Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Міндетті əлеуметтік сақтандыру қызметіне жалпы сипаттама

Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев 2012 жылды қорытындылауға жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясының міндеттерін іске  асыру  мəселесіне  арналған  кеңесте  əлеу меттік сақтандыру жүйесін дамытудың маңызды стратегиялық мəселе екенін атап өткен болатын:

«Əлеуметтік саланы – білім беруді, денсаулық сақтауды, жұмыспен қамтуды жəне əлеуметтік қорғауды – стратегиялық дамытудың барлық қырлары бүгінде əзірленіп жатқан Əлеуметтік дамудың жалпыұлттық тұжырымдамасында көрініс табуы тиіс. Президент əкімшілігіне əлеуметтік даму мəселелері жөніндегі менің тапсырмаларымның орындалуына бақылау жасауды күшейтуді тапсырамын», – деген болатын    мемлекет    басшысы. Сонымен  қатар «Қазақстан–2030 барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында: «Ана мен баланың денсаулығын қорғау бiздiң мемлекетiмiздiң, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тiкелей назарында болуға тиiс. Уақыт өтiп, қазына кiрiсi өскенде мемлекет үшiн де, отбасын қолдауға тиiмдi демографиялық саясат үшiн де қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттiк қолдау көрсетуге қаражат табамыз. Бiз бұрынғы уақыттан берi жəне қиындықтарға қарамастан бүгiн де осындай көмектi көрсетiп келемiз. Мен балалы болғысы келмейтiндерге салық енгiзу туралы ұсынысты көпшiлiк талқысына саламын. Одан түскен қаржыны көп балалы отбасыларды қолдауға жұмсар едiк. Бiзге жергiлiктi деңгейде де отбасын, əйелдiң жүктi кезiн жəне балаларды тəрбиелеудi қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер бiз адамгершiлiгi жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бiрбiрiнiң алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершiлiгiн күшейтуге тиiспiз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерiнiң қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, əйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда, елiмiз үшiн алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашан да тəн болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешiмдi көрсетiп, ол отбасы туралы заңда бейнеленуге тиiс.

...Салауатты тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгi көрсетiп отырған ата-аналарды айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар мен жұмыс берушiлерге осы тұрғыдан көтермелеудiң тиiстi нысандарын iздестiрудi ұсынар  едiм»,  –  деп  ана  мен  бала мəселесіне тоқталып кеткен болатын. Осыған сəйкес, нарықтық экономика жағдайында əлеуметтік қамсыздандыру мен əлеуметтік көмектерден басқа халықты əлеуметтік қорғаудың басым түрінің бірі, əлеуметтік сақтандыру болып табылады.

Міндетті əлеуметтік сақтандыру халықты əлеуметтік қорғау жүйесінде жұмыс істейтін «Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы аңының шеңберімен қамтылатын жеке тұлғалардың еңбек ету қабілетінен жəне жұмысынан, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты өзіне тиесілі табысты толығымен ала алмауына орай, олар алуға тиісті кірістің белгілі бір бөлігін айқындалған тұлғаларға өтеу мақсатында мемлекет тарапынан ұйымдастырылатын, бақыланатын жəне кепілдік берілетін шаралар мен іс қимылдар жиынтығын білдіреді.

Қазақстанның тəуелсіздік алуымен нарықтық қоғамдық қатынастарға тең болатын халықты əлеуметтік қорғаудың өзіндік жүйесі қалыптасуда. Өз өмірінің жағдайын қалыптастыруға деген əрбір адамның жауапкершілік деңгейінің артуы еліміздегі нарықтық экономиканың ерекшелігі болып табылады. Қоғамдағы əрбір адамның өзінің өміріне қауіп  төндіретін  жəне ол ондай жағдайды жалғыз өзі түзете алмайтын жағдайлар да болатынын атап өткен жөн. Осыған байланысты əлеуметтік сақтандыру нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін халықты əлеуметтік қатерден əлеуметтік қорғау нысандарын айқындайды.

