Біз бұл мақалада Қазақ хандығының ұлт азаттығы үшін күресі барысында өз миссиясын дұрыс түсініп, халық бірлігін сақтап қалуда ерекше еңбек сіңірген Абылайдың қызметі мен саяси-құқықтық ойларын айқындауды мақсат еттік. Төре тұқымының осы кезеңдегі ең көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақ хандығының өз мемлекеттігін әлі де сақтап қалуына ықпал еткен билеуші ретінде өзін бөлек зерттеуді талап етеді. Сондықтан зерттеудің негізгі объектісі ретінде Абылайдың танылуы заңды. «Выбор правящих кругов казахского общества остановился именно на Аблае, прежде всего, потому, что он обладал необходимыми качествами для решения тех задач, которые стояли перед страной» [1, 147 б.].
Қазақ хандығының басқа жүздеріндегі билікті жүзеге асырушы хандары өз маңайына Абылай секілді тұлғаларды топтастыра алмауы мен Абылай секілді ықпалға ие бола алмауы, бұл төренің Қазақ тарихындағы рөлінің ерекшелігін айқындап берсе керек-ті. Оның үстіне сыртқы саясатта айтарлықтай тәуелсіздік пен тұрақтылықты осы Абылай ғана қамтамасыз ете алды. Тіпті Жоңғар хандығының билеушісі Галдан – Цэрен өзінің саяси қарсыласын дұрыс бағалап: «Управляет малым народом, но достоин большого народа» [1, 147 б.; 2, 222 б.], – деп мойындады.
Басқа төрелер әртүрлі мемлекеттердің мүддесін қорғап, қазақ халқының мүддесін ұмытып кете барды. Қазақ хандығының әртүрлі күштердің арасында өзінің орнын таба алмауы да осыдан.
Абылай ханның саяси-құқықтық ойларының қалыптасуына ерекше ықпал еткен факторлар жоңғар шапқыншылығы мен ыдыраған қазақ халқының осы шапқыншылыққа жете тойтарыс бере алмауында. Жаугершілік заманда туып, өскен Абылай жас кезінен өжет, батыл, ақылды болып қалыптасты. Хандық биліктен үміткер Абылай тіпті ұзақ уақыт өз амбицияларын жүзеге асыра алмады. Өзінің ең негізгі мақсаты ретінде күшті, тұрақты, қуатты Қазақ хандығын құруды көздеген Абылай тираниялық басқаруға жақын басқару формасын иеленді. Бұрын – соңды болмаған биліктің орталықтануы мен қатаң жазалар жүйесін енгізген Абылай хан ешбір ханның қолында бұрын соңды болмаған билікті ұштастырды. 1771 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде Абылай Орта жүздің ханы болып сайланды. «В действительности же его власть распространялась кроме Среднего жуза в значительной степени на Младший и Старший жузы» [3, 239 б.].
Абылай Қытай империясы мен Ресейдің арасында қалған Қазақ хандығының халықаралық саяси жағдайының күрделілігін ескере отырып, осы екі мемлекетпен терең саяси қатынастарды алғашқы орынға қою қажеттілігін түсінді. «Уверенный в своих достоинствах, он искусно привлекая к себе приверженцев важностью своею и осторожным поведением, грозя врагам силою и признавал себя, смотря по нужде, то поданным русским, то китайским; а на самом деле был властитель совершенно независимый» [4, 254 б.].
Ал тарихшы-ғалым В. Я. Басин Абылайдың Ресей мен Қытай мемлекеттеріне бағытталған қос векторлы саясатын былай түсіндіреді: «Аблай отдавал себе отчет в том, что покровительство России или Цинской империи будет сковывать его деятельность в степи. Поэтому он прибегал к тактике лавирования между этими двумя державами, что в какой-то степени помогало ему проводить относительно самостоятельную политику. Именно эта политика способствовала тому, что ни один киргизский хан не имел такой неограниченной власти, как Аблай» [3, 241 б.].
Шыңғысхан тұқымына тән жаулаушылық саясатта Абылай Орта Азиядағы геосаяси жағдайлармен санасуға мәжбүр еді. Алайда, осы жағдайдың өзінде Абылай Түркістан аймағындағы бірқатар қалаларды қайтарып қана қоймай, жаңа саяси экономикалық экспансияға жол ашты. Абылайдың мұндағы ойы өзіне одақтас ретінде таңдаған Ресей империясының әскери күштерін қолдана отырып, Орта Азиядағы өзінің жеке ықпал ету аймағын барынша кеңейту еді. Бірақ «Аблай обратился с просьбой к царской администрации дать ему для войны с Кокандом пушки, но получил отказ» [1, 127 б.].
Сөзсіз Абылай өз көздеген мақсаттарына жете алды. Қырғыз бағытындағы экспансионистік саясат Абылай ханға саяси басымдық берді.
«Аблай принудил ряд киргизских родоправителей к миру, в залог чего взял от них аманатов» [1, 126 б.]. Яғни, қырғыз билеушілері Қазақ хандығының протекционизмін мойындап, вассалға айналуға мәжбүр болды.
