Ынтымақтастық

Бұл мақалада бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері қарастырылған. Автор трансшекаралық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың құқықтық негізін реттейтін халықаралық-құқықтық нормаларды қарастыруға тырысқан.Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты реттеу бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың техникалық шарттары, халықаралық ақпарат алмасу, таратылатын ақпарат мазмұны сияқты негізгі мәселелерге тәуелді. Автор осы мәселелердің халықаралық-құқықтық реттелуіне назар аударған. Мақалада мемлекеттер арасындағы ақпараттық мәселелерді шешетін екіжақты және көпжақты мемлекетаралық келісімдерге талдау жасалған.
2014

Мақалада жаңа деңгейге шыққан Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық, әсіресе энергетикалық және мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық қарастырылады. Бүгінгі күні Қытайдың жоғары қарқынды экономикасы отын-энергетикалық кешенінің дамуымен толық қамтамасыз етпеуде. Елде энергия көздерінің жетіспеушілігі арта түсуде, бұл оны энергия көздердің нетто-импортерлер санатына өтуге әкелуде. Ауылшаруашылығының қажеттілігін энергия көздерімен қамтамасыз ету мемлекеттің сыртқы саяси стратегиясы факторларының біріне айналдыруда. Қытайдың энергетикалық дипломатиясының негізгі түйіні – елдің қажеттілігін тұрақты және жоғары тиімді энергия көздерімен, яғни мұнай және табиғи газбен қамтамасыз ету. Ал Қазақстанның мұнай-газ саласы жоғары инвестициялық тартымдылықты сақтай отырып, белсенді түрде өсу арнасында. Сонымен бірге мақалада энергетика саласындағы ынтымақтастық екіжақты қатынастарды дамытуда зор мәнге ие екендігі де атап өтілген. Тараптар өзара тиімді қағидаттар негізінде энергетикалық ынтымақтастықты үздіксіз кеңейтумен қоса әлі де тереңдетуге ниет білдіретіндіктері айтылады.
2014

Мақалада Орталық Азия мемлекеттерінің экологиялық мәселе­ лерді реттеудегі ынтымақтастығының кейбір жақтары қарастыры­ лады. Атап айтқанда аймақтағы шешімін таппай отырған көптеген экологиялық мәселелердің бірі ретінде су мәселесіне, су тапшылы­ ғына ерекше көңіл бөлінген. Трансшекаралық көлдер мен Арал те­ ңізінің салдарлары сияқты мәселелерді шешудегі орталық азиялық елдер арасындағы ынтымақтастықтың бағыттары қарастырылған. Аймақтағы ең маңызды трансшекаралық экологиялық мәселелердің бірі Арал теңізіне ерекше назар аударылған. Орталық Азиялық бес мемлекеттің бастамасымен 1993 жылы Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылған болатын. Аталмыш қордың қызметіне баға берілген. Орталық Азиядағы экологиялық мәселелер тек аймаққа ғана емес, бүкіл ғаламдық экологияға әсер етуі жағынан аса маңызды мәселе­ лердің бірі. Әрине оларды шешуге аймақ мемлекеттері біріге отырып атсалысқанда және осы орайда интеграциялық үрдістің, аймақтағы ұйымдардың маңыздылығын арттыру қажеттілігі  қарастырылған.
2015

Венесуэла Латын Америкасында ғана емес, сонымен бүкіл батыс жарты шарда өзіндік ерекше орны мен беделі бар мемлекет санала­ ды. Екі жақты саяси және экономикалық ынтымақтастық Венесуэлада билік басына Уго Чавес келгеннен кейін жандана бастады. Мұнайдың аса бай қорына ие мемлекет ретінде Венесуэла Латын Америкасы ел­ дері ішінен АҚШ, Канаданы энергетикалық ресурстармен қамтама­ сыз етуші бірден­бір мемлекет болып есептеледі. Уго Чавес тұсында Венесуэла үкіметі Ресей Федерациясының Латын Америкасы бағы­ тындағы саяси, дипломатиялық, экономикалық және әскери белсен­ ділігінің артуына оң көзқарас білдіріп, Мәскеудің батыс жарты шар­ дағы ықпалының артуын жақтады. Ресей Федерациясын қазіргі және болашақтағы көпполюсті әлемнің ажырамас бөлігі ретінде қарастыр­ ды. Қазіргі кезеңде Ресей негізінен идеологиялық қағидалар негізін­ де емес, ең алдымен сауда  және экономикалық факторлар негізін­  де Латын Америкасы елдерімен ынтымақтастықты арттыруға назар аударуда. Мақалада екі жақты қатынастардың саяси, экономикалық, әскери салалардағы қарым­қатынасы қарастырылған.
2015

