Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеудің кейбір мәселелері

Ұрпақ тәрбиесін қандай кезеңде де  көзден таса көңілден қағаберіс қалдыруға болмайды. Бүгінгі бала ертеңгі аға, қалыптаса келе дара тұлға. Бұл туралы алаштың  арыс  ұлы  Ахмет  Байтұрсынұлы:

«Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын» - деп өсиет  айтқан еді. Адамзат пайда болғалы бері жас ұрпақты тәрбиелеу ісі – адамның алдында тұрған міндеттердің ішінен басты орын алады.  Елбасы  Н.Назарбаев  ―Қалың  елім  – Қазағым  жинағында ―…Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, бо- лашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…‖ және ―біз  қазақстандық патриотизмді Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге-дәстүрін, әдет- ғұрпын, елдің тарихын құрмет тұту, мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақ- тандыруға жұмсау‖ деп жазған еді.[1]

Бұлай екпін түсіріп айтуының өзі қазіргі еліміздің саяси-әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан тәуелсіздікке жетіп отырған тәуелсіз мемлекеттігіміздің тұрақтылығын сақтап, оны  болашаққа аманат етуді көздейді. Міне, осы тұрғыдан келсек, мемлекеттік дәрежедегі мәселе білім беру саласында ұлтжандылық cезімді тәрбиелей оқыту мәселесінің өзектілігі сөзсіз. Ата- бабамыздың ғасырлар бойы көзінің қарашығындай сақтап, біздерге қымбатты мұра ретінде жеткізіп кеткен салт- дәстүрлерін, әдеп-ғұрыптарын, адами құндылықтарын, қысқасы, ұлттық атрибуттарын жас ұрпақтың бойына  сіңіру де аяда тұрған зор міндет.

В.И. Даль сөздігінде: «Патриот - отанын сүю,  оның  қуатын  арттырушы, отаншыл[2] », - деп жазылса, басқа сөздікте "патриот- отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын қиып, отанын қорғау үшін ерлік көрсететін адам" - делінген. Педагогикадағы анықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу.

Көне грек ғұламаларының айтуына қарағанда, адамның белгілі бір ұлтқа, халыққа тән екендігін айқын сезіну үшін бес түрлі шартқа толық жауап беруі тиіс. Біріншіден, сол ұлттың тілін жақсы білуі қажет.Екіншіден, сол  ұлттың  дінін терең меңгергені жөн. Үшіншіден, сол ұлттың дәстүрін толық бойына сіңіруі тиіс. Төртіншіден, сол ұлттың тарихын бес саусағындай білгені абзал. Бесіншіден, сол ұлт мекендеген жердің ой – шұңқырын жақсы білуі парыз. Осындай бес сипаттаманы бойына дарытқан адам ғана сол ұлттың толыққанды өкілімін деуге құқылы дейді грек ойшылдары. [3]

Жастарда ұлтжандылықты тәрбиелеу үшін бізде рухани байлығымыз – тіліміз, дініміз, салт – дәстүріміз, тарихымыз одан басқа да құндылықтарымыз жетерлік. Оның дәлелі ретінде ұлттық санамыздың құрамаларын атап өтетін болсақ, олар: біріншіден, қазақ этносы ғасырлар бойы қалыптасқан. Ол осы жерге әлдеқалай отаршылдық немесе басқыншылық жолмен келмеген. Қазақтардың тарихи тек –  тамыры мейлінше тереңде. Ондай тек – тамыр алғашқы қазақ хандығы құрылған кезеңмен әсте шектелмейді. Қазақтардың тарихи тұрақтылығы тарихи кезеңдерде айрықша рөл атқарған. Барша қазақты атамекенінен кіндік үзуге мәжбүрлейтін  күш болмады.

Екіншіден, әлеуметтік – мәдени қыспақтың небір жойқын түрлеріне қарамастан, ұлттық – мәдени жаңғырудың тетіктерін тежеу ешкімнің қолынан келмеген. Қазақ әдебиеті мен музыкасы, фольклоры бірде ғажайып  поэзиялық дәстүр түрінде, енді бірде әуен – сазы келіскен музыкалық нысан түрінде, тіптен кейде этнологиялық тегеурінді серпілісімен ұлттық сананы сергітіп қана қоймаған, сонымен бірге мән – мазмұнын да кеңейтіп отырған. Содан да болар ғасыр басындағы ең бір озық деген отандастарымызға қарағанда бүгінгі қазақтардың мәдени әмбебаптығы әлдеқайда терең де кең.

Үшіншіден, қазақтардың ұлттық біртектестігінің қуаттылығы. Біздің ұлтымыз ұзақ жылдар бойы не діни, не этникалық біртектестігінен айныған емес. Біздің елдің өз ұлтына деген баға – байламы шын мәнінде таң қалдырады.[4]

Зерттеуші ғалымдардың, педагогтардың тұжырымдары бойынша, жас ұрпақты отан- сүйгіштікке  баулуда  баға  жетпес педагогикалық құрал – батырлардың қаһармандық бейнесі және оның қазақ ауыз әдебиетінде, тарихында, көркем шығармаларда сомдалуы болып табылады десек, одан қазақ батырла- рының бойындағы елдік қасиеттердің жиынтығы да, азаматқа тән адамгершілік болмысы  - сегіз  қырлы,  бір  сырлылық  та, шешенге тән алымдылық та, данаға тән білгірлік те, биге тән көсемдік те,  әулиеге тән көрегендік те табылады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Ер Төстіктің қаһармандығын, Исатай батырдың ел бастаған билігін, Махамбет батырдың шешендігін, Б.Мо- мышұлының батырлығын айтуға болады. Тамыры терең патриоттық тәрбиенің көзі ұлттық тарихымызда осылай жалғасып кете береді.

