Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Т.Рысқұловтың жарық көрген тарихи-публицистикалық кейбір еңбектеріне шолу

Т.Рысқұловтың публицистикалық жəне ғылыми-зерттеу еңбектерін оның қоғамдық-саяси жəне мемлекеттік қызметінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Ол жиырмаға жуық кітаптар, брошюлардың авторы мен редакторы болды. Жүздеген ғылыми жəне үгіт-насихаттық, публицистикалық мақалалар жазып, жариялады. Өлкелік басылымда бас редактор қызметін атқарды. Қазақстанда тілшілер қозғалысының дамуына ықпал етті. Республикалық, өлкелік съездерде облыстық жəне аудандық партия конференцияларында, Кеңестер съезінде, көптеген қалалар мен ауыл шаруашылығымен айналысатын аудандардың жұмысшы, шаруаларының, жастарының, зиялы қауым өкілдерінің алдында баяндама жасап, сөз сөйледі.

Т.Рысқұловтың публицистикалық мұрасы əлі күнге дейін толық зерттеліп біткен жоқ. Жергілікті баспасөзде жарияланған көптеген мақалалары іздестіріп тауып, аударуды қажетсінеді.

1984 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің жанындағы Партия тарихы институты — СОКП ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының филиалы əзірлеген бір томдық «Таңдамалы шығармаларының» [1], 1997 жылы үш томдық «Шығармалар жинағы» [2] «Қазақстан» баспасынан жарыққа шығуы бұл олқылықтың орнын толтырғандай болды. Дегенмен, мұнда Т.Рысқұловтың өткен ғасырымыздың 20–30-жылдарында жарық көрген аса маңызды еңбектері енбей қалған.

Бір томдық «Таңдамалы шығармаларына» Т.Рысқұловтың ұзын-ырғасы отыз алты еңбегі енгізілген. Бұл кітапта орталық жəне жергілікті баспасөзде жарияланған мақалалары, Түркістан Компартиясы мен Əзербайжан Компартиясы съездері мен конференцияларында, РКП (б) ХІІ съезінде, Шығыс халықтарының І съезінде сөйлеген сөздері, баяндамалары жəне басқа да материалдары жинақталған. Сол сияқты Т.Рысқұловтың «Таңдамалы шығармаларында» Ұлы Қазан төңкерісінен бастап 1930-жылдар ортасына дейінгі кезең қамтылған. Олар негізінен партияның лениндік ұлт саясатын жүзеге асыру мəселелеріне арналған. Онда автор партияның Түркістанның жергілікті еңбекшілерін кеңестік құрылысқа тарту, олардың əлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, ұлттық зиялы қауым өкілдерін көтеру мəселелерін сөз еткен. Орта Азиядағы басмашылықпен күресу тəсілдері, Түрксіб теміржолының тарихи мəн-маңызы, Кеңес Одағында кооперацияларды, тұрғын үй жəне коммуналдық шаруашылықты дамытуды қозғаған мақалалары берілген. Оның Орта Азия мен Қазақстандағы төңкеріс тарихын зерттеуге арналған материалдары да аса қызығушылық тудырады. «Таңдамалы шығармаларында» Т.Рысқұловтың өмірі мен қызметі туралы қысқаша очерк жарияланған.

С.Бейсембаев пен С.Көлбаев та Т.Рысқұлов туралы зерттеулер жүргізіп, кітап шығарған авторлар [3]. Олар өз еңбектерінде Т.Рысқұловтың негізгі шығармаларына қысқаша шолу жасайды. Жəне де Т.Рысқұловтың ғылыми-зерттеу, насихаттық, публицистикалық еңбектерінің орасан екендігін көрсетеді. Шындығында, Т.Рысқұлов шығармаларындағы көптеген ой-тұжырымдардың, деректердің, статистикалық жəне басқа да мəліметтердің бүгінгі таңда да саяси, ғылыми мəн- маңызының барлығы аян.

Сонымен қатар көптеген тарихи əдебиеттерде Т.Рысқұловтың тек жекелеген жарияланымдарына ғана талдау жасалып, баға берілген [4]. Мұндай бағалаулар əділ, объективті болғанымен, олар тек Т.Рысқұловтың ертеректе жарияланған, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының төңкеріске қатысу тарихының жекелеген проблемаларын қамтитын жарияланымдарына ғана қатысты дер едік. Сондықтан да оның еңбектерін əлі де тереңірек зерттеп-зерделеу, талдау жасау керек.

Т.Рысқұлов публицист ретінде тарихи публицистика саласының дамып, жетілуіне зор үлес қосты. Себебі ол социализм құру жолында кеңестік тарих ғылымының үш кезеңін басынан өткергені белгілі: оның алғашқысы — 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен 1917 жылдың қазанына дейінгі кезең; екіншісі — 1917 жылдың қазанынан 1930 жылдардың басына дейінгі кезең; үшіншісі — 1930- жылдардың басынан 1940 жылдарға дейінгі кезең.