Жоңғар хандығын іштен әлсірету стратегиясы Абылайды тез арада жоңғар-қазақ стратегиялық қарсыластығындағы белді саяси фигураға айналдырды. Абылай басқа басшыларға қарағанда Жоңғар хандығын не күтіп тұрғанды-ғын жақсы түсінді. Мұндай жағдайдың қазақтардың басына келуі мүмкін екендігін түсінген Абылай Ресей империясымен тығыз қатынастарды жалғастыра отырып, Қытай империясынан да қол үзбестен Қазақ хандығының дербестігін сақтап қалуды мақсат етті. «В своем вполне естественном и правоверном стремлении свести к минимуму политическую зависимость Казахского ханства как от могущественной Российской империи, так и от империи Цинов Аблай более или менее успешно проводил в течение почти 25 лет двухвекторную внешнюю политику в регионе» [5, 164 б.].
Абылай ханның ойы бойынша тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі ішкі бірлікте. Ал бұл мақсатқа жетуде, кез келген әдіс-тәсілді, айланы қолдану ақталады.
Тұрақтылық пен ел, жер қауіпсіздігінің тағы да бір көзі отырықшылықта деп қабылдайды Абылай. Абылайдың ойы бойынша отырықшы қоғам көшпелі қоғамға қарағанда тұрақты. Ол көрші елдердің дамуына әсер еткен бірден-бір фактор отырықшылық пен тәртіп деп есептеді.
Ол Ресеймен тұрақты сауда қатынастарының дамуы Орта Азиядағы бейбітшілік пен Қазақ хандығының позицияларының күшеюіне ықпал етеді деген оймен Ресейге тұрақты сауда керуендерін жіберіп отырды.
Әрине, Емельян Пугачев көтерілісі Абылай секілді азулы саясаткерді бей-жай қалдырмады [6, 25 б.]. Саяси сана Пугачевпен тығыз дипломатиялық қатынастар орнату қажеттілігін айқындаса, неге оған бармасқа деген оймен хан өз өкілдерін жіберіп те үлгерді. Алайда, бұл қақтығыстарда Абылай өзінің тұрақты нейтралитетін ұстап қалуға тырысты.
Сөзсіз саяси тұрғыдан Абылай абсолютті монархияның қолдаушысы әрі қорғаушысы. Оның ойынша билік орталықтанған жағдайда ғана саяси тұрақтылық пен ішкі тартыстардан бейбітшілік орнайды.
Құқықтық тұрғыдан Абылай қатаң заңнама қолдаушысы болды. Өзінің билігін басқалармен бөліскісі келмеген хан халық бірлігін сақтау үшін ең қатал жазадан да бас тартпайтындығын көрсетті. Әрине ол бұл тәсілдерді қолданбас бұрын басқа да әдістерге көңіл бөлетін. Дегенмен, әлсіздікті жек көретін Абылай үшін билікті сақтап қалудың да, орталық биліктің тұрақтылығын қамтасыз етудің де жалғыз жолы-қаталдық еді. Бұл жөнінде Р.Б. Сүлейменов пен В.А. Моисеев: «Известны случаи жестоких расправ Аблая с противившимися ему батырами и рядовыми воинами» [1, 145 б.], – деп жазады.
Абылай секілді деспотиялы тұлғаның билікке келуі тек заман заңдылығы емес, оның жеке қасиеттерімен де өте тығыз байланысты.
Қазақ қоғамы көшпелі заман заңдылығы мен дәстүрлеріне негізделгендігін ескерсек, ортақ билікті Абылай секілді тұлғаның алуында жеке дара іс-әрекеттерден гөрі қоғамның қуатты орталық билік қажеттілігінен пайда болғандығын аңғарамыз. Себебі «Сібір халықтары бастары бірігіп өмір сүре алмайды, өйткені олай етсе азық тауып жей алмас еді. Татарлар малдарын бір жайылымға жинап, біраз уақыт бірігіп өмір сүре алады, яғни татар ордалары біріге алады деген сөз. Бұндай бас қосулар белгілі бір көсемнің қол астына басқа көптеген көсемдерді бағынышты қылғанда мүмкін болады. Осыдан соң оларға екінің бірін таңдау ғана қалады: не олар қайтадан тарап кетеді, не оңтүстіктің қайбір империясы шегінде басқаларды жаулап алады» [7, 321 б.].
Монтескьенің ойын абсолютті дұрыс деп қарастыруға болмағанмен де, онда рационалды бастаудың бар екендігін аңғару қиын емес. Қазақ қоғамын біріктіруші күш бұл кезеңде, Абылай саясатымен бірге, сыртқы жау және саяси-құқықтық ойдың жетілгендігін көрсету маңызды.
