Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ əңгімелеріндегі кейіпкерді бейнелеуші портреттердің берілуі

В.П.Николаева «Бастапқы жəне соңғы абзацтардың құрылымдық-композициялық ерекшеліктері» деген ғылыми мақаласында бастапқы жəне соңғы абзацтар атқарар қызметі жəне құрылымдық ерекшеліктері арқылы ерекшеленетіндігін айтады. Сондағы автор атап көрсетілген басты ерекшеліктердің бірі — əңгіменің бастапқы абзацында қатысушы адамдарды таныстырып өту. Бастапқы сөйлемде басты персонаждарды оқырманына таныстыру мақсатында оларды портреттік суреттеу арқылы көрсетеді. Портреттік суреттеулер көбінесе автор баяндауында кездеседі. Мысалдарды көрейік:

  1. Құс жастықтың үстінде ауық-ауық ұйқысырай аунақшып жатқан аққұбаша, сүйкімді əйелдің оң жақ көзінің астындағы қара меңі соңғы күндері көрінер көзге үлкейіп, айқындала түскендей, тіпті оның сынық өңінде ақ тақтайдың бетіне тамып кеткен қара сиядай баттиып тұр (М.Сүндетов. Əкемнің көзі).
  2. Суыт жортып келе жатқан қос салт аттының бірі — дөңгелек жүзді, балғын өңді, бұғағы ақ мамықтай үлбіреген еркетотай да, екіншісі — иі жұмсақ ұрты салбыраған салпы ауыз, шойын қара (Ж.Қорғасбеков. Шіркін, Шекер).
  3. Орта бойлы, кеспелтек қара кісі шатқалдың күншығыс жақ бүйірінен шыға келді де, алқынған демін баса алмай, айналаға алақтай қарап тұрды (С.Омаров. Тау ішінде).
  4. Ұршықтай домаланған, аласа бойлы қара шал мұны қолымен көзін көлегейлей қарсы алды(Ш.Күмісбайұлы. Төркін).

Мысалдардағы сыртқы келбеті суреттеліп отырған кейіпкерлер есімі беймəлім. Қаламгерлер оқырмандарына экспрессивті əсер ету мақсатында — кейіпкерлердің сыртқы портретін суреттей беріп, олардың атын атамай «жұмбақ» күйінде көрсетуі, оқырман назарын аударып, сол кейіпкерлердің кім екендігін білмекке шақырады.

Г.Сəрсəке «Р.Сейсенбаев шығармаларындағы кейіпкерді мінездеуші тілдік-стильдік тəсілдер» атты кандидаттық диссертациясының авторефератында портретті: портрет-ситуация жəне портрет- деталь деп екіге бөліп қарастырады. Портрет-ситуация белгілі бір жағдай үстіндегі кейіпкердің сырт тұлғасының өзгерісін, қимылын суреттейтін портрет түрі дейді. Ал портрет-деталь кейіпкердің кескін тұлғасының, қимыл-қозғалысының бір ғана бөлшегін суреттейтін түрі деп көрсетеді. Жоғарыдағы берілген портреттік суреттеулерді портрет-деталь түріне жатқызамыз:

Құс жастықтың үстінде ауық-ауық ұйқысырай аунақшыған, оң жақ көзінің астында қара меңі бар сынық жүзді сүйкімді əйел; дөңгелек жүзді, балғын өңді, бұғағы ақ мамықтай үлбіреген еркетотай жəне иі жұмсақ, ұрты салбыраған салпы ауыз, момын қара; орта бойлы кеспелтек қара кісі, əжім көмкеріп, тілім-тілімі шыққан алақанымен күннен көзін қалқалаған кейуана, бет-аузында қыл-қыбыр атаулыдан ырым жоқ, дөңгелек бет, толған ұршықтай домаланған, аласа бойлы қара шал-дар оқырманын (тыңдаушысын) елеңдетіп, олар кім екен?, автор бұлардың аты-жөнін ашып айтпай, осылай суретін ғана беріп отырған жандар туралы қызығушылықтары арта түседі. Бастапқы сөйлемдердегі портрет-детальдар кейде шағын болып жай сөйлем арқылы берілсе, кейде құрмалас сөйлем арқылы беріледі:

  1. Қауынбай — алаң көз, иықты келген төртбақ, аққұбаша жігіт. (Ə.Ақпанбет. Бір ауыз өлең).
  1. Əбіш он үш-он төрттегі нəзіктеу ақ сары бала.
  2. Əбдірəсіл зəу-заты момындау кісі (М.Рахманбердиев. Семинар).
  3. Ауаткомның жерге орналастырушы бөлімінің бастығы Шормақов дембелше, жүріс-тұрысы ылдым-жылдым, қимылы ширақ, мінезі шалт кісі (Ж.Шаштайұлы. Жерге орналастырушы).
  4. Профессор Ардабай Жакенов сұңғақ бойлы, ақсары кісі, мінезі жұмсақ, күліп сөйлейді, шамасына қарай қолы да ашық, жатып атар юмордан да құралақан емес, кейде бір көңілі шалқып- тасыған кезде əңгіме айтып жұртты мəз қылатыны бар (Ə.Тарази. Қарабай).

Бұл бастапқы сөйлемдердегі портрет-деталь мысалдардың алдыңғы мысалдардан басты айырмашылығы кейіпкерлер беймəлім, белгісіз біреу емес, өз атымен аталады, тағы бір айта кететін жайт — баяндауыштары есім сөздерден жасалған.

Қаламгерлер бастапқы сөйлемде кейіпкерлердің портретін бере отырып, сол арқылы олардың кім, қандай адам екендіктерін таныта кетеді. Бастапқы сөйлемде авторлар кейіпкер портретін бергенде кейде сырт келбетін ғана бейнелесе кейде сырт бейнесімен қоса, мінез-құлқында суреттейді, енді бірде кейіпкердің белгілі бір жақтарын ғана суреттеп көрсетеді. Бастапқы сөйлемде басты кейіпкерді оқырманына таныстыру мақсатында оларды портреттік суреттеу арқылы көрсетеді. Алдыңғы үш мысал көлемі шағын, ықшам құрылған сөйлемдер тек сыртқы бейнесі мен жас ерекшелігін аңғартып өтсе, кейінгі мысалдарда кейіпкерлер анағұрлым толығырақ суреттелген. Олардың сырт келбетімен қоса мінез-құлқымен де біршама таныса аламыз. Көркем портрет — кейіпкерлердің кескін-келбетін, қимыл-қозғалысын, киім киісін, жүріс-тұрысын суреттеу. Сондықтан, портрет те кейіпкерлерді мінездеуші амалдардың бірі болып табылады [1; 65]. Бастапқы сөйлемде жазушылар кейіпкерлерді бір жағдай үстінде сырт бітімінің өзгеріс-қимылын суреттейтін портрет- ситуация арқылы да танытады:

  1. Кемпір, сандықтың түбіндегі қара пəпке мен қаламсапты əперші, — деді Бұқпа төр алдында жамбастай жантайып, түнере ойланып, тартпалы қара судай қарауытып, тылсым сазарған қалпынан, əлденеге оқталғандай, оқыс бас көтеріп, етек-жеңін жинай түзеліп (Б.Шаханов. Білдіріс).
  2. Кешкісін қойды қоралап болып, үйге кіргенінде Естеместің бүгін тағы да қатпа қара жүзі бусанып, мұрнының ұшы тершіп, көзі майланып келгенін əйелі Жаңыл айнытпай білді:– Немене, бірдеңе ішкенсің бе? — деді. (Б.Аманшин. Бір қой қалғанша).
  1. Шілдекеңнің керзі етіктің қонышындай қара бұжыр дидарынан күлкінің нышаны байқалады(К.Сегізбаев. Тамыр).
  1. Ағайынды екі жігіт, үлкені Арыстан мен оған тете өскен Барысхан, ингуш өңдес қою қара қасты, көзі тостағандай аққұба келіншектің қолындағы тілкемдей сары қағазға дұғалап қойғандай ұзағырақ тесіле қарап қалды.
  2. Тұршабай төсектен көзінің алды күлтеленіп, беті ісіңкіреп тұрды (С.Шаймерденов. Селдің екпіні).

