Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəсіптік оқыту бакалаврларын даярлау жүйесінде технология түрлерін пайдалану

Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Əлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нəтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің бүгінгі таңдағы негізгі мақсаты - білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, əлеуметтік жəне кəсіби біліктілікті ұтымды пайдалану болып табылады.

Ақпараттық ғасыр өз алдына мамандарды даярлаумен айналысатын білім беру жүйесінде приоритетті міндеттер мыналар болып табылады [1]:

  • оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық глобалды жаһандандыру коммуникациялық желілерге шығу;
  • еңбек нарығында бəсекеге қабілетті, білікті жұмыскерлерді жəне мамандарды даярлау.

Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық əдебиеттер ғылыми- технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына «жаңа компьтерлік технологияларды» енгізуімен бірге келген«технология» деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт ХХ ғасырдың 60- шы жылдарында АҚШ жəне Англияда пайда болды жəне қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүние жүзі елдеріне тарады.

Барлық жасалған жəне қазіргі күнде адамдардың қолданып жүрген технологияларын екі түрге бөлуге болады: өндірістік жəне əлеуметтік, өндірістік технологияларға үлгі ретінде табиғат шикізатын  қайта   өндеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп - бастапқы материалды өнім «шығуы» белгілі бір алдын ала берілген қажеттіліктрді бөліп алу мақсатымен қайта өндеу процесі деп аталады.

Əлеуметтік технология деп, онда бастапқыда соңғы нəтиже болатын адам, ал негізі оның қасиеттері болады. Əлеуметтік технологияға классикалық  үлгі ретінде жұмысшылардың өз мамандықтарына оқыту қызмет етуі мүмкін. Əлеуметтік технология - ол өндірісте қолданатын технологиядан принципиалды түрде өзгешілігі бар технология. Əлеуметтік технологиялар ұйымдастыру мен жүзеге асыру жағынан өте күрделі жəне оралымды. Əлуеметтік технология - бұл өте жоғары деңгейдегі ұйымдастырылған технологиялар деуге болады, себебі адам əлеуметтік технологияның нысаны, ал ол өте көп жақтылы жүйе. Оған күші мен бағыты əр түрлі болатын соңы көп сыртқы əсерлер ықпал етеді, кейде олар қарама-қайшы болады, осыған орай көбінесе əсерлер қандай, қаншалықты тиімді болатындығын алдын ала айтуға қиын. Сондықтан əлеуметтік технологияны өндірістік технологияның анықтамасында мүмкін болатындай белгілі бір дəл таңдап алынған процестердің жиынтығын деп айтуға  болмайды.             Өндірістік технологияны дамыту арқылы  тым жоғары нəтижелерге жетуге деген ұмтылушылық білім беру саласында тастап кетпейді, оны аттап кетеді. Педагогикалық  іс-əрекет саласына «технология» дегенсөздікті енгізу «индустриялдық» технология (Ф.Б. Гильбрейт, Ф.У. Тейлор жəне т.б.) деген идеяға негізделген жəне ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар (В.П. Беспалько,П.И.Пидкасистый жəне т.б.) қолдайды. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-əрекетін (Т.А. Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап, жақсы нəтижелерге жетудің тиімді принциптері мен əдістерін анықтауға бағытталған.

Жалпы «технология» деген ұғымы гректің techne - өнер, кəсіп, шеберлік, ал logos – ғылым, ілім деген сөздерден құралған қазақша мағынасы – «шеберлік туралы ілім» дегенге келеді.

Шетелдік  басылымдар  бойынша «технология» дегеніміз - «қағидаларды анықтау жəне құрастыру, тəсілдерді жəне материалдарды қолдану жолымен, сонымен қатар қолданылатын əдістерді бағалау көмегімен білімдік тиімділікті жоғарлататын, білім процесінің тиімді тəсілдерін, фактілерді талдау жолымен жасау мақсатында зерттеу», - деп беріледі. Қазіргі заманғы сөздіктерде бұл сөз техникалық мағынада түсіндіріледі. Технология дегеніміз шикізатты өндіру əдістерінің жиынтығы жəне өндіріс процестері ретінде түсіндіріледі.

Технология ұғымына сөздіктерде мынадай анықтамалар беріледі [2]:

  • өндірістің, мысалы, металлдардың, химиялық жəне т.с.с. құрылыс жұмыстары процесінде өңдеу, əзірлеу, күйінің өзгеруі, қасиеттері, шикізат, материал немесе жартылай фабрикат        əдістерінің жиынтығы;
  • сəйкес өндіріс жабдықтарымен шикізатқа, материалға немесе жартылай фабрикатқа əсер ету тəсілдері туралы ғылым.

С.И.Ожегов сөздігі бойынша технология дегеніміз - өндірістің белгілі бір саладағы өндірістік əдістер жəне процестер жиынтығы, сонымен қатар өндіріс тəсілдерініңің ғылыми түрде суреттелуі» [3].

