Сақтандыру қызметі бүгінгі таңда қалай болмасын өндірістік аяда, салада жəне ортада келтірілген зиянды уақытылы əрі толығымен өтеу есебінен қоғамдағы əлеуметтік жəне құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мақсатты сақтандыру қорының уақытша бос қаражаттарын сақтандыру ұйымының инвестициялық қызметінде пайдалануға, сақтандыру өнімдерін өткізуге байланысты сақтандыру операцияларының дамуына, сондай-ақ ұлттық сақтандыру жүйесіндегі жаңа сақтандыру түрлерінің, оның ішінде кəсіпкерлік тəуекелдерді сақтандырудың заңнамалық жəне шарттық негіздерінің тиімділігіне мүдделік танытып отыр.
Сақтандыру қызметінің заңи аспектісі сақтандыру өтеуінің міндеттілігін белгілеу үшін жасалатын ерікті не міндетті сақтандыру шарты немесе тікелей заңнамалық акті негізінде тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғауымен қамтуға байланысты сақтанушы мен сақтандырушы қатысатын құқықтық қатынастарын білдіреді. Сақтандыру қызметі кұқықтық аспектісі мақсатты ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру жəне оларды əртүрлі төтенше əрі қолайсыз құбылыстар салдарынан, келтірілген зиянды өтеу үшін пайдалану жөніндегі нысандар мен əдістердің жиынтығынан тұратын кұқықтық қатынастар жүйесі ретінде жұмылдыру, өтемдік жəне қорғау алдын алу функциялары арқылы көрініс табады. Осы ретте сақтандыру:сақтандыру тəуекелінің болуына байланысты материалдық зиян келтіретін сақтандыру жағдайының орын алуы, занды жəне жеке тұлғалардың (сақтанушылардың) өздеріне келтірілуі ықтимал зиянды өтеуге деген мұқтаждықтарының қанағаттандырылуы, сақтанушы төлеген сыйлықақылар мен жарналар есебінен құрылған мақсатты сақтандыру қоры қаражаттарының сақтандыру өтеуінің нысанында қайтарылуы сияқты жəне т.б. өзіне тəн белгілерімен ерекшеленеді.
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (оның 2-бабының 1-тармағында көрсетілгендей) кəсіпкерлік қызмет түрі ретінде сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерін кұру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметін тоқтату ерекшеліктерін, өзге де жеке жəне заңды тұлғалардың сақтандыру нарығындағы қызметінің талаптарын, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу міндеттерін жəне сақтандыру қызметін қадағалауды қамтамасыз ету принциптерін белгілейді. Аталған заңмен тікелей реттелген сақтандыру қатынастарын қоспағанда, сақтандыруға байланысты туындайтын жəне өзге де заңнамалық актілер қолданылатын аядағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделетін сақтандыру ісі жəне сақтандыруқызметітуралызаңдармен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі.
Мемлекеттің, азаматтардың жəне шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін қаржылық, əлеуметтік жəне өзге де тəуекелдерден қорғаудың тиімді құралы, сондай-ақ ұзақ мерзімді ішкі инвестициялардың сенімді көзі ретіндегі сақтандырудың рөлін нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын реформалауды жалғастыру жəне оның басымды бағыттырын одан əрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 шілдедегі № 729 қаулысымен «Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілген болатын.
Сақтандыру нарығы сақтандыру өнімін сату жəне сатып алу, сақтандыру қорғауына байланысты сақтандыру өтемін жүзеге асыру нəтижесінде сақтанушылар, сақтандырушылар, үшінші тұлғалар арасында туындайтын, біртекті сақтандыру қызметтерін көрсететін сақтандырушылар қатарының көбеюіне орай қалыптасатын құқықтық қатынастардың жүйесі ретінде өзіне тəн сақтандыруды қамтиды. Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қатысушыларына («Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-сəйкес):сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтандыру брокері; сақтандыру агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; өзара сақтандыру қоғамы; сақтандыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалар жатады.
