Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан-Британ экономикалық ынтымақтастығының кейбір астарлары

Жаңа мыңжылдықта Қазақстан ынтымақтастықтың барлық салаларында өзінің көпвекторлы саясатын жүргізуді жалғастырып келеді. Жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолындағы бұл міндеттің өзектілігін елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында атап өтеді, әсіресе, елбасының 2015 жылға арналған

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауында: «Нұрлы жол» – жаңа экономикалық саясатын жария етемін» деген болатын. Елбасының бұл ел экономикасындағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталған салиқалы саясаты әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолындағы еліміздің ауқымды қадамына айналды [1].

Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси тарихының алғашқы кезеңінен бастап-ақ еуропалық векторға үлкен көңіл және мән берілді. Бұған аймақтағы экономикалық және саяси интеграцияның жоғары деңгейі себепші болды. Алғашқы кезден бастап Қазақстанның Еуропадағы басты серіктесі – Ұлыбритания болды. Ұлыбританиямен әріптестік байланысты дамыту Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне жауап береді. Британдық тарапқа деген назар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде, бүкіл Еуропадағы экономикалық көшбасшылардың бірі бола отырып Ұлыбритания белгілі бір шамада Қазақстанның халықаралық аренадағы мүдделерінің алға басуына жағдай жасау мүмкіншілігінен туындап отыр.

Ұлыбританияның Қазақстанға деген қызығушылығы ел территориясындағы ірі мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбалар қорының болуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, Қазақстан мықты транзиттік әлеуетке ие. Сондықтан да 90 жылдардың басында Ұлыбритания премьер-министрі М. Тэтчердің сапарынан кейін Орталық Азия елдері стартегиялық мүдде аймақтары ретінде жарияланды және онда көбейтілген дипломатиялық жұмыскерлер штабы жіберілді.

Қазақ-британ екіжақты қарым-қатынастарында ерекше басты назар экономика саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне аударылады. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы экономикалық ынтымақтастық «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Бірлескен Корольдігінің  Үкіметі  арасындағы  экономикалық серіктестік туралы бірлескен Декларация» (наурыз, 1994) [2, 82 б.], «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Бірлескен Корольдігінің Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісім» (қараша,1995) [3], «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Бірлескен Корольдігінің Үкіметі арасындағы энергетика саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум» (маусым, 2005) [2, 82 б.] сияқты құжаттарға негізделеді.

Мемлекеттер арасындағы екі жақты экономикалық байланыстың дамуы отандық зертеуші Л. Иватованың ойы бойынша келесідей негізгі бағыттарды қамтиды:

  • сауда-экономикалық ынтымақтастық;
  • инвестиция саласындағы ынтымақтастық;
  • мұнай секторындағы ынтымақтастық [2, 82-95 бб.].

Сауда-экономикалық ынтымақтастық экономикалық облыстың кең өрісін қамтиды. Қазақстан Ұлыбританияға азық-түлік, болат, жүн, былғары шикізатын, бағалы және жартылай бағалы металдар экспорттайды. Ұлыбритания Қазақстанға жабдықтар, көлік құралдарын, химиялық өнімдер, тоқыма өнімдерін, тамақ өнеркәсібінің өнімдерін және т.б. импорттайды [4].

Сауда көлемі жағынан Ұлыбритания Қазақстанның үшінші еуропалық сауда серіктесі болып табылады. 2010 жылы Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы тауар айналымы 1 млрд. долларды құрады. Республикадағы Ұлыбритания елшісі Дэвид Моранның мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылы экспорт көлемі 530 миллион фунт стерлинг, ал жалпы импорт көлемі – 459 миллионды құрады, сонда 2010 жылмен салыстырғанда бұл сандар 124 пайызға өскен [5]. Қазақстанның Ұлыбританиямен Инвестициялық ынтымақтастығы ұзақ мерзімді приоритеттерге кіреді. Ұлыбританияның Қазақстанға инвестициялары нидерланды мен АҚШ-тан кейін үшінші болып келеді. Ұлыбритания ҚР экономикасына – 10,7 млрд. доллар жұмсаған, оның 894,5 млн. доллары тура инвестициялар түрінде келген. Қазақстанның Ұлыбританияға барлық инвестициялар – 5,4 млрд. доллар жетті. Ұлыбритания ҚР экономикасының келесі секторларына инвестиция кіргізді: кен қазу өнеркәсібі, өндіріс, сауда, автомобиль ремонты және үй пайдалану өнімдері, транспорт, байланыс, қаржы секторы және т.б. 2013 жылғы статистикалық көрсеткіш бойынша Ұлыбритания Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция тартуда АҚШ пен нидерландыдан кейін үшінші орын алатынын және оның көлемі 12 млрд. долларға дейін жеткенін атап көрсетуге болады [6].

