Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Корпоративтік құқықтың түсінігі және жалпы сипаттамасы

Қазақстандық құқық ғылымы үшін корпоративтік құқық ұғымы жаңа ұғым болып табылады. «Корпоративтік құқық» түсінігінен оның реттеу пәні болып корпорациялары құру және олардың қызметіне байланысты қоғамдық қатынастар табылатындығын айтуға болады. Корпоративтік құқық отандық құқық үшін жаңа болғандықтан оның құқық саласы, ғылым саласы және оқу пәні ретіндегі мәнін анықтау өте маңызды.

Корпоративтік құқықтың құқық саласы, ғылым саласы және оқу пәні ретіндегі түсінігін анықтамас бұрын «корпорация» сөзінің түсінігін ашу қажет. «Корпорация» термині американдық және европалық құқықтық жүйеде жиі қолданылатын түсінік. Оған сәйкес, шетелдік құқық ғылымында корпорация – заңға сәйкес тұлғалардың ұйымы ретінде құрылған заңды тұлға түсініледі. Яғни, корпорация заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысанының бір түріне жатады [1].

Қазақстандық құқықта корпорация заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанының бір түрі ретінде көрсетілмеген. Отандық құқықта корпорация акционерлік қоғамдармен теңдестіріледі. Сондықтан, Қазақстандағы корпоративтік құқық ұғымын қарастырған кезде бұл құқық саласын акционерлік қоғамдардың қызметімен байланыстыру қажет. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам деп танылады [2].

Жалпы корпоративтік құқықты екі мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада, корпоративтік құқық дегеніміз – шаруашылық субьектілерін құру және қызмет ету тәртібін реттейтін, олардың құқықтық мәртебесін анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы. Тар мағынада, корпоративтік құқық дегеніміз – коммерциялық ұйымның әкімшілігі немесе меншік иесі бекіткен, сол ұйымның ішкі құқықтық қатынастарын реттеуге бағытталған ережелер жүйесін білдіреді [3].Бұдан корпоративтік құқыққа келесідей анықтама беруге болады: корпоративтік құқық дегеніміз – шаруашылық субьектілерін құру және олардың қызмет етуімен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды жеке-басқарушылық әдістер негізінде құқықтық реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың жиынтығы.

Корпоративтік құқық ғылым саласы ретінде корпоративтік нормаларды, корпоративтік қатынастарды, сондай-ақ кор-поративтік қатынастарды құқықтық реттейтін теориялық және қолданбалы аспектілер, тұжырымдар және қағидаларды зерттеуге бағытталған ғылыми білімдер жиынтығы. Корпоративтік құқық ғылымы қазіргі таңда корпорацияларды құру және қызметін құқықтық реттеуге байланысты доктриналды зерттеулер жиынтығы. Бұл ғылым корпорациялардың құрылу және қызметімен байланысты объективті заңдылықтарды зерттеумен және корпоративтік қатынастар мәнін ашуға байланысты.

Корпоративтік құқықты еңбек ұжымының еркін білдіретін, ұйымның қызметін реттеуге бағытталған, тұлғалар мен капиталды біріктіруге негізделген, компаниялар мен ұйымдарда бекітілген ережелер жүйесі деп түсіндіруге болады. Тұлғалар мен капиталдың бірлестігі болып табылатын кез келген компания қандай да бір қызмет түрін іске асыру үшін өздерінің жұмысын неғұрлым тиімді ұйымдастыру және алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету мақсатында ішкі тәртіп ережелерін бекітуге құқылы.

