Педагогика

Бүгінгі таңда елімізде конфликтологиялық білім берудің маңыздылығы мен қажеттілігі білім беру жүйесінің  барлық салаларында айқын көрініп отыр. Оған дәлел бірқатар зерттеушілердің ізденістеріндегі білім беру жүйесінде кездесетін түрлі даулы жағдайлар, қарама- қайшылықтар мен түсініспеушіліктің, қысымгершіліктің алдын алу, оларды дұрыс басқару мен оңды шеше білудің қажеттілігі жағдайы.
2011

Жаһандану үрдісінің өмірімізге күннен- күнге тереңдей еніп, жаңалықтарға толы болуы заман талабы болып отыр. Жоғары оқу орындарын бітірген жас түлектің кәсіби құзыреттерін жан-жақты игеруі арқасында алған білімін қайнаған өмірде іске асыра алуы жоғары білім жүйесін модернизациялауға негізделіп отыр.
2011

Өркениетті қоғамның қазіргі даму кезеңі ақпараттандыру процесін сипаттайды. Бұл процестің қоғамдық өндіріс сферасындағы бастапқы әрекет түрінен тұратын негізгі ерекшелігі жинақтау, жинау, продукциялау, өңдеу, сақтау, беру және ақпараттарды қолдану болып табылады, олар ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарының негізінде жүзеге асады.
2011

Жаңа технологиялар, жаңа материалдар, жаңа мүмкіндіктер – бұның барлығы адамның  кәсіпқорлығына, оның  біліміне және жұмыс істеу мүмкіндіктеріне, жағдайларға байланысты болады. Бұл факторлардың барлығы адамның  өзіне тікелей байланысты. Әрбір адам өмірінің белгілі бір уақытында болашақта кім болатыны туралы және ол үшін қандай әрекеттер жасау керектігі туралы ойлана бастайды. Біздің өміріміз, болашағымыз біздің таңдауымызға байланысты, алайда біздің қандай маман болуымыздан басқа адамдардың да өмірі өзгерістерге ұшырауы мүмкін екенін ескеруіміз керек
2011

Кез-келген тұлға міндеті - еліне, халқына адал қызмет ету. Адалдықтың негізінде адамгершілік, адами құндылық қасиеттер жатыр. Міне осындай рухани бай қасиеттерге ие азаматтар тәрбиелеуде ойшыл, ғұлама ғалым бабалар мұрасының тәрбиелік құндылығына баға жетпейді. Еліміздегі «Мәдени  мұра» бағдарламасының да негізі алға қойып отырған мақсаты осы.
2011

Қазақстан Республикасы  өркениетті елдер қатарына қосылу жолында саясиәлеуметтік, экономикалық өзгерістерімен қатар, білім саласындағы басты мәселе – келешек ұрпақты заман талабына сай интеллектуалдылығы, жоғары мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын елжанды етіп тәрбиелеу міндеті тұр. Осыған орай тәуелсіз мемлекетіміздің өсіпөркендеуі, қауіпсіздігі, әл-аухатының артуын жүзеге асырудың аса маңызды құралы қоғамның барлық саласында, соның ішінде білім беру салысы мен тәрбие жүйесінде жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыруға жол ашты.
2011

Әлеуметтік педагогика кешеуілдеп болса да дамып келе жатқан ғылым саласы. Оның маңыздылығы әлі де болса толық ашылып болған жоқ, мүмкіндіктерін де толық пайдалана алмай келеміз. Дегенмен күнделікті тұрмыс көріністері, мектеп орта және жоғары оқу орындарындағы оқып жатқан балалар мен жастар арасындағы әлеуметтік –педагогикалық  мәселелердің күн сайын арта түспесе азаймай отырғаны осы ғылым саласының қажеттілігін көрсетіп отыр. Әсіресе бұл мектеп пен ондағы оқушылардың ата-аналарының арасында осы мәндегі жұмыстарды жандандыру және бұрынғыдан басқа арнада жүргізу қажет екендігі белгілі болып отырған жағдайда тағы да айқындала түсті.
2011

Бастауыш сыныпта 6 жастан бастап 12 жас аралығында танымдық іс – əрекетті белсенді дамытуға мүмкіндік бар. Жаңа білім жүйесіне көшудегі өзекті мəселенің бірі – оқыту технологиясын жетілдіру. Оны ізгілендіру жəне демократияландыру педагогикалық – психологиялық тұрғыдан сауатты оқушы тəрбиелеу баршаның ортақ  ісі. А.Х. Аренова, бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-əрекетін қалыптастыру бұл оқу əрекетінің субъектілері ұстаз бен оқушының бір – бірімен қарым – қатынасының бірлігін дəлелдейтін күрделі тұлғалық құрылым, деп анықтама берген.
2011

Қазіргі ауыр экологиялық дағдарыс заманында тəрбие мен білім берудің негізі ең алдымен адам мен табиғаттың қарым қатынас принципін жетілдіру процесінде, экологиялық білім мен тəрбие берудің маңызы зор болып табылады. Экологиялық білім беру мен тəрбиелеу міндеттерін шешуде мына сияқты түпкі негіздерге  сүйену  қажет.
2011

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мəдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық жəне жеке ұлттық игіліктер негізінде тəрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. XXI ғасырдың басында жаһандану мен ұлттық тенденциялардың   бірлігі, үйлесімі мен текетіресі елдің, ұлттың, жеке адамның адамгершілік қасиет сапаларын, ар-намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр.
2011

Елбасы Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халықтарының Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде «Ұлттық бəсекеге қабілеттілігінің аса  маңызды шарты – бұл əлемдік бəсекелестік үрдісіне табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім», - деп көрсетеді [1]. Бұл жас  ұрпақ тəрбиесі мен əлемдік қауымдастық қойып отырған талаптар арасында жəне жастардың өзіндік мотивтерінің арасында қарама-қайшылықтар туындатып отыр. Аталған қайшылықты шешу үшін рухани құндылықтарға негізделген оқу-тəрбие процесін құру қажет.  
2011

Адамзатты жаңа формацияға бағыттау қазіргі кезде өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда гендерлік білімнің маңызы артуда. Əйелдер мəселесі – бұл қоғамдағы əйелдердің жағдайына көңіл қою, қоғам өмірінің барлық саласында əйел мен еркектің теңдігіне қол жеткізу, ұлттық жəне ұлтаралық мəселелерді шешу, саяси, əлеуметтік қайшылықтар мен конфликтерді жеңу. XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы ойшылдар əйелдер қозғалысын ер адамдармен бірдей азаматтық жəне саяси құқыққа тең дəрежеде қол жеткізу мəселелерін шешу ретінде қарастырды.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.