Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мал шаруашылығындағы заң жобасы – Стратегиялық маңызы бар құжат

Елімізде мал шаруашылығының қарыштап дамуы – халықтың əлеуетінің арта түсуіне ықпал етпек. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ел Үкіметі Қазақстан Республикасының агроөнеркəсіптік кешенін дамыту бағдарламасының аясында «Ірі қара мал етінің экспорттық əлеуетін дамыту» жобасын бекітті.

Үкімет жүзеге асырып отырған «Ірі қара мал етінің экспорттық əлеуетін дамыту» жобасының аясында етті ірі қара малдың басын көбейту жəне ел экспортының жалпы құрылымындағы агроөнеркəсіп кешенінің экспорттық үлесін арттыру жоспарлануда. «2016 жылға қарай еттің экспорты 60 мың тоннаны құрауы керек, бұл 4 миллион тонна астыққа барабар. Мал шаруашылығын дамытуға мемлекет 130 миллиард теңге несие ресурсын бөледі. Бұл шара ауылда 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашады, 100 мыңнан астам ауыл тұрғынына табыс көзін тауып береді», [1] - деп мəлім етті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында.

Сонымен қатар Елбасының ағымдағы жылы Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңына өзгерістер енгізу жөнінде заң жобасы əзірленді жəне «Ірі қара мал етінің экспорттық əлеуетін дамыту» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаулысы қабылданды [2]. Аталған заң жобасында келесі өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған:

  • мемлекеттік қолдау шараларын күшейту;
  • «Асыл тұқымды мал зауыты» жəне «Асыл тұқымды шаруашылық» мəртебесін беру тəжірибесінен «Асыл тұқымды мал» мəртебесіне көшу арқылы асыл тұқымдық іс жүйесін реформалау;
  • малдың асыл тұқымдық құндылығын бағалаудың əлемдік əдістеріне көшу;
  • кейбір қызметтерді қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға беру арқылы мемлекеттік органдардың селекциялық асыл тұқымдық жұмысты реттеудегі əсерін төмендету;
  • саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруды көздейді.

Қабылданған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру арқылы алдымыздағы 5 жылдың көлемінде елімізге шетел селекциясының асыл тұқымды 72 мың бас ірі қара мал əкелінетін болады. Бұл республика аумағында шаруашылық репродукторлар желісін құрып, асыл тұқымды генетикалық қорды жасақтауға мүмкіндік береді жəне Елбасының 2016 жылға дейін ірі қара мал етін 60,0 мың тоннаға дейін жеткізу тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді. Асылдандыру ісін халықаралық талаптарға сəйкестендіру мақсатында министрлік тарапынан жоғарыда айтылған заң жобасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларда асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қауымдастықтарды құруды жəне оларға асылдандыру ісін реттеу, асыл тұқымдық куəліктерді жəне асыл тұқымды мал мəртебесін беру құзіретін жүктеуді қарастырады.

Республикада мал тұқымын асылдандыру жəне асыл тұқымды малдың үлес салмағын арттыру Үкімет тарапынан бекітілген агроөнеркəсіп кешені саласын дамытуды қарастыратын салалық бағдарламада қамтылған. Осы бағдарламада республикадағы асыл тұқымды малдың салмағын 2016 жылға дейін 15%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Ал қазіргі таңда республикада асыл тұқымды малдың жалпы үлес салмағы 9,4%-ға жетіп отыр. Сонымен қатар, етті ірі қара мал тұқымдары бойынша үш қоғамдық бірлестік: Қазақтың ақ бас тұқымы қауымдастығы, Агнус тұқымы қауымдастығы, Герефорд тұқымы қауымдастығы құрылды.

Ал мемлекеттік бақылау функциялары қауымдастықтарға берілмейді, яғни бұл функцияларды асыл тұқымды мал шаруашылығындағы инспекциялардың өздері атқарады. Мұндай жағдай көпшілік экспорттаушы елдерде (Австралия, АҚШ, Канада) тəжірибеге енген. Осы əрекеттер болашақта малдың тұқымдық сапасын жақсарту есебінен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді. Бүгінгі таңда шетелдік тəжірибелер, ауыл шаруашылығы малдарын асылдандыру ісін жүзеге асыру арқылы оның өнімдерін өндіру көлемін арттыруға жəне сапасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнын арзандатуға мүмкіндік беретінін дəлелдеп отыр. Көптеген шет елдерде бұл сала біршама ілгері дамыған, осыған орай отандық мал шаруашылығы өнімін экспорттау үшін ол өнім бəсекеге қабілетті болуы қажет.