Ал басқа энциклопедиялық сөздікте берілетін анықтама осыған ұқсас, бірақ оны  кеңейте  түседі:  «...Технологияның ғылым ретінде міндеті – практикада əлде қайда тиімді жəне үнемді өндірістік процестерді анықтау жəне қолдану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық жəне т.б. заңдылықтарды орындау» [4].

Орыс тілінің сөздігі бойынша "технология" - "материалды өңдеу процестерінің жиынтығы" немесе "материалды өңдеу тəсілдері туралы білім жиынтығы". Мағынасы бойынша технология - түрлендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тəсіл [3]. Бұл бізге технология түсінігін тек материалды өндіріс саласында ғана емес,  сонымен қоса адам іс-əрекетінің басқа да саласында да, соның ішінде білім беру жүйесінде де пайладануға мүмкіндік береді. Жалпы оқыту теориясында технология ұғымының үш жүзге жуық анықтамасы бар.

«Техника» жəне «технология» терминдерін сөздік мағыналары бойынша педагогика саласында қолдануға мүмкіндік    бар.    Мысалы, «техника»  -«өндіріс құралдарын өту жəне жасаумен байланысты еңбек құралы... еңбек құралдарының жиынтығы туралы ғылым шеңбері» іспеттес, ал «технология»«техникаға» қарағанда түр категориясы ретінде болады жəне «өндірістік əдістер жəне процестер жиынтығын... білдіреді, сонымен қатар өндіріс тəсілдерінің ғылыми суреттемесі».

Философтар технологияны қазіргі заманғы дəстүрлі ұғым ретінде  анықтайды,  ол  ақпараттық технологиялармен байланысты, қазіргі заманғы технологияның сипаттамасын ерекшелей, материалды сиымдылықты азайту жəне ғылыми сиымдылықты көбейту деп ұғынады [5].

Əлеуметтік  энциклопедиялық сөздікте технология былай анықталады [6]:

  • шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикаттарды немесе бұйымды өнеркəсіпте, құрылыста жəне т.с.с. салаларда алу, өңдеу жəне қайта өңдеу (күйдің, қасиеттің, форманың өзгеруі) тəсілдері мен əдістерінің жиынтығы;
  • осы тəсілдер мен əдістерді өңдейтін (жасайтын) жəне жетілдіретін ғылыми пəн;
  • өндірістік процестердің суреттемесі, оларды орындау бойынша нұсқаулар, технологиялық карталар жəне т.с.с.

Жоғарыда келтірілген анықтамалар материалды  азықтарды  өндіру технологиясына жатады жəне адам іс- əрекетінің білім беру, рухани, əлеуметтік аспектілерін мүлде қозғамайды, сол себептен осы анықтамаларды білім беруге қатысты қарастырайық.

«Технология» термині бастапқыда өндірістік процеске қатысты болатын, білім беру саласында ұзақ уақытқа дейін қабылданбады, себебі «өте-мөте оқыту жəне тəрбиелеу іспеттес шығармашылық жəне интимді-психологиялық процестерде ондай мүлдем болмайды» [2] деген түсінік қалыптасты.

Қазіргі кезеңдегі педагогикалық- психологиялық əдебиеттерде ғылыми- технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына «жаңа компьютерлік технологияларды»  енгізумен  бірге келген «технология» деген ұғым жиі кездеседі.

Бүгінгі таңда «технология» термині психологиялық-педагогикалық əдебиеттерде  де  кең қолданысқа ие. Психологиялық  сөздікте  технология ұғымы «проблемаларды анықтауда жəне шешуде жүйелі   зерттеудің жаңалықтарында, процедуларында жəне қағидаларында пайдаланылатын мəдениеттің   аспектісі  іспеттес» қарастырылады [7].

Педагогикалық   іс-əрекет   саласында «технология»  деген   сөзді   енгізу «индустриалдық»  технология (Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У.Тейлор жəне т.б.) деген идеяға негізделген жəне ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты болды. Бұл бағытты В.П.Беспалько, П.И.Пидкасистый  жəне т.б. бірқатар ғалымдар қолдайды. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-əрекетін (Т.А.Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде.

Сонымен қатар, педагогикалық технологиялар  ұстаздар  мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нəтижелерге жетудің тиімді қағидалары мен əдістерін де анықтауға бағытталған.

Тəрбиеге қатысты «технология» сөзі педагогикалық ғылымға мамандардың бала тұлғасының өнерге қатысының қажеттілігінен пайда болған [8].

В.П. Беспалько жəне Ю.Г.Татур кез- келген іс-əрекет немесе технология өнер болуы мүмкін деп белгілейді. Өнер интуицияға, ал технология ғылымға негізделген. Барлығы қайтадан басталуы үшін өнерден басталады, технологиямен аяқталады. Педагогикалық қызметте кез келген жұмыс жоспарлаудан басталады, яғни ол технологияның бастамасы болып табылады [9].

