Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ресей мен Венесуэланың арасындағы ынтымақтастық және оның ерекшеліктері

Венесуэла Республикасы – Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 912,0 мың шаршы шақырым. Халқы – 28,946 миллион адам (2011 жылғы мәлімет). Астанасы – Каракас. Халқының ұлттық құрамы: 69 пайызы метистер, 20 пайызы ақ нәсілділер, 9 пайызы зәңгілер, 2 пайызы үндістер. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі – католиктер. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – екі палатадан (сенат және депутаттар жиыналысы) тұратын Ұлттық конгресс. Венесуэла Кариб теңізі жағалауында орналасқан. Елдің орта бөлігінен Ориноко өзені ағады.

Венесуэла Латын Америкасында ғана емес, сонымен бүкіл батыс жарты шарда өзіндік ерекше орны мен беделі бар мемлекет саналады. Мұнайдың аса бай қорына ие мемлекет ретінде Венесуэла Латын Америкасы елдері ішінен АҚШ, Канаданы энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етуші бірден-бір мемлекет болып есептеледі. Ол мұнайды экспорттаушы мемлекеттер ұйымына мүше. Венесуэла Вашингтоннан әлдеқайда тәуелсіз әрі еркін сыртқы саяси және дипломатиялық курсты жүргізеді. 1998 жылы ел президенті болып сайланған соң, Каракастың Вашингтонмен арақатынасы жыл өткен сайын қайшылықты сипат ала түсті. АҚШ-пен ашық қайшылыққа барған Уго Чавес Вашингтонның стратегиялық дұшпандары Куба, Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Белорусия, Сирия секілді мемлекеттермен жақындасу курсын бастады.

Венесуэланы ерте заманда үндіс тайпалары мекендеген. Еуропалықтар ішінен бұл елді алғаш 1498 жылы Христофор Колумб ашты. «Венесуэла» атауы «Кіші Венеция» деген ұғымды білдіреді. Америго Веспучи 1499 жылы осы жерге келгенде, су үстінде орналасқан үйлер көрген сәтте, оның есіне Венеция қаласын түсіреді. Сондықтан ол осы жерге «Кіші Венеция» (венесуэла) деп ат қояды. Испандықтар алғашқы отарын 1522 жылы осы жерде ұйымдастырады. XVI ғасырдан бастап, Венесуэла испандықтардың Жана Гранада атты отарының құрамына кіреді.

XVI ғасырдан бастап елге испан отаршылары басып кіріп, жергілікті үндіс тайпаларын қырғынға ұшыратты. Ауылшаруашылығы жұмыстарына Африкадан әкелінген зәңгілердің еңбегі пайдаланылды. XIX ғасырда испан отаршыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалысы күшейді.

1811 жылы Еуропада Наполеон соғыстары жүріп жатқан кезде Венесуэла өзін тәуелсіз деп жариялайды. Тәуелсіздік соғысы басталды, бірақ испан әскерлері көтерілісшілерді басып-жаншыды. 1821 жылы Венесуэланың қолбасшысы Симон Боливар Карабобо шайқасында жеңіске жетеді. Симон Боливар испандықтармен күресті бастап, бүгінгі Боливия, Колумбия, Эквадор елдерін азат етті. Осы жерде ол Ұлы Колумбия мемлекетін жариялайды, бірақ 1831 жылы Ұлы Колумбия бөлшектеніп, Венесуэла оның құрамынан шығып тәуелсіз мемлекет болады.

1913 жылы ірі мұнай көздері ашылғаннан кейін елдің экономикасына АҚШ-тың мұнай компаниялары үстемдік жүргізді. 1975 жылы үкімет мұнай және кен шығару өндірістерін мемлекет меншігіне алды. Қазіргі кезде Венесуэла экономикалық даму дәрежесі жағынан Латын Америкасы елдері арасында төртінші орын алады. Ұлттық табыстың орташа мөлшері жан басына шаққанда 2,8 мың АҚШ долларын құрайды. Өнеркәсіптегі жетекші салалар: мұнай шығаратын және өңдейтін өндіріс орындары, көлік және байланыс салаларының басым бөлігі – мемлекет меншігінде. Елде мұнайдан басқа табиғи газ, темір, боксит, көмір, алтын, алмас, тағы да басқа пайдалы қазбалар өндіріледі және экспортқа шығарылады. Ауылшаруашылығы нашар дамыған. Тамақ өнімдерінің 50 пайызы шеттен әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Германия, Жапония, Италия, Бразилия, Канада және тағы да басқа елдер [1, 17 б.].

