Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі сақтандырудың кейбір мәселелері

БҰҰ Даму бағдарламасының анықтамасы бойынша адам дамуының мазмұны қалыпты өмір деңгейіндегі ұзақ өмір сүру мен салауатты өмір салтына мүмкіндік беретін кең көлемдегі таңдау мүмкіндігі болып табылады. Адам дамуының басты аспектісі денсаулық сақтаумен тығыз байланысты екендігін осы анықтамадан анық байқалады.

Денсаулық сақтау қоғам өмірінің маңызды саласы. Қазақсанның денсаулық сақтау саласы соңғы 20 жылда нарықтық экономиканың жағдайларына да бейімделе бастады. Еліміздің экономикалық дамуындағы жетістіктерімен Қазақсан халқын әлеуметтік дамыту жүйесі де тығыз байланысты.

Қазақстан Респуликасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ұлт денсаулығы кемел болашақтың әлеуметтік саясатының негізі және принципі ретінде анықталып, денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін модернизациялаудың ұзақ мерзімді басты бағыттары айқындалған. Олардың негізгілерін атап өтсек: «Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету. Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою» [1].

Денсаулықты қорғау құқығы адам және азаматтың негізгі әлеуметтік құқықтарының бірі болып табылады, өйткені ол оның өмірлік маңызды мүдделерін қамтиды, соның ішінде оның бұл құқығы өмірге деген құқықпен тығыз байланысты. Бұл жерде, денсаулықты қорғау құқықтың табиғи құбылысы деп атап өтуге болады. Сонымен қатар, бұл құқықты жүзеге асыру екіжақты сипатқа да ие. Өйткені ол азаматтың жеке игілігі ғана емес, әлеуметтік мәселені де қамтиды.

Бұл құқықтың әлеуметтік сипаты, қоғам өз азаматтарының денсаулығының жақсы болғаны үшін мүдделі екендігінен көрінеді:

Біріншіден, азаматтардың еңбекке кең көлемді және ұзақ уақыт қабілетті болуына.

Екіншіден, неғұрлым дені сау қоғам мүшелерінің көп болуына (қоғамға қауіпті аурулардың таралмауына және т.б.).

Үшіншіден, ұлттың сау гендік қорын сақтауға. Қазақстан    Республикасының      Конституциясының 29-бабы азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы бірқатар құқықтарын бекіткенін атап өтер болсақ: «Қазақстан    Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Республика азаматтары заңмен белгiленген кепiлдi медициналық көмектiң көлемiн тегiн алуға хақылы. Мемлекеттiк және жекеменшiк емдеу мекемелерiнде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша жүргiзiледi» [2].

Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларында азаматтардың денсаулығын қорғау құқығын бекіте отырып, мемлекет өзіне халықтың денсаулығынын нашарлататын жағдайларды жоюға, эпидемиялық және өзге де аурулардың алдын алуға, сырқат адамдарға сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруды, сондайақ Қазақстан азаматы ұзақ және белсенді өмір сүруге жағдайлар жасауды міндеттеме ретінде алады.

Демек, денсаулықты қорғау ретінде «әр адамның дене және психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы шаралар кешенін, оның белсенді ұзақ өмір сүруіне қолдау көрсетуді, денсаулығын жоғалтқан жағдайда медициналық көмек көрсетуді» түсінетін ғалымдармен келісуге болады [3, 207 б.].

Әлемдік тәжірибеде денсаулық сақтаудың жалпы танылған трендтері бар, мәселен Германияның, АҚШ-тың, Израильдің, осы секілді Қазақстанның да өзіндік трендін қалыптастыру қажет. Бұл өз кезегінде денсаулық сақтау және алдын алу органдарының қызметін тиімді құқықтық қамтамасыз етудің қажеттілігіне алып келеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік басқару менеджементін жоспарлы және жүйелі түрде жүргізуге байланысты нақтылы практикалық ұсыныстарды ұсыну мен оларды теориялық негіздеу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Біз үшін қазіргі қолданыстағы денсаулық сақтау жүйелерін талдап және зерттеудің, олардың тәжірибесін отандық денсаулық сақтау саласын жетілдіруде қолданудың өзі де өзекті болып табылады

Әр елдің денсаулық сақтау жүйесі, оның ерекше тарихи, саяси және тіпті ұлттық мінезқұлқының сипатының өнімі болып табылады. Сонымен бірге, АҚШ және өзге де ірі мемлекеттерде денсаулық сақтау жүйесін кең көлемде реформалау жүргізіліп жатқандығын атап өту қажет.

Бүгінгі таңда ең  кең  тарағаны  мемлекеттік қаржыландыру жүйесі болып отыр, мұндай жүйеде мемлекет салықтар жинап, медициналық көмек көрсетуді мемлекет толықтай басқарады және бақылау жүргізеді, оған тікелей төлем жүргізеді. Бұл жүйенің ерекшелігі, мұнда мемлекет уәкілетті орган арқылы денсаулық сақтау аясындағы қызметтер көлемін, олардың құнын анықтап, медициналық сақтандыруды толық бақылайды.

