Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тергеу әрекеттеріне қатысудағы адвокат-қорғаушының рөлі

Қылмыстық іске араласқаннан кейін адвокат өзінің қорғау жоспарларын құрып, содан кейін тергеу процесінің кез келген сатысынан тыс қалмауға тырысады. Адвокат өзінен көмек сұрап келген адамдарға заң көмегін көрсетіп, құқығын қалпына келтіруі тиіс. Осындай міндеттерін орындауға өз жоспарын қолданады. Адвокаттың қорғау жоспары жәй, күрделі, қысқа, ұзақ болуы мүмкін. Адвокат алдын ала тергеу сатысында айып тағылған, не адам сезікті деп танылған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі.

Қылмыстық істі тергеуде іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асырудың заңды негізі қылмыстық істі қозғау сатысы болып танылады. Заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеттерін қылмыстық іс қозғағаннан кейін жүзеге асырылады. ҚІЖК 194-бабына сәйкес алдын ала тергеу әрекеті қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан кейін ғана жүргізіледі [1]. Қылмыстық іс қозғау қаулысы шығарылғаннан кейін адвокаттың негізгі міндеті туындайды, мысалы, кінәсі жоқ адамды жауапқа тартудан алдын алу керек. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін прокурор алдын ала тергеу және сот органдары белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болады. Мысалы, тергеуші прокурордың санкциясымен нақты істі қарайды және азаматтарға процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданады. Мысалы, тінту, алу, куәлерден жауап алады, қылмыстық істің болған жерлерді қарайды, сонымен қатар басқа да тергеу әрекеттерін жүзеге асырады.

Қылмыстық іс қозғау сатысында қылмыстық іс жүргізу барлық белгілері тән, яғни нақты міндеттер, істің негізгі қағидалары, құқықтық қатынастармен әрекеттер болып табылады. Қылмыстық іс кінәлі деп сезік келтірген адамның болуынан емес, қылмыстық деректердің бар болуына байланысты іс қозғалатынын адвокат білуі тиіс. Тұлғаны қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танымас бұрын қосымша мәліметтер жинап оларды тексерулері керек. Табылған деректер қылмысқа қатысты болған жағдайда белгілі тұлғаға қарсы қылмыстық іс қозғалды деп қорытындылау керек. Одан кейінгі адвокаттың міндеті қылмыстық істі қозғау үшін жиналған материалдарды тексеруі қажет.

Түскен арыздармен хабарламаларға қосымша қажетті материалдар мен түсініктер сұрауға құқылы. Қылмыстық іс қозғау қаулысын шығармай жауап алу хаттамасын, тінту, алу, тағы басқа тергеу әрекеттерін жүргізуге тіпті Заңда белгіленген лауазымды тұлғалар мен органдардың құқықтары жоқ. Жеке тұлғаға қол сұқпаушылық принципі бұзылған жағдайда адвокат төмендегідей әрекеттерді жүзеге асырады:

  • прокурорға шағымдана алады;
  • тергеу әрекетінен кeйiн сот процесіне дайындық бөлiмiндe соттың заңсыз алынған дәлелдемелерді icкe қажетсіз деп тануға өтініш бiлдipe алады.

Адвокат тергеу материалдарынан болған немесе болады деген қылмысқа қатысты жиналған материалдарды бірінен соң бірін тексеріп, бұл кезде тергеу шешімдері дәлелдемелер жинауға құқықтары жоқ eкенін адвокат білуi керек, өйткені тергеуші прокурор санкция беріп, қылмыстық ic қозғағаннан кейін ғана тұлғаның кінәлілігін дәлелдейтін дәлeлдeмeлepдi тауып icкe тіркейді. Адвокат материалдарды қарап, танысу барысында істі тергеу әрекеттерін қарау, қандай тәсілдермен, қашан жүргізетінін және жүргізгенін тексере алады [2, 13 б].

Aдвoкaт қылмыcтық ic қозғау қayлыcын тергеушi 24 сағаттан кешіктірмей прокурорға жiбepгeнiн тeкcepyi тиіс. Прокурор қылмыстык ic қозғау қаулысының көшipмeciмeн танысады, егер де тергеушінің шығарған шешімінің зандылығына күмән тудырып отырса, қылмыстык істі қозғауға негіз болған материалдарды тeкcepeдi.

Қылмыстық ic қараудың заңдылығын, сонымен қатар тергеу ici жүpгiзyдi қадағалауды жүзеге асырғанда тексереді. Егер де қылмыстык ic заңсыз себептер мен негіздерге сүйене отырып қозғалса, прокурор кез-келген қаулысымен тергеушiнiң немесе анықтау органының қаулысының күшін жояды. Қылмыстық ic қозғаудан бас тартады немесе қылмыстык ic бойынша тергеу ic әрекеттері жасалған болса, оны тоқтатуға, icтi қысқартуға құқылы. Егер прокурор бұл міндеттерін орындамаса адвокат жоғары тұрған прокурорға шағымдана алады.