Кез келген құқық құқық саласы ретінде танылуы үшін оның өзіндік реттеу пәні болуы қажет. Реттеу пәні – осы құқық саласымен реттелетін қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Корпоративтік құқық пәніне байланысты ғалымдар арасында берілген ортақ анықтама жоқ. Ғалымдардың бір тобы корпоративтік құқықтың пәнін анықтау кезінде оны азаматтық құқықтың бір бөлімі ретінде қарастыру қажеттігін айтады. Бұл қатарда Е.А. Суханов, А.А. Зурбаян және А. Байков сияқты ғалымдарды айтуға болады. Карагусов Ф.С. корпоративтік құқық пәніне байланысты келесі ойын білдіреді: «бастапқыда корпоративтік құқық азаматтық-құқықтық қатынастардың жеке түрі ретінде азаматтық құқық аясында пайда болған, уақыт өте келе нарықтық қатынастардың дамуына байланысты корпоративтік құқықтық пәні кеңейе түсті» [4]. Енді бір ғалымдардың тобы «корпоративтік құқық кәсіпкерлік құқықтың институты бола отырып, корпорацияларды құру және қызметін реттеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған нормалар жиынтығы» деп көрсетеді [5].

Корпоративтік құқықтың пәні корпоративтік қатынастар болып табылады. Құқық теориясында құқықтық қатынастар болып құқық нормаларымен реттелген, қатысушылары субъективтік құқықтар мен міндеттерге ие болатын қоғамдық қатынастар табылады. Осылайша, құқықтық қатынастар – бұл қоғамға маңыздылық сипатына қарай құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастардың бір түрі. Құқық нормаларында құқықтық қатынастар қатысушыларының құрамы, олардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық қатынастардың пайда болу және даму шарттары, құрамы, яғни қоғамдық қатынастардың типтік үлгілері қалыптасады.

Корпоративтік қатынастарды екі аспектіде қарауға болады: тар мағынадағы корпоративтік қатынастар – корпорацияның ішкі қатынастары, мысалы, қоғамды басқару және оның қызметіне байланысты акционерлердің құқықтары; кең мағынадағы корпоративтік қатынастар – корпорацияның заңды тұлға ретіндегі кәсіпкерлік қызметімен байланысты қатынастар. Екінші аспектідегі қатынастар мемлекеттік басқарумен байланысты болады.

Корпоративтік қатынастардың міндетті субъектісі болып корпорация табылады. Корпоративтік құқықтық қатынастардың субъектісі болып қоғам мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін акционер мәртебесіне ие болатын қоғамның құрылтайшысы табылады. Акциоенрлердің құқықтық жағдайы ол ие болатын акциялардың түріне байланысты.

Көптеген ғалымдар корпоративтік қатынастардың міндетті субъектісі ретінде қоғамның басқару органын да көрсетеді. Бұл жағдайда корпоративтік құқықтық қатынстардың субъектісі ретінде қоғамның басқа да органдарын айту қажет. Ерекше өкілеттіктерге ие болатын корпоративтік қатынастардың корпоративтік хатшы сияқты субъектісі бар. Корпоративтік хатшы – қоғамның директорлар кеңесінің және атқарушы органының мүшесі болып табылмайтын акционерлік қоғамның қызметкері, оны қоғамның директорлар кеңесі тағайындайды және ол қоғамның директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауға және өткізуге бақылау жасайды, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды және қоғамның директорлар кеңесінің отырысына материалдар әзірлеуді қамтамасыз етеді, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайды [6]. Корпоративтік хатшының құзыреті және қызметі қоғамның ішкі құжаттарында айқындалады.

Бұдан басқа корпоративтік қатынастардың лауазымды адамы және тәуелсіз директор сияқты субъектілер атауға болады. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңында лауазымды адамға келесі анықтама берілген: лауа-зымды адам – акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің, оның атқарушы органының мүшесі немесе акционерлік қоғамның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға. Ал, тәуелсіз директор – аталған акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда), осы акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатынасы жөнінен аффилиирленген тұлға болып табылмайтын; аталған акционерлік қоғамның немесе осы қоғам ұйымының аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарына бағынышты емес және директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде сол тұлғаларға бағынышты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; осы акционерлік қоғам органдарының отырысында акционердің өкілі болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай аудитор болмаған; аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы акционерлік қоғамның аудитіне қатыспаған және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған директорлар кеңесінің мүшесі [7].

