Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі кездегі гендерлік білім мəселесі

Адамзатты жаңа формацияға бағыттау қазіргі кезде өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда гендерлік білімнің маңызы артуда. Əйелдер мəселесі – бұл қоғамдағы əйелдердің жағдайына көңіл қою, қоғам өмірінің барлық саласында əйел мен еркектің теңдігіне қол жеткізу, ұлттық жəне ұлтаралық мəселелерді шешу, саяси, əлеуметтік қайшылықтар мен конфликтерді жеңу. XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы ойшылдар əйелдер қозғалысын ер адамдармен бірдей азаматтық жəне саяси құқыққа тең дəрежеде қол жеткізу мəселелерін шешу ретінде қарастырды. Əйелдер қозғалысы моральдық құндылықтар мен нормалары, саяси міндеттері, мақсаты бар түрлі əлеуметтік топтардың біріккен іс - əрекеттері болып табылады.

«Гендер» ұғымы алғашқыда филология ғылымына тиесілі болған. Ол ХҮІ ғасырдан бастап өмір сүріп келеді. Ағылшын тілінде ер, əйел деген белгіні көрсететін.

1958 жылы Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде транссексуализмді зерттейтін орталық ретінде ашылды. Осы орталықтардың психоаналитигі  Роберт Столлер 1963 жылы«гендерлік ұқсастық» (гендерная идентичность) ұғымын ендірген. Гендерлік ұқсастық тұжырымдама биологиялық жəне мəдени бөлімдерден тұрды: жыныс биологиялыққа  жатқызылды  (ген,  гормондар,нерв жүйесі, морфология ) мəдени тұрғыдан: психологиялық, əлеуметтік өзгешеліктері.

Гендер əйелдер мен ерлердің қоғамдағы əлеуметтік мəні. Дүниеге  келудегі  биологиялық мəнінің өмір сүру барысында əлеуметтік мəнінің дамуы. Əйел болып тумайды, қалыптасады.

Бұл тұрғыда Столлердің 1968 жылы жарық көрген «Пол и гендер» еңбегінің мəні зор. Осыдан кейін бұл ұғым ауқымданып, кең тұрғыда қолданыла бастады [1].

Ұғымның кең қолданысқа енуі феминизмді тудырды. Қоғамның əртүрлі жағдайында ерлердің  үстемшілдігіне  əйелдердің наразылығы туындайды. ТМД елдерінде бұл ұғым 1992 жылдан бастап қолданыла бастады. Ол алғаш рет «Əйел жəне əлеуметтік саясат» жинағында көрсетілді. Елімізде Білімдендіру барлығы үшін өлшемдеріне байланысты ауқымдалды.

Мəселені алдымен бұл ұғымға берілген анықтамалардан  басталық.  Яғни  қазіргі кезде «Гендер»  ұғымына  төмендегідей  түсініктер берілген:

  • Гендер жыныстың əлеуметтік құрамы;
  • Гендер -əлеуметтік институт;
  • Гендер үстем қарым-қатынас жүйесі ретінде;
  • Гендер идеологиялық жүйе;
  • Гендер жынысқа  байланысты адамдардың əлеуметтік мəні.

Гендерлік білім беруде ұл мен қыздың, ер мен əйелдің өзіндік қатынасы сипатталады.  Бұл тұрғыдан алғанда еңбек бөлінісінің жыныстық тұрғыдан бөлінісі. Қоғамдағы əйел мен ер адамдардың өзіндік мəні мен орны.

Əйелдер мəселесінің мəні жынысқа қатысты емес теңдік принципін жүзеге асыру болып саналады. Біріншіден, теңдік – қоғамдағы біркелкі əлеуметтік жағдай. Тағы  бір маңызды категория қоғамда ер адамдармен бірдей өмірдің барлық саласында  əйелдердің де араласуын меңзейтін философиялық- əлеуметтік түсінік «теңдік» болып табылады.

