Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ахмет Байтұрсыновтың көсемсөзіндегі білім мəселесі

XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі қазақ халқының əлеуметтік, қоғамдық жағдайлары туралы мақалалар жариялай бастады. «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты»,

«Қазақ» газеттері мен «Айқап» журналы арқылы қазақ публицистикасы дүниеге келді. Əдебиетте де жаңа жанр түрлері өркендей бастады. Соның ішінде өркендеген, кең құлаш жайып, күрес құралына айналған публицистика болды. Күнделікті баспасөз беттерінде заманымыздың озық ойлы адамдарының отарлық езгідегі халқымыздың ғасырлардан бері жиналып келген, əбден пісіп-жетілген сыртқа шығарған толғанысқа толы мақалалары жарияланып отырды. Олар алдымен отарлық езгі жағдайында аяқ асты болған мүддені қорғай алатын, сол арқылы қазақ елінің прогресшіл ел қатарына енгізетін негізгі басты фактор — ұлттық мемлекет құру деп білді.

Қазақ халқының тарихында ұлы өзгерістер мен қиын-қыстаулар алып келген ХХ ғасырдың басында Ресейдегі қоғамдық-саяси оқиғалар ұлттық сананың өсуіне, қоғамдық ой-пікірінің əлеуметтік мəселелерге батыл араласа бастауына ықпал жасады. Ол отырықшылық пен көшпелілік, ел басқару ісіне араласу, жер жəне заң, ұлттық тəуелсіздік, дін, оқу-ағарту секілді заман алға тартқан күрделі мəселелерді жан-жақты көтеріп, халық мүддесі тұрғысынан шешуге талпынды. Осының барлығы жинақтала келіп, ғасыр басындағы қазақ баспасөзін туғызды, олар осы қоғамдық-əлеуметтік ой-пікір орталығына айналды, ұлттық публицистиканы дамытты.

Ақаңның аты аталған жерде «Қазақ» газеті қоса аталады. Ахмет Байтұрсыновтың тыныс тіршілігіндей болып, қазағына əсерлі, зерделі ой салған «Қазақ» газеті халқына үлкен қызмет жасады.

«Қазақ» газеті — Ақаң көсемсөзінің айнасы іспеттес. «Қазақ» газеті Ахаң көтерген идеяны публицистика тілімен халыққа тікелей жеткізуге қолайлы жағдай туғызды. Сол бір аласапыран тұста əрбір мəселеге, қазақ халқының тағдырына қатысты оқиғаларға өз көзқарасын білдіріп отырды.

Ахмет Байтұрсыновтың көсемсөзін, шығармашылығын шола отырып көп уақытын, күш-жігерін оқу-ағарту ісіне, ел мəдениетін көтеруге ұмтылған ағартушылыққа жəне əдебиеттану, тілтану саласын ұлттық ерекшелік тұрғысынан зерттеген ғалымдық қызметіне арнағанын байқаймыз. Ахмет Байтұрсынов өз қоғамындағы барлық маңызды мəселелерді сөз еткен. Көсемсөзінде бірқатар орын алатын оқу, білім, өнер тақырыбы. 1911 жылы жазған «Қазақ өкпесі» деген мақаласында: «Ата жолдасы — надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айрылатын емес. Надандықтың кесапаты əр жерде-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айрылмай-ақ келеміз. Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз бəрі де надандықтың кесапаты», — деп күйіне жазған Ақаң халқын оқу-білімге, мəдениетке тартуға көп еңбек етті. «Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам, əуелі басқаларға үйретпекші нəрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткеніне тəнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап ішкі халінен хабар аларлық болу керек. Ол үшін бала турасындағы ғылымды білерге керек» [1; 252], — деп оқытушы, мұғалімдерге талаптар қояды да, ары қарай осы талаптарды орындағанда қазақ оқытушыларының да, оқушыларының да ұтатын тұстарын көрсетеді: «Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктердің көбі түзелгенде оқумен түзеледі. Бұл күндегі үлкендердің көбі біздің жаңалық ісімізді жатырқап, жаңалық пікірімізді түсінбей, айтқанымызды тыңдамай отыр. Олар өтіп, кейінгі жастардың да заманы жетер. Жаңалыққа жастар мойын бұрып, қайырылар, халық түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тəрбиеленуі — бəрінен бұрын ескеріп, бəрінен жоғары қойылатын жұмыс».

