Жәбірленушілер туралы ілім ретіндегі виктимология кешенді сипатқа ие, өйткені конституциялық,қылмыстық,қылмыстық-ісжүргізу, азаматтық, азаматтық-іс жүргізу құқығының ережелерін біріктіреді. Аталған салалардың нормалары жәбірленушінің белгілерін анықтауға, оның құқықтары мен міндеттерін анықтауға, құқықтар мен міндеттердің жүзеге асырылу сатысын анықтауға мүмкіндік береді.
Виктимологиялық сақтандыру – бұл әлеуметтік институттардың виктимді жүріс-тұрысты қалыптастыратын және қылмыстардың жасалуына себепкер болатын факторларды, себептерді, жағдайларды анықтауға; олардың қорғаныс қасиеттерін қалпына келтіру немесе белсенді ету мақсатында виктимділігі жоғары дәрежедегі тәуекел топтарын және нақты тұлғаларды анықтауға; жеке және заңды тұлғаларды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғаудың арнайы шараларын жасап шығаруға сондайақ, оларды жетілдіруге бағытталған арнайы қызметі. Бұл бағыт өзінің дамуын шетелде алды. Джозеф Ф. Шели бірінші виктимологтар деп, криминологияның оларға қарсы қылмыстардың жасалуына жәбірленушілердің өздерін кінәлап келгендігіне қарамастан, осы криминологтарды санау керектігін атап көрсетеді [1, б. 223].
Криминологиялық әдебиеттерде жәбірленушінің тұлғасының және жүріс-тұрысының қылмыстық жүріс-тұрысты ынталандыруда маңызды рөл атқаратындығы атап көрсетіледі. Мысалы, В.П. Коноваловтың пікірінше, құрбандылық бұл объективті түрде мүмкін болып келетін жағдайларда өзінің виктимделуінен алыс болуға (жеке бас қасиеттерінің жиынтығына орай) субъективті қабілетсіз болудан, немесе орындайтын әлеуметтік рөлдерге әлде өзге себептерге байланысты қылмыстың құрбаны болуға деген ықтималдықтың объективті жоғары дәрежесінен көрініс табатын ерекше сипаттама болып келеді [2, б. 6].
Қылмыстылықтың виктимологиялық сақтандырылуы күрделі құрылымға ие, әртүрлі субъектілер, әртүрлі деңгейлерде, әр алуан түрде және нысанда, әртүрлі объектілерге қатысты, тұлғаның виктимдік жүріс-тұрысының және жеке басының қасиеттерінің көрініс табуының ерте және тікелей сатыларында іске асырылып отырады.
Е.О. Алауханов виктимологиялық сақтандырудың мақсаттарын, міндеттерін және нысандарын анықтаған кезде үш деңгейді: жалпы, топтық (арнайы), жеке топты бөліп көрсету керектігін атап көрсетеді [3, б. 90].
Жалпы деңгей – қоғамның криминалдық виктимделуіне және азаматтардың құрбандылық дәрежесінің төмендеуіне жағдай жасайтын себептер мен жағдайларды жоюға немесе бейтараптандыруға бағытталған әлеуметтікэкономикалық және мәдени-тәрбиелеу міндеттерін шешуден көрінеді. Жалпы деңгейде виктимологиялық сақтандыру нысанын ашып көрсете отырып, кез-келген адамның (оның виктимділігінің жеке дәрежесіне байланыссыз) қылмыстың құрбаны бола алатындығын есте сақтау керек. Бұл тұрғыдан алғанда объект болып қылмыстардың ықтимал құрбандары ретінде елдің барлық тұрғындары табылады. Виктимологиялық сақтандырудың аталған кезеңдегі негізгі міндеті – барлық азаматтарды ықтимал виктимдендірілуден тиімді әлеуметтік қорғау жүйесін жасау, қылмыстардың жәбірленушілеріменжәнеөзгеқұрбандарыменқатынас жасаудың қалыптасқан іс-тәжірибесін өзгерту. Яғни, осы міндетті орындау үшін заңдарды жетілдіру, жаңа мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарды, арнайы қызметтерді, көмек қорларын, сауықтыру орталықтарын және қылмыстардың құрбандарын қорғаудың өзге де мекемелерінқұру, аталғанжұмыстүрлерінатқару үшін арнайы кадрларды дайындау қажет. Осы деңгейдегі виктимологиялық сақтандырудың бағыттарының бірі болып ақпараттық қамтамасыз ету табылады. Тұрғындарға қылмыстардың жасалу тәсілдері, қылмыстардың қауіпті орындары және уақыты туралы ақпарат беру керек. Сондай-ақ, тұрғындарға кімдердің жиі қылмыстардың жекелеген түрлерінің құрбандары болып шығатындығы туралы хабарлау, қылмыстардың жекелеген түрлерінің алдын алу шаралары және тәсілдері туралы хабарлау қажет. А.Н. Костенконың пікірінше, тұрғындардың арасында криминологиялық білімді, яғни қылмыстарды тудыратын бастаулар туралы білімді тарату, қылмыстық мінезқұлықтың механизмі, қылмыстардың алдын алу әдістері туралы білімді тарату (насихаттау) жекелеген азаматтардың қылмыстардан сақтандыруға табысты қатысып отыруына жағдай жасайтын болады [4, б. 113].
