Филология

Мақалада ХVІІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар шапқыншылығында аты шыққан Жидебай батырдың ерлігі туралы айтылады. Өзінің туған өлкесі, яғни Іленің бір сағасы Жиделі бойын, жаудан тазартқан Жидебай бейнесі сомдалған жырлар талданады. Авторлар тарихи мəліметтер мен жазба мұрағат деректеріне, шежірелік деректерге сүйене отырып, Жидебай батырдың өмір сүрген кезеңін, қайтыс болған уақытын, сол кезеңдерде болған азаттық қозғалыстар мен шайқастарды, Жидебай батырдың шапқыншылық замандағы жүргізген азаттық соғысын, басқа да тарихи оқиғаларды сипаттады.
2014

Мақалада қазақ əңгімелеріндегі кейіпкерді бейнелейтін портреттердің берілу жолдары қарастырылды. Əңгіме мəтінінің құрылымда бастапқы сөйлем (абзац) жəне соңғы сөйлемнің (абзацтардың) атқаратын қызметі анықталды. Авторлар бастапқы сөйлемдердің негізгі функциясы шығарманың басталу тартымдылығына қызмет етуі, ал соңғы сөйлемдердің (не абзацтың) негізгі функциясы шығарманың əсерлі аяқталуына қызмет ету екенін нақты мысалдар негізінде дəлелдей отырып, олардың шекара айырымдық та (делимитативтік, демаркативтік те) қызмет атқаратынын анықтады.
2014

Мақалада белгілі тілтанушы, ғалым Төлеубай Рақымжанұлы Қордабаевтың қазақ тіл білімінің көптеген өзекті мəселелерін көтеріп, ғылымға қосқан үлесін дəлелдейтін еңбектеріне шолу жасалды. Қазақ тілі, тіл тарихы, графика мен орфография, тіл білімінің басқа да мəселелері бойынша пікірлері, тұжырымдары, теориялық зерттеулері мен іргелі еңбектері сөз болды. Мақала авторлары ғалымның əр кезеңде шыққан ғылыми басылымдарындағы тың, соны тұжырымдарының қазақ тіл білімінің, оның кейбір салаларының дамуына қаншалықты маңызы болғандығын дəлелдеуге талпынды.
2014

Мақалада бірнеше тілдерге ортақ саналатын халықаралық терминдердің басқа да тілдерге қабылдану тəжірибелері қарастырылды. Мақала авторлары қазіргі кезеңдегі халықаралық терминдерінің белгілі дəрежеде қалыптаса бастағанын, оларды аудару барысында қазақ сөздері кеңінен қолданылғанын, сондай-ақ араб-парсы, орыс терминдерінің қолданылу ерекшеліктерін нақты мысалдармен көрсетті.
2014

Мақалада қазіргі түркі тілдеріндегі сын есімнің сипатын көрсетуде көне жазбалар тіліндегі сын есімнің көрінісі сараланып, аталған мұралардағы сындық мағынаны білдіретін сөздерге, сын есімнің жұрнақтарына сипаттама берілді. Сын есімнің қазіргі түркі тілдеріндегі сипатын ашуда жеке тілдерге тəн ерекшеліктер, көне түркі тілімен салыстырғандағы сабақтастық, қазіргі түркі тілдеріндегі ортақтықтар көрсетілген. Мақала авторлары бұл тұрғыдан көне түркілік сын есім жұрнақтарының түркі тілдерінде əр түрлі орнығуы, кейбір тілдің сын есім жасаудағы ерекше формаларының болуы сияқты нақты-нақты ерекшеліктерді дəлелді мысалдармен көрсеткен. Мысалдар көне жазбалардан, ал қазіргі түркі тілдеріндегі сипатын беруде қыпшақ, қарлұқ, бұлғар, оғыз, ұйғыр-оғыз, қырғыз-қыпшақ тілдерінің мысалдары пайдаланылған.
2014

Мақалада қазақ тіл біліміндегі антропоцентристік бағыт аясындағы тіл мен таным бірлестігі, сөз құдіреті, қазақ халқының ментальдық ерекшеліктерінен ақпарат беретін тілдік бірліктер — кісі есімдерінің — жалпыадамзат мəдениетінің бір бөлшегі ретінде, халықтың өзіне ғана тəн тұрмыс- тіршілігінен хабар беретіні жайлы сөз болады. Авторлар «əлемнің тілдік бейнесінің» халқымыздың сан ғасырлық рухани-мəдени құндылықтарын, жүріп өткен жолын, өмір сүру салтын, дəстүрін бейнелейтін, солардың негізінде қалыптасқан тіл бірліктері — прецедент есімдерде сақталатынына назар аудара келіп, қазақ антропонимикасындағы прецедент есімдердің көрінісіне тоқталды.
2014