Əдетте əлеуметтік қатерлердің мынадай белгілері болады:

Біріншіден, экономикалық қатер. Оған:

  • экономикалық дағдарыс, қайта құрылу өндірісті оңтайландыру, экономикалық қайта құрылу нəтижесінде жұмыс күшін ұсыну мен сұраныстың сəйкес келмеуі себебінен еңбек ету қабілетінен айырылу қаупі;
  • жұмыс берушілердің қолайлы еңбек жағдайын жасап қауіпсіздік  техникасын қамтамасыз етуге қаражат жұмсауға ынтасыздығының салдарынан кəсіптік ауру, өндірістік жарақат  алуға  байланысты  еңбек ету қабілетінен айырылу. Мұндай жағдайларда қатердің себебі қызметкердің өзіне байланысты болмайды.

Екіншіден, кейбір қатерлер уақытша еңбек ету қабілетінен айырылу жəне зейнеттік  жасқа жетуіне байланысты жағдайлардың туындауына да тікелей байланысты.

Материалдық    қамтамасыз    етілмеу қатерін кəсіптік ауру, өндірістік жарақат алу мүмкіндігінің туындауы деп те қарастыруға болады. Мұндай  қатерлер  жалпы  сипат алады. Бірақ оның ерекшелігі бұл қатердің сақтандырылған барлық халыққа бір мезгілде туындамайтындығы. Сонымен қатар əлеуметтікэкономикалық жағдайлармен тығыз байланысты барлық халыққа бір мезгілде туындайтын қатерлер де бар, мысалы: инфляция, дефолт жəне т.б. Мұндай қатерлер əлеуметтік сақтандырылуға жатпайды.

Халықты əлеуметтік қорғауда сақтандырудың қажетті жəне маңызды жүйесін құру сақтандырылғандарды материалдық қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру төлемдерінің нақты  қызметін   анықтау   болып  табылады. Өз кезегінде бұл олардың көлемін, нысанын жəне сақтандыру төлемдерін төлеудің тəртібін белгілеудің əдістемелік негізін құрайды.

Халықаралық еңбек ұйымы – əлеуметтік қорғау ұғымын халықтың экономикалық белсенді бола алмау жəне өзін жоғары жалақылы еңбекпен айналыса алмауы жағдайында (кəрілік, денсаулық, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуы) оларға өмір сүруге қажетті жағдай жасап азаматтардың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеру деп түсіндіреді.

Осыған сəйкес, Қазақстандағы реформа жылдары əлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі құрылды.

Бірінші деңгей – Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген əлеуметтік төлемдер, яғни қоғамның дамуына азаматтың қосқан жеке үлесін есепке алмай бірдей деңгейде барлық азаматтарға беретін төлемдер (базалық зейнетақы төлемі, мемлекеттік  жəрдемақы, бала тууына/бала күтіміне берілетін бір реттік төлемдер);

Екінші деңгей – міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері мен "Мемлекеттік əлеуметтік  сақтандыру қоры" АҚ төленетін əлеуметтік төлемдер, яғни азаматтардың қоғамның дамуына қосқан жеке үлестерін ескере отырып қосымша əлеуметтік қамсыздандыру.

Үшінші деңгей – ерікті сақтандыру есебінен əлеуметтік төлемдер.

Бүгінгі күні əлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстандағы əлеуметтік-экономикалық катынастардың маңызды жəне қажетті элементтерінің бірі болып отырғанын атап өткен жөн. Республикадағы міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізін айқындайтын заңнамалық база жасалған. Сақтандырудың басқа түрлерінен (мүлікті, көлікті жəне т.б. сақтандыру) оның принципті айырмашылығы, ол еңбек қызметіне араласа алмауы себепті материалдық қамтамасыз етілмеуден азаматтарды қорғауды қамтамасыз етеді. Сондықтан əлеуметтік сақтандырумен ең бірінші өмір сүрудің негізгі көзі еңбек ақысы немесе табысы болып табылатын өз еңбегі арқасында өмір сүріп жүрген жалдамалы жұмысшылар қамтылған. Осылайша, міндетті əлеуметтік  сақтандыру  жүйесі   деп   мемлекет белгілейтін жəне кепілдік беретін міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен ережелер жиынтығын айтамыз.