Бірінші мысалдағы портреттік суреттеме оқырманына өте эмоционалды-экспрессивті қабылданады. Адам жанын шошындыра түсетін суреттеулер (түнере ойланып, тартпалы қара судай қарауытып, тылсым сазарған қалпынан, əлденеге оқталғандай, оқыс бас көтеріп, етек-жеңін жинай түзеліп) кейіпкердің тегін адам емес екендігін аңдатады. Автор осылайша кейіпкер болмысын мінездей отырып, оның жан-дүниесінің, қандайлығын, қара жүректі озбыр адамға лайық жан екендігін көрсетеді. Портреттің ең күрделі міндеттерінің бірі — адамның сыртқы келбеті арқылы жеке басының психологиялық жай-күйін, адам жанының ішкі дүниесін ашып көрсету [2]. Кейінгі мысалдағы басты персонаждың (Естеместің) портретін парықсыз адамның келбетін көрсек, кейінгі мысалдардағы персонаждардың (Шілдекеңнің, келіншектің, ағайынды екі жігіттің, Тұршабайдың) белгілі бір жағдай үстіндегі сырт бейнесін ғана аңғартып, олар туралы оқырмандарға əсер қалдырады. Көркем сөз иелерінің өзіндік стильдік ерекшелігінің ұтымды бір əдісі — кейіпкер өзін-өзі сипаттай көрсетуі.

  1. Мен өте кекшіл адаммын, дұшпандарымды кешіре алмаймын (Т.Əбдікұлы. Жат перзент).
  2. Мен өте арық, əлсіз адаммын. (Т.Жанұзақов. Ауырмай есімнен жаңылғаным).

Кейіпкер монологі арқылы берілген өзін-өзі сипаттайтын портреттік суреттеулерде кейіпкердің ішкі жан дүниесінен жарып шыққан жүрекжарды баяндаулары арқылы сипатталған. Бірінші кейіпкер өзін өте кекшіл адаммын, дұшпандарымды кешіре алмаймын десе, екінші кейіпкер өте арықтығын, əлсіздігін суреттей баяндайды. Кейіпкерлердің бұлайша өзін-өзі сипаттауы жұмбақ. Сөйлемдер семантикалық жағынан əрі қарай дамытуды көздейді. Кейіпкерлер өз ойларын жалғастырып, өздері туралы бір тылсым сырды ашпақшы. Бұл сипаттаушы сөздерді автор айтқаннан гөрі кейіпкерлердің аузынан шығуы əрі эмоционалды, əрі экспрессивті əсерде қалдырады. Кейде бастапқы сөйлемде кейіпкерлер əңгімеге қатысушы екінші бір адамды оқырмандарына өздері таныстырады. Мысалы: Астананың іргесіндегі белуарын шырша мен қарағай көмкерген тау сілемінің біріне орналасқан демалыс үйінің тар бөлмесінде бұйра шашты, қоңқақ мұрын, сүйекті келген Жомарт деген жігіт екеуміз жатамыз. (Н.Қапалбеков. Үркер көрінгенде). Кейіпкер І жақтан баяндай келе, екінші бір кейіпкердің портретін ұсынады. Əдетте автор кейіпкерді сипаттап, жеке портретін бейнелесе, мына мысалда кейіпкер екінші бір кейіпкердің портретін сипаттай көрсетеді. Бастапқы сөйлемдерде кейіпкерлерді портреттік суреттеулермен, мінездеулермен таныстыру — əңгіме өзегі болып отырған персонаждардың қандай жандар екені жайлы хабардар етсе, əңгіменің соңғы шеніндегі портреттік суреттеулер əңгімедегі болған жайға қатысты кейіпкерлердің сыртқы портретін береді.

  1. Міне, педагогикалық институттың залында надан шикіл сары мен аңғал, құбаша ақынды, ұр да жық, тіл көз сыншыны тыңдап отырып, менің көз алдыма осы бір оқиға келген еді (С.Шаймерденов. Қолтаңба).
  2. Сол күйі домаланып барып шұңқырға күмп ете түсті. Түйелі кісінің бойындай шұңқырдың түбіне ұмар-жұмар құлап түскен Жетпісбай тілін тістеген күйі одан əрі көзін жұма берді. (М.Рахманбердиев. Ел шетінде).

