Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында­ ғы идеологиялық плюрализм: құқықтық сана мен құқықтық мәдениет туралы

Құқықтық сана дегеніміз қоғамда кең етек жайған адамдардың құқықтық құбылыстарға қатысты сезімдерін, көзқарастарын, ой-пікірлерін білдіретін қоғамдық сананың бір түрі болып саналады. Құқықтық сананы ғалымдар Ғ.С. Сапарғалиев пен А.С. Ибраева былай деп тұжырымдайды: «Құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға, құқықтық сезімдердің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі» [1].

Біз, бірінші кезекте жастардың құқытық санасының қалыптасу ерекшеліктері мен олардың қоғам дамуына тигізетін әсерін қарастыруымыз керек. Оған себеп біздің елде «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 09.02.2015 ж. ҚР заңында көрсетілген 14 пен 29 арасындағы жастар саны 40 пайыз деңгейіне жақын. Сондықтан қоғамда жастардың құқықтық санасы заң шығару үрдісіне, құқық қорғау органдарының қызметіне және т.б. жағдайларға әсер етпей қоймайды.

Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына және дамуына бірінші кезекте өте күрделі факторлар жүйесі әсер етеді. Ол факторларға, біздің ойымызша, келесі қатынастар жатады: әлеуметтік экономикалық жағдай, қоғамдық саяси құбылыс, идеологиялық әрекеттер, қоршаған орта, жастардың әлеуметтік іспен қамтылуы, идеялық тәрбиелік жұмыстар. Көрсетілген факторлар мен қатар жастардың құқықтық санасының қалыптасу процесіне келесі элементтердің тікелей қатысы бар, олар: құқықтық білім, құқық туралы түсінік, қолданыстағы құқыққа қатысты көзқарас, құқыққа қойылатын шарт, құқықтық талапты орындауға қатысты ой-пікір. Сондықтан да жастардың құқықтық білімін көтеру үшін оларды әртүрлі қайнар көздермен, құқықтық ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру қажет. Бүгінде адам санасына ерекше ықпал ететін құрал-телеарна болып отыр. Қазақстан телеарналарында арнайы жастарға қатысты оларды ынталандыратын, олардың құқықтары мен бостандықтарын сөз ететін қызықты бағдарлама қажет. Мысалы, «Жастар құқық әлемінде» айдарында жас заңгерлер мен үлкен ғалымдар бас қосып, заңнамаларды салыстырмалы түрде қарастырып, теледебат жүргізіліп отырса дұрыс болар еді дейміз.

Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі факторлар ішінде ерекше тоқталып өтуді қажет ететіндері, біздің ойымызша, жастардың қазіргі еліміздегі саясатқа, реформаға, билік басындағыларға сенімі қандай және діни ұстамдары қандай деген мәселелер. Себебі, аталған факторлар жалпы құқықтық сананың дұрыс қалыптасуына, оның жоғарғы құқықтық мәдениетпен ұштасуына үлкен ықпал етеді. Елін, жерін, оның басқарушы тұлғалардың іс әрекетінің заңдылығына деген құрмет жас тұлғаның бойында тұрақты ой-тұжырым сезімін орнатады.

Қазіргі кездегі жағдайлар құқықтық мемлекеттіліктің негіздерін орнықтыру, қоғам ішінде қажетті шеңберде қоғамдық тәртіпті нығайту, құқықтық мәдениетті жаңғырту және жандандыру, моральдық құндылықтарды күшейту, заңдарымыз бен қоғамдық тәртібіміз жұртты қорқытып – үркітпейтін, күштемейтін, қайта қоғам мүшелері өздері түсіне отырып, ол заңдылықтарды қолдапқуаттап отыруын қамтамасыз ету болып табылады.

Халықтың, өркениеттің кең болашағы және оның өміршеңдігі рухани құндылықтарды қадірлеумен, оларды дамытумен байланысты. Рухани даму – ол күнделікті өмірлік асулардан адам деген құрметті түрде өте білуі. Сондықтан қоғам үнемі үздіксіз дамуда болуы керек. Құқық талаптарын бұзуға бейім адам рухани жұтаң, өзімшіл, өркөкірек, билік құмар болып келеді.

Енді мәдени дамудың түпкі негіздеріне үңіле қарасақ, оның әртүрлі күрделі өзара байланыстардан тұратынын аңғарамыз. Мәдениеттілік – адамның рухани жетілуі. Мәдениет адамда біртұтастықты, намыс, ұят, ізгілік, турашылдық, өзін-өзі сыйлау сияқты жоғары адами қасиеттерді қалыптастырады [2].

Рухани мәдениеттің құрамдас бөлігі құқықтық мәлениет болып табылады. Құқықтық мәдениет – бұл қоғам қол жеткізген әлеуметтік қатынастардың құқықтық реттелуінің, тұлғаның еркіндігі мен құқықтарының сақталуының, тәртіптің орнауының деңгейі.

