Ұлттық құқықтық жүйеміздің қалыптасуына байланысты қоғамда қалыптасқан саяси, экономикалық, қылмыстық қатынастарды реттеуде жаңа заңнамаларды қабылдау қажеттілігі айқындалды. Осы мәселелерді шешу үшін көптеген заңдарды қабылдап, қолданысқа енгізу осы қажеттілікті қанағаттандыру тұрғысынан қажет еді. Тәуелсіздік алғаннан соң елімізде қалыптасқан ауыр криминогендік жағдай, қылмыстың өршуі, сыбайлас жемқорлықтың ерекше қарқынмен дамуы – экономикалық дамуды кенжелетіп қана қоймай, мемлекеттің халықаралық қауымдастықтағы саяси беделінің дұрыс дәрежеде қалыптаспауына да әсер еткендігі ақиқат. Елбасы Н. Назарбаевтың қылмысқа қарсы күресте табанды позицияны ұстануы бірінші кезекте қылмыстың ауыздықталуына, сонымен қатар экономикалық өсуді бірқалыпты деңгейге қоюға қол жеткізгендігін қамтамасыз еткендігін айта кету керек. Қылмыстық саясат – бұл арнайы белгі мен айрықша реттеу тәсіліне ие, ерекше қауіпті қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттейтін мемлекеттің саясатының заңды бөлігі. Қылмыстың қоғамға қауіптілігі мен салдарында әлеуметтік-саяси саланың дұрыс дамымауының белгілері бар. Қылмыс адамды әлеуметтік қолдау мен тиісті бақылаудың аздығынан пайда болады. Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігі мен қылмыстың салдары саяси-заңдық, қоғамдық-саяси тұрғыда ғана салалық белгіге ие болғандығымен ғана емес, бұл құбылыстар барлық әлеуметтік топтардың мүддесін зақымдауымен де қауіпті. Қылмыстық саясаттың арнаулы белгілеріне: әсер ету аймағы, ерекше мақсаттылығы, нысаны, басқа саясат түрлеріне қатысы жоқ белгілерінің болуы жатады (күштеу саясаты). Қылмыстық саясаттың түсінігіне тоқталған кезде, осы түсініктің құқықтық ядросын дәл анықтаған маңызды. Қазақстан мемлекетінің алдында тұрған маңызды мәселенің бірі – мемлекеттің саяси бағытын қылмысқа қарсы күресте нақты анықтап, жеткілікті нәтижеге қол жеткізу болып отырғандығы белгілі. Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа жолдаулары, қолданыстағы заң актілері, азаматтардың құқықтық мемлекет құруға талпыныстары – Қазақстан Республикасын шын мәніндегі адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін мемлекетке айналдырары сөзсіз. Біздің ойымызша, қылмыс – адамгершілік пен басқа да құндылықтардың әлсіреуінен пайда болатын, қоғамдық орта мен басқа адамдардың құқықтық мүдделерін жоққа шығаратын, қылмыстық заңмен тиым салынған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл – адамды өзгенің құндылықтары мен жетістіктерін бағалауға дағдыландыру және осы қасиеттерді күнделікті қарым-қатынастың мазмұнына айналдыру қылмыстан сақтандыру арқылы ғана жүзеге асады деген сөз. Қазақстан мемлекетінің алдында тұрған маңызды мәселенің бірі – мемлекеттің саяси бағытын қылмысқа қарсы күресте нақты анықтап, жеткілікті нәтижеге қол жеткізу болып отырғандығы белгілі.
Жаңа Қазақстанның қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясаты: методологиялық, саяси, әлеуметтік, тарихи, ғылыми – жаратылыстану, заңдық, қылмыстық – құқықтық, криминологиялық аспектілерден тұратындығы анық. Көрсетілген бағыттың әрқайсысы – терең зерттеу мен талқылауды қажет етеді. Методологиялық тұрғыдағы – қылмыстық саясаттың методологиялық негіздері мен әлемдік таным жүйесін зерттеуді;саяси тұрғыда – қылмыстық саясаттың саяси мәні мен қағидалары, қағидалардың түсінігі мен өзектілігі, саяси басқа бағыттармен ара – қатынасын;әлеуметтік тұрғыда қылмыстық саясаттың әлеуметтік мәні мен тамырын;тарихи тұрғыда – қылмыстық саясаттың даму кезеңдері мен пайда болу уақытын;жаратылыстық – ғылыми сипатта – қылмыстық саясаттың жаратылыстану ғылымының өзге салаларымен ара – қатынасын;заңдық сипатта – қылмыстық саясаттың пәнінің жүйелік, кешенді, салааралық ерекшелігін және оның заңдық табиғаты, қылмыстық саясаттың басты бағыты ретінде қылмыстан сақтандыру кезінде қолданылатын нормативті – құқықтық актілер мен олардың қайнар көздерін;қылмыстық – құқықтық тұрғыда – қылмысқа құқықтық баға беру мен қылмысқа қолданылатын жазалау жүйесін, қылмыстық заңды жетілдіру, криминологиялық тұрғыда – қылмыстың жасалу себептері мен жағдайларын, қылмыстылықтың деңгейін, қылмыстылыққа бақылау мен криминологиялық болжау жүргізуді талап етеді. Ал, осы зерттеудің негізіне – қылмыстық құқықтық және криминологиялық зерттеудің басым бағыттары жатады. Тақырыптық қажеттілігі мен маңызы – экономикалық, саяси, рухани, қылмыстық – құқықтық, заңдық тұрғыдағы мынадай кешенді мәселелердің шешілуінен көрініс табады:
а) қылмыстан сақтандырудың экономикалық сипаты дегеніміз – экономикалық және әлеуметтік мәселелерді ұдайы шешу арқылы қылмыстылықты бақылауда ұстау деген сөз. Ұйымдасқан қылмыс мемлекеттің экономикалық дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, мерзімдік дағдарыстың негізгі себебі болуда. Сонымен қатар нарық реформасының басталуы мен оған халықтың
«бой үйрету» үдерісінің ұзаққа созылуы, заңсыз баюды, рейдерлік әрекеттер мен басқа да жаңа заман қылмыстарын туындатты. Сондықтан да экономикалық саладағы қылмыстық саясат дегеніміз – экономикалық қатынастардың ашықтығына қол жеткізу мен кәсіпкерлерді «көлеңкелі экономикаға» заңсыз араласудан сақтандыру.