Сонымен, Абылайдың саяси ойларына тоқталар болсақ, ішкі саясатта халықтың бірлігін қамтамасыз ету Абылайдың негізгі басымдығы болғандығын аңғару қиын емес. Осы мақсатқа жету үшін Макиавеллидің тілімен айтқанда кез келген әдіс пен айла өзін ақтайды. Халық бірлігінің тірегі жеке адамның қолында болса бірлік баянды болады.
Ал, хандық биліктің далалық дәстүрі жақын, туыс сұлтандарға билікті бөліп беру арқылы ең соңғы инстанция қызметін атқарған Абылайға өзінің саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін кең маневрларға жол ашты. Түп мақсаты барлық қазақтың ханы болу үшін, алдымен қазақты біріктіру керек. Ал қазақты біріктіру үшін адам әділ билеуші, парасатты төреші ретінде танылуы керек. Оның үстіне өлімнен қорықпайтын жауынгер Абылай бұл мақсатты жүзеге асыруда өзіне тамаша көмекші ретінде Бұқар жырауды таба алды. Жырау ұзақ уақыт бір билеушінің төңірегіне топтаса алмаған халқын бір ханның маңайына топтастыруға көмектесуді өзінің негізгі миссиясы деп білді.
Ханның жоңғар тұтқынында болуы [8, 2829 б.] Жоңғар хандығындағы ішкі саяси жағдаймен кең танысуға жол ашты. Жоңғар хандығы қанша күшті делінгенмен қазақ феодалдары секілді феодалдық бытыраңқылық бой көтеруі мүмкін көшпенді мемлекет екендігін түсінген Абылай олардың негізгі жетістігі от қарумен жарақтанған тұрақты әскер қалыптастыруында деп түсінді. Жоңғар хандығының элитасынан өзіне келешекте одақтас болатындай тұлға табуы, Абылайды сыртқы саясаттағы негізгі формулаға, жауды жаудың күшімен құртуға алып келді. Абылай өзінің Жоңғар қоғамындағы таныстарын қолдап, Жоңғар хандығының ішінде тұрақты азаматтық соғысты ұстап тұру үшін пайдаланды. Абылайдың бұл мәселелерге араласуы Ресей тарапынан қарсылық тудырды. «Серьезное беспокойство российских властей вызывали казахско-ойратские отношения. Казахские феодалы стремились использовать ослабление ойратского государства в своих интересах. Еще в 1745 г. Оренбургскому губернатору И. Неплюеву пришлось отговаривать правителей Среднего жуза от вторжения в ойратские улусы. Царское правительство стремилось не допустить новых вооруженных конфликтов между ойратскими и казахскими феодалами, но в то же время старалось воспрепятствовать объединению их сил, усматривая в этом серьезную угрозу своим интересам.
...Особую активность казахские феодалы проявили в то время, когда в Джунгарии развернулась острая борьба за ханский престол. Они охотно принимали приглашния претендентов на ханский престол принять участие в вооруженной борьбе, чем усиливали развал и хаос в государстве ойратов. Осенью 1751 г. Правитель Среднего жуза Аблай, как уже сказано выше, приютил у себя ойратских нойонов Даваци и Амурсану, бежавших от Лама-Доржи» [9, 285 б.].
Жоңғар хандығының Қытай империясынан жеңіліп, бұрынғы іргелі хандықтың толықтай дерлік жойылып кетуі, ханға терең ой салады. Қытайдың түпкі саясаты қазақтарды ығыстыру екендігін түсінген Абылай алдымен әскери жолмен, ал кейін дипломатиялық жолмен егемендікті сақтауды көздейтін реформаларға жол ашады. «Намерение цинского правительства организовать военное вторжение в Среднюю Азию побудили правителей казахских ханств и среднеазиатских владений, позабыв свои распри, попытаться создать нечто подобное мусульманской коалиции для отражения нового наступления Цинской империй. Уже в начале 60-х гг. ХҮІІІ в. Аблай разослал ряду среднеазиатских правителей послания с предложением заключить антицинский союз» [1, 119 б.].
Ол Моңғолиядағы көтерілісті пайдаланып, Қытаймен қатынастарды тез арада жөндеп алуға тырысады. Тамаша дипломатиялық дарын танытқан Абылай үшін Қытай мемлекетімен жүзеге асырылған келіссөздер келесідей шарттарға негізделген шешімге алып келеді:
«1) Орта Азияны мекендейтін Қазақ елі өз территориясына иелік етеді. Өз ісін өзі басқарады.
- Қытай империясы Абылай ханды қазақ елінің бас уаңы (бас князь) деп ресми таниды.
- Қытай әскерлері бұдан былай қазақ еліне шапқыншылық жасамайды.
- Қытай әскерлері және қытай сауда керуендері жүретін жолдар, сондай-ақ жәрмеңке (сауда базары) болатын жерлерді Абылай уаңмен алдын – ала келісіп, сол белгілеген жер арқылы ғана өтеді. Сол жолдардың қауіпсіздігі сақталады.
- Осы келісімді сертпен бекітудің сыртында екі жақ өз хандарының ең жақын адамдарын аманатқа ауыстырып, келісімді кепілдендіреді» [10, 36 б.].