Зерттеушілер біздің гендерлік білім беруіміздің осал жақтарына:

  • əдіснамалық плюрализмді (алалық пен анық еместік) жатқызады. Гендер деп: əйелдің тарихтағы ролін, дискриминацияны, гендерлік тепе-теңсіздікті  айтады;
  • ұйымдастырушылықтың түсініксіздігін, яғни гендерлік зерттеуді қалай ұйымдастыруға болатындығы (орталық шеңберінде, əлде кафедрада немесе магистрлік даярлық бағыты бойынша) жеке сұрақ болып отыр.

Дегенмен орталық шеңберде басталып отырғаны да шындық. Бұдан оны қаржыландыру мəселесі туындайды. Сонымен қатар бұл мəселені  кейбір ғалымдар, оқытушылар тапшылығын да қосады. Ал, американ ғалымы К. Стимпсон  оны бес түрге бөліп қарастырады:

  1. Пионерлер- гендерлік мəселеге жақын ертеректе қарастырушылар.
  2. Əйелдер қозғалысынан туындаған идеологтар.
  3. Радикалдар, яғни саясатпен байланыстырушылар.
  4. Гендер мəселесі көтерілгеннен кейін зерттеуге араласқандар [1].
  5. Өздерінің оқытушылық қызметіне қажет жəне қызықты деп санаушылар.

АҚШ-та бұл мəселе Сан-Диего университетінде 1970 жылы Адам қоғамында қалыптасқан еңбек бөлінісінің нəтижесінде болсын, əлде басқа да көптеген факторлар əсерінен болсын мəдениеттегі салт-дəстүрлер, əдет-ғұрыптар, заң-рəсімдер жəне тағы- тағылар тарапынан қатаң бакылауға алынып, адамның əлеуметтік тұлғалығын сомдайтын қасиетке ие гендер жыныспен салыстырғанда аса  тұрақты құрылым емес. Олай дейтін себебіміз де бар. Гендер - адамдардың өзара келісушілігінен пайда болған жасанды құрылым. Ендеше, ол дəл сол жолмен жоқ та бола алатын немесе өзгеріске ұшырай алатын конвенционалды (ұйғарымды) конструкт.

Бізідің заманымызға дейін тарихымызда ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан гендер жиынтығы мəселесі. Бұл ұғымды тіпті əрбір ел өзіндік тұрғыдан түсініп, қабылдайды. Мəселеге педагог-оқытушылар ерекше мəн беруі тиіс. Əрбір жыныс өкілі бірдей мəселеге өзіндік гендік сезімдері арқылы келеді. Мысалға қоршаған ортаны қорғайтын əйелдер ұйымы 2002 жылы 26 тамыз бен 4 қыркүйек арасында    Йоханнесбургта  өткен  саммитте «айналаны былғаушы» өз айыбын өзі өтесін деген шешім қабылдаған жəне олар өз еріктерімен жасасын деген қортынды шығарған. Ерлер тобы оны төлеуге оларды мұқтаж ету керектігін айтқан. Бұл саммиттің жеңіліс табуын талдауда оның себептері төмендегідей берілген:

  • əскери бюджетті əлеуметтікке бағытталмауы жəне демилитаризация бойынша жауапкершіліктің болмсауы.
  • корпоративтік жауапкершіліктің еріктілігі;
  • Əлемдік банкке, ВТО алдындағы гендерлік талаптардың болмауы;
  • ережені орындауда тиесілі жақтардың бақылау механизмінің болмауы жəне т.б. Мұның барлығы теңсіздік түрлері мен тарихына тікелей байланысты.

Теңсіздік дегенде біз əйел теңсіздігі туралы мəселені көтереміз. Дүниежүзінде əйелдердің статусы əр тұрғыдан орын алады. Тарихи өмірімізде қазақ халқының əйел теңсіздігі тұрмыс құру, махаббат сезімдеріне байланысты.                   Осыған      байланысты

«күштілердің» əлсіздерге күш көрсетуі. Сонымен қатар, теңсіздік таптар арасындағы əділетсіздікке, нəсілдікке байланысты. Əсіресе, əйел теңсіздігі ерекше орын алған. Əйелдердің негізгі қызметі, отбасында, сондықтан оның күйеуге шығып, репродуктивтілік қызмет атқаруы негізі болып табылған. Сонымен қатар елдің салт-дəстүрі де соған сəйкестендірілген. Бұның дəлелі Қозы мен Баян, Қамар сұлу, Қалқаман мен Мамыр жəне т.б. кейіпкерлер.