Кедендік одақтың басты талабы – бəсекелестік. Кедендік одаққа мүше болғаннан бері елімізге ет, сүт   өнімдері   еркін   келуде.   Осы   ретте   отандық   тауар   өндірушілердің   бəсекеге қабілеттілігін арттыратын шараларды қолданудың қажеттілігі туындап отыр. Ресей мен Белоруссияда өндірілетін мал шаруашылығының кейбір өнімдерінің сапасы жоғары болғанына қарамастан, құны отандық өнімдердің бағасына тең.

Осыған орай Үкімет тарапынан отандық өнімнің бағасын төмендетуге, оның бəсекеге қабілеттілігін арттыруға байланысты арнайы шаралар қолданылуда.

Республикалық бюджеттен субсидия ретінде қаржы бөлу арқылы мал шаруашылығы өнімін өндіру үшін жасалған шығындарды өтеу екі бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.

  • 083 бағдарлама асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға бағытталған бюджеттік бағдарлама.
  • 088 бағдарлама мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін жəне сапасын арттыруға бағытталған.

Ет экспорттау үшін əлеуетімізді өсіруге тиіспіз. Елбасының халыққа жолдауында берген тапсырмасына сəйкес «Ірі қара мал етінің экспортық əлеуетін дамыту» бағдарламаның шеңберінде келесі шаралардың жүзеге асырылуы жоспарланған:

  • Қазақстан Республикасы асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын жетілдіру;
  • мал бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды репродуктор-шаруашылықтарын жəне фермерлік шаруашылықтарды құру;
  • мал шаруашылығы саласындағы мамандардың жəне мал шаруашылығымен айналысатын қызметкерлердің білімін жоғарылату;
  • етті ірі қара мал саласындағы селекциялық жұмысты басқару орталығын құру;
  • республикадағы жайылымдарды суландыру жəне олардың өнімділігін жоғарылату;
  • ветеринария жүйесін халықаралық деңгейге сəйкес жетілдіру жəне ірі қара малды бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу.

Дəл қазiргi таңда мал шаруашылығына қатысты қордаланған мəселелердiң түйiнiн тарату қажет. Мал өнімін арттыру үшін ең бірінші кезекте сол малға азық беретін жерге үлкен қамқорлық керек болып отыр. Əуелі бүгінгі Қазақстандағы жердің жай-күйіне келсек. Жер ресурстарын басқару агенттігінің мəліметінше, соңғы жылдары шөлейттену үдерістеріне Қазақстанның жер аумағының 70 пайызы əртүрлі ықтимал мөлшерде ұшырап отыр. Жерге мониторинг жүргізудің нəтижесі мынадай: республика бойынша барлық егістік жерлердің (24,2 млн гектар) 16,3 млн гектарының сапасы жақсы болса, 2,0 млн гектары - тұзды, 2,5 млн гектары - сортаңданған екен. Ал жел жəне су эрозиясына бейім жерлер - 1,6 млн гектарды құрайды, 1,3 млн гектар аумақ – қиыршық тастақталған жəне 0,4 млн гектар жер шамадан тыс ылғалданған болып отыр [3]. Алаңдайтын тағы бір мəселе – жыл сайынғы топырақ құнарының жоғалуына қатысты болып отыр. Атап айтсақ, cоңғы он жылда 17,7 млн гектар егістік жерге жүргізілген агрохимиялық зерттеу нəтижесі бойынша республиканың суарылмайтын егістігіндегі қарашірігі төмен аумақтар 60 пайызды, ал суармалы егістік  бойынша олардың көрсеткіші 98 пайызды құрап отыр. Соңғы жылдары жерді тыңайту мүлдем назардан тыс қалған. Мəселен, 1990 жылы 1 гектар егістікке жұмсалатын тыңайтқыш мөлшері 19 келіні құраса, бұл көрсеткіш 2000 жылы - 0,7 келіні құрап, 2010 жылға қарай - 4,4 келіге жеткен. Ал халықтың тұрмысы шаруашылыққа байлаулы болып саналатын көбінесе оңтүстік өңірге тəн суармалы жердің жайы тым мүшкіл. Мысалы, 2010 жылы 1991 жылмен салыстырғанда суармалы жерлер көлемі 298 мың гектарға азайса, 575 мың гектар суармалы жер ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалған. Пайдаланылымдағы суармалы жерлердің өзі көп күтімге зəру. Өйткені, қарапайым  шаруаның қалтасы көтермей, соның салдарынан суармалы жердегі су жəне кəріздік жүйелері уақытылы тазаланбай ұйық басып, жердің сорлануына, тұздануына жəне өнімділігінің төмендеуіне əкеліп отыр. Суармалы жерлердің ауыспалы егіс жүйесінде жем-шөп дақылдарының көлемі ғылыми негізделген 32 пайыздың орнына 11,8 пайызды ғана құрайды. Сондықтан, бұл жерлерде аса бағалы, жоғары белокты жем-шөп дақылдарының көлемін 2-2,5 есеге ұлғайту керек. Ал ондай ұлғайту тек пайдаланылмай жатқан суармалы жерлерді айналымға енгізу арқылы ғана іске асырылады. Ол үшін суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға тиісті көлемде субсидиялар мен несиелер берілуі керек. Жем-шөп дақылдарының көлемін ұлғайту, тұқым шаруашылығын дамытуды, оның көлемін 2-3 есеге көбейтуді керек етеді.