Қазақстанда құқықтық мемлекеттіліктің негізі қаланып, қалыптасу процесі жүріп жатқанда құқықтық мәдениетімізге де талап арта түседі. Мәдениетіміз деп халқымыздың үзақ ғасырлар бойындағы сұрапталып жинақталған, ұрпақтар дініне, қанына сіңірілген рухани игілігі, салтдәстүрі, әдет-ғұрпы, таным-сенімі, әлеуметтік топтың, халықтың, ұлттың өмірдегі бет-бейнесі, зиялылығы, біліктілігі, басқа халықтан, нәсілден ерекшеленіп көрінетін, айырып ажырататын тыныс-тіршілігінің, өмірде саналылық танытатын көзқарастар жүйесін айтамыз.

Бұл құқықтық мәдениет ұлтымыздың негізгі өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы. Сондықтан оны игеру заңгерлердің де азаматтық парызы, қасиетті борышы, өмір талабы. Осы жолда заң ғылымында жаңа талаптар, оның ішінде дәстүрлі ұлтымыздың құқықтық мәдениетін қайта қарау, зерттеуде жаңа көзқарастар туындап отыр. Бұл көзқарастар ұлттық, құқықтық мәдениетімізді көтеруге басымдық беруде. Бұл ұлттық құқықтық болмысымызды терең ұғыну, мемлекеттік органдар мен халықтың ара қатынасын жақындату, тәлім-тәрбие өзегін күшейту дегенді білдіреді. Себебі, мемлекеттік құрылым, құқық, сот жүйелерінде дәстүр, тарих сабақтастығы үлкен рөл ойнайды. Бұл сабақтастық имандылық, ар-намыс, ұят, өнегелілік, әдептілік ұғымдарымен сипатталады.

Құқықтық мәдениет – рухани мәдениеттің маңызды саласы. Ол материалдық мәдениетпен тығыз байланысты. Мысалы, заң қорғау органдарының жұмыс істеу стилі мен қызметкерлерінің деңгейі, олардың кәсіптік және адамгершілік қасиеттері осы елдегі құқықтық мәдениеттің қалыптасып, дамуына ықпал етіп отыратын маңызды факторлар. Сот, тергеу және прокурорлық органдардың материалдық базасы құқықтық мәдениетті бағалауға еске алынып отырады. Қылмыстық процесс мемлекеттік іс-әрекеттің формасы ретінде заңмен реттеліп отыратын болғандықтан, ол әр уақытта құқықтық мәдениет тұрғысынан бағаланып отырады. Заң шығару мен қолдану іс-әрекеті құқықтық мәдениетті дамытуға ықпал жасап отыруы қажет. Құқықтық мәдениет адамгершілікпен тығыз байланысты. Адамгершілік жоғары болған сайын құқықтық мәдениет те жоғары бола беретіні сөзсіз.

Құқықтық мәдениет (кең мағынада) дегеніміз нақты іс қимыл, әрекет жасау үстіндегі заң қондырғысы компоненттерінің жиынтығы және құқық жөнінде және оның жүзеге асырылуы туралы, мемлекет отрандарының, лауазым иелерінің іс-әрекеттері жөнінде адамдардың жалпы түсінігі мен пайымдаулары.

Құқықтық мәдениет (тар мағынада) дегеніміз тұлғаның құқық туралы ой-пікірлері, сезімдері мен пайымдаулары және де саналы түрдегі қажеттіліктері. Осы қажеттіліктер тұлғаның құқыққа сай мінездерінен, жүріс-тұрыстарынан көрініс табады [3].

Қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеудің негізгі құралы ретінде құқықтық сана құқықтық мәдениеттің маңызының арта түсуіне жол ашты.

 Қоғамдық шындықтың объективті нысыны тек зиялы, білімді қоғамда ғана демократиялық барлық мүмкіншіліктердің жан-жақты ашыла түсетінін дәлелдеп отыр[1].

Демократияның кеңінен көркеюінің басты кепілі – құқықтық мәдениеттің жан-жақты дами түсуі. Демократия дегеніміз шетсіз де шексіз кеңістік немесе әркімнің ойына келгенін істеушілік емес.Ол белгілі дәрежеде заңмен, тәртіппен реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар. Заңның үстемдігі мен демократия қатар жүретін құбылыстар. Заң алдында бар азаматтар тең болғанда ғана мемлекетте заң бәрінен жоғары тұрады. Ұлы Абай мемлекеттік өкімет, билік жүргізу туралы ойларында ел басқару саясатында заңның үстемдігі қоғамның барлық саласында жоғары тұруын негіздеген еді. Абай заң арқылы демократияны іске асыруды ұсынған. Жалпы халық алдында мемлекет органдары міндетті түрде жауапты болуға тиіс деп есептеген [4].

Қазақстанда азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық білім беруді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысы жарияланды. Осында көрсетілгендей, жалпыға бірдей құқықтық білім берудің міндеттері:

  • өндірістік ұйымдардың , мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін көтеру;
  • қоғамдық қатынастардың барлық саласында тәртібі мен құқықты ретті сақтаудың қажеттілігін халықтың барлық қабаттарына түсіндіру;
  • қоғамдық аппараттың құралдары: теледидар мен радионы, жазба басылымдарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктерін қарастыру;
  • құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттерін бір-бірімен үйлестіру, үйлестіру-әдістемелік кеңестердің жұмысын жандандыру [5].