Т.Рысқұлов қызмет еткен күрделі, күреске толы кезең кейін ХХ ғасырдың 1990-жылдары ғылыми пікірталастарда, зерттеу еңбектерде тарихты маркстік көзқарас тұрғысынан бағалау, схематизм, модернизм, экономикалық материализм жəне т.б. мəселелер біржақты сынға ұшырады. Мұның бəрі, əрине, тұрартану саласына, оның ғылыми-зерттеу қызметінің мəн-мазмұнына ықпалын тигізбей қоймады. Себебі партия жəне мемлекет қайраткері ретінде өсіп-қалыптасуы барысында Т.Рысқұловтың тарихи зерттеудің марксистік-лениндік əдістемесін игеру деңгейі оның 20-жылдар соңы — 30-жылдар ортасындағы еңбектерінен айқын көрініс берді.

1924 жылы Т.Рысқұловтың «Ленин жəне Шығыс халықтары» [5] атты кітабы Ташкентте жарыққа шыққан. Бұл Лениннің көпұлтты Кеңес Одағы халықтарының көсемі ретіндегі ролін ашып көрсеткен, алғашқы ғылыми-көпшілік еңбектің бірі еді. Оның Ленинді еске алуға арналған мақаласы сол жылы 1 ақпанда «Правда» газетінде жарық көреді. Т.Рысқұлов В.И.Ленинмен қалай кездескенін, одан қандай əсер алғандығын баяндайды.

Сол жылы «Новый Восток» журналында Т.Рысқұлов «Шығысты азат ету күресінің тарихынан (Түркістан қырғыздарының 1916 патша үкіметіне қарсы көтерілісі)» атты мақаласын жариялайды. Кейіннен, 1926–1927 жылдары баспасөз беттерінен 1916 жылғы Орта Азия мен Қазақстандағы көтеріліс туралы пікірталастар орын ала бастағанда Т.Рысқұловтың бірқатар мақалары мен «Орта Азияның жергілікті халықтарының 1916 жылғы көтерілісі» [6] атты кітабы жарық көреді. Аталған кітап Қазақстан тарихын зерттеушілерге құнды фактілерді ұсынғаны сөзсіз.

Десек те, бұл еңбек туралы көптеген зерттеушілер қазір əрқалай пікір білдіріп жүр. Мəселен, Х.Т.Тұрсынов өзінің «Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс» атты монографиясында бұл еңбектің жетістіктері мен кемшін тұстарын атап өтеді. Ол: «Т.Рысқұлов бұл көтерілісті халықтың «ондаған жылдар бойы жинақталған өшпенділігінен туған» бүкілхалықтық төңкеріс, көтеріліс ретінде қарастырады. Ол көтерілістің имперализм жүйесіне ауыр соққы бергенін» [7; 13], — деп көрсетеді. Сол сияқты Х.Т.Тұрсынов: «Ол Ресей мен жергілікті ұлттық буржуазияның арасындағы экономикалық жəне саяси байланысты, олардың көтеріліске қарсы біріккен күресін дұрыс көрсете алды» [7; 13], — дейді. Соған қарамастан, аталмыш монография авторы Т.Рысқұловтың осы тақырыпқа қатысты тұстарындағы қателіктеріне назар аударады. Олардың негізгісі, Түркістан аудандарындағы түрлі оқиғаларға баға беруде Т.Рысқұловтың сыни көзқарасының болмауы, барлық орыс қоныс аударушылардың шаруашылығын отаршылдық ретінде қарастырып, қоныс аударған шаруалардың таптық жіктелуі мен күресін ескермеуі туралы айтылады. «Т.Рысқұлов барлық еуропалық халықтар қырғыздар мен қазақтардың көтерілісінің басып-жаншылуына мүдделі болды деп санағанда қателескен еді. Оның көтерілісті патша үкіметі патша əскерлерін Орта Азия аудандарына Ауғанстан мен Батыс Қытайды жаулап алу жорықтарына əзірлеу үшін шығаруға себеп ретінде алдын ала жоспарлаған деген тұжырымы да жаңсақтық еді», — деп көрсетеді зерттеуші [7; 15].

Тіпті, 1926–1927 жылдардағы пікірталасқа қатысушы И.Меницкий сол кездері Т.Рысқұлов позициясын сынға ала отырып, оны тек ұлттық мүддені ғана көздеп, тап күресі туралы естен шығарғаны үшін айыптады. И.Меницкий: «1916 жылғы Түркістандағы оқиғалардан біз қаналған таптардың жергілікті буржазия мен ұлттық айырмашылығына қарамастан басқа да қанаушыларға жəне солардың мүддесін көздеуші ретіндегі орыс əкімшілігіне қарсы шыққанын көреміз» [8], — деп пайымдайды.

Ал, 1982 жылы В.Г.Чеботарева и Р.Я.Раджапованың «Өзбекстандағы тарихи-партиялық ғылым» атты монографиясында: «Пікірталас қоғамтанушылардың 1916 жылғы көтерілістің туындау себебі, сипаты туралы бір пікірге келе алмағандығын көрсетті. И.Меницкий, Н.Кузьмин, П.Галузо, А.В.Шестаков көтелірістің тек таптық сипатына ғана көңіл бөлсе, Т.Рысқұлов жəне басқалары оны тек ұлттық сипатымен қарастыра білді. Алайда пікірталас марксистік кадрларды өсіру барысында тарихи-партиялық зерттеулердің теориялық негіздерін нығайтуда маңызды роль ойнады» [9], — деген жолдар бар.