Ал басқарылатын бәсекелестікті жүйе бұған толықтай қарама-қарсы бағытттағы жүйе деуге болады. Бұл жүйенің басты ерекшелігі, медициналық қызметтің жеке құрылымдармен төленетіндігі, алайда олардың қызметі мемлекеттің қатаң бақылауында болады және реттелінеді. Кейбір жағдайларда мемлекет жұмыс берушілерге өз қызметкерлерін сақтандыруды міндеттейді. Мұнда мемлекет өзіне стандартты сақтандыру жүйесін ала отырып, осы жерде сақтандыру компанияларына өзара баға, медициналық қызметке ақы төлеуге қатысу үлесіне және қосымша шығындарды жабу жөніндегі үлесіне байланысты бәсекелесуге рұқсат береді.

Біздің ойымызша, сақтандырудың келесі жүйесі бір терезе жүйесі болып табылады. Бұл жүйеде жеке сақтандыруға тыйым салынған, тіпті медициналық қызметке өз қалтасынан ақы төлеуге рұқсат етілмейді.

Аталған жүйелердің барлығында мемлекет белгі бір деңгейде денсаулық сақтау жүйесін әлеуметтік саясаттың қатысушысы ретінде басқару мен реттеуге қатысады. Соңғы  уақытта бұл саладағы басты рөлді сақтандыру мәселесі атқаруда. Соңғы уақытта өркениетті елдердің барлығы дерлік өз азаматтарын медициналық қызметпен қамтамасыз ету мәселесін сақтандыру ұйымдары арқылы  шешуде  және  қазіргі кезде медициналық сақтандырудың әртүрлі жүйелері қалыптасып үлгерді. Кейбір мемлекеттерде медициналық сақтандыру жұмыс орны бойынша жүзеге асырылса, кейбір елдерді жұмыс орны мен сақтандыру бір бірінен толық ажыратылған. Ал кей мемлекеттерде азаматтар медициналық қызметке ақыны елеулі сақтандыру шегерімдері арқылы не үлестік қатысу арқылы өтейді. Мемлекеттердің бірінде медициналық сақтандыруды толықтай мемлекет өз міндетіне алады. Денсаулық сақтау жүйесінің бірінде, тіпті алғашқы медициналық көмек дәрігерін таңдау шектеледі.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі көптеген қиыншылықтарға қарамастан, ешқандай ел медициналық сақтандырудан бас тартпауда, өйткені медициналық сақтандыруды әлеуметтік саланың маңызды аясын реттеудің маңызды құралы ретінде түсінуде. Әлемде медициналық қызметті сақтандыру жарнасынсыз, шегерімдерінсіз немесе үлестік қатысусыз шексіз көлемде ұсынатын, сонымен бір мезгілде дәрігерді толықтай еркін таңдайтын жүйе жоқ.

Жалпы алғанда әлемнің барлық елдері дерлік, өздерінің ұлттық денсаулық сақтау саласын реформалауды белсенді жүргізуде. Мәселен еуропа елдері американдық жүйенің тәжірибесін зерттесе, өз кезегінде американдықтар мемлекеттің денсаулық саласына көбірек араласуына дауыс береді.

Бұл мәселенің шешімін таппай отырғандығының бір себебі, ерікті сақтандыру деңгейінің өте төмендігімен де түсіндірілуде. Халықтың тек 2 пайызы ғана ерікті медициналық сақтандырумен қамтылған, ал олардың көпшілігі Алматы мен Астана қаласының тұрғындары мен Қазақстан аумағында жұмыс істеуші шетелдік компаниялардың қызметкерлері.

Б.М. Игенбаев пен Е.К. Утегенов өз зерттеулерінде ерікті медициналық сақтандыру деңгейінің мұндай төмендігін төмендегідей себептермен түсіндіреді:

  1. Баға факторы – төмен сыйақы, жоғары төлемдер, шығынның көптігі (60%-дан жоғары).
  2. Бизнесті жүргізудің және медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру құнының қымбаттығы: а) ел аумағының үлкендігі, халықтың тығыз орналаспауы, шағын қалалардың көптігі, қалалар арасының алшақтығы; ә) Қазақстан облыстары арасындағы өмір сүру деңгейі мен баға дифференциациясы.
  3. Медициналық қызмет көрсетушілердің талаптары: аймақтардағы медициналық қызмет көрсетушілердің монополиялық жағдайлары. Сақтандыру компанияларымен ынтымақтастыққа мүдделіліктің болмауы – сақтандыру нарығындағы табыстың өте аз үлесі. Сақтандырушылар үшін дискриминациялық бағалар. Диагностиканың «артық» қойылуы және пациенттен барынша «сығып» ақша алып қалу. Ақылы медициналық қызметтерге бағаның жылдам өсуі мен бақылауда болмауы (мәселен, жеке сектордағы медициналық қызметке баға соңғы үш жылда 25 пайызға өскен).
  4. Халықтың сақтандыру мәдениетінің төмендігі.
  1. Ерікті медициналық сақтандыруды дамыту үшін қолдау шараларының болмауы (жұмыс берушінің қызметкерге қосымша қолдау ретінде сақтандыруды ұсынуын қоспағанда) және т.б. [4]. Жоғарыда келтірілген және өзге де факторлар, мәселен Қазақстандағы сақтандыру нарығының әлсіздігі, еліміздегі міндетті сақтандыруды кеңінен енгізуге әсер етпей қоймайтындығы белгілі. Еліміздегі сақтандыру ұйымдарының тек 20-сы ғана ерікті медициналық сақтандыру нарығында сақтандыру қызметін жүзеге асырады.