Мал өніміне тікелей ықпал ететін табиғи жайылымдардың жайы да көңіл қуантарлық емес. Мысалы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мəліметі бойынша, елімізде 182 млн гектар табиғи жайылымның 70 млн гектары немесе 38 пайызы ғана пайдаланып келеді екен [4]. Бұл көрсеткіш 1990 жылмен салыстырғанда екі есеге аз. Бұдан бөлек, қолданыстағы жайылымдардың жартысынан көбі, малдың санының көптігінен, оның бір аумаққа ұзақ шоғырлануынан жұтаңдап, істен шыға бастаған. Алдағы уақытта саны онан сайын күрт өсетін мал басын жайылыммен толық қамтамасыз ету үшін жыл сайын миллиондаған гектар табиғи жайылымды игеру қажет етілетін көрінеді. Сондықтан да, Қ.Айтаханов елімізде мал өнімі бағасын арзандату жəне етті экспорттау көлемін арттыру үшін негізгі бес мəселеге назар аудару қажеттігін алға тартады [5].

Біріншіден, жемдік астық дақылдарын өндіруге басымдық беріп, Үкімет тарапынан қолдау көрсету. Мемлекеттік жемдік астық қоры жасақталса игі.

Екіншіден, жоғары белокты, қажетті амин қышқылдары бар, сапалы жемшөп дақылдарын өсіру үшін суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қажетті субсидия беру жүзеге асуы шарт.

Үшіншіден, пайдаланылмай жатқан суармалы жерлерді айналымға ендіріп, жем-шөп дақылдарының көлемін ұлғайту үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жеңілдетілген, ұзақ мерзімді несие беру шешімін тапқаны абзал.

Төртіншіден, мал өнімдерінің өзіндік құнының 40-45 пайызын мал азығы құрайтынын ескере отырып, оның көлемі мен сапасын арттыру қажет. Осы мақсатта жем-шөп дақылдарының тұқым шаруашылығы мен құрама жем өндірісін дамытуға бағытталған ынталандыру шараларын қарастыру керек.

Бесіншіден, еліміздегі табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану, мал басын жəне оның өнімділігін арттыру үшін мал жайылымдарын суландыру мақсатында арнайы бағдарлама жасалса игі. Суармалы жерлерге арнайы ұңғымалар мен құдық, тағы басқа суландыру жүйелерін енгізгеннен ұтар көп.