Қазақстанның қолайлы инвестициялық климаты елге шетелдік инвестициялардың көптеп ағылуына үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Бұл ретте Қазақстан ТМД елдері арасында ең бірінші болып нарықтық экономикасы бар ел статусына ие болғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, Дүниежүзілік банк Қазақстанды шетелдік инвестициялар салуға тартымды 20 елдің тізіміне қосқан еді [7].

Энергетикалық сала қазақстан-ағылшын ынтымақтастығының маңызды аспектісі болып саналады. 2005 жылы Лондонда энергетика саласындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл құжат бизнес жағдайын жақсарту және Ұлыбритания тарапынан инвестиция тарту бағытындағы маңызды келісімге айналды. Қазақстандағы Британ инвестициялары ең алдымен мұнай және газ саласына тиесілі. Мұнда бүкіл әлемге әйгілі «Shell», «British Petroleum» және «British Gas» компаниялары табысты жұмыс істеп келеді әрі соңғысы бүгінде ҚР-ғы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаттық кен орнын өңдеу ірі жобаларына қатысады және «Қазақстанкаспийқайраңы» мен Каспий құбыр жүргізу (КТК) консорциумдарындағы қатысу үлесі 32,5%. Сонымен бірге бір топ британдық және 40-қа жуық қазақ кәсіпорын қатысушыларымен бірлескен компаниялардың өкілдіктері жұмыс істейді.

Бүгінде 600-ден астам британ компаниялары елімізде өз қызметтерін жүзеге асырып отыр. Олардың қатарына «Бритиш Газ», «Шелль» сияқты Каспий теңізінде мұнай алу және игеру саласындағы ірі компаниялар кіреді. Бұл компаниялар жүргізетін барлау ісіне 25 млн доллар қаржы бөлініп келеді. 1992 жылы 2 наурызда мемлекеттік холдинг компаниялары «Қазмұнай Газ», Ресейдің «Газпром», Италияның «Аджип» және британдық «Бритиш Газ» Қарашығанақ орнын игеруге қатысты. Үлестері – «Бритиш  Газ» 42,5%, «Аджип» және «Газпром» – 15%. Таза табыс үлесінің 80-85% Қазақстанға тиісті [8]. Металлургия өнеркәсібінде Қазақстан нарығында белсене жұмыс істеп отырған «Испат-Кармет» Қазақстан Республикасындағы аса ірі жеке меншік жұмыс беруші болып саналады. Есеп бойынша ол 56 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр [9].

Ақша – несие саласындағы ынтымақтастыққа келсек, Қазақстан ұлттық ақшасы  Ұлыбританияда шығарылды. Қазақстанда Британияның ірі банктері «Вестлинстер», «Ротшильд және балалары» жұмыс істейді. 1992 жылдан бастап Қазақстан мүше болып келе жатқан Ұлыбритания астанасы Лондонда орналасқан «Еуропа қайта құру және даму банкі» (ЕБРР) республикамыздағы орта және шағын кәсіпкерлерге көмек көрсетіп келеді. 1998 жылы 414 млн. фунт стерлинг несие бөлген. Ақтау портына – 45 млн. фунт стерлинг, Қарағандыдағы «Испат-Кармет» металлургия комбинатына – 135 млн доллар несие берген. «Қазақтелеком» компаниясына – 50 млн доллар, «Ұлттық қазақ темір жол» – ЕБРР – банкіне 65 млн несие берілді [10].

