Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəсіби қазақ тілін деңгейлеп оқытудың тиімділігі

Жоғары мектепте мамандарды кəсіби негізде даярлаудың мазмұнын қайта құрумен байланысты қоғамның қазіргі дамуының өзекті қажеттіліктері Қазақстанда кəсіптік білім беру саласының алдына күрделі міндеттер қойып отыр. Жоғары кəсіптік білім беруді жаңартудың басты құжаттарында ең негізгі мақсат білікті маман даярлау деп көрсетілген. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-əрекетке қабілетті болуы, кəсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, əлеуметтік жəне кəсіби бейімділігі жоғары, қазақ тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Қазақ тілі мемлекеттік мəртебеге ие болғалы, қазақ тілін жан-жақты үйрету, тілдің барлық байлығын игерген болашақ жастарды тəрбиелеу міндеті қойылып отыр. Бүгінгі жастарымызды қазақ тіліне деген ынтасын арттыру, құрметтеу, алған білімдерін практикада пайдалана білуге үйрету үлкен міндет болып табылады. Бүгінгі студент — ертеңгі маман, қызметкер. Ол өз мамандығы бойынша мемлекеттік тілде сөйлесе алуы, жаза білуі қажет. Сондықтан лексикалық тақырыптарды тіл үйренушінің мамандығына қарай іріктеген тиімді. Студенттің таңдаған мамандығына байланысты мəтіндерді, терминдерді беріп, тіл дамыту сабақтарын жүргізіп жүрміз. Бұл тіл — үйренушінің ынтасын арттырудың ең тиімді жолы. Яғни, əр саланың өкілдері мен мамандық иелерін өздеріне қажетті, жиі қолданыстағы лексикасы арқылы сөйлетуге, жаздыруға болады. Грамматикалық материалдарды да мамандыққа байланысты тақырыптарға бейімдеу керек [1].

Қазақстан Республикасының əлеуметтік-экономикалық дамуы, дүниежүзілік деңгейде ықпал- беделінің артуы, заманауи инновациялық техника мен технологияларды күнделікті өмір мен өндірісте қолдану, жаһандану үдерісінен сырт қалмау қажеттілігі қазіргі заманғы білімді де білікті, рухани ой- өрісі кең де жан-жақты, ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтарды ұштастырған азаматтың қалыптасуын талап етеді. Мұндай азаматтардың қалыптасуына еліміздегі көптілді білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді оқыту да өз əсерін тигізеді.

Кəсіби қазақ тілін студенттерге халықаралық стандарттарға сай деңгейлеп оқыту жүйесінің мақсаты — қазақ тілінде еркін сөйлей алатын тілдік тұлға қалыптастыру. Деңгейлеп оқыту əдістемесі кəсіби қазақ тілін үйренушінің танымдық қызметін ынталандыратын, өзектендіретін ұстанымдарға негізделіп, жеңілден күрделіге қарай бағытталып, қазақ тілін коммуникативтік-прагматикалық дəрежеде меңгерген тілдік тұлға қалыптастыруды көздейді.

Жоғары оқу орнында оқытылатын кəсіби қазақ тілінің міндеттері белгілі мамандықтар бойынша даярланатын маман кадрларының коммуникативтік жəне танымдық қажеттіліктерімен анықталады [2].

Əдістемелік тұрғыдан сөйлеу əрекетінің барлық түрлерін өзара тығыз байланыста дамыту, спиральдік ілгерілеу қағидаты негізінде тұлға, мəн-мағына жəне функционалдық маңыздылық бірлігін сақтай отырып, лингвистикалық құбылыстарды оқыту, аутенттік негізде қамтамасыз ету өте тиімді. Тіл материалы белгілі іс-əрекетті жүзеге асыру құралы ретінде қарастырылып, оны сұрыптауда функционалдық-коммуникативтік əдіс қолданылады [3].

Кəсіби қазақ тілін деңгейлеп оқыту барысында мынандай міндеттерді шешу көзделеді.