Ал таптық теңсіздік күні бүгінге дейін көрініс беруде. Əрине біз өзіміздің қоғамымызды тапсыз қоғам  деп қабылдағанмен практикада белгілі топтардың бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Таптық қоғамда байлар кедейлерге шынайы тұрғыда үстемдік етіп, үстем тап өкілдері болғандығын тарихи деректер дəлелдей алады. Нəсілге байланысты Батыс Европа елдеріндегі қара нəсілдер мен ақ нəсілдердің арасындағы ғасырларға созылған күресті жоққа шығара алмаймыз.

Мемлекеттік қалыптасу мен ғаламдық қайта кұрудың нəтижесінде Орталык Азияның гендерлік тəртібі өзгеруі барысында екендігі күмəнсіз, дегенмен, өзгерудің бағыты не бір бойда жүріп отырған жоқ, не нақты прогрессивті емес. Бұл бағытта оң нəтижеге жету гендерлік қатынас Келли [2] келесідей анықтаған факторларға сұрақ ретінде қойылса ғана мүмкін болады: 1) Ғаламдық қайта құру əсерінін нəтижесінде отбасының жəне əйелдердін шаруашылық жасау жəне туу жауапкершілігі барған сайын азаюда. Əйелдер гендерлік қатынастарды жеңу үшін ашық сынуда; 2) Көптеген əйелдер жұмысшы күшіне қосылуда жəне əртүрлі гендерлік тəртіпті бастан өткізуде. Жұмыс барысында олар тəрбиеленген дəстүрлі гендерлік тəртіпке  карсы келуге мүмкіндік беретін ресурстарды қабылдайды; 3) Батыс елдер үкіметі жəне халықаралық ұйымдар адам кұқығынын халықаралық нормасын жүзеге асыруға жəне қалыптаскан гендерлік катынастарға. тəжірбиеге заң кодекстеріне қайта анықтама беруге қаржы бөледі.

Гендер ұғымын саяси тұрғыдан да түсіндіруге болады. Сонымен қатар, ол мəдени де түсінік. Қоғамдағы идеалды əйел немесе ер адам бейнесі оның ұлттық дəстүрімен: мəдениеті, тарихы, діні,  ұлттық менталитетімен анықталады. Егер де біз қазақтың əйелі немесе орыс əйелі деп айтатын болсақ, онда біз нақты бұл бейнелердің айырмашылығын ұсынамыз. Этногендерлік ерекшеліктер негізінде көптеген күлкілі жағдаяттар қалыптасқан. Біз адам жынысын қалай анықтаймыз? Жалпы ойласақ күлкілі сұрақ. Сырқы келбет, жазу үлгісі, дауысы идентификацияның (жекеліктің) құрамы болып табылады. Жыныс өзара əрекет барысында анықталады. Гендер - əйел мен ер адамның практикада түсініктерінде, адамгершілік негізінде жүзеге асатын күнделікті əлемі; бұл əлеуметтік тəртіптің жүйелік мінездемесі, одан бас тартуға мүмкін емес – ол сана құрылымында үнемі қайта жаңғырып барады. Зерттеушінің мақсаты «əйелдік немесе ер адамдық қоғамдағы өзара əрекеттестік тің қалай құрылатындығын анықтау, сонымен қатар қандай сфера мен бейнеде тұра отырып, қайта жаңғыруы» -деп жазады Санкт- Петербург əлеуметтанушылары Елена Здравомыслова мен Анна Темкина [3].

Əлеуметтануда алғашқы кезде гендер тек жынысқа қатысты нақты түсінік қалыптасқан, кейінне ол ұғым саяси, мəдени, қоғамдық түсінікке ие болды. Атап айтқанда қоғамдағы бола бастады. Гендердің жыныс ұғымынан айырмашылығы бұл психологиялық, мəдени жəне əлеуметтік құндылықтарда жетістікке жеткен статус. Бұл айырмашылық 1960-70 жылдар аралығында феминистикалық əдебиеттерде көрініс бере бастады. Гендер тұлғааралық өзара əрекеттің жүйесі, соның негізінде əйел немесе ер адам туралы түсінік қалыптасып əлеуметтік тəртіптің категориясы ретінде қайта жаңғырды.