Қазақстандық компаниялар да жаңа белестерді бағындырудан таса емес. Дәлірек айтсақ, 2005 жылдан бастап капиталдандыру деңгейі бойынша әлемнің 100 ірі компаниялар тізіміне енген «Қазақмыс» мыс өндіруші компаниясы мен «Қазақголд» Лондон биржасына өз акцияларын орналастыра бастады. 2006 жылы аталған компаниялардың ізімен «Барлау және өндіру Қазмұнайгаз» және «Қазкоммерцбанк» Лондон биржасына шықты.

Екі жақты экономикалық ынтымақтастық мұнай-газ, металлургия және қаржы секторында ғана емес, сонымен бірге көлік және байланыс облысында да жүзеге асып отыр. Ұлттық әуе тасымалдаушы компания «Эйр-Астана» ағылшын ВАЕ Systems-пен» бірге қызмет атқарады.

Экономика саласынының мұнай-газ индустриясының жаңа дәуірге өтуіне 2013 жылғы маусым айындағы британ үкімет басшысы Дэвид Кэмеронның елге алғаш рет жасаған ресми сапары серпіліс берді. Сапарының барысына ағылшын премьер-министрі елбасы Н. Назарбаевпен бірге Атырау қаласында болып, «Қашаған» жобасы аясындағы әріптестікті талқыға салып, жергілікті өндіріс орындарының жұмысымен кеңінен танысты. Британдық инвестицияның мұнай өнеркәсібіне молынан құйылып жатқанына байланысты Атырауда Ұлыбритания инвестициясы және саудасы жөніндегі агенттігінің (UKTI) кеңсесі ашылған. Сондай-ақ, Қазақстанның мұнай-газ секторына инвестиция құйғысы келетін британдық компаниялардың қызығушылығын қолдайтын «KOGIG UK» кеңсесі де жұмыс жасайды [11].

Британ компаниялары «Қарашығанақ» жобасын іске асыруда, «Каспий құбыры консорциумының» өткізу қабілетін ұлғайтуға, «Жемчужина» блогын әзірлеуге белсене қатысуда. Ағылшын үкімет басшысының ресми сапары кезінде елбасы шетелдік маңызды өндірістік нысанының бірі-мұнай мен газ тазартатын «Болашақ» зауытын іске қосқандығын жариялады [6]. Қазақ-ағылшын байланыстары, әсіресе, экономика саласындағы ынтымақтастық мейлінше жақсы жолға қойылған және болашақта өз жалғасын табатын болады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары энергетика, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, құрылыс, әлеуметтік инфрақұрылым, денсаулық сақтау, көлік және байланыс, консалтингтік қызметтер болып табылады.

Кең байтақ жеріміздің кеніштері толған ресурстық байлықтың арқасында кез келген әлемдік алыптармен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік алып отырмыз. Ұлыбритания еліміздегі қара алтын мен газға қызығып келсе, ол біздің халыққа, әлеуметтік және экономикалық секторымызды қарыштап дамытуға мүмкіндік береді, яғни екі жақты өзара тиімді табыс негізінде өрбіп жатқан қатынастың рухы берік. Сонымен қоса, геосаяси фактордың да үлесі зор. Ұтымды географиялық орналасуымыз әлі де талай белестерді бағындыруға септігін тигізері сөзсіз. Қазақстанның Ұлыбританиядан, Ұлыбританияның Қазақстаннан алар тәжірибесі, үлгісі мол.

Қазіргі елдегі ұлттық валюта – теңге бағамының тұрақсыздығы, оның құнсыздануы ел экономикасына айтарлықтай үлкен зардабын тигізіп отырғаны рас. Бұл тұрғыда Қазақстан Еуропалық Одақ мүшесі Ұлыбританиядан алар тәжірибесі мол. Оған дәлелді мысал келтірсек, тарихта 1992 жылы 16 қыркүйекте «Қара қыркүйек» (Черный сентябрь) деп аталып кеткен қаржылық дағдарыс кезеңінде ағылшындар бірінші болып сол дағдарыстан шыққан еді [12].