Сонымен қатар туындап отырған бір мәселе, халықтың табысы жоғарылаған сайын, азаматтардың медициналық сақтандыру жүйесінен шығуға тырысуы да байқалуда. Өйткені сақтандыру ставкасы олардың табысына байланысты емес, барлығына бірдей болады. Бұл өз кезегінде елеулі әлеуметтік проблемалар туғызады. Қазақстандықтардың көпшілігі «бай кедей үшін төлейді, сау сырқат үшін төлейді», деген қағидамен келіспейді. Табысы жоғары адамдар ақылы медицинаны, ал елеулі операциялар жасатуда шетелді қалайды. Мұндай жағдай медициналық қызметтің салыстырмалы алғанда төмен деңгейімен түсіндіріледі.

Біздің ойымызша, ең алдымен алғашқы медициналық көмек көрсетуден бастап, нейрохирургия, ісік ауруларын емдеу, кардиохирургия және т.с.с. күрделі салаларға дейінгі медициналық қызмет көрсетудің жалпы сапасын көтеру қажет.

Екіншіден, денсаулық сақтау саласында жаңа нарықтық құралдарды қолдану. Мысалы, Францияның, Нидерландының, Швейцарияның жалпы ұлттық денсаулық сақтау жүйелері жоғары тиімділігімен, тұтынушылардың еркін таңдауымен, бәсекелестіктің жоғары деңгейімен, қаржылық тәртіппен және нарықтық бағаларымен ерекшеленеді. Осындай жағдайдың өзінде, орталық қаржылық бақылау жоқ деп айтса болады.

Мұндай бақылау болмағанның өзінде, осы елдердің әрқайсысы медициналық қызмет көрсетудің өте жоғары деңгейіне ие. Ал бұл мемлекетке бақылау-қадағалау қызметін жұмсартуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау саласы мемлекеттің толық бақылауындағы  елдерде,  әкімшілік  реттеу  құралдары да әрқилы: медициналық, фармокологиялық, осы саладығы ғылыми-зерттеу қызметін лицензиялаудан бастап, мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдарындағы кадр саясатына дейін. Бұл мәселелердің барлығы денсаулық сақтау нарығы саласындағы жұмыс істеуге деген ниетке, сонымен қатар шетелдік медициналық компаниялардың қызметіне де әсер ететіндігі белгілі.

Бүгінгі отандық денсаулық сақтау саласы күшті мемлекеттік реттеу құрылымы бар, болашақта нарықтық механизмдерді қолданып реттеуге бағыт алған жүйе ретінде сипатталады. Әлеуметтік дамудың бұл саласындағы мемлекеттік реттеу күшті бола отырып, мемлекеттік емес секторға сапалы қызмет істеуге мүмкіндік беруде.

Денсаулық сақтаудың Біріңғай ұлттық жүйесін қалыптастырудың қазіргі кезеңінде, мемлекеттің нақты мүмкіндіктерін ескергеннің өзінде адамдардың өздері міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайын емес.

Қазіргі Денсаулық сақтаудың Біріңғай ұлттық жүйесі денсаулық сақтауды дамытудың жоғары деңгейінің екі негізгі көрсеткішіне сүйенеді – сапа және қолжетімділік, бұлар адам дамуының тұжырымдамалары көрсеткіштеріне сәйкес келеді. «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалатын шығын кем дегенде 300 млрд. теңгені (шамамен 2400 млн. АҚШ доллары) құрайды. Атап өтер жайт, бұл қаржы негізінен жалпы және бала өлімін азайту, ер адамдардың өлімін азайту, ана мен баланың денсаулығын одан әрі жақсарту арқылы адам өмірін ұзартуға бағытталған. Бұл тұрғыдан алғанда, қазақстандық қоғам үшін әр адамның толық дене, психикалық саулығы мен әлеуметтік жақсы жағдайы да маңызды.

Жоғарыда аталғандар мен ойымызды қорытындылайтын болсақ, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының жүйелі менеджментін жетілдіру мен жоспарлы түрде жүзеге асыруды жалғастыра беру қажет. Ал мұнда медициналық сақтандыру өзіндік маңызды орынға ие болуы тиіс.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». [Электронный ресурс] – Режим доступа: <http://www.bnews.kz/ ru/videonews/post/115508/>.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж. – Алматы: Казахстан, 1997. – 56-б.
  3. Головистикова А.Н., Грудцына Л.Ю. Права человека: учебник. – М.: ООО «Издательство «Эксмо»», 2008. – 448 б.
  4. Игенбаев Б.М и Утегенов Е.К. Проблемы развития и улучшения медицинского страхования в Казахстане // http:// www.group-global.org/publication/view/7818.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.