  • қазақ тіліндегі төл дыбыстарды дұрыс айтуға, олардың жазылуына ерекше мəн беру, мəнерлеп сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
  • өзі туралы жəне басқалар туралы хабарлама жасай білуге, сонымен қатар түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын, құттықтауларды жаза білуге, тілек, бата айта білуге дағдыландыру;
  • күнделікті тұрмыстық жəне кəсіби сөйлеу жағдаяттары бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтуге, сөздерді еркін пайдалана білуге, кез келген жағдаятта еркін сұрап, жауап беруге, əңгімеге араласуға қалыптастыру;
  • қазақ тіліндегі кəсіби бағдарлы жарнамаларды, іс-қағаздарды, хабарламаларды, жаңалықтарды, нұсқауларды оқып, түсіну, ол туралы айта білу дағдыларын қалыптастыру;
  • монолог түрінде берілген мəтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды, ақпаратты есту, тыңдау арқылы түсіне білу жəне ол туралы сөйлесу дағдысын дамыту;
  • кəсіби бағыттағы сөздіктерді еркін пайдалана білуге жəне сауатты түрде аударма жасауға үйрету;
  • белгілі бір кəсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру, ол туралы пікірін айта білуге қалыптастыру;
  • өз мамандығы бойынша ғылыми мəтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама жазуға машықтандыру, еркін тақырыптарда шығарма жаза білуге үйрету;
  • ауызекі сөйлеу стилі, көркем əдеби стиль, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай-ақ кəсіби тілдің қолдану жағдайларын айыра білуге үйрету;
  • теледидар, радио, Интернет, компьютерлік жүйе арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсініп, өз сөзімен айта білуін қалыптастыру;
  • əр түрлі стильде жазылған мəтіндер, өз мамандықтарына сəйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу жəне оны түсініп, айтып беру дағдысын қалыптастыру.

Оқу-əдістемелік кешен кəсіби қазақ тілінде сөйлейтін тілдік тұлғаға қойылатын талаптарын, тілді меңгеру деңгейлерінің құрылымдары, білім мазмұны, сағат көлемі, сөйлеу іс-əрекеті түрлері бойынша əр деңгейдің дидактикалық талаптарына сай таңдалып, іріктелген тапсырмалар мен коммуникативтік жағдаят талаптарын қамтиды.

Студенттерге   кəсіби   қазақ     тілін   меңгеруде       қойылатын   қорытынды   талаптар   — студенттердің коммуникативтік, кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

Коммуникативтік құзыреттілік — білім алушылардың қазақ тілінде еркін сөйлесіп, түрлі жағдаяттарда қарым-қатынас орнатып, қолдай алу мүмкіндігі. Коммуникативтік құзыреттілік — тілдік (лингвистикалық), əлеуметтік-лингвистикалық, дискурстық, мəдени-лингвистикалық, кəсіби білік-дағдылардың жиынтығы.

Лингвистикалық құзыреттілік мазмұнына коммуникативтік, кəсіптік қарым-қатынаста тіл жүйесінің дыбыстау, лексикалық-фразеологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін білуі, қолдана алуы жатады.

Дискурстық құзыреттілік — білім алушылардың белгілі бір əлеуметтік (тұрмыстық, бейресми) қарым-қатынасты белгілі бір коммуникантпен оның ниетіне сай орнатып, жалғастыра алуы.

Мəдени-лингвистикалық құзыреттілік — тіл үйренушілердің қарым-қатынасты қазақ халқының ұлттық-мəдени ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі бір жағдаятта тиімді құруы.

Кəсіби құзыреттілік сабақ үдерісінде түрлі кəсіби-əлеуметтік білік-дағдылардың жиынтығын іске асыру арқылы қалыптастырылады, яғни оқу үдерісіндегі жағдаяттық тапсырма үлгілері ақиқат қарым-қатынас үлгісіне мейлінше ұқсас, жақын болуы шарт. Осы мақсатта берілген жағдаяттық тақырыптар мен тапсырмалар студенттің өзіндік ой-пікірін, пайымдауын білдіруін көздейді.

Оқу үдерісінде пайдаланылатын мəтіндер түрлі функционалды стильдердің əр алуан жанрынан (жарнама, хабарландыру, бағдарлама, анықтағыш материалдар т.б.) таңдалып алынғандықтан, прагматикалық міндеттерді шешуге жəрдемдеседі. Білім алушының сөздік қоры, сөйлеу тақырыптары мен жағдаяттық тапсырмалар оның болашақ мамандығымен тығыз байланыста іріктеледі.