Қылмыстық icтi қозғау барысында Заңмен бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына байланысты күpдeлi мәселелер шeшiлeдi. Қылмыстық ic бойынша дәлeлдeмeлepдi табу, алу, бағалау процесінің кeлeci сатыларында каралады.

Адвокаттың соңғы жағдайда icкe қатысуы:

  • тұлғаны ұстаған жағдайда (кінә тағылмаса да) тұлғаға бұлтартпау шарасы қолданған жағдайда; (ҚПК/ң 70-бабында көрсетілген негіз де адвокат мiндeттi түрде қатысуы керек)
  • ceзікті немесе айыпталушы кәмелетке толмаса, жасы қылмыс жасаған уақытқа сәйкес бeлгiлeнeдi;
  • ceзікті немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемшіліктен өзінің қорғану құқығын өз бeтiншe жүзеге асыра алмаса;
  • адам жазалау шарасы ретінде он жылдан астам мерзімде бас бостандығынан айырылу, өмір бойы бас бостандығынан айырылу не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкін болатын қылмысты жасағаны үшін айыпталса;

Адвокат icкe қатысу мepзiмінен бастап ҚПКнің 74-бабында көрсетілген процессуалдық құқықтарға ие болады. Оның құқықтары:

  • сезіктімен және айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша құпия жолығуға болады. Бұл құқық алғашқы жауап алуға дейін жүpгiзiлeдi. Кездесуде адвокат қорғауындағы адамның ic бойынша позициясын шешімін алады: өзін кiнәлi деп санай ма (егер өзін кiнәлi деп есептесе толық мойындай ма, әлде жартылай мойындай ма), неге сілтеме жасайтындығын, нені мойындамайтынын, қандай себептермен және адвокаттан не сұрайтынын айтады [3, 122 б].

Адвокат icкe қатысқаннан кейін темендегідей қызмет атқарады және бір қатар құқықтарға ие болады:

  • заң көмегін көрсетуге қажет заттарды, құжаттарды, мәліметтерді жинап ұсынады;
  • дәлелдемелерді ұсынады. Дәлелдемелерді ұсынбас бұрын оларды белгілі қайнар көздерден алу қажет, бірақта адвокатта билік ету құқығы болмағандықтан дәлелдемелерді табу, алу қиынға түседі.
  • ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шарасын қолдану қаулысымен, заңда көрсетілген қылмыстық ic жүргізудегі өзге де құжаттармен танысуға құқылы;
  • өтініш жазады;
  • қарсылық білдіреді;
  • қылмыстық ic бойынша ic жүpгiзyдi жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымданады;
  • заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау кұралдары мен тәсілдерін пайдалануға құқылы.

Іске қатысқаннан кейін адвокат сезіктінің, айыпталушының қорғаушысы болып көптеген мәліметтерді, оқиғаның куәсі ретінде болады. Қорғау қызметін атқара отырып, өзіне мәлім болған мәліметтері бойынша жауапқа тартылмайды. Адвокат куә ретінде жауап беруге құқығы жоқ, ceбeбi «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының 15 бап, 3 тармағында көрсетілген адвокат көмегін көрсете отырып, өзіне мәлім болған мәліметтерді кұпия сақтауға міндетті және көмек сұрап өтініш жасаған адамның кeлiciмiнciз оларды жария етуге құқығы жоқ [4].

Алдын ала тергеу сатысында адвокат қор­ ғаушы болып қатыса отырып:

  • заңда көрсетілген тергеу әрекеттеріне қатысады. Сонымен қатар жауапқа тартылып отырған тұлғаларға қосымша сұрақ қояды, хаттаманың дұрыстығы мен толықтығына жазбаша ескерту көрсетеді. Tepгеуші адвокаттың кейбір сұрақтарын жауапсыз қалдырған жағдайда, осы әрекетін хаттамаға енгізуі тиіс. Адвокаттың сұрақтары тек қана жағдайды ашуға, айыпталушының айыбын жоққа шығаруға немесе жауаптылығын жеңілдетуге бағытталуы керек;
  • icкe қатысты, өзіне қажет құжаттарды сұратады;
  • тергеушіге өтініш, ал алдын-ала тергеу әрекеттеріне қадағалау жасайтын прокурор мен судьяға шағымдана алады;
  • қылмыстық іспен байланысы бар мамандардан кеңес алуға құқылы;
  • прокурордың сезіктіні, айыпталушыны қамауға алу және мерзімін ұзартуға берген санкциясына келіспеген жағдайда сотқа шағымдана алады. Мұндай шағымды сотқа прокурордың орналасқан мекен-жайына байланысты жiбереді.