Ахмет Байтұрсынов өзінің көсемсөздерінде оқу-ағарту мəселесіне көп көңіл бөлді. «Қазақша оқу əлі бір белгілі тəртіпке келіп жеткен жоқ, кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары жаңа ғана көрініп келеді: тəртіппен оқытарлық мұғалімдер аз, оқу программасы жоқ, белгілі оқу жылы жоқ, салған мектептер жоқ, мұғалімдерге арналған айлық ақы жоқ, қазақша оқуды аймаққа бірдей жеткілікті етерлік жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылымын үйрететін даримұғалимин жоқ», — деп қазақ мектептерінің заман талабынан тысқары қалып отырған жай-күйін күйзеле жазады [1; 255].

Ұлт ұстазы А.Байтұрсынов қалдырған рухани жəне ғылым-білім саласындағы орасан зор мол мұра ел тарихында алатын орнымен ғана емес, бүгінгі таңда да мəн-мағынасын жоймаған көкейкестілігімен де ерекшеленеді. Ол отаршылдық пен езгіге қарсы шыға отырып, қазақ көсемсөзінде тұңғыш рет отаншылдық, патриоттық ой-пікірлерді таратушы болды. Ахмет идеясы елді оятты. Алдымен ойы бар, ақылы бар жас таланттар оянды [2; 18]. Дəуірдің негізгі оқиғаларына өзі куə болып, ой елегінен өткізген елі мен жерінің тағдыры қатты толғантқан жас дарындар отаршылдық идеяға қарсы болып, қазақтың еркін өмір сүруін қалады [3]. Ахаң армандаған азаттық рухтың биіктігі, гуманизм, демократтық көзқарас отансүюшілік, туысқандық идеясын ту етті.

Мұхтар Əуезов «Ақаңның елу жылдық тойы /юбилей/» деген мақаласында «сол уақыттарда «Қазақ» газетінің бетінен анда-санда оқып отырған əсерлі анық сөздер қауіптің пішінін айқын қылып көрсетіп, мектептегі жас балалардың сезімін түзу жолға беттеткендей болушы еді. Буынның жаңа туып келе жатқан əлсіз ойын «жол мұндалап», жетегіне алып бара жатқандай байқалушы еді. Мектептегі сабағын оқымайтын бала «Қазақ» газетін көрген жерде қадалып тұрып қалатын» деген сөздері «Қазақ» газетінің, оның редакторы Ахмет Байтұрсыновтың болашақ қазақ оқығандарының адастырмас ақ жолға жөн көрсетушісі, бағыт сілтеушісі болғанын байқаймыз [4].

ХХ ғасыр басындағы ұлт тағдырын жырлаған қазақтың рухани көсемдерінің бірі М.Дулатов — А.Байтұрсыновтың ұлт қызметі жолындағы серігі. Бүкіл өзінің саяси-қоғамдық, ағартушылық жəне əдеби-публицистік қызметінде Ахметтің қасында болған идеялас жолдасы, сенімді досы жəне інісі Міржақып Дулатов екеуінің өмірінде ұқсас жайлар көп. 1913 жылдан бастап Орынборға тұрақтап, Ахметпен бірге «Қазақ» газетін шығарысты. Міржақып шығармалары, Ахмет еңбектері тəрізді, ХХ ғасыр басындағы демократтық, ағартушылық көсемсөзге азаттық, теңдік идеясын ала келді. Ақын халықтың ақылы мен сезіміне əсер ете отырып, оларды ел тағдыры, қоғам алдындағы міндет жайлы ойлануға бастайды. Міржақып Дулатов өзінің «3–июнь законы һəм қазақ» деген мақаласында: «Қазақ халқы қанша надан болса да, патшалық істерін тексеруге Думада қазақ істері қаралмай болмайды. Қазақстан өкіл болмағанда, басқа депутаттар қанша шешен жүйрік болса да, қазақ жайын білмеген соң, сырттан тон піше алмайды. Қазақты үкімет «надан» деп сылтау қылса да, əуелгі екі Думадағы депутаттардың көбі надан емес еді. Оқыған, шешен, қазақ жайын жақсы білетін адамдар еді. Енді Думада жер, дін, земство, билік, оқу һəм басқа қиын мəселелер қаралмақшы. Қазақтың өзінен депутат болмаса, əлгі мəселелер жайынан қазақты жек көретін Пуришкеевичтер не айтпақшы, жаны ашыйтын Милюковтар не демекші» [5; 243], — деп жазғандарымен Ахмет Байтұрсыновтың 1913 жылы жазған «Орынбор. 13-октябрь» деген мақаласында көтерген мəселелері бір: «Қазақтың дүниеде болған болмағанымен жұмысы жоқ депутаттар, хұкімет кіргізген проект қандай болса да, жарайды деп қабыл ете салады. Қазақ үшін басын ауыртпайтындардан, я тегі басқа жұртқа күн тумасын дейтіндерден. Олар көп болған соң, олардың дегені болмақшы. Думада көп жағының дегені закон болып шықпақшы. Олардың дегені болып шыққан закон қазақты не оңдырмақшы?!» — деп жазды [1; 250]. Міржақып Дулатов «Тіл-құрал» деген мақаласында: «Шын қазақша жазылып, тіл мəселесін қолына ала туған осы «Қазақ» екенін ешкім бекер дей алмас, бұл неден? Əрине, шығарушыдан дейміз», — деп жазған [6].

