Педагогика

Қоғамның қазіргі заманғы даму кезеңі компьютерлік технологиялардың білім саласында қарқынды түрде қолданылуымен            сипатталады. Компьютерді оқу процесіне енгізу оқу процесінің күшеюіне, мұғалімдердің оқу- тəжірибелік қызметінің дамуына үлкен мүмкіндіктер ашады. Осыған орай жаңа салдағы кəсіптік лицейлердің бастапқы мақсаты – оқушылар орта біліммен қоса мамандық алып шығатындықтан, жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қарастырып тəрбиелеу. Ал бұл іс-əрекет білім беру процесінде балаға жеке қарым-қатынас жасау барысында іске асады деп ойлаймын.
2010

Революцияға дейінгі кезеңде жасөспірімдерді еңбекке даярлау негізінен халықтық педагогикалық жəне отбасылық тəрбие арқылы жүргізілді. Тіпті ең төменгі біліктілікті жұмысшылар даярлайтын техникалық жəне қолөнер училищелерінде кəсіби дайындығы арнайы білімі  жоқ, тіпті жоғары білімі жоқ тəжірибеші- шеберлер арқылы жүргізілді.
2010

Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Əлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нəтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің бүгінгі таңдағы негізгі мақсаты - білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, əлеуметтік жəне кəсіби біліктілікті ұтымды пайдалану болып табылады.
2010

Қазіргі заман  талабынан туындайтын мəселелердің бірі –жас ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты дамыған парасатты адам ретінде қалыптастыру, оның бойында ұлттық психология, ұлттық сананы орнықтыру, əлеуметтік ортадағы, өзін қоршаған дүниедегі табиғат, адам өміріндегі, əдебиет пен өнердегі тұрмыстағы, салт-дəстүрдегі сұлулықты, жақсы мен жаманды ажырата білуге тəрбиелеу.
2010

Қоғам сұранысына сəйкес болашақ маман құзырлығына қойылатын талаптар жоғары білім жүйесіне көпдеңгейлі білім беру мен кредиттік оқыту технологиясын енгізуге жол ашты. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыруды белсендіру жəне оған жаңаша көзқарастың қажеттігі кредиттік технологияның ережелеріне сəйкес оны жоспарлауға, ұйымдастыруға, əдістемелік қамтамасыз етуге жəне бақылауға байланысты болды.
2010

Бастауыш мектеп оқушысының  жасы қазіргі кезде 6-7 жастан 9-10 жасты қамтиды. Бұл жаста бала физикалық жəне психофизиологиялық жағынан одан əрі дамып, мектепте жүйелі түрде оқуға мүмкіндігі туады. Мектепте оқи бастағаннан баланың əлеуметтік дамуы түбегейлі өзгереді. Бастауыш сыныпта айналадағы адамдармен қатынастың жаңа түрі пайда болады. Балаға өзінің құрдастары маңызды болып, балалар қауымдастығының рөлі артады.
2010

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев 2006 жылғы 26 мамырдағы Г.Н.Гумилев атындағы  Еуразия  ұлттық университетінде студенттерге арнап оқыған дəрісінде:«...білім беру ұғымының өзі өзгеруде жəне кеңеюде. Жеке тұлғаны функциональдық əзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшіп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол  əрбір  нақты адамның мүмкіндіктерін жəне оның өзін- өзі іске асыруымен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді» деп көрсетті, себебі білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, мəдени жəне дене дамуы мен кəсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тəрбие мен оқыту үдерісі.
2010

Бүгінгі күні ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті - қоғамның əрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда. Осыған орай, осы бағытта болашақ мамандардың меңгерген білімі мен  дағдылары болашақта қоғам дамуының жолдарын анықтауға мүмкіндік бермекші. Сол себепті білім беруді ақпараттандыру педагогтарды даярлауда кəсіби қасиеттері мен деңгейлеріне жаңа талаптар ұсыну арқылы олардың жұмыстарында нақты қайта құруларды талап етуде.
2010

Ақпараттық қоғам жағдайында кез келген педагогқа ақпараттық білім негіздерін  игерту, ақпараттық- коммуникациялық технология (АКТ) құралдарын өзіндік білім алуға қолдану мен оның мүмкіндіктерін кəсіби қызметтеріне  танымдық  жəне дидактикалық құрал ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажеттігі туындайды. Сондықтан  əрбір педагог ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың  мүмкіндіктерін базалық тұрғыдан игеруі мен оны оқу- тəрбие үдерісіне тиімді қолдана білуі, Интернет желісін, ғаламдық  ақпарат жүйесін  кəсіби  деңгейде  пайдалана алуымен  сипатталады.  Аталған талаптарды  іске асыру  педагогтардың кəсіби   құзырлылығына  қойылған міндеттердің бірі ретінде жүктеледі.
2010

Қазіргі таңда ғылым мен қоғамда ғана емес, сонымен қатар антропологиялық ғылымдардың барлығында гендер мәселесіне үлкен мән берілуде. Соған қарамастан пәндік ерекшеліктері де сақталуда: әйел мен еркектің жеке дара қасиеттері мен ерекшеліктері талқыға салынуда; әлеметтанушылар гендерлік ереже қоғамның  гендерлік стратификациясы, еңбектің гендерлік бөлінуі және басқа да қызметтері туралы жиі сөз қозғауда; педагогикада гендерлік тәрбие, гендерлік әлеуметтану және т.с.с мәселелер қарастырылуда.
2011

Ұрпақ тәрбиесін қандай кезеңде де  көзден таса көңілден қағаберіс қалдыруға болмайды. Бүгінгі бала ертеңгі аға, қалыптаса келе дара тұлға. Бұл туралы алаштың  арыс  ұлы  Ахмет  Байтұрсынұлы: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын» - деп өсиет  айтқан еді. Адамзат пайда болғалы бері жас ұрпақты тәрбиелеу ісі – адамның алдында тұрған міндеттердің ішінен басты орын алады.  Елбасы  Н.Назарбаев  ―Қалың  елім  – Қазағым жинағында ―…Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, бо- лашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды… және ―біз  қазақстандық патриотизмді Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге-дәстүрін, әдет- ғұрпын, елдің тарихын құрмет тұту, мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақ- тандыруға жұмсау деп жазған еді.[1]
2011

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілген. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіліп, қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру жолға қойылатындығы атап көрсетілген.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.