Ғалымдардың пайымдауынша, патрио- тизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар – ұлттық патриотизм және қазақстандық патриотизм.

Ұлттық    патриотизм   –  бұл    ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез- құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері қалыптасқан, тарихи дәстүр- лері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты‖ дейді.

Адам басқа ұлт өкілдерін құрметтейді, оның тіліне, ұлттық әдет-ғұрыптарына, салт- дәстүрлеріне тіл тигізбейді. Ұлтжандылық ұғымына енетіндер:

  • адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі,
  • Отанының мүддесін қорғау, азаматтың көрсетуі және Отанға адалдықты сақтау;
  • елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану;
  • оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау;
  • өткен тарихын, халқының әдет- ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтеу,
  • Отан игілігі үшін еңбек ету.

Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі. Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде  ұлттық  сана  мен  мінез ерекшеліктерінің орны ерекше. Ұлттық тәрбие жүйесінің негізі ретінде Мұхтар Шахановтың мына бір өлең жолдарында жырланған төрт ана, төрт құндылық, төрт негізді ұсынамыз:

"Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала Әр адамнан өз анасынан басқа Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері - түп қазығы айбыны,

Туған тілі — сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі,

Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.[5]

Ұлттық қадір-қасиет ата – бабалардан қалған дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға дейін жетіп отыр. Халқымыздық рухани бейнесін әдебиет, өнер, ғылым, мінез-құлық, ұлттық сезім, әдет-ғұрыптар, т.б. бейнелейді. Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына жеткізу үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет. Жетілген мінез-құлық үш нәрсенің - жүректің, ақылды және қолдық бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған.

Өткен тарихымызды ұмытпай, бүгінгі тарихпен байланыстыра білсек, біздің ұтарымыз көп. Ең алдымен балабақша қабырғасынан бастап жеткіншектерге ұлтжандылық,     Отансүйгіштік, бауырмалдық, достық сезімдерін түсіндіріп, оларды ұлттық қасиеттерге баулу әрбір тәрбиешінің, мұғалімнің ғана емес, ата- ананың да адамдық парызы деп білеміз. Заманымыздың заңғар жазушысы, жерлесіміз Ғабиден Мұстафин көзі тірісінде «Енді ұлтшылдықпен емес, ұлтсыздықпен күресетін боласыңдар» деп айтқан өсиетін естен шығармайық, ағайын ұлтжандылық, отансүйгіштік - әрбір адамға керек қасиет. Адам бойында бұл қасиеттер болмаса, елінің азаматы, өз халқының ұлы мен қызы болу мүмкін емес.

Баламыз ұлтжанды азамат болып өсiп, отбасына ғана емес, халқына пайдасы тисiн десеңiз, өмiрге келген күннен бастап өнегелi тәрбие берудi мақсат тұту керек.Балаларда ұлтжандылық қасиетті дарыту үшін  оларға ең алдымен өз Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру керек.  Ол үшін арнайы өлкетанымдық сабақтар көптеп өтілу тиіс. Балалармен табиғат аясында серуендеуге шығып, туған  жерінің табиғатын аялауын үйретіп, мектепте туған жер, Отан туралы қызықты ашық сабақтар өту. Сонымен қатар балаларды қызықтыру үшін тарихи  этнографиялық экспедицияларға апару. Ол жерде балалардың өздерін қызықтырып жүрген тарихи жайттарға толықтай мағлұматтар алып, тарих жәдігерлерді өз көздерімен  көріп, өздерін сол тарихтың бір бөлшегі ретінде сезіну. Мектептерде соған байланысты түрлі батырлық, тарихи оқиғаларға байланысты қойылымдар қою. Сол қойылымдарда арқылы өздерін сол батырларлың орынына қойып балалардың бойында ұлтжандылық қасиеттерді дарыту. Оларды Ер Төстіктің  қаһармандығын, Исатай батырдың ел бастаған билігін, Махамбет батырдың шешендігін, Б.Мо- мышұлының батырлығын ұғындырып, тамыры терең патриоттық тәрбиенің көзі ұлттық тарихымызда екендігіне көз жеткізу.

ЖОО-да, мектептерде, балабақшаларда мәдени апталықтарға қатысу, туған жер туралы түрлі дисскусиялар өткізу, өз елінің дамуына орасан зор үлес қосқан нағыз ұлтжанды, патриот ақын жазушылармен көптеп кездесулер өткізу. Жастарда мотивациялық сфераны қалыптастыру, ұлтжандылықтың  интелектуады- эмоционалды компонентін дамыту сонымен бірге ұлтаралық қарым-қатынас пен патриотизмге негізделген көзқарастар мен сенімдерді тәрбиелеу.

Әлемде қазақ деген ұлт біреу, демек  оның ұлттық таным табиғаты, ұлттық ойлау болмысы, яғни менталитеті, салт-санасы, әдет-ғұрыпы барша қазаққа тән. Оның рухани-мәдени, тарихи мол қазынасы да – тұтас ортақ байлық. Жастар біздің болашағымыз. Сондықтан қазақ халқының өн бойындағы ұлттық қасиеттер бала тәрбиесімен қатар, еліміздің ұлтаралық келісімінің  баяндылығына, саяси тұрақтылықтың беріктігіне де ықпал ететіні сөзсіз.

 

Әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қалың елім - қазағым». Алматы: Өнер,
  2. Даль В.И. Түсіндірмелі сөздік.
  3. Құдабаев А.Ж. «Ұлттық рухтың ұстазы». Павлодар,
  4. Назарбаев Н.Ә. «Тарих толқынында». Алматы,
  5. Шаханов М. «Төртана» // Егемен Қазақстан. 08.1995 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.