Міржақып Дулатов өзінің «Ахмет Байтурсунович Байтурсунов» деген мақаласында: «Благодаря А.Байтурсунову, хотя бессознательно, но на самом деле поддававшаяся обрусению и отатариванию часть киргизской интеллигенции живо опомнилась и стала осознавать и исправлять свои ошибки. Даже бывали такие курьезные случаи: учащаяся молодежь в некоторых русских учебных заведениях, в целях сохранения чистоты киргизского языка, обусловливалась разговаривать между собой обяза- тельно по-киргизски, в случае нарушения кем-либо этого правила виновный за каждое случайно вы- летевшее не киргизское слово платил 3–5 коп. штрафа в пользу ученических кружков», — деп жазды [5; 300].

Ал, қазақ баспасөзі бетінде тіл тазалығын сақтау үлкен проблемалық мəселе ретінде жан-жақты талқыға түсуі, орыс классиктерінің шығармалары мен Абай, Ыбырай өлеңдерінің жариялануы сыншылдық, əдеби-теориялық ой-пікірдің өріс алуына əсер етіп қана қоймай, қазақ поэзиясы туралы ғылыми мəндегі жаңа əдеби-теориялық көзқарасты туғызды. Қазақ баспасөзі бетіндегі бұлар тəріздес жəне тікелей əдебиет мəселесіне арналған сыни мақалалар ұлт əдебиетін тануға деген ұмтылыстың ілгерілей түскенін дəлелдейді. Сөзімізді түйіндей айтсақ, əдеби-теориялық ұғым-түсініктер қазақтың жазба əдебиетінің дамуымен тығыз байланыста көрініп, қазақ баспасөзі бетіндегі мақалалар арқылы өркен жая бастады. Олардың ішінде А.Байтұрсыновтың мақалаларының маңызы ерекше екені, айтпаса да түсінікті. Қорыта келгенде, əдеби-тарихи жəне əдеби-теориялық ой-пікір А.Байтұрсынов ғылыми жұмыстарға араласқанға дейін-ақ ұлт əдебиеті тарихы мен теориясының мəселелерін танымдық тұрғыда батыл көтере алғанын көреміз.

Ахмет Байтұрсынұлы — қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық, синтаксистік, орфографиялық құрылымын зерттеп, танытқан ірі лингвист-ғалым. Осының негізінде ғалым тіл мен əдебиетті, əлеуметтік мəселелерді, заң мен шаруа жайын (мал шаруашылығы, егін егу), мəдениет пен тарихты қазақ болмысына тірек ете отырып ұлт санасын, тілін, ділін, ғылымын, өнерін əлемдік өркениетке сай түбірінен жаңартуға атсалысты.

Тəуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бері А.Байтұрсынұлының əдеби, ғылыми жəне шығармашылық мұрасы əдебиеттанушылардан басқа тарихшы, тілші-лингвист, журналист, заңгер, педагог (педагогика саласы бойынша), ғалымдар тарапынан да жан-жақты зерттелініп жатыр. Ғалым ресми түрде ақталғаннан кейін Ө.Айтбаев «Қазақ терминологиясының атасы» атты ғылыми мақаласында: «А.Байтұрсынов «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеттерінің беттерінде араб емлесіне лайықтап икемделген жаңа нұсқа туралы жұртшылыққа түсіндіріп мақалалар жазады. Ол жасаған жаңа жазу үлгісі ел көңіліне бірден жетеді де, қабылданады....қазақ ұғымына əлі жат, бірақ тіліміздің кейбір ішкі жүйесін түсіндіруге қажет кейбір сөздерді жаңаша қолдана бастайды. Олар: дыбыс, əріп, емле, ноқат (нүкте), буын, əліппе, сөз басы, сөз аяғы, дауысты дыбыстар, дəйекші сөздер. Бұлар қазақ тілінде бұрыннан бар болғанмен белгілі бір ғылыми ұғым есебінде нақты атауға иелік жасап отыруы тұңғыш рет» деп баға берді [7].

Ахмет Байтұрсынов орыс миссионерлерінің қазақ халқын орыстандыру үшін жасап отырған айла-əрекеттерін жақсы түсінген. Ол кісі Ресей сияқты үлкен мемлекеттің жоспарлап отырған ірі саясатының құрбанына айналып кетпеу үшін күресті. Қазақ өзінің халықтығын, ұлттығын жоймас қамын жасау керек. Ол үшін ана тілінде əліппе жасап, сабақты ана тілінде жүргізіп, мектептерді заман талабына сай жабдықтап, педагогикалық білімі бар білімдар ұстаздар дайындау қазақ оқығандарының алдында тұрған маңызды міндет болды.

«Хүкіметке жағымдысы — қол астындағы жұрттың жазу-сызу, діні бір болу. Россия қол астында түрлі тілді, түрлі дінді, түрлі жазу-сызуды тұтынып отырған жұрттар бар. Солардың бəрі тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, хүкіметке одан артық іс болмас», — деп патшалық Россияның ұсақ ұлттарға ұстанған саясатын ашық, батыл көрсетеді [1; 267].

Ахмет Байтұрсыновтың тіл, оқыту мəселелеріне білім беруге байланысты айтқан пікірлері қазіргі уақытқа да қызмет ететінін көреміз. Мысалы, «-ов» туралы» деген мақаласын оқи отырып, осыдан 80 жылдай бұрын жазылған емес, күні кеше ғана баспасөз бетінен көргендей боласың. «Газет- журналдарымызда көбінесе «ұғлы, баласы, қызы» дегеннің орнына «-ов, -ова» жазылады. Бұл қазақ тілінде болмаған себепті құлаққа тіпті ерсі естіледі «-ов, -ев, -ин, -овалар» жалғыз-ақ орыс халқында бар деп айтуға болады, басқа Еуропа халықтарында жоқ, бізден өзге патшалы мұсылмандарда да жоқ. Бұларды орыстан көріп еліктеуіміз орынсыз, басқа жұрттың сөздерінің құйрығын əкеліп өз сөзімізге тағудың қанша қажеті бар? «-овтарды» орысша жазғанда қолдансақ та, қазақша «ұғлы, баласы, қызы» деп жазуымыз келіспей ме? Мұнан былай жұртқа өнеге беретін газета-журналдарымыз мұны ескерсе, қандай жақсы болар еді, қиындығы да болмас еді» [1; 315].

Ахаң қазаққа оқу-білімнің тым қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс-жағдайымен байланыстыра дəлелдейді: «Қазақ биыл 5 теңгеге сатқан нəрсесін келер жылы өзі 10 теңгеге қайта сатып алады. 10–11 сомға алып отырған былғары — былтырғы 4–5 сомға өзі сатқан терісі. Кезі 5–6 сомдық шұғалар, торқалар — қазақтың бір пұтына 3–4 сом алып сатқан малының жүні...

Басқа жұрттарда өздерінің істеген нəрселерінің өз ішінде сатылып, жұмсалған ақша өз елдерінде қалып, шетке кетпейтін болса, оны жұртқа шығын деп есептемейді, тек бірінен-бірі ауысқанға санайды. Қазақ малының басқаларға кетпейтін орны жоқ» деген сөздері бүгінгі күні еліміздің шешімін табуға тырысып отырған мəселелерімен үндес. Қазақстан байлығының сыртқы тасылуы қазіргі кезде халқымыздың зиялыларын ойландырып отыр. Бұл жайлы Ахмет Байтұрсынов ғасырымыздың басында-ақ ескерткен екен [1; 254].

