Статьи, год 2011

Еліміз тəуелсіздік алғаннан бері бүкіл əлемдік қауымдастық мемлекеттерінің оған деген назары арта түсуде. Мұндай назардың артуына республикадағы табиғи бай ресурстардың жəне ең алдымен оның көмір сутегі ерекше роль атқарып отырғаны белгілі. Қазақстан туралы болашақта Парсы шығанағы елдеріне балама бола алатын неғұрлым перспективті аймақ ретінде сөз болуда.
2011

Жер теліміне байланысты даулар көп кездесетін үдеріс болғандықтан, жеке меншікке жер алу, онда үй-жай, құрылыс салумен шұғылданатын азаматтар жер туралы заңдардың қағидаттары мен міндеттерін толық білуі шарт екені белгілі. Бөлінген жердің меншік иесі болуға жəне оны алудың жолдары мен оны пайдаланудың құқықтық жауапкершілігі туралы ақпараттар аз берілетіні анық. Осыған орай жалпы теория жүзінде жəне тəжірибеден мысалдар келтіре отырып, қысқаша мəліметке тоқталып өтсек.
2011

Үкімет жүзеге асырып отырған «Ірі қара мал етінің экспорттық əлеуетін дамыту» жобасының аясында етті ірі қара малдың басын көбейту жəне ел экспортының жалпы құрылымындағы агроөнеркəсіп кешенінің экспорттық үлесін арттыру жоспарлануда. «2016 жылға қарай еттің экспорты 60 мың тоннаны құрауы керек, бұл 4 миллион тонна астыққа барабар. Мал шаруашылығын дамытуға мемлекет 130 миллиард теңге несие ресурсын бөледі. Бұл шара ауылда 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашады, 100 мыңнан астам ауыл тұрғынына табыс көзін тауып береді», [1] - деп мəлім етті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында.
2011

Мониторинг дегеніміз не? «Мониторинг – бұл қоршаған ортаны қадағалау мен бақылаудың жүйесі. Ол үш сатыдан тұрады: қоршаған табиғи орта жағдайының, адамзат қызметінің əсерінен болатын қоршаған табиғи орта жағдайын болжаудың, бағалау жəне қадағалау жүйесі [2].
2011

Ауылшаруашылығының дамуын мемлекеттiк реттеу деп осы саладағы коммерциялық ұйымдардың шаруашылық қызметiн ұйымдастыруға мемлекеттiң нормативтiк актiлердi шығаруы арқылы əсерi етуін айтуға болады. Мұндай реттеуiнiң ең маңызды құралдарының бірі болып сатып алу, салық, баға, несие, сақтандыру, сыртқыэкономикалық саясат болып табылады, яғни көбiнесе экономикалық əдiстер.
2011

Т.Рысқұловтың публицистикалық жəне ғылыми-зерттеу еңбектерін оның қоғамдық-саяси жəне мемлекеттік қызметінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Ол жиырмаға жуық кітаптар, брошюлардың авторы мен редакторы болды. Жүздеген ғылыми жəне үгіт-насихаттық, публицистикалық мақалалар жазып, жариялады. Өлкелік басылымда бас редактор қызметін атқарды. Қазақстанда тілшілер қозғалысының дамуына ықпал етті. Республикалық, өлкелік съездерде облыстық жəне аудандық партия конференцияларында, Кеңестер съезінде, көптеген қалалар мен ауыл шаруашылығымен айналысатын аудандардың жұмысшы, шаруаларының, жастарының, зиялы қауым өкілдерінің алдында баяндама жасап, сөз сөйледі.
2011

Біздің зерттеудің нысаны болып француз жəне қазақ тілдерінің соматикалық фразеологиялық сөз тіркестері болып (СФТ) табылады. Біз соматикалық фразеологиялық сөз тіркестерінің дəстүрлі құрылымын қарастырып, олардың үлгілері бойынша классификациясын бердік. Бəрімізге мəлім, соматикалық фразеологиялық сөз тіркестерінің құрылымына талдау жүргізбей, олардың семантикасын (мазмұн жоспарын) түсіну мүмкін емес. Құрылымы мен мазмұны өзара тығыз байланысты, бір-бірімен өзара келісілген: құрылымы мазмұнмен жəне мазмұны құрылыммен байланысты. Бірақ ең маңыздысы мазмұн болып табылады. Айта кететін жайт, құрылым грамматика мен лексика заңдары бойынша құрастырылады, ал фразеология өз алдына осыған негізделеді [1].
2011