Мақалада қазақ ономастикасының маңызды жəне елеулі бір саласы — топонимдердің табиғи жəне жасанды түрлері қарастырылып, жасанды атаулар көбіне идеологиялық мақсаттарға қызмет ететіні көрсетілді. Қала ономастикалық кеңістігінің бір түрі — годонимдер халық өмірінің тарихи, мəдени жəне ақпараттық коды ретінде сипатталды. Годонимдер заман талабына, қоғамның талап-тілектері, сұраныс-сұранымдарына сай өзгеріп, құбылып, түрленіп отырады, сондықтан мақала авторлары Қарағанды қаласының годонимдері де реконструкциялауды қажет етеді деп қорытады.
2014

Мақала көркем əдебиетте, оның ішінде прозалық шығармаларда актив қолданылатын троптардың бірі — метафораның стильдік қызметін қарастыруға арналды. Авторлар метафораның жасалу жолдарына, түрлеріне жан-жақты тоқталды. Тіл білімінде жəне əдебиеттануда метафораға берілген анықтамалар келтірілді. Көркем мəтіннен жиналған метафоралық қолданыстар жүйеленіп талданды. Бұл мысалдар арқылы метафораның көркем шығарма тілінде маңызды стильдік қызметімен қатар ана тіліміздің баюына, толысуына өз үлесін қосатыны анықталды.
2014

Жоғары мектепте мамандарды кəсіби негізде даярлаудың мазмұнын қайта құрумен байланысты қоғамның қазіргі дамуының өзекті қажеттіліктері Қазақстанда кəсіптік білім беру саласының алдына күрделі міндеттер қойып отыр. Жоғары кəсіптік білім беруді жаңартудың басты құжаттарында ең негізгі мақсат білікті маман даярлау деп көрсетілген. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-əрекетке қабілетті болуы, кəсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, əлеуметтік жəне кəсіби бейімділігі жоғары, қазақ тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Қазақ тілі мемлекеттік мəртебеге ие болғалы, қазақ тілін жан-жақты үйрету, тілдің барлық байлығын игерген болашақ жастарды тəрбиелеу міндеті қойылып отыр. Бүгінгі жастарымызды қазақ тіліне деген ынтасын арттыру, құрметтеу, алған білімдерін практикада пайдалана білуге үйрету үлкен міндет болып табылады. Бүгінгі студент — ертеңгі маман, қызметкер. Ол өз мамандығы бойынша мемлекеттік тілде сөйлесе алуы, жаза білуі қажет. Сондықтан лексикалық тақырыптарды тіл үйренушінің мамандығына қарай іріктеген тиімді. Студенттің таңдаған мамандығына байланысты мəтіндерді, терминдерді беріп, тіл дамыту сабақтарын жүргізіп жүрміз. Бұл тіл — үйренушінің ынтасын арттырудың ең тиімді жолы. Яғни, əр саланың өкілдері мен мамандық иелерін өздеріне қажетті, жиі қолданыстағы лексикасы арқылы сөйлетуге, жаздыруға болады. Грамматикалық материалдарды да мамандыққа байланысты тақырыптарға бейімдеу керек [1].
2014

Мақалада қазақ халқының біртуар ұлының, тарих, мəдениет жəне қазақтар тұрмысының, қазақ рулары шежіресінің білгір алыбының сан қырлы өмірі мен қызметі суреттелген. Мұхамеджан Тынышбайұлының публицистикалық, ғылыми жəне өлкетанушылық зерттеулерін талдауға жəне бағалауға басты назар аударылған. Оның шығармаларында «қазақ халқы» ұғымын кұрған қазақ рулары мен тайпаларының шежірелік түп тамырлары толығырақ бейнеленген. Тарихи зерттеулердің оны жасаған адамның қайғылы тарихын қайталағаны туралы қорытынды тұжырымдалған: «халық жауы» ретінде атылғаннан кейін ол еңбектерге тыйым салынды, кітапханалар мен сақтау қоймаларынан алынып тасталды. Соңдықтан қазақ зиялыларының көрнекті өкілінің алпыс жылдан астам уақыт өткеннен кейін жарық көрген еңбектері толығырақ зерттелген.
2014

Мақалада аллегориялық туындылардағы дидактика мен өткір тіл мəселесі қарастырылды. Автор əдебиеттанудағы ірі ғалымдардың аллегориялық туындылардағы дидактика мен өткір тілге қатысты пікірлеріне өз ойларын қоса отырып, мысал жанрының шығу табиғаты жайлы өз тұжырымдарын ортаға салады. Бұл жанрдың арнайы үш теориялық бағытқа сай дамығанына тоқтала келе, олардың бір-бірімен сабақтаса дамып жатқанын ғылыми дəлелдеді. Зерттеуде аллегориялық туындылардағы дидактика мен өткір тіл болмысы ғылыми тұрғыда зерттелген.
2014

Мақалада қазақ поэзиясының асқар шыңдарының бірі, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың көркем əдебиетке қосқан үлесі қарастырылды. Ақын шығармаларындағы ұлттық əдебиеттану мен сында ғылыми негізделе бастаған «социалистік реализм» аталатын жасанды көркемдік əдістің ықпалы көрсетілді. Қ.Аманжоловтың əдеби сын саласында жазған мақалалары талданды.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.