XIX ғасырда Венесуэланы әскери диктаторлар биледі. 1992 жылы сайлауда Уго Чавес жеңіске жетті. Чавес Венесуэлада социалистік республика құру курсын бастады. Ол экономикалық реформалар жасап, «Боливар революциясын» жариялады, революцияның негізі – бүкіл Оңтүстік Американың мемлекеттерін бір елге одақтастыру. Бүгінгі Венесуэла – Ресей, Иран, Қытай, Беларусь, Куба және Боливия сияқты елдермен жақын қарым-қатынас жасайды.

Ресей мен Венесуэла арасындағы алғашқы тікелей саяси байланыс 1857 жылы жасалынған болатын. Осы жылы Ресей империясының үкіметі Венесуэла Республикасының тәуелсіздігін мойындады. Ал Ресей (Кеңес Одағы) мен Венесуэла арасындағы дипломатиялық қатынастар 1945 жылы 14 наурызда орнатылды. Екі жақты саяси және экономикалық ынтымақтастық Венесуэлада билік басына Уго Чавес келгеннен кейін жандана  бастады.  Президент  Уго  Чавес Ресей Федерациясына 2001 жылдың өзінде  екі  мәрте сапар жасады. Содан кейін Венесуэла лидері Ресейде 2004, 2006 және 2007 жылдары болып қайтты.

Уго Чавестің жетекшілігіндегі жаңа үкімет билікке келе салысымен, аймақтық және әлемдік саяси үрдістерге белсенді түрде араласып, көпполярлы әлемнің құрылуын жақтап, халықаралық жанжалдарды реттеуде күш факторын қолданудан бас тартуға, ұлттық егемендік және территориялық тұтастық қағидаларын құрметтеуге шақырды. Мұндай белсенді сыртқы саясат пен дипломатия елдің ұлттық мүдделерінің жүзеге асуына және қорғалуына, оның халықаралық беделінің артуына және дамушы елдер ішінен көшбасшылар қатарынан көрінуге зор мүмкіндік берді.

Уго Чавестің өз елінде және сыртқы әлемде капитализм, империализм және американ гегемонизміне қарсы күресуші ретінде беделі қалыптасқан. Оның пікірінше, Венесуэла өзінің ұлттық ядролық бағдарламасын дамытуға толық құқылы. Уго Чавесті кезекті диктатор ретінде бағалаған Вашингтон Венесуэлаға қарсы экономикалық санкция енгізді [2, 79 б.].

Осы уақытта Латын Америка  бағытында-  ғы саяси, дипломатиялық және экономикалық белсенділігін арттыруға аса көңіл бөлген Ресей Федерациясы құрлықтағы Бразилия, Аргентина және Колумбия секілді мемлекеттермен ынтымақтастықты арттырумен қатар, бір мезетте Венесуэламен де дипломатиялық және саяси байланыстарды жаңғыртуға айрықша көңіл бөлді. 2001 жылы мамырда Мәскеуге ресми сапармен келген Уго Чавеске арналған жылы сөзінде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин былай деді: «Венесуэламен ынтымақтасу Ресейдің Латын Америкасымен өзара ықпалдастығының негізгі өзегі болып табылады» [3, 215-б.].