Міндетті əлеуметтік сақтандырудың негізгі принциптері:

  • міндетті əлеуметтік  сақтандыру  туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың жəне орындаудың жалпылығы;
  • əлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет кепілдік берген шаралар;
  • əлеуметтік сақтандыру жүйесіне міндетті қатысу;
  • əлеуметтік қатер туған жағдайда əлеуметтік төлемдер төлеу үшін əлеуметтік аударымдарды пайдалану;
  • міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға əлеуметтік қатер туған жағдайда əлеуметтік төлем төлеу міндеттілігі;
  • міндетті əлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар қызметінің жариялылығы.

Міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі қызметкерлерге, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жəне Қазақстан Республикасының аумағында өздеріне табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда өзін-өзі жұмысын қамтыған адамдарға қатысты əлеуметтік төлемдер олар еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айырылған, сондай-ақ жұмысынан айырылған жағдайда міндетті түрде Мемлекеттік     əлеуметтік     сақтандыру  қоры арқылы жүргізіледі. Демек, мемлекет нақтылы азаматтарға (адамдарға, жеке тұлғаларға) қатысты əлеуметтік катерлі жағдай туындаған кезде олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген «Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген шарттылықтар негізінде міндетті əлеуметтік сақтандыру түрлері бойынша əлеуметтік төлемдерді алу құқығына кепілдік береді.

Осы Заңның 4-бабында міндетті əлеуметтік сақтандыру түрлері ретінде:

  • еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы;
  • асыраушысынан айырылу жағдайы;

3) жұмысынанайырылужағдайыкөрсетілген. Оның 8-бабына сəйкес: «Жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының  аумағында  табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмысын камтыған адамдар міндетті əлеуметтік сақтандырылуға тиіс».

Осы «Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы халықты əлеуметтік қорғау жүйесінің тиісінше жұмыс істеуіне айтарлықтай септігін тигізетін, тиісті азаматтарды, олардың отбасы мүшелерін жəне тұрғылықты халықтың өзге де санаттарын əлеуметтік қатерлі жағдайлардан сақтандыру қорғауымен қамсыздандыруға аса қажетті Мемлекетік сақтандыру қорын құрудың құқықтық  негізін  қалыптастыратын,  сондайақ осы ауқымдағы əлеуметтік аударымдарға, əлеуметтік төлемдерге жəне тиісті субъектілердің мүліктік мүдделеріне байланысты туындайтын материалдық сипатты қоғамдық қатынастарды мұқият реттейтін нормативтік-құқықтық акті болып табылады.

Бүгінде  Қазақстан Республикасындағы міндетті əлеуметтік сақтандыруды құқықтық реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының,  «Сақтандыру қызметі туралы», «Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жəне өзге де нормативтікқұқықтық  актілерінің  принциптері мен ережелеріне негізделеді. Бұл орайда ескеретін маңызды  жайт,   егер   Қазақстан   Республикасы бекітілген халықаралық шартта «Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан өзгеше белгіленсе, онда осы халықаралық шарт қолданылады.

Міндетті əлеуметтік сақтандыру еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу жəне жұмысынан айырылу сияқты əлеуметтік қатерлі жағдайлар аукымын қамтиды. Əлеуметтік қатерлі мол жайларды міндетті əлеуметтік сақтандырумен қамту нəтижесінде еңбек ету қабілетінен жəне жұмысынан айырылуына əкеп соқтырған оқиғаның басталуы салдарынан өзі үшін əлеуметтік аударымдар, міндетті əлеуметтік аударымдар жүргізілген, міндетті əлеуметтік  сақтандыру  жүйесіне   қатысушы, не қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелері заңға сəйкес тиісті көлемдегі əлеуметтік төлемдерді алу құқығына ие болады.

Сонымен, «Міндетті əлеуметтік сақтандыруды құқықтық реттеу» Қазақстан Республикасындағы азаматтарды əлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асырағым нысаны – міндетті əлеуметтік сақтандыру қорының жұмыс істеуінебайланыстытөлеушініңтиістіəлеуметтік аударымдар жүргізуі, сондай-ақ еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан жəне жұмысынан айырылған жағдайда нақтылы тұлғаға уəкілетті орган мен Орталықтың əлеуметтік төлемдер тағайындауы əрі оны жүзеге асыруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығынан қалыптасатын сақтандыру құқығының Ерекше бөлімінің институтын білдіреді.