Тарихи шығарма жазуда қаламгер ұстанымы, негізінен, оның жазушылық концепциясынан туындайды. Авторлық ұстаным — жазушы дүниетанымының іргетасы. Суреткердің авторлық ұстанымы оның өз шығармасындағы алдына қойған мақсат-мұрат, айтпақшы болған ой-идеясымен тығыз байланысты. Қандай жазушы болса да, өз ұлтынан тыс тұра алмайды. Демек, ол — белгілі бір дəрежеде ұлттық идеяның жаршысы. Егер «Ұлттық идея дегеніміз — этностық мезгілдік һəм мекендік факторлар арқылы айқындалатын тəжірибесі, танымы жəне талғамына байланысты бірте- бірте жыңғырып-жаңаланып отыратын, бірақ өзіндік ілкі белгілерін жуық арада жоғалта қоймайтын табиғи-тарихи əрі тылсымдық бітім-болмысының, сана-сезімінің, мінезі мен мəдениетінің, соған сəйкес туындайтын əлеуметтік мұрат-мүдделері мен қимыл-қозғалыстарының жалқылық та, жалпылық та мəнін жинақтаған ұйытқысы» [1] деген пікірге ден қойсақ, тарихи туынды авторының ұлттық идеяны айрықша проблема етіп көтеретіні əлемге аян.
2011

Қоғам — постиндустриалды, мəдениет — постмодерн. Ал əдебиет қайда бет бұрып бара жатыр? Үшінші жаңа мыңжылдыққа аяқ басу — бір құбылыстың басы, екінші бір құбылыстың соңы болуы бек мүмкін. Ақпарат ағымы тасқындаған заманда, ғасырлар тоғысында таным дағдарысы белең алды. Жаңа мəдениет көкжиегін көксеген жаңаша көзқарас ізденіске бастап, осы тұста тың талғам қалыптасуы уақыт заңдылығы десек те болады. Тың ізденіс əдебиетте жемісін қалай беріп жатыр? Бұл — бүгінде сөз өнеріндегі жауабын күтіп тұрған өзекті мəселе. Біз бұл жобамызда жазушы Мадина Омарова шығармашылығы арқылы өз жауабымызды беруге тырыстық. Бірден көзге шалынатыны, М.Омарованың кейіпкерлерінің күрделілігі, қайшылықты болмысы. Автордың көркем шығармаға арқау еткен идеясының образға айналуы, яғни қаһармандар əлемі жас жазушының қазақ прозасына алып келген өзгеше демі іспеттес.
2011

Бұл күндері қай замандарда халқымыздың маңдайына біткен ұл-қыздардың ел үшін еткен еңбектері айқындалып, есімдері айбынды тақтаға жазылуда. Сондай ерлердің арасында — Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, тағы басқалары. Бұлар бұрыннан танымал жағдаяттарды зерделеумен шектелмей, бізде не бар, не жоқ, ілгеріге табан басуға бола ма, ол үшін ежелден бой бермей келе жатқан енжарлықтан арылып, қанат қомдаудың қолайы қандай деген сауалдарға жауап іздеді. Олар отандастарының жазу-сызудан кенжеліп қалғанын, патша өкіметінің баяғыша езіп-жаншып, қараңғылықтан көз ашпаған бүтіндей бір өлкені газет-журналдардан да қағажы ұстап келе жатқанын баяндайды.
2011

Нарманбет Орманбетұлы 1860 жылы (кейбір деректерде 1859 жыл деп көрсетілген) сол кездегі Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын өзенінің Балқаш көліне құяр ағысының бір саласы Саға деген жерде дүниеге келген. Руы Тобықты, оның ішінде Дадан, Қалдау, Балтабай болып тарайды. Абаймен аталас туыстығы бар. Нарманбеттің төртінші атасы Деріпсалды — жоңғар шапқыншылығы кезінде ерекше ерлік көрсетіп хан Абылайдан бата алған батыр.
2011

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев — қазақтың əйгілі ақыны. Ол қазақ поэзия əлеміне шетсіз- шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік əкелген ақын. Құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын. Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.