Нарықтық экономикада əрбір тұлға өз қаражаттарын қалай жұмсайтындығын, қандай бөлігін тұтыну қажеттілігіне жұмсап, қандай бөлігін жинақтайтынын өзі анықтайды. Адамға басқа адамдармен мəмілелер жасау мүмкіндігі беріледі. Сақтандыру нарығы осы ерекшеліктердің барлығын есепке ала отырып жұмыс істейді. Нарық экономика тұсында ұсыныс пен сұраныс еркін анықталып, нақты сақтанушыға қажет деген сақтандыру қызметі жүзеге асырылады. Осының барлығын реттеп отыратын, қажетті нормативтік актілерді шығарып, сақтандыру нарығына қатысушы субъектілердің іс-əрекеттерін бірыңғай реттеп отыратын өкілетті органдар – Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық Банкі жəне жақында ғана құрылған Қазақстан Республикасының Қаржылық рынокты жəне қаржылық ұйымдарды реттеу жəне қадағалау агенттілігі болып табылады.
Сақтанушы сияқты сақтандырушы да сақтандыру қатынастарының міндетті субъектісі болып табылады. Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес сақтандыру үнемі шартты нысанда болғандықтан, сақтандырушы үнемі сақтандыру шартының тарабы ретінде танылады. Бүгінде осы сақтандыру нарығын дамытудың негізгі проблемалары тұрғысынан өмірді жəне жеке басты сақтандырудың жаңа түрлерін дамыту, сақтандыру ұйымдарын корпоративтік басқару жүйесін енгізу, мамандандырылған қайта сақтандыру ұйымдарын құру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі жөніндегі статистикалық жəне өзге де деректер базасын қалыптастыру, сақтандыру компанияларының қызметін автоматтандыру мəселелері жəне т.б. айқындалып отыр. Бұл ретте сақтандыру нарығының кейбір проблемалары қатарына: сақтандыру ұйымдарының өз тəуекелдерін басқару сапасының төменділігін; рыноктағы жекелеген сақтандыру ұйымдары белсенділігінің жеткіліксіздігін; сақтандыру ұйымдарының өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтаушыларға заем беру жүйесінің дамымағандығын; сақтандыру ұйымдарының қызметтер көрсетуі сапасының төменділігін жəне т.б. жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы сақтандырудың рөлін арттыруға жəне жаңаша дамытуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын жетілдіру, сондай-ақ одан əрі реформалау мақсатында:
- ұзақ мерзімді жəне жинақтаушы жеке сақтандыру түрлерін дамытуды ынталандыру арқылы азаматтардың əлеуметтік қорғалу деңгейін жоғарылату;
- өзара сақтандыру жүйесін дамыту;
- сақтандыру мақсаттарын, сақтандыру заңдарын, сақтандыру аясында жүргізіліп жатқан реформаларды насихаттау жəне түсіндіру жөніндегі жұмысты күшейту, сақтандыру қызметін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған өзге шараларды жүзеге асыру жəне халықтың сақтандыру мəдениетінің деңгейін жоғарылату;
- сақтандыру ісін ақпараттандыру жəне автоматтандыру саласында жаңа технологиялар енгізуге жəрдем көрсету;
- міндетті сақтандыру саласы бойынша мемлекеттік саясаттың жəне міндетті сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру;
- сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру жəне оның қатысушыларын əрі олардың қызмет аясын айқындау;
- сақтандыру саласына қажетті мамандарды даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру;
- сақтандыру нарығын бірыңғай қадағалауға көшуді ескере отырып сақтандыру қызметін қадағалау жəне реттеу жүйесін ұйымдастыру;
- қайта сақтандыру жəне ортақ сақтандыру рыноктарын дамыту тəрізді міндеттемелерді шешуді нысаналаған.