Бірінші мысалдағы портрет-детальдағы синекдоха тəсілімен берілген надан шикіл сары-ға берілген анықтауыш, ретінде қолданылып, аңғал құбаша ақынды, ұр да жық, тіл көз сыншыны суреттеп тұр. Келесі мысалдағы Жетпісбай қарттың тілін тістеген күйі отырысы, екі түрлі мағынаны білдіреді: 1) болған оқиғаға өкінген кейіпкердің күйзелісін көрсетудегі — фразеологизм; 2) шұңқырға құлап түскендегі тілін тістеуі. Əңгіме мазмұнымен танысқан оқырман қауымы автордың образды шешімін осылай түсінетін сияқты. Кейбір бастапқы сөйлемде кейіпкердің өзін-өзі сипаттауы автор баяндауында беріледі: Пістекүл өзін ауылдағы ең ажарлы, өжет, екі сөйлеу дегенді білмейтін жəне көзі ашықтығы жағынан өзгелерге қарағанда оқ бойы озық əйелмін деп санаушы еді. (Д.Исабеков. Есепшот, түйетауық жəне домино). Кейіпкердің өзін-өзі осылай жоғары санауы күлкі тудырады. Сөйлемдегі фразеологиялық оралымдар (көзі ашық, өзгелерге қарағанда оқ бойы озық əйел) оқырманын еріксіз жымитып, бас шайқатады. Əрине, бұндай кейіпкердің қандай адам екені оның өзі туралы ойынан да көрініп тұр. Міне, автор болашақ кейіпкерінің кім екенін осындай ерекшеліктерімен-ақ таныта кетеді. Зерттеуші Г.Сəрсеке: «Көркем шығармадағы портреттік суреттеулердің құрамы негізгі үш компоненттен тұрады:1) адам денесі мен мүшелері; 2) киген киімі;

  • бет өзгерісі (мимика), дене қимылы (жест), денесін ұстау қалпы (поза). Портрет құрамындағы үш тақырыптық топқа орай тілде мынандай терминдер жұмсалады: соматикалық (дене мүшелері), вестиалды (киім-кешек), кинетикалық (қозғалыс)» [1; 66], — деп бұлардың əрқайсысына сипаттама береді.

Бұлардың əңгіменің алғашқы сөйлемдерінде қолданылу жайы:

  1. Аққудай иілген жас келіншек өзіне сұқтана қараған қалпы, үстіне қара мақпал камзолын жамылып, басына аппақ орамалын салды. (Р.Мұқанова. Сормаңдай).
  2. Есіркеп түскі тамағын ішіп болған соң, бет-аузын тыжырайтып, көзін жұмып, рақаттана құлағын шұқып отырған кезде жер сілкініп, дабыл жарғағын жарып ала жаздады да, столды қимылдатқан сол екен деп, қарсы бетте отырған төрт жасар жазықсыз баласын жақтан тартып жіберді (Д.Исабеков. Ескі үйдегі жаңа қоныс).

Бұл сөйлемдердегі вестемалар (қара мақпал камзол, аппақ орамал) мен кинемалар (бет-аузын тыржырайтып, көзін жұмып, құлағын шұқып) кейіпкерлердің осылай киінуінде, іс-қимылында өзіндік сыр бар екенін аңғартады. Мысалы, екінші сөйлем кейіпкердің аса байсалды адам емес екенін аңғартып тұр.

Экспозицияда «əдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны» [3] мезгілі т.б., қысқасы, сюжет кіріспесі суреттеледі, тағы да қажет мəліметтер беріледі:

  1. Қоңыр күздің салқын, сұрғылт күні еді. (А.Шамкенов. Көңілсіз көрініс).
  2. Жылымықтанған бұлыңғыр дала тылсым сырын ішіне бүгіп, тым-тырыс жатыр.(Қ.Сыдықов. Жетім жұрт).
  1. Аспан түнеріп, бұлт қоюлана бастады. (Қ.Аманов. Тағдыр).
  2. Кейде үрейлі, кейде аянышты сол бір ызың. (Ш.Мұртаза. Соңғы нəсіп).
  1. Даланың соншама мұнартып, мұңайып жатқаны несі? (С.Сəлімбаев. Тоған түбіндегі тостаған).