Шарттың негізгі баптары осылар деп қабылдайтын болсақ, бодандық туралы ойлаудың қиынға соғатыны айқын. Себебі, екі жақты қатынастардың аралығында тең құқықтылық байқалады. Оның үстіне Абылайдың уаң атағы болмаса мұнда тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендікті шектеп отырған баптарды табу қиынға соғады. Тіпті, екі мемлекет арасында алым-салық мәселелері де жеткілікті реттеуден өтпеген. Тек қазақ хандығы Абылай келіскен бағыттардағы сауданың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Бірақ, бұл бап бүгінгі күні де тең құқықты мемлекеттер арасында кеңінен қолданатын баптар және мұнда мемлекетті кемсітіп отырған немесе сауда қатынастарын, дипломатиялық қатынастарды шектеп отырған фактілерді көріп отырған жоқпыз. Қайта, Абылайдың өз өкілеттігін толық мөлшерде сақтап қалғандығын байқау күрделі емес,«яғни, Абылай ханның мемлекеттік көзқарасында Қытай Боғдыханының саяси билігін мойындау, оған тәуелді болу идеясы мүлдем болған емес» [10, 37 б.].
Оның үстіне, Қытай императоры орыс императорына қарағанда кеңдікке барып, Абылайды барша қазақтың ханы деп мойындады.
Абылай халықаралық аренада да Қазақ халқының жалғыз заңды билеушісіне айналды деп айтуға болады. Ханның ішкі саясат пен халықаралық аренадағы егемендіктің құжат жүзінде де, іс жүзінде де сақталуы қазақ даласындағы айбынды билеушінің дипломатиялық жеңісі деп қарастыру қажет.
Бекітілген саяси шарттың кепілі ретінде екі жақ та аманат беруге міндеттенеді, яғни халықаралық құқықтың техникасындағы тең құқықтық толық сақталып отыр. Тәуелді билеушіге қарағанда Абылай бұл шартқа сәйкес, кең автономиясы бар әріптеске ұқсайды, тіпті кейбір кішігірім шектеулер болмаса, дербес, тәуелсіз, егеменді мемлекет билеушісі. Ал екі жақты келісімді сауда қатынастарын реттейтін шарт деп қарастыруға болады. Себебі, келісімшарт Қазақ хандығына тіпті одақтастық міндеткерліктерді де артып отырған жоқ. Оның үстіне Қытай әскерінің Қазақ хандығының саяси шекарасына кірмеу туралы кепілдігі бар. Яғни, бұл шарт Қазақ хандығының мүддесін қорғап қана қоймайды, Жоңғар хандығын жермен жексен еткен империя тарапынан Қазақ хандығының шекарасының қауіпсіздігі мен мызғымастығына толыққанды кепілдік береді.
Сондықтан болар, өмірінің соңғы кезеңінде Абылай сыртқы саясатының векторын Қытай бағытына бұрды. Бұл туралы Шоқан Уәлиханов:
«Аблай в наставлении свои детям советовал более сближаться с Китаем, но хранить согласие с Россией. Китайцы, по его мнению, не могли быть никогда опасны ханской власти, между тем, как в русском правительстве он видел сильную оппозицию туземной власти; притом и обстоятельства времени были такого рода, что киргизы всего менее нуждались в помощи России» [11, 115 б.]. Аймақтағы екінші супер мемлекетпен де Абылай бейбіт саясат жүргізуге тырысты. Ресей империясының Қытайға қарағанда әлдеқайда күшті дамығандығын байқаған хан, осы мемлекеттің саяси жүйесі мен экономикасына терең зер салып қарайды, бұрынғы әлсіз мемлекеттің ұлы империяға айналу заңдылықтарын айқындауға тырысады. Ол Ресей империясының сыртқы саясатының Қазақ хандығын өзінің ықпал ету аймағына енгізумен аяқталатындығын түсіне отырып, іс жүзіндегі дербестікті сақтауға тырысты. 1740 жылы Ресей империясының басымдығын мойындаған Абылай, 1778 жылы Орта жүз билеушісі ретінде бекітіледі. Әрине, іс жүзінде Абылай барлық Қазақ хандығының ханы, тәуел-сіз егеменді мемлекеттің символы болатын.
Осы тарихи кезең туралы Т. Сұлтанов былай жазады: «Абылай сұлтанның хан болып сайланғаны 1771 жыл. Құрылтайда оны ақ киізге көтеріп, үш жүздің ұлы ханы деп жариялайды. Арада бес жыл өткеннен кейін, Орынбор шенеуніктерінің өтіне сұрауымен орыс патшайымына өзін үш жүздің билеушісі етіп бекіту жөнінде өтініш білдіріп хат жолдайды. Ханның бұл мәселеде оңай келісуі Ресеймен жақын қарым-қатынасты сақтауды көздеген ниет емес еді, тез күш ала бастаған өзбек әулеттерінің Қоқанд иелігінің саяси қамтуындағы Тянь-Шань қырғыздары мен Сыр бойындағы отырықшы елдің екпінін басып қою үшін орыс шекаралық әскер басшыларынан тұрақты әскер алу болатын.