Мақалада Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосы­ луына байланысты қазақстандық-­американдық қатынастардың сипаты ашылып, олардың даму перспективалары қарастырылған. Қазақстан Еуразия кеңістігінде интеграциялық үдерістерді ынталандыра отырып, көпвекторлы саясатты жалғастыруға мүдделі болуда. Осы нық орнық­ қан бағдардың түпкілікті қағидаттары мен құндылықтарына бекем болу – біздің мемлекетіміздің даму шарттарына сәйкес келетін сыртқы саясаттың жалғыз үлгісі болып табылады. Қазақстанның АҚШ және Батыстың басқа елдерімен өзара іс­қимылдары еліміздің көпвекторлы сыртқы саясатының өміршеңдігі мен серпінділігін көрсете білді. Ма­ қалада Қазақстан Республикасы мен АҚШ­тың сауда­экономикалық саласындағы ықпалдастығының кейбір жетістіктері мен мәселелеріне талдау жасалған. Қазіргі таңда Қазақстан – АҚШ қарым­қатынастары әлемдік саясаттың түйінді мәселелері бойынша ұстанған бағыттары­ ның, сондай­ақ ықпалдастықтың басым салаларындағы ұзақ мерзімдік ұлттық мүдделерінің жақындығымен ерекшеленетіндігі атап өтіледі.
2015

Мақалада Дүниежүзілік кеден ұйымы шеңберінде тауарды кеден шекарасынан өткізу тәртібі бойынша мемлекеттер ынтымақтастығының кейбір мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар Дүниежүзілік кеден ұйымы салаларының белсенді қызметі; осы ұйымға мүше мемлекеттердегі кеден органдарының қызмет сапасын арттыру; кеден шекаралары арқылы тауар, адам және капитал айналымын реттеудегі үрдістерді жеңілдететін кедендік тетіктерді бірыңғайлаудың құқықтық қырлары және халықаралық кедендік стандарттарға байланысты мәселелер қарастырылған. Қорытындылай келе, авторлар Дүниежүзілік кеден ұйымы аясында кедендік істердегі халықаралық ынтымақтастық мүше мемлекеттер арасында халықаралық құқықтық және ішкі құқықтық жүйе арқылы кеден және сауда қатынасын жеңілдетуге қолайлы жағдай жасайды, халықаралық үкіметаралық ұйымдар қызметі мемлекеттердің экономикалық тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етеді, ал Дүниежүзілік кеден ұйымы осындай ынтымақтастықтың институциялық негізі болып табылады деген пікірге келеді.
2015

Мақалада Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының арасындағы ынтымақтастықтың даму барысы қарастырылған. Соның ішінде екі ел арасындағы барлық салаларда қол қойылған екіжақты келісімшарттардың ынтымақтастықты дамытудағы маңыздылығы сараланған. Сонымен қатар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты байланыстардың дамуы барысында дипломатиялық қатынастарды анықтайтын мәселелер де қарастырылған. Қазақстан  Республикасы  мен  Қырғызстан  Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастар стратегиялық, тең құқықты әріптестік бағытында даму үстінде. Бұған екі елдің көптеген өзекті халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша ұстанымдарының ұқсас және бірдей екендігі дәлел бола алады. Болашақта Қырғызстан мен Қазақстан әрі қарай да өздерінің достастық қарым-қатынастары мен стратегиялық серіктестігінің тереңдетілуін көздеп отырған мемлекеттер екені сөзсіз.
2015

Мақала қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі – Еуразиялық Одақ пен Қазақстан тақырыбына арналған. Ғылыми мақалада, автор, Еуразиялық Одақ идеясының пайда болуын, оның даму кезеңдерін, қазіргі кездегі жобаның жүзеге асырылуын, әлемдік саясаттағы маңыздылығын қарастырған. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен Қазақстанның экономикалық мүмкіншіліктерінің артуы мен одақ елдері арасындағы қатынастың дамуы көрсетілген. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасы ТМД аймағы үшін – жаңашыл жоба болып табылады. Еуразиялық бастама сол жылдардағы қиындықтардың алдын алуға бағытталып, стратегиялық негізге ие болды. Еуразиялық Одақ идеясы дегеніміз ең алдымен аумақтың тұтастығын, саяси егемендігін және мемлекеттердің басқа да тұрақты сипаттамаларын сақтайтын тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық одағының идеясы. Еуразиялық Одақтың басым бағыты – прагматикалық өзара тиімді экономикалық бірлесу негізінде болып  табылады.
2015