Дж.Брунер жəне  Т.Сакамото бойынша технология дегеніміз – оқу- тəрбие процесін тиімділейтін, алдын-ала жазып қою жүйесімен байланысты білім аясы [10].

Бүгінгі  күні педагогикада «технология» ұғымының келесі түсіндірмелерін кездестіруге болады [10]:

  • оқытуды ұйымдастырудың «əдісі» немесе «формасы» ұғымдарының синонимі (бақылау жұмысын жазу технологиясы,  топтық қызметті ұйымдастыру технологиясы, сөйлесу технологиясы жəне т.с.с.);
  • нақты бір педагогикалық жүйенің синонимі іспеттес (оқытудың «дəстүрлі» технологиясы, мектепке жəне т.б. арналған В.В.Давыдов – Д.Б.Эльконин жүйесі);
  • берілген қасиеттері бойынша азық алуға мүмкіндік беретін əдістер жəне процестер тізбектілігі жəне жиынтығы іспеттес.

Біз жоғарыда «технология» ұғымы төңірегіндегі  ғалымдардың анықтамаларына талдау жасап, оның алғашқыда тек өндіріс саласында қолданып, содан кейін ғана педагогика саласына енгенін аңғардық.

Кең ауқымды ұғым «білім беру технологиясы»  болып  табылады, себебі оның құрамына əр қилы оқыту технологиялары арқылы жүзеге асатын педагогикалық технологиялар енеді. Білім беру технологиялары білім берудің əр түрлі мемлекеттердегі, білім беру қызметінің ұйымдастырылу жүйесінің тəсілдері, оның жалпы мақсатты жəне мазмұнды бағыттылығы, мемлекеттік бағдарлама жəне білім беру стандарттары ретінде ұсынылған ұйымдастырушылық құрылым жəне форма, ортақ білім беру кеңістігіндегі дамудың   жалпы стратегиясы.

 Педагогикалық технологиялар  білім  беру технологияларының жүзеге асуын бейнелейді, оған нақты оқу пəніне байланысты емес оқу-тəрбие процесін жүзеге асыру заңдылықтары тəн. Педагогикалық технологияның құрамына ғылым мен практиканың басқа салаларында кең қолданысқа ие, əр қилы мамандандырылған технологиялар енуі мүмкін: жаңа ақпараттық технолгиялар, электронды жəне т.б. Сонымен, педагогикалық технологияда білім саласы ретінде оқыту мақсатына жету үшін əдістер, оқыту құралдары жəне оларды қолдану теориясы анықталуы мүмкін. Оқыту технологиясы «педагогикалық технология» ұғымына жақын, бірақ бірдей (барабар) емес, себебі ол нақты бір пəн, тақырып, сұрақ жəне таңдалып алынған педагогикалық технология шеңберінде анықталған жолды бейнелейді. Оқыту технологиясы вариативті жəне дербес əдістемелерге туыстас [11].

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың шет елдегі авторлары - Дж.Кэролл, Б.Блум, Д.Брунер, Д.Хамблин, Г.Гейс, В.Коскарелли. Ал білімге қатысты технологиялық бапты жүзеге асырумен айналысқан  Ресейлік  авторлар - П.Я.Гальперина, Н.Ф.Талызина, А.Г.Ривина, Л.Н.Ланда, Ю.К.Бабанский, П.М.Эрдниева, И.П.Раченко, Л.Я.Зорина, В.П.Беспалько, М.В.Кларина жəне т.б.

Бүгінгі күндері «педагогикалық технология» ұғымына əр қилы анықтамалар беріледі. Солардың арасында кеңінен тарағаны В.П.Беспалько ұсынған анықтама:   педагогикалық   технология   - оқу мен тəрбие процестерінің еске түсіру барысында қолданылатын құралдар мен əдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді [11].

Д.Матрос  жаңа  ақпараттық технология ұғымын қарастыра отырып, кез-келген əдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты студентлер, оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу жəне жеткізу керектігін суреттейді, яғни оның анықтамасы бойынша кез-келген педагогикалық технология дегеніміз - бұл ақпараттық технология, ол сонымен қатар жақсы педагог-практик болу үшін студенттерді, оқушыларды технологиясыз оқыту жəне тəрбиелеу мүмкін еместігін айтады [12].

Педагогикалық зерттеулердің жəне өңдеулердің технологиялық жəне педагогикалық  технологиялардың тұтастай бағыттылығының терең мағынасы педагогикалық технология арқылы педагогтар тəжірибелік сабақ беруде, жəне оқу-тəрбие процесін алдын- ала жобалауға, жəне сол жобаны сыныпта қайта  жаңғыртуда педагогикалық экспромт минимумына əкелуге тырысады. Бұл   «дидактикалық   міндеттер»  жəне «оқыту технологиясы» ұғымында сəтті шешімін табады [13].

