Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сақтандырудың ұғымы жəне оның бүкілəлемдік сақтандыру кеңістігінде атқаратын рөлі

Сақтандыру –  өндірістік  қатынастардың аса қажетті элементі болып табылады жəне ол əрқашан да өндіріс барысында туындайтын шығындар мен залалдардың орнын толтыруға, калпына келтіруге байланысты болады. Осы қоғамдық өндіріс процесінде екі қарама-қайшы құбылыс ұштастырылады. Біреуіне, адамдардың табиғи стихиялық апаттармен жəне басқа да төтенше қатерлі жағдайлармен күресіне байланысты адам мен табиғаттың арасындағы қарамақайшылық жатса, ал екіншісіне қоғамдағы адамдар арасында мүліктік жəне басқа да мүдделерге қатысты, қоғам ішінде туындайтын адамдардың арасындағы өндірістік байланыстарды қиындататын қарама-қайшылықтар жатады. Міне, осындай қарама-қайшылықтар келеңсіз нəтижелерге əкеп соғатын төтенше жағдайлар мен күтпеген қатерлі оқиғалардың туындауының объектілі негізін құрайды.

Егер қалыпты жүріп жатқан қоғамдық өндіріс процесі адамдардың саналы, мақсатбағдарлы  қызметтерінен тыс ғаламат төтенше жағдайлардың туындауына байланысты бұзылатын болса, онда сол қатерлі жағдайлар сақтандыру оқиғалары деп айтылады.Жоғарыда аталған жайларға  байла нысты   қоғамдық   өндірістің   қатерлі  сипатта болуы адамдар арасында стихиялық жəне басқа да ауыртпашылықтардың қиратып, жоюшы күштеріне қарсы тұру, болдырмау, алдыналу, əрі қарай тарауына жол бермеу, сондай-ақ келтірілген зиянның орнын талассыз толтыру жөніндегі объектілі қатынастарды туындатады. Бұл қатынастар – арнайы сипатта болатындықтан жиынтығында қоғамдық өндірісті қорғауды сақтандырудың экономикалық категориясын құрады. Осы категорияның ерекшелігі мынадай: қиратып-жоюшы оқиғаның кездейсоқ сипатта туындауы; ақшалай жəне натуралды сипаттағы өлшемдермен сипатталынып келтірілген зиянның төтеншелігі; аталмыш жағдайдың зардаптарының алдын алу, жоюдың жəне материалдық немесе өзге де зияндардың орнын толтырудың объектілі түрдегі қажеттілігі сияқты негізгі белгілер арқылы көрініс табады

Ал көрсетілген белгілер адамдардың өндірістік қызметтерінің аясында сақтандырылатын тəуекелдердің болатынын жəне сақтандыру қорғауының қажеттілігін дəлелдейді. Сақтандыру тəуекелі мен сақтандыру шаралары сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі маңызын білдіреді.

Сақтандыру талаптары болып қорғау, алдын алу, қалпына келтіру  жəне  т.б.  шараларды жүзеге асыруға қажетті сақтандыру қорын қалыптастыру, қоғамдық өндіріс аясындағы қорғауды сақтандырудьң экономикалық категориясының осы қор түріндегі материалдық нысанын көрсетеді. Аса кажетті осы сақтандыру қоры негізінде өндіріс аясында белгілі бір уақыт көлемінде жасалынатын ұлттық табыстың қайта бөлінуі есебінен қалыптастырылады. [275-301]

Сақтандыру қорының есепті жыл ішінде жұмсалынбай қалған бөлігі қорлану қорына түседі. Ал зиянның орнын толтыруға жəне т.б. шараларға жұмсалған бөлігі тұтыну қорын толықтырып қана қоймай, сонымен бірге өндіріске кеткен қаражаттардың қалпына келтірілуін толықтырып отырады.

Тағы бір айта кететін жайт, міндетті мемлекеттік сақтандыру ақша қоры мемлекеттің қаржы жүйесінің бюджет, банктердің қаржыларынан кейінгі буыны болып табылады. Алдында айтқанымыздай, сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржылармен байланыста болады жəне қаржылар сияқты ақша    нысандағы    құндық    белгілі  қорларды қалыптастыру, бөлу жəне қайта бөлу кезіндегі қозғалысын білдіреді. Осыған орай, сактандыруды басқа экономикалық категориялардан ажырата білу үшін оның өзіне тəн ерекшеліктерімен танысуымыз қажет.

