Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Университеттік білім беру жүйесіндегі эдвайзер-куратордың қызметі

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мəдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық жəне жеке ұлттық игіліктер негізінде тəрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.

XXI ғасырдың басында жаһандану мен ұлттық   тенденциялардың   бірлігі, үйлесімі мен текетіресі елдің, ұлттың, жеке адамның адамгершілік қасиет сапаларын, ар-намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр.

Осы орайда, біріншіде барлық саланың ғаламдануы, ал екіншіден рухани азғындаудың бас көтеріп, даму үдерісімен түсіндіріледі.  Бүгінгі    танда республикамызда  нашақорлық, маскүнемдік,  жұмыссыздық  пен  тастанды балалар санының көбеюі, Қазақстан сəбилерінің жер жүзіне таралып қолды болу сияқты қоғамымыздағы келеңсіз көріністер жалпы тəрбие үдерісінің күрделене түскендігін байқатады.

Бүгінгі тəрбиенің басты міндеті – адамзат мəдениетінің сан ғасырлық өркениеттік жетістіктері мен ұлттық рухани, мəдени байлықты кіріктіре отырып меңгерту, студент-жастарды нарықтық экономикаға бейімделген, өмірге икемделген, жан-жақты жетілген, қабілетті, кез келген тұтқиыл жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да талантты, Отанын сүйетін азамат етіп тəрбиелеу болып табылады. Адам баласының өз өмір жолында тəрбиелі ғұмыр сүруі оның қоршаған ортасына, достарына, тəрбие беретін мекемелерге жəне отбасына байланысты. Осы орайда студенттермен жүргізілетін əртүрлі бағыттағы тəрбие жұмыстары олардың шығармашылық, рухани-адамгершілік  қасиеттерін қалыптастырудың маңызы ерекше. Тəрбие қызметінің табыстылығы көптеген жағдайда студенттік топпен бірге жүргізілетін куратор-эдвайзерлерінің кəсіби педагогикалық шеберлігіне байланысты болады.

Куратор (curator) – латын тілінен аударғанда қамқоршы деген мағынаны білдіреді. Куратор – ол студенттің  өміріндегі тəлім-тəрбие, бос уақытты ұйымдастыру, еңбектену, əлеуметтік сұрақтарын шешу үшін деканат тағайындаған оқытушы.

Эдвайзер (advizor)– оқу кезеңінде білім бағдарламасын меңгеруге бағыт беретін арнаулы кафедра оқытушысы.

Ал, куратор-эдвайзер студенттермен тығыз байланыста болып, бірге қызмет атқаратын маман. Оған төмендегідей талаптар қойылады:

  • Куратор-эдвайзер оқу жылы барысында студенттік топтың өмірімен танысып, топтық жəне жеке мəселелерді шешуге көмек көрсету, топта достық қарым- қатынас орнату жəне əрбір студентке тұлға ретінде қарау.
  • Студенттердің сабаққа    қатысуын,үлгерімін, денсаулығын бақылау, сабаққа қатысу, тұрғылықты менен-жайын, бос уақытын ұйымдастыруын, үйірмелерге, спорттық ойындарға, клубтарға жəне т.б. қатынасуын қадағалау.
  • Денсаулығына, оқу сабақтарына, аралық, апталық жəне сессияға байланысты мəселелер туындаса көмек көрсету.
  • Топтағы əрбір студенттің мінез- құлқына, бір-бірімен қарым-қатынасына социометриялық талдау жасау.
  • Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, олардың ғылыми мүдделерін ескеру, зерделеу.
  • Студенттерді студенттік өмірге баулу, өздерін-өзі танытуына жағдай жасау.
  • Жоғары оқу орнына бейімделу барысында қиындыққа тап болған əрбір студентке педагогикалық-психологиялық көмек көрсету.
  • Студенттердің ата-аналармен байланысып тұру жəне студенттердің сабақка қатысуы мен сабақ үлгерімі жəне жеке іс-əрекеті туралы қажетті ақпараттар беру.
  • Топтағы студенттердің этикалық тəрбиесіне, сыртқы келбетіне, киім-киісіне, жүріс-тұрысына, бір-бірімен қарым- қатынасына, сөйлеу мəдениетіне мəн беру жəне студенттерді университет ережесімен, студент кодексімен таныстырып əрдайым талқылап отыру.
  • Студенттермен бірлесіп жылдық тəрбие жоспарын құру жəне азаматтық, адамгершілік, имандылық, эстетикалық, салауаттылық, құқықтық жəне т.б. тəрбие беру бағыттарына байланысты тəрбиелік іс- шаралар ұйымдастыру.

Куратор-эдвайзерлердің басты мақсаты жастардың тұлғалық  дамуының үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тəрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары  аясында білім   алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру жəне өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту.