Педагогикалық технология проблемаларына Б.Блум, Дж.Кэррлл, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, М.Кларин, Н.А.Менчинская,      З.И.Калмыкова, Л.И.Занков жəне т.с.с. ғалымдардың еңбегі арқылы танысуға болады.

Қазақстанда  педагогикалық технология проблемаларымен айналысқан ғаламдар – Б.Барсай, М.В.Кларин, Г.М.Құсайынов, В.П.Беспалько, Ж.Қараев жəне т.б.

Б.Барсайдың  пікірінше, педагогикалық технология дегеніміз – оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-əрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы. Бірақ, педагогикалық жобалаудың бəрі бірдей педагогикалық жүйені дамытатын заңдылықтарды,  оның  құрылымының тұрақтылығын  жəне құрамдас бөлшектерінің  үйлесімді   əсерін қарастыратын оқыту процесінің ғылыми негізін құра бермейді [14].

В.А.Сластенин  бойынша, педагогикалық технология – ол оқытушының педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған іс-əрекет жүйесінің өзара байланысы, тізбектілігі [12].

Педагогикалық технология – бұл нақты ғылыми жобалау жəне педагогикалық іс-əрекеттердің сəттілігіне кепілдеме беретін нақты жаңғырту [3].

М.В.Кларин,  Г.М.Құсайынов, В.П.Беспалько, Ж.Қараев еңбектеріне сүйенсек педагогикалық технология дегеніміз - өнер, шеберлік, білік, білімді меңгерудің жаңа жолы (оқытуды ұйымдастырудың жаңаша формалары, əдіс-тəсілдері),        оқыту процесін ұйымдастырудың, өткізудің жан-жақты ойластырылған педагогикалық қызметтің моделі; оқытуда мақсатты нəтижеге жетудің кепілдік беретін жазбаша үлгі- жоспары, оқыту процесінде адамның іс- əрекетімен техниканың мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану т.б.

В.Ю.Питтюковтың пікірінше,«педагогикалық технология» бүгінгі таңда педагогикалық шеңбердегі ең танымал терминдердің бірі [15].

«Педагогикалық технология» күннен күнге  педагогикалық қауыммен (массивпен) игерілді. Кез-келген оқу- тəрбие процесін суреттеуде қандай да бір педагогикалық жүйе ретінде болады, педагогикалық технология – тəжірибеде жүзеге асатын нақты педагогикалық жүйенің жобасы.

«Педагогикалық   технологиялар» ұғымына деген ерекше қызығушылық бар екені көрінеді, себебі олар жаңа оқыту əдістерін, құралдардың жəне əр қилы мамандандырылған технологияларды, көбінесе ақпараттық технологияларды біріктіреді, олар, біздің пікірімізше, жоғары оқу орнында студенттердің іс қағаздарын жүргізу  даярлығын ұйымдастырудың тиімділігін арттырады.

Дəл бүгінгі таңда педагогикалық технологиялар  адамдық технологиялар ретінде  қарастырылады  жəне психодиагностика, əлеуметтік педагогика, кибернетика, басқару жəне менеджмент теорияларына негізделеді.

Ал, біздің пікірімізше педагогикалық технология дегеніміз – белгілі бір тəрбиелеу немесе оқыту мақсатында тиімді нəтиже алу үшін ұсынылатын технологияның бір түрі.

Білім беру саласындағы ақпараттық технологияны жəне компьютерді қолданудың теориялық аспектілері көптеген ғалым-педагогтармен жəне бірқатар ғалымдардың іргелі (негізгі) еңбектерінде орын алған, олар Д.М.Джусубалиева, В.В.Егоров, Қараев Ж.А., М.С.Мəлібекова, В.М.Монахова, Н.Ф.Талызина жəне т.б.

Терминологиялық  проблемаға байланысты «технология» ұғымын қарас- тыра отырып, «ақпараттық технология» терминінің педагогикадағы түсінігін қарастыру қажет.

«Ақпарат» сөзі латынша «information» қоғамның жалпы білімділік сұранысын анықтайтын мазмұн деген мағына береді [2]. С.И.Ожегов сөздігі бойынша «бір нəрсенің жағдайы туралы мəлімет беретін хабарлама» деген анықтама берілген [3].

В.В.Криворучконың, В.В.Егоровтың, Ж.Б.Оспанованың пікірінше, ақпарат дегеніміз – адамдар арқылы ауызша, жазбаша немесе басқа тəсілдермен (шартты сигналдар, техникалық құралдар жəне т.б. арқылы) жеткізілетін мағлұматтар. Осы «ақпарат» ұғымы трактовкасының талдауы ол бейнелеудің негізгі мазмұны болып табылады, бейнелер əр қилы болуы мүмкін, ал олардың мазмұны өзгеріссіз қалады, - деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ал қазіргі заманғы ғылымның дамуы нəтижесінде осы терминнің əлде қайда кең трактовкасы қолданыла басталды, мұнда ақпарат – жалпы ғылыми ұғым, адамдар, тұлғалар жəне автомат, автомат пен автомат арасындағы мағлұматтармен алмасу; жануарлар жəне өсімдіктер əлемінде сигналдармен алмасу [16].