Биологиялық жағынан əйелді ер адамнан айыратын 4 функция бар: цикл; жүктілік; бала туу; емізу. Бір сөзбен айтқанда Симона де Бовуардың айтқанындай əйел болып тулмайды, қалыптасады. Енді, отбасындағы гендерлік саясатқа тоқталар болсақ, ол гендерлік рөлдердің ауысуы мен отбасы қатынасындағы əйелдерге тікелей байланысты.

Экономикадағы гендерлік əділеттілік мəселесінде, соңғы жылдардағы прогресс дамуының жетістіктері мен белсенді дамуына қарамастан көптеген дамуды жоспарлаудағы бағдарламалар əйел тұрғысынан олардың даму процесіне үлесін мойындамайды. Осы сияқты кемшіліктерді жою   қажеттіліктері экономикалық негізде əділеттілік тұрғысынан сипатталады. Əйелдер – экономикалық  жүйенің маңызды мүшелері. Қоғамның сандық жəне сапалық дамуы да əйелдермен байланыстырылады. Елімізде халықтың көпшілік бөлігін əйелдер құрайды, сондықтан да олардың үлесін жоққа шығаруға болмайды.

Тіпті білім беру жүйесінде əйелдердің үлесі 76 пайызды құрайды. Дамудың гендерлік интеграциясының кез –келген экономикалық жобаларды құрастырушылардан қазіргі таңда халықаралық ұйымдар төмендегі себептер бойынша қарастыруда талап етеді:

  • экономикалық мəселелерді шешудегі кейбір гендерлік аспектілердің ескермеуінен сəтсіздікке ұшырауы;
  • гендерлік талдау гендерлік қарым- қатынастарды түсінуде əйелдер мен ер адамдардың еңбектерін бөлуге жақсы ықпал етеді;
  • гендерлік талдау ресурстарға бақылау жүргізу мен қол жеткізудің өзіне кіріктіреді;
  • гендерлік талдау əйелдердің экологиялық мəселелрді жəне жоба құрастырушылықты шешуде қатынасының қажеттігі т.т.

Экономикалық қызмет отбасын басқару мəселесімен жəне отбасы басшысын анықтау мəселесімен тығыз байланысты. Қазақ отбасыларында, негізінен, отбасы басшысы ер кісі болып келеді. Əйел басқаратын отбасылары аз кездеседі. Кейбір отбасыларында əйел отбасы бюджетін басқарып, бос уақытты ұйымдастыру мен бала тəрбиелеуші болып табылады. Мұндай жағдайды қалыпты талапқа сай деп айтуға болмайды. Əйелдің мойнына мөлшерсіз ауырлық жүктеледі, тəрбие саласында ол қаншалықты тырысқанымен əкенің орнын баса алмайды, ондай кезде отбасындағы психологиялық теңдік бұзылады. Көптеген отбасыларында    үй іші жұмыстарын  ерлі-зайыптылар бірдей атқарады. Мұндай теңдікке жету үшін əйелдің түсінігі мен көзқарасы, қабілеті жағынан ерімен тең түсуі қажет.

Ой сананың теңдесуіне ешкімнің қарсылығы жоқ, бірақ теңдік қазақ менталитеті, дəстүріне сай болуы тиіс.

 

Əдебиетттер

  1. Популярное гендерное образование / Авторы составители: С.Шакирова, А.Хамитдинова, К.Яхияев –Алматы, 2002
  2. Шакирова С. Гендер и развитие // Спектр развития, 2002, № 1
  3. Гендер на повестке дня. Руководство по гендерному обучению. –Бишкек, 1998
  4. Майерс Д. Социальная психология / Пер. с анг. – СПб:Изд-во «Питер», 2000, -688 с.
  5. Осадчая Г.И. Политическое поведение женщин// Социс. –1991 №12.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.