Тілдік материалдар тақырыптық топтарға біріктірілген лексиканы, сөйлеу əдебінің стандартты сөз орамдарын, бағалауыш мəнді бірліктерді қамтуы тиіс. Аталған тілдік материалдың меңгертілуі жаттанды түрде емес, студенттің сөйлеу жағдаятына сəйкес шығармашылықпен қолдана алуын қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан оқу үдерісінің нəтижесі коммуникативтік-танымдық, мəдени- əлеуметтік, тұлғалық-бағдарлы тəсілдер негізінде жаңа технологиялар арқылы білім алушы мен оқытушының өзара біріге жұмыс істеуіне байланысты болмақ. Бұл орайда студенттің тұлғалық, психологиялық, интеллектуалдық ерекшеліктерін ескеру, жетілдіру, əлеуметтік қарым-қатынасқа қабілеттілігін дамыту көзделеді.

Деңгейлеп оқытудың алғашқы кезеңінде сөйлеу əрекетінің төрт түрін еркін игеріп, оларды сауатты қолдана алуға қол жеткізілуі тиіс, өйткені кəсіби білік-дағдыларды қалыптастыру бұларсыз мүмкін емес.

Ортаңғы жəне жоғары деңгейде кəсіби саладағы қарым-қатынасты орнатып, жалғастыра білуді игерту үшін түрлі нұсқадағы жағдаяттық тақырыптар, тапсырмалар қамтылады.

Сөйлеу əрекетінің түрлері бойынша студенттерге қойылатын талаптар:

Сөйлесім (айтылым): монолог; диалог түрлерін (хабар алмасу, пікір алысу, сұрақ-жауап, пікірталасқа араласу) меңгеру.

Тыңдалым: студенттер өзара бір-бірін, үнтаспаға жазылған түрлі мəтіндерді тыңдап, түсінуі қажет; тыңдалған мəтіннен тұлғалық, кəсіби бағалы ақпаратты бөліп ала білуі тиіс; тыңдалған мəтін бойынша кəсіби мідеттерді құрастыра білуге дағдылануы керек.

Оқылым: түрлі функционалды стильдердің əр алуан жанрындағы прагматикалық сипаттағы мəтіндерді оқу, яғни студент мəтіннің негізгі мазмұнын түсінуі тиіс; мəтінді мейлінше толық, дəл түсінуі қажет; автордың көзқарасын анықтай білуі керек; өзіне қажетті ақпаратты тез таба білуі тиіс.

Жазылым: қазақ тілінің емле жəне тыныс белгілерін сақтай отырып, жеке жəне ресми сипаттағы хаттарды, жеделхаттарды, құттықтауларды, аннотация-пікірлерді т.б. жаза білуі тиіс; өз ойын қажеттілігіне қарай қысқаша немесе толық баяндап, реферат жаза білуі керек; хаттама жаза білуі қажет; берілген тақырып, мəселе бойынша өз пікірін, əсерін, бағалауын, дəлелін толық, əсерлі, бейнелі жеткізе алуы тиіс.

Кəсіби қазақ тілін деңгейлеп оқытудың мақсаты:
  • студенттердің кəсіби қазақ тілін меңгеруіне қажетті оқу материалдарын іріктеу, таңдау;
  • 3 деңгейдегі тіл материалдары арасындағы логикалық байланыстың сақталуы, сабақтастығы.

Мамандыққа қатысты оқытудың басты мақсаты өз мамандықтары бойынша алған білімдерін қазақ тілінде мамандықтарына қатысты жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен байытады, өз бетімен сөйлем құрауды игереді, айтайын деген ойларын грамматикалық тұрғыдан дұрыс, логикалық бірізділікпен жеткізуге үйренеді, қызығушылығы артады. Қ.Қадашева былай дейді: «Мамандық тілі қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда маңызды болып отыр. Бұл бағыттың негізгі талаптары мыналар:

  • мамандығы бойынша ақпараттық жəне лексикалық-грамматикалық минимумдарды баяндау;
  • осы арқылы дағды мен ептілікті қалыптастыру;
  • тілдік өрнектерді сараптау;
  • үйренушінің өз мамандығына сəйкес, тілді коммуникативтік қарым-қатынаста қолдана ала- тындай дəрежеде біліп шығуын қамтамасыз ету;
  • сөйлеу іс-əрекетінің төрт түрінің негізі қамтылатын мəтіндерді беру;
  • елтануға қатысты материалдарды үйренушінің өз қажетіне қарай пайдалану;
  • сөйлеу жағдаятын үйренушінің мамандығына қарай бейімдеу; арнаулы терминологияның берілуін қарастыру;
  • кəсіби тілдік құзыретін қалыптастыру. Яғни, біздің мақсатымыз студенттерге қажетті пəн тілін меңгерту. Қазіргі уақытта студенттерді мамандығына қарай бейімдеп оқытуға талап та, сұраныс та көбейіп отыр».