Қазақстан Республикасында жалпыға құқықтық білім беру жұмысын үкімет басқарады, ал оны әдістемелік жағынан Юстиция басқармасы қамтамасыз етеді. Республикалық министрліктердің, мемлекеттік органдардың басшылары өзінің қарамағындағы қызметкерлерінің құқықтық білімін көтеруге жағдай жасайды, оны ұйымдастырады.

Жалпыға бірдей құқықтық білім беру – бүл қысқа мерзімге арналған жұмыс емес, көп уақытқа созылатын, жоспарлы, болашаққа иек артатын кешенді жұмыс екенін ұмытпаған жөн. Жалпыға бірдей құқықтық білім беруді енгізу-дің негізі жергілікті әкімдердің қаулылары, министрлік басшыларының бұйрықтары сияқты директивалық құжаттар болып қабылады. Жалпыға бірдей құқықтық білім берудің бастапқы ерекшелігі – оның нақты салаларға, жүйелерге бағытталуы. Әрбір саланың, жүйенің басында тұрған ұйымдастырушы субъектілер өзіндік жол тауып, өзіндік жоспар құрып, өзіндік бағдарлама арқылы білім беруді ұйымдастыра алады.

Қазіргі жағдайда адамдардың құқықтық білімінің нашарлығын пайдаланып, өзінің қара басының қамын ойлайтын алаяқ заңгерлерге бірден-бір тосқауыл – адамдардың құқықтық білімінің болуы. Адамдардың құқықтық білімін арттыру әлі күнге дейін құқық қорғау ұжымдарында кездесіп қалатын құқық талаптарын бұзуға бейім өзімшіл өркөкіректерді айықтыруға үлкен әсер етуі сөзсіз.

Сонымен, құқықтық сана дегеніміз адамдардың, әлеуметтік бірліктердің қоғамда бар және олардың тілек-ықыластарына сай келетін құқыққа қатыстылықтарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, түсініктері мен сана –сезімдерінің жиынтығы.

Құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің бағаларының жүйесі. Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір түрі. Құқықтық сананың деңгейін жүйелендіретін факторлар арқылы анықтауға болады. Ал ғылыми құқықтық сана – құқықтық теорияларды игеру процесінде қалыптасады. Құқықтық сана мемлекетте ресми қолданыста жүргізіліп отырған құқық идеологиясымен тікелей өзара байланыста болып отырады.

Құқықтық сана саяси санамен де тығыз байланыста дамып отырады. Билікке келген және саяси лидерлікке ұмтылған қоғамдық топтар құқықтық жағынан өз идеяларын, ойларын тиімді құқықтық жүйе түрінде бейнелеуге тырысады. Сондықтан дүниежүзілік практикада саяси топтар өздерінің мүддесіне жақын етіп Конституцияның, заңдардың өз варианттары үшін күресіп отырады. Қай кезде болсын, кез келген саяси партиялар мен біріккен саяси топтардың өзіне тән, өздерінің болашаққа деген көзқарасына сәйкес идеологиясы болады. Кеңес үкіметі дәуірінде коммунистік идеология үстемдік еткені баршаға айқын.

Қай салада болсын идеология адамдарды белгілі бір мақсатқа жұмылдыру үшін алдын-ала дайындалған бағдарлама бойынша өз рөлін атқарады. Құқық идеологиясының мазмұны – бұл адамдар арасындағы құқықтық қатынастардың мәні, мағынасы жөніндегі ұғымдар, қағидаттар, сенімдер, құқықтық және мемлекеттік құбылыстар жөніндегі көзқарастар болып табылады. Құқық идеологиясының құрылуына құқықтық білім, міндетті мінез-құлық жөнінде қоғамдық және құқықтық идеялардың ақпараттық қанықтылығы маңызды рөл атқарады. Қоғамдық қаты-настардың өзара үйлесімділігі құқықтық, саяси, адамгершілік мәдениеттерінің өзара сәйкес болуынан туындайды.

Әр адам өзінің әлеуметтік және құқықтық мәртебесін жаңғырта отырып, кез келген құқықтық жағдайларда, құқықтық қатынаста мәселені дұрыс түсініп, бағалап, нақты шаралар қолдана алуы керек, әйтпесе теңділік және әділеттілік, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам идеясы толығымен де-факто болмай қалуы мүмкін.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Жеті Жарғы, 1997. – 45 б.
  2. Кудайбергенов Б.К. Социально-философские поиски духовности: традиции и современность. – М.: МБАП – Мир Книги, 1995. – 110 с.
  3. Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет: теориялық мәселері, тарихи тағылымы: Заң ғылымы докт. дис. Автореферат. – Алматы, 1997. – 42 б.
  4. Рувинский Л.И., Хохлов С.И. Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек? – Алматы: Мектеп, 1989. – 150 б.
  5. Долгова А.И. Правовое воспитание молодежи. –М.: Знание, 1979. – 147 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.