Ақпарат – философияда ежелден пайдаланылып келе жатқан ұғым жəне соңғы кездері ол жаңа, кең мəнге ие болды. Бастапқыда – бір адамдардан келесі адамдарға ауызша, жазбаша немесе қандай да бір басқа тəсілмен (мысалы, техникалық құралдармен қолданылатын шартты сигналдар)          жеткізілетін мағлұматтар [17].

Ғылыми түсінікке байланысты ақпарат  үш бағытта жүргізілді [12]:

  • ақпараттың негізгі қасиеттерін бейнелейтін математикалық аппараттың өңделуі;
  • қолда бар құралдармен ақпараттың əр қилы аспектіде ақпараттың əр қилы қасиеттерін зерттеу, теориялық өңдеу;
  • ақпараттық əдістерді лингвистикада, биологияда, психологияда, педагогикада жəне т.б. пайдалану.

Əлеуметтік энциклопедиялық сөздікте ақпаратқа екі анақтама берілген:

  • бір нəрсе туралы хабарлама; 2) сақтау, өңдеу жəне жеткізудің нысаны ретіндегі мағлұмат [6].

Математикалық энциклопедиялық сөздікте ақпарат ұғымы келесі ретте анықталады: хабарлама немесе сигнал мазмұны, оларды жеткізу немесе қабылдау процесінде қарастырылатын мағлұматтар; ақпарат, нақты терминнен гөрі жалпы ғылыми категорияға жатады, ғылымға (математика, информатика арқылы) моделдің, мəліметтердің, алгоритмдердің жəне бағдарламалардың арнайы ұғымдардың енуі [18].

"Ақпараттық технология" ұғымын алғаш қолданысқа енгізген В.Глушков оған былай анықтама береді: "Ақпараттық технология дегеніміз - ақпаратты өңдеумен байланысты процестер". В.Апатова В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа  шығармай, оны нақтылай түседі: "Ақпараттық технология дегеніміз - ақпаратты өңдеу процесінде қолданылатын құралдар мен əдістер жиынтығы" [17].

Ақпараттық  технология, В.А.Извозчиковтың пікірінше, ақпаратты машиналы (ЭЕМ арқылы) өңдеу,  жеткізу,тарату, информатиканың есептеуіш жəне бағдарламалық құралдарын жасау [18].

Г.М.Коджаспирова  мен К.В.Петровтың пікірінше, ақпараттық технология дегеніміз - өндірістік процестердің жəне бағдарламалы- техникалық құралдардың, технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық қорларды жинауды, өңдеуді, сақтауды, таратуды жəне бейнелеуді қамтамасыз ететін əдістер жиынтығы, сонымен бірге олардың сенімділігін жəне оперативтілігін жоғарлатады [19].

Ақпараттық технология – ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу немесе жіберу тəсілдері жəне əдістер жүйесі [12].

Ақпараттық технология («технология» сөзін грек тілінен аударғанда «сөз өнері, оқыту» деген мағына береді) – 70-80 ж..ж. ерекше мəнге жəне қазіргі заманғы мағынаға ие болған ұғым. ХХ ғ. ол ақпаратты машиналы (яғни ЭЕМ көмегімен) өңдеу, жеткізу, тарату, информатиканың есептеуіш жəне бағдарламалық құралдарын жасау ретінде түсіндірілді [18].

Ақпараттық технология негізінде уақыт өте қоғамның ақпараттық тұтынуын қанағаттандыратын, ірі əлеуметтік- техникалық құрылымдардың пайда болуына əкеліп соғатын техникалық өнертапқыштықтар жатыр [12].

«Ақпараттандыру туралы» Заңының жалпы ережелер атауының осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар бабында ақпараттық технологиялар дегеніміз – ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздеуді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін  технологиялық кешенге біріктірілген əдістердің,  өндірістік процестер мен бағдарламалық- техникалық құралдардың жиынтығы  [19],деп келтірілген.

Сонымен, ақпараттық технологияның кез келген білім саласына кең құлаш жая енгенін, соның ішінде кəсіби педагогика, іс қағаздарын жүргізу саласы да тыс қалмағанын  байқаймыз.  Біздің пікірімізше, ақпараттық технология дегеніміз не? Ол дегеніміз адам іс-əрекеті арқылы ауызша, жазбаша немесе басқа түрлі тəсілдермен жеткізілетін қажетті мағлұматтар жиынтығы.