Мәскеу мен Каракас арасындағы қатынастардың алғашқы кезеңінде қол жеткізілген келісімдер тараптардың әлемдік дамудың іргелі мәселелері бойынша ұстанымдарының сәйкестігін немесе жақындығын көрсетеді. 2001 жылғы мамырдағы  Мәскеудегі  кездесуде  қоса тарапта «бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, мемлекеттердің тең құқылы болуы және егемендік теңдігі, даулар мен келіспеушіліктерді бейбіт жолдармен шешу, күшті қолданбау немесе оны қолдану туралы қоқаң-лоқы жасамау, территориялық тұтастық және саяси тәуелсіздік қағидаларына негізделген көпполюсті және зорлық-зомбылықтан азат жаңа әділетті әлемдік тәртіпті орнату жолында бар жігерлері мен күштерін жұмсауға уағдаласты». Венесуэла басшысы Уго Чавес Ресей-Венесуэла қатынастарын «геосаясатқа ықпал етуге жеткілікті деңгейде қабілетті стратегиялық одақтастық» ретінде бағалады [3, 216 б.]. АҚШ-пен    ашық     қайшылыққа   барғаннан кейін Уго Чавес ең алдымен Латын Америкасындағы Куба, Боливия секілді мемлекеттермен, содан кейін Ресей Федерациясымен жақындасу саясатын жүргізді. 2007 жылға дейін Уго Чавестің бес мәрте Ресейге сапар жасауы осының жарқын көрінісі бола алады. Венесуэла мен Ресей Федерациясының арасындағы қарым-қатынаста ең алдымен энергетикалық және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастықты ерекше атап өтуге болады. 2007 жылы маусымдағы бесінші ресми сапар барысында Уго Чавес Мәскеуде Симон Боливар атындағы мәдени орталық ашты. Одан кейін Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путинмен және Мәскеу мэрі Юрий Лужковпен кездесті. «2001 жылдан бері әлемде біздің идеяларымыздың пайдасына, халықтарымыздың мүддесіне қарай көптеген өзгерістердің орын алғанын» атап өткен Венесуэла басшысы Ресей Президентін «өзінің бауыры» екенін айтып өтті. Бұған жауап ретінде Владимир Путин аса жылы ниетпен «екі жақты қарым-қатынастардың қарқынды дамып жатқаны барлығымызды қуантпай қоймайды» деді [2, 79 б.].

Ресей ғалымы В.Л. Хмылевтің пайымдауынша «Уго Чавес Ресейде өткен дәуірдің адамы ретінде бағаланады. Ал оның аса батыл антиамериканистік ұстанымы Ресей мен Венесуэла қатынастарын дамытуда белгілі  бір  деңгейдегі кедергі болып отыр. Осы тұрғыдан келгенде Ресейдің Венесуэламен арадағы проблемалары, Мәскеудің кейбір араб мемлекеттерімен арадағы байланыстардағы мәселелерге ұқсас. Қару-жарақ, энергетика нарықтарында күшті бәсекелестерсіз жұмыс істеуге болады, бірақ мұның батыс елдерімен қарым-қатынастарға қаншалықты залал келтіретінін де ешқашан ұмытпаған дұрыс. Уго Чавес секілді лидерлер Латын Америкасы үшін жат құбылыс емес, олар өз елдерінің саяси мәдениетіне сай, сонымен қатар латын американдық халықтардың кең қолдауына ие» [2, 79-б.].

Осы себептен Ресей Венесуэламен ынтымақтастықты дамытуда саяси немесе қандай да бір идеологиялық факторларды емес, ең алдымен экономикалық мүдделерді басшылыққа алады. Бүгінгі күні Венесуэланың энергетикалық нарығында Ресейдің бірқатар мұнай-газ компаниялары белсенді жұмыс жасайды. Атап айтсақ,«Газпром», «Лукойл», «НК «Роснефть», «Сургутнефтегаз» «Зарубежнефтегаз». Энергетикалық саладағы басты проблема ретінде өзара инвестициялық саясатты қорғайтын үкіметаралық келісімнің жоқтығын атап өтуге болады. 2005 жылдан бастап Каракас пен Мәскеу арасында әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықтың ауқымы да айтарлықтай артып келеді. Венесуэла жалпы сомасы 3 млрд доллардан астам тұратын орыс қару-жарақтарын сатып алды. Соның ішінде атылатын қарулар, СУ-30МК2 жойғыш ұшақтары, МИ-35 тікұшағын атап өтуге болады. 2005 жылы Каракас Ресейден сүңгіру қайықтарын да сатып алуға ниет білдірді [2, 80 б.].

Ресей мен Венесуэла арасындағы әскеритехникалық саладағы ынтымақтастығы 2006 жылдан кейін аса қарқынды түрде дамыды. Өйткені 2006 жылдың бірінші жартысында Вашингтон Венесуэлаға қару-жарақ сатуға эмбарго жариялады. Осыдан кейін Уго Чавес АҚШ-та қаружарақ сатып алуды толық тоқтату туралы мәлімдеме жасады. 2005 жылы Ресей мен Венесуэла 100 мың Калашников автоматын сатып алу туралы келісімге қол қойған болатын. Оны жеткізу туралы келісім толық орындалды. 2006 жылы 3 шілдеде Венесуэла тағы 100 мың дана автомат және оларға қажетті жалпы құны 52 миллион долларды құрайтын патрондарды сатып алу туралы келісімге қол қойды. Ал, 2006 жылы 12 шілдеде Венесуэлада АК-103 маркасындағы автомат шығару және 7,62 калибрлі патрондарды өндіруге байланысты жалпы құны 474,6 миллион долларды құрайтын екі келісім-шартқа қол қойылды.

