Қазақстан Республикасы өркениетті елдер қатарына қосылу жолында саясиәлеуметтік, экономикалық өзгерістерімен қатар, білім саласындағы басты мәселе – келешек ұрпақты заман талабына сай интеллектуалдылығы, жоғары мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын елжанды етіп тәрбиелеу міндеті тұр. Осыған орай тәуелсіз мемлекетіміздің өсіпөркендеуі, қауіпсіздігі, әл-аухатының артуын жүзеге асырудың аса маңызды құралы қоғамның барлық саласында, соның ішінде білім беру салысы мен тәрбие жүйесінде жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыруға жол ашты.
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жанжақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады. Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады» деп атап көрсетілген [1].
Қазіргі таңда руханилық, адамгершілік мәселелері, жастарды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу – барлық деңгейлерде қолға алынуда: бұл бағыттың Қазақстанның жастар саясаты тұжырымдамасындағы приоритеттілігін жариялайтын заңнамаларға қажетті түзетулер енгізілуде; ғылымипрактикалық конференциялар өткізіліп жаңа оқу бағдарламалары жасақталып оқу үрдісіне енгізілуде.
Мәдениеттанушы ғалымдар «руханилық» ұғымын мәдени-антропологиялық контексте адамның ішкі субъективтік әлемі ретінде,«тұлғаның рухани әлемі» ретінде қолдануды ұсынуда. Ресей ғалымы Л.П.Буеваның ойынша, ең бастысы білімдерді игеру емес, олардың мәні мен мақсаты. Бұл тұрғыдағы руханилық ұғымы – бұл адамның өз әлеміне, табиғат пен қоғамға деген қарымқатынасын жоғары деңгейдегі меңгеруі, яғни, «белгілі бір деңгейдегі құндылықтар, мақсаттар мен мәндер иерархиясының көрсеткіші» [2]. Бұл көзқарастағы руханилық діни де, зайырлылық та сипатына ие. Бұлар өзара тығыз байланысты болғанымен тұлға дамуының әртүрлі деңгейлері.
Рухани-адамгершілік мәселелерін әртүрлі тарихи кезеңдерде түрлі саладағы ғалымдар көтеріп отырды (Н.А. Бердяев, М.Х. Балтабаев, В.В.Зеньковский, В.И. Слободчиков, В.А. Сухомлинский, К.Д. Ушинский, С.А. Ұзақбаева, К.Ж. Жантуреева, С.Л.Франк және т.б.). Олардың көбісі өз ғылыми позициясын, мақсаттарын ұстана отырып руханилық ұғымына өз анықтамаларын берді.
Қазақстандық ғалымдар бұл салада біраз ізденістер жүргізіп К.Ж. Қожахметова «Духовно-нравственное воспитание школьников», М.Х. Балтабаев «Үздіксіз білім беру жүйесінде оқушыларға рухани-өнегелі тәрбие берудің Концепциясы», С.А. Ұзақбаева «халық педагогикасы негізінде руханилыққа тәрбиелеу» тұжырымдамаларын ұсынды [3,4,5].
Ұлттық мәдениет халықтың ертеден келе жатқан өзіндік өнері, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері негізінде жетілгені айқын. Ғасырлар бойы електен өтіп, ұрпақтанұрпаққа мұра болып жалғасып отырған халқымыздың мәдени салт-дәстүрлерін жанжақты зерделеп, оның сан қырлы тәлімтәрбиелік мүмкіндіктерін жас буынды тәрбиелеуде кеңінен пайдаланудың уақыты жетті. қазақ – этникалық-рухани жағынан мыңдаған жылдық дәстүр мәдениетінде, философиясы мен әдебиетінде, тарихи шежіресінде рухани-адамгершілік құндылықтарға ерекше мән берген халық. Жалпы ананы, Отанды, ана тілін қадірлейтін, оларды жан-жақты дәріптейтін деректерді көне заман ескерткіштерініе көптеп табуға болады. Алғашқы қауымдық құрылыстан біздің заманға шеру тартатын мәдениет дәстүрі сабақтастығын тиянақтап зерделесек, оның қазіргі педагогика жетістіктерінің ілкі бастауында орны бар екендігіне көз жеткіземіз. қоғам дамуының заңдылықтары мен әдеп тағылымдарының өзі діни-имандылық нормалардан бастау алады. қай дін болмасын тұлғаның дұрыс қалыптасуына қажетті тәрбиелік, этикалық, мінез-құлықтық міндет-шарттарды қатаң реттеп отырған. Әсіресе ислам дінінде имандылық ұғымына сыйып кететін қайырымдылық, руханилық, әділеттілік, шындық, сенім, үлкенге деген сыйлы, кішіге деген қамқорлық көзқарастар т.б. құндылықтар ерекше айқындалып нормалық пішінге келтірілген. Адам баласының бойындағы тәрбие мен тәлім арқылы қалыптасатын мінез-құлықтардың ішінде, әсіресе, қайырымдылық пен зұлымдық мәселелері ерекше орынға ие [6].
