Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Пенитенциарлық қауіпсіздіктің түсінігі

Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі ұлттық қауіпсіздіктің қауіп-қатердің алдын-алу бойынша міндеттерді шешуде маңызды орынға ие және қылмыстылыққа қарсы әрекет етуге бағытталған мемлекеттік органдардың құрамдас бөлігі болып табылады. Демек, қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелеріндегі жағдай, біздің мемлекетіміздегі ұлттық қауіпсіздіктің жалпы жағдайына тікелей ықпал етеді. Қоғам мен тұлғаның мүдделерінің қауіпсіздігін, қылмыстықатқару жүйесінің мекемелеріне барып тұратын тұлғалар мен сотталғандардың қауіпсіздігін, түзету мекемелерінің қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері орындалады. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi – іске асырылуынан мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын, қазақстандық қоғамның құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық тұрғыдан танылған саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерінің жиынтығы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мемлекеттiң барлық органдары мен лауазымды адамдары, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды iске асыруға заңды негiзде қатысатын азаматтар мен ұйымдар құзыретiнiң ара-жiгi нақты ажыратылған және олардың үйлесімді жұмыс iстеуi қамтамасыз етілген кезде дәйектілікпен iске асырылатын мемлекеттiк саясат арқылы қол жеткізіледі [1].

Бас бостандығынан айыру орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін анықтауда, жалпы қауіпсіздік түсінігінен айналып өтуге болмайды.

Қауіпсіздік – өте күрделі түсінік. Оның пәнаралық арнауын ескере отырып, кешенді түрде түсіну қажет. Бұл жерде экономикалық, саяси, құқықтық, экологиялық, ақпараттық, әскери және басқа аспектілері бірдей дәрежеде маңызды. Қауіпсіздік түсінігі шегінде алуан түрлілігін анықтау қажеттілігі тек бір мемлекетте ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықта көрініс тауып отыр. Түсінікті қазіргі кездегі болып жатқан әлемдік өзгерістерден іздеу қажет. Адам өркениеті көзді ашып жұмғанша өзгеріп жатыр. Ғылым мен техниканың даму процессі тез жоға-рылады, яғни өндірістік негізде өзгеруде. Кенет тауар айналымы жоғарылады, қаржы құралдары мен техникалық идеялар ағындары қарқындады. Мұның бәрі қауіпсіздік түсінігіне жаңадан қарауға мүмкіндік береді, оның мазмұнын түсінуге жаңа тәсілдер іздейді [2].

«Қауіпсіздік» термині 800 жыл бұрын жиі қолданыла бастады және кез келген қауіп-қатерден өзін қорғалған деп санаған адамның рухының тыныш жағдайын білдірді. «Қауіпсіздік» мәселесінің өзектілігі XVII – XVIII ғасырларда капиталистік қатынастар қалыптаса бастаған сәтте, көптеген еуропалық мемлекеттер мен АҚШ-та мемлекет өзінің басты мақсаты ретінде жалпы ауқаттылық пен қауіпсіздік деген идеясы жүзеге асқанда нақты болды. Бұл әлем тарихының кезеңінде қауіпсіздік ретінде, нақты физикалық және моральдық қауіп-қатердің болмауы салдарынан пайда болатын тыныштық жағдай және осы жағдайды пайда болуы мен қолдауына көмектесетін ұйымдастырушылық құрылымдар, материалдық, экономикалық және саяси жағдайлар түсіндірілді [3].

Жатқанбаева А.Е. «Адамзаттың өзекті мәселелерінің бірі – қауіпсіздік» және оны қамтамасыз ету қажеттілігі қоғам мен мемлекеттің пайда болуына ең алғашқы себеп болғандығын атап өтті.

КСРО-да «қауіпсіздік» түсінігі барлық қоғамдық қауіпсіздіктің түрлерінен тұратын мемлекеттік қауіпсіздікпен әрқашан теңдестірілді.

Көптеген авторлардың ойларынша, қауіпсіздік және ұлттық қауіпсіздік, оның концепциялары, стратегиялары туралы мәселе жеткілікті деңгейде зерттелмеген ұғымдар санатына жатады. Прохожев А.А: «Қауіпсіздік – мағынасы бәріне түсінікті күрделі әлеуметтік-саяси құбылыс, алайда, тәжірибеде әркім бұл түсінікті өзінше түсінеді және өзіне ыңғайлы етіп қолданады», – деп жазды [4].

Жалпы мағынада қауіпсіздікті қауіп-қатер төнбейтін, қауіптен қорғанысы бар жағдай ретінде, қауіп-қатердің жоқтығы ретінде, амандық, сенімділік, бейбітшілік жағдайы ретінде сипаттауға болады.