Ақпараттық технологияға сыңарлас – компьютерлік технология ұғымы да білім беруде жиі қолданылады. Оқу процесінде компьютерді пайдалану нəтижесінде "компьютерлік технология" терминінің пайда болуына əкелді. Бірақта есептеуіш техниканың белсенді түрде дамуы жəне жаңа бағдарламалау құралдарының пайда болуы компьютерді қолдану аясын кеңейтті. Ал, бір қарағанда, осы екі ұғым, яғни ақпараттық технология жəне компьютерлік технология бір-біріне синоним болып келеді, бірақта олар кезеңіне жəне атқаратын қызметіне қарай қолданылады.

Практикада оқытудың ақпараттық технологиялары дегеніміз – арнайы техникалық ақпараттық құралдар (ЭЕМ, аудио-, кино-, бейне-) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерді білім беруде қолдану нəтижесінде     «жаңа    ақпараттық технологиялар» термині пайда болды.

Қазіргі заманғы оқытудың жаңа ақпараттық технологиялар (ОЖАТ) Б.Е.Патон,  В.И.Гриценко жəне Б.Н.Паньтиннің  қалыптасқан қағидаларынан шығатыны – толық оқыту жүйесі іспеттес, ақпараттық азықты (берінділер, идеялар, білім) бейнелейтін оқыту жүйесіне жаңа жүйелерді жəне берінділерді өңдеу əдістерін білім беруді ұйымдастыру басқармасының жүйесіне енгізу жиынтығы деп түсіндіріледі [16].

Білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар (ЖАТ) тұлғаны қалыптастырудың алдыңғы қатарлы факторларының бірі болып саналады.

Жаңа ақпараттық технология құралдарына (ЖАТҚ) мыналар жатады: ЭЕМ, ДЭЕМ, қазіргі заманғы ЭЕМ-нің перифириялы           жабдықтары, бағдарламалық кешендер (бағдарламалау тілдері, қосымша бағдарламалардың пакеттері жəне т.б.), қазіргі заманғы байланыс құралдары, жасанды интеллект жүйелері,   машиналы   графика  жүйелері,аудиовизуалды ақпаратты (мультимедиа технологиясы жəне «виртуалды шындық» жүйесі негізінде) басқару құралдары жəне құрылғылары.

Келесі авторлардың пікірінше, жаңа ақпараттық технология құралдары дегеніміз – микропроцессорлы, есептеуіш техника, сонымен қазіргі заманғы құралдар жəне ақпаратпен алмасу жүйесі, ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, жеткізу бойынша операциямен қамтамасыз ету негізінде жұмыс істейтін бағдарламалы- аппаратты құралдар жəне құрылғылар [20].

Басқа авторлардың пікірінше жаңа ақпараттық технологиялар бағдарламалық оқыту идеяларын дамытады, олар келесі қағидаларға негізделеді [13]:

  • кіші қадам қағидасы. Оған сəйкес оқу материалын мүмкіндігінше кіші бөліктерге (қадамдарға, микроақпаратқа) бөлу қажет, себебі оларды меңгеру оңай;
  • жауапты тез арада мақұлдау қағидасы. Үйренуші бағдарламалық мəтіндегі сұраққа немесе тапсырмаға жауап бергеннен кейін өзінің жауабының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне жауап алады, содан осы келесі қадамды орындауға көшуге мүмкіндік алады;
  • оқыту ырғағының жекелік қағидасы. Бұл қағида бағдарламаның барлық кезеңдерін өткеннен кейін үйренуші өзіне ыңғайлы тəртіпте жұмыс істеуді талап етеді, себебі тек сол жағдайда ғана ол сəйкес нəтижеге қол жеткізе алады;
  • күрделіліктің біртіндеп өсу қағидасы. Бірінші қадамдағы сан біртіндеп азайып отырады. Соның нəтижесінде бағдарламаның қиындығы жоғарлайды;
  • білімді дифференциалды бекіту қағидасы. Осы қағидаға қатысты бағдарламаның мəтінінде бар əрбір жалпылауды əр қилы мазмұндағы контексте бірнеше рет қайталау қажет жəне қатаң таңдалып алынған материалдар көмегімен көрсету;
  • саймандар арқылы оқытудың біртүрлілік қағидасы.  Бұл  қағида  оқыту процесін сызықты құрылыммен келесі түрде анықтайды: үйренуші реттелген тізбектілік (жиынтықты) бойынша ... (ақпараттың кішігірім бөлшегі) жүреді. Нəтижесінде аз ғана қателіктер жіберіледі, дұрыс реакциялар бекітіледі, аз  қадаммен «берік» білім пайда болады.

Г.К.Селевконың пайымдауынша, компьютерді қолданудағы оқыту техноло- гиясы үшін əлде қайда сəтті терминдердің бірі – ол компьютерлі технология болып табылады.  Ол   зерттелмеген технологиялық варианттарды, жаңаларын ашып, бағдарламалы оқытудың идеяларын дамытады. Оқытудың компьютерлі (жаңа ақпараттық) технологиялары – ақпаратты үйренушіге дайындау жəне жеткізу процесі, оны жүзеге асырушы құрал компьютер болып табылады [12].

Білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану келесі перспективалы мүмкіндіктерді ұсынады [19]:

  • білім беру мазмұнының əдістемесін жəне стратегиясын таңдауды жетілдіру, жаңа оқу пəнін жүргізу жəне дамыту, сонымен қатар дəстүрлі пəндерді оқытуға өзгерістер енгізу;
  • оқытудың тиімділігін жоғарлату, оқыту процесінде өзара əрекеттесудің жаңа формаларын ұйымдастыру жəне оқыту процесінде үйренуші мен үйретушінің іс-əрекетінің мазмұнын жəне сипатын өзгерту;
  • оқу процесін басқаруды жетілдіру, оны жоспарлау, білім беру жүйесінің басқару механизмін модернизациялау, ұйымдастыру, бақылау.

Білім беруді ақпараттандыру практикалық процесті мəнді өзгерістерге ұшыратады. Оқулық үлкен көлемді ақпаратты қарастыруға, оның өңделуін автоматтандыруға, процестерді модельдеуге, өз бетінше əрекеттер  жасауға қабілетті. Мұғалім (оқытушы) студенттерді диагностикалауға мүмкіндік алады, ... операциялардан босайды жəне т.б. Студенттің жəне мұғалімнің іс-əрекеті өзгереді. Оқытуды ақпараттандыру мұғалімнен компьютерлік сауаттылықты талап  етеді.  Содан  шығатыны,   болашақ мұғалім  ақпараттық  технологияны қолдануға даяр болуы тиіс.

Бүгінгі таңда ОЖАТ-нің мынандай бағыттары дамуда:

  • жан-жақты ақпараттық технологиялар (мəтіндік редакторлар, графикалық пакеттер, мəліметтер базасын басқару жүйесі, электронды кесте процессорлары, модельдеу жүйелері жəне т.с.с.);
  • телекоммуникацияның компьютерлі құралдары;
  • компьютерлі оқыту жəне бақылау бағдарламалары, компьютерлік оқулықтар;
  • мультимедиалық бағдарламалық азықтар.

Ақпаратты өңдеу барысында компьютердің мүмкіндіктері, оларды  білім аясында əр қилы мақсатта қолдануға мүмкіндік береді. Ол барлық деңгейде материалды оқытады жəне оқытуды жеңілдетеді – жоғарғы оқу орнында, мектепте, орта білім беруде. Компьютерлер адамның ойлау білігін жəне машығын дамытуда жаңа бағыттар ашады, белсенді түрде оқуға жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Компьютерді қолдану оқытуды əлдеқайда қызықты, ал жаттығуларды, практикалық, бақылау жұмыстарын, білімді бекіту жəне бағалауды тиімді етеді.

Қазіргі  заманғы  кезеңде студенттердің іс қағаздарын жүргізу даярлығын жетілдіруді жаңа ақпараттық технологиялар арқылы қарқындатуға болады.

Қоғамды ақпараттандыру жəне компьютерлендіру, жаңа технологияларды енгізу, ақпараттық қоғамда өмір сүру үшін іс қағаздарын жүргізу маманын даярлауға жəне олардың бойына ақпараттық мəдениеттілікті қалыптастыру, жəне əлемнің ақпараттық бейнесін меңгертуге жаңа талаптар  қойылады. Біздің пікірімізше, іс қағаздарын жүргізу даярлығын тиімді ету үшін жоғары оқу орнында ақпараттық технологияларды кешенді түрде пайдалану қажет.

Болып жатқан глобальды өзгерістер, өркениеттің ақпараттандыру  дəуіріне көшу іс қағаздарын жүргізу саласын да  тыс қалдырған жоқ.

Соңғы кездері білім беру технологиясына көптеген жаңалықтар енуде. Компьютер оқыту мазмұнына ымырасыз өзгерістер енгізуде. Қазіргі заманғы қоғамның ақпараттануы ақпараттық технология негізінде кəсіби даярлыққа қатаң талаптар қоюда. Одан шығатыны, қоғамның ақпараттануы қоғам дамуының қайнар шарты  болып табылады.

Біз Г.К.Селевконың пікірімен толық келісеміз, оның айтуынша «кез келген педагогикалық технология –  ол ақпараттық технология, себебі оқытудың технологиялық процесінің негізін ақпарат жəне оның қозғалуы (түрленуі) құрайды».

Сонымен, ақпараттық технологияның кез келген білім саласына кең құлаш жая енгенін, соның ішінде кəсіби педагогика, іс қағаздарын жүргізу саласы да тыс қалмағанын байқаймыз. Біздің пікірімізше, ақпараттық технология дегеніміз не? Ол дегеніміз адам іс-əрекеті арқылы ауызша, жазбаша немесе басқа түрлі тəсілдермен жеткізілетін қажетті мағлұматтар жиынтығы.