Қазақстан Республикасының, «Міндетті əлеуметтік  сақтандыру  туралы»  2003 жылғы 25 сəуірдегі Заңынын 1-бабының 9) тармағына сəйкес міндетті əлеуметтік сақтандыру дегеніміз

  • еңбек ету қабілетіне айырылуына жəне жұмысынан айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне орай табысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын жəне кепілдік беретін шаралар жиынтығы. Міндетті əлеуметтік сақтандыру келесі түрлерге бөлінеді:
  • еңбек ету қабілетінен айырылған жағдай;
  • асыраушысынан айырылған жағдай;
  • жұмысынан айырылған жағдай;
  • жүктілігіне жəне босануына байланысты табысынан айырылған жағдай;
  • жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдай;
  • бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдай.

Міндетті əлеуметтік сақтандыру қоры осы міндетті əлеуметтік сақтандыру түрлеріне əлеуметтік төлемдерді тағайындайды. Əлеуметтік төлемдер бұл алушының пайдасына қор жүзеге асыратын ай сайынғы төлемдер болып табылады. Əлеуметтік төлемдерді тағайындау тəртібі төменде көрсетілген тəртіппен жүргізіледі:

Əлеуметтік  төлемдерді  тағайындауға өтініш беру өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне əлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш беру арқылы жүзеге асырылады. Өтініш тізбесіне осы заңмен белгіленетін құжаттар қоса тіркеледі.

Орталықтың құрылымдық бөлімшелері төлемдер тағайындау жөнінде қажетті құжаттарды кабылдап алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды əлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уəкілетті органға береді.

Əлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уəкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастaп он жұмыс күні ішінде оларды қарайды жəне  əлеуметтік  төлемдер  тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Əлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уəкілетті органның, табыс етілген құжаттардың дұрыстығына тексеру жүргізуге құқығы бар. Осы мақсаттарда ол табыс етілген құжаттарды сараптамаға жіберіп, оларды беруге негіз болған құжаттардың бар-жоғын тексере алады. Бұл ретте əлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім қабылдаудың кешіктірілуі жəне шешім қабылдаудың ұзартылуы мерзімдері, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабардар етілуі тиіс.

Кейінгі өтініштер берілген кезде əлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уəкілетті орган өтініш қайталап берілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде төлем тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды жəне төлем тағайындаудан бас тарту себептері мен шағымдану тəртібін көрсете отырып, ол туралы орталықтың құрылымдық бөлімшелері арқылы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлайды.

Əлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уəкілетті органның шешіміне сот тəртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Қазақстандағы міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесі жүйеге қатысушыларды, яғни республикадағы жұмыспен қамтылған халықты əлеуметтік қорғаудың қосымша түрі болып табылады. 2005 жылдан бастап міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға əлеуметтік қатер туған жағдайда əлеуметтік төлем төлеу жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылған "Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан əрі – Қор немесе МƏСҚ) қаржы ресурстары есебінен жүргізілуде. Бұл ретте МƏСҚ қаржылық ресурстары "Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген ставкалар бойынша төлеушілер төлейтін, қорға аударылған əлеуметтік   аударымдарды   шоғырландыру жəне əлеуметтік салықты  қайта  бөлу жолымен қалыптастырылады. Орган тиісті шешім шығарғаннан кейін бұл туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлайды. Жəрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда уəкілетті орган бас тартудың себебін жазбаша дəлелдеуге жəне өтініш берушіге құжаттарды қайтаруға міндетті.

Уəкілетті орган тиісті органдардан өтініш берушінің балаларға арналған жəрдемақы тағайындалу құқығын растайтын мəліметтер сұратуға құқылы.

Өтініш берушінің уəкілетті органның əрекетіне жəне шешіміне жоғары тұрған уəкілетті органдарға, сондай-ақ сот тəртібімен шағым жасауға құқығы бар.