Арнайы деңгей – мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және жекелеген азаматтар жүзеге асыратын, тұрғындардың жекелеген топтарының виктимдік қасиеттерінің іске асырылуына жол бермеу арқылы, қылмыстардың алдын алуға деген мақсатқа ие шаралардан көрінеді. Тиісінше, арнайы деңгейдегі виктимологиялық сақтандыру өзінің объектісі ретінде бүкіл тұрғындарды емес, оның виктимділігі жоғары жекелеген топтарын, мысалға, жұмыссыздарды, белгілі бір тұратын орны жоқ адамдарды, есірткіге салынған адамдарды, жезөкшелерді, маскүнемдерді және т.с. қарастырады.
Жеке деңгей – жәбірленушілердің қорғаныс реакцияларының белсенділігін арттыруға, сондай-ақ олардың жеке басының, мүліктік және өзге қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, жүріс-тұрысына немесе жеке бас қасиеттерінің жиынтығына қарап, үлкен ықтималдықпен қылмыскерлердің құрбандары болуы мүмкін тұлғалармен жеке сақтандыру жұмыстарын жүргізуден байқалады.
Аталған деңгейде қылмыстардың виктимологиялық сақтандырылуын Ішкі істер органдарының қызметкерлері, атап айтқанда учаскелік полиция инспекторлары жүргізіп отыруға тиіс, бұл міндеттер 2010 жылғы 23 маусымдағы № 282 «Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторларының және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі Ережелерде» белгіленген [5, б. 8].
Жеке виктимологиялық сақтандырудың және жоғарыда аталған ережелердің аясында учаскелік полиция инспекторы қылмыстардан және өзге құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан құқықтық қорғаныстың және өзінөзі қорғаудың тәсілдері және құралдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Дегенмен де, қазіргі таңда дербес түсіндіру жұмыстарымен шектеліп қалу жеткіліксіз, қала көшелерінде бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи технологияларды да қолданып отыруқажетдепесептейміз. Шетмемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, қала көшелерінде бейне бақылауды қолдану қылмыстылықтың азаюына және ықтимал құрбандарды анықтауға елеулі әсерін тигізеді, сондайақ полиция қызметкерлерінің жұмысын елеулі түрде жеңілдетеді.
Бірақ та, назар аударатын бір мәселе, тұрғын және қоғамдық бөлмелерде жасалатын қылмыстарды тікелей жәбірленушінің өзінің арандатуы, бұл бекітілмеген есіктер, бірінші және екінші қабаттың терезелері, аз таныс адамдардың арасында тұрғын бөлмеде ақшаның ірі сомасының немесе құндылықтардың, антиквариаттың бар екендігі туралы ақпаратты тарату болуы мүмкін. Басқа бір жағдайларда, керісінше, тұрғын бөлмелердің қымбат тұратын, сейфтік есіктерінің болуы қылмыскерді қылмыс (ұрлық, тонау) жасауға итермелеуі мүмкін.
Егер зорлықпен жасалатын қылмыстарды қарастыратын болсақ, онда олардың құрбандары болып көбінесе, әдепсіз өмір салтын ұстанып отырған, тәуліктің қараңғы мезгілінде жарамсыз киім киіп серуен құратын, осылайша қылмыскерді оларға қарсы тек зорлықшыл әрекет қана емес, ұрлық, қарақшылық, тонау, адам өлтіру және т.с. секілді қылмыс жасауға арандататын әйелдер және қыздар болып шығады. Қылмыстардың барлық түрлерінің алдын алу үшін учаскелік полиция инспекторы ықтимал құрбандардың әрбір түрі үшін жеке шаралар қолдану арқылы, жеке виктимологиялық сақтандыруды жүргізіп отыруға тиіс.
Виктимологиялық сақтандырудың тиімділігі виктимологиялық сипаттағы, криминологиялық факторларды жан-жақты ескеруге мүмкіндік беретін ауқымды ақпаратты талдаусыз мүмкін емес. Қылмыстардың жасалу орны, уақыты, тәсілі, оларға қылмыскерлер немесе жәбірленушілер ретінде тартылған тұлғаларға тән болып келетін санаттар – сақтандыру жұмысын ұйымдастырған кезде осының барлығын білу, қорыта талдау және ескеріп отыру қажет.
Жиналған ақпарат, оны зерттеу ықтимал жәбірленушілерді айқындауға мүмкіндік береді. Сөз жоқ, егер қылмыстық әрекеттерден жәбір көрген көптеген тұлғалардың құқық қорғау органдарына жүгінуден қашқақтайтындығын ескерсек, осындай тұлғаларды айқындау күрделі міндет деп саналады.
Әдебиеттер
- Криминология / Под. ред. Дж.Ф. Шелли /Пер.с. анг. СПб. 2003. – 223 с.
- Коновалов В.П. Изучение потерпевших от преступлений с целью совершенствования профилактики правонарушений. – М., 1982. 211с.
- Алауханов Е.О. Криминология. Учебник: Общая и Особенная части. – Алматы: Жеты жаргы, 2008. – 664 с. Костенко А.Н. Принцип отражения в криминологии. – Киев, 1986. – 113 с.
- Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 июня 2010 года № 282 «Об утверждении Правил по организации деятельности участковых инспекторов полиции органов внутренних дел и их помощников».