Қазақстанда сақтандыру нарығын дамытудың негізгі қағидаларының біріне жеке сақтандыруды (personal assurance), оның ішінде ұзақ мерзімді (жинақтаушы) түрлерін дамыту жатады. Өйткені сақтандыру ұйымдары жеке сақтандырудың жинақтаушы түрлері арқылы экономикаға жеткілікті көлемде əрі ұзақ мерзімге ақша қаражаттарын тартып, институционалды инвестициялар жүйесінің дамуына айтарлықтай мүмкіндік туғызады жəне ел экономикасы үшін өте тиімді жағдай жасайды. Бұл орайда жеке тұлғалар жеке сақтандырудың жəне өмірді сақтандырудың барлық спектрі: қайтыс болуы жағдайын сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру; шартта белгіленген жасқа немесе мерзімге дейін өмір сүру жағдайын сақтандыру; еңбек ету қабілетін жоғалту жағдайын сақтандыру бойынша нақтылы сақтанушылар бола алатын азаматтар ретінде, ал жұмыс берушілер (заңды немесе жеке тұлғалар) өз қызметкерлерінің жазатайым оқиғаларға байланысты қайтыс болу жағдайын сақтандыруға, қосымша зейнетақыны сақтандыруға, қызметкерлерінің өмірін сақтандыруға жəне т.б. мəн-жайларға қатысты мемлекеттің заманауи заңдық талаптары жəне өз мүліктік мүдделері тұрғысынан сақтандыру құқықтық қатынастардағы əлеуметтік сақтандырушылар болуға мүдделік танытуға тиіс.
Жеке сақтандырудың дамыған нарығының болуы мемлекеттің халықты əлеуметтік қамтамасыз етуге жұмсайтын шығындарын азайта отырып, республикалық бюджеттің шығыс бөлігіне түсірілетін салмақты жеңілдетеді.
Жалпы алғанда, ұлттық сақтандыру нарығының ауқымындағы жеке сақтандыру нарығының дамуы қаржы нарығының дамуына əрі осы рынок ұсынып отырған сақтандыру ұйымдарының активтері инвестицияланатын құралдарға тəуелді болады. Бұл ретте сақтандыру ұйымдарының тəуекелдер жəне құралдардың мерзімділігі əрі өтімділігі бойынша активтерін диверсификациялауды қамтамасыз ету үшін елдегі бағалы қағаздар нарығын тиісінше дамыту қажеттілігі туындайды.
Жеке сақтандыруды, оның ішінде аннуиететтерді дамыту мақсаттарына: аннуитеттерді ұсыну, өмірді сақтандыру, еңбек ету қабілетін сақтандыру саласындағы заңдарды, оның ішінде жаңа сақтандыру өнімдерінің пайда болуын қамтамасыз ететін сақтандыру заңдарын реформалау, сондай-ақ салалардың жəне сақтандыру сыныптарының жіктелуін нақтыландыру мүмкіндігін қарастыру; өмірді сактандыруды (life assurance) жүзеге асыратын ұйымдардағы жинақ ақшаның сақталуын қамтамасыз ету; өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардың қалыптасуы үшін жағдай жасау; өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардың ұзақ мерзімді инвестициялары үшін мүмкіндіктерді кеңейту жолымен қол жеткізуге болады.
Əлемдік сақтандыру практикасында дəлелденгендей, елімізде де қазіргі заманғы сақтандыру нарығының маңызды элементтерінің бірі сақтандыру болып табылатыны дəлелденіп отыр. 2006 жылғы 5 шілдеде қабылданган «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Републикасының заңы да осы мəн-жайды негіздей түсетін сияқты. Өзара сақтандыру барысында заңды жəне жеке тұлғалар өздері құрған өзара сақтандыру қоғамы арқылы өздерінің мүліктері мен өзге де мүліктік мүдделерінің сақтандырылуын айқындайды. Өзара сақтандыру қоғамы өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативі ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға ретінде өзіне тиесілі қызметін қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің теңдігі əрі қоғам мүшелерінің өзара қорғалуы жəне өзара жауапкершілігі принциптеріне негіздеп жүргізеді. Өзара сақтандыру қоғамының қызметі бір тектес тəуекелдерге байланысты заңды немесе жеке тұлғалар кұрады.