Бірақ біз Т.Рысқұлов ұлт-азаттық көтеріліске қатысты кейбір пікірлерін кейін қайта електен өткізгенін ұмытпағанымыз жөн. Мəселен, 1916 жылғы көтеріліске қатысты аталмыш пікірталастан соң, сегіз жыл өткеннен кейін жазған «Төңкерістік күрес тарихының беттерінен» атты 1935 жылы қазан айында «Казахстанская правда» газетінің үш нөмірінде жарияланған еңбегінде [10] Т.Рысқұлов бұл оқиғаны басқаша тұрғыдан қарастырып, көтеріліс алдында таптық күрестің шиеленісе түскенін айта кетеді. Т.Рысқұлов: «Көтеріліс барысында Қазақстандағы сол кездегі таптық күштердің орны айқындалды. Қазақ байлары, жергілікті патша əкімшілігі жəне байлардың жағындағы ұлттың зиялы қауымы көтеріліс кезінде патша өкіметіне жақтасып, көтерілістің басып-жаншылуына ықпал етті. Отаршылдықты көздеген меньшевиктер мен эсерлер ұйымдары да патша үкіметінің көтерілісті басып тастау шарасына қолдау көрсетті. Бірақ орыс жұмысшылары мен жергілікті орыс шаруалары қазақ еңбекшілерінің көтерілісін жақтады...

Көтеріліс пен оны басып-жаншу кезінде еңбекші халық өздерінің таптық жаулары мен достарын айқын біліп алды. 1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекшілерін Қазан төңкерісін қолдауға даярлады» [11], — деп толықтырулар енгізді.

Т.Рысқұлов бұл жерде оқиғаға басқаша тұрғыдан баға беріп, Ресей патша үкіметінің отарлау саясаты, таптық күштердің іріктелуі жəне көтерілістің берген сабақтары туралы сөз етеді. Өкінішке қарай, аталмыш еңбек жарық көрген тарихи əдебиетте аталмаған. Соған қарамастан, бұл Т.Рысқұловтың шығармашылық тұрғыдан өсіп-өнуінің айқын көрінісі болып табылады. Сондықтан оның тарихи-публицистикалық мұраларын зерттеп-зерделеу барысында тарихи-зерттеушілік, публицистік қабілетінің қалыптасуына ықпалын тигізген жағдайларды жан-жақты ескеру қажет.

Т.Рысқұловтың ертеректе жарық көрген жарияланымдарының кемшіліктерін де, жетістіктерін де қатар атап өткен жөн. Оның 20-жылдар басындағы еңбектерінен жаңсақ пікірлері көрініс беріп қалып жүрді. Бірақ ол еңбектеріне сыни көзқарас тұрғысынан көз жүгіртіп, жан-жақты талдап, таразылар болсақ, көптеген құнды да мəнді мəліметтерді табамыз. Кейінгі еңбектерінде Т.Рысқұлов өзінің жаңсақ пікірілерін мойындап, кейіннен өз көзқарастарын білдіре бастайды. Мəселен, 1926 жылы 8 шілдедегі «Еңбекші қазақ» газетіндегі «Төңкеріс жəне қазақ халқы» мақаласына, «Қазақстан большевигі» журналының 1936, № 1–2 сандарында жарық көрген мақалаларына назар аударсақ жетіп жатыр.

Т.Рысқұловтың 1920-жылдардағы еңбектерінде Түркістандағы төңкерістік қозғалыстың өрістеуіне қатысты құнды мəліметтер, сондай-ақ «Төңкеріс жəне Түркістанның байырғы тұрғындары» [12] атты кітабында аштықпен күресуді ұйымдастыруға арналған баяндамалары мен мақалалары жарияланған. Бұл материалдарда жергілікті көшпелі халықтың əлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттайтын көптеген мəліметтер келтіріліп, оларға талдау жасалған, аштықпен күресуге бағытталған саяси, экономикалық жəне ұйымдастырушылық сипаттағы нақты ұсыныстар берілген.

Сонымен қатар аталмыш кітаптан оның түркістандық большевиктердің солшыл эсерлермен күресінде дұрыс позицияны ұстанғандығы, еңбекші халық мүддесі үшін олармен аянбай күрескені айқын байқалады.

