Статьи, год 2011

М.Мақатаев лирикасы тіліндегі фразеологизмдердің лексика-семантикалық мəнін, стильдік қызметін, сөз табына қатыстылығын, мəтін ішіндегі қолданылу сипатын қарастыра отырып, ақын қолданған тұрақты тіркестердің табиғаты ерекше көрінетінін байқауымызға болады. Сөздi сұлуландырып, ойды əсемдеп, тiлдi мəнерлеп жеткiзетiн əрi стильдiк мəнi ерекше сөздердiң бiрi — фразеологизмдер ауызекi сөйлеу тiлiнде де, көркем шығарма тiлiнде де көп қолданылады. Көп сөзбен бiр ғана мағына беретiн, тiлдiң стильдiк сапасын арттыратын тұрақты тiркестер прозалық, поэзиялық шығармаларда айқын көрiнедi.
2011

XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі қазақ халқының əлеуметтік, қоғамдық жағдайлары туралы мақалалар жариялай бастады. «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты», «Қазақ» газеттері мен «Айқап» журналы арқылы қазақ публицистикасы дүниеге келді. Əдебиетте де жаңа жанр түрлері өркендей бастады. Соның ішінде өркендеген, кең құлаш жайып, күрес құралына айналған публицистика болды. Күнделікті баспасөз беттерінде заманымыздың озық ойлы адамдарының отарлық езгідегі халқымыздың ғасырлардан бері жиналып келген, əбден пісіп-жетілген сыртқа шығарған толғанысқа толы мақалалары жарияланып отырды. Олар алдымен отарлық езгі жағдайында аяқ асты болған мүддені қорғай алатын, сол арқылы қазақ елінің прогресшіл ел қатарына енгізетін негізгі басты фактор — ұлттық мемлекет құру деп білді.
2011

Жалпы ономастика сияқты, антропонимиканың да бірінші заңдылығы — оның тарихилығы. Зерттеушілердің атап көрсеткеніндей, тарихтан тыс ешқандай құбылыстың болуы мүмкін емес. Себебі бүгінгі жаңалық — ертеңгі тарих. Тарихтың қозғаушы күші адам болғандықтан да, адам өмір сүрген кеңістік пен уақыт адамзат тарихының бір беті. Ұлттың ұлт болып қалыптасуына себепші факторлардың негізгісі — тіл десек, тілдің ауқымды бөлігін құрап отырған есімдер ұлттық ерекшеліктің негізін құраушы фактордың бірі. Халықтың тарихымен біте қайнасып келе жатқан есімдер тарихы түрлі қоғамдық-саяси, шаруашылық-экономикалық, мəдени-тұрмыстық жағдайларға байланысты өзгерістерге ұшырап, сонда да болса, өзінің табиғатын бар болмысымен сақтап отырады.
2011

Қазақ тіліндегі ақпараттық аударма жасаудың алғашқы талпыныстары ХІХ ғасырда жатыр. Ол кезеңде газет-журнал беттерінде жарық көрген аударма мақалалардың көбі халыққа ғылым саласындағы жаңалықтарды жеткізуді мақсат етті. Дегенмен де нақты ғылым саласына қатысты, оның барлық заңдылықтары мен қағидаттарын ашып көрсететін еңбек болмаса да, зерттеу еңбектерінде «жартылай ғылыми мазмұнды əдебиет», «ғылыми-көпшілік əдебиет» атауына ие болып жүрген олардың негізгі құндылығы қазақ тілінде термин қалыптастыруда алғашқы қадам жасағандықтарында.
2011

Ғылыми еңбектерге сүйеніп, модальділік санатының психолингвистикалық сипатын есепке алып, белгілі жағдаяттарға мəн бере қараудан мəнмəтіндегі синтаксистік бірліктердің жұмсалу мақсатын дəл айқындауға қол жеткіземіз. Бұл жағдайда психолингвистикалық салыстырулар бүткіл шығарма деңгейіндегі жағдаяттық, əлеуметтік, субъектаралық қарым-қатынасты есепке ала отырып сипаттауды қажет етеді. Өйткені сөйлеу, оның құрылымы — күрделі грамматикалық байланыстан, бір-біріне тəуелді мағыналық-құрылымдық байлаулардан тұратын, қозғалмалы функционалды жүйесі бар құбылыс. Сөйлеудің бұл жүйесін В.П.Белянин: «Психолингвистикалық түсініктерге сəйкес, адамның сөйлеуін ұйымдастыруы тіл туралы мəліметтердің пассив қоймасы болып табылмайтынын атай көрсеткен жөн.
2011