Табиғат құбылысына қатысты берілген бұл баяндау-сипаттаулардан əңгіме сюжетінің қалай өрбитініне жасырын мегзеу барын түсіну қиын емес. Əрине, авторлар табиғат құбылысын текке осылай суреттеп отырған жоқ, демек, сөйлемдері жай нақты ақпарлық (фактуальная информация) сипатта түзіліп тұрған жоқ, ассоциациялы астармен беріліп (подтекстовая информация) тұр. Сондықтан оқырман бұларды табиғатпен байланыстырыла мегзелген мəнде қабылдауға тиіс. Айталық, бірінші мысалдағы күздің қоңыр эпитетімен, оған қоса күн-нің əрі салқын, əрі сұрғылт болып сипатталуы мəтіндегі əрі қарай баяндалар оқиғаның көңілді емес, жағымсыз болатынын білдіріп тұрғаны сөзсіз. Екінші мысалдағы бұлыңғыр дала-ның кейіптеу тəсілімен бір тылсым сырды бүгіп тым-тырыс жатуы да оқырманына жағымсыз эмоциялы ретте қабылданады. Өзі жылы да емес, жылымықтанған бұлыңғыр даланың адамша сырын ішіне бүгіп жатуында да бір сыр бары талассыз. Келесі 3, 4-мысалдар да сөйлемнің ішкі мəніне тереңірек үңіле түсуді қалайды, бұлар да кейіпкерлердің алдағы тағдырының қандай боларын аңдатқандай ретте тұр. Ал соңғы мысалдағы риторикалы сұраулы сөйлем оқырманды селт еткізетіндей мазмұнға ие. Мұндағы сұрақ біреуге қарата айтылған сияқты көрінгенмен, шынында, ол жеке адамға емес, заманға қойылған сұрақ тəрізді. Əңгіме мазмұны осыны аңғартады. Ал сөйлемнің риторикалық сипатында автордың айтайын деп отырған ойына екпін түсіру арқылы оны актуалдандыруды көздегендік тұрғаны сөзсіз. Сондай-ақ сөйлемдегі мұнартып, мұңайып етістіктері, соншама үстеуі сөйлемнің эмоциялық бояуын қалыңдатып жағымсыз əсер туғызатын сипатын күшейтіп тұр.Тағы да бірер мысалды көрейік:

  1. Сұрғылт та сұрықсыз аула іші құдды мола кейпіндей. (Ə.Салықбаев. Құрдым).
  2. Бөлме шағын, іші қаракөлеңке. (Қ.Жүсіпов. Қара түнек).
  3. Беймезгіл уақыт. (О.Сəрсенбаев. Сыйлық).
  4. Қоңыр кеш... Қоңыр күй... (К.Ахметбеков. Домбыра сазы).

Жоғарыда талданған мысалдар семантикалық тұрғыдан табиғат құбылысымен жарыстырыла (параллель) тұспалданып түзіліп, оқырманына алдағы болар жайттың қандай ыңғайда болатынынан сыр беріп тұрса, мына мысалдарда оқиғаның, іс-əрекеттің басталар тұсындағы мезгіл мен мекен сипатталып, бірақ баяндалатын оқиғадан жақсылық күттіретін ыңғай-мазмұнды емес, əйтеуір бір көңілсіз жағдайлар болатындығын сездіріп тұр. Мəселен, 3-мысалдағы беймезгіл, осы сөзге синоним бейуақ — жағымсыз мəнді сөздер. Ертедегі наным-сенімге байланысты кешкі апақ-сапақ мезгіл, бей префиксімен келген сөз «беймезгіл», əйтеуір, бір қолайсыз жағдайдың болатындығынан хабар аңғартқандай. Соңғы мысалдардағы қаракөлеңке, эллипсисті құрылыммен келген қоңыр кеш, қоңыр күй атаулы сөйлемдері күйкі тірлік, көңілсіз жай-күйді сездіреді. Қоңыр, қаракөлеңке сөздерінің семантикасы осыны пайымдатқандай.

Бұл сөйлемдердің бəрі де шығарма сюжеті басталар алдындағы жай-күй, мезгіл, мекен т.б. туралы кіріспе-мəлімет беру функциясында тұр.

Жоғарыда баяндалғандардан шығатын қысқа қорытынды — бастапқы сөйлемдердің негізгі функциясы шығарманың басталу тартымдылығына қызмет ету екені. Мұнан соңғы сөйлемдердің де (не абзацтың да) негізгі функциясы шығарманың əсерлі аяқталуына қызмет ету екені айқын аңғарылады. Кейбір зерттеушілер соңғы сөйлемдердің (абзацтың) шекараайырымдық та (делимитативтік, демаркативтік те) қызмет атқаратынын айтады. Əрине, бұлардың шығарманың нақты аяқталу шегін білдіріп тұратыны — шындық. Біздіңше, мұндай шекараайырымдық функцияны бастапқы сөйлемдер де атқаратыны күмəн туғызбауға тиіс, себебі бұлардың да құрылымдық, стильдік, семантикалық бітім-болмысы шығарманың нақты басталу шекарасын анық аңғартып тұратыны сөзсіз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сəрсеке Г. Портреттің лексикалық құрамы // ҚР ҰҒА хабарлары. Тіл, əдебиет сер. — 1998. — №
  2. Тарақов Ə. Тарихи бейне портреті — шығарма ажары // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сер. — — № 7. — 3–5-б.
  3. Сыздық Р. Сөз құдіреті. — Алматы: Санат, 1995. — 186-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.