Венесуэланың әскери-әуе күштері үшін 2006 жылы 15 шілдеде жалпы құны 484 миллион долларды құрайтын МИ-35 маркасындағы 38 орыс тікұшағын сатып алу, ал 17 шілдеде СУ-30МК2 маркасындағы орыстың жойғыш ұшақтарын сатып алу туралы келісім жасалынды. Осыншама орыс қару-жарағын сатып алудың негізгі себебін Уго Чавес американ агрессиясының қауіпінің төнуімен байланыстырды. 2006 жылы 26 шілдеде Ижевскге келген кезде Уго Чавес «Ресей Американың бастамасымен Венесуэлаға қарсы енгізген блокаданы бұзуға көп көмегін тигізді. АҚШ елімізге басып кіру мақсатында Венесуэланы қарусыздандыруға тырысып жатыр. Осы себептен мен Ресейге шексіз ризамын» деп мәлімдеді.

Ал АҚШ ақпарат көздерінің мәлімдеуінше Венесуэла осыншама қыруар қару-жарақты Латын Америкасының өзге де аудандарына, соның ішінде Колумбиядағы үкіметке қарсы көтерілісшілерге (ФАРК) жеткізу мақсатында сатып алып жатыр. 2005 жылы 26 наурызда АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд «Мен тіпті 100 мың «Калашниковпен» не істеуге болатынын елестете алмаймын. Мен Венесуэлаға жүз мың «Калашников» неге керек болып қалғанын тіпті түсіне алмаймын» деген болатын.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Мәскеуге сапары барысында осы мәселеге байланысты өз алаңдаушылығын білдірді. Алайда Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің Венесуэламен әскери саладағы ынтымақтастығы халықаралық заңнамаларға қайшы келмейтінін атап өтті. 2006 жылы америкалық тарап Уго Чавестің мәлімдемелеріне кезекті рет алаңдаушылық білдір-  ді. АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысының орынбасары Том Кейси «АҚШ Венесуэланың орыстардан қару-жарақтардың замануи түрлерін алу туралы жоспарына қатты алаңдайды және Ресейді алда жасалуы ықтимал келісімді қайта қарауға шақырады. Өйткені Венесуэла сатып алайын деп отырған қару-жарақ оның қорғанысына қажетті мөлшерден әлдеқайда артық және аймақтық тұрақтылыққа қатер төндіреді» деп мәлімдеді.

Ресей тарапы мұндай алаңдаушылықтың объективті екенін мойындаудан бас тартты. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Михаил Камынин осы мәселеге байланысты былай деді: «Ресейдің Венесуэламен әскери-техникалық ынтымақтастығы толығымен халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес жүзеге асырылып жатыр». Ал Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей  Иванов «Венесуэлаға қару-жарақ сату туралы келісімді қайта қарау туралы сөздің өзі тым артық. 24 жойғыш ұшақ, 100 мың автомат Венесуэла секілді үлкен территориясы бар мемлекеттің қорғанысы үшін еш артық емес. Венесуэла ешқандай халықаралық санкцияда емес және келісімді жүзеге асыруға деген қандай да бір шектеулер жоқ» деп мәлімдеді.

2007 жылы ақпанда Уго Чавес қорғаныс министрлігінің Ресейден жалпы құны 290 миллион доллар тұратын «Тор-М1» маркалы орта қашықтықтағы 12 зенитті зымыран кешенін сатып алу туралы ұсынысын мақұлдағанын хабарлады. Зенитті-зымыран кешенін Каракас пен елдің мұнай кен орындарын әуеден жасалынатын шабуылдан қорғау мақсатында солтүстік аудандарға орналастыру туралы шешім қабылданды. 2006 жылы Ресей тура осындай қаруды Иран Ислам Республикасына да сатты. Кейбір мәліметтерге сүйенсек  Венесуэла  Ресейден  патрульді катерлер мен «Амур» типіндегі су асты қайықтарын сатып алуға ниет білдірген.