… Өтініш қабылданғанмен, Петербургтың ұлы хандық институтын күшейту ниеті жоқ еді. ІІ Екатерина патшайым Сыртқы істер коллегиясының ұйғарымына сүйеніп, 1778 жылдың 24 мамырында оны тек Орта жүздің ханы етіп бекітеді, бүкіл қазақ елінің билеушісі болып сайланғаны есепке алынбайды» [12, 103 б.].
Алайда, айласын асыруға тырысқан Ресей империясы Нұралыны Кіші жүздің ханы ретінде мойындау арқылы қазақ қоғамындағы сепаратистік тенденцияларды күшейтіп отырды. Дегенмен, екі билеушінің өзара сыйластық әрекеттері Ресейдің арандатуына жол бермегендігін айта кеткен жөн. Сондықтан болар, сыртқы саясатта екі бағытты бірдей ұстанған Абылай өмірінің соңғы кезеңінде сыртқы саясат векторын қытай бағытына аударады. Тіпті, патша тарапынан берілетін жалақыға мойын бұрмай, Ресей шекарасынан алыс Түркістан қаласында, Қазақ ордасының ежелгі астансында тұрып, қызметін жасайды. Бұл тұстағы сыртқы әлемде қалыптасқан жағдайды, Абылайдың бас кеңесшісі болған Бұқар жырау былай деп суреттеді:
«Күн батыста бір дұшпан,
Ақырда шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Бастығының аты боп.
Күн шығысқа қарайды,
Шашын алмай, тарайды.
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ.
Затсыз, тексіз жөн кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір.
Жаяулап келер жұртыңа.
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа.
Жемқорларға жем беріп,
Азды көпке теңгеріп,
Ел қамын айтқан жақсыны
Сөйлетпей ұрар ұртына
. Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды.
Қағазға жазар малыңды,
Есепке салар барыңды.
Еліңді алар қолыңнан,
Әскер қылар ұлыңнан.
Тексізді төрге шығарып,
Басыңа ол күн туғанда,Т
еңдік келмес құлыңнан» [13, 102 б.].
Осындай қазақ халқы үшін төніп тұрған қауіпті сейілту Абылай үшін ауыр жағдай еді. Алайда өзінің алғырлығы мен айлакерлігінің ар-қасында елді біріктіре алған Абылай Ресейлік экспансияны белгілі дәрежеде тежей алды. Тежеп қана қойған жоқ, толыққанды тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатты жүзеге асырған соңғы хан деп қарастыруға болады. «Однако же, смелый и умный султан Средней орды Аблай, принявший впоследствии титул хана, вступая, смотря по обстоятельствам, то в подданство России, то Китая, сумел сохранить фактическую независимость Средней орды до самой своей смерти, т.е. до 1781г.» [14, 201 б.].
Бұқар бұл жырында тек қауіпті көрсетіп отырған жоқ, Ресейді империя дәрежесіне көтерген факторларды айқындап береді.
Ол – дін, наным-сенім мәселесіндегі мемлекеттің қолдауы мен діннің біріктіруші потенциялы.
Келесі бір фактор ресейліктер өзінің отарлық саясатында жергілікті элитамен өштеспей, қайта олармен тығыз қатынастар орнату арқылы олардың ықпалын сатып алып, өз мәдениетінің ықпалына көндіру.
Тағы бір ескеретіні – отырықшы мәдениет өкілдерінің (ресейліктердің) жаулап алу әдісі басқалардікіне қарағанда бөлек. Ол идеология мен мәдени құндылықтар арқылы жүзеге асады. Оның үстіне жергілікті элитаны сатып алу, отырықшы мемлекеттің қолданатын ең тиімді әдістерінің бірі болары сөзсіз. Олар басқа халық қамын ойлаған адамдарға сөз бермей, осындай ықпалды адамдарды сатып алады, оларға айтқанын істетеді.
Тұрақты отырықшы мәдениеттің тағы бір артықшылығы дамыған салық жүйесінің болуы. Орыс империалистері өздерінің тұрақты салық жүйесін қазақтарға қолдануы қазақ халқының арасында наразылық туғызбай қоймасы және де белгілі. Бәрін есеп арқылы жүзеге асыру да ең жаман әдет болмағанымен, қазақ халқының ұлттық менталитетіне тән емес.
Тұрақты әскері бар Ресей империясы өз әскеріне жергілікті қазақтарды тарту мүмкіндігі және бар. Яғни, Бұқар жырау Ресей отаршылдары Қазақ хандығына классикалық мағынадағы саясатты қолданатындығын ханға ескертеді. Мұны хан білмей отырған жоқ. Абылай Бұқарды әдейі осындай ойларға итермелейді. Өзі айта алмаған ойларды Бұқарға айтқызады.