Сол кезде Ақаң қазақ халқының «олжалы жерде үлестен қағылып отырған» себебін не деген еді?

«Қазақтың шаруасына, бір жатқан, надандығынан кемшілік келгенде, екінші жақтан — білімсіздігін көріп тұрғандар басынып, елдіктен, теңдіктен қалдырып, тиісті сыбағасына қиянат етіп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс еді», — деп қазақтың намысын қамшылай түседі де осы тығырықтан шығар жолды көрсетеді: «Бұл заманда қолы жетпегенді теңдікке жеткізетін, əлсіздерге күш беретін өнер, білім, сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт екендігімізді білдірер едік» [1; 254].

Қазақтың сол кездегі көңіл-күйіне оқуға, жастарын оқытуға деген ұмтылыс байқалды. Білімнің бірінші сатысы, негізі — бастауыш мектептер. Сондықтан да бастауыш мектептер ісін жөнге қою күн тəртібінде тұрған бірінші мəселе. Бірақ бастауыш мектептерде оқытуды үкімет орыстандыру саясатының құралына айналдырмақшы мақсатты көздеді. Мектеп ісін ұйымдастыру осы мақсатқа қызмет етті. Сондықтан да қазақша оқытатын қазақ мектептері «халық оқуды керек қылғандықтан, жаман да болса, жоғынан бар артық» дегенмен істеліп отырған іс деп, Ақаң айтқандай, күйде болды. Ал қазақтарды орысша оқытатын орыс мектептері үкімет тарапынан қамқорлық көріп отырды. «Бірақ сонысына қарай пайдасы аз. Бұлардың пайдасын кемітіп отырған бір-ақ нəрсе — қазақты орысқа аударамыз деген пікір бəрін бүлдіріп отырған. Сол школдар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб харпін тастатып, орыс харпін алдырамыз дейді. Сол үшін, əуелі, балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілімен оқыса да, орыс харпімен оқысын дейді. Соның ішінде біреулер ана тілінде оқыған аты болу үшін қазақ тілінде орыс харпімен басталған кітаптардан бастап оқып, əрірек барған соң, кілең орысшаға түспек керек. Бұлар еппен қайырмалаушылардың жолы», — дейді [1; 267].

А.Байтұрсынов есімі «Алаш» партиясымен тығыз байланысты. Мықты ғалым, ақын, көсемсөздің шебері А.Байтұрсынов еңбектерінің жарты ғасырдан астам қараңғы қапаста жатып, жарық көрмеуі тіпті атын атауға қорқатындай жағдайға ұшырауы Алашорда өкіметімен байланысты болды. Алаш партиясы отарлық езгіге қарсы күрес жағдайында дүниеге келіп, жалпы ұлттық мүддеге қызмет етті. Ол кезде уақытша өкімет ұлттық мəселелерді шеше алмаған тұрақсыз, əлсіз саяси билік болды. Қазақ халқының сауатсыздығы, жер мəселесінің шешілмеуі атты қазақ əскерлерінің, қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығы шегіне жетті. Елдегі осындай шиеленіскен жағдайлардан «Алаш» партиясы дүниеге келді. «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 21 қарашада шыққан санында «Алаш» партиясының іс жоспары жарияланған болатын, бұл жоспарды негізінен жасаған əрі қол қойған алты кісінің бірі — Ахмет Байтұрсынов болды. Онда ең əуелі Ресей өзінше демократиялық-федерациялық республика болуға тиіс деп жазылды, сол федерацияның бірі — өз билігі өзінде болатын Қазақ автономиясы болып белгіленген. Осы кездегі егеменді ел боламыз деп декларация қабылдап жатқанымыз — дəл осы өз билігі өзінде болатын қазақ автономиясы еді. Іс жоспардың мұнан кейінгі баптарында халыққа білім беру, мемлекеттен дінді бөлу, сот істерінің тəртібі, жер заңы, жұмысшы заңы, шаруа заңы, салық салу, келімсектерге тыйым салу жəне олардың қоныстануын жүйеге келтіру. Қазіргі кезде шеше алмай дал болып жүрген нəрселердің шешуін Алашорда өкіметінің көсемі Ахмет Байтұрсыновтың осыдан 75 жыл бұрын шешіп қойғанына таң қалмасқа болмайды. Барлығы да қазіргі заманғы мемлекеттік тілге қойылған талаптарымен үндес.