2008 жылы қарашада Ресей Федерациясы басшысы Венесуэлаға ресми сапар жасады. Дмитрий Медведев пен Венесуэла Президенті Уго Чавес бірқатар іргелі мәселелер бойынша келіссөздер жүргізді, сонымен қатар біріккен ресей-венесуэла әскери-теңіз жаттығуларына қатысуға келген Ресей әскери кемелерін көрді. 26 қарашада екі мемлекет Венесуэла мен Ресей азаматтарының бір-біріне келуі барысындағы визалық рәсімдерден бас тарту туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім 2009 жылы наурызда өз күшіне енді. Бұдан бөлек Ресейдің «Газпром» компаниясы Венесуэла шығанағының шельфінде газды барлау және өндіруге байланысты тендерді ұтып алды. Ал одан бұрын Каракаста Франсиско де Миранданың атындағы Венесуэла-Ресей достық институты ашылған болатын.

2008-2009 жылдары Ресей мен Венесуэланың арасындағы ынтымақтастық жаңа  кезең-  ге көтерілді. 2009 жылы қыркүйекте Мәскеуге жұмыс сапарымен келген Уго Чавес екі жақты келісімдерге қол қою барысында Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздіктерін мойындау туралы мәлімдеме жасады. Ресей Президенті Д. Медведев Венесуэла лидерінің жасаған қадамына қатты ризашылығын білдірді. Венесуэла Ресей мен Никарагуадан кейінгі Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін таныған үшінші мемлекет.

Кавказдағы мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындаған соң Каракас пен Мәскеу арасындағы ынтымақтастық аса жоғарғы деңгейде дами бастады. 2009 жылы қыркүйекте Мәскеудегі келіссөздер барысында тараптар әскери салада келісімге қол жеткізді. Соның ішінде жоғары-  да аталған қару-жарақтардан бөлек Ресей Венесуэлаға танктерді сатуға келісті. Бірақ әлемдік қаржы дағдарысы Венесуэланың экономикасына қатты соққы бергендіктен, тараптар кредит мәселесін де талқылады. Уго Чавес пен Дмитрий Медведев жалпы активі 2,5 миллиард еуроны құрайтын Біріккен Ресей-Венесуэла банкін ашуды да қарастырды. Мәскеу бұған қоса Венесуэладағы Ориноко аңғарындағы аса ауқымды мұнай кендерін бірлесіп игеру құқығына қол жеткізді. Венесуэла тарапынан Кавказ республикаларын мойындауы, мұнай және энергетикалық альянстың нығаюы, үлкен көлемде қару-жарақ сатуды және тағы басқаларын Кремль өте сәтті жетістік ретінде бағалады [4].

Ресей және Венесуэла екі жақты қарым-қатынастарының  өзегі  жоғары  және  аса жоғары деңгейдегі кездесулер болып табылады. Венесуэла президенті Уго Чавес Ресей Федерациясына тоғыз мәрте сапармен келген: ресми сапармен 2001 жылы мамырда, 2004 жылы қарашада және 2010 жылы қазанда. Жұмыс сапарымен – 2001 жылы қазанда, 2006 жылы шілдеде, 2007 жылы маусымда, 2008 жылы шілде және қыркүейкте, 2009 жылы қыркүйекте. 2008 жылы 26-27 қарашада Ресей тарихында алғаш рет Ресей мемлекеті басшысының Венесуэлаға ресми сапары жасалынды. Бұдан бөлек екі мемлекет басшылары бір-біріне жолдаулар, хаттар жіберіп, телефонмен сұхбаттасып тұрады.

Венесуэла президенті Уго Чавестің 2010 жылы 14-15 қазанда Мәскеуге жасаған кезекті ресми сапары барысында 2010-2014  жылдар-  ға арналған ресей-венесуэла әріптестігін дамыту бойынша іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Бұл жоспар екі жақты сыртқы саяси өзара әрекеттестікті нығайтуға және тараптар арасындағы энергетика, қаржы, экономикалық, банк қызметі, көлік, инфрақұрылым, өнеркәсіп, табиғи қазба байлықтарды игеру, ғарыш, ғылым, техника, жоғарғы технологиялар, байланыс, телекоммуникациялар, ауылшаруашылық және ынтымақтастықтың өзге де маңызды салалары бойынша орта мерзімдегі перспективада практикалық даму үшін мықты негіз қалауға бағытталды [5].