Экономикалық категория ретінде сақтандыру мына келесідей белгілермен сипатталады:

  • сақтандыру кезінде  ақшалай  қайта бөлу қатынастары пайда болады. Осы қайта бөлу қатынастарының негізіне сақтандыру тəуекелінің болуы жəне сақтандыру оқиғасының туындау мүмкіндігі жатады;
  • сақтандыру кезінде тек сақтандыру ауқымындағы қатысушылар ғана қатысатын тұйықталған қайта бөлу қатынастары туындайды. Бұл жерде сақтандыру ақшалай қоры тек жаңағы қатысушылардың нақты белгіленген жарналары есебінен қалыптастырылады;
  • сақтандыру қорына жұмылдырылған сақтандыру төлемдері аумақтар көлемінде қайтарылады;
  • сақтандыру келтірілген зияндарды əкімшілік-аумақтық бөліністер арасында жəне белгілі бір уақыт көлемінде қайта бөлуді көздейді.

Демек, сақтандыру айтарлықтай көлемдегі аумақтық құрылымдар мен сақтандырылған объектілерді қамтуы керек жəне қатарынан бірнеше жыл бойы ешкандай төтенше жағдай орын алмаған болса, сақтандыру төлемдерін алдағы уақытта туындауы мүмкін залал-зияндарды қалпына келтіруге қажетті запастағы қор құрылуы тиіс.

Сақтандырудың экономикалық маңызы оның функциялары арқылы да көрініс табады. Олар сақтандырудың қаржы жүйесінің буыны ретіндегі ерекшеліктерінің қаржылардың функцияларына сəйкес келетінін көрсетеді. Сонымен, біздің ойымызша, сақтандыруға мынадай функциялар тəн болады: жұмылдыру функциясы; бөлу, қайта бөлу функциясы (тəуекелдік функция; алдын алу функциясы; жинақтау функциясы); бақылау функциясы.  Осы  функциялар өздігінен емес, тек сақтандыру қызметін жүргізу кезінде ғана іс жүзінде жүзеге асырылады. Жұмылдыру функциясының көмегімен мақсатты сақтандыру қорының қаражаттарын сақтандыру жарналары есебінен қалыптастыру қызметі жүзеге асырылады.

Бөлу  (қайта  бөлу)  функциясы  өз алдына үш функциядан тұрады: олар тəуекелдік (немесе  қалпына  келтіру)  функциясы;  алдын алу функциясы;  жинақтық  функция.  Бұл   жерде ең бастысы тəуекелдік жəне алдын алу функциялары болып табылады. Тəуекелдік функция тұйықталған сақтандыру қатынастарының ішіндегі зияндардың орнын толтыруды, қалпына келтіруді, апаттарға байланысты сақтандыру қаражаттарын кайта бөлуді жүзеге асырады. Алдын алу қатерлі жайттарды болдырмауға, сақтандыру тəуекелдерін мүмкіндігінше азайтуға бағытталған профилактикалық  шараларды жүргізуге қажетті функция болып саналады. Бақылау функциясы сақтандыру қорларының мақсатқа сəйкес қатаң қалыптастырылып, пайдаланылуын тексеріп, қадағалауды тиісті зандарға сəйкес жүргізеді.

1310 жылы Германияның Брютте қаласында көпестер мен қолөнер гильдияларының мүліктік мүдделерін корғау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын «Сақтандыру палатасының» құрылуы жоғарыда айтқанымыздың айғағы болса керек.

Мүлікті кəсіпкерлік қызметтің объектісі ретінде сақтандырудан басқа, өрттен сақтандыру да дами бастаған еді.  Кезінде өрттен    сақтандырудың    қарапайым    нысаны мүліктері бүлінген немесе өртеніп кеткен адамдарға көмектесу үшін жиналатын арнаулы алым түрінде болған. Əрине, бұл көмекті шын мəнісіндегі сақтандыру деп айта алмайтынымыз белгілі. 1866 жылғы Лондон қаласының орталығын жойып жіберген жойқын өрттен кейін демек, үйлер мен басқа да ғимараттарды сақтандыру мақсатында «өрт полисі» деп аталатын сақтандыру мекемесі, сондай-ақ 1667 жылы Норвегияның Христиания (кейіннен Осло деп аталған) қаласында Норвегиялық брандкасса кұрылған болатын. Бұлардың бəрі жəне басқалары өзара сақтандыру негізінде қызмет атқаратын, яғни тек келтірілуі мүмкін зардапзиянның орнын толтыруды ғана көздеген. Осы сақтандыру жүйесі теңіз сақтандыруында күні бүгінге дейін қолданылады [256].