Т.Рысқұловтың ертеректе жарық көрген еңбектері туралы сөз еткенде, оның алғашқылардың бірі болып төңкеріс тарихы, азамат соғысы жəне Түркістандағы шетелдік əскери интервенция туралы құжаттарды жарыққа шығарғандығын айта кету керек. Бұған оның «Түркістандағы РКП (б) Мұсбюросы», «Төңкеріс жəне Түркістанның жергілікті тұрғындары» атты кітаптарының мазмұны дəлел бола алады. Оларда Түркістан Компартиясы, Түркістан Орталық атқару комитеті съездерінің құжаттары келтірілген. Оның ішінде Түркістан АССР-і Кеңестерінің VІ жəне VІІ съездерінің большевиктер фракциясы мəжілісінің материалдары (1918 ж., қазан), Түркістанның Уақытша Əскери Төңкерістік Кеңесінің, Түркістан республикасындағы аштықпен күрес жөніндегі Орталық комиссияның бұйрықтары, Өлкелік сауда директориясының мəжілісінің (1919 ж.) хаттамалары бар.

Т.Рысқұлов 1927 жылы «КСРО республикалары мен облыстары» сериясымен жарық көрген «Қазақстан» [13] атты еңбегінде ХІ ғасырдан бастап қазақ халқының Ұлы Қазан төңкерісіне дейінгі əлеуметтік-саяси, тұрмыстық құрылысын, қазақтардың Кеңес өкіметін орнатуға атсалысуын, Қазақ АССР-інің құрылуы мəселелерін, республикадағы экономикалық, мəдени қалыптасу, Қазақстанның тарихи даму жолдарын қарастырады.

Т.Рысқұловтың қазақтардың Ресейдің қол астына кіру тарихы мəселесіне қатысты зерттеулері аса қызығушылық тудырады. Бұл үрдіс кітапта көрсетілгендей, ХІХ ғасыр соңында аяқталады. Алайда ІІ Екатеринаның тұсында-ақ, қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту жобасы туындаған болатын, себебі қазақтар Ресейдің билігін мойындағандарымен, Рысқұлов жазғандай, «билік етуді жүзеге асыра бастағанда қарсылық білдіреді». Кітапта «Сібір қырғыздары туралы жарғыға», патша үкіметі бекіткен «Дала ережесі» мен «Түркістан өлкесін басқару жайлы ережеге» талдау жасалады. Осы талдаудың нəтижесінде Т.Рысқұлов мынадай тұжырымға келеді: «Патша үкіметі қазақтарды оның билік басындағы атқамінерлерімен тығыз байланыс орнату арқылы түземдік администрациясының жəрдемімен билеп-төстеді» [13; 25].

Т.Рысқұловтың ХХ ғасыр басында қазақ қоғамына сауда капиталын енгізу туралы, қазақтардың шаруашылық жүргізудің айырбас жасау түрінен тауарлық-ақшалық түріне ауысуы туралы, жаңа шаруашылық түрлерінің: аралас мал жəне жер шаруашылығы мен жер шаруашылығының пайда болуы туралы тұжырымдары патша үкіметінің Қазақстандағы басқыншылық саясатының мəнін тереңінен ұғынуға мүмкіндік берді. Т.Рысқұлов: «Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының мақсаты, біріншіден, Ресейдегі үстем дворяндық-помещиктік өкіметтің капитализм үшін оңай олжа табуға ұмтылуында жатса, екіншіден, шаруаларды Азия елдеріне қоныс аударту арқылы өз елдеріндегі аграрлық берекесіздікті, орыс помещиктері мен дворяндарына зардабын тигізбей жер тарлығын жою» [13; 35], — деп жазды. Кітапта статистикалық мəліметтер келтіріліп, патша үкіметінің осы саясатының зардаптары туралы автордың тұжырымдары берілген.

Оның қазақтың ұлттық зиялы қауымы туралы ойларының да өзіндік маңызы бар. Ол қазақтың зиялы қауымы орыс жəне мұсылман мəдениетінің ықпалымен қалыптасты деп санайды. Үстем тап өкілдерінің мүдделерін қорғайтын бөлігін сынға алады. «Қазақтардың 1916 жылғы патша үкіметіне қарсы көтеріліске шыққанда осы зиялы қауым өкілдері көтерілісті басып-жаншуға ашық араласып, баспасөз беттерінде көтеріліске қатысушыларды айыптап, аса қуатты патша үкіметінің билігіне бағынуға шақырды, ал көтерілісті басып-жаншу кезінде патша əкімшілігінің қатаң жазалауларына да қарсылық көрсетпеді» [13; 49], — деп жазған еді Т.Рысқұлов.

1929 жылы Т.Рысқұлов Николай Григтің Ленинградтан шыққан «Түрксібте» атты кітабына алғы сөз жазады. Алғы сөзде Т.Рысқұлов Түрксібке саяси, шаруашылық жəне экономикалық тұрғыдан оң баға беріп, осы құрылыста туындаған олқылықтар мен қиындықтарды айқындап, алдағы міндеттерді нақтылайды.