2009 жылы жүргізілген белсенді әрі ұзақ келіссөздер нәтижесінде 2010 жылы 1 ақпанда Ресей Федерациясының премьер-министрі Владимир Путин мен Венесуэла Республикасының энергетика және мұнай министрі Р.  Рамирестің   тікелей   қатысуымен   мемлекеттік PDVSA «Petróleos de Venezuela, Sociedad Anonima» мұнай компаниясы мен «Национальный нефтяной консорциум» ААҚ-ның қосалқы кәсіпорындары арасында біріккен кәсіпорындарды құру және басқару жөніндегі келісімге қол қою салтанаты өтті. Біріккен кәсіпорын аясында тараптар ортақ жоба қабылдайды. Осы жоба негізінде энергетикалық ресурстарды барлау және өндіру жұмыстары жүргізіледі, сонымен қатар шикі өңделмеген мұнайды жетілдіру және оны халықаралық нарыққа шығару шаралары да жүзеге асырылады [6].

2010 жылы сәуірдің басында Ресей Федерациясының премьер-министрі Владимир Путиннің Каракасқа жасаған сапары барысында Венесуэла Президенті Уго Чавеспен келіссөздер жүргізді. Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі мемлекет арасында мынадай келісімдерге қол қойды [7]:

  • Lada маркасындағы орыс автокөлігін сатып алу-сату келісімі және Венесуэлада Lada автокөліктерін құрастыру өндірісін ашу туралы хаттама;
  • «ИНТЕР РАО  ЕЭС»  ААҚ  пен «PDVSA» компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • 2010-2012 жылдарға арналған Ведомствоаралық ынтымақтастық бағдарламасы мен мәдени алмасулар келісімі.
  • Электрэнергетикасы саласындағы Ведомстваралық ынтымақтастық туралы меморандум;
  • ғылым, технологиялар және инновациялар салаларындағы Ведомстваралық ынтымақтастық туралы меморандум.
  • Ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім.
  • Көліктік инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім.
  • «Ильюшин Финанс Ко» АА Қоғамы мен Венесуэла Республикасының қоғамдық жұмыс пен баспана бойынша халық билігі министрлігі арасындағы өзара түсіністік жөніндегі Меморандум.
  • «Аэрофлот-Российские авиалинии» АА Қоғамы мен Венесуэла авиациялық өнеркәсіп пен қызмет көрсету консорциумы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі Меморандум.
  • «Транснефть» пен «PDVSA» компаниялары арасындағы ақпараттарды жарияламау туралы келісім.
  • Мұнай-газ секторындағы жаңа жобаларды жүзеге асыру шарттары туралы ведомстваралық келісім.
  • Төтенше жағдайлар министрлігі негізінде дағдарысты жағдайларда басқару орталығын құру туралы ведомсаралық хаттама.
  • Спорт саласындағы Ведомстваралық ынтымақтастық туралы меморандум.
  • Жалпы, бастауыш және орта кәсіби білім беру саласындағы өзара түсіністік туралы Ведомстваралық ынтымақтастық туралы меморандум.
  • Ресей-Венесуэла банкін құруға байланысты үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама.
  • Жоғарғы деңгейдегі Ресей-Венесуэла комиссиясының 7-ші мәжілісінің қорытынды актісі. Бұған қоса Владимир Путин мен Уго Чавес екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 65 жыл толуына орай, сонымен қатар Венесуэла тәуелсіздігіне 200 жыл толуына байланысты біріккен мәлімдеме жасады.

Осыдан кейін Каракас пен Мәскеу арасындағы екі жақты ынтымақтастық жоғарғы деңгейде дами бастады. 2012 жылдың көктемінде СанктПетербургте Ресей-Венесуэла достастығы қоғамының негізінде Латын Американдық мәдени орталық ашылды. 2013 жылы 7 наурызда оған Венесуэланың екі күн бұрын қайтыс болған президенті, команданте Уго Чавестің есімі берілді. 2013 жылы 5 наурызда Венесуэланың ержүрек әрі жігерлі президенті, Ресейдің стратегиялық одақтасы Уго Чавес қайтыс болды. Ол қайтыс болған күні Беларусь Республикасының барлық мекемелерінде тулар төмен түсірілді.