Осы кезге дейін қазақ қоғамында орын алып келген ана тілін менсінбеушілік, жете бағаламаушылықтың түптамыры əріде жатқанын аңғарамыз. Ахмет Байтұрсынов осы улы тамырдың тереңге жайылмауын, жас буынды шырмауының алдын алмақшы болып күресті. Уытты сөздерімен құрбандыққа айналып бара жатқан халқының санасына əсер етпекші болды. Бұл мақсатынан қашанда бас тартқан емес.

1920-жылдардың ортасына қарай бұрынғы «Алаш» партиясы өкілдеріне қысымшылық жасау күшейді. Елдің алдыңғы қатарлы адамдарына сталиндік зұлматтың бұлты үйіріле бастады. Осы жылдары Ахмет Байтұрсынов тек ғылыммен ғана айналысты.

А.Байтұрсыновтың əлеуметтік істеріне, шығармашылығына, дүниетанымын өз кезінде дұрыс көрсетіп, əділін айтқан адамның бірі — Сəкен Сейфуллин. ХХ ғасыр басындағы халықтың ауыр күйі мен отаршылдық езгіге наразылықты ашына жыр еткен Ахмет болса, өзінің қызылшылдығына қарамай, кеңестік бұрмалаушылықтар мен ұлт тағдырын аяққа басуға ашық қарсылық айтқан, «жан ашуын» білдірген жалғыз Сəкен болды. Бұл оның күрескерлігінің бір саласы 20-жылдардың басында Орынбордағы қазақ коммунистері қол қойып, орталық партия Комитетінің хатшысы Е.Ярославскийдің атына жазылған «Онтөрттің хаты» осының алғашқы мысалы. Сəкен ол кезде Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы еді. Сəкен бастаған 14 коммунист Қазақстан автономия алғанымен, онда ұлт жағдайын көтерер ештеңе істелмей жатқанын, қазақ тілінде басылымдардың, кітаптардың жеткіліксіздігін, істің қазақша жүрмейтінін, қазақ мектептерін ашу қажеттігін, əкімшілік жүйеде орысшылдықтың басым екенін айтқан. Е.Ярославский ашуланып, оларға ұрысып мұның негізінде ұлтшылдық жатыр деп қорқытқанмен, іс жүзінде осы шараларға қозғау салды. 1924 жылы қазақ тілінің орыс тілімен бірге мемлекеттік тіл болып бекітілуі осының салдары болатын. Сəкен қазақша іс жүргізу туралы нұсқалар беріп, бұл тақырыпқа бірнеше мақала жазды. Қазақша газет- журналдар көбейіп, қазақша кітаптар шыға бастады. Қазақ мектептері ашылды. 1923 жылы Байтұрсыновтың 50 жылдығы тұсында Сəкен «Еңбекші қазақ» газетіне «Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды» деген арнаулы мақала жазып, онда былай дейді: «Ахмет Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан, өз заманында патша арам қулықты атарман- шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары губернатор, соттарға күшін сатып тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай, қызметтерін қылды» [2; 5]. Бұл Ақаңа берілген əділ де шыншыл баға еді.

Ахмет Байтұрсынов көсемсөзін зерттегенде «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласына тоқталмай кету мүмкін емес. Бұл ғалымның əдебиеттану саласындағы алғашқы зерттеу еңбегі еді. Осы мақала «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында басылған. Мақалада автор Абайдың қазақ халқының өмірінде алатын орнына тоқталып, шығармаларының мазмұн тереңдігі мен ақындық шеберлігі, орыс əдебиетімен байланысы туралы ойлар айтып, ақын өлеңдерінің эстетикалық, тəлім- тəрбиелік маңызы ашылған.

«Сөз жазатын адам əрі жазушы, əрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дəмді болуына ойдың шеберлігі керек: мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне, Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі болған», — деп жоғары бағалайды [1; 219].

Ахмет Байтұрсыновтың өзі Абай өлеңдерін түсініп, сүйіп оқыған. Сондықтан да Абай мұрасының өзгеге ұқсамайтын ерекше қасиеттерін дəл көрсеткен. «Абайдың əр нəрсенің асылын танығаны, білгені көрінеді. Абайдың өлеңдері қазақтың басқа ақындарының өлеңінен үздік артықтығы, əр нəрсенің бергі жағынан алмай, арғы асылына қарап сөйлейтіндігінде. Басқа ақындардың сөзге шеберлігі кем болмаса да білімі кем болғаны даусыз», — деген Ақаң сөздерінде əр нəрсенің кілті терең білімде деген ой жатыр [1; 220].