Толық мемлекет қарауындағы балаларға жəрдемақы тағайындалмайды.

Төлемді тағайындайтын немесе төлеуді жүзеге асыратын органның кінəсінен уақтылы алынбаған жəрдемақылар сомалары өткен уақыт үшін мерзіміне шек қойылмай төленеді.

Əлеуметтік қамсыздандыру жəне əлеуметтік сақтандыру категорияларының ісəрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің жұмыс  күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен – еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар əлеуметтік қамсыздандыру жəне əлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.

Əлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:

  • ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына карай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;
  • əлеуметтік қорларға, көбінесе əлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-əрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-əрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.

Бірінші қағидатқа негізделген жəне Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

  • зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;
  • əлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;
  • жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу. Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жанжақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары арақатынасы жағдайында тиімді болды. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кəсіптік жəне əлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.

90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы əлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауынан да, сондай-ақ əлеуметтік қорларға оларды толық жəне уақытылы аударып отыруға төлеушілердің мүдделігінің болмауынан да əлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдығының төмен деңгейінде көрінетін еді; бұл зейнеткер мен жəрдемақылар алатындар алдында берешектігі үлкен көлеміне жеткізді; əлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкөріс  минимумындағы қажеттіліктерін қамтамасыз етпеді жəне қорлар қаражаттарының аса шектеулілігі жағдайында əлеуметтік төлемақыларды өнбойы индексациялап отыру кажеттігін тудырды.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттың іс-əрекетіне негізделген жүйе былай сипатталады:

  • зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
  • зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін ең аз белгіленген күнкөріс минимумын сақтау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктері;
  • зейнетақы жинақ ақшасын жəне əлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;
  • зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;
  • еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен қамсыздандыру үшін жеке жауапкершілігі;
  • инвестициялаудың тиімділігін жəне зейнетақы жинақ ақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;
  • қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
  • зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жəрдемдеседі. Міндетті əлеуметтік сақтандыру мынадай түрлерге бөлінеді: еңбек ету қабілетін жоғалтқан жағдай; асыраушысынан, жұмысынан айырылған жағдай.

Жұмыс істейтін қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жəне табыс келтіретінқызметтіжүзегеасыратыншетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар міндетті əлеуметтік сақтандырылуға тиіс.

Қазақстан  Республикасының  салық заңнамасына сəйкес арнаулы салық режимі қолданылатын  өзін-өзі   жұмыспен   қамтыған адамдар үшін олардың өз пайдасына төлейтін əлеуметтік аударымдардың мөлшері белгіленген. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда əлеуметтік  төлем  өзі  үшін  əлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, əлеуметтік төлем алуға өтініш берген уақытта жұмыс тоқтатқанына немесе істеп жатқанына қарамастан тағайындалады.

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда ай сайынғы əлеуметтік төлемдердің мөлшері əлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың    заңнамалық    актіге    белгіленген ең төменгі жалақының сексен пайызын шегергендегі орташа айлық мөлшерін табысты алмастырудың еңбек ету қабілетінен айырылу мен қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.

Бұл ретте табысты алмастыру коэффициенті 0,6 болады. Еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенті: жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дəрежесі сексеннен 100 пайызға дейін болатын еңбек ету кабілетінен айырылған адамдар үшін – 0,7; жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дəрежесі алпыстан сексен пайызға дейін болатын еңбек ету қабілетінен айырылған адамдар үшін – 0,5; жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дəрежесі отыздан алпыс пайызға дейін болатын еңбек ету қабілетінен айырылған адамдар үшін – 0,3.

Қатысу өтілінің коэффициенті міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін əлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы үшін: алты айдан кем болғанда – 0,1; алты айдан он екі айға дейін – 0,7; он екі айдан жиырма төрт айға дейін – 0,75; жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін – 0,85; отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін – 0,9; қырық сегіз айдан алпыс айға дейін – 0,95; алпыс жəне одан да көп айларға – 1,0 болады.

Алушы жасына қарай зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа жеткен кезде еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайында берілетін əлеуметтік төлемдер тоқтатылады.

Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе кайтыс болды деп жариялаған) асыраушының өзі үшін əлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысының мына отбасы мүшелері асыраушысынан айырылған жағдайда əлеуметтік төлемдер тағайындалуға жəне алуға құқылы:

  • он сегіз  жасқа  толмаған  болса, олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері. Бұл ретте ағаінілерінің, апа-сіңлілері мен немерелерінің еңбек етуге қабілеті ата-аналары болмаған немесе олар ата-аналарынан алимент алмаған жағдайда. Егер жоғарыда аталған адамдар жалпы орта, бастауыш кəсіби білім беретін оқу орындарының орта кəсіби жəне жоғары кəсіби білім беретін күндізгі нысанында оқыған жағдайда, əлеуметтік төлем оқу орнын бітіргенге дейін беріледі;
  • жасына жəне еңбек қабілеттігіне қарамастан, ата-апасының біреуі немесе жұбайы, аға-інісі немесе апа-сіңлісі, егер ол қайтыс болған асыраушысының бір жарым жасқа толмаған балаларын, аға-інілерін, апа-сіңлілерін немесе немерелерін күтіп-бағумен айналысатын болса.

Өздері үшін міндетті əлеуметтік аударымдар жүргізілген ата-ананың – міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған əлеуметтік төлемдер заңнамалық актіге сəйкес айырылып қалған əрбір ата-ана үшін асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) төленеді.

Бала кезінен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға əлеуметтік төлемдер мүгедектік белгіленген мерзімге тағайындалады. Еліміздің міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесінің  енгізілуінің  негізгі   мақсаты базалық мемлекеттік жəрдем ақылар қосымша төлемдерден басқа əлеуметтік                      қатер     туған жағдайда əлеуметтік аударымдар жүргізілген жұмыс істейтін азаматтарды қамтамасыз ету болып табылытынын атап өткен жөн.

МƏСЖ қатысушысы үшін міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін əлеуметтік төлемдердің Қорға түскен əлеуметтік аударымдардың  нақты мөлшеріне жəне ұзақтығына байланысты болады.

Міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып жұмыс берушілердің жəне (немесе) өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз еткен тұлғалардың ай сайынғы əлеуметтік аударымдар төлеген еңбек шарттары бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар болып табылады. Осыған байланысты міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын еңбек ететін əйел жүктілігіне жəне босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алғаннан кейін жұмыс орнында жүктілігіне жəне босануына байланысты демалысқа шығып, тұрғылықты жерінде орналасқан зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне барып Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан (МƏСҚ) тағайындалатын жүктілігіне жəне босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайына бір реттік əлеуметтік төлем алуға құжаттарын өткізе алады.

Ана мен баланы əлеуметтік қорғау еңбек ететін əйелдермен қатар еңбек етпейтін əйелдерге де көрсетіледі. Бұл орайда жүктілігіне жəне босануына байланысты тағайындалатын əлеуметтік төлемдерден басқа жəрдемақыларға жаңа туылған баланың əкесі немесе шешесі құжаттарын өткізе алады.

2005-2010 жылдары Қазақстанда балалардың туылу көрсеткіштерінің жəне МƏСҚ-дан жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайына бір реттік əлеуметтік төлем алушылардың санының өсу қарқыны байқалады. 2011 жылдың 1-ші желтоқсанына дейінгі МƏСҚ-дан төленген əлеуметтік төлемдердің 93%-ы жүктілігіне жəне босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайына бір реттік жəне бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайға ай сайынғы төленетін əлеуметтік төлемдер болып табылады.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əлеуметтік қамсыздандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен Еңбек кодексiне мынадай толықтыру енгізілген болатын: «194-1-бап. Жүктілікке жəне босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлеудің ерекшеліктері. Егер бұл еңбек шартының жəне ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылған, жүктілікке жəне босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланыстытабысынанайырылғанжағдайдатөленетін əлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке, босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді».

Қазақстанда күшіне енетін əлеуметтік сақтандыру заңындағы өзгерістерге сəйкес, айлығы 186 мың теңгеден ($1=150 теңге) асатын əйелдерге жүктілік пен бала тууға байланысты берілетін бір реттік төлем бұрынғы мөлшерінен қысқартылмақшы.