Қазақстанға қарағанда Біріккен Корольдіктің барлық дерлік салада тәжірибесі  және  көрге-  ні көп. Сол себепті де 24 жыл тарихы бар жас мемлекеттің Ұлыбритания сияқты әлемдік дамыған көшбасшы елмен өз ерекшеліктерін сақтай отырып жан-жақты қарым-қатынас орнатуға мүдделілік танытуы заңды құбылыс. Ал Ұлыбританияның да Қазақстанмен ынтымақтастықты қолдайтыны жақсы белгілі. Демек, өзара тиім-  ді қатынастың екі тарапқа да пайдасынан басқа зияны жоқ, керісінше экономика мен әлеуметтік салаларға үлкен пайда алып келеді. Континеттің екі бұрышында орналасқанына қарамастан, ынтымақтастық рухын қолдап отырған екі елдің серіктестігі ұзақ уақыттарға жалғаса бермек.

2012 жылы Ұлыбритания Қазақстанды сауда байланысын дамыту жөніндегі 14 приоритетті мемлекеттер қатарына енгізсе, ал Қазақстан 2014  жылы  Ұлыбританияны  инвестиция тарту бойынша алты басымдық беретін мемлекеттер тізіміне қосты және оның азаматтарына визасыз кіруге рұқсат берді. ҚР-ның Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі елшісі Ержан Қазыханов: «Бүгінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестер деңгейіне жетті», – деп санайды.

Осылайша, Қазақстан мен Ұлыбританияның мүдделері өзара байланысты және достық, өзара тиімді қатынасқа бағытталған. Жоғары деңгейдегі тұрақты сапарлар мен кездесулер, ресми және іскер топтардың қызметтері арқасында Ұлыбритания Қазақстанды қарқынды дамып келе жатқан мемлекет және сенімді серіктес деп мойындайды. Ұлыбритания Қазақстанның Еуропадағы басты сауда-экономикалық серіктесіне айналды. Ұлыбританияның инвестициялық мүмкіндіктері қазақ экономикасының дамуына үлкен септігін тигізді. Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әрі қарай дамуының болашағы зор.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // http://www.akorda.kz/kz/ addresses/page_218342_ [11.11.2014].
  2. Иватова Л.М., Матишев Р.А. Особенности развития казахстанско-британских отношений в экономической сфере // Казахстан – Спектр. – 2006. – № 1. – С. 82-95; 90.
  3. О ратификации Соглашения о поощрении и защите  инвестиций  между  Правительством  Республики  Казахстан и Правительством Соединенного Королевства Великобритании и Северной Ирландии // http://adilet.zan.kz/rus/docs/ Z960000044_
  4. Блэр Т. Казахстан – пример для стран Центральной Азии / Премьер-министр о Послании Н.А. Назарбаева народу Казахстана // Казахстанская правда. – 19 мая 2005 г. – С.
  5. Товарооборот между Казахстаном и Великобританией увеличился на 124 процента // http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/tovarooborot-kazahstanom-velikobritaniey-uvelichilsya-124-216589/
  6. Ұлыбритания-Қазақстанның стратегиялық серіктесі // Үкімет Бюллетені. – №4, 2013. – С.
  7. Тони Блэр О Казахстане. Цена независимости // Казахстанский экономический журнал «Деловой Мир» – №5-6 (47), 2006. – С. 11.
  8. Kazakhstan and the United Kingdom strategic partnership // FIRST 2015. Prime Ministerial Report. – С.15.
  9. Мәшімбаев С.М. Еуропалық Одақ елдері және Қазақстан Республикасы (1951-2011). – Алматы: «Nurpress» баспасы, 2012. – С. 43.
  10. Екі жақты және көпжақты ынтымақтастық: Қазақстан-Ұлыбритания // Дипломатия Жаршысы III-IV тоқсан,– С. 47.
  11. «Қашаған» құрықтаған Қазақстан // Егемен Қазақстан. – №160 (28099). – С. 1-2 [1.07.2013].
  12. Бурнашов И.Л. Британия – член Европейского Союза. –Алматы, 2004. 
  13.  

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.