Бүгінде сақтандыру нарығын, сақтандыруды жəне сақтандыру қызметін дамыту үрдісіндегі тағы бір маңызды көрініс халықтың сақтандыру мəдениеті болып табылады. Сақтандыру нарығының даму көрсеткіштері тұрғылықты халықтың сақтандыру мəдениетінің қалыптасуы деңгейіне тікелей байланысты болады. Бұл ретте халықтың сақтандыру мəдениетін тиісінше қалыптастыру саласында сақтандыру нарығын барлық кəсіби катысушыларының жəне олардың бірлестіктерінің, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен келісімделген халық үшін сақтандырудың тартымдылығын арттыратын: тұрақты негізде халық арасында сақтандыру нарығының кəсіби қатысушыларымен əрі олардың бірлестіктері мен бірлесіп сақтандыру қызметтерін көрсету нарығы жəне сақтандыру өнімдері туралы, оның ішінде көрсетілетін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мəселелері жөнінде толық жəне объективті ақпарат берілуіне бағытталған оқу-ағарту сондай-ақ түсіндірме жұмысын жүргізу; сақтандыру нарығы қатысушыларының кəсіби біліктілік деңгейін арттыруға бағытталған тұрақты тақырыптық конференциялар жəне семинарлар өткізу; сақтандыру нарығындағы заңсыз немесе заңға қайшы қызмет, оның ішінде сақтандыру агенттерінің жəне резидент емес сақтандыру ұйымдары делдалдарының Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметі жөнінде халықты хабардар ету; сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу кезінде жəне сақтандыру қызметінің басқа да құжаттарында пайдаланылатын терминологияны бір ізге келтіру; сақтандыру ұйымдарының жəне олардың бірлестіктерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-əрекет етуді жандандыруы, көпшілік халық үшін сақтандыру жөнінде жалпы білім беретін əрі оқытатын бағдарламаларды ұйымдастыруы сияқты ісшаралар жүзеге асырылуға тиіс.
Өркениетті сақтандыру нарығын қалыптастырып, дамыту – қажетті инфрақұрылымдарды құру арқылы «сақтандыру тауарлары мен өнімдерін» сатушы мемлекеттік жəне мемлекеттік емес сақтандырушылардың бəріне бірдей жағдай жасау жəне ұдайы сақтандырушылардың мүддесі қорғау барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін айрықша құқықтық нормалар жиынтығы сақтандыру құқығы кешенді құқық саласы. Тағы бір айта кететін елеулі мəселе, еліміздің сақтандыру заңдары саласының айтарлықтай жетілдірілуі. Осы заңдардың қатары келешекте міндетті əлеуметтік сақтандыру жөнінде жəне басқа да міндетті сақтандыру түрлері бойынша қабылданатын заңдармен толықтырылатыны сөзсіз. Қазіргі таңда сақтандыру заңдары, сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметі саласында мемлекет тарапынан жасалынып жатқан шешуші өркениетті қадамдарға қосар үлессіз сақтандыру құқығының кешенді, күрделі құқық саласы ретінде дамуын жетілдіру, оның жүйесінің құрылымын сақтандыру заңдарына негіздеу, реттеу болып отыр.
Əдебиеттер
- Шахов В.В. Страхование. – М.,1989.
- Худяков С.В. Страховое право. – Алматы,
- Сергеев А.П. Толстой Ю.К. Гражданское право Ч. II. – М.,
- Закон Республики Казахстан «О страховой деятельности» от 18 декабря 2000 // Казахстанская правда. – 2000. – 25 декабря.
- Идельсон В.Р. Страховое право. – Петроград,