Бірлікке ынталандыру арқылы күшті орталық билік құрған хан, бірлікті баянды қылу үшін отырықшы мәдениетке баулуға тырысады. Осы мақсатта Ресей империясынан шаруалар мен балықшылар алдыртып, бұл іске халқын бағыттап отырды. Алайда, ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі малшаруашылығынан халықтың басқа бағытқа бет бұруы айтарлықтай күрделі процесс болатын.
Бір жырда былай айтылады:
«Қазақты отырықшы ел қыла алмадым, Ел қылып, өзімді-өзім сынға алмадым. Ел қылып, басын қосып келгенімде –Бұйрығы осылай болды бір Алланың» [15, 14 б.].
Бұл – Абылайдың толғауы. Хан өзінің билігінің тірегі болатын елді отырықшылыққа баулуға тырысқанымен, дәстүршіл қоғамның жаңа заман талабына тез икемделіп кете алмайтындығын мойындаған. Дегенмен, бұл ойынан беті қайтпаған, қайта күш жігерін қатайтып, ниетін нығайтқандығы аңғарылады. Абылай отырықшы мәдениетті қазақ қоғамына кеңірек енгізу үшін өзі де қала салып, отырықшы ауылдар көтеруге тырысқан. «В 1774 году Аблай дал, по просьбе уйсуновских старшин, для управления ими, сына своего Адиля, построив ему на реке Таласе городок, который населил трудолюбивыми каракалпаками» [11, 115 б.].
Осы ойларын толыққанды жүзеге асыру үшін Абылай тіпті Орта Азияға ықпал етудің маңызды кілті мен қазақ отырықшы өркениетінің бесігі, рухани астана болып табылатын Түркістан аймағын да өзіне қаратып, хандықтың экспансиясы үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Орта Азияда стратегиялық өктемдік орнату арқылы хандықтың оңтүстік шекараларындағы қауіпсіздік белдеуін қалыптастыруға өз септігін тигізді.
Орта Азия аренасында белді ойыншыға айналған Қазақ хандығы, Абылайдың ойынша, бұл бағыттағы экспансиясын жалғастыру империалистік, қуатты мемлекетке айналуына жағдай жасайтын. Қазақ хандығының алдындағы мақсат тек өз тәуелсіздігімен шектелмеуі керек деген ойды ұстанған хан, Орта Азияда да үстемдік орнатуға тырысты. Ташкент пен Түркістан аймағындағы қалалар хандықтың болашақ фундаментіне айналуы керек болатын.«В 1767 г. Аблай с войсками возобновил военные действия против Коканда. Судя по показаниям казахов Б. Тураева и С. Мамбетова в Троицкой крепости в марте 1768 г., жители города Ташкента и округа без боя согласились признать власть Аблая и уплатить дань» [1, 131 б.].
Терең идеология тек өз рухани құндылықтарын сақтау арқылы жүзеге асырылмақ. Қазақ хандығының пірлерінің бәрі қазақ жерінде болуы керек. Ал, ол үшін жер мен елдің тұтастығы керек. Орта Азиядағы тағы бір ерекше мәселе қа-зақ хандарының бұл аймақтағы ықпалының күшті болуы. Мысалы, Хиуа хандығында ұзақ уақыт билеушілер ретінде Қазақ хандары отырғандығы белгілі. Бұл жағдайды тиімді пайдалануға тырысқан Абылай Қазақ хандығының ықпалын Орта Азиядан да кеңге жаюға тырысып бақты.«Летом 1767 г. в ставку Аблая прибыл посланец от наместника кокандского Ирданы-бия Фазыл-бий с изъявлением покорности» [1, 132 б.].
Тәуелділікке бой ұсынбаған, тәуелсіздікке ұмтылған хан өзінің ордасын киелі Түркістан жеріне орнатып, оны нығайтты, орнықтырды. Қазақ хандығын әбден күшейтіп, Орта Азиядағы жаңа әріптестік кезеңін бастады.
Үш жүздің басын біріктірген Абылай, өзінің ішкі саясатын негізгі екі құндылыққа негіздеді. Олар: қаталдық пен жауапкершілік. Хан өзінің ғұмырында халық бірлігін сақтау үшін барлық шараға барғандығын біз жоғарыда айтқанбыз. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін Абылай тіпті рулар арасындағы алауыздықты да кеңінен пайдаланды. Руаралық қақтығыстар орталық биліктің күшеюіне алып келеді. Оның үстіне саясаттың негізі күште екендігін қазақ билеушілері бұрыннан білетін. Күш қолданудан ешқашан тайынбаған төрелердің ішінде Абылайды ерекше айта кеткен жөн. Бұл туралы Шоқан Уәлиханов:
«Весьма замечателен устный наказ его детям, который обнаруживает общий характер его тамерлановской политики: он советует им никогда не решать междуродовых дел киргизских племен, ибо только несогласие и раздоры могут быть незыблемою опорой ханской власти» [11, 116 б.].