Зымырап өтіп жатқан заман ағымында экономиканың дамуына байланысты жəне мүліктік мүдделерінің ұлғаюына қарай сақтандыру компанияларының саны мен айналымдық капиталдары өсе бастаған еді. Мəселен, он сегізінші ғасырдың алпысыншы жылдары Батыста мүлікті жəне жеке адамды сақтандырудың жүзге тарта түрі болды. Осыған қарап сақтандырудың дамып жатқан  экономика талаптарына сай келгенін байқаймыз. Тек бір ескеретін жайт, осы адам қызметінің барлық аяларына тез таралған сақтандырудың уақыт, заман талаптарына орай əдістері мен нысандарында əлсін-əлсін өзгертіліп отырған. Мысалы, 1706 жылы жер жүзінде бірінші рет өмірді сақтандыру жөніндегі қоғам құрылса, 1800 жылдары жануарларды, қаржылық шығындарды, қатерлі жағдайлардан үйлерді қиратып кіріп жасайтын ұрлықтан сақтандыру түрлері пайда болған. Көне Қазақстан аумағында дамыған сақтандыру жөнінде жазбаша деректер мен мағлұматтардың сақталмауына қарамастан отырықшы мекендер мен ірі қалалардың аясында қандай да болмасын нысандардағы сақтандыру іс-қимылдарының жүргізілгенін білеміз.

Енді өз елімізде сақтандыруға байланысты жасалған алғашқы қадамдар мен сақтандырудың одан əрі даму кезеңдерін баяндайтын сəт туған сияқты. Сақтандырудың Қазақстанға келуіне басты   себеп   болған    Қазан   революциясы деп  айтсақ  қателеспейміз.  Екінші  серпіліс 1921 жылы жүзеге асырыла бастаған жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуіне байланысты болды. Қазақстандағы (Қырғыз КСР) сақтандыру осы 1921 жылдың екінші жартысына таман қызу қолға алынып, оны ұйымдастырудың ұтымды нысандары, сақтандыру аппараттары мен бөлімдерін жəне олардың қызметкерлерін, оларды қажетті материалдармен жəне азықтүлік, киімдермен қамтамасыз ету мəселелері қарастырылып тұжырымдар мен ұсыныстар жасалған болатын.  Қазақстанның  (Қырғыз КСР) аумақтық-құрылымдық жəне мəденитұрмыстық ерекшеліктері ескерілген, талданған осы ұсыныстар кейіннен нормативтік актілер қабылдау кезінде негізге алынған еді.

«Мемлекеттік мүліктік сақтандыру туралы» 1921 жылғы қазанның 6-сындағы Х декретіне, орай Қазақстан аумағында 1921 жылдың  желтоқсанының  14-інде  Қырғыз КСР «Мемлекеттік мүліктік сақтандыру туралы Ережені» бекітті.

Мəселен, көзделген басты мақсаты мен атқаратын негізгі функциясы төтенше қатерлі жағдайлардың туындауына орай орын алатын зардаптар мен зиянның орнын толтыру, қалпына келтіру болып табылады. Сонымен бірге алдын алу шаралары да қарастырылады. Міне, осы жайттарға байланысты мемлекеттік сақтандыру ұйымдары мен жекеменшік сақтандыру компанияларының бірінші кезектегі міндеттері арнаулы мақсаттағы ақша қорларын құру болып саналады.

Сондықтан сақтандыру қызметінің мына келесідей түсінігін беруге болады: сақтандыру қызметі деп сақтанушылармен жасалған шарттардың негізінде олар төлейтін сақтандыру сыйлықақыларының   жəне   басқа   тартылатын қаражаттар есебінен мақсатты сақтандыру қорын құру арқылы сол шарттарда көзделген сақтандыру оқиғаларының болуы салдарынан занды немесе жеке тұлғаға келтірілген зиянның орын толтыру жəне алдын алу, қалпына келтіру шараларын жүргізу жөніндегі өкілеттіктері бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының іс-əрекеттерін айтамыз.

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Худяков. А.И. Страховое право. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 275-301 бет.
  2. Сман Б.У. «Понятие и система страхового дела» //Вестник КазНУ 2008 г. 20-27 бет.
  3. Найманбаев С.М. Сақтандыру құқығы. – 256 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.