«Тұлға-қоғам-мемлекет» қатынас триадасында өзекті категорияларының маңыздысы ретінде қауіпсіздік құқықтық нысан мен заңи мағынаға ие болды.

Қауіпсіздіктің жалпы түсінігін анықтауда бірыңғай көзқарас жоқ. Мысалы, Розин М. қауіпсіздік қатынастарының айқын сипаты ретінде, олардың қоғамға жоғарғы қауіптілікті көрсетететін объектілерді қолдануымен немесе дүлей апат және басқа да төтенше жағдайларға байланысты пайда болады деген. Туманов Г.А. мен Фризко В.И. қоғамдық кауіпсіздікті қоршаған орта мен адамдардың деyсаулығы мен материалдық құндылықтарына қауіп-қатерді жою немесе алдын алу мақсатымен физикалық, техникалық және ұйымдастырушылық нормаларымен реттелінетін, жоғарғы қаупі бар қатынастар жиынтығы деп көрсетеді. Кузнецова Н.Ф. және Куринов Е.А. қоғамдық қауіпсіздікті техникалық нормалар мен ережелерді ұстану көзқарасынан ғана емес, көптеген немесе аз адамдардың тәндік тиіспеушілігін және өміріне төнетін қауіпті жоятын қоғамдағы азаматтардың тәртіп ережелерінің жүйесін байланыстырып анықтайды.

Қауіпсіздіктітүсінуүшінжалпы«қауіпсіздік» термині түсінігінің мазмұны мен болмысына сүйіну қажет. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі бойынша «қауіпсіздік» сөзі «қауіпсіздіктің жоқтығы, сақтаушылық, сенімділікті» білдіреді. Орыс тілінің сөздігі бойынша «қауіпсіздік – біреуге немесе бір нәрсеге қауіп төнбейтін жағдай» [5].

Сонымен «қауіпсіздік» ретінде тыныштық, сенімділік, сақтау және біреудің немесе бір нәрсенің жағынан қауіп-қатердің толықтай болмауы, яғни қауіп-қатердің кез келген түрінің толықтай шығарылуы түсіндіріледі.

Құқықтық мағынадан қауіпсіздік – тұлға, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерін ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғау жағдайы деп түсінеміз. 90 жылдардың ортасынан бастап Қазақстан үшін ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын қалыптастыру өзекті мәселелердің біріне айналды. Ол өзінің нақты құрылымдық рәсімін ҚР Президентінің халыққа жолдауында алды: 1996 жылы – «Елдегі жағдай және 1997 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы», 1997 жылы – Қазақстан – 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, 1999 жылы – «Жаңа жүз жылдықтағы елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі».

Аталған жолдауларында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің негізгі қырлары кескінделген болатын. Дәл осы кезеңнен бастап ұлттық қауіпсіздік әрі қарай қабылданған ел үшін маңызы бар барлық құжаттарда алдыңғы қатардағы басымдылық ретінде танылды.

Осы кезеңдегі мемлекеттік саясаттың бағыттарының бірі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін заң жүзінде қамтамасыз ету болды. 1998 жылы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚР заңы қабылданды. Осы заңда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында алдыңғы жылдары жасалған барлық ұсыныстар жүйеленген болатын.

Аталған нормативтік актіде алғаш рет заңи дәрежеде «ұлттық қауіпсіздікке» түсінік берілді. 2012 жылдың 6 қаңтарда «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы қабылданған болатын. Бұл құжатта алдыңғы Заңда орын алған кейбір мәселелер өз шешімін тапты [56].

Жаңа Заңда адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мазмұны мен қағидаттары, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi, мақсаттары мен бағыттары қарастырылған болатын. Атап айтқанда ұлттық қауіпсіздік негізгі түрлері ретінде қоғамдық қауiпсiздiк, әскери қауіпсіздік, саяси қауіпсіздік, экономикалық қауiпсiздiк, ақпараттық қауiпсiздiк, экологиялық қауiпсiздiк, сонымен қатар Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделерi, ұлттық қауіпсіздікке қол сұғатын негізгі қауіпқатерлер қарастырылған болатын.

Қарастырылып жатқан нормативтік актіге сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз етудің субъектісі – қолданыстағы заңнамамен Қазақстан Республикасының аумағында әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттерін қорғайтын мемлекет болып табылады. Қауіпсіздік объектілерінің қорғанысының қажетті деңгейі осы саланы реттейтін құқықтық нормалардың жүйесін құрастырумен, мемлекеттік билік органдарының қызметін негізгі бағыттарын анықтаумен, қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдарының қалыптасуымен жетеді.