Ел территориясының мызғымастығын қорғауда Абылай сепаратистік тенденцияларды жою арқылы нәтижеге қол жеткізетіндігін түсінді. Сондықтан, ол рубасылар мен билердің құқықтарын мейлінше шектеп, олардың құзіретін өз қолына шоғырландырды. Рубасылардың билігінің әлсіреуін академик С. Зиманов былай түсіндіреді: «Абылай хан прибегал к помощи такого совета весьма редко, опирался в основном на ближний совет, что объясняется, по-видимому, его стремлением установить личную диктатуру, ослабить влияние крупной местной знати на ханскую власть» [16, 111 б.].
Көнгендеріне жағдай жасап, көнбегендерін күшке салды. Бұл бүгінгі саяси оймен де белгілі дәрежеде ұштасады. Өз территорияларының тұтастығын сақтап, белгілі бір халыққа билік жүргізу ынтасы әлі күнге дейін қантөгістерге алып келіп отыр. Бірлік пен тұтастықты сақтап қалудың ең тиімді әдісі күш қолдану. Ұзақ мерзімді мақсат болатын болса, мұны басқаша жүзеге асыруға да болар еді. Алайда, уақыт қысқа. Мұны тіпті Абылай өлімінен кейін далада кең қанат жайған сепаратизмнен де байқауға болады. «Он первый предоставил своему произволу смертную казнь, что производилось прежде не иначе, как по положению народного сейма, и усмирил своеволие сильных родоначальников и султанов, которые ограничивали советом власть хана» [11, 116 б.].
Тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етудің тағы бір жолы ислам дінін тірек қылу! Мұны түсінген Абылай қазақ даласында ислам мәдениетінің кеңінен етек жаюына жағдай жасады. Оны өзінің ішкі саясатындағы тіректердің біріне айналдыруға тырысты. Себебі «Абылай шаманизмнің сарқыншақтарынан әлі басын көтере алмай жүрген қазақ жұртын бір тудың астына топтастыратын күш тек ислам діні екеніне кәміл сенеді» [10, 44 б.].
Ислам мәдениетіндегі билеушіге деген құрмет идеясы халықтың идеолеогиялық тұтастығын сақтап, рухани бірлігін нығайтуға тиіс болатын. Оның үстіне рухани бірлік пен дін тұтастығы көрші алпауыт мемлекеттердің жүзеге асырып отырған отаршылдық саясатын жүзеге асыруға кедергі келтіріп, ұлттың өз құндылықтарын сақтап қалуына ықпал ететін бірден-бір фактор екендігін мойындау керек.
Абылай Тәуке хан реформаларының маңыздылығын түсіне отырып, жеке дара билікте деспотиялы, абсолютті монархияның қолдаушысы болғандығын жоғарыда айтып кеттік. Биліктің барлығына қол жеткізуге тырысқан Абылай өз халқының өзгерістерге икемсіз екендігін мойындайды. Сондықтан, дәстүрлі билік органдарының құқықтарын шектегенімен олармен толық санаспай отыра алмайтындығын түсінген Абылай, бұл органдарды сирек шақырып, негізгі сұрақтарды оперативті басқару арқылы шешіп отырды.«Мемлекетте саяси биліктің дәуірлеп тұрып сусып бара жатқанын бақылау Абылайға ауыр болды. Ханның соңғы өсиет сөздерінен осыған қапа болған көңілдің ауанын сезінеміз:
Абылай хан ажал жастығына бас қойғанда Бұхар жырау айтыпты:
Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Үш жүздің үш кісісін құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай – дегенде, Абылай:
- Тоқта, бұлай десең мен діннен шығамын, сен жалғаншы боласың! Жиырма жасымда таққа
міндім. Қырық сегіз жыл қазаққа хан болып тұрдым. Қанша жыл өмір сүріп, жас жасағанымнан не пайда, қазақтың арқасын тамға, аузын нанға сүйегенім жоқ, бұл – бір. Ақ боз аттың құнын ер құнына теңегенім жоқ, екі. Мылтығының оғын құралайдың көзінен өткізетін мергеннің құнын екі ердің құны дегізгенім жоқ, мұным үш. Осы үш арман бойымда кетті деген екен» [17, 61 б.].
Тәуке ханның хандық билікті шектеу мақсатында құрған хандық және билер кеңесін хан сепаратистер мен рубасылардың негізгі қорғаны деп қарастырды. «По мере упрочения и распространения своей власти на другие владения Среднего и Старшего жузов Аблай все менее считался с традиционным в казахских ханствах институтом – судом биев» [1, 148 б.].