Корпоративтік қатынастардың объектісіне де байланысты ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Д.В. Ломакин корпоративтік қатынастардың объектісі ретінде ұйымның жеке немесе ісәрекетінің жиынтығын емес оның қызметін және осы қызметтің нәтижесін көрсетеді. Е.Б. Сердюкқұқықтық қатынастар бағытталған іс-әрекеттер деп көрсетеді. Яғни құқықтық қатынастар осы қызметке байланысты пайда болады. Ал, материалды объектілерді міндеттеменің орындалу пәні ретінде қарастырады.

Корпоративтік құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар бірінші кезекте заңды тұлғаның ішінде туындайтын қоғамдық қатынастар.

Корпоративтік қатынастар дегеніміз шаруашылық субьектілерін құру және олардың қызмет етуімен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар.

Корпоративтік құқықтың нормативтік негізін заңды тұлғалар туралы заңнамалық актілер, сондай-ақ, заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесімен, қызмет етуімен және басқа да мән-жайлармен байланысты әртүрлі ережелер, стандарттар және құжаттамалар құрайды.

Корпоративтік құқықтың құрамына заңды тұлғаның ішінде қабылданатын, заңды тұлғаның ішінде ғана қолданылатын және ішкі корпоративтік қатынастарды реттеуге бағытталған нормалар да кіреді.

Корпоративтік құқықта азаматтық құқық саласына тән жеке-құқықтық әдістер де, кәсіпкерлік құқыққа тән жария-құқықтық әдістер де қолданылады [8]. Дегенмен, теңдік принципі басым болатын азаматтық құқықтық қатынастарға қарағанда, корпоративтік құқықтық қатынастарда билік-бағыну принципі басым келеді. Корпоративтік құқықтық қатынастарда азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік қатынастардан басқа, императивтік нұсқаулар басым кездесетін ұйымдастырушылық-басқарушылық аспектілер де кездеседі. Бұл – корпоративтік құқықтық қатынастардың ерекшелігі болып табылады.

Демек, корпоративтік құқықтың құқықтық реттеу әдістемесі диспозитивтік-императивтік сипатқа ие деп тұжырымдауға болады.

Корпоративтік құқықтың анықтамасынан көріп отырғанымыздай, корпоративтік құқықтың құқықтық нормаларының негізгі үш мақсаты бар: біріншіден, шаруашылық субьектілерінің құқықтық мәртебесін анықтау және бекіту; екіншіден, шаруашылық субьектілерін құру тәртібін анықтау; үшіншіден, шаруашылық субьектілерінің қызмет ету тәртібін анықтау.

Ғылым саласы ретінде корпоративтік құқық әлі де болса қалыптасу барысында. Корпоративтік құқық ғылымы корпоративтік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктерін, сондай-ақ, корпоративтік құқық доктринасын, соның ішінде, корпоративтік құқық саласындағы алуан түрлі құқықтық тұжырымдарды, анықтамаларды, теорияларды, корпоративтік заңнаманы қолдану тәжірибесін зерттейді.

Қазіргі таңда корпоративтік құқықты оқу пәні ретінде жоғарғы оқу орындарында оқу бағдарламаларына енгізу фактілері байқалады. Корпоративтік құқық пәні корпоративтік қатынастарды жария-құқықтық және жеке-құқықтық реттеуді іске асыратын болғандықтан кешенді сипатқа ие. Оқу пәнінің бағдарламасы шеңберінде, әдетте, корпоративтік құқық доктринасы, корпоративтік заңнаманың жай-күйі мен ерекшеліктері, заңды тұлғаларды құру тәртібі, олардың қызмет ету барысы, жарғылық капиталды қалыптастыру, корпоративтік басқару мәселелері, заңды тұлғалардың басқару органдары және олардың қызмет ету тәртібі, сондай-ақ, заңды тұлғалардың ішкі қатынастарының ерекшеліктері оқытылады.