Қоғамдық-əлеуметтік мəселелерді сөз еткен мақалаларында Ахмет Байтұрсынов өз заманының өзекті деген тақырыптарына қалам тартып, халқына қамқор болу, елге қызмет жасау идеясын насихаттады. Мұның бəрі азаттық туын қазақ көсемсөзінде желбіретіп, «Ұятың, арың оянсын» деген Абай дəстүрін тарихи сабақтастықпен дамытқан. ХХ ғасыр басындағы көсемсөз өзіндік ерекшелігімен жаңа бір қырынан танылды. Сол шоқтығы асқақ тұлғалар қатарында Ахмет Байтұрсынов жұлдызы биік болып қала бермек.

Қазақ баспасөзі бетінде тіл тазалығын сақтау үлкен проблемалық мəселе ретінде жан-жақты талқыға түсуі, орыс классиктерінің шығармалары мен Абай, Ыбырай өлеңдерінің жариялануы сыншылдық ой-пікірдің өріс алуына əсер етіп қана қоймай, білім беру туралы ғылыми мəндегі жаңа теориялық көзқарасты туғызды. Қазақша оқытудың «ескі» жəне «жаңа» үлгісі туралы салыстырмалы пікірлердің айтылуы, ұлттық əдістемелік-теориялық ой-пікірдің ғылыми сипатта көрінуінің алғашқы белгісі болды.

Бағалаушылық мəндегі ой-пікірлердің айтылуы, ұлт өкілдерінің шығармаларының жариялануы мен жарық көруі, қазақты оқытудың əдістемелік сипаты жағынан сөз бола бастауы дайындық кезеңі үшін маңызы зор болды. Себебі олар ұлттық педагогикалық-тарихи, əдістемелік-теориялық бағыттағы ойлау жүйесінің нақты көрінуін, жаңаша теориялық ұғымдар мен көзқарастың жинақтала бастауын, ғылыми-зерттеушілік, таным филологиялық білімдер бағытында өзіндік ерекшелікпен дами бастағанын дəлелдейді. Сондықтан ұлттық педагогиканың туу дəуіріне қадам басуға дейінгі ғылыми ізденістер мен барлаулардың өсу дəрежесін байқататын мəнді бір бастаулары бола білді деп бағалау керек. Олай болса бұл ізденістердің барлығы да Ахаңның «Қазақ» газетін шығаруына өз жəрдемін тигізбеді дей алмаймыз.

Сонымен қатар баспасөз халықтық эстетикадан бастау алып, ХІХ ғасырда жаңаша сипат алуға ұмтылған оқыту қажеттігін тудырды, ол педагогиканың дамуы мен оны зерттеу мəселелерін нақты жəне жан-жақты сөз етуде сəтті қадамдар жасады. Білім беру ісі өркен жайып, əдістемелік түрлері дамыды, жаңа көркемдік ізденістерге ұмтылды. Баспасөзде фольклорлық жəне классикалық мұраның таңдаулы үлгілері жарияланды, əдеби жинақтарға енді, жеке кітап болып басылып шықты. Осыған сай оқыту саласы да əр дəрежедегі эстетикалық биіктерге қол соза бастады. Кітап шығару ісі қызу қолға алынды. ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылы ішінде 500-ге тарта кітап жарық көрді. Олардың ішінде халық ауыз əдебиетінің үлгілері, қиссалар, əдеби жинақтар, əліппелер мен оқу құралдары, сол кезеңдегі ақын-жазушылар шығармалары т.б. бар. Классикалық мұрадан Əбу Əли Ибн Сина, Қожа Ахмет Йассауи, Шортанбай, Ш.Уəлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Д.Бабатайұлы, М.Мөңкеұлы шығармалары кітап болып жарық көрді.