Куратор-эдвайзерлердің негізгі міндеті оқу тобында тəрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі  басқаруды  қалыптастыру   жəне студенттерді университеттің қоғамдық жəне шығармашылық өміріне біртіндеп тарту жəне кураторлық сағат жоспарын құру жəне сол жоспар негізінде жұмыстар жүргізу. Куратор-эдвайзер сағаты аптасына бір рет жүргізіліп отырылуы тиіс.

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тəрбие жұмысы жəне тілдерді дамыту департаментінің директоры Г.Ə.Сəрсенбекова «Сабақ кестесіндегі кураторлық сағаттардың өткізілу сапасы, куратор-эдвайзерлердің топ активтерімен жұмысты ұйымдастыруы, университеттегі жаңа бастамаларды тез арада топ студенттерімен талқылап, пікір бөлісуі бірізділендірілу керек»- деген болатын.

Куратор-эдвайзердің  атқаратын қызметінің негізгі бағыттарының бірі 1 курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделуі, студенттерге əлеуметтік- тұрмыстық жəне бос уақытты тиімді өткізу жолдарын шешу барысында топ аралық достықты,                 бауырмалдықты, ынтымақтастықты, бір-бірін қолдауды, бір- біріне көмек көрсету жəне т.б. қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Осындай қызметтерді  атқаратын   куратор- эдвайзерлерге əдістемелік көмек беру мақсатында философия жəне саясаттану факультетінің жалпы жəне этникалық кафедра кафедрасының ішінен университет көлемінде жұмыс жасайтын «Куратор- эдвайзер мектебі» ашылып төмендегі бағыттарда  жұмыс  атқара  бастады.

   Сурет - Куратор-эдвайзер мектебінің жұмыс бағыттары

 Жалпы тəрбие жұмысының бағыттары: рухани-адамгершілік, қоғамдық-саяси жəне құқықтық,    патриоттық    жəне   ұлтаралық,мəдени-эстеттикалық жəне этномəдениеттік, парасаттылық, ақыл-ой, ғылыми зерттеушілік,   экологиялық,  экономикалық,салауатты өмірсалты тұрғысында іске асырылады. Оларға қысқаша тоқталайық:

Рухани адамгершілік. Рухани- адамгершілік мəдениеті, оның жеке тұлға ретіндегі табысты түрде өз іс-əрекеттерінде іске асырылатын əлеуметтік мəні бар қасиеттер жүйесінің жетілуі жəне дамуынан көрінеді. Мысалы, ЖОО осы бағытта мақсатты, жоспарлы тұрғыдан мамандардың адамгершілік бейнесі мен дүниеге көзқарасын қалыптастырады.

Қоғамдық-саяси жəне құқықтық. Қоғамдық-саяси жəне құқықтық мəдениеті оқушылардың өмірге белсенді көзқарасы, идеялық саяси көзқарастары мен сенімдерін, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңдық актілерін білуімен сипатталады. Осы мақсатта оқушылармен қоғамдық өмір туралы, оның дамуы туралы, қазіргі заманның күрделі мəселелерін түсіндіру, саяси мəдениет қалыптастыруға бағытталған ісшаралар (дəрістер, əңгімелер, кештер жəне т.б.) жүргізілуі тиіс.

Патриоттық жəне ұлтаралық. Қазақстан Республикасының азаматтарының жалпыұлттық санасын қалыптастыру, отанға сүйіспеншілігін, мемлекеттік рəмізді, тілді құрметтеуге, толеранттыққа тəрбиелеу көзеделеді.

Мəдени-эстетикалық  жəне этномəдениеттік. Бұл бағытта жеке тұлға бойында қажетті мəдени құндылықтар ақпарат жүйелері, кітапханалар, жетекші мамандар, барлық саладағы оқытушылар арқылы сіңіріледі. Сондай-ақ маңызды іс- əрекетті оқушылардың оқудан тыс тəрбие жұмыстарын ұйымдастырыуы арқылы жүзеге асырылады.

Парасаттылық. Бұл тəрбиенің мазмұнына адамның бүкіл танымдық қызметтерін дамыту арқылы парасатты дамыту енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу сияқты психикалық процестер; тəрбиешілердің жеке парасаттылық қабілеттерін жəне танымдық мүмкіндіктерін дамыту; оқушылардың санасын оның шығармашылық əлеуетін қалыптастыру.

Ақыл-ой тəрбиесі. Білім алу мен оқыту арқылы іске асырылады. (пікір сайыс, ойын, дебат жəне т.б.)

Ғылыми-зерттеушілік.   Алдымен оқушылар теориялық білімдерін практикада қолдануға машықтанады. Оқу барысында олар ғылыми зерттеу жұмыстарын іске асырады. Оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу арқылы ғылыми- зерттеу мəдениетінің қалыптасуына жағдай жасалуы тиіс.

Экологиялық. Экологиялық тəрбие саласында жалпы ақпараттандыру мен оқушылардың техникалық білім алуымен қатар қоршаған ортаны қорғауды басқару мен экологиялық саясатты жасау мен оған белсене қатысу саласындағы түрлі оқуларды іске асыруға баса көңіл аударылады.