Қазақстан Республикасындағы адам тағдырын тікелей шешетін органдардың өз міндеттерін атқару кезіндегі жүзеге асыратын мақсаттарына: жеке тұлғаға өзінің азаматтық қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік беру және қолдау, өз Отаны Қазақстан Республикасын сүю, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен сыйлау, халық дәстүрлерін қастерлеу мен аялау, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеушілік көрсету тұрғысында тәрбиелеу жатады. Бұл кез – келген адамға «адамдық міндеттерді» жүктейді. Адамдық міндеттерге:
- әр азаматтың мемлекеттің рәміздерін құрметтеу;
- әр азаматтың, әр ұлт өкілінің Қазақстанның қарулы күштерінің қатарында қызмет ету мен Отан қорғаудағы тайсалмастығы;
- әр азаматтың мемлекетшілдік қасиетінің болуы;
- әр азаматтың мемлекеттегі саяси, мәдени, құқықтық, экономикалық реформаларға белсене қатысуы;
- өз мемлекетінің өткені мен тарихын білуге, мемлекеттің тағдыры мен өз тағдырының бір тамырлы екендігін сезінуі;
- өз елінің рухани, мәдени, өндірістік байлығын сақтауға деген құлқының қажетті деңгейде болуы;
- өз отандастарының құқықтарын қорғауға атсалысуы мен азаматтық жауапкершілікті жүзеге асырудағы адалдығы жатады.
Жалпы саясат – мемлекет тағдырын шешуге қатысты саяси сипаттағы әрекеттердің жиынтығы десек, мемлекеттің қылмыстық саясатты ізгілендіру сипатында жасап отырғандығы мемлекеттің қылмыстық саясаттағы бағыты десек, онда қылмыстық саясат – дегеніміз қылмысқа қарсы күресте оны жою мен жолын кесуге бағытталған әрекеттердің жиынтығы деген түсінікті ұсы-намыз. Осы себепті де қылмыстық сақтандыру мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеулердің өзектілігі – байыпты көзқарас пен терең зерттеуді қажет етеді. «Қылмыстылыққа қатаң әлеуметтік бақылау қою қажет. Ол тек қана күштеудің әдістері мен тәсілдеріне ғана емес, сонымен қатар интеллектуалды мүмкіндіктерге де негізделуі керек» [1, 14 б.]. Қоғамдағы пікірлерге деген толеранттылықты жолға қою мен адамдардың өзара сыйласымдылық қатынастарын қалыптастырудағы мемлекеттің ролі әрқашанда ұйымдастыру сипатында болса, онда қылмыстық саясатты жүзеге асырушы құқық қорғау органдары мен басқа да құрылымдар жайлы кейінірек тоқталармыз. Сол сияқты бірқатар мәселелерді шешу жолдары да осы ғылыми жұмыста қарастырылатын болады [2, 3 б.]. Тәуелсіздік алғаннан соң елімізде қалыптасқан ауыр криминогендік жағдай, қылмыстың өршуі, сыбайлас жемқорлықтың ерекше қарқынмен дамуы – экономикалық дамуды кенжелетіп қана қоймай, мемлекеттің халықаралық қауымдастықтағы саяси беделінің дұрыс дәрежеде қалыптаспауына да әсер еткендігі ақиқат. Ұлттық құқықтық жүйеміздің қалыптасуына байланысты қоғамда қалыптасқан саяси, экономикалық, қылмыстық қатынастарды реттеуде жаңа заңнамаларды қабылдау қажеттілігі айқындалды. Осы мәселелерді шешу үшін көптеген заңдарды қабылдап, қолданысқа енгізу осы қажеттілікті қанағаттандыру тұрғысынан қажет еді. Елбасы Н. Назарбаевтың қылмысқа қарсы күресте табанды позицияны ұстануы бірінші кезекте қылмыстың ауыздықталуына, сонымен қатар экономикалық өсуді бірқалыпты деңгейге қоюға қол жеткізгендігін қамтамасыз еткендігін айта кету керек. Методологиялық тұрғыдағы – қылмыстық саясаттың методологиялық негіздері мен әлемдік таным жүйесін зерттеуді; саяси тұрғыда – қылмыстық саясаттың саяси мәні мен қағидалары, қағидалардың түсінігі мен өзектілігі, саяси басқа бағыттармен ара-қатынасын; әлеуметтік тұрғыда қылмыстық саясаттың әлеуметтік мәні мен тамырын; тарихи тұрғыда – қылмыстық саясаттың даму кезеңдері мен пайда