Т.Рысқұлов үшін Түрксіб тақырыбы ерекше болды. Құрылысты салу барысында оны теміржол магистралының оның маңындағы аудандардың ғана емес, Орта Азия, Сібір, Қазақстан мен Қырғызстанның экономикалық өсіп-өнуіне тигізер ықпалы туралы мəселе толғандырады. Т.Рысқұлов жергілікті баспасөз бен «Правда», «Известия» газеттерінде экономист-ғалым ретінде Түрксіб бойымен жоғарыда аталған аудандар мен республикалардың арасында жүк тасымалдаудың олардың əлеуметтік-экономикалық дамуына тигізер ықпалы туралы кеңінен сөз етеді. Бұл тұрғыдан алғанда ол Орта Азияны — мақта шаруашылығын жүргізуге бейім аудан ретінде; Сібірді — астықпен, ағашпен, табиғи қазбалармен қамтамасыз ететін аудан ретінде; Қазақстан мен Қырғызстанды ауыл шаруашылығы (егіншілік пен мал шаруашылығы) аралас типтегі аудандар ретінде қарастырады. Ол сонымен қатар Сібірдегі өнеркəсіп ошақтарына, атап айтқанда, металлургия мен химия өнеркəсібіне де көңіл бөледі.

Т.Рысқұлов қоғам назарын Түркістан-Сібір теміржолына аударды. Осы алып құрылысқа арнап екі кітап шығарды. Оның бірі «Түрксіб» [14] деп аталады, ол Т.Рысқұловтың жекелеген мақалалары мен сөйлеген сөздерінен тұрады. Оның қаншалықты маңызды еңбек болғандығын айқын ұғыну үшін сондағы мақалаларының бас тақырыптарын келтіре кеткен жөн болар:

  • Жетісу теміржолының проблемалары («Правда», 1926 ж., 30 қаз.);
  • Ірі құрылысты салу жоспары жайлы (Т.Рысқұловтың КСРО Мемлекеттік жоспар Президиумының 1926 жылғы 6 қарашадағы ірі құрылысты салу жоспарын қарастыруға арналған кеңейтілген мəжілісінде сөйлеген сөзі);
  • Түрксіб құрылысының барысы туралы (Т.Рысқұловтың 1927 жылғы 24 маусымдағы Қорғаныс жəне Еңбек Кеңесі мəжілісінде Түрксіб құрылысының барысы туралы Я.Э.Рудзутактың баяндамасына қатысты пікірталаста сөйлеген сөзінен);
  • Халық шаруашылығының 1927/28 жж. көрсеткіштері жəне Түрксіб (Т.Рысқұловтың КСРО Халық комиссарлар Кеңесі мен Қорғаныс жəне Еңбек Кеңесі 1927 жылғы 14 қарашадағы халық шаруашылығының көрсеткіштерін қарастыруға арналған біріккен мəжілісінде сөйлеген сөзінен);
  • Түркістан-Сібір теміржолы мен оның аудандарының шаруашылығының дамуы («Известия ЦИК СССР и ВЦИК», 1928 ж., 17 ақп.);
  • Түркістан-Сібір теміржолы мен оның КСРО-ның халық шаруашылығы үшін маңызы(«Түркістан-Сібір магистралі», Түркісиб-ті салуға жəрдем Комитетінің жинағы, 1929 ж.);
  • Түрксіб жəне Орта Азияны қамсыздандыру («Известия ЦИК СССР и ВЦИК», 1930 ж., 12, 13наур.).

Т.Рысқұловтың ғылыми-зерттеу жəне публицистикалық қызметінің аясы аса ауқымды. 1931 жылы Мəскеуде оның «Жаңа кезеңдегі коммуналдық шаруашылық (Коммуналдық жəне тұрғын үй шаруашылығы саласындағы кезек күттірмес міндеттер)» атты тағы бір еңбегі жарық көреді. Онда автор 20-жылдар соңындағы коммуналдық жəне тұрғын үй шаруашылығының жай-жапсарын сөз етіп, қаладағы осыған қатысты маңызды проблемаларды шешудің қиындығына тоқталады, Кеңес Одағының халық шаруашылығының осы бір маңызды саласын дамытудың негізгі бағыттарын атап көрсетеді. Көптеген статистикалық жəне басқа да мəліметтерді келтіре отырып, Т.Рысқұлов коммуналдық жəне тұрғын үй шаруашылығын дамытудың негізгі ережелерінің тек РСФСР үшін ғана емес, басқа да одақтас республикалар үшін маңыздылығына тоқталады. Кітап кезінде бүкілодақтық мəнге ие болып көп таралыммен шығады.

Т.Рысқұловтың «КСРО республикалары мен облыстары» сериясымен 1927 жылы «Қазақстан» атты кітабын жарыққа шығарғандығы туралы жоғарыда айтып өттік. Осы баспамен байланысын жалғастыра отырып, Т.Рысқұлов Қырғызстанның тарихы мен экономикасын бірнеше жыл бойы зерттеудің нəтижесінде 1935 жылдың басында Мəскеуде «Қырғызстан» атты кітабы жарық көреді. Бұл Т.Рысқұловтың салмақты тарихи публицистикалық зерттеулерінің бірі болып табылады. Кітапта Қырғызстанның экономикалық-географиялық жағдайына ауқымды шолу жасалған. Онда қырғыздардың басқыншыларға қарсы күресі, қырғыз халқының Қазан төңкерісіне дейінгі мəдени- тұрмыстық өмірі баяндалып, алғашқы бесжылдықтағы өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығының жай- күйі мен екінші бесжылдықта халық шаруашылығының маңызды салаларын дамыту мəселелері сөз болады. Кітаптың соңғы, сегізінші тарауында РКП (б) қырғыз ұйымының қысқаша тарихы беріледі. Сонымен қатар Т.Рысқұлов осы елдің географиялық жағдайы, флорасы мен фаунасы, қырғыз халқының əлеуметтік тұрмысы, рухани байлығы туралы баяндайды. Қырғызстан тарихын сөз еткенде Т.Рысқұлов ежелгі қырғыз тайпаларының ІІ ғасырдан бастап біздің дəуірімізге дейінгі аралықтағы дамып-жетілу барысына көп көңіл бөледі. Шыңғысхан шапқыншылығына тың баға берген:

«Шыңғысхан бастаған монғол шапқыншылығы монғолдардың қоныс аударуы емес-ті, себебі монғолдардың басым бөлігі Шыңғысхан империясы құрылған соң өз территорияларында қалған болатын, Шыңғысхан да сонда оралды, бұл — жаңа территорияларды жаулап алу үшін жекелеген тайпалардың арасындағы қайшылықтарды ұтымды пайдалана білген əскери-феодалдық үстем таптың ісі еді» [15; 12], — деп жазды.

Т.Рысқұлов қырғыз халқының орта ғасырлардағы ауыр тағдырын егжей-тегжейлі баяндай отырып, Темірланның XІV ғасырдағы жаулап алу саясаты, қырғыз жерлерін жаулап алған қалмақтар, Жоңғар мемлекеті туралы айта келіп, өзіне қырғыз тайпаларын бағындырған Қоқан хандығының үстемдігін көрсетеді.

Т.Рысқұлов бірқатар қырғыз руларының Ресейдің қоластында өз еріктерімен кіргендігін айтады. Оның ішінде ол ХІХ ғасырдың екінші жартысының басында орыс əскерлеріне Қоқан хандығымен күресте көмек көрсеткен богу жəне саях руларын ерекше атайды.

Еңбекте патша үкіметі тұсындағы қырғыз өлкелерінің əкімшілік басқарылу тəртібіне де көңіл бөлінеді. Т.Рысқұлов мұндай тəртіпті «екі жақтан» — бай-манаптар мен патша үкіметі тарапынан қанау тудырған тəртіп ретінде бағалайды. «Орыс билігі орнағаннан бері құлдық пен манаптардың үстемдігі жойылды, бірақ көшпелі кедейлерді қанау ұйымдасқан сипатқа ие бола бастады» [15; 31],— деп жазды Т.Рысқұлов.

Т.Рысқұловтың патша үстемдігі жағдайларындағы қырғыздардың əлеуметтік-экономикалық қатынастарының дамуы туралы тұжырымдары көңіл аудартады. Автор оның көршілес Қазақстандағыдай сипатта болғандығын атап көрсетеді. Мұнда да манаптардың феодалдық үстемдік ету əдістері өзгеріп, халықтың жіктелуі орын алды.

Т.Рысқұлов келтірген мəліметтерге сүйенсек, малы жоқ немесе сегізге дейінгі мал басы бар халықтың 49,22 пайызына шаққанда, небəрі 11,12 бас малдан ғана келді, ал 5,52 пайыз байларға шаққанда олар барлық малдың 33,51 пайызына ие болды. Қырғыздардың егін шаруашылығында да осындай жағдай орын алды. Бұл жерде Т.Рысқұлов қырғыздардың барлық шаруашылығының 47,75 пайызында ешбір ауыл шаруашылық құралдарының болмағандығын, ал 40,77 пайызының басқалардың құралдарын пайдаланғандығын атап көрсетеді [15; 40]. «Қырғыз халқының жаппай кедейленуінің есебінен манаптар мен олардың одақтастары — саудагерлер, кулактар мен патша əкімшілігінің өкілдері байып алды» [15; 42].

Аталмыш еңбекте сондай-ақ патша үкіметінің қоныс аудару саясаты жан-жақты талқыланған. Автор қырғыз еңбекшілерінің ауыр жағдайын, болыс пен ауыл старшиналарының билеп-төстеуін сөз ете отырып, қоныс аударушы ауқатты тұрғындардың шаруашылықты тонап-билеуін атап көрсетеді.

«Тек Кеңес Одағы ғана ұлттық мəселені, қырғыз халқы мен қоныс аударушылардың арасындағы жер дауларын оңынан шешіп, Қырғызстан халқының осы екі негізгі бөлігінің тату-тəтті тұруына жағдай тудырды» [15; 47], — деп жазғанды Т.Рысқұлов.

Кітапта еңбекшілердің Кеңес өкіметінің орнатылып, нығаюы үшін күрес жолдары, басмашыларға қарсы күресуі, жер-су реформаларын жүргізуі, Қырғыз АССР-ін құруға атсалысуы кеңінен баяндалған.