24.01.2013 ж. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əлеуметтік қамсыздандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды. Заң жобасымен Үкімет пен уəкілетті органдардың құзыреті нақтыланып, тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтеу қарастырылған. Сондай-ақ «Байқоңыр» кешенінде жұмыс істеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты мəселелерді реттеу көзделіп отыр. Бұдан басқа теріс себептермен қызметінен босатылған судьялардың міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруы рəсімін айқындау да назардан тыс қалмаған. Заң жобасымен аннуитеттік сақтандырудың тартымдылығына жағдай жасау, сақтандыру компаниясынан біржолғы төлемдерді жүргізудің саралап жіктелген сызбасын белгілеу жəне əлеуметтік төлемдердің параметрлерін жетілдіру ұсынылады. Сонымен бірге жұмыс берушінің жүктілікке жəне босануға байланысты демалыстың, жаңа туған балаларды асырап алған қызметкерлерге демалыс беру төлемінің ерекшеліктері қарастырылған.

Жаңа өзгерістерге сəйкес енді «Байқоңыр» кешенінде жұмыс істеген азаматтар Орталықтан зейнетақыларын ала алады жəне ол ресейлік рубльдің теңгеге шаққандағы бағамымен есептеледі. Бұдан басқа, заң жобасында жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақтаған қаржылары  жеткілікті  болған  жағдайда  ерлер 55 жасында зейнетақы төлемдерін  ала  алады, ал əйелдердің төлем алу жасы 5 жылға кемітіліп отыр. Аталған құжатты əзірлеу зейнетақымен қамсыздандыру туралы жəне міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы қолданыстағы əлеуметтік заңнамадағы олқылықтарды жою қажеттігімен байланысты болып табылады. Бұдан бөлек, құжат зейнеткерлік жастағы адамдарды, міндетті əлеуметтік сақтандыруға жататын адамдарды əлеуметтік қорғауға, түптеп келгенде, олардың өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсартуға   бағытталған. Бұл ретте жобаның мақсаты орналасқан жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтеуге байланысты проблемаларды шешу, мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен  қатар   қабылданған   заңға сəйкес, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылардың құқықтарын кеңейту қарастырылады. Ол салушылардың зейнетақы жинақтарындағы сомасы жеткіліксіз болған жағдайда  зейнетақы  аннуитеті  шартын  жасау үшін өздерінің ерікті жəне ерікті кəсіби зейнетақымен, сондай-ақ меншікті қаражатымен толтыруды көздейді. Бұған қоса жинақтаушы зейнетақы  жүйесіне  қатысушылардың  санаты мен құқықтары да кеңейеді. Жинақтары жеткілікті  азаматтарға бірнеше сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитетін сатып алуға, сондай-ақ аннуитетті алу кезінде сақтандыру сыйақысы сомасын 30 пайыз мөлшерінде біржолғы төлем алу құқығы беріледі.

Жалпы,  əлеуметтік  сақтандырудың   дамуы халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін, мəдениетін, білімін, экономикалық жағдайын нақты баяндайтын көрсеткіш болып табылады. Сондықтан жүктілікті, босану мен аналықты міндетті əлеуметтік сақтандыруды енгізу ана мен бала өмірі маңызды орын алатын қоғам құруға жетелейді. Əлеуметтік сақтандыру ертеңгі күнге деген сенімдікті білдіреді. Сақтандыру қызметі азаматтардың болашақтағы кепілдігі. Əлеуметтік қамсыздандыру – еңбек етуге қабілетсіз адамдарды материалдық жəне тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі.

 

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Назарбаев Н. Қазақстан–2030: "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əлауқатының артуы": Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: Білім, 1998. – 3-96 бб.
  2. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы
  3. 2003 жылғы 25 сəуірдегі «Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
  4. 2000 жылғы 18 желтоқсандағы «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
  5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
  6. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім)
  7. Найманбаев С.М. Сақтандыру құқығы: оқу құралы. – Алматы: Жеті Жарғы,
  8. kz›Қазақша›…/news-details/id475/2/1

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.