Белгілі ғалым Ф.Оразбаева былай деп көрсетеді: «…тілдік қатынасты игеру тек тілдік ортаға қатысты тақырыптарды соған сəйкес лексикалық минимуммен сөйлеу үлгілерін сөйлем əрекеттерін үйретумен іске асады. Тілдік қатынас ешуақытта грамматиканы жеке үйретумен жүзеге аспайды.

Адамға қажет тақырып, сөйлем, тұрақты тіркес, мəтін арқылы ұсынылып, грамматика сол тілдік қатынастың қажетіне қарай сұрыпталғанда ғана нəтиже береді».

Сондықтан, ең алдымен студенттердің мамандығына қатысты сөздік минимумды сұрыптап алу қажеттілігі туындайды. Студенттерге қазақ тілін оқытуда терминдерге ерекше көңіл бөлінеді. Терминдерді оқытудағы басты мақсат — болашақ маман қазақ тілімен қатар мамандыққа байланысты сөздерді үйреніп, сөздік қорын байытады жəне келешекте қызмет барысында қолдану олардың өз мамандығын жетік меңгерген маман болуына септігін тигізеді. Мамандыққа қатысты терминдерді оқытуда атауларды құр жаттап қоймай, ол сөздерді практикада қолдана білуге үйрету көзделеді. Жаңа атауларды өткен грамматикамен байланыстырып түрлендіру, олармен сөз тіркестерін жасау, сөйлемдер құрастыру сияқты жұмыс түрлері атауларды есте сақтауға көп көмегін тигізеді.

Студенттердің сөздік қорын толықтыруда мерзімді басылымдарының материалдарын пайдалану, теледидардан жаңалықтарды тыңдатып, əр түрлі тапсырмалар беріп, жұмыс істеу де ұтымды. Соны- мен қатар мамандықтарына байланысты мəтіндерді беру, студенттердің қызығушылығын тудырады, тіл үйренуде біршама нəтиже көрсетеді. Термин сөздерді мəтін арқылы меңгерту жеңілірек қызықтырақ болады. Мəтінмен жұмыс барысында əр түрлі əдіс-тəсілдерді ұғымды пайдалануға ты- рысамыз. Мұндағы сөздік жұмысы, сөз тіркесі, сөйлем құрау, тыңдалым, оқылым, жазылым, сұхбат, монолог сияқты көптеген жұмыс түрлері бір мақсатқа — студентті сөйлесе білуге үйретуге жұмылдырылады [4].

Енді сөзіміз жалаң болмас үшін «Экономика» мамандығы студенттерінің ІІІ-курсында А2 деңгейінде өткізілген <Банк қызметі> сабағына шолу жасап, талдап көрейік. Ең алдымен, тақырыпқа қатысты тірек сөздер беріледі. Сөз минимумы жалаң күйінде емес, өзі тіркесетін сөздермен бірге берілуі қажет: ақша айналымы, несие беру, есеп айыру, есеп ашу, қарыз беруші, банктік жүйе, қарыз алушы т.б. Бұдан кейін студенттерге жаңа сөздер мен сөз тіркестеріне сөйлем құратып, оларды бекіту мақсатында əр түрлі тапсырмалар орындатамыз.

Яғни, 1. Сұрақ-жауап арқылы сөйлесімдер құрастыру.

  1. Əр түрлі кеспелер мен сигнал карточкаларын қолдану.
  2. Ойын əдістерін қолдану.
  3. Мақал-мəтелдерді қолдану арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
  4. Əр түрлі жағдаяттық тапсырмалар орындату.

Мамандыққа қатысты сұхбаттар сұрақ-жауап түрінде болады. Мысалы: Клиент: Сəлеметсіз бе? Мен сіздің банктен есеп ашқым келеді.