«Қазақ» газеті оқулықтар, өлең кітаптар, қазақ тілінің тазалығы, басылып шыққан халық ауыз əдебиеті жинақтары туралы рецензия мен сыни мақалаларды көп жариялау арқылы ой-пікірді толықтыра түсті. Бұл тұрғыда айрықша көңіл аударатын бір мəселе — қазақ тіліндегі оқулықтарға деген талап-тілектің күшеюі. А.В.Луначарскийдің «Таза əдеби шығармалардан құралған хрестоматия ғана емес, тіл біліміне арналған оқулықтардың өзі сыншылдық-ғылымдық ой-пікірмен сабақтасып жатады» деген пікіріне сүйенсек, М.Нұрбаевтың «Қазақша əліппе», «Ғалия» медресесі шəкірттері шығарған «Əліппе яки төте оқу», Қ.Қожықовтың «Əліппе», М.Кəшімовтің «Ақыл кітабы» (1903),«Əдеп», «Үгіт» (1907), М.Малдыбаевтың «Қазақша ең жаңа əліппе» (1910), А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы» (1915), «Оқу құралы» (1912, 1914, 1915), М.Дибердиевтің «Қазақ балаларына қираəт кітабы» (1910), А.Аңдамасовтың «Қазақша оқу кітабы» (1912), Т.Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» (1912), С.Көбеевтің «Үлгілі бала» (1912) атты оқу құралдарының шығуы мен қазақтарға арналған орыс тілін үйрену үшін букварьлар, оқулықтар, сөздіктердің шығуы құптарлық құбылыс болды. Сыни мақалалар оқулықтардың педагогикалық сипаты мен таза қазақ тілінде болып балаларға түсінікті жазылуын талап еткенде Ы.Алтынсариннің «Хрестоматиясын» əрқашан үлгіге ұсынып отырды.

Біз тарихтан тағылым ала отырып, осы мақала барысында А.Байтұрсынұлының көсемсөзін бүгінгі тəуелсіздік кезең тұрғысынан жан-жақты қарастыруға тырыстық. Ғалым дүниежүзілік жəне орыс əдебиеттану ғылымындағы жаңалықтардың бəрін жетік біліп, оны өз тəжірибесінде қолданып, насихаттады. Сонымен қатар ол ғылыми-теориялық ой-пікірлерін шашыратпай, белгілі бір арнаға бағыттап, жүйелей отырып, дамытты.

Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттығы мен егемендігін бүгінгі таңда бүкіл дүниежүзі танып, мойындап отырған тұста ғасырдан ғасырға жеткен мəдени мол мұраларымыз ел игілігіне айналуда. XX ғасыр басында Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетін ашып, ұлттық білім берудің негізгі ұстанымдары мен тұжырымдарын əлемдік контексте қарастырған əрі ғылыми тұрғыда негіздеген өміршең мақалаларын қалдырды.

Ақаң — қазақ көсемсөзінің атасы. Өзінің көсемсөздерінде қазақ тағдырына байланысты сан алуан көкейкесті мəселелерді қозғап, халқына жеткізуге, көкірек көзін ашуға ұмтылған заманның озық ойлы азаматы еді. Ақаң ел есінде өзінің өнеге болар өмірімен, шығармаларымен қалды. Ол кісі данышпандығы мен ұлылығын өз кезінде-ақ мойындатқан. Ақаң сөздерінің жаңғырығы бүгінгі ұрпақтарын да бейтарап қалдырмады. Ұлттық тəуелсіздік, ұлттық армия, ұлттың өзін-өзі басқару туралы концепцияларды Ақаң жəне Ақаң мүше болған «Алаш» партиясы іске асыра алмай арманда кетсе, бүгінгі ұрпақтары сол идеяларды жүзеге асыру үшін күресуде. Сондықтан да халқының Ақаңдай адамдары сол халқы барда мəңгі жасайды, тарих көшінде ұмытылып қалмайды.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Байтұрсынов А. Ақ жол. — Алматы: Жалын, 1991. — 464 б.
  2. Сейфуллин С. Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды // Байтұрсынов А. Ақ жол. — Алматы: Жалын, 1991. — 464 б.
  3. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті. — Алматы: Мектеп, 1976. — 136-б.
  4. Əуезов М. Ақаңның елу жылдық тойы // Байтұрсынов А. Ақ жол. — Алматы: Жалын, 1991. — 17-б.
  5. Дулатов М. Шығармалар. — Т. 1. — Алматы: Жазушы, 1991. — 384 б.
  6. Дулатов М. Тіл-құрал. — Алматы: Жазушы, 1991. — 267-б.
  7. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының атасы // Қазақстан əйелдері. — 1989. — № 4. — 8-б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.