Мақалада қазіргі кезеңдегі Human security шеңберіндегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық қауіпсіздік саясатының дамуы зерттеледі. Авторлар, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі аймақтың дамуына тікелей әсер ететін мәселелерді екі категорияға бөліп қарастырады. Бірінші категорияға жеке тұлғаның өмір сүруіне ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық мәселелерді, ал екінші категорияға экологиялық қауіпсіздік мәселелерін  жатқызады. Мақалада, аталған әлеуметтік-гуманитарлық және экологиялық мәселелердің жеке тұлғаның өмір сүру деңгейі мен сапасына үлкен ықпал ететіні дәлелденеді. Босқындар, миграция, адам сату және денсаулық сақтау мәселелеріне кеңінен талдау жасалып, соңғы кездегі статистикалық мәліметтер көрсетіледі. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың маңыздылығы анықталады. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университетінің  мақсат-бағыттары айқындалады.
2015

Көпвекторлы сыртқы саясат тұжырымдамасы шеңберінде Қазақстан Республикасы еуропалық векторға үлкен назар және мән беріп келді. Ең әуелгі кезден бастап-ақ Қазақстанның Еуропадағы серіктестерінің бірі Ұлыбритания болды. Тәуелсіздік таңында бұрынғы кеңес республикасы- на ең бірінші болып сапар шеккен шетелдік мемлекет басшысы дәл осы Ұлыбританияның премьер-министрі Маргарет Тэтчер еді. Қазіргі кезде Ұлыбритания әлемдегі «триллиондық» деп аталатын экономикалар тізі- міне кіреді, Қазақстан аумағындағы жобаларға тікелей инвестиция салу көлемі жөнінен үшінші орында тұр. Ұлыбританияның Қазақстан Респуб- ликасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Пол Браммел мырзаның айт- уынша: «27 Еуропалық Одақ елдерінің ішінде дәл Ұлыбритания Қазақ- стан үшін нөмірі бірінші сауда-экономикалық серіктес болып табылады. Біз бұл экономикалық ынтымақтастықтың деңгейін көрсететіндей бұдан да толыққанды қатынас құруымыз қажет». Екіжақты қарым-қатынастың негізін мұнай, газ және қаржылық сектордағы ынтымақтастық  құрай- ды. Қазақстан экономикасындағы британ инвестициясының көлемі өсіп келеді, Лондон биржасына акцияларын шығарып келе жатқан қазақ- стандық фирмалардың саны артып келеді. Қазақ-Британ қарым-қаты- настарындағы басым бағыт – экономика және сауда саласындағы ын- тымақтастық. ҚР мен Ұлыбританияның сауда-экономикалық байланысы өзара байланыстардың кең спектрін қамтиды, соның ішінде тікелей жә- не жанама инвестициялар, бірлескен кәсіпорындар құру және бірлескен ортақ  жобаларды  жүзеге асыру.
2015

«Оңтүстік дәліз» жобасының стратегиялық маңызы және жаһан­ дық энергетикалық қауіпсіздік жүйесіндегі маңызы мен рөлі аталып көрсетіледі. Еуропалық Одақтың энергожеткізілімдерді әртараптан­ дыруға байланысты саясаты және осыған байланысты жобаны қол­ дауы белгіленеді. Келешекте бұл дәліз арқылы Таяу Шығыстан да табиғи байлықтарды тасымалдау мүмкіндігі қарастырылады. Табиғи газдың көміртексіз электрэнергетикасына өтудегі резервтік отын ре­ тінде қарастырылуы қозғалады. Еуропалық Комиссияның «Оңтүстік дәліз» жобасына қатысты берген бағасы мақалада көрсетілген. Еуро­ палық Одаққа мүше елдердің энергетикалық саясаты да аталады. Дәліз жобасына енетін газ құбырларының маршруттарына да мән беріліп, қатысушы елдердің компанияларының пайыздық үлесі де аталып көрсетіледі. Орталық Азияның мұнайы Еуропалық Одаққа энерготасымалдаушыларды жеткізуде әртараптандырудың шынайы нұсқасына айналып отырғаны да мақалада белгіленіп  көрсетілді
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.