Кез келген құқық саласы жүйелендірілген болуы керек. Жүйелендіру құқықтық нормаларға тән белгі. Құқықты жүйелендіру негізінде құқықтық ережелерді логикалық тұрғыда, қандай да бір тәртіпті сақтай отырып, рет-ретімен бекітіп, көрсету мақсаты жатады. Жүйелендірілген жағдайда құқық нормаларын қолдану да жеңіл болады. Құқықты жүйелендірудің мәні – құқық саласын әртүрлі құқықтық институттарға бөлумен сипатталады, яғни, құқық жүйесі – құқықтың мазмұнын сипаттайтын, оның ішкі құрылымы.

Корпоративтік құқықтың жүйесін толық және дұрыс ашып көрсету үшін корпоративтік құқықтың азаматтық құқық жүйесінде алатын орнын анықтап алу қажет. Себебі, корпоративтік құқық бірінші кезекте, азаматтық құқықтың бөлігі болып табылады.

Корпоративтік құқықтың жүйесі корпоративтік құқықтың түсінігі, пәні, құқықтық реттеу әдістері, корпоративтік қатынастар, заңды тұлғалар туралы жалпы ережелер; заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары; заңды тұлғалардың мүлкі; заңды тұлғаларды құру, қайта құру және жою тәртібі секілді тараулардан тұрады. Корпоративтік қатынастардың қайнар-көздеріне корпоративтік қатынастарды реттеуге бағытталған заңнамалық құжаттар жатады. Бұл құжаттарға Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі негізгі заң ретінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» заң жатады. Бұл заңдар корпорацияның құрылу тәртібі, қызмет етуі, осы қатынастарға қатысушы субъектілердің құқықтық жағдайын, олардың құқықтары мен міндеттерін реттейді.

Аталған негізгі заңдардан басқа корпорацияның ішкі қатынастарын реттейтін ішкі нормативтік құжаттар бар. Мысал ретінде, құрылтай шартын келтіруге болады. Құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жазбаша нысанда жасалады. Ал, егер құрылтайшы жалғыз болса жалғыз құрылтайшының шешімі жазбаша нысанда ресімделіп, оған құрылтайшы немесе оның өкілі қол қояды. Құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс.Құрылтай шартында жазылған мәліметтер, егер шарттың өзінде өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табылады. Құрылтай шарты мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қоғамның шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда ғана берілуге тиіс.

Қоғамның жарғысы да ішкі нормативтік құжатқа жатады: Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген адам қол қоятын, жарғыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген өзгерiстер мен толықтыруларды (оның ішінде жарғының жаңа редакциясы түрінде жазылғандарды) қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар не оның өкiлдерi қол қоюға тиiс. Қоғамның жарғысын, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтыруларды нотариат куәландыруға тиiс.

Сонымен, қорыта келе, корпоративтік құқық – жеке құқық саласы ретінде қалыптасып келе жатқан, өзіндік құқықтық реттеу пәні мен зерттеу аясы бар, корпоративтік қатынастардың ерекшеліктеріне қарай өзіндік құқықтық реттеу әдістері бар, бірақ, әлі де болса жетілдіруді, ғылыми тұрғыда негіздеуді қажет ететін құқық саласы деп тұжырым жасауға болады. Қазақстандағы корпоративтік қатынастар даму үстінде. Бұл қатынастар нарықтық қатынастармен қатар дамиды.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Корпоративное право: учебное пособиепод ред. И.А. Еремичева, Е.А. Павлова, ЮНИТИ-ДАНА; Закон и право, 2012 г.
  2. Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415 Заңы.
  3. Карагусов Ф.С. Основы корпоративного права учебное пособие. – Алматы (Казахстан): Научно-издательский центр Каспийского общественного университета, 2010.
  4. Карагусов Ф.С. Основы корпоративного права и корпоративное законодательство Республики Казахстан. Издание второе, дополненное. Алматы: Бастау, 2011. 368 с.
  5. Корпоративное право / под редакцией Шиткиной И. С. – М.: Волтерс Клувер,
  6. Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415 Заңы.
  7. Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415 Заңы.
  8. Корпоративное право / под редакцией Шиткиной И.С. – М.: Волтерс Клувер.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.