Хан бұл органдарға тек ерекше мұқтаж болмаса, шақыртпауға тырысқан деп тұжырымдауға болады. Бірақ дәстүрлі қоғам құрылысына арқа сүйеген хан Қазақ хандығының тәуелсіздігін баянды ете алмады. Қорыта айтқанда, «Абылай заманы жойқын соғыстар мен дамылсыз жорықтар, қақтығыстар, арандатулар заманы болғаны айқын. ХVІІІ ғ. осы бір қайшылықты, күрделі аласапыран кезеңде хандар мен сұлтандардың өзара бәсекелестігі, ішкі қайшылығы белең алған уақытта, халқын қасиетті ақ туының астына топтастыра білген, жат елдер шапқыншылығына қол бастап, ел тәуелсіздігі жолында мүдделі бейбіт келісімдерге қол жеткізген, халқын отырықшылыққа, өркениетке жеткізуге ұмтылыс жасаған Абылай хан – ұлы қайраткер» [6, 28 б.].
Абылай Қазақ хандығын тұтас организм ретінде қалыптастырып, орталық билікті күшейтуге тырысқан соңғы қайраткер деп айтуға болады. Абылай өлімінен кейін орын алған сепаратистік тенденциялар қазақ қоғамындағы «бас хан» институтының жойылуына алып келді. 1837-1847 жылдары болған көтеріліс барысында қазақтың ең соңғы ханы Кенесары Қазақ хандығын қалпына келтіруге тырысқанымен Абылай хан секілді ықпалға да, мүмкіндіктерге де ие бола алмады. Қазақ хандығының бұл кезеңнен кейінгі тағдыры әртүрлі сыртқы күштердің ықпалымен тұтас хандықтың ыдырап, дәстүрлі билік институттарының трансформациясына, қорытынды ретінде хандықты біріктіруші фактор, хандық институтының жойылуына алып келді. «По воле истории и личной судьбы Аблай стал последним ханом, претендовавшим на старшинство во всех трех жузах казахов. После его кончины в результате активного вовлечения наиболее влиятельных кочевых лидеров региона и подвластных им родоплеменных групп казахского общества в сферу геополитических интересов России, Коканда и Китая почти трехвековая традиция существования института старшего хана в Степи окончательно прекратилась» [5, 164 б.].
Деспотиялы тұлға болған Абылай өзінің жеке диктатурасы арқылы халықты біріктіруде ерекше нәтижелерге қол жеткізгенімен, Қазақ хандығы бұл кезеңнен кейін тұтас мемлекетке бірігу мүмкіндігіне ие бола алмады. Себебі «диктатураны тағайындауға мәжбүр ететін дағдарыстар кезінде Мемлекет жақын арада құриды немесе құтқарылады және шұғыл қажеттілік кезеңі өткен соң диктатура тиранияға айналады немесе пайдасыз болады» [18, 117 б.].
Әдебиеттер
- Сулейменов Р.Б., Моисеев В.А. Аблай-хан: внешняя и внутренняя политика. – Изд. второе, исправленное. – Алматы: Жазушы, 2001. – 168 с.
- Валиханов Ч.Ч. Исторические предания о батырах ХVІІІ в. // Собрание сочинений в пяти томах. – Алматы: Қ.С.Э.,1984. – Т.1. – 216-222 с.
- Басин В.Я. Россия и Казахские ханства в ХVІ-ХVІІІ вв. – Алма-Ата, 1971. – 276 с.
- Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. – Алматы: Санат, – 656 с.
- Масанов Н.Э., Абылхожин Ж.Б., Ерофеева И.В. и др. История Казахстана. Народы и культуры. – Алматы: ДайкПресс, 2001. – 600 с.
- Тарақ Ә. Алаштың айбын-ардағы – Абылай хан. – Алматы: Қазақстан, 2003. – 240 б.
- Монтескье Ш.Л. Заңдар рухы туралы. – Алматы: Үш қиян, 2004. – 784 б.
- Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – Алматы: Қазақстан және Сана, 1991. – 80 б.
- Златкин И.Я. История Джунгарского ханства. – Изд. второе. – М.: Наука, – 335 с.
- Өзбекұлы С. Қазақстанның саяси-құқықтық ой-пікір тарихының өзекті мәселелері. – Алматы: Білім, – 128 бет.
- Валиханов Ч.Ч. Аблай // Собрание сочинений в пяти томах. – Алматы: Қ.С.Э., 1985. – Т.4. – 111-116 с.
- Сұлтанов Т. Қазақ хандығының тарихы. – Алматы: Мектеп, 2003. – 160 б.
- Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. (Төртінші кітап). Құрастырған: М.Мағауин. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 176 б.
- Валиханов Ч.Ч. Статьи из «Географического статистического словаря Российской империи». // Собрание сочинений в пяти томах. – Алматы: Қ.С.Э., 1985. – Т.4. – 197-208 с.
- Кенжебаев Б. Абылай. – Алматы: ҚМББ, 1943. – 20 б.
- Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца ХVІІІ и первой половины ХІХ веков. – Алматы: Ғылым,
- Артықбаев Ж.О. Жеті жарғы. – Алматы, 2003. – 150 б.
- Руссо Ж.-Ж. Қоғамдық келісім-шарт немесе саяси құқық принциптері. – Алматы: Үш қиян, 2004. – 160 б.