Чавес қайтыс болған соң 30 күннен кейін елде президент сайлауы болып өтті. 2013 жылы 14 сәуірде сайлауда Николас Мадуро жеңіске жетті. Мадуроның келуімен Венесуэланың Ресеймен ынтымақтастығы бәсеңдеп, бұрынғы қарқынан айырылды.

Уго Чавес тұсында Венесуэла үкіметі сөз жоқ Ресей Федерациясының Латын Америкасы бағытындағы саяси, дипломатиялық, экономикалық және әскери белсенділігінің артуына оң көзқарас білдіріп, Мәскеудің батыс жарты шардағы ықпалының артуын жақтады. Венесуэла басшыларының пікірінше бұл Венесуэлаға аймақтық және әлемдік үрдістерге толықтай және дербес түрде қатысуға мүмкіндік беретін тұрақтандырушы фактор болып табылады. Уго Чавес Ресей Федерациясын қазіргі және болашақтағы көпполюсті әлемнің ажырамас бөлігі ретінде қарастырды. Ол өз мәлімдемелерінде бірнеше мәрте Ресейдің әлемдік саяси және экономикалық процестердегі рөлінің артуын әрқашан қолдайтынын атап өткен болатын. Уго Чавес құдіретті Ресейді Батыс жарты шарда және халықаралық сахнада АҚШқа қарама-қарсы, оған тең келетін күш ретінде қарастырды. Оның тұсында Венесуэла Ресейді АҚШ-ты тежеуші әрі тепе-теңдік орнатушы құдіретті держава ретінде бағалап, онымен барлық салалар бойынша барынша ынтымақтасуға және стратегиялық одақ құруға ұмтылды.

Бірақ Ресей Федерациясы Кеңес Одағы дәуіріндегі Мәскеудің ғаламдық үстемдікке ұмтылу стратегиясынан толық болмаса да, ішінара бас тартқан мемлекет екені айқын. Ресей үшін сонау шалғайдағы Латын Америкасы өңірінде лидер болу ешқашан жүзеге аспайтын қияли арман. Бұл стратегияны кезінде әлдеқайда құдіретті Кеңес империясының өзі жүзеге асыра алмады. Ресей үшін қазір өз айналасында жә-   не Еуразиялық кеңістіктегі өз ықпалын уыстан шығармау әлдеқайда маңызды. Осы тұрғыдан Уго Чавестің ашық антиамерикандық және Батысқа қарсы бағытталған саясаты, мәлімдемелерін Кремльдегілер әрқашан ұната  бермегені де шындық. Қырғи-қабақ соғысы дәуірінде Куба Латын Америкасы мен Батыс жарты шардағы Мәскеудің ең сенімді әрі стратегиялық одақтасы болғаны белгілі.

Кеңес империясы ыдырағаннан кейін Гавана мен Мәскеу арасындағы дәстүрлі одақтастық байланыстардың тамырларына балта шабылды. ХХІ ғасырдың басынан бері Венесуэла Ресей үшін екінші Куба болуға тырысты. Уго Чавес өз елін Мәскеудің Латын Америкасындағы ең адал серіктесі мен одақтасына айналдыруға тырысты. Алайда, Кремль Латын Америкасына өз ықпалын орната алмайтынын тамаша түсінеді. Сондықтан, қазіргі кезеңде Ресей негізінен идеологиялық қағидалар негізінде емес, ең алдымен сауда және экономикалық факторлар негізінде Латын Америкасы елдерімен ынтымақтастықты арттыруға  назар аударуда.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Строев E.С., Бляхман Л.С., Кротов М.И. Экономика Содружества Независимых Государств накануне третьего тысячелетия: Опыт и проблемы реформ. – СПб.: Наука, – 482 с.
  2. Хмылёв B.Л. Современные международные отношения. Томск: Изд-во Томского политехнического университета, 2010. 210 с.
  3. Шапке Р. Уго Чавес и Боливарианская революция./ nb-info.ru/chaves.htm
  4. Российско-венесуэльские отношения вышли на новый уровень // http://www.epochtimes.ru/content/view/28240/1/
  5. О Российско-венесуэльских отношениях // Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки.
  6. Договор о создании и управлении совместным предприятием между дочерним предприятием государственной нефтяной компании PDVSA «Petróleos de Venezuela, Sociedad Anonima» и ООО «Национальный нефтяной консорциум» // www. ru
  7. По итогам российско-венесуэльских переговоров был подписан ряд двусторонних документов // http://www.premier. gov.ru/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.