болу уақытын; жаратылыстық – ғылыми сипатта – қылмыстық саясаттың жаратылыстану ғылымының өзге салаларымен ара-қатынасын; заңдық сипатта – қылмыстық саясаттың пәнінің жүйелік, кешенді, салааралық ерекшелігін және оның заңдық табиғаты, қылмыстық саясаттың басты бағыты ретінде қылмыстан сақтандыру кезінде қолданылатын нормативтіқұқықтық актілер мен олардың қайнар көздерін; қылмыстық-құқықтық тұрғыда – қылмысқа құқықтық баға беру мен қылмысқа қолданылатын жазалау жүйесін, қылмыстық заңды жетілдіру, криминологиялық тұрғыда – қылмыстың жасалу себептері мен жағдайларын, қылмыстылықтың деңгейін, қылмыстылыққа бақылау мен криминологиялық болжау жүргізуді талап етеді [3, 3 б.]. Жаңа Қазақстанның қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясаты: методологиялық, саяси, әлеуметтік, тарихи, ғылыми – жаратылыстану, заңдық, қылмыстық – құқықтық, криминологиялық аспектілерден тұратындығы анық. Көрсетілген бағыттың әрқайсысы – терең зерттеу мен талқылауды қажет етеді. Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының басты бағыты ретіндегі қылмыстан сақтандырудың теориялық мәселелерін кешенді түрде зерттеу, қылмыстан сақтандыру шараларының түрлерін жүйелеу және олардың құқықтық табиғатын анықтау, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін қолайлы ұсыныстар жасау қажеттілігі байқалуда. Қылмыстық саясаттың құқықтық құралы ретіндегі Қылмыстық заң – қылмысты жойып жіберуде немесе қылмыстылыққа тосқауыл қоюда шексіз мүмкіндікке ие емес. Қылмыстылықты жою – қылмыскердің белсенділігін заңды жолмен басу ғана емес, қылмыскерге қауіпті мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік тудырмайтын азаматтардың өзін-өзі сақтау шараларын дамытудан да тұрады. Қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат – әлеуметтік саясаттың бір бөлігі бола отырып, дербес ғылымға, реттеу әдістері мен тәсілдеріне ие. Ал қылмыс – әлеуметтік ортадағы теріс түсініктердің ақиқатқа зардап келтіре айналуы. Осы тұрғыдан қарасақ, өзіндік жүйесі мен қағидалары бар қылмыстық саясаттың ғылыми негізді құқықтық түсінігі де бары анық. «Қазіргі уақытта қылмысты жоюды қылмыс жасаған тұлғаға қылмыстық жауаптылықты белгілеу арқылы тек қана қылмыстық кодекстің көмегімен ғана жүзеге асырудың мүмкін еместігіне ешкім күмән келтірмейді» [4, 3 б.].
Жалпы мемлекетке қылмыстық саясат не үшін керек? Әлеуметтік қайшылықтар түрлі құқыққа қайшы құбылыстарды туындатады. Оның ішіндегі ең қауіптісі қылмыс. Қылмыстардың көп жасалуы, жасалған қылмыстың ашылмауы – әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік бірігудің басты кедергісі мен әділеттікті орнатудың кедергісі болып қана қоймай, мемлекеттің көптарапты дамуын тежейді. Бұл дегеніміз – мемлекеттегі тұрақсыздық пен бейберекетсіздік те шарықтайды деген сөз. Бұл теріс үрдістер – тек қана мемлекеттің қылмыстық саясатымен оң жолға қойылады. Егемендік алғаннан соң, тәуелсіз мемлекет талаптарына сай қылмыстық саясаттың басқа түрдегі ұтымды бағыттарын анықтау мемлекеттік дәрежедегі қажеттілік екендігі байқалды.
Әдебиеттер
- Қайыржанов Е.И. Основные теоретические проблемы объекта уголовно-правовой охраны в СССР. – Автореф... д.ю.н. – Киев, 1975.
- Голик Ю.В. Сучайный преступник. – Томск, – С. 81; Дмитриев С.Н. Дорожно-транспортная служба. – М., 2000. – С. 335.
- Пономарев В.Е. Человек и безопасность судовождения. – М., 1976. – С. 22.
- Белокобыльский Н.Н. Безопсность движения и эксплатации железнодорожного транспорта. Уголовно-правовые и криминологические проблемы. – Саранск, 1988. – С. 96.