Экономикалық. Экономикалық тəрбие жүйесі оқушылардың екінші кезектегі жұмыспен қамтамасыз етуге жəрдемдесуі

Салауаттық өмір салты. Жастардың денсаулығының кепілі де салауаттық өмір салтын ұстануларынан басталады. Қоғамда дені сау адамды тəрбиелеуде бұл тəрбиенің орны ерекше. Ол белгілі орындарда, яғни спорт  алаңдарында, сауықтыру орындарында іске асырылады. Осы тəрбие бағыттары негізінде кураторлық сағаттар жүргізіледі.

Кураторлық сағат-оқу жылы басында бекітілген эдвайзер-куратор жоспары негізінде жүргізіледі. Жоспар тəрбие бағыттарына негізделіп жасалуы тиіс. Мысалы: «Отбасы–тəрбие негізі» деген тақырыпта  əңгіме  жүргізер  болса, онда «отбасы» ұғымына талдау жасап, отбасы арқылы студенттер бойына барлық тəрбие бағыттарының қалыптасатынын түсіндіріп кеткен жөн.

Тұлғаның көркемдік талғамын қалыптастырып, сұлулықты қабылдауға үйрету үшін дарын нышанын айқындап, талантын дамыту үшін эстетикалық тəрбиенің мəні зор. Баланың көру сезімі жетіле бастағаннан-ақ табиғаттың тамаша көріністеріне қызыға қарайды, эстетикалық əсералады, үлкендердің түсіндіруімен дүние таниды. Əсемдікті түсіну- адамдық сана- сезімнің жоғары сатысы. Əр баланың көркемдікке өз бейімділігі болады. Сол нышанды ата-ана дер кезінде байқап, қамқорлық  жасауы  керек.  Жас  бала  сурет салуға, əн, тақпақ айтуға, билеуге құштар келеді. Оған бишілер мен əншілердің, суретшілер мен əртістердің өнерлері ерекше əсер етеді. Оған əн, тақпақ үйретуден жалықпауымыз керек. Осы орайда ұлы жазушы А.П.Чехов «Адам барлық жағынан да сұлу болуы керек», - дейді. Отбасында ата-ана баланың таза киініп, таза жүруімен қатар оның əдепті болуын талап етеді. Əдептілік эстетиканың негізгі бір саласы. Эстетикалық əсер ізгілік сезім туғызады. Əсерленген балада эстетикалық ұғым, эстетикалық мұрат пайда болады. Көркемдік негіз тұрмысты сəндендіреді жəне адамның адамгершілік қасиетін арттырады. Əсемдік əрқашанда жақсы сезімге бөлейді. Баланы əсемдікті көре білуге, одан лəззат ала білуге үйретуіміз керек. Əсемдік табиғатта, сондықтан мен алғашқы сабақты табиғат аясында бастадым, - дейді атақты педагог В.А.Сухомлинский. «Баламен бақ ішінде жəне далада өткізген бір күн – сабақ үстінде өткізген көп аптаға пара-пар» - дейді ұлы педагог К.Д. Ушинский.

 Сурет - Куратор-эдвайзер мектебінің жұмыс бағыттары

 Бұндай  іс-шаралар  жиі ұйымдастырылса, студенттер арасында ынтымақтастық, ұйымшылдық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалын тигізері  анық. Суреттерден байқағанымыздай студенттер эстетикалық талғамға сай, киімдерін  біргіп  таңдап, бірігіп тіккен. Бұл ұйымдастырылған іс- шара студенттердің бойына эстетикалық жəне еңбек тəрбиесінің қалыптасуына ықпалын тигізері анық.

Көркемдік сана эстетикалық тəрбиенің аса маңызды нəтижесі, талғамдар мен көркемдік көзқарастардың, эстетикалық мұраттардың жиынтығы. Баланы өнерге үйрету, эстетикалық талғамға үйрету, оның бойына сұлу мінез-құлық қалыптастыру, шығармашылық еңбектерді, үлкенді құрметтеуге үйрету, оның патриоттық сезімін ояту отбасының міндеті болса, əрі қарай тəрбие жұмыстары негізінде балабақшада, мектепте жəне жоғары оқу орындарында ұштастыру тəрбиешілер, мұғалімдер жəне куратор-эдвайзерлердің негізгі қызметі болып табылады.

Осы орайда, кафедра көлемінде жыл сайын дəстүрлі «Өнерлі студенттер» сайысы ұйымдастырылады. Сайыстың мақсаты 1 курс студенттерінің өнерімен танысу. Сайыс бірнеше бөлімнен əн айта, би билеу, өлең оқу, шығармашылық шеберлігін көрсету жəне т.б. тұрды. Студенттер мен куратор- эдвайзерлер белсене араласып, кеш тартымды өтті.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.