдістері мен қатысымдық тәсілдерін пайдалана отырып сабақтарды түрліше жүргіземіз.

Мұндай сабақтарда:

  • мәтіндік материалмен жұмыстың қатысымдық тәсілдері;
  • тіл үйренушілердің тұрақты тілдік өзара әрекеттестігін қамтамасыз ететін сыңарлы және топтық жұмыс;
  • ғылыми жоба, топтық жоба, баяндама жасау;
  • тілді алып жүруші, әңгімелесетін ортамен ой-пікір бөлісу.
  • дискрипторларды, бағалау қағаздарын, қазақ тілін игеру деңгейі шкаласы, өмірбаяндық жазбалар, естеліктер т.б. пайдалану арқылы өзара бақылау мен өзін-өзі бағалау және т.б.
  • семинар-тренингтер ұйымдастыру, онлайн конференциялар өткізу.

Интерактивті әдісте білім алушы да, оқытушы да бір мезгілде оқытудың субъектісі болып табылады. Оқытушы тек оқыту үрдісінің ұйымдастырушысы рөлін ойнайды. Оқу үрдісінің барлық қатысушылары бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондай-ақ бір-бірімен ақпарат алмасып өзекті мәселелерді бірлесіп шешеді. Тыңдаушылар өз ойларын ашық түрде жеткізіп, өзге тыңдаушылардың атқарған жұмыстарына баға береді. Тыңдаушылар бір-бірімен іскерлік байланыста болып болашақ маман ретінде алға қойған тапсырманы бірлесіп шешеді [4, 81].

Оқу үрдісінде инновациялық технологияны тиімді пайдалану бұл еліміздегі түрлі сала бойынша білім алып жатқан студенттерді болашақ бәсекеге қабілетті маман ретінде дайындап шығару. Педагогтар инновациялық технологияны тиімді пайдалану арқылы студенттердің өз ойларын жеткізе білуін, шығармашылық ойлау қабілетін арттыруды, бір-бірімен студент ретінде емес, іскерлік қарым-қатынаста болашақ маман ретінде қызмет барысында туындаған өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын, ақпаратты қалай тиімді пайдалану әдістерін үйретеді. Оқытудың білім беру, тәрбиелік, дамыту функцияларын кеңінен қолдану қажет. Әрбір педагогикалық технология және тұлғаның жеке өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды. Электронды оқу құралдарының қайсысы болса да, оқу үрдісін жандандыруда, білім алушылардың білім меңгеру сапасын жақсартуда оқытушыға зор көмекшілік қызмет атқарады. Дегенмен, ғылыми-техникалық прогрестің дами түсуі оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, техникалық құралдарын, басқаша айтқанда, оқытудың жаңа технологияларын іздестіріп, ұтымды пайдалануды талап етеді. Осыған байланысты, орыс бөлімдерінде қазақ тілін оқытуда тиімді болатын түрлеріне азырақ тоқтала кеткеніміз дұрыс.

Яғни, орыс бөлімдерінде қазақ тілін оқытуда компьютерді қолданудың тиімділігі неде екендігіне көз жеткіздік. Мұның бірнеше себебі бар:

Біріншіден, компьютердің дидактикалық мүмкіншіліктері, басқа құралдарға қарағанда мол екендігі байқалады;

Екіншіден, компьютер өндірісте бар, ғылыми-техникалық прогрестің талаптарына, сонымен бірге, оқытудың жаңа технологияларына сай келеді;

Үшіншіден, бұл құралдардың кейбіреуін аудиторияда ғана емес, үйде де қолдану мүмкіндігі бар. Ал бұл өзге тілде сөйлейтін білім алушылардың қазақ тілін өз бетінше, саналы және тез үйренуі үшін өте маңызды;

Төртіншіден, техникалық жағынан пайдалану қиын емес [5, 78].

Орыс тілді білім алушылардың қазақ тілін үйрену сапасын арттыруда өзіндік жұмыстың маңызы зор. Себебі, нәтижеге өз бетімен еңбектеніп жететіндіктен, білім алушы материалды саналы түрде меңгереді. Еңбекте білім алушының берілген мәліметті ұмытпауына, оны ары қарай толықтырып, бекіте түсінуіне мүмкіндік жасайтын аудиториядан тыс өзіндік жұмыс түрі ұсынылады. Өзіндік жұмысты үйде орындауға мүмкіндік беретін құрал компьютер болғандықтан, аталмыш жұмыстың компьютердің көмегімен орындалатын түрлері көрсетіледі. Бұл өзіндік жұмыстың ерекшелігі: аудиторияда оқылған материалды олардың ұмытып қалмауына, керісінше, оны әрі қарай толықтыруға, нығайтуға септігін тигізеді. Өзіндік жұмыс бір лексикалық тақырып төңірегінде құрылады. Мұның пайдасын былайша түсіндіруге болады. Тақырып арқылы сөйлеуге үйрету, біріншіден, тіл үйренушілерге не туралы айту керек екенін аңғартса, екіншіден, қалай айту керек, қандай сөздерді білу керектігіне назар аудартады және соған қатысты өмірлік жағдайды меңгертуге жәрдем береді. Үшіншіден, білім алушының сөздік қорын байыта түседі. Төртіншіден, компьютердің көмегімен белгілі тақырыпқа байланысты суреттер арқылы есте сақтау қабілетінің арта түскенін байқатады.

Электронды оқулықтар арқылы монологтық айтылым, сұхбаттық айтылым, тыңдап түсіну, оқылым, жазылым сияқты айтылымның барлық түрін қамтитын жұмыстар жүргізіледі. Сонда білім алушылар өтілген материалдар негізінде белгілі бір лексикалық минимум көлемінде әңгіме жүргізе алуы және ол тақырып жайында толыққанды хабар жасай алуы қажет.

Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуникативтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағы нан меңгертуді көздейді. Білім алушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру арқылы кез келген жетістіктерге жетуге болады. Егер тәжірибе ғылыми білімдермен толықтырылып отырса, үнемі ізденіске толы болса, оның жаңашылдық деңгейі жоғарылайды, ғылыми шығармашылық қалыптасады. Ізденімпаз оқытушы педагогикалық ақиқатқа жаңашылдық тұрғысынан өзгерістер жасауға мүмкіндігі бар, өзінің кәсіби шеберлігін жүзеге асыра алатын маман. Ондай маман қоғам талап етіп отырған дамушы жаңашыл тұлғаны қалыптастырады. Демек, білім алушының тілге деген құштарлығын оятумен қатар танымдық белсенділігін арттыруға болады. Сондықтан әрбір оқытушы ғылымитехникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды нәтижелі пайдаланып отырса, білім сапасын арттыруға өзіндік үлес қоса алады.

 

Әдебиеттер

  1. Жолдасов Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. – Алматы: Білім, 2007. – №5. – Б. 62-64.
  2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – Алматы: Білім, 2004. – 134 б.
  3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім // Қазақстан мектебі. – 2008. – №4. – 35-37 б.
  4. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – Алматы: Білім, 2008. – №4. – Б. 78-80.
  5. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – Алматы: Арыс, 2007. –128 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.