Павленко С.З. ойынша «қауіпсіздік» түсінігін келесідей үш мағынада анықтауға болады: 1) тұлға, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерін ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғау жағдайы ретінде; 2) қолайсыз факторлар мен жағдайлардың (даулар, қауіп) ықпал ету кезінде экологиялық, әлеуметтік (саяси, экономикалық, әскери, ұлттық, қоғамдық), рухани салаларда дамуға мүмкіндік беретін объектілердің қасиеттерінің жүйесі ретінде; 3) тұтастыққа, мағынасына қауіп төндіретін қолайсыз факторлардың ықпалы кезінде объектінің қалыпты қызметі мен даму қабілеттілігі ретінде [55, 78 б.].

Қауіпсіздіктің қоғамдық қатынастардың жағдайы ретіндегі жалпы түсінігі, теориялық және тәжірибелік жағынан, осы қатынастардың барлық жүйесінде нақты қауіпсіздік түсінігін қалыптастыратын түрлері сияқты саяси, экономикалық, әскери, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа қауіпсіздік мәселелерін атап өту қажеттілігіне келеді [7]. Авторлар аталған түсінікті қауіпсіздіктің жалпы түсінігін жекелеген түрлерге бөлгеніне қарамастан, біздің ойымызша, оны бас бостандығынан айыру орындарындағы қауіпсіздік түсінігі мен оның түрлерін анықтауда пайдалану қажет. Бас бостандығынан айыру орындары туралы айтқанда, біз қылмыстық-атқару жүйесінің түзету мекемелерін түсінеміз. Сонымен түзету мекемесінің– көптеген міндеттері бар, өте күрделі объект екендігін есте сақтау қажет.

Әртүрлі авторлар пенитенциарлық қауіпсіздікке түрлі анықтама береді. Перегудов А.Г.

«Түзеу колониялардағы қауіпсіздік – түзету колония қызметшілерінің өмірі мен денсаулығына тиіспеушілікті, олардың дұрыс еңбегі мен демалысын, сонымен қатар колонияның толық және жекелеген бөлімшілерінің дұрыс қызметін қамтамасыз ету мақсатында осы қатынастарды реттейтін заңи нормалар мен қатынастардың жүйесі», – деп көрсетеді. Громов М.А. мен Селиверстов В.И: түзету колониялардағы қауіпсіздік ретінде түзету колонияларының қызметіне қатысты қызметшілер, сотталғандар мен басқа да азаматтардың қауіпсіздік жағдайын, олардың өмірі мен денсаулығына тиіспеушілігін, дұрыс еңбек пен демалысын қамтамасыз ету, – деп анықтайды [8]. Глазунов Н.С. ойынша, түзету колонияларының қауіпсіздігін анықтауда түзету колониясының құқық тәртібінің жағдайын негізге алу қажет. (Құқықтық тәртіп заңмен реттелінетін қоғамдық қатынастардың жағдайы ретінде қарастырылады; түзету колонияларының қызметіне қатысты ол тәртіп бұзушылармен күресу мен оларға ықпал ету шараларын қолдануды көздейтін әкімшілік пен сотталғандардың құқықтары мен міндеттерін орындаудан тұрады; түзету мекемесіндегі қауіпсіздік колония қызметшілерінің қорғалуын қамтамасыз етуін, оның қызметтері мен бөлімшелерінің қалыпты қызметін, сонымен қатар сотталғандардың олардың өмірі мен денсаулығына жекелеген тұлғалар тарапынан қол сұғушылықтарынан қорғалуын көрсететін құқықтық тәртіптің бөлімі болып табылады.

Южанин В.Е. түзеу мекемелерінің алдында тұрған жекелеген міндеттердің ішінде – қылмыстық жазаны атқаруды қамтамасыз ету міндеттерін,  өндірістік-шаруашылық       қызметін ұйымдастыруды, түзету мекемесінің қызметінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, жазаны өтеуден сотталғандардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуді, рецидивті қылмыстарды алдын-алу мен сотталғандарды қайта тәрбиелеу мен түзетуді атап өту қажет [9]. Біздің ойымызша, түзету мекемелерін сипаттағанда қылмыстық-атқару жүйесінің осы объектісінің сотталғандарды оқшаулау мен қорғауды қамтамасыз ету сияқты маңызды қызметін ұмытпау қажет. Қазіргі таңда қылмыстық-атқару жүйесі осыған қажетті барлық құралдарға ие. Колониялар мен түрмелерде қорғау бөлімшелері бөлінген, оқ ататын қарулар мен арнайы құралдардың әртүрлі түрлері бар. Бұл қызметті түзету мекемесінің негізгі сыртқы атрибуты – тікенекті сыммен «биік қоршау» бар.

Сотталғандар мен басқа тұлғалармен қылмыстарды жасауды алдын алуда, түзету мекемесінің әкімшілігі бас бостандығынан айыру орындарында жедел іздестіру шаралары жүзеге асырылады.