Қырғыз елінің 30-жылдардағы жай-күйінің назардан тыс қалмауы кітаптың маңызын арттырып тұрғаны сөзсіз. Автор республиканың пайдалы қазбаларына, өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығының жай-жапсарына тоқталып, өнеркəсіптік өнімдерді, атап айтқанда, отын, тау-кен, металл, жеңіл өнеркəсіп өнімдерінің шығарылуы туралы мəліметтер келтіреді. Оның ішінде егіншілікті, мал шаруашылығын, өсімдік өсіру, құс шаруашылығын, орман шаруашылығын дамыту туралы материалдар да бар. «Бірінші бесжылдық пен екінші бесжылдықтың екі жылының нəтижесінде, — дейді Т.Рысқұлов, — Қырғызстанда социалистік егін шаруашылығын дамытуда зор табыстарға қол жеткізілді. Егер төңкеріске дейін егін шаруашылығымен еуропа халықтары ғана айналысса, енді барлық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жартысынан көбін егін шаруашылығы өнімдері құрайды. Егін шаруашылығының қарқынды дамуы ауыл еңбекшілерінің жағдайының жақсарып, мал шаруашылығының одан əрі дамуына жол ашады» [15; 85].

Қырғыз елінің екінші бесжылдықтағы дамуына да айрықша көңіл бөлген автор ауыл жəне орман шаруашылығының дамуының негізгі бағыттарына, көшпелі жəне жартылай көшпелі халықты отырықшыландыру шараларының жүргізілуіне талдау жасап, сауда-саттық пен көлік жəне байланыс қызметінің, коммуналдық жəне тұрғын үй шаруашылығының кеңінен құлаш жайғанын атап көрсетеді.

Кітаптың арнаулы бір тарауы кеңестік жəне мəдени құрылысқа арналған. Т.Рысқұлов құрылыс салу ісінде жердің таулы болуы, байланыс жолдарының дұрыс жолға қойылмауы тəрізді қиындықтарды көрсете отырып, соған қарамастан, республиканың еңбекшілерді құрылыс салуға тарту ісінде зор жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтеді. Еңбекте, халықты ағарту, сауатсыздықты жою, денсаулық қорғау, əлеуметтік қамтамасыз ету, сот пен баспасөз, мəдени-ағартушылық жұмыстарға қатысты нақты мəліметтерді кесте арқылы берген.

Қырғызстанның партия ұйымдарының құрылуы мен қызметінің тарихы егжей-тегжейлі баяндалып, 1927–1928 жылдардағы сандық та, сапалық та жағынан өсіп-жетілуі — партия ұйымдарының əлеуметтік əрі ұлттық құрамы, ондағы əйелдер саны, РКП (б) облыстық комитетінің, аудандардағы партия комитеттері жұмысының формалары мен əдістері туралы мəліметтер келтірілген. Сондай-ақ Т.Рысқұлов республиканың комсомол ұйымына қатысты оның 20-жылдар соңында — 30-жылдар басында қалай туындап, қанат жайғаны, сапалық жəне сандық құрамы, қызметінің негізгі бағыттары туралы айтады. Кітаптың ғылыми анықтамалығында көптеген құнды мəліметтер келтірілуі автордың еңбекті жазу барысында аянбай тер төккенін дəлелдейді.

Т.Рысқұловтың «Қырғызстан» еңбегі шағын туынды болғанымен (12 б.т.), Қырғызстанның тарихи жəне экономикалық дамуының көптеген мəселелерін қамтитын алғашқы монографиялық зерттеу болып табылады.

Жалпы алғанда, Т.Рысқұловтың публицистік, ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары қазақтардың, қырғыздардың жəне Орта Азия республикаларының басқа да халықтарының тарихын, Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халқының төңкеріс қозғалысына қатысуын, олардың патша үкіметі мен капитализмге қарсы күресін, социалистік құрылысын, КСРО-дағы ұлт мəселесінің шешілуін, Кеңестер Одағындағы артта қалған аудандардың экономикасының дамуын зерттеу мен зерделеуге арналған.

Т.Рысқұловтың аса ірі əрі маңызды жарияланымдарының ішінен оның мынадай кітаптары мен брошюраларын атап өтуге болады:

  1. Ленин жəне Шығыс халқы (Ташкент, 1924);
  2. Төңкеріс жəне Түркістанның тұрғылықты халқы (Ташкент, 1925);
  3. Орта Азияның жергілікті халқының 1916 жылғы көтерілісі (Қызылорда, 1927);
  4. Қазақстан (М.–Л., 1927);
  5. Түркістан-Сібір теміржолының құрылысы туралы (Новосибирск, 1928); Түрксіб (М.–Л., 1930);
  1. Жаңа кезеңдегі коммуналдық шаруашылық (М., 1931);
  2. Қырғызстан (М., 1935).

Т.Рысқұловтың редакторлығымен жəне кіріспе сөзімен мынадай зерттеулер даярланып, жарық көрді:

  1. Түркістандағы РКП (б) Мұсбюросы (Ташкент, 1922);
  2. Григ Н. Түрксібте (Л., 1929);
  3. Островский З. Ұлы магистраль (М.–Л., 1930);
  4. Қырғызстандағы 1916 жылғы көтеріліс. Құжаттар мен материалдар (М., 1937).