Қырғыздарда ауыл шаруашылығы саласының жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы 35 пайыз, ал біздікі – не бары 6-ақ пайыз. Қырғыздарда «Жайылым туралы» арнайы заң бар. Сол секілді Ауыл шаруашылығы министрлігі жанында Жайылым бойынша арнайы департамент те жұмыс істейді. Ал бізде кезінде жекешелендіру деп біреулер жайылым жерді сатып немесе 40-50 жылға жалға алды. Қазір ол жерлер бостан-босқа қараусыз жатыр. Бірақ олардың қожайыны бұл жерге жеке малының жайылуына, шөп шабуға рұқсат бермейді. Міне, аталған заң жобасында осындай кереғарлыққа ие құқықты жойып, оған түзету енгізу керек. Мұндай заң көрші Ресейде де қабылданған. Соған сəйкес олар ірі-ұсақ деп бөлмей, барлық мал басына бірдей мемлекеттік деңгейде жағдай жасап отыр. Ал бізде бұл ретте бөліп-жару бар. Ұсақ мал шаруашылықтары мемлекеттің көмегіне зəру, бірақ оларға жағдай жасалмайды. Ірі мал шаруашылықтарына берілгендей, ұсағына да мемлекет субсидия бөлуі керек. Сол секілді ұсақ мал шаруашылықтарын ірілендіру қажет. Бұл – ауқымды шара. Оның бірнеше жолы бар. Соның тиімдісін қабылдауға мемлекет мүдделі болуы керек. Ірісінен бастап, ұсақ мал шаруашылықтарына дейін жаппай жан-жақты қолдау көрсетудің əртүрлі жолдары анықталған кезде, бұл салада қандай да бір дамуға қол жеткіземіз деп ойлаймын.

Мамандар тарапынан көтерілген тағы бір назар аударарлық мəселе – жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру. Ресми мəліметке жүгінсек, былтыр күздегі дерек бойынша елімізде 207,9 мың шаруа жəне фермер қожалықтары, 6,1 мың акционерлік қоғамдар немесе шаруа серіктестіктері, 1,3 мың өндірістік кооперативтері жұмыс істеуде. Олардың иеліктеріне барлық ауыл шаруашылығы жерлерінің 98,4 пайызы беріліпті. «Өкінішке қарай, соңғы 15 жылда ауыл шаруашылығы саласында басты назар жердің құқықтық мəнісіне, яғни меншік мəселесіне қарай ойысып кетті. Кеңес одағы ыдырағаннан соң сол жүйеде қалған ұжымшар, кеңшар жерлерін таратуға көп көңіл бөлініп, жер сапасы жағдайына мəн берілмеді. Əсіресе, жерді тиімді пайдаланудың бірден-бір құрамдас бөлігі саналатын ішкі шаруашылықты дұрыс жерлерге орналастыру жобалары ұдайы кейінге шегеріліп келді. Ондай жобаны жасауға бюджеттен соңғы 15 жылда бір тиын да қарастырылмады. Аталған мəселені шешу жерді тиімді пайдалануға өз септігін тигізер еді» [6].

Жерді тиімсіз немесе мақсатқа сай пайдаланбау нəтижесінде жайылым мен шабындық біртіндеп жарамсыздық болып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, мамандар жердің құнарлылығы жоғалып бара жатқанымен қоса, оны тиімді пайдалану мəселелері əлі де қажетті деңгейде шешілмей жатқанына назар аудартады [7]. Сондықтан да, Елбасы Жолдауында жүктелген ауыл шаруашылығындағы еңбек- тің өнімділігін арттыруды қолға алмастан бұрын, алдымен мамандардың жердің жай-күйіне қатысты маңызды ойларын сарапқа салған дұрыс болар.

Сонымен бірге мал шаруашылығына қажетті жемшөп мəселесімен бізде ешкім айналыспайды, бұған жауап беретін тікелей құзырлы орган да жоқ. Мысалы, шетелде жемшөптің құнын дотациялау, жасанды ұрықтандыруды қолдау, ветеринарлық қызмет құнын мейлінше төмен ұстау арқылы мемлекет жекеменшіктің мал өсіруіне жағдай жасайды. Соның арқасында Австралия, АҚШ, Канада елдері ірі ет экспорттаушы мемлекеттерге айналып отыр. Олардан тыс, бұрынғы КСРО-ның құрамынан шыққан Польша да нарықтық қарым-қатынасқа тез бейімделіп, қысқа мерзім ішінде ет экспорттауға қол жеткізді. Мұндай жетістікке Польша ауыл халқының қажеттілігі мен сұранысына түсіністікпен қараудың арқасында ие болды. Негізі, бізге бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттердің  мал  шаруашылығын  нарықтың  жолына  дұрыс  қоя  білгендерінен үлгі алу керек.