Қылмыстық жазаны өтеу кезінде сотталғандар колония әкімшілігімен еңбекке тартылады. Осы мақсатпен көптеген колонияларда, тергеу оқшаулағышы мен түрмелерде шеберханалар мен жеке цехтар, жеке кәсіпорындар бар. Түзеу мекемелерінде білім алуды ұйымдастыру мақсатында оқу кеңестік бөлімшелер, мектептер, кәсіби оқу орындар қызмет етеді. Медициналық көмек көрсету пен емдеу үшін сотталғандарға медициналық бөлімдер, ауруханалар құрылды.

Осыған байланысты түзету мекемелерінің әртүрлі құқықтық қатынастардың түрлері пайда болады: қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, еңбек және т.б. Аталған құқықтық қатынастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпсіздіктің жекелеген түрлері – қауіпсіздіктің жалпы жүйесіне кіретін экономикалық, ақпараттық, қоғамдық түрлерін атап өту қажет. Түзету мекемесінде жасалынатын нақты құқық бұзушылықтар жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша пайда болатын қатынастарға қастандық жасайды.

Пенитенциарлық жүйесінің мекемелеріндегі қауіпсіздіктің түсінігі мен мазмұнын ашқан-да, қауіпсіздік түсінігі мен бас бостандығынан айыру орындарында «қоғамдық қауіпсіздік» пен «қоғамдық тәртіп» түсініктерін ұқсастыруға болмайды. Кең мағынадағы бас бостандығынан айыру орындарындағы қауіпсіздікті [10] және қоғамдық қауіпсіздікті бүтінмен оның бөлігі ретінде қарастыру қажет.

Әр уақыттарда қоғамдық қауіпсіздік түсінігі қоғам мүшелерінің қызметі мен күнделікті өмірдің қауіпсіз жағдайлары ретінде; заң мен басқа да нормативтік актілермен бекітілген қауіптігі жоғары қайнар көздерді қолдануда алдын алу ережелері мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қорғауға арналған шаралардың жүйесі азаматтардың демалысы мен еңбек қызметі үшін қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін жатақхана ережелері, қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізу мен қауіптілігі жоғары қайнар көздермен айналысуда қауіпсіз жағдайлары ретінде түсінілді [10].

Қоғамда қатынастардың нақты бір түрі бар – қоғамдық қауіпсіздік қатынастары, яғни дүлей апат және басқа да төтенше жағдайлардың пайда болуымен немесе қоғамға қауіптілігі жоғары объектілерді қолдануымен байланысты пайда болатын адамдар арасында және адамдар мен қоршаған орта арасындағы арнайы өзара іс қимыл жүйесі. Олар қоғамға қауіптілігі жоғары тұлғаларға қатысты мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыратын және толығымен әлеуметтік жүйенің элементі болып табылатын түзету мекемелерінің қызметі үшін тән. Түзету мекемелері үшін адамдардың, әсіресе осы мекемелердің қызметшілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте өзекті мәселе, себебі, олардың қызметі қылмыстық құқық бұзушылықтарды, соның ішінде жиі зорлық-зомбылық қылмыстарды жасаған тұлғалардан тұратын қоғамдық қауіпті ортада өтеді.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығы // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы пенитенциарлық жүйе туралы» 2011 жылғы 26 шілдедегі Жарлығы // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/
  3. Андрусенко Е.А. Понятие хулиганства и меры борьбы с ним: дис.... канд. юрид. наук. – Душанбе, 1963. – 142 с.
  4. Гришанин П.Ф., Владимиров В.А. Преступления против общественной безопасности, общественного порядка и здоровья населения: учебное пособие. – М.: Высшая школа МООП РСФСР, 1962. – 71 с.
  5. Гришаев П.И. Преступления против общественной безопасности и порядка. Советское уголовное право. Часть особенная. – М.: ВЮЗИМО СССР, 1959. – С. 40.
  6. Зарубин В.И. Уголовная ответственность за хулиганство: дис.... канд. юрид. наук. – М., 2001. – 191 с.
  7. Генрих H.B. Криминологические аспекты противодействия угрозам экономической безопасности России: дис.... канд. юрид. наук. – М., 2002. – 184 с.
  8. Простова В.М. Экономическая безопасность России и проблемы прокурорского надзора: дис.... канд. юрид. наук. – М., 1998. – 209 с.
  9. Жатқанбаеваның А.Е. Теоретические проблемы конституционно-правового обеспечения информационной безопасности в Республики Казахстан: дис. … док. юрид. наук. – Алматы, 2009. – 245 с.
  10. Алауханов Е.О. Профилактика преступлений: учебник / соавт. З.С.Зарипов. – Алматы: Заң әдебиеті, 2008. – 373 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.