Сақтандыру

Берілген мақалада Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы сақтандыру жүйесін таңдау мәселелері қарастырылады. Медициналық қызмет көрсету нарығындағы тұрақты сақтандыру жүйесін қалыптастыру мәселелеріне сараптама жүргізіледі. Денсаулық сақтау жүйелері дамыған елдердің тәжірибелері мен Қазақстан Республикасындағы мәселелерді шешу жолдары қарастырылады. Мақалада денсаулық сақтаудың дамуының салыстырмалы-құқықтық және тарихи-құқықтық сараптамалары қолданылады. Қорытындылай келе отандық денсаулық сақтау жүйесіне қазіргі таңдағы менеджмент талаптарына сай дамыған нарықтық механизмдерді қалыптастыру және дамыту қажеттілігі атап өтілген. Алынған қорытындыларды еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жаңа әдістерін қалыптастыруда қолдануға болады.
2014