Т.Рысқұлов орталық жəне жергілікті газет-журнал беттерінде көптеген материалдарын жариялады. Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 көтеріліс, Түркістан еңбекшілерінің төңкеріс қозғалысы, Қазан төңкерісінің Қазақ АССР-ін құрудағы ролі, басмашылықпен күрес туралы жазды [16].

КСРО-дағы ұлт мəселелерін шешуге, Кеңес өкіметінің тұсындағы түрлі халықтардың жетістіктеріне, қазақ ауылдарын өркендетіп, көшпелі халықты отырықшыландыруға, ортаазиялық республикалардың экономикалық дамуы мен «Қосшы» одағының ұйымдарына, ұлттық зиялы қауым мен мəдениеттің өсуіне, жастардың арасында жұмыстар жүргізуге қатысты мақалалар да Т.Рысқұловтың қаламынан туған [17].

Оның баспасөздегі мақалаларының құндылығын мынадан да байқауға болады. Ол алғашқылардың қатарында ұлттың зиялы қауымының Қазақстандағы мəдени төңкерісті жүзеге асырудағы ролі туралы айтады. Зерттеуші Р.Сүлейменов Т.Рысқұловтың еңбектерінің Қазақстанның ұлттық мəдениеті мəселелерін қамтудағы маңызы туралы былай дейді: «Т.Рысқұлов Қазақстанда жұмысшы табы, пролетариат өсіп-жетілмегендіктен, мұнда пролетариаттық мəдениеттің, əдебиеттің, өнердің болуы да мүмкін емес деген пікірді алғашқылардың бірі болып сынға алды.

Зиялы қауымға қатысты мəселеде Т.Рысқұлов, сондай-ақ бірқатар қызықты да орынды пайымдаулары мен ескертпелерін білдірді. Атап айтқанда, ол бұрынғы кадрларды қайта даярлап, оларды пайдалану мүмкіндігі туралы айтқанды» [18].

Рысқұловтың Т. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында жарық көрген еңбектерін оқи отырып, оның тамаша насихатшы, пайымды публицист, көптеген тарихи жəне экономикалық мəселелердің зерделі зерттеушісі болғандығына көз жеткіземіз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Рыскулов Т.Р. Избранные труды. — Алма-Ата, 1984. — 260 с.
  2. Рыскулов Т.Р. Собрание сочинений в трех томах. — Алматы, 1997. — 336 с.
  3. Бейсембаев С., Кульбаев С. Турар Рыскулов. — Алма-Ата, 1974. — 40 с.
  4. Победа Советской власти в Средней Азии и Казахстане. — Ташкент, 1967. — С. 75.; Турсунов Х.Т. Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане. — Ташкент, 1962. — 148 с.; Чеботарева В.Г., Раджапова Р.Я. Историко-партийная наука в Узбекистане. — Ташкент, 1982. — С. 24.; Вопросы историографии Казахстана. — Алма-Ата,
  5. Рыскулов Т. Ленин и народы Востока. — Ташкент, 1924. — С.
  6. Рыскулов Т. По поводу выступления тов. Меницкого // Коммунистическая мысль. — № 2. — Ташкент, 1926; Рыскулов Т. Еще о характере восстания 1916 г. Туркестана (Мой ответ тт. Меницкому, Кузьмину и Галузо) // Коммунистическая мысль. — № — Ташкент, 1927; Рыскулов Т. Восстание туземцев Средней Азии в 1916 году. — Кзыл-Орда: Госиздат, 1927. — 113 с.
  7. Турсунов Х.Т. Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане. — Ташкент, 1971. — 187 с.
  8. Меницкий И. О характере событий 1916 года в Туркестане (по поводу статьи тов. Рыскулова «Восстание туземцев в Туркестане») // Коммунистическая мысль. — № 2. — 1926. — С.
  9. Чеботарева В.Г., Раджапова Р.Я. Историко-партийная наука в Узбекистане. — Ташкент, 1982. — С.
  10. Рыскулов Т. Страницы истории революционной борьбы // Казахстанская правда. — 1935. — 22–24 окт. — С.
  11. Рыскулов Т. Страницы истории революционной борьбы // Казахстанская правда. — 1935. — 23 окт. — С.
  12. Рыскулов Т. Революция и коренное население Туркестана. — Ташкент, 1925. — С.
  13. Рыскулов Т. Казахстан. — М.-Л.: Госиздат, 1927. — 62 с.
  14. Рыскулов Т. Турксиб. — М.-Л.: Госиздат, 1930. — 51 с.
  15. Рыскулов Т. Киргизстан. — М.-Л.: Госиздат, 1935. — 22 с.
  16. Туркестанская правда. — — 23 июня // Советская степь. — 1927. — 24 июля; 1929. — 4 марта // Казахстанская правда. — 1935. — 10 мая.
  17. Туркестанская правда. — 1923. — 27 февр., 6 марта // Советская степь. — 1926. — 10 июня.
  18. Сулейменов Р. Вопросы историографии Казахстана. — Алма-Ата, 1983. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.