Ғылыми  əдебиетте  жаңалық»,«енгізілген жаңалық», «инновация» түсініктері қолданылады. Жаңалық деп күнделікті      педагогиканың    ұсынылған

түріндегі элементін түсінуге болады, ол мұндай сипатта əлі кездескен жоқ (дегенмен оған ұқсас құбылысты тауып алуға болады, өйткені жаңа дегеніміз – ескідегі ұмытылған жақсылық). Енгізілген жаңалықтар              –               жаңалықты тасымалдаушы, оны тарату, тəжірибеге енгізу құралы (жаңа жобалар, бағдарламалар, оқыту құралдары, көрнекіліктер, оқыту мекемелерінің түрлері). Өзімен бірге жаңалық əкеліп, тəжірибеде тұрақтаған енгізілген жаңалықтар, тəжірибені өзгертіп, жаңартады жəне оны неғұрлым тиімді етеді. Инновация дегеніміз – ол жаңалықтардың                педагогикалық тəжірибеге тарауы [12].

Сонымен, біздің ойымызша инновациялық технологиялар дегеніміз – белгілі жаңа тəсілдер мен əдістер арқылы оқу процесіне жаңалықтар енгізу.

Қорыта айтқанда, кез-келген маман иесін даярлауда жалпы технология түрлерінің (ақпараттық, педагогикалық, білім беру, инновациялық жіне  т.б.) алатын орны мен маңызы аса зор, себебі оқу процесінде əр қилы технология түрлерін білім беру саласында пəн шеңберінде күнделікті пайдаланамыз, əр пəннің  мазмұнында  қамтылған тақырыптар да белгілі технологияға негізделеді.

 

 Әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өніп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы халыққа жолдауы).
  2. Словарь иностранных слов. – 16-е изд., испр. – М.: Рус. яз., 1988. – 624 с.
  3. Ожегов С.И. Словарь русского языка / Под ред. док.филол.наук, проф. Н.Ю.Шведовой. – 14-е изд., стереотип. – М.: Русский язык, 1983. – 816 с.
  4. Першиков В.И., Савинков В.М. Толковый словарь по информатике. - М.: Просвещение, 1991. – 208 с.
  5. Философский энциклопедический словарь / Под ред. И.Г.Фролова. – М.: Политиздат, 1991. – 560 с.
  6. Социологический энциклопедический словарь. – М.: Изд. группа ИНФРА-М- НОРМА, 1998. – 488 с.
  7. Большой толковый психологический словарь / Ребер Артур (Penguin). Том 2 (П-Я):пер. с англ. – М.: Вече, АСТ, 2000. – 560 с.
  8. Современный словарь по педагогике / Сост. Рапацевич Е.С. – М.: Современное слово, 2001. – 928 с.
  9. Беспалько В.П., Татур Ю.Г. Системно-методическое обеспечение учебно- воспитательного процесса подготовки специалистов: Учебно-метод. пособие.- М.: Высшая школа, 1989. – 144 с.
  10. Педагогика и психология высшей школы / Отв. ред. С.И.Самыгин. – Ростов-на- Дону: «Феникс», 1998, 544 с.
  11. Педагогика. Дəріс курсы / Б.Ы.Мұқанова, Р.К.Төлеубекова, Г.Т.Хайруллин жəне т.б.- Алматы: Нұрлы Əлем, 2003. – 368 б.
  12. Педагогика: Педагогические теории, системы, технологии: Учеб. / ред. С.А.Смирнова. – 1999.- 510 с.
  13. Назарова Т.С., Полат Е.С. Средства обучения: технология создания и использования.– М.: УРАО, 1998. – 126 с.
  14. Барсай Б. Педагогикалық технология ұғымының мəні мен əдіснамалық сипаттамалары // Бастауыш мектеп. – 1999 – №8-9. - Б.14-16.
  15. Питюков В.Ю. Основы педагогической технологии. Учебно-практическое пособие. –М.: Ассоциация авторов и издателей «Тандем»: «Роспедагенство», 1997. – 176 с.
  16. Криворучко В.В., Егоров В.В., Оспанова Ж.Б. Формирование информационной культуры учителей информатики в процессе их переводготовки // Вестник Карагандинского университета. – 2005. - №3. - С.59-63.
  17. Глушков В.М. Основы безбумажной информатики. М.: Наука, 1987. – 552 с.
  18. Информатика понятиях и терминах / Под ред. В.А.Извозчикова. – М.: Просвещение, 1991. – 357 с.
  19. Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы // Егемен Қазақстан 2ақпан 2007. №28-29.
  20. Шолохович В.Ф. Информационные технологии обучения // Информатика и образование. – 1998. - №3. - С.5-13.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.