Банк қызметкері: Сəлеметсіз бе? Мына ережемен танысыңыз. Клиент: Ережемен таныстым. Салымның жылдық мөлшері қандай? Банк қызметкері Салымның жылдық мөлшері 15 000 теңге.

Берілетін жаттығулар, тапсырмалар тақырыппен байланысты болуы қажет.

  1. Төмендегі үлгі бойынша сын есім+зат есім тіркесін жасаңыз.

Ұлттық банк, орталық банк, əлемдік банк.

  1. Мына сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз жəне сөйлем құраңыз.

Банк салымы, атаулы салым, мерзімсіз салым, ұзақ мерзімді салым, ағымдағы салым.

Студенттерге меңгерген жаңа сөздер мен сөз тіркестерге қайталау, бекіту мақсатында кестелер үлестіріледі.

  1. Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойып, сұхбат құраңыз.

Студенттерге меңгерген жаңа сөздер мен сөз тіркестерге қайталау, бекіту мақсатында кестелер

 Сонымен қатар оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы студенттің оқуға ынтасын арттыру жеңіл болмақ. Сабақта «Банк» атты ойын жүреді. Студенттер екіге бөлінеді. Біріншісі — банк қызметкерлері. Екіншісі — банк клиенттері. Сонымен бірге ойынды ұйымдастыруға, бағалауға, қорытындылауға қатысты — төрешілер, сарапшылар, көмекшілер белгіленеді. Олар бір-бірлеріне əр түрлі ойға жетелейтін сұрақтар қояды. Сөйтіп, екі топтың арасында əр түрлі сұхбаттар пайда болады:

  • Клиент пен кеңесші (несие алу туралы);
  • Банк қызметкері мен ақша жөнелтуші;
  • Банк қызметкері мен салымшы (депозит ашу туралы);
  • Ломбардта;
  • Ақша айырбастау бөлімінде. Мысалы:
  • Сəлеметсіз бе? Мен кеше Германиядан келіп едім. Сіздердің банктеріңізден мен евроны теңгеге айырбастай аламын ба?
  • Иə, бүгінгі күнгі бағам бойынша 1 евро — 254 теңге.

Ойын соңында банк қызметіне қорытынды жасалып, сөз көмекшілерге, сарапшыларға, төрешілерге беріледі.

Жағдаяттық тапсырмалар мамандыққа қатысты сөздерді меңгертуге берілсе, студенттердің қызығушылығы арттады.

Мысалы:

а) Егер сіз қаржы министрі болсаңыз. ə) Егер сіз банкир болсаңыз.

Мұндай жағдаяттық тапсырмалар студенттердің қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, ой- лау қабілетін арттыруға, сөйлемдер құрастыруына мүмкіндік береді.

Осылайша, студенттерді сөйлетуге үйрету, сөйлеу əрекетін дамыту дағдысына арналған жұмыс жүреді. Бұл жұмыстардың барлығы студенттердің еркін сөйлеуіне, яғни тілдерінің дамуына, мүмкіндік туғызары сөзсіз. Сабақ əрдайым жеңілден күрделіге қарай өту керек. Оқытушы өзінің шеберлігіне байланысты инновациялық технологияларды ұтымды пайдалануы қажет. Сабақта міндетті түрде сөйлеу əрекетінің 4 түрі де қолданылуы қажет [5].

Қорыта айтар болсақ, қазіргі таңда студенттерді болашақ мамандығына байланысты оқыту өзекті болып отыр. Мамандығына бейімдеп оқытудың мақсаты:

  • тірек сөздерді, терминдерді беру арқылы студенттің сөздік қорын қалыптастыру, байыту;
  • мамандығына байланысты мəтіндерді беріп, студенттің қызығушылығын тудыру;
  • жағдаяттық тапсырмалар арқылы мамандыққа қатысты терминдерді меңгерту.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қадашева Қ. Қазақ тілі: оқытудың тиімді əдістемелері. — Алматы: Мектеп,
  2. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас теориясы жəне əдістемесі. — Алматы: Атамұра,
  3. Пірімбетов Т.Т. Қазақ тілінен əдістемелік нұсқаулар. — Қарағанды: Санат,
  4. Колкер Я.М. Практическая методика обучения иностранному языку: Учеб. пособие. — М.: Школа,
  5. Масыко Е.А. Настольная книга преподавателя иностранного языка. — М.: Высш. шк.,

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.