Алдын-ала тергеу сатысында адвокаттың соңғы қатысуы бұл қылмыстық істің барлық материалдарымен танысады. Айыпталушының немесе оның қорғаушысының өтініші бойынша олар ic материалдарымен бipгe немесе жеке-жеке таныса алады. Істің барлық құжаттары адвокатқа тігілген және нөмірленген күйде берілуі керек. Заңның осындай талаптарын тергеушi орындамаған жағдайда, адвокат істің құжаттарымен танысудан бас тарта алады.

Адвокат пен тергеушінің арасында ешқандай келісім болмауы керек, себебі әр бет нөмірленбеген болса, icтe басқа материалдар тіркеліп немесе тіркелген басқа құжаттар алынып тасталуы мүмкін. Сонымен қатар суреттердің нөмipлepiнiң болмауы адвокаттың өтініш жазған кезде нақты қай бетіне келіспейтіндігін көрсетіп сілтеме жасау оңайға соғады.

Адвокат алдын-ала тергеу сатысынан бастап қатысса, көптеген құжаттармен таныс болып, міндетін атқаруда жеңіл болады. Егер адвокат келесі сатылардан бастап icкe қатысса, ол істің барлық құжаттарымен танысуы керек. Істің құжаттарымен танысуда белгілі 6ip тәсілдер белгіленбеген, қорғаушылардың барлығы қылмыстық ic қозғау қаулысымен танысады. Қылмыстық ic қозғау қаулысының уақытын, кім қозғағаны, қандай қылмыстық белгілермен қоз-ғалғанын, қандай тұлғаларға қатысты қозғалғанын қарайды, содан кейін айыпкер ретінде тану қаулысымен танысады.

Қорғаушы ic құжаттарымен танысу процесінде, егер ол бiрнеше томнан тұратын білмесе, олардың кез келгенін қайта қарауға, сондай-ақ кез-келген мәліметті кез-келген көлемде көшіріп алуға, құжаттардың көшipмeciн түcipin алуға, сонымен қатар техникалық құралдардың көшipмeciн түcipiп алуға құқылы [5, 114 б].

Істің кұжаттарымен таныса отырып, адвокат тергеу және анықтама органдарының алдын-ала тергеу әрекеттерінде жіберген қaтeлiктepiнe, қылмыстық ic жүргізу Заңының бұзылғанына көңіл бөлуі тиic. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды және айыптаудың негізі болып табылмайды. Содан кейін сот қорғаушының өтінiші бойынша дәлел ретінде жіберілмеуге тиіс құжаттарды алып тастайды.

Істің кұжаттарымен танысып болып адвокат әртүрлі өтініштер білдіруге құқылы. Көбіне жазған өтініші қосымша тергеу жүргізуге берілген. Мысалы, косымша жауап алуға, беттеcтіруге, тергеу экспериментін жүргізуге, сараптама тағайындауға байланысты.

Қылмыстық icтi қысқартқан жағдайда қылмыстық icтi қысқарту туралы кұжатын сұратып іске тіркеу жөнінде өтініш білдіреді. Тергеушінің қылмыстық ic бойынша адвокаттық өтініш қанағаттандырудан бас тартса, адвокат өтініш қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулының көшірмесін алып, үш тәуліктің ішінде прокурорга шағымдана алады.

Тергеу ic-әрекеттеріне қатысты адвокаттың өтінімi канағаттандырылса осы өтінішті қарастырғанда қатысуға құқылы.

Істің барлық құжаттарымен танысқаннан кейін адвокат айыпталушымен сот процесінде қорғаушы боп қатыса алатын тұлғалардың тізімін карастырады. Қорғаушы болып қатыса алатын тұлға дегенімізде айыпталушының айыбын жоққа шығаратын мәлімет білетін адамды айтамыз. Бұл тұлғалардың тізімін адвокат соған сәйкес өтінішінде көрсетуі кажет.

Адвокат қылмыстық ic құжаттарымен танысқаны туралы қорытындысын белгілі хаттамада толтырады. Хаттамада танысуға қандай құжаттар ұсынылғаны, қандай өтініштер мәлімдегенін және өзге де қандай мәлімдемелер жасалғанын, сондайақ ic бойынша қандай куәлардан жауап алғанын, іске қатысқан қандай сарапшыларды, мамандар мен куәгерлерді айыпталушы мен қорғаушы сот отырысына шақырылуы қажет деп мәлімдегені немесе олардың тізімін қоса тіркелгенін көрсетеді.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан / ред. М.Ч. Когамов. – Алматы: ЖетіЖарғы, 2008.
  2. Тыныбеков. С. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет: оқулық. – Алматы: Дәнекер, 2006. – 285 б.
  3. Толеубекова Б.Х. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Общая часть: учебник. – Алматы: НАS, 2000. – 354 с.
  4. Адвокаттық қызмет туралы заң. – 1997 жыл. – 5 желтоқсан №195.
  5. Макарова З.В. Участие адвоката-защитника на предварительном следствии. – Калининград,

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.