Қазіргі тіл білімінде негізгі ұстанымдардың (принциптердің) бірі антропоцентризм екені мəлім. Қазіргі заман лингвистикасында негізгі назар тек тілге ғана емес, оны жасаушы жəне дамытушы адамға аударылып, тілдік тұлғаның қасиеттерін зерттеу антропоцентризм бағытында жүргізіледі. Өйткені адам тіл арқылы тек баяндап, хабарлап қана қоймайды, объективті шындыққа көзқарасын, сезімін, т.б. тіл арқылы жеткізе алады, яғни тіл адамның көңіл-күйін, психикалық толғанысын, сезімін білдіретін негізгі құрал болып саналады. Осы ретте ұлттық танымға негізделген адамның психикалық жай-күйлерін тіліміздегі қызметін, мағынасының берілу жолдарын анықтау, олардың (психикалық жай-күйлердің) тілдік бірліктер жəне тілдік емес амалдар арқылы берілуін зерттеу лингвистикалық зерттеулердің нысаны жəне пəні болып келді.
2011

Тіл əр халықтың мəдениетін, əлеуметтік-қоғамдық құрылысын, дүниетанымын бейнелеумен бірге ұлттың, келер ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыруда аса маңызды əрі негізгі қызмет атқарады. Қазақтың мақал-мəтелдері ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан тілдің лексикалық құрамының бөлінбес бір бөлшегі болып саналады. Мақал-мəтелдер — ұлттың өзіндік ерекшелігін айқындайтын, ғасырлар бойы қалыптасып, халықпен бірге жасап келе жатқан халық даналығының мол қазынасы.
2011

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесінің бірі — пысықтауыш. Ол да, анықтауыш сияқты, басқа сөздің, əйтеуір бір сапасын, ерекше белгілерін білдіру үшін жұмсалатын бағыныңқы мүше. Солай болғандықтан, пысықтауыш анықтауышқа ұқсас. Дегенмен, ол екеуінің елеулі айырмашылығы бар: анықтауыш заттық ұғымы бар сөздердің — зат есімдердің, субстантивтенген басқа есімдердің əр алуан сапасын, меншіктілік-тəндік қатынасын білдіру үшін жұмсалса, пысықтауыш, негізінде, заттың қимылдық сапасының сапасын, белгісін білдіреді [1].
2011

Тілдік тұлғаның жады тіл жүйесінің заңдылықтары мен лексика-фразеологиялық қазынасын ана сүтімен бойға дарытумен қатар, ұланғайыр білімді түрлі мəтіндерден алады, яғни өз ғұмырында оқыған сан алуан кітаптар қайтсе де оның жадында өз ізін қалдырады. Ол із шығарманың мазмұны, сюжеттік желісі, образдар жүйесі ғана емес, автордың немесе кейіпкердің тілдік тұлғаға ерекше əсер еткен сөзқолданысы да болуы мүмкін. Ондай сөзқолданыс жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлем немесе мəтін фрагменті ретінде оқырман жадында өзінің бейнелілігімен, құрылымдық əсерлілігімен, көп мағыналылығымен еріктен тыс сақталып қалады да, кезі жеткен, қажет болған уақытта қайта еске түсіріліп, жаңа жағдайда, жаңа мəтінде пайдаланылуға бейім болады.
2011

Модальділік мəселесі — бүгінгі күндегі тіл білімінде түрлі көзқарастар мен пікірлерге ие болған, тіл зерттеушілерінің назарын ерекше аударып отырған мəселелердің бірі. Модальдік мəселесін əр қырынан қозғаған зерттеушілер қатарында орыс лингвистикасында В.В.Виноградов, И.П.Распопов, Н.Ю.Шведова, Н.В.Бондаренко, Г.В.Колшанский, В.А.Белошапкова жəне т.б. атауға болады.
2011

«Жалпы алғанда, бастауыш бола алмайтын сөз жоқ. Белгілі жағдайда (субстантивтеніп қолданылғанда) тіпті өз алдына сөйлем мүшесі болмайды дейтін шылау сөздер де, сөз емес, сөз құрау үшін жұмсалатын жеке дыбыстар да сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсалуы мүмкін» [1]. Қазақ ғалымдарының бұл пікірін монғол тіліне де қатысты айтуға болады. Ал бастауыштарды танытатын айырым белгілері — грамматикалық тұлғалардында біраз ұқсастықтар мен айырмашылықтар байқалады.
2011

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бастауымен қазақ ғылымы белгілі тілтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бабаш Əбілқасымовтың 80 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Ғылымдағы жолын қазақтың əдеби тілінің тарихын зерттеуге арнаған ардақты ұстаз, көрнекті ғалым Бабаш Əбілқасымов туралы, оның қазақ тіл біліміндегі ерен еңбегі жайлы айту абзал деп есептейміз. Өйткені бар болмысымен зиялылықтың үлгісін көрсетіп, жүзінен жылылық кетпейтін ағамыз əрі ұстазымыз біз сияқты көптеген жастарды ғылым нəрімен сусындатып, олардың ғылымдағы ізденістеріне жетекшілік етті.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.