Адамның парасаттылық, имандылық, нәзіктік, ақылдылық, іскерлік, адамгершілік тәрбиесінің маңыздылығына аса құнды мұралар арнаған ғалымдар Ибн Сина, ӘлФараби, сонау көне түркі жазуымен тасқа қашап жазған ескерткіш «Орхон-Енисей» жазуларынан бастап, түркі тілдес халықтардың бәріне өшпес мұра қалдырған Жүсіп Баласағұн, Махмұд қашқари, Ахмет Иассауи, Ахмет Жүгінеки, қыдырғали Жалайри, Мұхаммед Хайдар Дулати шығармаларының жас ұрпақ тәрбиесінде алатын орын ерекше.
Жеке тұлғаның қоғамдағы орны мен маңызын, тәлім-тәрбиесін, өмірдің қырсыры туралы толғаныстарын, ақыл-кеңесін, даналық өсиеттерін, терме-жырлар арқылы толғаған ақын-жыраулар: Асан қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар жарау, Шал ақын, Дулат Бабатайұлы, Махамбет өтемісұлы қазақ ұл-қыздарын тән құнды қасиеттерді, оларды тәрбиелеу туралы көзқарастарын өздерінің әдеби-көркем шығармаларына арқау етті.
Қазақтың белгілі ағартушы-педагогтары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин,А. құнанбаев, Ш. құдайбердіұлы, А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұхамедұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов және т.б. еңбктерінде ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде қыз бала тәрбиесіне аса көп көңіл бөлген [7].
Осы мақсатта 2009-2010 оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарында «Жастардың рухани-адамгершілік білім мазмұнының өзекті мәселелері» курсы оқытыла бастады. Белгілі бір стандарт немесе бірегей бағдарлама болмағандықтан екінші жыл оқытылып отырған бұл курс мазмұнын оқытушылар өздері құрастыруға құқылы әрі ерікті болды. Нәтижеде әр оқу орнында өзіндік ерекшеліктері бар түрлі мазмұн-мәндегі бағдарламалар жасалды. Курс магистранттардың рухани-адамгершілік көзқарастарының анықталып, нығайып, тәрбие мен білім беруге деген дәстүрлі және жаңаша тұрғыларды саралап, талдауына, педагогикалық теорияның қазіргі заманғы принциптер жүйесін нақтылауына мүмкіндіктер береді. Осыған сәйкес курстың төмендегідей міндеттері анықталды:
- Магистранттарды ғылыми пәннің құрылымы және мазмұнынмен таныстыру;
- Магистранттарды әлемнің түрлі елдеріндегі білім реформалары мен білім берудің даму тенденцияларымен таныстыру. Магистранттардың біліктілігінің негізгі формалары: «Жастардың рухани-адамгершілік білім мазмұнының өзекті мәселелері» курсын оқыту үрдісінде магистранттарға берілетін білім пәнаралық және жеке тұлғаға бағытталған сипатта болуы тиіс. Білім бұл жағдайда рефлекстілогикалық деңгейде қалыптасады да, сыни тұрғыдан қабылданып, қарым-қатынастың қолданбалы білік, дағды түріне айналады деп анықталды.
«Жастардың рухани-адамгершілік білім мазмұнының өзекті мәселелері» курсы магистранттың қоғамдағы қабылданған құндылықтардың жалпы жүйесін игеруіне мүмкіндік беруімен, сондай-ақ толық ғылыми көзқарастың қалыптасуына және дамуына себепші болатындығымен ерекшеленеді. Төменде өзіміз құрастырған оқу бағдарламасының құрылымы нұсқасын толық ұсынуды жөн көрді.
Кесте Курстың құрылымы
Сөз соңында айтарымыз педагогикалык ғылыми зерттеулер дәлелдеген талап қоюдағы нақтылык мадақтау, жазалау, ынталандыру, бақылау нәтижелері жөнінде кеңесу т.б. әдістерді жағдайға байланысты қолдана білу – табысқа жетудегі қозғаушы күш екенін ерекше назарда ұстағанымыз дұрыс.
Әдебиеттер
- Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. –Алматы,
- Буева Л.П. Духовность, художественное творчество, нравственность// Вопросы философии. –1996. – №2. – с.
- қожахметова К.Ж. Проект Концепции Духовно-нравственного воспитания школьников (педагогический и этнопедагогический аспекты). –Алматы, 2002.19 с.
- Балтабаев М.Х. Үздіксіз білім беру жүйесінде оқушыларға рухани-өнегелі тәрбие берудің Концепциясы. –Алматы, 2002, -27 б.
- Ұзақбаева С.А. Халық педагогикасы негізінде руханилыққа тәрбиелеу. –Алматы,-2003. -17 б.
- Айтбаева А.Б. Адами құндылықтарды қалыптастырудағы діннің ролі.
- «Әлеуметтік және экономикалық дамудағы діннің ролі» халық. ғылыми-практикалық конф. материалдары// Ғылыми-педагогикалық жинақ. –Алматы, 2009, 283-285 бб.
- Айтбаева А.Б. Этномәдени құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі. Жаһандану дәуіріндегі Қазақстанда білім беруді басқарудың проблемалары // Ғылыми-педагогикалық жинақ. –Алматы. 2010, №2.