Сонда халықтың əл-ауқатын арттырып қана қоймай, үйде отырған жұртты жұмыспен қамтуға, бюджеттен тыс нəпақа табуға, нарықты да етпен, сүтпен қамтуға болады.

Əлемдегі жыл сайынғы сиыр етінің экспорты мен импорты шамамен 8 миллион  тоннаны құрайды. Тұтыну көлемі өсуде, ал өндіріс оны қуып жете алмай келеді. Негізгі экспортшылар – Аргентина, Бразилия, Уругвай – өздерінің мүмкіндігі шегінде жұмыс істейді. Өсіп келе жатқан сұранысты Қазақстан сияқты жаңа нарықтардың есебінен қанағаттандыруға болады.

Ресей Қазақстанның бiрқатар Атырау, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарынан мал өнiмдерiнiң экспортына салынған тыйымды алып тастады.

Еліміздің шығыс өңірі мал шаруашылығы кеңінен қанат жайған аймаққа жатады. Бұл аймақ ірі қара мал басының, қойдың көптігімен танымал. Сүтті де көп өндіреді. Негізі, мал шаруашылығы бойынша елімізде Алматы облысынан кейін Шығыс Қазақстан облысы алдыңғы қатардағы орынды иемденеді. Сонымен бiрге Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының территорияларынан мал өнiмдерiнiң экспортына тыйым салынған. Бiрақ онда термикалық өңдеуден өткен мал өнiмдерiнiң экспортына рұқсат.

Қазақстандық ет экологиялық таза жəне дəмді. Жалпы əлемдік санитарлық жəне ветеринарлық стандарттарға сəйкес еттің ірі көлемін қалыптастыру үшін инфрақұрылым құру қажет. Біз сонда ғана сапа шартына сай етті тұрақты түрде жəне аса мол көлемде экспорттай аламыз.

Қазақстан, Ресей жəне Беларусьті біріктірген Кеден одағының құрылып, соның аясында əкімшілік кедергілердің алынып тасталуы бізге етті Ресей нарығына экспорттауға жол ашады. Олар жыл сайын 1,7 миллион ет, соның ішінде 800 мың тоннадай сиыр етін импорттайды. Осылардың бəрі бізге мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық əлеуетін дамыту үшін жəне 2016 жылы сиыр етінің экспортын 60 мың тоннаға дейін жеткізуге жағдай жасау үшін зор мүмкіндік береді.

Халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартудың бірден бір жолы – мал шаруашылығын дамыта түсу болмақ. Мемлекет те бұл саланы дамытуға ден қойып келеді. Оның дəлелі ретінде биыл Астанада өткен халықаралық мал шаруашылығы форумын айтуға болады. Ет экспортын жолға қою, мал өнімін алдымен Ресей нарығына жеткізу – негізгі міндеттердің бірі болып саналды. Бұл орайда шағын жəне орта фермерлік қожалықтарға мемлекеттің арнайы бағдарламасы демеу болмақ. Стратегиялық маңызы бар құжат саланың экспорттық əлеуетін арттыруға өз септігін тигізетіні анық.

 

Әдебиеттер

  1. Назарбаев Н. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауы. 01.2011.
  2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi №278 Заңы. ҚР2011.07.05 №452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiлдi)
  3. Өзібеков Ө. // Қазақстанның жер ресурстары» журналы №6,
  4. http://www.minagri.kz
  5. Айтаханов Қ. Республикадағы мал шаруашылығын дамыту туралы. 02.2011
  6. Малдан мол өнім алу үшін алдымен жерді құнарландыруға мəн беру керек. «ҚазАгроИнновация» АҚ // Білім Беру Жүйесін Дамыту Департаменті. 2011. 02.
  7. Мамытбеков А. Ауыл шаруашылығы – экономикамыздың еңселі саласы // Шаруа анықтамалығы 2011, № 10 (34)

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.